"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы
Заңының
1-бабына сәйкес осы Жарлықты шығарамын.
1-бап.
1996 жылға арналған республикалық бюджет: қолданылып жүрген бюджеттiк сынаптама бойынша 1-қосымшаға сәйкес кiрiстерi бойынша - 149646054 мың теңге, шығыстары бойынша - 193597186 мың теңге, тапшылықтың шектi мөлшерi - 43951132 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылдың iшiнде жаңа бюджеттiк сынаптама бойынша республикалық бюджеттi 2-қосымшаға сәйкес атқару кезең-кезеңмен көшудi жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
- жаңа бюджеттiк сынаптамаға көшу ретiне қарай республикалық бюджеттiк кiрiс бөлiгiн ведомстволық сынаптама бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiнiң ерекшелiктерiн және шығыс бөлiгiн ескере отырып бекiтсiн;
- осы Жарлықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес сомалар шегiне республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарын арнап бөлудi жүзеге асырсын.
2-бап.
Осы Жарлық қолданылатын кезеңде Қазақ КСР-iнiң 1991 жылғы 17 маусымдағы "Ең төменгi тұтыну бюджетi туралы" (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 25, 324-құжат, 325-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 8, 140-құжат) және Қазақ КСР-iнiң 1991 жылғы 17 маусымдағы "Ең төменгi жалақы және еңбекақы төлеу саласындағы мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдiктер туралы" (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 25, 326-құжат, 327-құжат) Заңдарының күшi сондай-ақ Қазақ КСР-i мен Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарының осы Жарлыққа "ең төменгi жалақы" ұғымын пайдалануға қайшы келетiн бөлiгiнде күшi тоқтатылады.
Қолданылып жүрген заңдарға тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн мемлекеттiк органдар осы Жарлықтың 12-бабының үшiншi бөлiгiн басшылыққа алатын болсын. "Ең төменгi жалақы" ұғымның орнына Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Жарлығының 12-бабында белгiленген "есептi көрсеткiш" ұғымы қолданылсын.
3-бап.
1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiстерi мыналардың есебiнен:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер;
- төлем көзiнен ұстап қалынатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
- бонустар, роялти, тiркелген (ренталық) төлемдердi (жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Үкiметiмен жеке контрактылар жасағанға дейiн) қосқанда, үстеме пайдаға салық;
- мемлекеттiк мүлiктi өткiзуден алынатын түсiмдер, мемлекетке тиесiлi акциялар пакеттерiнен түсетiн дивидендтер және меншiктен алынатын өзге де кiрiстер;
- экспортталатын және импортталатын тауарларға кеден бажы, кеден рәсiмдерiнiң төлемдерi және сыртқы экономикалық қызметтен түсетiн өзге де кiрiстер;
- заңды тұлғалардың Үкiмет кепiлдiгiмен алынған және республикалық бюджеттiң есебiнен өтелген шет ел кредиттерi бойынша сыртқы мiндеттемелердi орындауына байланысты шығыстарды олардың орнын толтыруы;
- мемлекет импорттаған бiрiншi қажеттегi тауарларды iшкi нарықта сатудан және тiкелей қаржыландыру бойынша берiлген кредиттер бойынша қаражатты ұлттық валютамен қайтарудан түскен түсiмдер, сондай-ақ зәру импорт бойынша өтелiмдер;
- iшкi республикалық есептiң нәтижелерi бойынша және директивалық кредиттер бойынша берешектiң орнын толтыруы;
- бюджетке жалпы республикалық басқа да төлемдер және салықтан тыс әртүрлi түсiмдер есебiнен қалыптасатын болады деп белгiленсiн.
4-бап.
Республикалық бюджет кiрiстерiнiң құрамында мына қорларға аударылатын және түсетiн қаражаты болады деп белгiленсiн:
- Үкiмет бекiткен ставкалар негiзiнде, өткiзiлген минералдық шикiзат құнына процент есебiмен алғанда Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат базасын ұлғайту қоры (жер қойнауын пайдаланушылармен жеке контрактылар жасағанға дейiн);
- "Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" Қазақ КСР-iнiң 1991 жылғы 18 маусымдағы Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 26, 332-құжат) көзделген, айналадағы табиғи ортаны ластағаны үшiн төлемдер мен айыппұл санкциялары есебiнен Республикалық табиғатты қорғау қоры.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
- нақты түсiмдердiң 75 процентi мөлшерiнде Республикалық табиғатты қорғау қорының функцияларын жүзеге асыру жөнiндегi;
- Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат ресурстарын ұлғайту қорына жиынтықты түсiмдердiң және осы мақсатқа көзделген шығындар шегiнде iшкi жер қойнауын пайдаланушылармен жеке контрактылар жасалуына қарай роялтидiң 70 процентi мөлшерiнде геологиялық зерттеулер мен жер қойнауын қорғауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыруды жүзеге асырсын.
5-бап.
