Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысы.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

      2) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

      3) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;

      4) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары;

      5) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары;

      6) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары;

      7) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары;

      8) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол қартасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.

      2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша;

      "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      3. Субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде кәсіпкерлердің төлейтін шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қаржы агенттігінің көрсетілген қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      5. Субсидиялауға арналған қаражатты Бағдарлама мен Тетік бойынша жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттер есебінен:

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) қаржы агенттігіне;

      кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган субсидиялауға арналған қаражатты аударуға өзара жасалған шарт (бұдан әрі – қаражатты аударуға арналған шарт) негізінде қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған арнайы шотына, ал 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт негізінде аударады.

      Субсидиялауға бөлінген және Бағдарлама/Тетік шеңберінде пайдаланылмаған қаражат Бағдарлама/Тетік шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.

      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.

      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      6. Бұрын бекітілген "БЖК-2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Бағдарлама бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар, сондай-ақ 2020 жылдың 1 қаңтарынан кейін жасалған субсидиялау шарттары кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Қаржыландырудың кез келген ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі тиіс.

      6-1. Бұрын бекітілген "БЖК-2020" мемлекеттік бағдарламасы және бекітілген "БЖК-2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылғы 26 тамызға дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда әрекет етеді.

      Ескерту. 1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      7. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      2) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – қаланың/ауданның Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, облыс әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – жергілікті атқарушы органның Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      4) банк – Бағдарламаға/Тетікке қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      5) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуі тиіс және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

      6) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы;

      7) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді (кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады);

      8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;

      9-1) жекелеген кәсіпкерлік субъектілері – қызметін Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және тамақ өнімдерінің өндірісі (ЭҚЖЖ 10), сабын және жуғыш, тазалағыш және жылтыратқыш құралдар шығару (ЭҚЖЖ 20.41), шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын шығару (ЭҚЖЖ 17.22.0), автомобиль көлігімен жүк тасымалдау (ЭҚЖЖ 49.41), қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі (ЭҚЖЖ 52), туризм (ЭҚЖЖ 55.1, ЭҚЖЖ 55.2, ЭҚЖЖ 55.3.) және жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20) салаларында жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері;

      10) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит/лизингтік мәміле алуға болады);

      11) жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген "Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары" (бұдан әрі – № 436 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) шеңберінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің уәкілетті басқармасы;

      12) кәсіпкер – шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, жекелеген кәсіпкерлік субъектілері, өз қызметін Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;

      13) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      14) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      15) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;

      16) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;

      17) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимыл жиынтығы;

      18) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      19) мемлекеттік даму институттары – экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      20) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      21) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас түрінде кредит/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;

      22) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;

      23) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      24) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдау алуға өтінім, ондағы ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады;

      25) электрондық құжаттар топтамасы – мемлекеттік көрсетілген қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және мәліметтерін (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар;

      26) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225; 30.07.2020 № 491 қаулыларымен.

3-тарау. Бағдарламаның "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

4-тарау. Бағдарламаның "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      30. Мыналарды:

      1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, өз жобаларын салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен.

      31. Мынадай:

      1) даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.

      32. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке, оның ішінде қаржыландыру көзі нысаналы қысқа мерзімді қарыз болған кәсіпкердің бұрын шеккен шығындарын өтеуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін даму банкінің жаңа кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      Тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобалар деп қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайтуды немесе кірістерді (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтегі өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсіруді немесе бюджетке төленетін салықтардың (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін ұлғайтуды көздейтін жобалар түсініледі.

      Мыналарды:

      1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, салалық шектеулерсіз іске асырылатын жобалар шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.

      Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да бюджеттен бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      33. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:

      1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жобаларды салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен

      34. Жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде бұрын банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.

      35. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 8 (сегіз) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      36. Егер кредит беру негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде, бірақ кредит сомасының немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатының немесе сомасы 500 (бес жүз) млн. теңгеден аспайтын кредиттің 30 %-ынан асырмай жүзеге асырылса, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 100 млн. теңгеден аспайтын сомадағы кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы №39 қаулысымен бекітілген Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасының қаражаты бойынша субсидиялау айналым қаражатын 100 %-ке толықтыруға бағытталған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8 % кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ін кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Бұл ретте кредит сомасы 500 млн теңгеден аспайды, ал сауда қызметі саласында 100 млн теңгеден аспайды. Субсидиялау мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      37. Қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредит бойынша субсидиялауға рұқсат етіледі. Айналым қаражатын толықтыруға кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуі тиіс.

      38. 100 % айналым қаражатын толықтыруға жұмсалған 500 (бес жүз) млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруымен байланысы жоқ басқа да мақсаттарды қоспағанда) рұқсат етіледі.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен.

      39. 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің қаражатымен (ақша қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      40. Кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      41. Бұл ретте сомасы 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      42. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы қолданыстағы барлық кредиттерді ескергенде бір кәсіпкер үшін 7 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың /компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Даму банкі қаржыландыратын жобалар бойынша субсидияланатын кредиттің ең жоғары сомасы шектелмейді.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жекелеген кәсіпкерлік субъектілері кредиттерінің/қаржылық лизинг шарттарының жиынтық портфелі 100 (жүз) млрд. теңгеден аспайды.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толығымен өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар жобалар бойынша субсидиялар Бағдарламаның бұрын мақұлданған шарттарымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 22.01.2020 № 8; өзгерістер енгізілді - 20.04.2020 №225; 30.07.2020 № 491 қаулыларымен.

      43. Инвестицияға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығысыз 3 (үш) жылды құрайды. Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған, субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылдық жобалар бойынша қосымша 2 (екі) жылға ұзартуға болады, бұл ретте қаржы агенттігі ұзартуды мақұлдаған күні қолданыста болатын шарттар қолданылады (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойылған сәттен бастап 5 (бес) жылдан аспайды). Бұл ретте, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді жүзеге асыратын кәсіпкерлерді субсидиялаудың қолданыстағы шарттары бойынша қаржы агенттігінің қосымша 2 (екі) жылға мерзімін ұзарту/ұзартпау туралы шешімі кәсіпкерді ол өтініш берген күнге санатқа бөлмей қабылданады.

      3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту қаржы агенттігі мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын қаржы агенттігіне қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

      Төтенше жағдайдың/ахуалдың енгізілуіне байланысты кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде субсидиялау мерзімі ұсынылған кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.

      Қаржы агенттігінің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн бұрын қабылдануы тиіс. Бұл ретте қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225; 30.07.2020 № 491 қаулыларымен.

      44. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      45. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      46. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігі мақұлдаған жобалары басқа банктерде/лизингтік компанияларда/даму банкінде субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      47. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген, банктердің кредиттері бойынша субсидиялауға жататын шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу осы тармақта белгіленген шарттарда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен.

      48. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.

      49. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 15 %-тен аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ін жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет cубсидиялайды.

      Даму банкінің қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 15 %-тен аспайтын қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның 5 %-ін мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

      Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау субсидиялау мерзімі шектелмей жүзеге асырылады, бұл ретте субсидиялау мерзімі 5 жылдан астам даму банкінің жобалары Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша субсидиялауға жіберіледі.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      50. Бағдарлама шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания:

      1) кәсіпкердің бастамасымен кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      51. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы жылы өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе басқа да төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойылған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

      Банк/даму банкі/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      52. Заманауи форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі. Сауда объектілері мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда субсидиялауға жатады:

      1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында – сауда ауданы кемінде 3 (үш) мың шаршы метрден кем емес;

      2) облыстарда – кемінде 1 (бір) мың шаршы метрден кем емес.

      53. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг субсидиялауға жатады.

5-тарау. Бағдарламаның "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту" үшінші бағыты аясында субсидиялар беру шарты

      Ескерту. 5-тарау алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен.

6-тарау. Тетік шеңберінде субсидиялау шарттары

      73. Тетікте белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары субсидиялауға жатады.

      74. Мына:

      осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу бойынша;

      осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша;

      осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша жобалар шеңберінде кредиттер бойынша субсидиялау үшін тауарлар тізбесіне сәйкес инвестицияларға және айналым қаражатын (оның ішінде жаңартылатын негізде) толықтыруға банктер берген (беретін) жаңа және қолданыстағы кредиттер субсидиялауға жатады.

      "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы күшіне енгеннен кейін банктер беретін кредиттер қолданыстағы кредиттер деп түсініледі.

      Айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кредит сомасының 50 %-інен аспайтын айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті субсидиялауға жол беріледі.

      Бұл шектеу ЕДБ мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды. Бұл ретте көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіру жобалары бойынша тетіктің шеңберінде айналым қаражатын толықтыру мақсатында банктердің өз қаражаты есебінен 100 % қаржыландыруы кезінде мынадай іріктеу өлшемшарттары белгіленеді:

      өтінім беру кезінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

      салық және өзге де міндетті төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу, кредиттерге, қарыздарға және лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу мақсаттарына қаржыландыруға жол берілмейді.

      Басқа банктен қайта қаржыландыруға, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.

      Бұл ретте ЕДБ-нің ҚДБ-мен синдикатталған кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      75. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен қайта өңдеудегі сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын жобаларға кредит беру бойынша тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.

      Жеке кәсіпкерлік субъектісі көрсетілген қорытындыны алғанға дейін банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш беруші бекіткен жобаның паспорты (өтініш берушінің толық атауы; заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон); бірінші басшы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы туралы ақпаратты қоса алғанда); өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні; өтініш берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі; саланың, кіші саланың атауы; негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып); шығарылатын өнімнің заттай мәндегі 3 (үш) жылғы номенклатурасы; өтініш берушінің белгіленген қуаттылығы (заттай және ақшалай мәнде); қуаттылықтың ағымдағы жүктемесі (пайызы); өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайызы); ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам);

      2) өтініш беруші бекіткен жобаның бизнес-жоспары;

      3) өтініш беруші бекіткен жобаны іске асыру жоспар-кестесі.

      Осы тармақта көрсетiлген құжаттарды банк мақұлдаған жағдайда банк оларды банктiң кредиттiк комиссиясы шешiм қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаржы агенттігіне жiбередi. Банктің кредиттік комиссиясының шешімі көрсетілген құжаттармен бір уақытта жіберіледі.

      76. Қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктен түскен құжаттарды Тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Олар Тетік шарттарына сәйкес келген жағдайда салалық қорытындыны алу үшін тиісті салалық орталық уәкілетті органға сұрау салу жіберіледі.

      Салалық қорытындыны тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органдар қаржы агенттігінен сұрау салу түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.

      Қажет болған жағдайда орталық уәкілетті мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектісінен қосымша ақпарат/құжаттар сұратады.

      77. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша жобаларды қаржы агенттігі қарағаннан кейін өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс органына хабарлама-хатты және осы Субсидиялау қағидаларының 90-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді.

      78. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша 10 (он) миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша салалық қорытынды келіп түскеннен кейін салалық қорытындыны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі жұмыс органына хабарлама-хатты және осы Субсидиялау қағидаларының 75-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Жобаларды субсидиялау № 436 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

      79. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер жобалары бойынша қаржы агенттігі жобаны қарағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау туралы шешім қабылдайды.

      80. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша 10 (он) миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша қаржы агенттігі салалық қорытынды келіп түскеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау туралы шешім қабылдайды.

      81. Субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, олардың 6 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Кредит жеке кәсіпкерлік субъектісіне ұлттық валютамен беріледі.

      Осы тармақ 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      82. Инвестицияларға бағытталған кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайтын мерзімді құрайды.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап белгіленеді.

      Төтенше жағдайдың/ахуалдың енгізілуіне байланысты кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде субсидиялау мерзімі ұсынылған кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.

      Осы тармақ, осы тармақтың үшінші бөлігін қоспағанда, 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      83. Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері іске асыратын жобалар Тетікте белгіленген шарттарда берілген кредиттердің жалпы көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде субсидиялауға жатады.

      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен.

      84. Қаржы агенттігі субсидиялардың сомасын агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша жобаларға бөлінген қаражатқа пропорционалды түрде бөлуді қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте қаржы агенттігі тиісті бағыттар бойынша субсидиялар сомалары бөлінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы банкті хабардар етеді.

      85. Қаржы агенттігі агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша жобаларға бөлінген қаражат болмаған жағдайда субсидиялауға берілген өтінішті қараудан бас тартады.

      86. Банктер:

      1) кредит беру шарттарының жеке кәсіпкерлік субъектісінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) жеке кәсіпкерлік субъектісінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын;

      3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      87. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы жылдың басынан бастап ағымдағы жылы қаржы агенттігінің шешімі қабылданған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуге тиіс.

      Банк/даму банкі/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

6-1-тарау. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары

      Ескерту. Қағидалар 6-1-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.10.2020 № 679 қаулысымен.

      87-1. Осы тараудың күші қолданылатын, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға жатады.

      87-2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) берілген банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша, сондай-ақ 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) мақұлданған кредиттік желілер шеңберінде берілетін кредит қаражатына қатысты жүзеге асырылады.

      2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға (қоса алғанда) дейінгі кезеңде сыйақы мөлшерлемесі мен өтеу мерзімі ұлғайтылмай қайта қаржыландырылған, бірақ 2020 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады.

      Кредит 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) толық өтелген жағдайда субсидиялауға жол берілмейді.

      Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау берілген кредиттің/лизингтің ескіру мерзімі есепке алынбай жүзеге асырылады.

      87-3. 2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша (қоса алғанда) негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша 180 күннен астам (қоса алғанда) мерзімге мерзімі өткен берешегі бар кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатпайды.

      87-4. Субсидиялау шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде жүзеге асырылады, бұл ретте номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Бұл ретте мемлекеттің номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мөлшері мынадай болады:

      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі кредиттік шарт/лизингтік мәміле бойынша төлемдерді 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) төлеген жағдайда, 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен 6 (алты) пайыз арасындағы айырма;

      2) 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен 6 (алты) пайыз арасындағы айырма, бірақ 12 %-дан аспайды.

      2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап (қоса алғанда) 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 18 %-дан асатын кредиттік шарттары/лизингтік мәмілелері, оның ішінде 2020 жылғы 16 наурыздан бері төлемдерді төлеу жүзеге асырылмаған кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша номиналды мөлшерлемені банк/лизингтік компания 18 %-ға дейін төмендетуге (қайта құрылымдауға) тиіс.

      87-5. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша субсидиялау мерзімі 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) 12 айды құрайды.

      Кредиттік шарт/лизингтік мәміле 2020 жылғы 16 наурыздан кейін жасалған кезде субсидиялау мерзімі кредиттік шарт/лизингтік мәміле жасалған күннен бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) есептеледі.

      87-6. Банк кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыруды ұсынған кезде субсидиялауға көзделген қаражатты қаржы агенттігі банкке аударады және берілген кейінге қалдыру кезеңі аяқталғаннан кейін пайдаланылатын болады. Бұл ретте егер төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңіне есептелген сыйақы сомасы берілген кейінге қалдыру шеңберінде 2021 жылғы 15 наурыздан кейінгі кезеңге ауыстырылса, онда мұндай кейінге қалдырылған төлемдер берілген кейінге қалдыру кезеңіне субсидиялануға жатады.

      87-7. Егер 2020 жылғы 16 наурыздан бастап осы қаулы күшіне енген күнге дейінгі кезеңде қарыз алушы кредит бойынша төлемдерді төлеген жағдайда осы кезеңге есептелген субсидиялау сомасы кредитті өтеу кестесіне сәйкес кейінгі кезеңдерде есептелген сыйақы бойынша берешекті өтеуге жіберіледі. Қарызды өтеу мерзімі өткеннен кейін субсидиялаудың пайдаланылмаған сомасы болған кезде бұл сома қарыз алушыға төленеді.

      2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап осы қаулы күшіне енген күнге дейінгі кезеңде кредит өтелген жағдайда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап кредитті өтеу күніне дейінгі кезең үшін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігінің сомасы қарыз алушыға төленеді.

      87-8. Номиналды сыйақы мөлшерлемесінің мемлекет субсидиялайтын бір бөлігін ай сайын есептеу үшін кредиттік шарт/лизингтік мәміле бойынша ағымдағы айдың соңғы жұмыс күніне қолданылатын пайыздық мөлшерлеме пайдаланылатын болады.

      87-9. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша банк/лизингтік компания 2020 жылғы 30 қазанға дейін (қоса алғанда) қаржы агенттігіне:

      1) кредит/лизингтік мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін;

      2) осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнаманың көшірмесін ұсынады.

      87-10. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржы агенттігінің уәкілетті органы банк/лизингтік компания ұсынған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы бар ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      87-11. Қаржы агенттігі мақұлдаған экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша банк/лизингтік компания банктік қарыз шартын/банктік қарыз шартына қосымша келісім жасасады, онда сыйақы сомасын субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлікке бөле отырып, төлемдер кестесін және қаржы агенттігінің талаптарына сәйкес қосымша ақпаратты көрсетеді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі және банк/лизингтік компания қол қойған банктік қарыз шарты/банктік қарыз шартына қосымша келісім төлемдерді жүзеге асыру үшін қаржы агенттігіне жіберіледі.

      Қаржы агенттігі банк/лизингтік компания берген банктік қарыз шартына/банктік қарыз шартына қосымша келісімге кестеге сәйкес өткен кезең үшін өтеуге арналған сомаларды ескере отырып, қаржы агенттігінің банктегі/банк-төлем агентіндегі шоттарына қаражат аударуды жүргізеді (қажет болған кезде).

      87-12. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырады.

      87-13. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша осы Қағидалардың 32-тармағының үшінші бөлігінде және 38-тармағында көзделген талаптар қолданылмайды.

7-тарау. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға/Тетікке қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі

      88. Кәсіпкер банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға:

      1) жаңа кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Бағдарламаға/Тетікке сәйкес келетін шарттарда банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша кредит беруге/қаржыландыруға арналған өтінішпен;

      2) қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      89. Банк/даму банкі/лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламада/Тетікте белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда қаржы агенттігіне хабарлай отырып, 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жазбаша жауап жолдайды.

      90. Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның оң шешімі бар кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнамамен жүгінеді, оған мыналар қоса беріледі:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

      2) кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары, онда мыналар қамтылады:

      Бағдарламаның бірінші және екінші бағыты шеңберінде жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе 180 (бір жүз сексен) млн теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша үшінші тұлғалар мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-і деңгейінде қамтамасыз етіледі);

      қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ке жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);

      тетік бойынша:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ке жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-тен аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ке жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ке жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);

      4) соңғы есепті кезеңге валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда).

      Кәсіпкер Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін Бағдарламаның өңірлік/жергілікті үйлестірушісіне жүгіне алады.

      Кәсіпкер өтінім берген сәтте сұратылған кезең үшін салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың болуы талап етіледі.

      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      91. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға/кәсіпкерге ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.

      Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі құжаттар топтамасын алғаннан кейін төртінші күні кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.

      92. Отырыстар өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында айқындалады.

      93. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      94. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасы бар ақпарат түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда, шешімде: қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюы бойынша немесе 10 %-ға кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемесі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлер жобалары бойынша) көрсетіледі.

      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      95. Тетік шеңберінде жобаны қаржы агенттігі құжаттар мен қажетті ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Тиісті салалық орталық уәкілетті органның қорытындысы бар қаржы агенттігінің шешімі құжаттар топтамасы мен қажетті ақпарат банктен қаржы агенттігіне келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Бұл ретте, қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде жеке кәсіпкерлік субъектісінің мыналар бойынша міндеттемелері көрсетіледі:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді).

      96. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама ресімдеп, қол қояды және оң шешім болған жағдайда осы Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірме, ал теріс шешім болған жағдайда – осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірмені (бұдан әрі – тиісті хат) банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жібереді.

      97. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешімінің қолданылу мерзімі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау шарттарын жасау өңірлік үйлестіру кеңесі хаттамасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен жүзеге асырылады.

8-тарау. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беру тәртібі

      98. Кәсіпкер электрондық өтінімді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді, оған мыналар қоса беріледі:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыру бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (банктің/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің техникалық-экономикалық қорытындысы/экономикалық қорытындысы, бұл құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар);

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      3) соңғы есепті кезеңге валюталық түсімнің тиісті деңгейін растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      4) банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға/Тетікке қатысуға мүмкіндік беретін шарттармен кредит беру/қаржы лизингі шартын жасау немесе кәсіпкердің кредит/қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының сканерленген көшірмесі.

      99. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі және жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде айқындалады.

      100. Кәсіпкер құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуден бас тартады.

      101. Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы мақұлданған жағдайда мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:

      1) тіркелген өтінімді Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауға қаржы агенттігіне жіберу;

      2) кәсіпкерден түскен өтінімді қаржы агенттігінің қарауы.

      102. Қаржы агенттігі материалдарды өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      103. Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі дәлелді бас тарту жібереді.

      104. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар Бағдарлама талаптарына сәйкес келген жағдайда электрондық өтінім толық құжаттар топтамасымен қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға жіберіледі.

      105. Қаржы агенттігі уәкілетті органының кәсіпкерлердің өтінімдерін қарауы осы Субсидиялау қағидаларының 7-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      106. Қаржы агенттiгi уәкiлеттi органының шешiмi қаржы агенттігі уәкiлеттi органының шешiмi қабылданған күннен бастап қолданылу мерзімі 6 (алты) ай болатын тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

      107. Қаржы агенттігі ақпараттық жүйе арқылы тиісті хатпен хаттамадан үзінді көшірмені жүктейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында кәсіпкердің "жеке кабинетіне" жібереді. Осымен бір мезгілде қаржы агенттігі банкке/даму банкіне/лизингік компанияға ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірме жібереді.

      108. Бағдарламаға/Тетікке қатысушылардың субсидиялар ұсыну үшін бұдан әрі өзара іс-қимылы осы Субсидиялау қағидаларының 9-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

9-тарау. Субсидиялау тетігі

      109. Банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, банк/даму банкі/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға субсидиялау шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      110. Банк/даму банкі/лизингтік компания Бағдарлама шеңберінде қолданыстағы кредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған кезге дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша банк/даму банкі/лизингтік компания мыналарды:

      1) кәсіпкер бастамашылық жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуының себебі бойынша алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға (кедендік тазарту, арнайы органдардың лизинг нысанасын тіркеу қызметтері, банктердің көрсетілетін қызметтері сияқты бөгде ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін өтеу) байланыстыларын қоспағанда кәсіпкерлерден комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілеуге міндеттенеді.

      111. Банктер Тетік шеңберіндегі жаңа кредиттер бойынша мыналарды қоспағанда:

      1) кәсіпкер бастамашылық жасаған кредит беру талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебі бойынша алынатын;

      3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісінен кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттемелер қабылдайды.

      112. Субсидиялау шарты:

      1) банкпен/даму банкімен/лизингтік компаниямен:

      қаржы агенттігінен хаттама/шешім алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) қаржы агенттігімен:

      банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалады.

      Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

      113. Егер банк/даму банкі/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының 112-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шартын уақтылы жасаспаған жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.

      114. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне, Бағдарлама/Тетік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі банкті/даму банкін/лизингтік компанияны және кәсіпкерді 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      115. Банк/даму банкі/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      116. Банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда қаржы агенттігі осы мәселені түпкілікті шешім қабылдау үшін қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      117. Субсидиялау шарты кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау шартында болмайтындай субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтындай, бірақ қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бұрын белгіленуі мүмкін.

      118. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      119. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан түскен қаражат болған кезде төленеді.

      120. Банк/даму банкі қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      121. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, мұнда лизингтік компания субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      122. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылы Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарын іске асыруға бөлінген соманың 50 %-ы мөлшерінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      Ескерту. 122-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен.

      123. Бағдарлама/Тетік шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражатты аудару шартына сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады.

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Тетік шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері осы Субсидиялау қағидаларының 122-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырады. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті органның қаржы агенттігіне қаражат аударуына жол берілмейді.

      Ескерту. 123-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен.

      124. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі электрондық пошта бойынша қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір мезгілде банкті/даму банкін/лизингтік компанияны хабардар етеді. Хабарламада банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі, оның ішінде:

      125. Банктің/даму банкінің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және қаржылық жағдайының өзге де нашарлау белгілері орын алған кезде (бір немесе бірнеше жағдайлардың орын алуы);

      халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін кредиттік рейтинг Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша "В" деңгейінен төмен түскен кезде;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген кезде;

      пруденциялық нормативтер қатарынан 2 (екі) ай бойы бұзылған кезде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның кәсіпкердің кредит бойынша толық төлемді жүргізу (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) фактісі туралы хабарламасының негізінде не субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін өтейтін төлемдермен жүзеге асырады.

      Банкте/даму банкінде/банк-төлем агентінде жоғарыда аталған көрсеткіштер түзелген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      126. Банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар сомасын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Банк/даму банкі/банк-төлем агенті шоттардағы қаражатты жалпы ағымдағы қалдықтардан есептеп шығара алмайды.

      127. Кәсіпкер банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.

      128. Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша төлемді (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша банк/даму банкі/банк-төлем агенті кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      129. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда банк/даму банкі /лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      130. Банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай:

      1) кәсіпкер банк/лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;

      2) кәсіпкер лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамаған жағдайларда, бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.

      131. Осы Субсидиялау қағидаларының 130-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      132. Қаржы агенттігі Бағдарлама/Тетік шеңберінде кредит бойынша ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға осы Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      133. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі Бағдарлама шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңін берген/мерзімін кейінге шегерген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыра алады.

      Кәсіпкердің жағдайын нашарлататын мән-жайлар орын алған жағдайда, ол сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе кредит бойынша негізгі борышты өтеу бойынша кредит мерзімі ұзақтығының жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең алуға/ кейінге қалдыруға құқылы. Бұл ретте мұндай мән-жайлардың туындағаны Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен және/немесе уәкілетті органдардың құжаттарымен расталуға тиіс.

      Бұл ретте жеңілдік кезеңінің/кейінге шегерудің мерзімі Бағдарлама шеңберінде қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      Кәсіпкер кредитті/лизингтік мәмілені (негізгі борышты және сыйақыны) мерзімінен бұрын өтеген/қайта қаржыландырған жағдайда жеңілдік кезеңінің/кейінге қалдырудың қолданылу уақытында кәсіпкерге субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап мерзімінен бұрын толық өтеу/қайта қаржыландыру күніне дейінгі кезең үшін субсидиялар өтеледі.

      Ескерту. 133-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен.

      134. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының талаптарына, қаржы агенттігінің уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі Тетік шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша кредит мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен не жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдік кезеңін берген/мерзімін кейінге шегерген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыра алады.

      Бұл ретте жеңілдік кезеңі/кейінге қалдыру мерзімі Тетік шеңберінде қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      Бұл тармақтың қолданылуы 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Кәсіпкер кредитті/лизингтік мәмілені (негізгі борышты және сыйақыны) мерзімінен бұрын өтеген/қайта қаржыландырған жағдайда жеңілдік кезеңінің/кейінге қалдырудың қолданылу уақытында кәсіпкерге субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап мерзімінен бұрын толық өтеу/қайта қаржыландыру күніне дейінгі кезең үшін субсидиялар өтеледі.

      Ескерту. 134-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен.

      135. Егер банк/даму банкі/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарын (кредиттің/лизингтің сомасы және (немесе) сыйақы мөлшерлемесі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге шегеру, өтеу күні, кәсіпкердің атауының өзгеруі/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, қолданыстағы қаржыландыру шарттарының өзгеруі жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы қаржыландыру шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетіледі.

      136. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға хаттамадан үзінді көшірме жібереді.

      137. Қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарындағы өзге де өзгерістер туралы банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қолданыстағы қаржыландыру шарттарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру шартының өзгеруін хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Бұл ретте жүргізілген қаржыландыру шарттарын өзгерту (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.

