Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 9 тамыз N 987

Жаңартылған

      "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N  2700  Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N  53  қаулысының 54-тармағын   орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгертулер бекiтiлсiн.  

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
1996 жылғы 9 тамыздағы     
N 987 қаулысымен        
Бекiтiлген           

           Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
                         енгiзiлетiн өзгертулер

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күшi жойылған - ҚР Үкіметінің 2004.11.03. N 1139   қаулысымен .
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚР Үкіметінің 2005.02.09. N 124   қаулысымен .
      3.<*> 
       Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1997.03.21.
N 382   қаулысымен .  
      4. "Көшiп келу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 15 желтоқсандағы N 1055  қаулысымен  бекiтiлген Босқындармен жұмыс туралы уақытша ереженiң 5-тармағының үшiншi абзацындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 48, 715-құжат) "ең төменгi айлықтың" деген сөздер "есептiк көрсеткiшiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақтың күшi жойылған - ҚР Үкіметінiң 2005.03.04.
N 205   қаулысымен .  
      6. "Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 қаңтардағы N 20  қаулысымен  бекiтiлген бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртiбi туралы ереженiң 15 және 43-тармақтарындағы "жалақының ең төменгi мөлшерi", "ең төменгi жалақы" деген сөздер "есептiк көрсеткiштiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      7. <*> 
       Ескерту. 7 тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19.
N 331   қаулысымен .  
      8. <*> 
       Ескерту. 8-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.08.26. N 803 
қаулысымен .  
      9. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Иран Ислам Республикасынан және басқа да мемлекеттерден отандастардың көшiп келу квотасы және қоныс аударуын ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 15 сәуiрдегi N 1184  қаулысын  орындау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 мамырдағы N 437  қаулысының  10-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 239-құжат) "ең төменгi жалақының" деген сөздер "есептiк көрсеткiштiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      10. <*> 
       Ескерту. 10-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.16. N 789   қаулысымен .  
      11. <*>
       Ескерту. 11-тармақтың күші жойылды -   ҚР Үкіметінің 2006.01.06.  N 23  қаулысымен. 
      12. <*>
      Ескерту. 12-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2005.07.27. N 781 қаулысымен.
      13. "Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 тамыздағы N 896  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерi жөнiндегi Ереженiң 18-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 35, 379-құжат) "ең төменгi еңбекақыдан" деген сөздер "есептiк көрсеткiштен" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      14.<*> 
       Ескерту. 14-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.09.22. N 1428  қаулысымен .  
      15. <*>
      Ескерту. 15-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.02.10. N 157   қаулысымен .
     16.<*>
      Ескерту. 16-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.17. N 738   қаулысымен .   
     17.<*>
      Ескерту. 17-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.09.04. 
N 840   қаулысымен .   
     18.<*>
      Ескерту. 18-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.19.
N 1405   қаулысымен .   
     19. "Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1037  қаулысымен  бекiтiлген Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы ереженiң мәтiнiндегi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 304-құжат) "ең төменгi жиырма жалақы", "ең төменгi айлық жалақының төрт еселенген" деген сөздер тиiсiнше "жиырма есептiк көрсеткiштiң", "есептiк көрсеткiштiң төрт еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      20. "Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1126  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беру тәртiбi туралы ереженiң 9-тармағының екiншi, үшiншi абзацтарындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 28, 336-құжат) "еселенген ең аз айлық жалақы" деген сөздер "еселенген айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      21. <*>
       Ескерту. 21-тармақтың күші жойылды -   ҚР Үкіметінің 2006.01.06.  N 168  қаулысымен.
      22. <*>
       Ескерту. 22-тармақтың күшi жойылған - ҚР Үкіметінің 2005.02.09. N 124   қаулысымен .