Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 және 1997 жылғы 22 қарашадағы N 1641 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 2 ақпан N 64. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.01. N 355 қаулысымен. ~P990355

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 P971551_ қаулысында:
      көрсетiлген қаулының 3-қосымшасындағы "Көлiккомминi" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 қарашадағы N 1641 P971641_ қаулысындағы:
      2-тармақтағы "11" деген сан "12" деген санмен ауыстырылсын;

     Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк
және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеде:
     12-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда баяндалсын:
     "Министрдiң екi орынбасары (вице-министрлерi): орынбасары
(вице-министр) және орынбасары (вице-министр) - Әуе кеңiстiгiн
пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетiнiң
төрағасы болады, оларды Министрдiң ұсынуымен Қазақстан
Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады";
     14-тармақтың екiншi абзацындағы "өз орынбасары (вице-министр)"
деген сөздер "өз орынбасарлары (вице-министрлер)" деген сөздермен
ауыстырылсын;
     15-тармақтың бiрiншi абзацындағы "орынбасары (вице-министр)"
деген сөз "оның орынбасарлары (вице-министрлер)" деген сөздермен
ауыстырылсын;
     17-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
     "17. Министрдiң нұсқауы бойынша, ол болмаған жағдайда оның
орынбасарларының бiреуi орнын ауыстырады".

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi