1. Қазақстанның техникалық үрдiсiнiң мемлекеттiк ұлттық бағдарламасының құрамдас бөлiгi болып табылатын республиканың ғылыми-техникалық прогресiнiң басым бағыттары бойынша республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларының қоса берiлiп отырған тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның жобасын жасауға жауапты бас ұйымдарды белгiлеп, бекiтетiн болсын, сөйтiп осы бағдарламаның жобаларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.11. N 1378 қаулысымен. P001378_ 3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiне аталған бағдарламалар бекiтiлгенге дейiн оларды жасайтын бас ұйымдарға қажеттi аванс беруге рұқсат етiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысымен Бекiтiлген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың Тiзбесi
1. Кен-металлургия кешенiнiң ресурс үнемдеушi аса тиiмдi технологиялары негiзiнде минералды шикiзатты кешендi пайдалану.
2. Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру. <*>
3. Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын ақпараттандыру.
4. Қазақстанда атом энергетикасын дамыту.
5. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеу, жасау және дамыту. <*>
6. Ғаламдық экологиялық және табиғи-ресурс мониторингiн жасау.
7. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық ақпаратының мемлекеттiк жүйесiн дамыту.
8. Мұнай қалдықтарын, амбарлық және өңделмеген мұнайды, оның iшiнде аз өнiмдi және шалғай құбырлардан шығатын мұнайды жинаудың дайындау мен өңдеуге арналған шағын зауыттарды әзiрлеу мен өндiрiстiк игеру. <*>
9. 2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу. <*>
10. Агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз ету. <*>
10-1. "Қазақстан аймақтары бойынша 2001-2005 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды ғылыми қамтамасыз ету. <*>
11. Машина жасауды дамытудың және тиімділігі жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары. <*>
12. Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия" кешенінің 1999-2003 жылдары тұрақты қызметі мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
13. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің, жануарлар мен микроорганизмдердің 2001-2005 жылдарға арналған гендік қорын сақтау, дамыту мен пайдалану. <*>
Ескерту. Тiзбе 9-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.24. N 1294 P961294_ , 10-тармақпен толықтырылды - 1996.12.09. N 1502 Р961502_ , 8-тармақ жаңа редакцияда - 1995.08.21. N 1142 P951142_ , 11-тармақпен толықтырылды - 1998.01.09. N 2 P980002_ , 12-тармақпен толықтырылды - 1999.01.08. N 15 P990015_ , 13-тармақпен толықтырылды - 2000.08.01. N 1167 P001167_ , 10-1-тармақпен толықтырылды - 2000.09.11. N 1378 P001378_ , тiзбе өзгерді - 2000.12.29. N 1956 Р001956_ , 2001.03.16. N 353 P010353_ , 2-тармақ жаңа редакцияда - 2001.06.26. N 871 Р010871_ , 9-тармақ жаңа редакцияда - 2001.07.24. N 996 P010996_ қаулыларымен.