Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 19 шiлде N 804. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.11.22. N 1641 қаулысымен. ~P971641

      "Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 13 маусымдағы N 1731  U941731_  Жарлығын орындау үшiн, мемлекеттiк басқару органдарын ұстау шығындарын қысқарту, олардан шаруашылық қызметтi ажыратып алу, бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу және көлiк пен байланыстың барлық түрлерiнiң қызметiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгiне мынадай негiзгi мiндеттер жүктелсiн: 
      Қазақстан Республикасының көлiк кешенi мен коммуникациялар жүйесi қызметiн мемлекеттiк реттеу жұмысын үйлестiру және функцияларын жүзеге асыру; 
      мемлекетаралық және үкiметаралық ұйымдарда, көлiк және коммуникациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықта Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру; 
      меншiк нысандарына қарамастан, көлiк және коммуникациялардың барлық түрлерiнiң жұмыс iстеуiнiң құқықтық және нормативтiк тәртiбiн анықтайтын заң және басқа актiлердiң, стандарттар мен нормалардың жобаларын дайындау; 
      көлiк және коммуникациялардың мемлекеттiк ұлттық бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзiрлеу, бiрыңғай ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзу, сондай-ақ кадрларды оқыту мен даярлау; 
      көлiк және коммуникациялардың қызмет көрсету нарығын қалыптастыру, экономикалық реформа жүргiзу; 
      көлiк және байланыстың қызмет көрсетуiнде тұтынушылардың құқықтарын сақтауды бақылау. 
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мемлекеттiк мүлiктi, мемлекеттiк акциялар пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқы бар мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдардың, акционерлiк қоғамдардың, компаниялардың N 1 қосымшаға сәйкес тiзiмi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiне кiретiн ұлттық және мемлекеттiк акционерлiк /холдинг/ компаниялардың тiзiмi бекiтiлсiн /N 2 қосымша/. 
      Мұнда мемлекеттiк мүлiктер мен мемлекеттiк акциялар пакеттерiн иелену құқы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнде қалады. 
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң орталық аппаратының құрамында автомобиль жолдары, автомобиль көлiгi, су көлiгi, темiр жол көлiгi, байланыс департаменттерi құрылсын. 
      Департаменттерге Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын және лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгi алқасы құрамына кiретiн департамент директорлары басшылық жасайды деп белгiленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне бес министр орынбасарының, оның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарының болуына, сондай-ақ саны 17 адамнан тұратын алқа болуына рұқсат етiлсiн. Алқаның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. 
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн автомобиль жолдары, автомобиль көлiгi, су көлiгi, әуе көлiгi, темiр жол көлiгi, көлiк инспекциясы, байланыс департаменттерiн, Мемлекеттiк почтаның, Телекоммуникация жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияны, Радиожиiлiгi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны ескере отырып, 317 адамы бар штат саны /мекеме үйiне қызмет көрсетушiлер мен күзетшiлердi қоспағанда/ бекiтiлсiн.<*> 
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiне белгiленген сан шегiнде орталық аппарат құрылымын бекiту құқы берiлсiн. 
      Ескерту. 5-тармақтың бiрiншi абзацында сөздер алмастырылған - 
               ҚРМК-нiң 14.12.1994 ж. N 1409 қаулысымен.  
      6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн лимит саны 15 қызметтiк жеңiл автомашиналар белгiленсiн. 
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнде iссапарлар үшiн қызметтiк жолаушылар вагоны болуына рұқсат етiлсiн, оны ұстау шығындары Қазақстан Республикасының темiр жолына жатқызылсын. 
      7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң орталық аппараты республикалық бюджетте көзделген мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға бөлiнген қаржы есебiнен қаржыландырылсын. 
      8. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ереженi дайындап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне бекiтуге ұсынсын. 
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi департаменттер туралы ережелердi бекiтсiн. 
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының тараған Көлiк министрлiгiнiң қызмет үй-жайын қайта құрылған Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне беретiн болсын, Байланыс департаментiн, Радиожиiлiгi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясын және Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссиясын Қазақстан Республикасының таратылған Байланыс министрлiгiнiң қызмет үй-жайына орналастыру туралы, компания пайдаланып отырған үй-жайдан Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң автомобиль жолдары және су көлiгi департаменттерiне орын бөлу туралы мәселелердi қарасын.<*> 
      Ескерту. 9-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 
               1996.06.28. N 836 қаулысымен. 
      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен мемлекеттiк почта байланысының қызметiн iшiнара қаржыландыруды көздесiн. 
      11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң автомобиль жолдары мемлекеттiк басқару органы болып табылады және ол аталған автомобиль жолдарын салуды, жөндеудi және ұстауды iске асырады деп белгiленсiн.<*> 
      Ескерту. 11-тармақтың 1-абзацынан сөздер алынып тасталды және 
               2-абзац күшiн жойды - 1996.06.28. N 836 қаулысымен. 
                P960836_  
      12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының қатысуымен бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының "Жол қоры туралы" Заңына сәйкес құрылатын жол қоры қаржыларын пайдалану тәртiбi туралы ұсыныс енгiзсiн. 
      13. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, "Евразия-пресс" республикалық редакциялық-баспалық корпорациясының және "Егемен Қазақстан" газетi редакциясының көлiк және коммуникациялар жұмысын жазып отыратын "Казахстанская правда" және "Егемен Қазақстан" газеттерiне апталық қосымша шығару туралы ұсыныстарына келiсiм берiлсiн. 
      14. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Үкiметтiң көлiк кешенi мен коммуникация жүйелерi жұмыстарын реттейтiн бұрын қабылданған шешiмдерiн өзгерту немесе жою жөнiндегi ұсыныстарын 3 ай мерзiм iшiнде дайындап, Министрлер Кабинетiне тапсырсын. 
      15. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң министрлiк жанынан ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестiру, басым ғылыми бағыттар мен бағдарламаларды қалыптастыру, ғылыми кадрларды даярлауға көмектесу жүктелетiн шаруашылық есепте жұмыс iстейтiн көлiк және коммуникациялар жөнiндегi ғылыми орталық құруды ұйымдастыру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн. 
      16. Былай деп белгіленсiн: 
      темiр жол бастықтарын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды /босатады/; 
      мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдар мен бiрлестiктердiң бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тағайындайды /босатады/;
      мемлекеттiк акционерлiк компаниялардың басшылығын тағайындау және бекiту Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 шiлдедегi "Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процесiнде шаруашылық жүргiзушiлердiң жұмысын мемлекеттiк реттеу мәселелерi туралы" N 606 қаулысымен анықталған тәртiп бойынша iске асырылады /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 28, 341-бет/.
 
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы    
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 19 шiлдедегi
                                          N 804 қаулысына
                                             N 1 қосымша

         Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
        министрлiгiнiң мемлекеттiк мүлiктi және мемлекеттiк
         акциялар пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару 
          құқы бар мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдардың,
               акционерлiк компаниялардың, қоғамдардың
                            ТIЗIМI

              Автомобиль көлiгi бойынша:

                 Ақмола облысы

     N 2552 автоколонна
     Ақмола автокомбинаты
     N 1 Ақмола автокөлiк кәсiпорны

                 Ақтөбе облысы

     Ақтөбе автокөлiктiк экспедициялық кәсiпорны
     N 2577 автоколонна

                  Алматы облысы

     N 2551 автоколонна
     N 2571 автоколонна
     N 2562 автоколонна
     Алматы автокөлiк кәсiпорны
     Ұзынағаш автокөлiк кәсiпорны
     Қаскелең автокөлiк кәсiпорны
     Қапшағай автокөлiк кәсiпорны
     Талғар автокөлiк кәсiпорны
     Шелек автокөлiк кәсiпорны
     Шонжа автокөлiк кәсiпорны
 
                 Атырау облысы

     N 2553 автоколонна
     Доссор автокөлiк кәсiпорны

                  Шығыс Қазақстан облысы

     N 2578 автоколонна
     Өскемен автокөлiк экспедициялық кәсiпорны
     N 1 Өскемен автокөлiк кәсiпорны

                  Жамбыл облысы

     N 2554 автоколонна
     N 2581 автоколонна
     Қордай автокөлiк кәсiпорны
     Шу автокөлiк экспедициялық кәсiпорны
     Мерке автокөлiк кәсiпорны

                   Жезқазған облысы

     Балқаш автокөлiк кәсiпорны
     Жезқазған автокөлiк кәсiпорны

                    Батыс Қазақстан облысы

     N 2555 автоколонна
     N 2592 автоколонна
     Автокомбинат
     "Межавтотранс" автокөлiк кәсiпорны

                  Қарағанды облысы

     N 2576 автоколонна
     N 2582 автоколонна
     N 2591 автоколонна
     Осакаров автокөлiк кәсiпорны
     N 3 Қарағанды автокомбинаты   
     Темiртау автокөлiк кәсiпорны
     Киев автокөлiк кәсiпорны

                  Көкшетау облысы

     N 2557 автоколонна
     N 2585 автоколонна
     Келлеров автокөлiк кәсiпорны
     Зерендi автокөлiк кәсiпорны
     Володар автокомбинаты

                  Қостанай облысы

     N 2556 автоколонна
     N 2567 автоколонна
     N 2579 автоколонна
     N 2589 автоколонна
     Семиозер автокөлiк кәсiпорны
     Аманқарағай автокөлiктiк экспедициялық кәсiпорны
     Воровск автокөлiк кәсiпорны

                  Павлодар облысы

     N 2564 автоколонна
     N 2565 автоколонна
     N 2566 автоколонна
     N 2568 автоколонна
     N 2572 автоколонна

                  Солтүстiк Қазақстан облысы

     N 2559 автоколонна
     Сергеев автокөлiк кәсiпорны

                   Семей облысы

     N 2558 автоколонна
     N 2584 автоколонна
     N 2590 автоколонна
     Көкпектi автокөлiк кәсiпорны
     Мақаншы автокөлiк кәсiпорны
     N 2 Семей автокөлiк кәсiпорны
     Семей автокөлiк экспедициялық кәсiпорны
     Аягөз автокөлiк экспедициялық кәсiпорны
 
                  Талдықорған облысы

     N 2560 автоколонна
     Панфилов автокөлiк кәсiпорны
     Сарқанд автокөлiк кәсiпорны

                  Торғай облысы

     Арқалық автокөлiк экспедициялық кәсiпорны
     Арқалық автокөлiк кәсiпорны
     Аманкелдi автокөлiк кәсiпорны
     Торғай автокөлiк кәсiпорны

                  Оңтүстiк Қазақстан облысы

     N 2561 автоколонна
     N 2580 автоколонна
     N 2 Шымкент автокомбинаты
     Киров автокөлiк кәсiпорны
     Түркiстан автокөлiк экспедициялық кәсiпорны

                  Қызылорда облысы<*>

     Автокомбинат, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету 
     кәсiпорны: Қызылорда қаласындағы автомобильге техникалық
     қызмет көрсету орталығы;
     Қазалы автокөлiк кәсiпорны;
     Шиелi автокөлiк кәсiпорны

                  Алматы қаласы

     N 2573 автоколонна
     N 2574 автоколонна
     N 2588 автоколонна
     Алматы автокөлiк экспедициялық кәсiпорны
     "Қазинтеравтокөлiк-Арғымақ" республикалық өндiрiстiк
     сыртқы экономикалық бiрлестiгi
     "Қазақстан автомобиль көлiгi" журналының редакциясы

                  Әуе көлiгi бойынша:

     "Қазаэрожоба" мемлекеттiк жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу
     институты
     Ақтөбе жоғары азаматтық авиация училищесi
     N 405 Алматы авиажөндеу зауыты
     N 406 Ақтөбе авиажөндеу зауыты

                  Темiр жол көлiгi бойынша:

     Алматы темiр жолы
     Батыс Қазақстан темiр жолы
     Тың темiр жолы
     Оңтүстiк Орал темiр жолының Петропавл бөлiмшесi
     Алматы темiр жол көлiгi инженерлерi институты
     Темiр жол көлiгi техникумдары
     "Қазгипрокөлiк" темiр жол көлiгi объектiлерiн техникалық
     экономикалық зерттеу және жобалаудың республикалық Бас
 институты Темiр жол көлiгiнiң зауыттары:
     "АЭВРЗ-РЫСТЫ" акционерлiк қоғамы
     Ақмола вагон жөндеу зауыты
     Арал вагон жөндеу зауыты
     Ақтөбе темiр бетон шпалдары зауыты
     Вишневск темiр бетон шпалдары зауыты

                  Су көлiгi:

     "Казречморфлот" республикалық өндiрiстiк бiрлестiгi
     Шығыс Қазақстан өзен-кеме шаруашылығы
     Бiрiншi май кеме жасау-кеме жөндеу шеберханалары
     Глубоков кеме жасау-кеме жөндеу шеберханалары
     Павлодар жол шаруашылығының техникалық учаскесi
     Шығыс Қазақстан гидроқұрылыстар ауданы
     Семей конструктор бюросы
     Қазақстан Республикасының теңiз және өзен регистрi
     Су жолы қауiпсiздiгiнiң аймақтық инспекциясы
     Жоғарғы Ертiс бассейнi су жолы басқармасы 
     "Балқаш" кеме жағасы
     Семей өзен флоты техникумы
     "Ақтау" теңiз сауда порты
     "Ақтау" мемлекеттiк акционерлiк халықаралық теңiз көлiгi
     компаниясы

                       Байланыс кәсiпорындары:

     Мемлекеттiк почта <*>
     Мемлекеттiк электробайланыс инспекциясы
     Мемлекеттiк фельдъегер қызметi
     Мемлекеттiк "Промсвязь" кәсiпорны
     "Целинсвязьстрой" мамандандырылған құрылыс-монтаж тресi
     "Байланыс" газетi мен "Связь: техника, экономика
     производства" журналының редакциялары
     Радиожиiлiгi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия
     <*>.
     Ескерту. Өзгерiс - ҚРМК-нiң 1994 ж. 15 желтоқсандағы N 1412 
              қаулысымен енгiзiлдi.   P941412_  
     Ескерту. Өзгерiс - ҚРМК-нiң 1994 ж. 14 желтоқсандағы N 1409
              қаулысымен енгiзiлген.
     Ескерту. Қосымшаға толықтыру енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.04.27.
              N 563 қаулысымен.   P950563_