Шағын жекешелендiру шеңберiнде объектiлер сатудан 900000 мың теңге сомасында қаражат түседi деп белгiленсiн, содан әрқайсысына 50 проценттен жергiлiктi және республикалық бюджеттердiң кiрiстерiне есептелсiн.
Жаппай жекешелендiруден 2500000 мың теңге сомасында және жеке жобалар бойынша жекешелендiруден 11600000 мың теңге сомасында қаражат түсiрiлуi, сондай-ақ мемлекетке тиесiлi акциялар пакеттерiнен 2800000 мың теңге сомасында дивидендтер түсiрiлуi көзделсiн.
6-бап.
Республикалық бюджеттiң кiрiстерiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерiн екiншi деңгейдегi банктерде орналастырудан түсетiн түсiм - 824300 мың теңге болып белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 60-I
Заңымен.
7-бап.
Қазақстан Республикасының Үкiметiне кiрiстердi ұзақ мерзiмдi тұрақты нормативтер негiзiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасында бөлуге бiртiндеп көшудi жүзеге асыру тапсырылсын.
Осы мақсатпен 1996 жылға жалпымемлекеттiк салықтардан облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiне аударылатын түсiмдердiң жалпы сомасын бөлу мынадай мөлшерде белгiленсiн:
а) заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша:
Алматы қаласы мен Маңғыстау облысына - 20 проценттен, қалған облыстарға - 40 проценттен;
б) акциздер бойынша:
Алматы қаласы мен Павлодар облысына - 20 проценттен, қалған облыстарға - 100 проценттен;
в) қосылған құнға салынатын салық бойынша:
Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Көкшетау, Солтүстiк Қазақстан, Семей, Талдықорған, Торғай және Оңтүстiк Қазақстан облыстарына - 100 проценттен, Ақмола облысына - 70 проценттен, Қарағанды және Қостанай облыстарына - 50 проценттен, Ақтөбе және Жезқазған облыстарына - 20 проценттен, Атырау, Маңғыстау, Павлодар облыстарына және Алматы қаласына - 10 проценттен;
г) төлем көзiнен ұстап қалынатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша:
Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Көкшетау, Солтүстiк Қазақстан, Семей, Талдықорған, Торғай, Оңтүстiк Қазақстан облыстарына - 100 проценттен, Қарағанды облысына - 85,9, Ақтөбе облысына - 79,6, Жезқазған облысына - 66,2, Қостанай облысына - 65,2, Ақмола облысына - 63,7, Павлодар облысына - 62, Маңғыстау облысына - 36, Алматы қаласына - 31,5 процент және Атырау облысына - 10,1 процент.
8-бап.
1996 жылы облыстардың бюджеттерiне 20018054 мың теңге сомасында субвенция бөлiнсiн, соның iшiнде:
(мың теңге)
Алматы - 2971028
Шығыс Қазақстан - 185414
Жамбыл - 2060584
Батыс Қазақстан - 1034859
Қызылорда, Төретам және Ақай
пос. қосқанда - 3961832
Көкшетау - 1370055
Солтүстiк Қазақстан - 915921
Семей - 1892027
Талдықорған - 2563054
Торғай - 1105497
Оңтүстiк Қазақстан - 1957783
9-бап.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заң күшi бар N 2235
Жарлығында
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) көзделген жергiлiктi салықтар мен алымдар, сондай-ақ мынадай төлемдер: кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, мемлекеттiк мүлiктi жалға беруден алынатын табыстар, орманды пайдаланғаны үшiн төлем, су үшiн төлем, мемлекеттiк баж, айыппұл мен санкциялар бойынша түсiмдер, республикалық бюджетке есептелетiннен басқа өзге де салықтан тыс түсiмдер жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне толық есептелетiн болып белгiленсiн.
10-бап.
1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға аударым тарифi барлық заңды тұлғалар үшiн (шет ел қатысатын заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасы азаматтарының жалақы қорына қатысты бөлiгiнде шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiн қосқанда) еңбекақы қорының 30 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. Қазақстан Республикасы Мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын әрi солардың қаражаты есебiнен құрылған, бұларда мүгедектер жалпы қызметкерлер санының кемiнде 50 процентiн құрайтын өндiрiстiк және оқу-өндiрiстiк ұйымдары, Республикалық "Ардагер" зейнеткерлер кәсiпорындарының бiрлестiгi, сондай-ақ осы бiрлестiктiң меншiгi болып табылатын және соның қаражаты есебiнен құрылған, зейнеткерлер ғана жұмыс iстейтiн өндiрiстiк және оқу-өндiрiстiк ұйымдары, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнiң Қазақ Республикалық ұйымының (өндiрiстiк ұйымдарсыз), Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының Республикалық кәсiпорындар бiрлестiгi, адвокаттар алқалары, шаруалар (фермерлер) қожалықтары, заңды тұлға құрмай-ақ шаруашылық iсiмен айналысушы адамдар үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға аударым тарифi 5 процент мөлшерiнде белгiленсiн.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға аударымның жалпы сомасы мынадай нормативтер бойынша бөлiнедi: Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына - 85 процент, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына - 10 процент және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына - 5 процент.
Көрсетiлген қаражатты сақтандыру төлемдерiмен Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының облыстық және Алматы қалалық бөлiмшелерiне беру үшiн облыстар мен Алматы қаласы бюджеттерiнiң құрамында 12104013 мың теңге сомасындағы қаражат көзделгенi ескерiлсiн.
11-бап.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың (шет ел қатысатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасы азаматтарының жалақы қорына қатысты бөлiгiнде шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдiктерiн қосқанда) мiндеттi төлемдерiнiң есебiнен еңбекақы қорының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын ұйымдар, Қазақстан Республикасы Мүгедектерiнiң ерiктi қоғамының, Қазақ саңыраулар қоғамының, Қазақ зағиптар қоғамының ұйымдары, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және солардың қаражаты есебiнен құрылған, мүгедектер жалпы қызметкерлер санының кемiнде 50 процентiн құрайтын өндiрiстiк және оқу-өндiрiстiк ұйымдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына жарна төлеуден босатылсын.
Қоныс аудару шаралары жөнiндегi шығындарды жыл сайын белгiленетiн иммиграция квотасы бойынша қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
12-бап.
Бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң тұрмыс деңгейiн арттыру мақсатында 1996 жылы бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң жалақысы бiр жылға шаққанда орта есеппен екi есе арттырылсын.
Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн әлеуметтiк саланың бюджеттiк ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек ақы төлеу жүйесiн жасап, бекiтетiн болсын.
1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақыларды, жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес айыппұл санкцияларын қолдану, салық және басқа да төлемдер үшiн есептi көрсеткiш ай сайынғы есеппен алғанда мынадай мөлшерде белгiленсiн:
I тоқсан - 320 теңге;
II тоқсан - 380 теңге;
III тоқсан - 460 теңге;
IҮ тоқсан - 530 теңге.
Бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында және еңбекке ақы төлеу шарттарының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996 жылдың 1 тоқсанында бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың жүйесiн оңтайландыруды, олардың қызметiнiң нормалары мен жағдайларын ұтымды етудi аяқтасын.
13-бап.
1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларына берiлетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақылардың мөлшерi оларды тағайындау мен төлеудiң қолданылып жүрген тәртiбi сақталып, есептi көрсеткiштердiң процентiмен алғанда былайша белгiленсiн:
- балалардың жасына қарай берiлетiн бiржолғы жәрдемақылар: 3 жасқа дейiн - 125 процент, 3 жастан 18 жасқа дейiн - 130 процент;
- жалғызiлiктi аналарға балаларына берiлетiн жәрдемақы, сондай-ақ олардың алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-аналарын iздестiру кезеңiнде кәмелетке толмаған балаларға берiлетiн жәрдемақы;
3 жасқа дейiн - 100 процент, 3 жастан 18 жасқа дейiн - 115 процент;
- мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң балаларына берiлетiн жәрдемақы - 130 процент;
- адамның қорғаныш тапшылығы вирусы жұқтырылған немесе ЖҚТБ-мен ауыратын балаларға берiлетiн жәрдемақы - 130 процент;
- төрт және одан да көп 7 жасқа дейiнгi балалары бар жұмыс iстемейтiн аналарға берiлетiн жәрдемақы - 100 процент.
Тәрбиеленетiн және үйде оқытылатын мүгедек балаларға жәрдемақы тоқсан сайын мынадай сомада: бiрiншi тоқсанда - 2200 теңге, екiншi тоқсанда - 2800 теңге, үшiншi тоқсанда - 3300 теңге және төртiншi тоқсанда - 3800 теңге төленетiнi еске алынсын.
Бала туғанда есептi көрсеткiштiң 400 процентi мөлшерiнде берiлетiн бiржолғы жәрдемақыны төлеу Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Өлген адамды жерлеу үшiн есептi көрсеткiштiң 960 процентi мөлшерiнде берiлетiн бiржолғы жәрдемақыны төлеу зейнеткерлерге Зейнетақы қорының қаражаты есебiнен, жұмыс iстейтiн азаматтарға - Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының есебiнен жүргiзiледi.
14-бап.
Бiлiм берудi қаржыландыру қаражатын 1996 жылғы 1
қыркүйектен бастап республиканың мемлекеттiк жоғары оқу орындарына студенттер қабылдау жоспары 20 процент, арнаулы орта оқу орындарына - 30 процент, кәсiптiк-техникалық училищелерге - 25 процент қысқартылатынын және оларды оқыту шарттық негiзге көшiрiлетiнiн ескере отырып бөлу көзделсiн.
15-бап.
Өндiрiстен қол үзiп оқитын аспиранттарға берiлетiн стипендиялар мынадай мөлшерде белгiленсiн:
1996 жылдың 1 қаңтарынан - 2400 теңге;
1996 жылдың 1 сәуiрiнен - 2550 теңге;
1996 жылдың 1 шiлдесiнен - 2700 теңге;
1996 жылдың 1 қазанынан - 2990 теңге.
Мемлекеттiк жоғары оқу орындарының оқу үлгерiп оқитын студенттерiне берiлетiн стипендиялар мынадай мөлшерде белгiленсiн:
1996 жылдың 1 қаңтарынан - 960 теңге;
1996 жылдың 1 сәуiрiнен - 1050 теңге;
1996 жылдың 1 шiлдесiнен - 1080 теңге;
1996 жылдың 1 қазанынан - 1150 теңге.
Оқу мерзiмi 10 айға дейiнгi кәсiптiк-техникалық училищелердiң және арнаулы орта оқу орындарының оқушыларына стипендиялар мемлекеттiк жоғары оқу орындары студенттерi стипендияларының мөлшерiнiң 80 процентi көлемiнде белгiленедi.
16-бап. Республиканың мемлекеттiк жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басқа жақтан келiп оқитын күндiзгi бөлiмiнiң студенттерi мен оқушылары, мемлекеттiк жоғары оқу орындарының даярлық бөлiмшелерiнiң тыңдаушылары үшiн 1996 жылы демалыс уақытында мемлекеттiк темiр жол, су және автомобиль көлiктерiнде (екi жаққа бiрдей жылына екi рет) жеңiлдiкпен жүру тиiстi бюджеттер қаражаты есебiнен билет құнының 50 процентi мөлшерiнде сақталсын.
17-бап. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң арасындағы Займ туралы 1995 жылғы 12 маусымдағы Келiсiмнiң Әлеуметтiк қорғау жобасы бойынша шараларды бiрлесе қаржыландыруға Павлодар және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бюджеттерiнiң құрамында тиiсiнше 14719 мың теңге және 11909 мың теңге сомасында қаржы көзделсiн.
18-бап.
Республикалық бюджетте ауыл шаруашылығында шағын және орта бизнестi қолдауға және дамытуға 3500000 мың теңге сомасында қаржы көзделсiн.
Республикалық бюджетте мониторинг енгiзу мен шағын және орта бизнестiң инфрақұрылымын құруға 50000 мың теңге сомасында қаржы көзделсiн.
Мемлекеттiң сыртқы кредиттер займдары есебiнен жүзеге асырылатын ифрақұрылымдық жобаларды 752600 мың теңге сомасында бiрлесе қаржыландыруға қатысуы белгiленсiн.
19-бап. Лизинг негiзiнде ауыл шаруашылығын техникамен қайта жарақтандыруға республикалық бюджеттiң шығыстары құрамында 600000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
20-бап.
Республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 3574040 мың теңге сомасында, соның iшiнде төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 1857520 мың теңге сомасында резерв қоры бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне азаматтық қорғаныс жөнiндегi шараларды қаржыландыруға 464380 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
21-бап.
"Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344
Жарлығы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 405-құжат) бойынша шараларды жүзеге асыруға республикалық бюджетте 2414776 мың теңге сомасында, соның iшiнде мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн қаражат есебiнен жарғылық қорды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тұрғын үй құрылыс банкiнiң кредит ресурстарын қалыптастыруға 10 процент мөлшерде қаражат көзделсiн.
Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн қаражатты осы мақсатқа аудару олардың бюджетке нақты келiп түсуiне қарай жүзеге асырылсын.
22-бап. Бюджетте банкiнiң қызмет етуiне берiлетiн ұйымдарға санация жүргiзуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Медетшi банкiне кредит ресурстарын бөлуге 6000000 мың теңге сомасында қаржы көзделсiн.
23-бап. Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын ұйымдардың қажетi үшiн мемлекеттiң өнiмдер сатып алу жүйесiн жасайтын болсын.
24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық жүйесi құрылып, бюджеттi атқару жөнiндегi функциялар оған тапсырылғанға дейiн осы Жарлықпен және Мәслихаттар қаулыларымен белгiлеген нормативтер бойынша тиiстi бюджеттердiң шоттарына кiрiстерiнiң бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
25-бап.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
- аса тиiмдi инвестициялық жобаларды кредиттеу үшiн Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкiне 3643800 мың теңге сомасында кредит берсiн;
- объектiлер құрылысын қаржыландыруға қайтарымсыз негiзде 1000000 теңге бөлсiн.
26-бап.
1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң тапшылығын өтеу көздерi мыналар болып белгiленсiн:
- 28451132 мың теңге сомасында сыртқы займдар бойынша түсетiн түсiмдер, соның iшiнде халықаралық жеке капитал нарықтарында синдицияланған займды орналастыру есебiнен 5700000 мың теңге сомасында;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң 7500000 мың теңге сомасында кредиттерi, олардың 35 процентi мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелердi сатып алу түрiнде қарызға алынады;
- 8000000 мың теңге сомасында мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелерiн, жинақ облигацияларын және басқа да мемлекеттiк бағалы қағаздарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздарын қоспағанда, сатудан түсетiн кiрiстер.
27-бап.
Республикалық бюджетте:
- 3092500 мың теңге сомасында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк iшкi қарызына қызмет көрсету жөнiндегi және 1996 жылғы республикалық бюджеттiң 1067000 мың теңге сомасындағы тапшылығына бөлiнетiн кредит жөнiндегi проценттердi;
ЕСКЕРТУ. 27-баптың 2-абзацы алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 60-I
Заңымен.
28-бап.
1996 жылғы мемлекеттiк iшкi қарызға және республикалық бюджет тапшылығына алынған несиелерге қызмет көрсету нөлдiк ставка бойынша жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 28-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 60-I
Заңымен.
29-бап.
Мемлекеттiк резервтен алынатын және әскери мүлiктi қысқартуға жататын материалдық құндылықтар ұйымдарға оларды өткiзу сәтiндегi нарықтық бағалар бойынша белгiленетiн ақыға босатылып, түскен табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ведомстволық тиесiлiгi бойынша алынатын түсiмдi нысаналы жұмсау тәртiбiн белгiлесiн.
30-бап.
1995 жылғы республикалық бюджеттiң тапшылығына кредит түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берген 8625000 мың теңге мөлшерiндегi қаражат Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк iшкi қарызына жатқызылсын.
Бұдан бұрын белгiлеген шектi деңгейдi ескере отырып 1996 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мемлекеттiк iшкi қарыздың лимитi 30925000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыртқы қарызының шектi ықтимал мөлшерiн белгiлесiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1996 жылдың iшiнде 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң тапшылығына сыртқы қарыз алу көздерiнiң кем келiп түскен қаражатының сомасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң беретiн қосымша кредитi есебiнен мемлекеттiк сыртқы қарызды өтеу құқығы берiлсiн.
31-бап.
Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, республикалық бюджет бойынша есебiнен ұсталатын басқа да мемлекеттiк органдар бойынша республикалық бюджет шығыстары ұлғайтылсын, сондай-ақ облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiне 17159500 млн. теңге сомасында қаржы бөлiнсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi осы қаржыны атаулы бөлудi жүзеге асырсын.
ЕСКЕРТУ. Жарлық 31-баппен толықтырылды, 31-бап 32-бап болып саналды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 60-I
Заңымен
.
32-бап. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заң күшi
бар N 2700 Жарлығына
N 1-қосымша
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi және 14-жолмен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.31. N 60-I Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1996 жылға
арналған республикалық бюджетi
(қолданылып жүрген сыныптама бойынша)
Кiрiстер
I бөлiм: Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар (мың теңге)
Жалпымемлекеттiк салықтар
1. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 22693880
2. Қосылған құнға салынатын салық 19820668
3. Акциздер 4009390
4. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға
салынатын салық 524900
5. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн үстеме
пайдаға салынатын салық 3606090
6. Жеке тұлғалардың төлем көзiнен алынатын
табыс салығы 9102731
Жалпымемлекеттiк салықтар жиынтығы 59757659
Алымдар мен салыққа жатпайтын кiрiстер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнен және
екiншi деңгейдегi банктерден бюджет кiрiсiне
түсiмдер, барлығы: 824300
соның iшiнде:
- ағымдағы жылдың пайдасынан 0
- Үкiметтiң Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердегi
депозиттерi үшiн кiрiстен 824300
2. Бюджет шығыстарының орнын толтыру, барлығы: 8907741
а) өз айналым қаражатының жетiспеушiлiгiне
процентiмен бюджет несиелерi мен
кредиттерiнен 1407741
ә) Қазақстан Республикасының Медетшi банкiнен
алған кредиттен 3500000
б) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
әкiмдердiң кепiлдiгiне берiлген директивалық
кредиттер бойынша борыштардан 3000000
в) iшкiреспубликалық есеп нәтижелерi бойынша
сомадан 1000000
3. Алымдар және салыққа жатпайтын түрлi
кiрiстер, барлығы: 21931900
соның iшiнде:
а) "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн
алынатын жалдау ақысы 8165000
ә) өзге түсiмдер 13766900
4. Астық сатудан алынатын қаражаттың түсуi 6000000
5. Жерге берiлген құқықты сатудан түсетiн
кiрiстер 173200
6. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден
түсетiн түсiмдер 14550000
7. Мемлекетке тиесiлi акциялардың пакеттерiне
дивидендтердiң түсiмi 2800000
Алымдар мен салыққа жатпайтын кiрiстер
жиынтығы: 55187141
I бөлiм бойынша кiрiстер жиынтығы: 114944800
II бөлiм: мақсатты қаржыландыру қорлары
Жер қойнауын қорғау мен минералдық шикiзат
базасын қалпына келтiрудiң республикалық қоры 4570000
Республикалық табиғатты қорғау қоры 150545
II бөлiм бойынша кiрiстер жиынтығы: 4720545
III бөлiм: Сыртқыэкономикалық қызмет
1. Кеден бажы:
а) экспортталатын тауарлар үшiн 15149000
ә) импортталатын тауарлар үшiн 4168000
2. Кеден рәсiмдерi 1072029
3. Роялти мен бонустардан алынатын түсiмдер 5320000
4. Iшкi рынокта бiрiншi қажеттi импорттық
тауарларды сатудан алынатын түсiмдер 298200
5. Тiкелей қаржыландыру бойынша қаражаттың
ұлттық валютамен қайтарылуы 199510
6. Ұйымдардың шетел валютасымен олардың сыртқы
мiндеттемелерiн өтеуге байланысты бюджет
шығыстарының орнын толтыруы 744151
7. Ұйымдардың Үкiметтiң кепiлдiктерi бойынша
бюджет шығыстарының орнын толтыруы 1515495
8. Консулдық қызмет көрсетiлгенi үшiн алымдар 497000
9. Әлеуметтiк қорғау жөнiндегi займ
қаржыларының бюджет кiрiсiне өтеуi 17324
10. Өзгелерi 1000000
III бөлiм бойынша кiрiстер жиынтығы: 29980709
Республикалық бюджет бойынша барлық кiрiстер: 149646054
Шығыстар
I бөлiм. Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар
1. Экономиканы қаржыландыру, барлығы 31651717
соның iшiнде:
Өнеркәсiп кешенi
Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi
- қалпына келтiрiлетiн энергия көздерiне 20000
Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
- Мырғалымсай кен орнының су төкпесiне 374094
Өнеркәсiп кешенi бойынша жиынтығы: 394094
Құрылыс кешенi
Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс
салу министрлiгi -
жобалауға 50000
Құрылыс кешенi бойынша жиынтығы: 50000
Агроөнеркәсiп кешенi
Су ресурстары жөнiндегi комитет
операциялық шығыстарға 244576
Қазақ ауыл шаруашылық академиясы, барлығы 6520
соның iшiнде помологиялық бау-бақшаға 4576
Ауыл шаруашылық министрлiгi, барлығы 10065066
соның iшiнде:
- операциялық шығыстар 2385066
- ауыл шаруашылығында шағын және орташа
бизнестi дамытуға 3500000
- лизингтiк негiзде техника сатып алуға 600000
- Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры 3580000
Қазақстан Республикасының жер қатынастары
және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi, операциялық шығыстарға 376740
Агроөнеркәсiптiк кешен бойынша жиынтығы: 10692902
Көлiк кешенi және байланыс
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, барлығы 113560
соның iшiнде:
- операциялық шығыстар (жол шаруашылығы, кеме
жүретiн шлюздер және кеме қатынасы
қауiпсiздiгi инспекциясын ұстауға) 62069
- фельдьегерлiк қызметтi ұстауға 51491
"Қазақстан жолдары" акционерлiк қоғамы (селден
қорғау шаралары бойынша) 62555
Көлiк және байланыс бойынша жиынтығы: 176115
Әлеуметтiк кешен
1. Жеңiлдiктер төлемдерi бойынша шығыстар,
барлығы 1112195
соның iшiнде:
- жүрiп-тұру және байланыс қызметi жөнiнде
жеңiлдiктер беруге, барлығы 1112195
- мүгедек балаларға 30160
- бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектерге 240178
- Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сiңiргенi
үшiн зейнетақы алатын азаматтарға 51141
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектерiне 790716
2. Жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға,
барлығы 2414776
3. Әлеуметтiк кешен бойынша өзге де шараларға
а) Мәдениет министрлiгi ("Қазақкино" кино
компаниясы), барлығы 97067
соның iшiнде:
- селолық киножүйесi мен кинопрокат ұйымдарының
шығындарын өтеуге 37337
- ұлттық, көркем, хроникалды-деректi, балалар
фильмдерi мен мультипликациялық фильмдер
шығаруға 54730
- Киноның 100 жылдық мерекесi шараларына 5000
ә) Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi 10800
б) Баспасөз және бұқаралық ақпарат iсi жөнiндегi
Ұлттық агенттiк 933065
в) Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi,
күрделi жөндеуге 67799
Әлеуметтiк кешен бойынша жиынтығы: 4635702
Кешенге кiрмейтiндер
Экология және биоресурстар министрлiгi
(операциялық шығыстар) 155680
Орман шаруашылығы комитетi (операциялық
шығыстар) 622720
Геодезия және картография бас басқармасы 85000
Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi
комитет, барлығы 1254437
соның iшiнде:
- операциялық шығыстар 110637
Адамдарды суға кетуден құтқару шараларына
жұмсалатын шығындар 821
Қазынашылықтың және салық полициясының
материалдық базасын нығайтуға жұмсалатын
шығыстар 850744
Кеден комитетi 50645
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
материалдық-техникалық базасын дамытуға 30881
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Iс басқармасы 280200
Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма,
операциялық шығыстар 304500
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Экспорт-импорт банкiне берiлетiн кредит 3643800
Мемлекеттiк күрделi қаржылар 1000000
Жекешелендiрудi жүзеге асыруға 92876
Қазақстан Республикасы Медетшi банкiнiң
қызметiн қаржыландыруға, барлығы 6000000
соның iшiнде:
Экономика министрлiгi арқылы жүзеге асырылатын
конверсия жөнiндегi шығыстар 400000
Мемлекеттiк статистика комитетi (халық санағы) 28000
Инвестициялық жобаларды бiрлесе қаржыландыруға
жұмсалатын шығыстар 752600
Мониторингтi енгiзуге және шағын және орташа
бизнестiң инфрақұрылымын жасауға шығыстар 50000
Қаржы министрлiгiнiң басқа да шығыстары 500000
Кешендерге кiрмейтiндер бойынша жиынтығы: 15702904
2. Әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландыру,
барлығы 24318082
соның iшiнде:
а) бiлiм беру және кадрларды кәсiптiк даярлау 11037060
ә) мәдениет пен өнер 1199319
б) бұқаралық ақпарат құралдары 4729208
в) денсаулық сақтау 5660544
г) дене тәрбиесi 737705
д) әлеуметтiк қамсыздандыру, барлығы 954246
соның iшiнде:
- әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi мекемелердi
ұстауға және өткiзiлетiн шараларға 158519
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектерiнiң санаторий-курорттық емделуiне
және оларға материалдық көмекке жұмсалған
шығыстардың орнын толтыру 706052
- қоғамдық бiрлестiктердiң сурдо-тифло
техникалық құралдарын сатып алуына 89675
3. Ғылымды қаржыландыру, барлығы 3050000
4. Қорғанысқа жұмсалатын шығыстар, барлығы 17240462
соның iшiнде:
- жалпы мақсаттағы Қарулы Күштерге 16830198
- Республикалық ұланға 410264
5. Мемлекеттiк органдарды ұстауға жұмсалатын
шығыстар, барлығы 4576422
соның iшiнде:
- Қазақстан Республикасының Парламентi 572414
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң
әкiмшiлiгi 1005907
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты 136857
- Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесi 18500
- облыстық соттар, Алматы қалалық соты 407990
- аудандық соттар 1160814
- әскери соттар 49625
- Қазақстан Республикасының Прокуратурасы 1224315
6. Құқық қорғау органдарын ұстау шығыстары,
барлығы 19647650
соның iшiнде:
- Iшкi iстер министрлiгi (Мемлекеттiк тергеу
комитетiн қоса алғанда) 11418300
- Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 2394190
- Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi 3367000
- Шекара әскерлерiнiң әскери институты 312300
- Iшкi әскерлер 2143420
- Үкiмет жанындағы ақпарат қорғау жөнiндегi
мемлекеттiк техникалық комиссия 12440
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Орталық
және жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға
арналған шығыстар 8168340
8. Резервтiк қорлар, барлығы 3574040
соның iшiнде:
- төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 1857520
- азаматтық қорғаныс жөнiндегi шараларды
қаржыландыру үшiн 464380
9. Әртүрлi төлемдер, барлығы 2040000
соның iшiнде:
- мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алуға
арналған қаражат 2000000
- адвокаттар қызметiне ақы төлеу 40000
10. Өзге де шығыстар 2052460
11. Сайлау өткiзу шығыстары 102864
12. Мемлекеттiк iшкi қарызға қызмет көрсету
жөнiндегi шығыстар, барлығы 3905250
соның iшiнде:
- бюджет тапшылығына берiлген кредит үшiн
проценттер төлеу 0
- iшкi қарыздар бойынша проценттер төлеу
жөнiндегi шығыстар 0
- қазынашылық облигацияларын өтеу жөнiндегi
шығыстарға 3500000
- қазынашылық облигацияларына қызмет көрсету
жөнiндегi шығыстар 5250
- қысқа мерзiмдi қазынашылық вексельдерiн
өтеуге резерв 400000
13. Мемлекетаралық ұйымдарға қызмет көрсету
жөнiндегi шығыстар 529958
14. Министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, 17159500
республикалық бюджет қаржылары есебiнен
ұсталатын басқа да мемлекеттiк органдарға,
сондай-ақ облыстар мен Алматы қаласының
бюджеттерiне қаржы бөлу
Жергiлiктi бюджеттерге субвенциялар 20018054
I бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы: 158034799
II бөлiм: Мақсатты қаржыландыру қорлары
Республикалық минерал-шикiзат базасын қалпына
келтiру қоры 3200000
Табиғатты қорғау қоры 112908
II бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы: 3312908
III бөлiм. Сыртқы экономикалық қызмет
Елшiлiктердi, өкiлдiктердi ұстау жөнiнде және
басқа да мақсаттарға валюта сатып алу, барлығы 24084479
соның iшiнде:
1) сыртқы займдар мен мiндеттемелердi өтеуге
жұмсалатын шығыстар 17546458
2) сыртқы экономикалық қызметке жұмсалатын
шығыстар 4230521
соның iшiнде:
- халықаралық ұйымдарға жарналар 1278000
- ТМД атқарушы органдарын ұстауға 5396
- жұмыс iстейтiн және жаңа елшiлiктердi
ұстауға 2438268
- Орталық Азия ынтымақтастық және даму
банкiнiң жарғы қорына жарна 47357
- "Каспийшельф" мемлекеттiк концернiнiң сыртқы
қарызды өтеу үшiн уақытша тартылған қаражатын
қайтару 355000
- өзге де шығыстар 106500
3) импортталатын тауарларды сараптық
бағалаудан өткiзгенi үшiн "Сосите Женераль
де Сюрвеянс С.А." (СЖС)-ке төленетiн ақы 887500
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кезек
күттiрмейтiн қажеттерiне жұмсалатын шығыстар 1420000
Мемлекеттiк мiндеттемелердi орындауға
байланысты шығыстар 8165000
III бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы 32249479
Республикалық бюджет бойынша барлық шығыстар: 193597186
Шығыстардың кiрiстерден артуы, (тапшылығы),
барлығы - 43951132
соның iшiнде өтеу:
1. Қаржыландырудың сыртқы көздерi есебiнен,
барлығы 28451132
соның iшiнде:
1. Сыртқы займ бойынша түсiмдер 29451132
- синдицияланған займдар 5700000
2. Түзету сомасын шегерiп тастағанда, барлығы -1000000
соның iшiнде:
- мемлекеттiк сыртқы займды өтеуге -1000000
II. Бағалы қағаздарды сату есебiнен, барлығы 8000000
соның iшiнде:
- халыққа арналған жинақ облигациялары 1000000
- Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық
вексельдердi және басқа да бағалы қағаздарды
бәсеке сатудан қаржының түсуi 7000000
III. Қаржыландырудың iшкi көздерi есебiнен,
барлығы 7500000
соның iшiнде:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кредит
ресурстары есебiнен 7500000
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заң күшi
бар N 2700 Жарлығына
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасының 1996 жылға арналған
республикалық бюджетi
(жаңа бюджеттiк сынаптама бойынша)
(мың теңге)
Кiрiстер және алынған ресми трансферттер 149646054
1. Салық түсiмдерi
90212233
1. Пайдаға салынатын табыс салығы,
капиталдың кiрiсi мен өсiмi 31796611
- заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 22693880
- жеке тұлғалардан төлем көзiнен ұсталып
алынатын табыс салығы 9102731
2. Жеке меншiкке салынатын салықтар 524900
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға
салынатын салық 524900
3. Тауарлар мен қызмет көрсетуге салынатын
iшкi салықтар 37501693
- Қосылған құнға салынатын салық 19820668
- Акциздер 4009390
- Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн
алынатын түсiмдер 8926090
- Кәсiпкерлiк және кәсiптiк қызметтi жүргiзуге
берiлетiн лицензиялар 25000
- Тауарлар мен қызмет көрсетуге салынатын өзге
салықтар 4720545
4. Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға
салынатын салықтар 20389029
- Кеден бажы 19317000
- Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын
өзге салықтар 1072029
II. Салыққа жатпайтын түсiмдер
22201400
1. Кәсiпкерлiк қызмет пен жеке меншiктен
алынатын кiрiстер 16150900
- Мемлекеттiк қаржыдан тыс және қаржы
ұйымдарынан алынатын салыққа жатпайтын
түсiмдер 16150900
2. Әкiмшiлiк алымдары мен төлемдерi,
коммерциялық емес және iлеспе сатудан
алынатын кiрiстер 2222000
- Әкiмшiлiк алымдары 1859000
- Баж 363000
3. Айыппұлдар мен санкциялардан алынатын
түсiмдер 315000
4. Салыққа жатпайтын түсiмдер 3513500
III. Капиталмен жасалған операциялардан алынатын
кiрiстер
25550000
1. Негiзгi капиталды сату 20550000
2. Капиталмен жасалған операциялардан
алынатын өзге кiрiстер 5000000
IҮ. Трансферттер
11682421
Шығыстар 193597186
1. Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсету 36044005
2. Қорғаныс 15939416
3. Қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiк 20466682
4. Бiлiм беру 11065063
5. Денсаулық сақтау 5693809
6. Әлеуметтiк сақтандыру мен қамсыздандыру 6291527
7. Демалысты ұйымдастыру және мәдениет
саласындағы қызмет 7762749
8. Отын-энергетика кешенi 75540
9. Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы,
балық шаруашылығы, аң аулау және табиғат
қорғау 12126777
10. Тау-кен өнеркәсiбi және отынды қоспағанда,
пайдалы қазбалар, өңдеу өнеркәсiбi мен
құрылыс 6210039
11. Көлiк және байланыс 165486
12. Экономикалық қызметке байланысты өзге де
қызмет көрсету 6243991
13. Негiзгi топтарға жатқызылмаған шығыстар 65512102
Бюджет тапшылығының жалпы көлемi -43951132
Қаржыландыру 43951132
1. Iшкi қаржыландыру 15500000
2. Сыртқы қаржыландыру 28451132