Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөнiндегi мекемелер мен кәсiпорындарды "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтары" мемлекеттiк кәсiпорны етiп қайта құру туралы

Қазақстан Респуликасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1261

Жаңартылған
      "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 U952727_ Заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат) мен "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236 P970236_ қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 8, 56-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қол астындағы Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөнiндегi облыстық (қалалық) мекемелер мен кәсiпорындарды әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi филиалдары жүйесiмен қоса "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң Жылжымайтын мүлiктер жөнiндегi орталықтары" мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) болып қайта құрылсын.
      2. Кәсiпорын Жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтар мен олармен мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңдардың шеңберiнде оның алдына қойылған негiзгi мiндеттердi жүзеге асыру мәселелерiнде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiредi деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
      4. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi: жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бiрдейлiк, техникалық және құндық сипаттарын айқындау жөнiндегi қызметтердi, сондай-ақ Құқықтық кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi:
      бiр айлық мерзiм iшiнде Кәсiпорынның жарғыларын бекiтсiн;
      заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын.
      6. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2000.01.05. N 12
               қаулысымен. P000012_
      7. Салық органдары жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкiне (жылжымайтын) салықты есептеу кезiнде Кәсiпорын ұсынатын құндарын бағалау актiлерiн басшылыққа алсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.10. N 1124

              қаулысымен.  

P991124_

           
     8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
     "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 шiлдедегi N 790
 

P960790_

  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29,
256-құжат):
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын
      мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi"
393   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Алматы қаласы
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу
      жөнiндегi агенттiгiнiң Алматы облысы бойынша
      Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
394   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Алматы қаласы
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу
      жөнiндегi агенттiгiнiң Алматы қаласы бойынша
      Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
395   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Ақмола қаласы
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу
      жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша
      Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
396   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Атырау қаласы
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу
      жөнiндегi агенттiгiнiң Атырау облысы бойынша
      Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
397   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Ақтөбе қаласы
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу
      жөнiндегi агенттiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша
      Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
398   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Өскемен қаласы
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу
      жөнiндегi агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы
      бойынша Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
399   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Тараз  қаласы
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу
      жөнiндегi агенттiгiнiң Жамбыл облысы бойынша
      Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
400   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Орал қаласы
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу
      жөнiндегi агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы
      бойынша Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
401   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Қарағанды
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу    қаласы
      жөнiндегi агенттiгiнiң Қарағанды облысы
      бойынша Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
402   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Қызылорда
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу    қаласы
      жөнiндегi агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша
      Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
403   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Қостанай қаласы
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу
      жөнiндегi агенттiгiнiң Қостанай облысы бойынша
      Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
404   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Ақтау қаласы
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу
      жөнiндегi агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша
      Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
405   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Павлодар
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу    қаласы
      жөнiндегi агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша
      Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
      мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
406   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Петропавл
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу    қаласы
      жөнiндегi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан
      облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi
      орталығы" мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
407   "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi    Шымкент қаласы
      Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу
      жөнiндегi агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан
      облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi
      орталығы" мемлекеттiк кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)".
     Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.03.29. N   
              373 қаулысымен.  

P020373_

 


      9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi екi айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
      10. "Жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 қаңтардағы N 30 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 2, 15-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi