Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 ақпандағы N 157 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2004 жылғы 10 ақпандағы  
N 157 қаулысымен    
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Пайдалы қазбалардан кен орындарын алғаш ашушылар және оларды ашқаны үшін мемлекеттік сыйақылар беру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы N 1093 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 40, 438-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы N 1093 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1048 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 27, 313-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен  бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 15-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат).