Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына өзгерiстер енгізу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 288 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:

      1. Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2003 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құрылымдары қатарынан запасқа шығарылсын.

      2. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құрылымдарына 2003 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті өкілді органдармен бірлесіп, тиісті әскери комиссариаттар арқылы 2003 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұланы мерзімді әскери қызмет өткеру үшін шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға жөнелтуді және белгіленген мерзімді әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

      5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті