Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – мекеме) құрылсын.
2. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.02.2021 № 98 қаулысымен.3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |