Шет елдердегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 23 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 571 қбп қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2021 № 571 қбп қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған шет елдердегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттары бекiтiлсiн.

      2. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1339 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 мамырдағы N 577 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 24, 250-құжат);

      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы

      N 987 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 11-тармағы;

      3) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 мамырдағы N 577 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қазандағы N 1586 қаулысы.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 6 қаңтардағы
N 23 қаулысымен
бекiтiлген

Шет елдердегi дипломатиялық қызмет персоналының
еңбек шарттары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттары (бұдан әрi - шарттар) еңбекке ақы төлеудiң, оны нормалаудың, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимiнiң шарттарын, кәсiптердi (лауазымдарды) қоса атқару, уақытша жұмыста болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындау, еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау тәртiбiн, сондай-ақ шет мемлекеттердiң аумағында кәсiби қызметтi тиiсiнше жүзеге асыруға байланысты дипломатиялық қызмет персоналы еңбегiнiң өзге де шарттарын белгiлейдi.

      Шетелдiк мекемелерге жергiлiктi жерде, оның iшiнде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелерi қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс қызметкерлердiң еңбек шарттары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

      2. Осы шарттардың әрекетi "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдайларда дипломатиялық қызмет персоналының (оның iшiнде еңбекке жарамсыз) отбасы мүшелерiне де қолданылады.

      Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелерiне жұбайы, зайыбы, 18 жасқа дейiнгi балалары және 18 жасқа толғанға дейiн мүгедек болған 18 жастан ересек балалары, сондай-ақ iссапарға жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналымен бiрге, сол сияқты бiрге де және олардан бөлек те тұру үшiн шетелге шығатын еңбекке жарамсыз ата-аналары жатады.

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының бірге баратын отбасы мүшелерінің құрамы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің (бұдан әрі — Министр) бұйрығымен және осы шарттардың 40-тармағына сәйкес берілетін есеп айырысу аттестатымен айқындалады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымды адамдарды қоспағанда, шетелде дипломатиялық қызмет персоналын қызметке тағайындау, қызметтен босату және өзге де лауазымдық орын ауыстыру Министрдің шешімдері негізінде " жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Қазақстан Республикасынан шет мемлекетке iссапарға жiберу және шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына iссапарға жiберу

      4. Шет мемлекетке және қайтадан Қазақстан Республикасына iссапарға жiберiлуiне байланысты дипломатиялық қызмет персоналына және олардың отбасы мүшелерiне әуе немесе темiржол көлiгiнiң көлiктiк шығыстарына:

      1) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерiне, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкiлдерiне әуе көлiгiн пайдаланған кезде - "Бизнес" класс тарифi бойынша, темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде - "СВ" санатындағы вагонның 2-орындық купесiнiң, сондай-ақ жүрдек фирмалық поездың "Турист" және "Бизнес" кластарының жолақысы құны мөлшерiнде;

      2) дипломатиялық қызметтiң өзге персоналына әуе көлiгiн пайдаланған кезде - экономикалық кластың тарифi бойынша, темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде - жүрдек фирмалық поездың купелiк вагонының жолақысы құны мөлшерiнде өтемақы төленедi.

      Жол жүру билетін ауыстырған немесе қайтарған кезде айыппұлдар немесе өзге де алымдар, егер қайтару Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі — министрлік) хатының негізінде жүргізілген жағдайда, қажеттілігі болған кезде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтеледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Көрсетiлген көлiк түрлерiмен жол жүрген кезде дипломатиялық қызмет персоналына әуежайлық, сақтандыратын және комиссиондық алымдардың төлемдерiне арналған шығыстар, сондай-ақ дипломатиялық қызмет персоналы немесе оның отбасы мүшелерi жол жүретiн көлiк түрлерiне арналған жолақы билетi бойынша тегiн тасымалдау үшiн рұқсат етiлген жүк мөлшерiне қарамастан, дипломатиялық қызмет персоналы үшiн де, сондай-ақ оның отбасының әрбiр мүшесi үшiн де қол жүгiнiң салмағы есепке алынбастан, жалпы салмағы 80 кг-нан аспайтын, ал бүкiл отбасына 240 кг-дан аспайтын жүктi тасымалдау шығыстары өтеледi.

      Жолжүгі дипломатиялық қызмет персоналынан бөлек жеткізілген жағдайда, жолжүкті жеткізу құны дипломатиялық қызмет персоналы және оның отбасы мүшелері сапар шегетін көліктегі жүкті тасымалдау тарифтерінен аспауы тиіс.

      Дипломатиялық қызмет персоналы шетелдегі мекемелерден іс жүзінде қайтып оралғаннан кейін жолжүкті жіберу бойынша шығыстар өтелмейді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Жұмыс орнына және қайтадан Қазақстан Республикасына жол жүрген уақыты үшiн дипломатиялық қызмет персоналына және оның отбасы мүшелерiне тәулiкақы:

      1) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жол жүрген кезiнде - Қазақстан Республикасының шегiндегi iссапарлар үшiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде;

      2) шет мемлекеттiң аумағы бойынша жол жүрген кезде - шет мемлекеттерге iссапарлар үшiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленедi.

      7. Қазақстан Республикасынан жол жүрген кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен күн тәулiкақы шетелдiк валютада төленетiн күндерге қосылады, ал Қазақстан Республикасына жол жүрген кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен күн тәулiкақы ұлттық валютада төленетiн күндерге қосылады.

      8. Шетелге жол жүрген және Қазақстан Республикасына қайта оралған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен күн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның дипломаттық немесе қызметтiк паспорттарға, Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қойған белгiсi бойынша анықталады.

      9. Жол жүрiп бара жатқанда мәжбүрлi түрде кiдiрген жағдайда (науқастануы, қызметтiк тапсырма, форс-мажорлық мән-жайлар) кiдiрген уақыты үшiн тәулiкақы мен тұрғын үй-жайды жалға алу жөнiндегi шығыстар мәжбүрлi түрде кiдiру фактiсiн растайтын құжаттар ұсынылған кезде төленедi.

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүрiп бара жатып кiдiрген кезде кiдiрiс уақыты үшiн тәулiкақы мен тұрғын үй-жайды жалға алу жөнiндегi шығыстар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде Қазақстан Республикасының шегiндегi iссапарлар үшiн белгiленген нормалар бойынша ұлттық валютада төленедi.

      Шет мемлекеттiң аумағы бойынша жол жүрiп бара жатып кiдiрген кезде кiдiрiс уақыты үшiн тәулiкақы мен тұрғын үй-жайды жалға алу жөнiндегi шығыстар аумағында кiдiрiс болған шет мемлекет үшiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген нормалар бойынша шетелдiк валютада төленедi.

      10. Жүру жолында дипломатиялық қызмет персоналы немесе олармен бiрге келе жатқан отбасы мүшелерi науқастанған жағдайда және екiншi адамның көмегiнсiз қала алмайтын болса, осыған байланысты мәжбүрлi түрде кiдiрген уақыт үшiн тәулiкақы мен тұрғын үй-жайды жалға алу жөнiндегi шығыстар екi айдан аспайтын уақытқа төленедi.

      11. Отбасы мүшелерi дипломатиялық қызмет персоналынан бөлек шет мемлекетке және керi қарай Қазақстан Республикасына жол жүрген жағдайда, отбасы мүшелерiне олардың қайта оралуы бойынша iс жүзiндегi шығыстары, оның iшiнде жүктi тасымалдау және жолдағы аялдамаларда тұрғын үй-жайды жалға алу жөнiндегi шығыстары дипломатиялық қызмет персоналы үшiн белгiленген нормалар бойынша өтеледi.

      Дипломатиялық қызмет персоналы министрліктен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне іссапарға жіберілген кезде оның отбасы мүшелері шет мемлекетке Қазақстан Республикасынан тыс мемлекеттен жол жүрген жағдайда, отбасы мүшелерінің көрсетілген жол жүру шығыстары Қазақстан Республикасынан шет мемлекетке жол жүру құнынан аспайтын нақты шығыстар бойынша өтеледі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Дипломатиялық қызмет персоналының және олардың отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасынан шет мемлекетке және керi қарай Қазақстан Республикасына жол жүруi жөнiндегi шығыстары бiр мезгiлде өтеледi.

      Дипломатиялық қызмет персоналының немесе отбасы мүшелерiнiң ауыр науқасына, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың, қарулы немесе азаматтық жанжалдардың туындау қаупiне немесе орын алу фактiсiне байланысты, сондай-ақ басқа да кейiнге қалдыруға болмайтын себептер бойынша ерекше жағдайларда және Министрдiң келiсiмi бойынша дипломатиялық қызмет персоналы және олардың отбасы мүшелерi болған мемлекеттен Қазақстан Республикасына жол жүруi қажеттiлiгі кезiнде дипломатиялық қызмет персоналының және олардың отбасы мүшелерiнің шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына және керi қарай шет мемлекетке жол жүру шығыстары өтеледi.

3. Еңбекке ақы төлеу

      13. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң және Ұлттық Банктің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтамасыз етілетiн Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгіленедi және белгiленген лауазымдық жалақысы мен оларға ақшалай төлемдер негiзге алына отырып, ұлттық және шетелдiк валютада жүргізiледi.

      14. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының жалақысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап (қызметке тағайындалған күні) дипломатиялық қызмет персоналының іссапардан министрлікке қайтарылған не сыртқы ротация шеңберінде басқа шетелдегі мекемеге ауысқан кезде болу мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күнінің алдыңғы күніне дейін (қызметтен босатылған күн) төленеді және белгіленген ақшалай үстемеақыны ескере отырып, ұлттық валютадағы лауазымдық жалақысы мен шетелдік валютадағы лауазымдық жалақысы негізінде белгіленеді. Дипломатиялық қызмет персоналы іссапардан министрлікке қайтарылған не сыртқы ротация шеңберінде басқа шетелдегі мекемеге ауысқан кезде болу мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күніне жалақы төленбейді.

      Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының ұлттық валютадағы лауазымдық жалақысы министрліктің орталық аппараты қызметкерлерінің теңестірілген қызметтері бойынша жалақысының 25 пайызы мөлшерінде белгіленген ақшалай төлемдерімен белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналының шетелдiк валютадағы лауазымдық жалақысы дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiнде тағайындалған қызметi бойынша белгіленедi.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Толық емес ай үшін ұлттық және шетелдiк валютадағы жалақы белгiленген ақшалай төлемдерi бар айлық лауазымдық жалақысы және осы айдағы iс жүзiнде жұмыс iстеген күндерiнiң мөлшерi негiзге алынып белгiленедi.

      16. Шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналына шетелдiк валютадағы жалақы ай сайын, оның iшiнде аванс түрiнде де (алдын ала) төленедi.

      Дипломатиялық қызмет персоналының ұлттық валютадағы жалақысын министрлiк Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан банктiк ұйымның есеп шотына ай сайын аударады.

4. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

      17. Қазақстан Республикасының әрбiр шетелдiк мекемесi үшiн iшкi еңбек кестесiнiң ережесiн Қазақстан Республикасының тиiстi шетелдiк мекемелерi басшыларының ұсынысы бойынша болған мемлекеттiң жағдайларына сәйкес министрлiк белгiлейдi.

      18. Шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналы үшiн жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ұзақтығы, оның iшiнде мереке күндерi - болған мемлекеттік заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.

      Демалыс күндерi жергілікті жағдайларға сәйкес белгiленедi.

      19. Осы шарттарға қосымшаға сәйкес ыстық және ылғалды климаты бар шет мемлекеттердегі дипломатиялық қызмет персоналы үшiн 36 сағаттық жұмыс аптасы белгiленедi.

      20. Жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалыстарының кестесiн Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiнiң басшысы бекiтедi.

      21. Шетелде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналына жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеудi есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

      Жыл сайынғы ақы төленетін кезекті еңбек демалысына шыққан кезде шетелде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналына күнтізбелік жылда бір рет министрлікте иеленген соңғы қызметі бойынша лауазымдық жалақысының екі еселенген мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді. Егер дипломатиялық қызмет персоналы шетелде жұмыс істеу алдында министрлікте қызмет атқармаса, оған сауықтыруға арналған жәрдемақы министрліктің орталық аппаратындағы персоналдың қызметіне теңестірілген қызмет бойынша лауазымдық жалақы негізге алынып есептеледі.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын өткізу үшін Қазақстан Республикасына жол жүрген кезде дипломатиялық қызмет персоналына және оның отбасы мүшелеріне шетелдегі жұмыс орнынан Қазақстан Республикасының аумағындағы алғашқы межеленген пунктке дейінгі жолақысының құны және Қазақстан Республикасының аумағындағы соңғы жөнелту пунктінен шетелдегі жұмыс орнына дейін кері қайту жолақысының құны, жолжүгін тасымалдау және тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстарды қоспағанда, осы шарттардың 4-тармағында белгіленген нормалар бойынша күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

      Демалысын басқа мемлекетте өткiзген кезде дипломатиялық қызмет персоналына және олардың отбасы мүшелерiне шетелдегi жұмыс орнынан демалысын өткiзетiн орынға дейiн және керi қайту жолақы құны төленедi, бiрақ оның мөлшерi Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құнынан артық емес.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне жұмысқа жіберілген кезде не дипломатиялық қызмет персоналы сыртқы ротация шеңберінде шетелден министрлікке жұмысқа қайтып оралған кезде жаңа жұмыс орны бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы алдыңғы жұмыс орнында жұмыс жасаған уақыты мен пайдаланылған еңбек демалысының ұзақтығы ескеріліп беріледі.

      Дипломатиялық қызмет персоналы ротация процесінен тыс жағдайда қызметтен босатылған кезде оған пайдаланылмаған жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысы үшін өтемақы төлемі төленеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5. Қызметтердi қоса атқару және уақытша жұмыста
болмаған персоналдың мiндеттерiн орындау

      24. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемесiндегi дипломатиялық қызмет персоналының қызметiн қоса атқару тәртiбiмен жұмысты орындауға, сондай-ақ уақытша жұмыста жоқ дипломатиялық қызмет персоналын ауыстыру үшiн дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының басқа шетелдiк мекемесiне ауыстыруға министрлiкпен келiскеннен кейiн жол берiледi.

      Қызметтердi қоса атқару кезiнде, сондай-ақ уақытша жұмыста болмаған дипломатиялық қызмет персоналын ауыстырған кезде еңбекке ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      25. Қазақстан Республикасының бiр шетелдiк мекемесiнiң дипломатиялық қызмет персоналын басқа шетелдiк мекемеге уақытша ауыстырған жағдайда, дипломатиялық қызмет персоналына, ол уақытша баратын және керi қайтатын шетелдегi мекеме орналасқан жерге дейiнгi жол жүруге байланысты шығыстар төленедi.

6. Материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету, кепiлдiктер мен өтемақылар

      26. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемесiне жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналына оның Министрдiң бұйрығымен тағайындалған қызметiне сәйкес:

      1) белгiленген ақшалай төлемдерiмен бiрге ұлттық валютада қызметтiк жалақысының 100 пайызы мөлшерiнде (төлемдi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi жүргiзедi);

      2) шетелдiк валютада қызметтiк жалақысының 50 пайызы мөлшерiнде(төлемдi қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат есебiнен шетелдiк мекеме жүргізедi) бiр жолғы жәрдемақы төленедi.

      Дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне Қазақстан Республикасының басқа шетелдегі мекемесінен жұмысқа жіберген кезде алдыңғы шетелдегі мекемеде жұмыс жасаған мерзіміне қарамастан бір жолғы жәрдемақы қайтадан төленбейді.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Шетелде болған кезеңiнде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшесi ауырған жағдайда, егер оған күтiм жасамау науқастың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн болса және егер оның көрсеткiштерi болған кезде медициналық мекемеге орналастыру мүмкiн болмаса, ал отбасы мүшелерiнiң iшiнде науқасқа күтiм жасайтын басқа отбасы мүшесi болмаса, онда уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнiндегi жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен дипломатиялық қызмет персоналына төленедi.

      28. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын отбасының бір мүшесі қайтыс болған жағдайда, дипломатиялық қызмет персоналына министрліктің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде бір жолғы ақшалай жәрдемақы, сондай-ақ осы шарттардың 32-тармағында белгіленген тәртіппен барар және қайтар жолға көліктік шығыстардың төлемі ұлттық валютада төленеді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Қазақстан Республикасының аумағында iссапарда немесе еңбек демалысында болған кезеңiнде еңбекке жарамсыздығы уақыты үшiн дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық валютада уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнiндегi жәрдемақы төленедi, ал егер дипломатиялық қызмет персоналының асырауындағылар осы уақытта шетелде жүрсе - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiн қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат есебiнен дипломатиялық қызмет персоналының лауазымдық жалақысының 25 пайызы мөлшерiнде шетелдiк валютада жалақы төленедi. /

      30. Жүктiлiгiне және босануына байланысты демалыс беру үшiн Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiне жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасына шақырылып, министрлiкте штаттық қызметке есепке алынады.

      31. Шетелде бала туғанына жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және мөлшерде жүргiзiледi.

      32. Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрдегi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.

      Шетелде жұмыс істеген кезеңде дипломатиялық қызмет персоналы мен олардың отбасы мүшелерін медициналық қамсыздандыру шығыстары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің тізбесіне сәйкес министрлік Қазақстан Республикасының әрбір шетелдегі мекемесі үшін белгілеген шығыстар лимитінің шектерінде медициналық сақтандыру, болу еліндегі медициналық мекемелерімен шарттар жасасу не медициналық көмек үшін нақты өтініш жасау жолымен жүзеге асырылады.

      Медициналық қамсыздандыру шығыстары белгіленген нормалардан асып кеткен жағдайда олар дипломатиялық қызмет персоналының жеке қаражаты есебінен өтелуге тиіс.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32-1. Шетелде жұмыс істеген кезеңде дипломатиялық қызмет персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбие беру және оларды оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру шығыстары министрлік Қазақстан Республикасының әрбір шетелдегі мекемесі үшін белгілеген шығыстар лимитінің шектерінде жүзеге асырылады.

      Мектепке дейінгі тәрбие беру және оларды оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру шығыстары белгіленген нормалардан асып кеткен жағдайда олар дипломатиялық қызмет персоналының жеке қаражаты есебінен өтелуге тиіс.

      Ескерту. 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7. Iссапарлар кезiнде дипломатиялық қызмет
персоналының кепiлдiктерi және өтемақылары

      33. Дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасына қызметтiк iссапарға жiберген кезде iссапар мерзiмiн министрлiкпен келiсiмi бойынша шетелдегi мекеме басшысы, ал келген шет мемлекетке және басқа шет мемлекеттерге қатысты iссапар мерзiмiн Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiнiң басшысы белгiлейдi.

      34. Дипломатиялық қызмет персоналы үшiн iссапардың бүкiл уақыты iшiнде айналысатын қызметi мен ұлттық және шетелдiк валютадағы орташа жалақысы сақталады.

      Қазақстан Республикасының аумағында қызметтiк iссапарларда болған уақытысы үшiн дипломатиялық қызмет персоналына Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарлар үшiн белгiленген нормалар бойынша ұлттық валютада тәулiкақы, шетелден Қазақстан Республикасына және керi қарай жүретiн жолақы құны, Қазақстан Республикасы бойынша жолақы құны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген мөлшерде тұрғын үй-жайды жалға алу жөнiндегi шығыстар төленедi.

      Шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүрген уақытында дипломатиялық қызмет персоналына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тиісті мемлекетке қызметтік іссапарлар үшін белгіленген нормалар бойынша төлқұжаттағы мемлекеттік шекарадан өту жөніндегі мөртабандар негізінде немесе бір шет мемлекеті шеңберіндегі іссапарлар кезінде немесе мемлекеттік шекарада төлқұжаттық бақылау болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекеме басшысының бұйрығы негізінде тәулікақы, сондай-ақ түру шығыстарын растайтын құжаттар негізінде тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстар шетелдік валютада өтеледі.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Қазақстан Республикасының аумағы немесе шет мемлекеттiң аумағы бойынша жол жүруi кезiнде вокзалға, әуежайға немесе айлаққа (такси қызметiнен басқасы) дейiнгi, сондай-ақ вокзалдан, әуежайдан немесе айлақтан (такси қызметiнен басқасы) аттанатын, баратын немесе басқа көлiкке ауысатын орындарға дейiнгi жолақысының шығыстары, сондай-ақ әуежайлық, сақтандыру және комиссиялық алымдардың төлемi жөнiндегi шығыстары өтеледi.

      Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің персоналы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жоқ шет мемлекеттерге, сондай-ақ болу мемлекетінің шеңберінде іссапарға жіберілген кезде автокөлікті жалдауға жұмсалған (қабылдаушы тарап автокөлік ұсынған жағдайды қоспағанда) және байланыс шығыстарын өтеу рұқсат етіледі.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36. "VIР" залдары қызметтерiнiң төлемдерi бойынша шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң басшыларына ғана жүргiзiледi.

      37. Су көлiгiмен жол жүру кезiнде, егер билеттiң бағасына тамақтанудың құны енгiзiлген болса, баратын мемлекетке келу күнiн қоса алғанда, жолға кеткен әрбiр күнтiзбелiк күн үшiн белгiленген нормалардың 30 пайызы мөлшерiнде тәулiкақы төленедi.

8. Еңбектi қорғау

      38. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттары келген мемлекетте белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасында белгiленген еңбектi қорғау жөнiндегi стандарттардың, ережелердiң және нормалардың талаптарына сәйкес болуы тиiс.

9. Қорытынды ережелер

      39. Дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнде жұмыс iстеген уақыты оның еңбек өтiлiне және мемлекеттiк қызмет өтiлiне есептелiнедi.

      Олардың Қазақстан Республикасының шетелдердегi мекемелерiнде болуы (жұмысы) туралы еңбек кiтапшаларына жазбалар түсiрудi министрлiк жүргiзедi.

      40. Министрлiктен Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiне және Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiнен министрлiкке жiберiлетiн дипломатиялық қызмет персоналына баратын орнына келiсiмен есеп айырысу үшiн негiз болатын растамалық құжат - есеп айырысу аттестаты берiледi.

      Есеп айырысу аттестатында дипломатиялық қызмет персоналының лауазымы, бірге баратын отбасы мүшелерінің құрамы, төлемақы нормалары, бағыттары, дипломатиялық қызмет персоналының межелі және баратын орны, оның алатын барлық ақшалай төлемдері көрсетіледі.

      Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41. Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiне жұмысқа iссапарға жiберiлген және есеп берiлетiн ұлттық және шетелдiк валюта мен жол жүру билеттерiн алған дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiне келгеннен кейiн 15 күнтiзбелiк күн iшiнде Министрлiкке аванстық есеп берудi тапсыруға мiндеттi. Аванстық есеп берудi тапсырмаған жағдайда, берiлген аванс пен жол жүру билеттерiнiң құны дипломатиялық қызмет персоналының жалақысы есебiнен қайтарылуы немесе өтелуi тиiс.

      42. Осы шарттардың 26-тармағында көрсетiлген, жұмысқа жiберiлген кезде берiлетiн бiржолғы жәрдемақы дипломатиялық қызмет персоналы шетелден Қазақстан Республикасына оралған жағдайда (тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны үшiн министрлiк дипломатиялық қызмет персоналын жұмыстан шығарған жағдайларды қоспағанда) қайтарылуға жатпайды.

      43. Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiндегi еңбек даулары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралады.

  Шетелдегi дипломатиялық қызмет
персоналының еңбек шарттарына
қосымша

Ыстық және дымқыл климатты мемлекеттердегi
жұмыс уақытысының ұзақтығы

      Ыстық және дымқыл климатты мемлекеттерде тұратын Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң персоналы үшiн жылдың мынадай айларында 36 сағаттық апта белгiленедi:

      Египет Араб Республикасы маусым - қыркүйек

      Ауғанстан Ислам Республикасы мамыр - тамыз

      Грек Республикасы маусым - қыркүйек

      Израиль Мемлекетi маусым - тамыз

      Иран Ислам Республикасы маусым - тамыз

      Пәкiстан Ислам Республикасы қаңтар - желтоқсан

      Кипр Республикасы маусым - тамыз

      Қытай Халық Республикасы маусым - тамыз

      Сауд Арабиясы Корольдiгi қаңтар - желтоқсан

      Таиланд Корольдiгi қаңтар - желтоқсан

      Малайзия қаңтар - желтоқсан

      Монғолия маусым - тамыз

      Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi қаңтар - желтоқсан

      Түркия Республикасы 15 маусым - 31 тамыз

      Үндiстан Республикасы қаңтар - желтоқсан

      Корея Республикасы маусым - тамыз

      Жапония маусым - тамыз