Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 602 қаулысы.

      «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі        A. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 16 тамыздағы
№ 602 қаулысымен
бекітілген
Кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар
       Ескерту. Іс-шараларға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.02.2021 № 98 қаулысымен.

Р/с
Іс-шараның атауы
Aяқталу
нысаны
Орындау мерзімі
Жауапты орындаушылар
1
2
3
4
5
1.
Ойын бизнесiн ұйымдастырушыларға қатысты Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының, оның ішінде ҚКЗ/ТҚ туралы заң талаптарының сақталуына бақылау іс-шараларын жүргізу

бірлескен
іс-шаралар, МСМ хаттамалары
2019 жыл бойы
МСМ, Қаржымині

2.
Ойын бизнесінде ҚКЗ/ТҚ саласында тиімді бақылау жүргізу үшін тәуекелге бағытталған тәсілді қолдану
бірлескен
іс-шаралар
2019 жыл бойы
МСМ, Қаржымині

3.
Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ҚКЗ/ТҚ туралы заңды тиісінше орындау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу
бірлескен іс-шаралар, МСМ хаттамалары
2019 жыл бойы
МСМ, Қаржымині

4.
Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін әзірлеу
типологиялар мен схемалар
2021 жылға
дейін жыл сайын
Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар (келісу бойынша) және қаржы мониторингі субъектілері (келісу бойынша)
5.

ҚКЗ/ТҚ саласындағы өзекті үрдістерге байланысты әдістемелік құралдарды немесе ұсынымдарды халықаралық ұйымдармен және ҚКЗ/ТҚ қатысушыларымен бірлесіп әзірлеу
әдістемелік құрал, ұсынымдар
2021 жылға
дейін жыл сайын
Қаржымині, халықаралық ұйымдар және ҚКЗ/ТҚ қатысушылары
(келісу бойынша)
6.
«Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 613 бұйрығына терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғалардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған толықтырулар енгізу
бұйрық
2020 жылғы
2-тоқсан
Қаржымині, БП (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), СҚA (келісу бойынша), ІІМ
7.
Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге және аудиторлық ұйымдарға қатысты ҚКЗ/ТҚ аясындағы бақылау саласындағы тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану ерекшеліктерін ескере отырып, бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы уәкілетті органдардың бақылау функцияларын жүзеге асыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу
бұйрық
2020 жылғы
2-тоқсан
Қаржымині
8.
Банктік емес айырбастау пункттерінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, микроқаржы ұйымдарының  және төлеу ұйымдарының осы субъектілердің ҚКЗ/ТҚ бойынша заңнаманы орындауына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға ҚКЗ/ТҚ мақсатында шараларды қолдануға қатысты талаптарды орындау туралы есепті (жарты жылда 1 рет) ұсынуы туралы талап енгізу
Басқарма қаулысы
2020 жылғы
2-тоқсан
ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, ҚҚҚ (келісу бойынша)
9.
Қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен, сондай-ақ арнайы және құқық қорғау органдарымен бірге коммерциялық емес ұйымдар тарапынан ҚКЗ/ТҚ саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру
бірлескен
іс-шаралар
2020 жылғы
3-тоқсан
Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ
10.
ҚКЗ/ТҚ-ға қатысты жеке және заңды тұлғаларды одан әрі қарай салыстыру үшін күдікті операцияларды анықтау мақсатында КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар коммерциялық емес ұйымдарға қаржы мониторингін ұйымдастыру
тізілім
2020 жылғы
3-тоқсан
Қаржымині
11.
«Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 29 бұйрығына предикаттық қылмыс жасау нәтижесінде алынған кірістер туралы мәліметтерді көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу
бұйрық
2021 жылғы
2-тоқсан
БП (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), СҚA (келісу бойынша), ҚМA, ІІМ
12.
«Стандартты жедел іс-әрекеттерді» сипаттай отырып, кірістерді жылыстату бойынша іс қозғау жағдайларын қоса алғанда, экономикалық тергеу жүргізу бойынша тергеушілер үшін нұсқаулық (ұсынымдар) әзірлеу
ұсыным
2021 жылғы
4-тоқсан
БП (келісу бойынша), ҚМA, ҰҚК (келісу бойынша)

13.
Қылмыстарды тергеу кезінде қаржы мониторингінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, ҚҚО, AрМО өзара іс-қимыл тетігін айқындау
бірлескен бұйрық
2021 жылғы
4-тоқсан
ҚМA, БП (келісу бойынша),  ҰҚК (келісу бойынша)
14.
ҚКЗ/ТҚ туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын жетілдіру
заң жобасының тұжырымдамасы
2021 жылғы
4-тоқсан
ҚМA, ҚРБҚ  (келісу бойынша)
15.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу рәсімінен өту кезінде Е-лицензиялау ақпараттық жүйесінде ҚКЗ/ТҚ туралы Заңның
3-бабының 3-тармағына сәйкес қызметтің басталғаны/тоқтатылғаны туралы хабарламаны автоматты түрде жіберуге жауап беретін компонентті енгізу мәселесін пысықтау
техникалық құжат, хабарламаларды қабылдау және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу жүйелерін модификациялау
2021 жылғы
4-тоқсан
ҚМA, ҰЭМ, ЦДИAӨМ
16.
ҚКЗ/ТҚ саласында ҚМС бақылау жүргізу кезінде мүдделі мемлекеттік органдардың тәуекелге бағытталған тәсілді енгізуі
бұйрық (Басқарма қаулысы)
2021 жылғы
4-тоқсан
Мүдделі мемлекеттік органдар

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
AрМО
-
арнаулы мемлекеттік орган
БП
-
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ІІМ
-
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
КЖ/ТҚ
-
кірістерді жылыстату/терроризмді қаржыландыру
ҚКЗ/ТҚ
-
қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл
ҚКЗ/ТҚ туралы Заң
-
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы
Қаржымині
-
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҚҚҚ
-
«Қазақстанның қаржыгерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
ҚҚО
-
құқық қорғау органы
ҚМС
-
қаржы мониторингі субъектісі
ҚРБҚ
-
«Қазақстанның риэлторларының біріккен қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
МСМ
-
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
СҚA
-
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
ҰБ
-
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ҰҚК
-
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰЭМ
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі



ЦДИAӨМ
-
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ҚМA
-
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі