Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстанның техникалық үрдiсiнiң мемлекеттiк ұлттық бағдарламасының құрамдас бөлiгi болып табылатын республиканың ғылыми-техникалық прогресiнiң басым бағыттары бойынша республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларының қоса берiлiп отырған тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның жобасын жасауға жауапты бас ұйымдарды белгiлеп, бекiтетiн болсын, сөйтiп осы бағдарламаның жобаларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.09.11. N 1378
қаулысымен
.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiне аталған бағдарламалар бекiтiлгенге дейiн оларды
жасайтын бас ұйымдарға қажеттi аванс беруге рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық
бағдарламалардың
Тiзбесi
1. Кен-металлургия кешенiнiң ресурс үнемдеушi аса тиiмдi технологиялары негiзiнде минералды шикiзатты кешендi пайдалану.
2. Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
3. Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын ақпараттандыру.
4. Қазақстанда атом энергетикасын дамыту.
5. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеу, жасау және дамыту.
6. Ғаламдық экологиялық және табиғи-ресурс мониторингiн жасау.
7. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық ақпаратының мемлекеттiк жүйесiн дамыту.
8. Мұнай қалдықтарын, амбарлық және өңделмеген мұнайды, оның iшiнде аз өнiмдi және шалғай құбырлардан шығатын мұнайды жинаудың дайындау мен өңдеуге арналған шағын зауыттарды әзiрлеу мен өндiрiстiк игеру.
9. 2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу.
10. Агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз ету.
10-1.
Алынып тасталды - 2003.03.21. N
288
қаулысымен.
11. Машина жасауды дамытудың және тиімділігі жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары.
12. Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия" кешенінің 2004-2006 жылдары тұрақты қызметі мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
13.
Алынып тасталды - 2003.03.21. N
288
қаулысымен.
14. Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз eту.
15. "Қазақстан Республикасының металлургия кешенiнде төртiншi және бесiншi қайта бөлістердің өндiрiстерiн құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
16.
Алынып тасталды - 2005.04.05.
N 307
қаулысымен.
17. 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгi үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингiн және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
18. Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу.
19. Әр түрлi мақсаттағы перспективалық жаңа материалдарды әзiрлеу.
Ескерту. Тiзбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1996.10.24. N
1294
, 1996.12.09. N
1502
, 1995.08.21. N
1142
, 1998.01.09.
N 2
, 1999.01.08. N
15
, 2000.08.01. N
1167
, 2000.09.11. N
1378
, 2000.12.29. N
1956
, 2001.03.16. N
353
, 2001.06.26. N
871
, 2001.07.24. N
996
, 2003.03.13. N
243
, 2003.03.18. N
263
, 2003.03.21. N
288
, 2004.02.04. N
135
, 2004.02.06. N
147
, 2004.02.17. N
187
, 2004.06.25. N
703
, 2005.04.05. N
307
, 2006.04.13. N
274
қаулыларымен.