"Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат) мен "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 8, 56-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Z070310
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қол астындағы Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөнiндегi облыстық (қалалық) мекемелер мен кәсiпорындарды әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi филиалдары жүйесiмен қоса "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң Жылжымайтын мүлiктер жөнiндегi орталықтары" мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) болып қайта құрылсын.
2. алынып тасталды
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2007.01.29. N 64 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
4. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi: жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бiрдейлiк, техникалық және құндық сипаттарын айқындау жөнiндегi қызметтердi, сондай-ақ Құқықтық кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi:
бiр айлық мерзiм iшiнде Кәсiпорынның жарғыларын бекiтсiн;
заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын. P041120
6. алынып тасталды
Ескерту. 6-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2000.01.05. N 12 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
7-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 29.01.2016 № 39 қаулысымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
7. Салық органдары жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкiне (жылжымайтын) салықты есептеу кезiнде Кәсiпорын ұсынатын құндарын бағалау актiлерiн басшылыққа алсын.
Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.10. N 1124 қаулысымен.
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi екi айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
10. "Жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 қаңтардағы N 30 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 2, 15-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi