Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы. 1996 жылғы 9 желтоқсан N 1502

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996 жылы жүргiзетiн тез қайтымды инвестициялық жобаларды конкурстық iрiктеудi ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 маусымдағы N 733  қаулысына  берiлген қосымшаға мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      Инвестициялық жобаларды бағалау және iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрамына Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрiнiң бiрiншi орынбасары Ж.О. Дүйсембеков енгiзiлсiн; 
      С.М. Байболов жоғарыда аталған құрамнан шығарылсын. 

        Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi