Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 26 мамырдағы 1993 ж. N 434 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстанның техникалық үрдiсiнiң мемлекеттiк ұлттық бағдарламасының құрамдас бөлiгi болып табылатын республиканың ғылыми-техникалық прогресiнiң басым бағыттары бойынша республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларының қоса берiлiп отырған тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның жобасын жасауға жауапты бас ұйымдарды белгiлеп, бекiтетiн болсын, сөйтiп осы бағдарламаның жобаларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.11. N 1378
қаулысымен.
     3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiне аталған бағдарламалар бекiтiлгенге дейiн оларды
жасайтын бас ұйымдарға қажеттi аванс беруге рұқсат етiлсiн.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы        
Министрлер Кабинетiнiң        
1993 жылғы 26 мамырдағы       
N 434 қаулысымен           
Бекiтiлген              

            Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық
                      бағдарламалардың
                          Тiзбесi

     1. Кен-металлургия кешенiнiң ресурс үнемдеушi аса тиiмдi технологиялары негiзiнде минералды шикiзатты кешендi пайдалану.
      2. Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
      3. Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын ақпараттандыру.
      4. Қазақстанда атом энергетикасын дамыту.
      5. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеу, жасау және дамыту.
      6. Ғаламдық экологиялық және табиғи-ресурс мониторингiн жасау.
      7. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық ақпаратының мемлекеттiк жүйесiн дамыту.
      8. Мұнай қалдықтарын, амбарлық және өңделмеген мұнайды, оның iшiнде аз өнiмдi және шалғай құбырлардан шығатын мұнайды жинаудың дайындау мен өңдеуге арналған шағын зауыттарды әзiрлеу мен өндiрiстiк игеру.
      9. 2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу.
      10. Агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз ету.
      10-1. <*>
      11. Машина жасауды дамытудың және тиімділігі жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары.
      12. Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия" кешенінің 1999-2003 жылдары тұрақты қызметі мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
      13. <*>
      14. Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз eту. <*>
      15. "Қазақстан Республикасының металлургия кешенiнде төртiншi және бесiншi қайта бөлістердің өндiрiстерiн құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету. <*>
      17. 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгi үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингiн және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету. <*>
      Ескерту.  Тiзбе 9-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.24. N 1294  , 10-тармақпен толықтырылды - 1996.12.09. N 1502  , 8-тармақ жаңа редакцияда - 1995.08.21. N 1142  , 11-тармақпен толықтырылды - 1998.01.09. N 2  , 12-тармақпен толықтырылды - 1999.01.08. N  15  , 13-тармақпен толықтырылды - 2000.08.01. N 1167  , 10-1-тармақпен толықтырылды - 2000.09.11. N 1378  , тiзбе өзгерді - 2000.12.29. N 1956  , 2001.03.16. N 353  , 2-тармақ жаңа редакцияда - 2001.06.26. N 871  , 9-тармақ жаңа редакцияда - 2001.07.24. N 996  , 15-тармақпен толықтырылды - 2003.03.13. N 243  , 14-тармақпен толықтырылды - 2003.03.18. N 263  , 10-1, 13-тармақтар алып тасталды - 2003.03.21.
N 288 , 17-тармақпен толықтырылды - 2004.02.04. N 135  қаулыларымен.