"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 501 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 98 қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті таратылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2-1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

      1) мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 22.06.2021 № 427 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 26 ақпандағы
№ 98 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      9-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

17 218


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

35


Оқу-әдістемелік орталық

35

  ".

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      15-тармақтың 11), 12 және 13) тармақшалары алып тасталсын;

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік, ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік-жекеше әріптестік, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асыру, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеу, сондай-ақ қаржы активтерін, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында жинақтау жөніндегі саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;";

      190) тармақша алып тасталсын;

      253) тармақша алып тасталсын;

      ведомстволардың функцияларында:

      57) тармақша алып тасталсын;

      180) тармақша алып тасталсын;

      181) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "181) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу;";

      191), 192) және 193) тармақшалар алып тасталсын;

      202), 203), 204), 205), 206) және 207) тармақшалар алып тасталсын;

      449), 450), 451), 452), 453), 454), 455), 456), 457), 458), 459), 460), 461), 462), 463), 464) және 465) тармақшалар алып тасталсын;

      468), 469), 470), 471), 472), 473), 474), 475), 476), 477), 478), 479), 480), 481), 482), 483), 484), 485), 486), 487), 487-1), 487-2), 487-3), 487-4), 487-5), 487-6), 487-7), 487-8), 487-9), 487-10), 487-11), 487-12) және 487-13) тармақшалар алып тасталсын;

      17-тармақта:

      11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

      22), 23), 24) және 25) тармақшалар алып тасталсын;

      27), 28) және 29) тармақшалар алып тасталсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі алып тасталсын.

      3. "Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулысында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан оны орындау жөніндегі құзыретті органдар Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеу қызметі болып табылатынын хабарласын.".

      4. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 436 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға";

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің бас сарапшысы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімінің бас сарапшысы".

      5. "Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1023-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі – экономикалық тергеп-тексеру қызметінде қызмет өткерген қызметкерлерге;".

      6. "Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 84-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін қызметтен негізсіз шығарылған, ал кейіннен денсаулық жағдайы бойынша қызметке шектеулер болмағаннан кейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі бастығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі, Салық полициясы (милициясы) комитеті) төрағасының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары лауазымды адамдарының, сондай-ақ Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының шешімі бойынша заңсыз шығарылған деп танылуына байланысты қызметіне қайта тағайындалған Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті және қаржы полициясы (салық полициясы (милиция) қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдарын айқындау кезінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына олар жұмыс істемеген қызметтегі үзіліс уақыты есептеледі.".

      7. "Қазақстан Республикасының жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 52 қаулысында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.".

      8. "Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 243 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 17, 121-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректер жинауды Заңның 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін деректер жинау әдіснамасына (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Уәкілетті орган құратын Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің (бұдан әрі – Ведомствоаралық кеңес) отырысына уәкілетті орган мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен келісілген Ведомствоаралық кеңес отырыстарының кестесіне сәйкес қорытынды есептерді қарау және мақұлдау үшін шығарады.

      28. Уәкілетті орган Ведомствоаралық кеңес мақұлдағаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қорытынды есептерді жинақтайды және оларды Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми интернет-ресурсының жабық бөлігіне орналастырады.".

      9. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 231 қаулысында:

      1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "құзыретті органдар – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеу қызметі құзыретті органдар болып айқындалсын.".

      10. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 722 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тексеру қызметі келісімді іске асыру бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар болып белгіленсін.".

      11. "Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 602 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 34-35, 315-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін төмендетуге бағытталған іс-шараларда:

      5-бағанда:

      реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14 және 15-жолдардағы "Қаржымині" деген аббревиатура "ҚМА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі".

      12. "Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 129-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен құрылған Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың құрамы:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы" деген жол алып тасталсын.

      13. "Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша);" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);";

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы;

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы;";

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы;

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысы;".

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге 1-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамы:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы (келісу бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)";

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген өкімге 3-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің құрамы:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)";

      көрсетілген өкімге 6-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі";

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі" деген жол алып тасталсын.

      15. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 146-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге қосымшада:

      көрсетілген өкіммен құрылған Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)".

      16. "Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 102-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге қосымшада:

      көрсетілген өкіммен құрылған Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысы

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысы";

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);";

      17. "Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";".

      18. "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік кызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)".