      138. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату бойынша ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.

      139. Бағдарлама/Тетік шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.

10-тарау. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі

      140. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаттары (хабарламалары) негізінде, сондай-ақ мониторингілеу нәтижелері негізінде қабылдайды.

      141. Қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның хабарламалары негізінде және/немесе мониторингілеу нәтижелерінің негізінде мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрды, бұл ретте субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына пропорционалды түрде тоқтатыла тұрады;

      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмау;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеу;

      4) төтенше жағдай қолданылатын кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) төтенше жағдай қолданылатын кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді жасау бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап- арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын талап ету;

      8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе 10 %-ға кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемелерді орындамауы (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);

      9) Кәсіпкерлердің Тетік шеңберінде мынадай:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу міндеттемелерін орындамау бойынша мониторинг нәтижелері негізінде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты бойынша мониторинг нәтижелері негізінде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді).

      Ескерту. 141-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225; 30.07.2020 № 491 қаулыларымен.

      142. Қаржы агенттігі осы Субсидиялау қағидаларының 141-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатқан күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте кредитті/лизингтік мәмілені мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына пропорционалды түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын кредиттің/лизингтің қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдаланудың мөлшеріне пропорционалды түрде төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлемдер кестесіне сәйкес жалғастырылады.

      143. Субсидиялауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылған себептерді қаржы агенттігінің уәкілетті органы қарағанға дейін кәсіпкер жойған жағдайда қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды қайта бастау туралы оң шешім қабылдайды.

      144. Қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі шыққан күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі хаттамадан үзінді көшірмені ресімдейді және тиісті хабарлама хатпен банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға хабарлама жібереді.

      145. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі оларға тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлейді. Осы Субсидиялау қағидаларының 141-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялау тоқтатылған жағдайда кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге жататын субсидиялар төленеді.

      146. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, банкке/лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебі көрсетіледі.

      Осы Субсидиялау қағидаларының 138-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агенттігінің шешімі бар кредиттер/лизинг қайта бастауға жатпайды.

      147. Мынадай жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады:

      1) кәсіпкердің банк/лизингтік компания алдындағы банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитін толық өтесе (кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);

      2) қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылса.

      148. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда банк/лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша кәсіпкерге бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және өзге де шарттарды) белгілейді.

      149. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігін кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      150. Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      151. Бір мезгілде кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды, оған өзгертілген төлемдерді өтеу кестесі, субсидиялау шартына жасалған тиісті қосымша келісім қоса беріледі.

      152. Кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысудың салыстырып қарау актісін ұсынады.

      Бұл ретте банк/даму банкі/лизингтік компания салыстырып қарау актісінде нақты есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.

      153. Кәсіпкердің мақсатсыз пайдаланылуы анықталған кредиті бойынша банк/даму банкі қаржы агенттігіне құжаттармен қоса кредитті мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

11-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу

      154. Субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына:

      1) банк/даму банкі ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдалануын мониторингілеу;

      2) банк/даму банкі/лизингтік компания ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;

      3) жобаның іске асырылуын (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалануды) мониторингілеу;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарламаның/Тетіктің талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингілеу жатады.

 
  "Бизнестің жол қартасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу жобаларының шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен.

Р/с
Тауарлар тобының атауы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі
1 2 3 4 5
І. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ

1

Еттен және құс етінен жасалған өнімдер

Етті өңдеу және консервілеу

1011

Ұша/шағын ұша түрінде немесе мүшеленген жас немесе тоңазытылған ет өндірісі
Тағамдық субөнімдер

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу

1012

Қасапханада үй құстарын сою, етті өңдеу немесе өлшеп орау, мүшеленген жас немесе мұздатылған ет өндірісі

Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндірісі

1013

Кептірілген, тұздалған немесе ысталған ет өндірісі, дайын орамалар
Ет өнімдерін: шұжық, салями, қызыл шұжық, сүрленген құрғақ шұжық, сервелат, ысталған болон шұжығы, бас, орамалар, пісірілген ветчина жасау

2

Сүт және ірімшік өнімдері

Сүт өңдеу және ірімшік жасау

1051

Жаңа сауылған, пастерленген, зарарсыздандырылған, гомогенделген және/немесе ультра тазартылған табиғи сүт өндірісі
Сүт негізіндегі сусындар өндірісі
Жаңа сауылған қаймағы алынбаған, пастерленген, зарарсыздандырылған және гомогенделген сүттен қаймақ жасау
Құрғақ сүт немесе қоюлатылған сүт, қатты түрдегі сүт немесе кілегей өндірісі
Сары май, йогурт, ірімшік және сүзбе, айран, кілегей, сары су, казеин немесе лактоза өндірісі

Балмұздақ өндірісі

1052

Балмұздақ өндірісі

3

Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу

Картопты өңдеу және консервілеу

1031

Өңделген мұздатылған картоп, құрғақ картоп езбесінің, картоптан жасалған басытқы, картоп қытырлақтары, картоп ұны мен түйіршіктерінің өндірісі

Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі

1032

Жемістерден және (немесе) көкөністерден жасалған шырындар өндірісі
Жас жемістерден және көкөністерден жасалған концентраттар өндірісі

Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеудің және консервілеудің өзге де түрлері

1039

Мұздатылған немесе консервіленген түрдегі дайын тағамдарды қоспағанда, негізінен жемістерден немесе көкөністерден тұратын тамақ өнімдерінің өндірісі
Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді сақтау: мұздату, кептіру, май немесе сірке суын сіңіру, консервілеу және т.б.
Жемістерден немесе көкөністерден тамақ өнімдерінің өндірісі
Джемдер, мармеладтар және асханалық желе өндірісі
Жаңғақ қуыру
Жаңғақтардан жасалатын паста және өзге де азық-түлік өнімдерінің өндірісі
Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді консервілеу: тоңазыту, кептіру, май ішінде немесе сірке суында сіңіру, герметикалық ыдыста консервілеу және т.б.

4

Балықтан, шаян тәрізділер мен моллюскілерден жасалған өнім

Балықты, шаян тәрізділер мен моллюскілерді өңдеу және консервілеу

1020

Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілерді дайындау және сақтау: мұздату, терең мұздату, кептіру, өңдеу, сақтау, тұздау, консервілеу және т.б.
Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілер өндірісі: балық сүбесі, уылдырық, жасанды уылдырық және т.б.
Адамдардың тамаққа пайдалануы үшін немесе жануарларды азықтандыру үшін балық өнімдерінің өндірісі, адамдардың тамаққа пайдалануына жарамсыз балықтан және өзге де су жануарларының түрлерінен ұн және еритін заттар өндірісі, кемелердің балықты қайта өңдеуге және сақтауға, теңіз балдырларын қайта өңдеуге бағытталған қызметі

5

Ауыл шаруашылығы

Уыт өндірісі

1106

Уыт өндірісі

6

Май-тоңмай өнімі

Май мен тоңмай өндірісі

1041

Тазартылмаған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, сафлор, рапс, қыша, зығыр
Тазартылған өсімдік майының өндірісі:қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр
Өсімдік майын өңдеу: айдау, қайнату, дегидрация, гидрогенизация және т.б.

Маргарин және ұқсас тағамдық тоңмай өндірісі

1042

Маргарин өндірісі
Қоспалар және т.б. өндірісі
Тамақ дайындауға арналған құрама тоңмай өндірісі

7

Өзге тамақ өнімдерінің өндірісі

Қант өндірісі

1081

Қант қызылшасы мен қант қамысынан қант жасау

Какао, шоколад және қантты кондитерлік тағамдар өндірісі

1082

Шоколад және шоколад кәмпиттерінің өндірісіҚантты кәмпиттер: карамель, какао, нуга, помадка, ақ шоколад өндірісі
Сағыз өндірісі
Қантталған жемістер өндірісі
Шоколадты жаңғақ, цукат өндірісі
Кәмпиттер, жастықша кәмпиттер, қақ өндірісі

Татымдылықтар мен дәмдеуіштер өндірісі

1084

Дәмқосарлар, тұздықтар мен дәмдеуіштер: майонез, қыша ұны мен дән түйіршіктерінің, қыша және т.б. өндірісі
Сірке суы өндірісі
Өнімдерді тұздау үшін тұзды өңдеу, мысалы йодталған тұз

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі

1089

Жұмыртқа өнімдерінің, жұмыртқа альбуминінің, жұмыртқа ұнтағы мен меланж өндірісі

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі

10899

Жасанды бал және карамель өндірісі
Сэндвич, жаңа пісірілген пицца (жартылай фабрикат) сияқты тез бұзылатын дайын тамақ өнімдерінің өндірісі)
Басқа санаттарға енгізілмеген белсенді биологиялық қоспалар мен өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі
Еттен, балықтан, шаян тәрізділерден немесе моллюскілерден жасалған тартылған ет өндірісі
Сүт өнімдері мен ірімшік өндірісі
Жасанды концентраттар өндірісі

8

Сусындар өндірісі

Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі

1107

Шөлмектердегі табиғи минералды су және өзге де минералды сулар өндірісі
Алкогольсіз сусындар өндірісі: алкогольсіз хош иістендірілген және/немесе тәттілендірілген сусындар: лимонад, оранжад, кола, жеміс сусындары, тониктер және т.б.

9

Балалар тағамы

Балалар тағамының және диеталық тамақ өнімдерінің өндірісі

1086

Арнайы диеталар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балалар тағамын; қосымша сүт және басқа да тамақ өнімдерін; сәбилерге арналған тамақ өнімдерін; калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді жасау

10

Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі

Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі

1062

Күріштен, картоптан, жүгеріден, бидайдан крахмал жасау
Шикі жүгеріні майдалау
Глюкоза және (немесе) глюкоза-фруктоза шәрбатын, қант шәрбатын, мальтоза, инулин жасау
Дәннің маңызын жасау
Жүгері майын жасау

Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

1061

Құрғақ бұршақ дәндерінің, тамырлар немесе сабақтар немесе жеуге жарамды жаңғақтар өндірісі
Құрғақ таңғы ас сияқты дәнді тамақ өнімдерінің өндірісі
Ұн қоспаларының және нанға, тортқа, бәлішке, пирогтар мен бисквиттерге, печеньелерге немесе құймақтарға арналған дайын ұн қоспалары мен қамырлар өндірісі
Бидай қауыздарының, қара бидай, сұлы, жүгері немесе басқа да дән қауыздарының өндірісі
Бидай, қара бидай, сұлы, жүгері, қарақұмық жармасы өндірісі
Қырналған, ұнтақталған, жылтыратылған, тегістелген, глазурьленген, буланған күріш өндірісі
Ұн өндірісі

11

Нан-бөлке және ұннан жасалған өнімдер өндірісі

Нан өндірісі; ұннан жаңа пісірілген кондитерлік өнімдер, торттар мен бәліштер өндірісі

1071

Наубайхана өнімдерінің өндірісі: нан, тоқаш пен орамалар, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, торттар, тәттінандар, бәліштер мен бисквиттер, жеміс тәттінандары, құймақ, вафли және т. б.

Кептірілген нан және печенье өндірісі; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер және бисквиттер өндірісі

1072

Кептірілген нан, печенье және өзге де құрғақ нан пісіру өнімдерінің өндірісі
Ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар мен торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі
Печенье, крекерлер, крендельдер және т.б. сияқты тұздалған және тәтті өнімдер өндірісі

Макарон өнімдерінің өндірісі

1073

Макарондар, кеспелер, кеспе және (немесе) олардан жасалған жартылай фабрикаттар (тез дайындалатын) өндірісі
Қамырдан жасалған консервіленген немесе тоңазытылған өнімдер, оның ішінде макарон өнімдерінің өндірісі

12

Дайын тамақ өнімдері (өндірістік ауқымда)

Дайындалған тамақ өнімдерінің өндірісі

1085

Ет тағамдарының өндірісі
Тартылған балық етін қоса алғанда, балық тағамдарының өндірісі
Көкөністерден жасалған тағамдар өндірісі
Тоңазытылған пицца немесе өзге тәсілмен сақтау үшін дайындалған пицца өндірісі

13

Мал азығының өндірісі

Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндірісі

1091

ІҚМ, ұсақ малға, жылқыларға, құстар мен шошқаларға арналған азық өндірісі

 
  "Бизнестің жол қартасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен.

Р/с
Тауарлар тобының атауы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі
1 2 3 4 5
I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ

1

Ауыл шаруашылығы

Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақты дақылдар мен майлы тұқымдарды өсіру

0111

Қытайбұршақ, жержаңғақ, мақта тұқымы, кәдімгі майкене, зығыр тұқымы, қыша тұқымы, майлы нуга тұқымы, рапс тұқымы, бояғыш мақсары тұқымы, күнжіт тұқымы, күнбағыс тұқымы, өзге де майлы тұқымдар сияқты майлы тұқымдарды өсіру
Бидай, жүгері, құмай, арпа, қара бидай, сұлы, тары, өзге де дәнді дақылдар, оның ішінде тұқымдық қорды қалыптастыру үшін

Күріш өсіру

0112

Күріш өсіру

Көкөністер және бақша өнімдерін, тамыржемістілер мен түйнекжемістілерді өсіру

0113

Көкөніс, оның ішінде қызанақ, басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа да пиязды көкөністер, қауданды қырыққабат, гүлді қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер, картоп, сәбіз, шалқан, тамыр балдыры, шалғам басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды тамыржемістілер, бұрыш, қияр мен корнишон, қант қызылшасы және асханалық қызылша, көкөніс, картоп, қант қызылшасының тұқымдарын өсіру
Бақша дақылдарын өсіру, оның ішінде қарбыз, қауын және асқабақ өсіру
Саңырауқұлақтар мен трюфельдерді өсіру

Талшықты иіру дақылдарын өсіру

0116

Мақта, зығыр өсіру
Мақта тұқымын өсіру

Басқа да маусымдық дақылдарды өсіру

0119

Тарна, жемдік қызылша, жем-шөп, беден, жоңышқа, эспарцет, жемдік жүгері және басқа шөптерді, жемдік қырыққабат және қарапайым жемдік өнімдерді өсіру
Қарақұмық өсіру
Қант қызылшасы (қант қызылшасы тұқымдарын қоспағанда) және азықтық өсімдіктер тұқымын өсіру

Жүзім өсіру

0121

Шарап жүзімі және жүзімнің асханалық сорттары

Дәнді жемістер және сүйекті жемістер өсіру

0124

Дәнді және сүйекті жемістер: алма, өрік, шие және қызыл шие, шабдалы және тақыр шабдалы, алмұрт және беже, қара өрік және шомырт өсіру

Өзге де жеміс ағаштарын, бұталар мен жаңғақ түрлерін өсіру

0125

Жидек өсіру: қарақат/көкжидек, қарақат, қарлыған, киви, таңқурай, құлпынай/бүлдірген, өзге де жеміс түрлері
Жемістердің тұқымдарын өсіру
Жеуге жарамды жаңғақтарды өсіру: бадам, кешью, талшын, фундук/орман жаңғағы, пісте, грек жаңғағы, басқа да жаңғақ түрлері
Жеміс ағаштарының, бұталардың басқа түрлерін өсіру: айлауық жемістері

Малдың және қодастың басқа да тұқымдарын өсіру

0142

Ет алу үшін ірі қара мал мен қодасты көбейту

Малдың сүтті тұқымдарын өсіру

0141

Малдың сүтті тұқымдарын өсіру және көбейту
Шикі сүт алу

Жылқы өсіру

0143

Жылқы өсіру

Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру

0144

Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру және молайту

Қой мен
ешкі өсіру

0145

Қой мен ешкі өсіру және молайту
Қой мен ешкінің шикі сүтін өндіру
Жүн дайындау
Қозылардың терілерін дайындау

Шошқа және торай өсіру

0146

Торайлар, шошқалар, шошқа еті

Құс шаруашылығы

0147

Инкубациялық жұмыртқа өндірісі
Үй құстарын өсіру және көбейту: тауық, күркетауық, үйрек, қаз және т.б.
Жұмыртқа өндірісі

Жануарлардың өзге де түрлерін өсіру

0149

Омарта шаруашылығы және бал мен бал балауызы өндірісі

Егін жинағаннан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері

0163

Түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшығы

2

Балықтан, шаян тәрізділер мен моллюскілерден жасалған өнімдер

Теңізде акваөсіру

0321

Аквариум балықтарын өсіруді, моллюскілер (устрица, мидия және т.б.) уылдырығының, ірі теңіз шаяндарының, асшаяндардың, балық шабақтарының өндірісін және оларды қолмен өңдеуді, қызыл балдырлар мен жеуге жарамды басқа да балдырларды, шаян тәрізділерді, қос қабыршақты моллюскілерді, теңіз суындағы басқа да моллюскілер мен басқа да су жануарларының түрлерін өсіруді, теңіз суындағы акваөсіруді, резервуарларда тұздалған судағы акваөсіруді қоса алғанда, теңіз суында балық өсіру
Теңіз балықтарының түрлерін өсіру жөніндегі инкубаторлық станциялар, жылы теңіз фермалары

Тұщы судағы акваөсіру

0322

Тұщы су балықтарының аквариумдық түрлерін өсіруді, тұщы суды мекендейтін шаян тәрізділерді, қос қабыршақты моллюскілерді, өзге де моллюскілерді және су жануарларының басқа да түрлерін өсіруді, инкубаторлық станциялардың (тұщы су) жұмысын қоса алғанда, тұщы суда балық өсіру
Бақа өсіру

Тұщы суда балық аулау

0312

Ішкі суларда коммерциялық негізде балық аулау
Тұщы суларда шаян тәрізділер мен моллюскілерді аулау
Тұщы суларда теңіз жануарларының түрлерін аулау
Тұщы су материалдарын жинау

  "Бизнестің жол қартасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

Өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобаларының шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ

1

А/ш өнімдерін сақтау

Жүкті қоймалау және сақтау

5210

Азық-түлік өнімдерін сақтау және сату жөніндегі көтерме-тарату орталықтарын құру
Көкөніс және жеміс сақтау қоймаларын салу

2

Ауыл шаруашылығы

Егін жинағаннан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері

0163

Түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшығы

II. АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕН БАСҚА ТАУАРЛАР

1. КИІМ ЖӘНЕ АКСЕССУАРЛАР

3

Сырт киім және аксессуарлар

Басқа да тоқылған және трикотаж бұйымдарының өндірісі

1439

Пуловерлер, свитерлер, кардигандар, тоқылған кофталар, кеудешелер және осындай бұйымдар сияқты тоқылған немесе трикотаж бұйымдар және басқа да дайын бұйымдар өндірісі

Арнайы киім өндірісі

1412

Арнайы киім өндірісі
Зертханалық немесе жұмыс комбинезондары, униформа өндірісі

Сырт киім өндірісі

1413

Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған сырт киім: пальто, костюмдер, жакеттер, шалбарлар, белдемшелер, қалпақтар мен баскиімдер өндірісі
Былғарыдан жасалған сырт киімнен басқа, тоқыма, тоқылған немесе тоқыма емес трикотаж маталардан жасалған сырт киімдердің өзге де түрлерінің өндірісі

4

Іш киім

Іш киім өндірісі

1414

Әйелдерге, ерлер мен балаларға арналған тоқыма, тоқылған немесе трикотаж маталардан, шілтерден жасалған іш киімдер және түнгі киімдер: жейделер, футболкалар, кальсондар, келтешалбарлар, пижамалар, түнгі жейделер, көйлектер, блузалар, ішкі белдемшелер, комбинациялар, бюстгальтерлер, корсеттер өндірісі

Тоқылған және трикотаж шұлық бұйымдарының өндірісі

1431

Ұйықтарды, триколарды және колготкаларды қоса алғанда, шұлық бұйымдарының өндірісі

5

Тоқыма және былғары бұйымдарын өндіруге арналған материалдар

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

13

Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшықтары, мақта-мата, мақта талшығы өндірісі
Шашақ жіп, махер мата, дәке тәрізді тоқылған материалдар өндірісі
Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, жүн мата өндірісі
Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, жібек мата өндірісі
Зығыр мата өндірісі
Басқа да маталар өндірісі, мысалы, қытай қалақайынан, кендірден, жөкеден және арнайы иірілген жіптен
Шыны талшығынан жасалған маталар өндірісі
Карбонидті және арамидті жіптер өндірісі
Тоқу әдісімен жасанды тері өндірісі

Текстиль талшықтарын дайындау және иіру

1310

Мақта талшығының, мақта иірімжібінің өндірісі
Тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін сатуға және одан әрі өңдеу үшін жүннен иірімжіп иіру және жасау
Тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін сату және одан әрі өңдеу үшін зығыр иірімжібін жасау
Өзге де текстиль талшықтарын иіру

Жіптер, арқандар, жіңішке арқандар, жіңішке баулар, баулар өндірісі және тор тоқу

1394

Текстиль талшықтарынан, таспалардан және ұқсас материалдардан жасалған, сіңірілген және сіңірілмеген, қапталған, резеңкеден немесе пластмассадан жасалған қабықшамен қорғалған немесе қорғалмаған шпагат, арқан, жіп және трос өндірісі
Шпагаттан, арқандар мен жіптерден тор жасау
Арқандар мен торлы матадан жасалған бұйымдар: балық аулау торлары, кемелердегі сақтандыру торлары, түсіру жұмыстары кезінде пайдаланылатын қорғау құралдары, металл шығыршықтары бар матауыштар, жіптер немесе тростар өндірісі және т.б.

Теріні илеу және өңдеу

15111

Тері мен былғарыны илеу, бояу және өңдеу
Күдері, қашалған былғары, тегіс немесе металдандырылған тері өндірісі

Киімді қоспағанда, тоқылмаған бұйымдар өндірісі

13950

Тоқпайтын маталар (SMS) және одан жасалған бұйымдар

6

Аяқ киім және оның керек-жарақтары

Аяқ киім өндірісі

1520

Қалыптауды қоса алғанда, аяқ киімді кез келген материалдардан кез келген тәсілмен жасау
Аяқ киімдердің былғары және резеңке бөліктерін: сыртқы және ішкі бөліктерін, ұлтанын, өкшесін жасау

2. ҮЙГЕ ЖӘНЕ КЕҢСЕГЕ АРНАЛҒАН БҰЙЫМДАР

7

Тұрмыстық химия

Сабын мен жуғыш, тазартқыш және жылтыратқыш заттар өндірісі

2041

Органикалық беткі-белсенді препараттар өндірісі
Жуғыш құралдар себілген немесе сіңірілген қағаздар, сулықтар өндірісі
Глицерин өндірісі
Косметикалық сабынды қоспағанда, сабын өндірісі
Беткі-белсенді препараттар: қатты немесе сұйық түрдегі кір жуатын ұнтақтар және басқа да жуғыш құралдар, ыдыс-аяқ жууға арналған препараттар, кір жуған кезде қосуға арналған хош иістендіргіш және жұмсартқыш заттар өндірісі
Тазартқыш және жылтыратқыш құралдар: ауа тазартқыштар, жасанды балауыз, былғары бұйымдарды күтуге арналған құралдар, жиһазға және ағаш беттерге арналған полирольдар, шыны және металл беттерге арналған полирольдар, осыларға ұқсас құралдар себілген немесе сіңірілген сулықтарды қоса алғанда, тазартқыш пасталар мен ұнтақтар өндірісі

8

Кілемдер

Кілемдер мен кілем бұйымдарының өндірісі

1393

Кілемдерді, паластарды және төсеніштерді, едендік жабындарды қамтитын тоқыма төсемдер өндірісі
Киіз төсемдер өндірісі

9

Үйге арналған тоқыма және басқа да бұйымдар

Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі

1392

Тоқылған немесе трикотаж маталарды қоса алғанда, кез келген тоқыма материалынан жасалған дайын бұйымдар: пледті қоса алғанда, жүн көрпе, төсек-орын, асхана, туалет немесе ас үй маталары, сырып тігілген көрпе, мамық көрпе, пуфиктер, жастықтар, ұйықтауға арналған қаптар өндірісі
Дайын жиһаздау заттарының өндірісі: перделер, шымылдықтар, төсек-орын жапқышы, ас үй сүлгілері, ыдыс жууға арналған шүберектер

Трикотаж жаймалар өндірісі

1391

Тоқылған немесе трикотаж маталар шығару және өңдеу: түкті маталар, тор көзді және шілтер маталар өндірісі

10

Шаруашылық қажеттілікке арналған тұрмыстық тауарлар

Резеңке-техникалық бұйымдар өндірісі

22191

Табиғи немесе синтетикалық резеңкеден, вулканизацияланбаған, вулканизацияланған резеңкеден немесе беріктігі жоғары резеңкеден жасалған өзге де өнімдерді: резеңке пластиналарды, табақтарды, жолақтарды, білікшелерді және т.б.; шиналарға, құбырлар мен шлангілерге арналған камераларды; резеңке конвейерлік немесе трансмиссиялық белбеулерді; эластиктен жасалған киімдерді (тұтас, тігіссіз); аяқ киімге арналған резеңке ұлтанды және өзге де резеңке бөліктерді; резеңке жіптер мен бауларды;
резеңке иірімжіптер мен маталарды; резеңке жиектерді, гарнитур мен баспаларды; резеңке үрлемелі резеңке матрастарды, үрлемелі шарларды қамтитын бұйымдарды шығару
Резеңкеден жасалған щеткалар мен қылқаламдар өндірісі
Резеңке құбырлар өндірісі
Қатты резеңкеден жасалған тарақтар, шашқа арналған қыстырғыштар, бигудилер және т.б. өндірісі
Резеңкеден жасалған жөндеу материалдары өндірісі
Резеңке негізгі материал ретінде пайдаланылатын резеңкеленген тоқыма маталар өндірісі
Резеңкеден жасалған жүзуге арналған матрастар өндірісі
Резеңкеден жасалған жүзу телпектерінің өндірісі
Резеңкеден жасалған сүңгу костюмдерінің өндірісі

Тауарларға арналған пластик қаптамалар өндірісі

2222

Тауарларды орауға арналған пластик бұйымдар: пластик пакеттер, қаптар, ыдыстар, қораптар, жәшіктер, үлкен бөтелкелер, бөтелкелер өндірісі

Өзге де пластик бұйымдар өндірісі

2229

Жиһаз фурнитурасы, кеңсе немесе мектеп керек-жарақтары, киім заттары (түймелер, сыдырмалар), ас үй және дәретхана керек-жарақтары, дастархан, пластик бас киімдер (каскалар) және пластиктен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі

Қуыс шыны бұйымдарының өндірісі

2313

Шыныдан немесе хрустальдан жасалған бөтелкелер, ыдыстар өндірісі
Шыныдан немесе хрустальдан жасалған стақан, фужер, рюмка, бокал, шыныаяқ, тұрмыстық заттар өндірісі

11

Жиһаз

Кеңсе және студия жиһазының өндірісі

3101

Орындықтар, отыруға арналған жиһаз өндірісі
Кеңселерге, студияларға, қонақ үйлерге, мейрамханаларға және қоғамдық орындарға арналған орындықтар мен отырғыштар өндірісі
Театрларға, кинотеатрларға арналған орындықтар мен отырғыштар өндірісі
Зертханалық орындықтар, басқа да зертханалық табуреттер мен өзге де отырғыштар өндірісі

Ас үй жиһазының өндірісі

3102

Ас үй жиһазының өндірісі

Басқа да жиһаз өндірісі

3109

Дивандар, диван-кереуеттер өндірісі
Бақшаға арналған орындықтар өндірісі
Жатын бөлмеге, қонақ бөлмеге, бақшаға арналған жиһаз өндірісі
Тігін машиналарына, теледидарларға арналған тумбалар өндірісі

12

Жиһаз өндірісіне арналған материалдар

Шпон, фанера, жұқа тақтайлар мен панельдер өндірісі

1621

Желімделген фанера және өзге де бұйымдар өндірісі: жылтыратылған, боялған, жабылған, сіңірілген, жақсартылған және нығайтылған (қағаз немесе мата көмегімен)
Желімделген фанера, бір қатпарлы фанера және осыған ұқсас ламинатталған ағаш табақ бұйымдарының өндірісі
Құрастырма тақтайлар мен өзге де табақ материалдарының өндірісі
Тығыздығы орташа талшықты табақ материалдарының және өзге де талшықты материалдар өндірісі
Сәндік материалдар өндірісі
Желімделген ламинатталған ағаш бұйымдарының, ламинатталған бір қатпарлы фанера өндірісі

13

Матрастар

Матрастар өндірісі

3103

Матрастар: серіппесі бар немесе тығыздалған матрастар; құрамында серпімділікті ұстап тұратын материалдар бар матрастар; қапталмаған резеңке немесе пластик матрастар өндірісі
Матрастарға арналған тұғырлар өндірісі

 
14

Тұрмыстық электроника аспаптарының өндірісі

Механикалық шамаларды өлшеуге арналған аспаптар өндірісі

2651

Жылыту жүйелеріне арналған температураны бақылау аспаптарының өндірісі
Сұйықтық температурасын өлшеуге арналған шыны және биметалл термометрлер (медициналықты қоспағанда) өндірісі
Тұрмыстық өлшеуіштер өндірісі (мысалы, су өлшегіш, газөлшегіш, электр энергиясын есептегіштер)
Су өлшеуіштер мен есептеу қондырғыларының өндірісі
Қозғалыс детекторларының өндірісі

Медициналық-хирургиялық құралдар өндірісі

26.51.6

Зертханалық талдау құралдары (мысалы, қанды талдауды жүзеге асыруға арналған жабдықтар) өндірісі
Зертханалық өлшеу аспаптарын, инкубаторларды және өлшеуге, тестілеуге және т. б. арналған өзге де түрлі зертханалық аспаптар өндірісі

Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапиялық жабдықтар өндірісі

2660

Өнеркәсіптік, медициналық, диагностикалық, зерттеу, ғылыми және осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын альфа-, бета-, гаммасәулеленуге, рентгендік және өзге де радиациялық сәулеленуге негізделген жабдықтар өндірісі
Томографтар өндірісі
Магниттік-резонанстық бейнені алуға арналған жабдықтар өндірісі
Медициналық ультрадыбыстық жабдықтар өндірісі
Электрокардиографтар өндірісі
Электромедициналық эндоскопиялық жабдықтар өндірісі
Медициналық лазерлік жабдықтар өндірісіКардиостимуляторлар өндірісі
Есту аппараттары өндірісі
Тамақ өнімдері мен сүт өнімдерін сәулелендіріп өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі
ӨЖЖ өндірісі
Медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге электр эәне электрондық жабдықтар өндірісі

Электр-тұрмыстық аспаптар өндірісі

2751

Өзге де тұрмыстық электр аспаптарының: электр сужылытқыштар, тасымалданатын электржылытқыштар, электрпештер, электрқыздырғыштар өндірісі

Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі

2720

Бастапқы элементтер: құрамында марганец, сынап, күміс диоксиді бар батарея элементтерінің өндірісі
Бөлгіштер, корпустар, қақпақтар сияқты қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, электр аккумуляторларының өндірісі
Қорғасын-қышқылды батареялар өндірісі
Никель-кадмий батареяларының өндірісі
Никель-металлогидридті қуат көзі батареяларының өндірісі
Литий батареяларының өндірісі
Құрғақ батареялар өндірісі
Сұйық электролиті бар батареялар өндірісі

15

Жарықтандыру құралдары

Электрмен жарықтандыру жабдықтарының өндірісі

2740

Газразрядты, флуоресцентті, ультракүлгін, инфрақызыл және т.б. қыздыру шамдарының өндірісі
Жәндіктермен күресуге арналған электр шамдарының өндірісі
Төбеге ілінетін жарықтандыру аспаптарының өндірісі
Аспашамдар, шамшырақтар өндірісі
Үстел шамдарының (оның ішінде жарықтандыру құралдарының) өндірісі
Жаңа жылдық шыршаларға арналған электр гирляндаларының өндірісі
Электр каминдер өндірісі
Қол электр шамдарының өндірісі
Шамдар өндірісі (мысалы, карбид, электрлік, газ, газолин, керосин)
Прожекторлар өндірісі
Көшені жарықтандыру аспаптарының (бағдаршамдардан басқа) өндірісі
Көлік құралдарына арналған жарықтандыру жабдықтарының (мысалы, автомобильдерге, ұшақтарға, кемелерге, қайықтарға арналған) өндірісі
Электрлік емес жарықтандыру жабдықтарының өндірісі

16

Керамикалық тұрмыстық және сәндік бұйымдар

Фарфор мен фаянстан жасалған тұрмыстық- шаруашылық бұйымдар өндірісі

23411

Керамикалық асхана ыдыстары мен өзге де тұрмыстық немесе туалет бұйымдарының өндірісі
Мүсіншелер және өзге де сәндік керамикалық бұйымдар өндірісі

3. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ

17

Құрылыс материалдары

Пластик құрылыс бұйымдарының өндірісі

2223

Пластик құрылыс бұйымдарының: пластик есіктер, терезелер, жақтаулар, терезе қақпақтарының, жалюзилер, бағыттаушы жұқа тақтайшалар, ыдыстар, пластик жабындар, рулондар түріндегі қабырға мен төбеге арналған қаптауыш, тақтайшалар, пластиналар еден жабындарының өзге де түрлерінің, ванна, душ кабиналары, раковиналар, унитаздар, су ағызатын күбіше сияқты пластик гигиена заттарының өндірісі
Винил, линолеум сияқты майысқақ төсемдер өндірісі

Бастапқы қалыптағы пластмасса өндірісі

2016

Полипропилен мен полистирол өндірісі

Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, типография бояулары мен мастика өндірісі

2030

Бояулар, лактар мен эмальдар өндірісі
Дайын бояғыш заттар мен колерлер өндірісі
Эмальдар, лактар және жағатын құрамдар мен сол сияқты препараттар өндірісі
Мастика өндірісі
Шпатлевка және сол сияқты үстіңгі беттерді тегістеуге арналған препараттар өндірісі
Дайын бояу өндірісі
Типографиялық бояу өндірісі
Органикалық еріткіштер, бояу мен лактарды дайын еріткіштер өндірісі

Желім өндірісі

2052

Резеңке желімі мен дайын желімдеу құрамдарын қоса алғанда, желім мен дайын желімдеу құрамдарының өндірісі

Табақ шыныны қалыптау және өңдеу

2312

Күшейтілген немесе көп қатпарлы жалпақ шыны өндірісі
Айна өндірісі
Шыныдан жасалған көп қатпарлы оқшаулағыш заттар өндірісі

Отқа төзімді бұйымдар өндірісі

2320

Отқа төзімді ерітінді, бетон және т.б. өндірісі
Отқа төзімді қыш бұйымдар: кремний ұнтағынан жасалған жылу оқшаулағыш қыш бұйымдар; отқа төзімді кірпіш, блоктар мен еден жабындары және т.б.; реторт, тигель, муфель, форсунка, келтеқұбырлар, мүштіктер мен т.б. өндірісі
Құрамында магнезит, доломит немесе хромит бар отқа төзімді бұйымдар өндірісі

Қыш жабындар мен плиталар өндірісі

2331

Отқа төзімді емес қыш бұйымдар немесе қабырға плиткаларының, мозаика және т.б. өндірісі
Отқа төзімді емес қыш тротуар плиталары мен брусчаткалар өндірісі

Кірпіш, черепица және күйдірілген балшықтан жасалған өзге де құрылыс бұйымдарының өндірісі

2332

Отқа төзімді емес құрылыс материалдарының: қыш плиткалар, черепица, мұржаның үстіндегі қалпақтар, құбырлар, оқшаулағыш материалдар және т.б. өндірісі
Терракотадан еден плиткасын жасау

Бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарының өндірісі

2361

Құрылыс мақсатында пайдалану үшін бетоннан, цементтен немесе жасанды тастан жасалған дайын бұйымдар өндірісі: еден жабындары, төсеуге арналған плиткалар, кірпіштер, плиталар, құбырлар, бағандар және т.б.
Құрылысқа немесе азаматтық құрылысқа арналған құрастырма темір-бетон және бетон конструкциялар өндірісі
Бетоннан блоктар, панельдер жасау
Силикат кірпіш өндірісі

Асбестоцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі

2365

Цементпен, гипспен немесе басқа да минералды байланыстырушы материалдармен аралас өсімдік шикізатынан (ағаш жүнінен, сабаннан, қамыстан, құрақтан) құрылыс материалдарының өндірісі
Целлюлоза талшықтары бар асбест-цементтен және талшықты цементтен немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар: гофраланған табақтар (шифер), өзге де табақтар, панельдер, черепицалар, құбырлар, түтіктер, резервуарлар, кеспектер, жуғыштар, раковиналар, сауыттар, жиһаз, терезе қораптары және т.б. өндірісі

Бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі

2369

Бетоннан, құрылыс гипсінен, цементтен немесе жасанды тастан жасалған өзге де бұйымдар өндірісі: мүсіндер, фурнитуралар, барельефтер, вазалар, гүл құмыралары және т.б.

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

2370

Құрылыс мақсатында, зираттарда, автожолдарда, шатырларды жабу үшін және т.б. пайдалану үшін тасты кесу, қалыптау және өңдеу
Тастан фурнитура жасау

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге бейметалл минералдық өнім өндірісі

2399

Минералды негіздегі оқшаулағыш материалдар: қож-мақта және ұқсас минералды мақта; қатпарлы вермикулит, қопсыған балшық және ұқсас оқшаулағыш жылу материалдары немесе дыбыс оқшаулағыш материалдар өндірісі

Жеңіл металл конструкцияларының өндірісі

25112

Жол белгілері, жолға қоятын металл тосқауылдар, металл илегінен жасалған бұйымдар және т. б. сияқты жеңіл металл конструкцияларының өндірісі

Алюминийден және алюминий қоспаларынан жасалған құрылыс конструкциялары мен бұйымдарының өндірісі

25113

Өнеркәсіптік металл конструкцияларының өндірісі (домна пештеріне, жабдықтарды көтеру мен орнатуға және т.б арналған конструкциялар)

18

Есіктер мен терезелер

Металдан жасалған есіктер мен терезелер өндірісі

2512

Металдан жасалған есіктер, терезелер мен жақтаулар, терезе қақпақтары мен қақпалар өндірісі

19

Цементті қоспағанда, әрлеу материалдары

Әк және құрылыс гипсінің өндірісі

2352

Құрылыс гипсін (кальцийлендірілген гипс немесе кальций сульфаты) өндірісі
Сылақ өндірісі

Әктас және доломит ұнын өндіру

23522

Әк ұны, гипс

III. ӨЗГЕ

20

Химия

Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

1920

Мотор отыны, газолин, керосин және т.б. өндірісі
Отын өндірісі: этан, пропан, бутан және т.б. сияқты жеңіл, орташа және ауыр жанғыш, тазартылған газ
Мұнай қалдықтарынан өнім шығаруды қоса алғанда, жақпамайлар немесе жақпалар өндірісі
Мұнай-химия өнеркәсібіне және жол салуға арналған өнімдер өндірісі
Әртүрлі өнім түрлерінің өндірісі: уайт-спирит, вазелин, қатты парафин, петролатум және т.б.
Мұнай брикеттерінің өндірісі
Шымтезекті агломерациялау және шымтезек брикеттерінің өндірісі
Көмір брикеттерін агломерациялау және өндіру
Лигнит брикеттерін агломерациялау және өндіру

Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі

2014

Илеу заттарының өндірісі
Биоэтанол өндірісі
Ациклдық, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер өндірісі
Циклдық, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер өндірісі
Бутил эфирлерінің өндірісі
Амил эфирлерінің өндірісі
Негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі: сірке қышқылын қоса алғанда, моно- және поликарбон қышқылдары; альдегидтерді, кетондарды, хинондарды және екі және одан да көп оттегі бар топтармен қосылыстарды қоса алғанда, құрамында оттегі бар функционалдық топтары бар өзге де қосылыстар; аминдерді қоса алғанда, синтетикалық глицерин, азот-функционалдық органикалық қосылыстар; сүректі айдау жолымен алынған өнімдерді қоса алғанда, өзге де органикалық қосылыстар (мысалы, ағаш көмірі)
Синтетикалық хош иісті өнімдер өндірісі.
Таскөмір шайырын айдау.
Дезинфекциялау құралдары мен антисептиктер өндірісі

Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар өндірісі

2015

Тыңайтқыштар: азот немесе құрамында азоты бар, фосфор немесе калий тыңайтқыштарының, несепнәр, шикі мұнайдан алынған табиғи фосфаттар және табиғи калий тұздарының өндірісі
Өсімдіктерді өсіруге арналған топырақ өндірісі

Пестицидтер мен басқа да агрохимиялық өнімдер өндірісі

2020

Инсектицидтер/жәндіктерге қарсы құралдар, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, акарицидтер, молюстицидтер, биоцидтер өндірісі
Өсімдіктердің өсуін реттейтін өнімдер өндірісі
Дезинфекциялау құралдарының өндірісі (ауыл шаруашылығы мақсаттарына және басқа да мақсаттарға пайдалану үшін)
Басқа санаттарға енгізілмеген өзге агрохимиялық өнімдер өндірісі

Өзге де негізгі бейорганикалық химиялық заттар өндірісі

2013

Химиялық элементтер өндірісі (өнеркәсіптік газдар мен негізгі металдарды қоспағанда)
Азот қышқылын қоспағанда, бейорганикалық қышқылдар өндірісі
Аммонийден басқа, сілті, сақар және өзге де бейорганикалық заттар өндірісі
Өзге де бейорганикалық қоспалар өндірісі
Темір колчеданды күйдіру
Тазартылған су өндірісі

Өнеркәсіптік газдар өндірісі

20.11

Медициналық мақсаттар үшін сұйытылған немесе сығылған бейорганикалық газдар: элементтік газдар, сұйық немесе сығылған ауа, хладагент булары, өнеркәсіптік газдар қоспалары, көмірқышқыл газы сияқты инертті газдар, қорғаныш газдары өндірісі

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

38.11.0

Жинақтау орындарында, қоқыс контейнерлерінде, жылжымалы қоқыс контейнерлерінде, бактарда және т.б. ыдыстарда қауіпсіз тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды (яғни қоқыс қалдықтарын) және аралас реверстелетін материалдарды жинау
Реверстелетін материалдарды жинау
Қоғамдық орындардағы қоқыс жәшіктерінен қоқыс жинау
Құрылыс қалдықтары мен шіріген қалдықтарды жинау
Қылқалам және өзге де құрылыс қоқыстары сияқты құрылыс қоқыстарын жинау және шығару
Тоқыма бұйымдарын шығарудан болатын қалдықтарды жинау
Қауіпсіз қалдықтарға арналған қайта өңдеу орындарына қалдықтарды шығару жөніндегі қызмет

21

Қағаз және қағаз бұйымдары

Ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі

1711

Ағартылған, толық ағартылмаған және ағартылмаған целлюлоза, ағаш массасын механикалық, химиялық (еритін немесе ерімейтін) немесе жартылай химиялық тәсілмен жасау
Мақта целлюлоза өндірісі
Сия мен баспаханалық бояуды алып тастау және макулатурадан ағаш массасы мен целлюлоза жасау

Гофраланған картон, қағаз және картон ыдысының өндірісі

1721

Гофраланған қағаз және картон өндірісі
Гофраланған қағаздан немесе картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі
Гофраланған картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі
Қатты картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі
Қағаз бен картоннан жасалған өзге де сыйымдылықтар өндірісі
Қағаздан жасалған қаптар, сөмкелер және пакеттер өндірісі
Файлдары бар офистік тіркелімдер және сол сияқты бұйымдар өндірісі

Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарының өндірісі

1722

Жеке гигиена және тығыздау мақсатында пайдалану үшін целлюлоза мақтасынан қағаз өнімдерінің өндірісі: қағаз сулықтар, қолорамалдар, сүлгілер, сулықтар, дәретхана қағазы, гигиеналық сүлгілер мен тампондар, балалар жаялықтары мен жөргектері, қағаз стақандар, тәрелкелер және подностар, картон және қағаз ыдыс өндірісі
Тығыздау үшін тоқыма материалдарының және тығыздалатын гигиеналық сүлгілер, тампондар өндірісі

22

Металдан жасалған бұйымдар

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі

25210

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі

Металл бөшкелер мен ұқсас сыйымдылықтар өндіру

2591

Металл, оның ішінде алюминий шелектер, банкалар, бөшкелер, жәшіктер, қораптар және ұқсас сыйымдылықтар өндіру

Бекіту бұйымдарының өндірісі

2594

Тойтарма және бұрандасыз ұқсас өнімдер өндірісі
Бұранда кескіш станокта жасалатын бұйымдар өндірісі
Бұрандамалар, бұрамалар, сомындар, муфталар және бұрандасы бар басқа өнімдер өндірісі

Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндірісі

2592

Асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған тамақ өнімдеріне арналған консерві банкалары, тубтар, қораптар, жәшіктер, оның ішінде бөшкелер, барабандар, банкалар, жәшіктер және басқа да сыйымдылықтар өндірісі.
Металл қақпақтарды және тығындауға арналған басқа да бұйымдар өндірісі

Суық қалыптау немесе бүктеу

2433

Уатқыштарда суықтай қалыптау процесінде немесе баспақта бүктеу әдісімен болаттан жасалған жалпақ илектелген бұйымдардан ашық секциялар жасау
Суық әдіспен болаттан қалыпталған немесе бүктелген бұдырланған табақтар мен сэндвич-панельдер жасау

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі

2410

Темір құймалар, жылтыр шойыннан қалыптар мен құймалар, блоктар немесе өзге де бастапқы пішіндерді жасау
Ферроқорытпа өндірісі
Темір және құрамында темір бар өзге де кеуекті бұйымдарды тікелей қалпына келтіріп, құрамында темір бар бұйымдар жасау
Электролиз жолымен немесе өзге де химиялық процестер нәтижесінде таза темір өндіру
Түйіршіктелген темір және темір ұнтағын өндіру
Болат құймаларды немесе өзге де бастапқы пішіндерді өндіру
Болаттан жасалған жартылай дайын бұйымдар өндірісі
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген және суықтай илектелген жалпақ илектелген бұйымдар өндірісі
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген шыбықтар өндірісі
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген қуыс бұйымдар өндірісі
Пакеттелген болат табақтар мен дәнекерленген жіктері ашық бұйымдар өндірісі
Болаттан жасалған теміржол материалдарының (құрастырмалы рельс) өндірісі

Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, профильдер, фитингтер өндірісі

2420

Ыстықтай илемдеу тәсілімен, ыстықтай сығымдаумен немесе ыстық сығымдау немесе ыстықтай илектелген шыбық, құймалар сияқты жартылай фабрикаттарды ыстықтай өндеуді немесе үздіксіз құюды қамтитын өзге де тәсілдермен одан әрі өңдеу үшін тұтас тартылған құбырлар мен көлденең және көлденең емес қималы құбырлар және көлденең қималы дайындамалар өндірісі
Кейіннен көлденең қималы құбырларды суықтай илектеу немесе суықтай созу тәсілімен және тек көлденең емес қималы құбырларды және қуыс профильдерді суықтай созу тәсілімен өңдеу жолымен ыстықтай илектелген немесе ыстықтай сығымдалған дайындамалардан жасалған мөлшері белгіленген және белгіленбеген тұтас тартылған құбырлар өндірісі
Тегіс ыстықтай илектелген жалпақ бұйымдардан суық тәсілмен өндірілген, ұзына бойы немесе спираль бойымен дәнекерленген сыртқы диаметрі 406,4 мм астам немесе одан кем дәнекерлеу құбырларының өндірісі
Үздіксіз құю немесе ыстықтай қалыптау тәсілімен және ұзына бойы немесе спираль бойымен дәнекерленген және ыстықтай илектелген немесе суықтай илектелген, ұзына бойы дәнекерленген жолақтардан ыстықтай немесе суықтай қалыптаумен жасалған көлденең емес қималы сыртқы диаметрі 406,4 мм немесе одан кем көлденең қималы дәнекерлеу құбырларының немесе суықтай илектелген жалпақ бұйымдар өндірісі
Сыртқы диаметрі 406,4 мм немесе одан кем, илектелген, ыстықтай немесе суықтай қалыптау жолақтарынан жасалған және одан әрі суықтай илектеу тәсілімен немесе суықтай қалыптау тәсілімен көлденең емес қималы құбырлар түрінде өңдеу үшін ұзына бойы дәнекерленген дәнекерлеу құбырларының өндірісі
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген жалпақ бұйымдарды өңдеу жолымен жалпақ болат фланецтер мен қамыттары бар фланецтер өндірісі
Жікті дәнекерлеу үшін иінді келтеқұбыр сияқты гарнитура және қалыптау жолымен болаттан жасалған ыстықтай илектелген жіксіз құбырлар өндірісі
Бұрандалы құбырлар және болаттан жасалған өзге де құбырлар немесе гарнитура

23

Электр жабдықтар және электр өткізгіш өндірісі

Электр моторлар, генераторлар және трансформаторлар өндірісі

2711

Электр моторлар өндірісі (іштен жану қозғалтқыштарын қоспағанда)
Таратушы электр трансформаторлар өндірісіАргонмен дәнекерлеу трансформаторларының өндірісі
Флюоресцирлеуші бареттерлер (яғни трансформаторлар) өндірісі
Электр энергиясын таратуға арналған трансформаторлық қосалқы станциялар өндірісі
Электр кернеуін беру және тарату реттегіштерінің өндірісі
Күштік генераторлар өндірісі (іштен жану қозғалтқыштарына арналған аккумуляторлық батареяны зарядтауды қоспағанда)
Генераторлық агрегаттар өндірісі (генераторлық қондырғының беретін блогын қоспағанда)
Жүзбелі балық зауыттарындағы зәкірге арналған орау құрылғысы

Электр өткізгіш және кабельдің басқа түрлерінің өндірісі

27320

Алюминийден және мыстан жасалған тоқ жүретін желілері бар өткізгіштер мен кабельдер өндірісі

Электр таратушы және реттеуші аппаратура өндірісі

2712

Электр қоректендіргішті ажыратқыштар өндірісі
Электр желісіне арналған желілік сүзгілер өндірісі (өндірістік-тарату тізбегі үшін)
Электр кернеуін таратуға арналған бақылау панельдерінің өндірісі
Электр релесі өндірісі
Электрлік тарату қалқандарына арналған кабель өндірісі
Электр детонаторлар өндірісі
Қуатты ауыстырып қосуға арналған жабдықтар өндірісі
Электр энергетикалық жүйеде ауыстырып қосуға арналған жабдықтар өндірісі (іске қосу кнопкаларын, ажыратқыштарды, соленоидтарды, тумблерлерді қоспағанда)
Бастапқы энергия көздерінің өндірісі

Электродты өнім өндірісі

27901

Электродты масса

24

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

Өзге де крандар мен вентильдер өндірісі

2814

Реттеуші клапандар мен су жинау крандарын қоса алғанда, өнеркәсіптік крандар мен вентильдер өндірісі
Қолжуғыштардың крандары мен вентильдерінің өндірісі
Ыстық суға арналған крандар мен вентильдер өндірісі

Гидравликалық жабдықтар өндірісі

2812

Гидравликалық және пневматикалық компоненттер өндірісі (гидравликалық моторларға арналған гидравликалық помпаларды, гидравликалық және пневматикалық цилиндрлерді, клапандарды, шлангілер мен гарнитураны қоса алғанда)
Пневматикалық жүйелерде пайдалану үшін сығылған ауаны тазалауға арналған пневматикалық жабдықтар өндірісі
Гидравликалық жүйелер өндірісі
Гидравликалық трансмиссиялық жабдықтар өндірісі
Көлемді гидроберіліс аспаптарының өндірісі

Ауыл шаруашылығы машиналарын шығару

28302

Көгал шалғыларын қоса алғанда, шалғыларды шығару
Өздігінен зарядталатын немесе автоматты түрде түсіретін ауыл шаруашылығы трейлерін немесе жартылай тіркемелерін шығару
Топырақты дайындауға, тыңайтқыш себуге немесе енгізуге арналған ауыл шаруашылығы техникасын: соқаларды, тыңайтқыштар бөлгіштерді, себу агрегаттарын/сепкіштерді, тырмаларды және т.б.шығару
Жинауға және жармалауға арналған техника: жинау машиналарын, астық бастырғыштарды, сұрыптағыштарды және т.б. шығару
Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған бүрку техникасын шығару
Жұмыртқаларды, жемістерді және т.б. тазалауға, сұрыптауға немесе өңдеуге арналған машиналар шығару

Көтергіш крандар өндірісі

28224

Лифт өндірісі

Сүзгіш және тазалау жабдықтарын өндіру

28292

ЛОС-Ем ыдыстары
ЛОС-К жалпы мақсаттағы камералары
ЛОС-П құм тұзағы
ЛОС-Н мұнай ұстағышы
КНС кәріздік сорғы станциясы
ЛОС-Био биологиялық тазарту қондырғысы

Автомобильдердің өзге де бөліктері мен керек-жарақтарының өндірісі

2932

Автомобильдердің әртүрлі бөліктері мен керек-жарақтарының: тежегіштер, беріліс қораптары, көпірлер, жүріс дөңгелектері, аспалы амортизаторлары, радиаторлар, сөндіргіштер, пайдаланылған газды шығаратын түтіктер, каталитикалық түрлендіргіштер, ілініс тораптары, руль дөңгелектері, руль колонкалары, рульдік механизмнің қораптары өндірісі
Автомобиль шанақтарына арналған бөлшектер мен керек-жарақтар: қауіпсіздік белдіктері мен жастықтар, есіктер, бамперлер өндірісі
Автомобильдерге арналған орындықтар өндірісі

Автомобильдер мен басқа да моторлы көлік құралдарының өндірісі

2910

Өзге де автокөлік құралдары: өрт сөндіру машиналары, жедел жәрдем машиналары, көшелер мен жолдарды жинауға арналған машиналар өндірісі
Автокөлік құралдарына арналған қозғалтқыштар өндірісі
Автокөлік құралдарына арналған шасси өндірісі

25

Өзге де көлік құралдарының өндірісі

Теміржол локомотивтерінің және жылжымалы құрам өндірісі

3020

Теміржол немесе трамвай локомотивтеріне немесе жылжымалы құрамдарға арналған мамандандырылған жиынтықтауыштар: біліктер, осьтер, шпиндельдер, дөңгелектер, тежегіштер және оларға арналған жиынтықтауыштар; иінтіректер, муфталар және жалғастырушы құрылғылар, буферлер мен жиынтықтауыштар; амортизаторлар; фургондар мен локомотивтердің негіздерін; шанақтар және т.б. шығару
Тау-кен өнеркәсібі үшін рельстік арбалар мен локомотивтер шығару
Механикалық және электромеханикалық сигнал беру жабдықтарын, теміржол, трамвай, ішкі су жолдарында, автотрассаларда, тұрақтарда, ұшу алаңдарында және т.б. қауіпсіздікті бақылауға және қозғалысты басқаруға арналған жабдықтарды шығару
Теміржол вагондарына арналған орындықтар шығару

26

Велосипедтер, арбалар

Велосипедтер және мүгедектерге арналған арбалар/креслолар өндірісі

3092

Моторсыз велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді, тандемдерді, балалар велосипедін және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, өзге де ұқсас көлік құралдарының өндірісі
Велосипедтерге арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі
Қосалқы моторы бар велосипедтер өндірісі
Пластик велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, жүргізу үшін дөңгелегі бар ойыншықтар өндірісі
Моторлы немесе моторсыз мүгедектер арбасының өндірісі
Мүгедектер арбасына арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі
Балалар арбасының өндірісі

27

Фармацевтика

Фармацевтикалық препараттар өндірісі

2120

Дәрі-дәрмектер: иммундық сарысулар және т.б.; вакциналар; гомеопатиялық препараттарды қоса алғанда, әртүрлі дәрі-дәрмектер өндірісі
Сыртқа қолдануға арналған химиялық контрацептивті өнімдер мен гормоналды контрацептивтер өндірісі
Жүктілік тестілерін қоса алғанда, медициналық диагностикалық препараттар өндірісі
Радиоактивті заттарды анықтауға арналған диагностикалық препараттар өндірісі
Биологиялық фармацевтикалық препараттар өндірісі
Мақта, дәке, дәке таңғыштар, бандаж және т.б. сияқты медициналық таңу материалдары өндірісі

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі

2110

Дәрі-дәрмектер: антибиотиктер, негізгі витаминдер, салицил және O-ацетилсалицил қышқылдары және т.б. өндіру үшін пайдаланылатын медициналық фармакологиялық препараттар өндірісі
Қанды қайта өңдеу
Химиялық таза қант жасау
Жануарлар шикізатынан эндокринді препараттар жасау (бездерді қайта өңдеу және бездер мен т.б. экстрактілер жасау)

28

Басқа тауар позициялары

Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарының өндірісі

1396

Тоқылғаннан басқа жабысқақ негіздегі матаны қоса алғанда, сығылған маталар өндірісі
Сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған маталар өндірісі
Металл қосып иірілген жіп, резеңке жіптерді және тоқыма жіптер, тоқыма иірімжіп немесе сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған баулар өндірісі
Беріктігі жоғары материалдан резеңке маталар жасау
Жадағайлық мата, өрт сөндіруге арналған түтіктерге/шлангілерге арналған, тор көзді мата, икемді киім өндірісі

Зергерлік бұйымдар өндірісі

3212

Қолдан өсірген інжу өндірісі
Тастар мен синтетикалық және өңделген асыл және жартылай бағалы тастарды өнеркәсіптік өңдеуді қоса алғанда, өңдеу сатысында асыл және жартылай бағалы тастар өндірісі
Гауһар өңдеу
Қымбат бағалы металдардан және қымбат бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан немесе асыл және жартылай қымбат бағалы тастардан немесе қымбат бағалы металдар мен асыл немесе жартылай қымбат бағалы тастардың немесе өзге де материалдардың комбинациясынан жасалған құнды заттар жасау
Қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан зергерлік бұйымдар: асхана ыдыстарын, ұсақ және жалпақ ыдыстар, шұңғыл ыдыс, туалет керек-жарақтарын, кеңсе немесе үстел бұйымдарын, діни қызметтерде салт-жоралғы үшін пайдалануға арналған бұйымдар және т.б. жасау
Қымбат бағалы металдардан техникалық және зертханалық керек-жарақтар (құралдар мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда): тигель, шпательдер, гальван бүркілген анодтар және т.б. жасау
Қолсағаттарға, бауларға, білезіктерге және табакеркаларға арналған қымбат бағалы металл білезіктер жасау
Металдан жасалған қымбат бағалы дербес және қымбат бағалы емес бұйымдарды нақыштау

Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар өндірісі

3250

Хирургиялық салфеткалар, стерильді жаймалар мен бинттер өндірісі
Сүйектерді бекітуге арналған пластиналар мен бұрандалар өндірісі
Тіс техникалық зертханаларда жасалған тіс протездері, көпірлер және т. б. өндірісі
Ортопедиялық құрылғылар мен протездер өндірісі
Көз протездерін жасау
Офтальмологиялық бұйымдар, көруді түзетуге арналған көзілдіріктер, күннен қорғайтын көзілдіріктер, көзілдіріктерге арналған линзалар, жанаспалы линзалар, қорғаныш көзілдіріктер өндірісі
Шприцтер, инелер, катетерлер, канюль және т. б. өндірісі
Стоматологиялық зертханалық пештер өндірісі
Ультрадыбыстық тазалауға арналған зертханалық жабдықтар өндірісі
Зертханалық стерилизаторлар өндірісі
Стоматологиялық құралдар өндірісі
Медициналық термометрлер өндірісі
Зертханалық дистилляторлар, зертханалық центрифугалар өндірісі
Медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге де аспаптар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі
Операциялық үстелдер, қарау үстелдері, механикалық құрылғылары бар аурухана төсектері, ішіне салынған стоматологиялық жабдықты қоса алғанда, стоматологиялық креслолар сияқты медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз өндірісі



Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өнімдерді өндіру

3299

Жеке қорғаныш құралдары, респираторлар және т. б. өндірісі.

29

Білім беру

Тұрғын үйдің басқа түрлерінде көрсетілетін қызметтер

5590

Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау

Білім беру

85

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау

30

Туризм*

Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы

5510

Орналастыру орындарын (қонақ үйлер, санаторийлер, люкс класты қонақ үйлер, мотельдер) салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

5520

Орналастыру орындарын салу (балаларға арналған немесе басқа демалыс үйлері, пәтерлер мен қонақтар үшін бунгалолар, жинау немесе тамақтандыру қызметтерін көрсетпейтін коттедждер мен үйлер, жастар туристік лагерьлері, таудағы турбазалар және т.б.)

Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер

5530

Орналастыру орындарын салу (кемпингтер, трейлер парктері, ойын-сауық қалашықтары, аң аулау немесе балық аулау үшін пайдаланылатын жерлер, автомобиль демалысына арналған үй-жайлар мен керек-жарақтар)

Аурухана ұйымдарының қызметі

8610

Санаторий-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау

Басқа санаттарға жатқызылмаған жерүсті жолаушылар тасымалдарының басқа түрлері

4939

Тау шаңғысы курорттарын салу, егер қалалық және қалааралық көлік тасымалдары жүйесіне кірмейтін болса, конвейерлерді, аспалы жолдарды, тау шаңғысы көтергіштерін және аспалы көтергіштерді басқару

31

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

86

Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жабдықтау

32

Көлік және қоймалау**

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

52

Көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу

33

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

Тас көмірді байыту ***

05.10.3

Сапасын жақсарту, оны тасымалдау немесе сақтауды жеңілдету үшін тас көмірді жуу, ірілігі бойынша бөлу, ұсақтау, сығымдау және т. б.

      * Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматының таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай, Нарынқол аудандары) іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

      ** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.

      *** Үйінділерден алынған тас көмір.

  "Бизнестің жол қартасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

Өтініш

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама)/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігіне (бұдан әрі – Тетік):

      (қажетті бағытты белгілеңіз)


Бағдарлама шеңберінде "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты


Тетік шеңберінде басым жобаларға кредит беру

      шеңберінде қатысу және ____________ жылғы № ____ банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты негізінде берілген кредит/қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін мынадай шарттарда субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алу мақсатында:

Кредиттің нысаналы мақсаты


Кредит/лизинг сомасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредит валютасы


Кредит/лизинг мерзімі


      субсидиялауды мақұлдаған жағдайда, кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша номиналдық сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламаға/Тетікке қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      _______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні) мөр орны (бар болса)


  "Бизнестің жол қартасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      Қайда: ____________________________ қаржы агенттігі

      Кімнен ______________________ (бұдан әрі – кәсіпкер)

№ __________сауалнама-өтініш

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 №225 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қаржы агенттігінің _____________________ жөніндегі уәкілетті органының қарауына шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:

      1. Бағдарламаның/Тетіктің бағыттары (бағытты "v" белгісімен белгілеу керек)


Бағдарлама шеңберінде "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты


Тетік шеңберінде басым жобаларға кредит беру

      2. Кредиттік желі ашу/банктік қарыз беру туралы мәліметтер

Банктің атауы


Кредиттің нысаналы мақсаты


Кредит/лизинг сомасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредит валютасы


Кредит/лизинг мерзімі


Бағдарлама шеңберінде өзінің қатысуы*


      *Сомасы 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-інен төмен болмайтын деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Кредит бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      3. Кредиттік қаражатты болжамды игеру

Сома (Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – БҚШ/Транш)

Айы. Жыл

1

2







      4. Қатысушы туралы мәліметтер

Кәсіпкердің атауы


Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні және мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


Жұмыс тәжірибесі


      5. Басшылық

      Бірінші басшы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Лауазымы


Жұмыс/үй телефон нөмірі (бұдан әрі – жұм/үй тел.)


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Байланыс жасайтын адам

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, телефоны


      6. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акцииялардың 5% және одан көп процентіне иелік ететін акционерлер)

 Атауы/Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

%

Деректемелері

1

2

3
















      7. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің/ оның ішінде әйелдердің нақты саны


Жобаның атауы (қысқаша сипаты)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


      8. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (қызмет көрсететін банктердің барлығындағы ағымдағы және жинақ шоттарының бәрін көрсету керек):

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      9. Тарих

      Кәсіпкер жұмысының процесінде пайдаланылған банктік несиелердің, лизингтік мәмілелердің өтелгендерінің де, қазіргі уақытта өтелмегендерінің де барлығы көрсетіледі.

Кредитор / Лизинг беруші

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

БҚШ/қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – ҚЛШ) бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.







      10. Қолданыстағы кредиттер/қолданыстағы лизинг туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы:

      ___________/___________.

Р/с № Банк/лизингтік компания БҚШ/ҚЛШ деректемелері (№, күні) Сыйақы мөлшерлемесі, % Кредит/лизинг валютасы Кредит/лизинг сомасы Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы Кредит/ лизинг мерзімі аяқталатын күн Кредит/ лизинг мақсаты (қысқаша сипаты)
1 2 3 4 5 6 7 8 9



























      11. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға және Кәсіпкерге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шараларына қатысуы туралы ақпарат

Р/с
Мемлекеттік бағдарлама/ мемлекеттік қолдау шарасының атауы Мемлекеттік даму институтының атауы Қосымша ақпарат
1 2 3 4








      12. Кепілдіктер мен келісімдер

      Кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агенттігінің сұратуы бойынша қаржы агенттігіне берілетін (берілген) немесе табысталатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс әрі төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қаржы агенттігіне дереу хабарлауға міндеттенеді.

      2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпиясы бар кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға міндеттенеді.

      3. Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкер жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған уақытта осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен келіседі, бұл ретте қаржы агенттігі өтінішті кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      Осы өтініш арқылы Кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегілермен келісетінін растайды:

      1. Қаржы агенттігі тексеру және қарау мақсатында осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер берген құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана беріледі.

      3. Қаржы агенттігі Кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал Кәсіпкер берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде де қаржы агенттігінде сақталады.

      4. Қаржы агенттігі осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.б.) қаржы агенттігінің субсидиялауды беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен қаржы агенттігіне талап-арызы болмайды.

      13. Қосымшалар

      (________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      __________________________________________________ ____________

      Кәсіпкердің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні)

  "Бизнестің жол қартасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 6-қосымша
  Нысан

20__ жылғы "__" ______

Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС)
"_____________________________"
Көшірме: акционерлік қоғам (екінші
деңгейдегі банк)/жауапкершілігі
шектеулі серіктестік (лизингтік компания)
"_____________________________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысының _________ бағыты шеңберінде қаржы агенттігі уәкілетті органының отырысында қарағанын және 20___ жылғы "___" _________ мақұлдағанын хабарлайды.

      Өңірлік филиал директоры _______________________________________________

  "Бизнестің жол қартасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 7-қосымша
  Нысан

20__жылғы "__" ______

Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС)
"_____________________________"
Көшірме: акционерлік қоғам (екінші
деңгейдегі банк)/жауапкершілігі
шектеулі серіктестік (лизингтік компания)
"_____________________________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 қаулысының _________ бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын қаржы агенттігі уәкілетті органының отырысында қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1. _____________________ бас тартылсын (бас тарту себебі).

      2. _____________________ ұсынылсын.

      Өңірлік филиал директоры _______________________________________________

  "Бизнестің жол қартасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 8-қосымша
  Нысан

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/өкілетті органға ____________ бастап _____________ аралығындағы кезеңдегі субсидиялау туралы есеп

Банк/даму банкі/лизингтік компанияның атауы Кәсіпкер жүгінген орын Кәсіпкердің атауы Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – БҚШ)/ қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – ҚЛШ) (транш) нөмірі БҚШ/ҚЛШ (транш) күні Кредит/лизинг (транш) сомасы, теңге
1 2 3 4 5 6






Кредит/лизинг (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржылық агенттік аударған субсидиялар сомасы, теңге

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялар сомасы, теңге

7

8

9

10

11






      Ескертпе:

      *Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау жобалары, сондай-ақ БЗЖҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша, субсидиялау туралы есеп Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға осыған ұқсас нысанда жеке ұсынылады.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
9-қосымша

Экономиканың ең көп зардап шеккен секторларының тізбесі

      Ескерту. Қағидалар 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.10.2020 № 679 қаулысымен.

Р/с №

ЭҚЖЖ

Қызмет түрлері

1

2

3

1.

45.11.2

Сауда алаңы 2000 ш.м. аз сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

2.

45.11.3

Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

3.

45.20

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

4.

45.32.1

Сауда алаңы 2000 ш.м. аз сауда объектілерінде автомобильдерге арналған бөлшектерді, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату

5.

45.32.2

Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілерінде автомобильдерге арналған бөлшектерді, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату

6.

47

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда)

7.

49.4

Жүк автомобиль көлігінің қызметі және көшу бойынша қызметтер ұсыну

8.

51.10

Әуе жолаушылар көлігінің қызметі

9.

52.23.2

Әуежайлар қызметі

10.

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтерін ұсыну

11.

56.10

Мейрамханалар қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді ұсыну

12.

58.2

Бағдарламалық қамтылымды шығару

13.

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

14.

62.01

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

15.

68.20

Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда, сауда желілері мен стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, коммерциялық үй-жайларды (сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда объектілері) жалға беру)

16.

69.10

Құқық саласындағы қызмет (заң консультанттары)

17.

70.22

Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша консультация беру және басқару мәселелері бойынша басқа да консультациялар беру

18.

71.20.1

Санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметі

19.

79.1

Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі

20.

85.10

Мектепке дейінгі білім беру (жеке меншік мектепке дейінгі (бастауышқа дейінгі) білім беру)

21.

85.20

Бастауыш білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

22.

85.3

Орта білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

23.

86.10

Аурухана ұйымдарының қызметі (жеке ұйымдар)

24.

86.10.3

Санаторийлік-курорттық ұйымдардың қызметі

25.

86.2

Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет (жеке ұйымдар)

26.

90.04

Концерттік және театр залдарының қызметі

27.

93.13

Фитнес-клубтардың қызметі

28.

96.01

Тоқыма және үлбір бұйымдарды жуу және (химиялық) тазалау

29.

96.02

Шаштараз және сұлулық салондарының қызмет көрсетуі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін ислам банктерінің/исламдық лизингтік компанияның қаржыландыруы бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетіктерін айқындайды.

      2. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – қаланың/ауданның Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, облыс әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – жергілікті атқарушы органның Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      4) банк-төлем агентi – исламдық лизингтік компанияның қаржы агенттігімен келісілетін және исламдық лизингтік компаниялардың исламдық лизинг шарттары бойынша субсидиялар сомасын аударуға және есептен шығаруға арналған исламдық лизингтік компанияның арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;

      5) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше қаржыландыру алуға болады);

      6) ислам банкі – лицензия негізінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      7) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін беруі және/немесе ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлікті (лизинг нысанын) беруі;

      8) исламдық лизингтік компания – өз қызметін "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын, Бағдарламаға қатысушы заңды тұлға;

      9) исламдық лизинг шарты – исламдық лизингтік компания кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен беретін исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім;

      10) исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – қаржы агенттігі кәсіпкерді уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін ішінара субсидиялайтын қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім;

      11) кәсіпкер – өз қызметін Кодекске сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      12) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      13) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді не кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарында мүлік береді (қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады);

      14) мемлекеттік даму институттары – экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      15) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      16) субсидиялау – кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны, ол кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындауға айырбас ретінде қаржыландырулар бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі ретінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылады;

      17) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      18) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдау алуға өтінім, ондағы ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады;

      19) электрондық құжаттар топтамасы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және мәліметтерін (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар;

      20) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      3. Субсидиялау кәсіпкерлер қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігі/жалдау төлемінің бір бөлігі ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қаржы агенттігінің көрсетілген қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      5. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне өзара жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде аударады (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      6. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2020" мемлекеттік бағдарламасы) шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша қабылданған міндеттемелерді қаржыландыру жүзеге асырылады.

      Субсидиялауға бөлінген және "БЖК-2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде пайдаланылмаған қаражат Бағдарлама шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға, сондай-ақ "БЖК-2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бұрын мақұлданған және қол қойылған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.

      Бұрын бекітілген "БЖК-2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Бағдарлама бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған субсидиялау шарттары кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Қаржыландырудың кез келген ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі тиіс.

      7. Бағдарламаға мына кәсіпкерлер қатыса алмайды:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;

      2) мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;

      3) қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;

      4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) болып табылатын кәсіпкерлер, олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жекеменшік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдар.

2-тарау. Бағдарламаның "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      Ескерту. 2-тарау алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

3-тарау. Бағдарламаның "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      25. Мыналарды:

      1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жобаларды салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      26. Мыналар:

      1) мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған қаржыландыру;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.

      Ислам банкі/исламдық лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылы кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      27. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ жаңғыртуға, айналым қаражатын толықтыруға және өндірісті кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      28. Бұдан бұрын, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға бұрын берген қаржыландыруда жаңа қаржыландыруға жатады.

      29. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 8 (сегіз) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг/қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      30. Егер кредит беру негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде, бірақ кредит сомасының немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатының немесе мөлшері 500 (бес жүз) млн. теңгеден аспайтын кредиттің 30 %-ынан асырмай жүзеге асырылса, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      31. 100 % айналым қаражатын толықтыруға жұмсалған 500 (бес жүз) млн. теңгеге дейін кепілдік беру құралын қолдану арқылы қаржыландырған кезде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға (кредиттерге, қаржыландыру шарттарына немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруымен байланысы жоқ басқа да мақсаттарды қоспағанда) рұқсат етіледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      32. 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден жоғары қаржыландырулар бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің қаражатымен (ақша қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      33. Қаржыландыру бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      34. Бұл ретте сомасы 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден аспайтын қаржыландырулар бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      35. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландырудың/исламдық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 7 млрд. теңгеден аспайды және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиторлық берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жекелеген кәсіпкерлік субъектілері кредиттерінің/қаржылық лизинг шарттарының жиынтық портфелі 100 (жүз) млрд. теңгеден аспауға тиіс.

      Бұл ретте 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау Бағдарламаның бұрын мақұлданған шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225; 30.07.2020 № 491 қаулыларымен.

      36. Қаржыландыру бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      2018 жылғы 27 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылға мақұлданған жобалар бойынша қаржы агенттігі ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша 2 (екі) жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап 5 (бес) жылдан аспайды).

      Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін 3 (үш) жыл өткеннен кейін ұзарту қаржы агенттігі мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын қаржы агенттігіне қарауға берілген ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.

      Қаржы агенттігінің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниясының/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.

      Төтенше жағдайдың/ахуалдың енгізілуіне байланысты кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде субсидиялау мерзімі ұсынылған кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      37. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау тауардың номиналды үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      38. Бағдарлама шеңберінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) кәсіпкердің бастамасымен қаржыландыру талаптарының (исламдық лизинг шарттарының) өзгеруіне байланыстыларды;

      2) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг (жалдау) нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      39. Қаржы агенттігі ағымдағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер қаржы агенттігінен қол қойылған шарт алынған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуі тиіс.

      40. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 39-тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      41. Заманауи форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі, мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс:

      1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында – сауда ауданы кемінде 3 (үш) мың шаршы метр;

      2) облыстарда – кемінде 1 (бір) мың шаршы метр.

      42. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес лизингтің мынадай: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг, таза лизинг және исламдық лизинг нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады.

4-тарау. Бағдарламаның "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      Ескерту. 4-тарау алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

5-тарау. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      61. Кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға:

      1) жаңа қаржыландыру бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда қаржыландыру беруге (ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) арналған өтінішпен;

      2) қолданыстағы қаржыландыру бойынша осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алу ниеті туралы ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны хабардар ететін өтінішпен және қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың номиналды үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішпен жүгінеді.

      62. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания жобаның қаржылық экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және қаржыландыру беру немесе қаржыландыру бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда кәсіпкерге жобаны қаржыландыруға әзір екендігі туралы жазбаша жауап жолдап, қаржы агенттігін хабардар етеді.

      63. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның оң шешімін алған кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (кәсіпкердің қолымен расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаны;

      2) 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден жоғары қаржыландыру шарттары бойынша жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері қамтылған кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспарын;

      3) өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспаған, салық органынан берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

      4) тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізілгенін растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелерін (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      5) соңғы есептік кезеңдегі валюталық түсімнің тиісті деңгейінің бар екенін растайтын құжаттарды (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      6) ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда қаржыландыруды ұсыну немесе кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатын қоса береді.

      64. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға/кәсіпкерге пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.

      65. Отырыстарды өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында айқындалады.

      66. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін жобаларды бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      67. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасы мен ақпарат түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      68. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттамаға қол қояды және ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға және кәсіпкерге осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ілеспе хатпен (бұдан әрі – тиісті хат) хаттамадан үзінді көшірме жібереді.

      69. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау шартын жасау өңірлік үйлестіру кеңесі хаттамасының қолдану мерзімі аяқталғанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен жүзеге асырылады.

6-тарау. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы кәсіпкердің электрондық өтінімді беру тәртібі

      70. Кәсіпкер "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді береді, оған мына құжаттардың электрондық топтамасы қоса беріледі:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (банктің/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің техникалық/экономикалық қорытындысы (осы құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін анықтайтын басқа құжаттар);

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      3) соңғы есептік кезеңде валюталық түсімнің тиісті деңгейде болуын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      4) ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кредит ұсыну/қаржы лизингі шартын жасау мүмкіндігі немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).

      71. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі және жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламасы, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, субъектінің кірістері, төленген салықтар туралы мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы анықталады.

      72. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуден бас тартады.

      73. Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы мақұлданған жағдайда мынадай іс-қимыл:

      1) тіркелген өтінімді Бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауға қаржы агенттігіне жіберу;

      2) кәсіпкерден түскен өтінімді қаржы агенттігінің қарауы жүзеге асырылады.

      74. Қаржы агенттігі жобаны өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      75. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі дәлелді бас тартуды жібереді.

      76. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар Бағдарлама талаптарына сәйкес келген жағдайда электрондық өтінім құжаттардың толық топтамасымен қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға жіберіледі.

      77. Қаржы агенттігі уәкілетті органының кәсіпкерлердің өтініштерін қарау тәртібі осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 5-тарауында регламенттелген.

      78. Қаржы агенттiгi уәкiлеттi органының шешiмi қаржы агенттігі уәкiлеттi органының шешiмi қабылданған күннен бастап қолданылу мерзімі 6 (алты) ай болатын тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

      79. Қаржы агенттігі ақпараттық жүйе арқылы тиісті хатпен хаттамадан үзінді көшірмені жүктейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында кәсіпкердің "жеке кабинетіне" жібереді.

7-тарау. Субсидиялау тетігі

      80. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыру шартының өтеу кестесіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      81. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қолданыстағы қаржыландыру бойынша субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін кәсіпкердің қаржыландыру шартында/исламдық лизинг шартында көзделген өзіндік құнының сомасын/жалдау төлемнің сомасын және ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын жалдау төлемін уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/қолданыстағы қаржыландырулар бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) кәсіпкердің бастамасымен қаржыландыру талаптарының (исламдық лизинг шарты) өзгеруіне байланыстыларды;

      2) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг (жалдау) нысанын арнаулы органдардың тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттеме қабылдайды.

      82. Субсидиялау шартын:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      қаржы агенттігінен хаттаманы/шешімді алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды;

      2) қаржы агенттігі:

      ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасайды.

      Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

      83. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания субсидиялау шартын осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 82-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде уақтылы жасамаса, ислам банкі/исламдық лизингтік компания Бағдарламаның қаржы агенттігін кідіріс себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.

      84. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және (немесе) субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне және Бағдарлама талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.

      85. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      86. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, қаржы агенттігі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігінің уәкілетті органына шығарады.

      87. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін, алайда субсидиялау шартының күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай, бірақ ерте дегенде қаржы агенттігінің шешімі шыққан күнінен белгіленуі мүмкін.

      88. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания дербес айқындайды. Егер қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігін есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталса, субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      89. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен түскен қаражат болған кезде төленеді.

      90. Ислам банкі қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ исламдық лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда исламдық лизингтік компаниялар жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын аудару үшін шот ашады.

      91. Бағдарлама бойынша қаржы агенттігіне қаражат аударуды Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражат қаржы агенттігі көрсеткен шотқа түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Бұл ретте төлемдер қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялау қағидаларына сәйкес аударылады.

      Ескерту. 91-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      92. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер графигін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) ислам банкінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны электрондық пошта бойынша қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

      Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі кәсіпкердің ислам банкінің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі және қаржылық жағдайының өзге де нашарлау белгілері орын алған жағдайда, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктерінен кредиттік рейтингі Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша "В" деңгейінен төмен түскен жағдайда;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген жағдайда;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциалдық нормативтер бұзылған жағдайда (бір немесе бірнеше жағдайдың орын алуы) кәсіпкердің кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) жүргізу фактісі туралы ислам банкінің/банк-төлем агентінің хабарламасы негізінде не субсидиялау шарттарына төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.

      Ислам банкінде/банк-төлем агентінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер түзетілген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер графигін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      93. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Шоттағы қаражаттың жалпы ағымдағы қалдықтарын есептен шығаруға ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның құқығы жоқ.

      94. Кәсіпкер қаржыландыру шартына/исламдық лизинг шартына өтеу графигіне сәйкес ислам банкінің/лизингтік компанияның кірісін құрайтын субсидияланбайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігін субсидияланбайтын бөлігінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға төлеуді жүргізеді.

      95. Қаржыландыру бойынша кәсіпкердің төлемді толық төлеу (өзіндік құн сомалары/жалдау төлемнің сомалары және ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын субсидияланбайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігін) фактісі бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне жатқызуға қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      96. Қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді кәсіпкер нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидия сомасы есептен шығарылған жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      97. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкер берешекті өтегенге дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай:

      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;

      2) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында лизингтік (жалдау) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      98. Қаржы агенттігі тауарларға үстеме бағаны субсидиялау бойынша ай сайын/жалдау төлемнің бір бөлігін субсидиялау бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      99. Кәсіпкердің қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шарттарының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі ислам банкі/исламдық лизингтік компания ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау төлемнің бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе өзіндік құны сомасын/жалдау төлемнің сомасын өтеу бойынша жеңілдікті кезең берген/мерзімін кейінге қалдырған кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыра алады.

      Бұл ретте жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру мерзімі қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      100. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания қолданыстағы қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шартының талаптарын (исламдық қаржыландыру кезінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/жалдау төлемнің бір бөлігі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу күні, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасымен қоса, қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігі уәкілетті органының шешім қабылдаған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетіледі.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға хаттаманың үзінді көшірмесін жібереді.

      101. Қолданыстағы қаржыландыру шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде қаржы агенттігін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін көрсетеді).

      Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.

      102. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер (-лер) дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату бойынша ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагер (-лер) дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қайта бастау мәселесі қайтадан қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.

      103. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылында жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.

8-тарау. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау тәртібі

      104. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның өтінішхаты (хабарламалары), сондай-ақ мониторинг нәтижелері негізінде қабылдайды.

      105. Қаржы агенттігі ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның хабарламалары негізінде және/немесе мониторингілеу нәтижелерінің негізінде мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану, бұл ретте субсидиялау қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына барабар тоқтатыла тұрады;

      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг (жалдау) нысанасын алмауы;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе өңірлік үйлестіру кеңесінің/қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер графигіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) кәсіпкердің төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалгерлік) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы;

      6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда, талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын талап ету фактілерін анықтаған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатады.

      106. Қаржы агенттігі осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 105-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатқан күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте қаржыландыруды мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына пропорционалды түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдалануды растайтын қаржыландырудың қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдалану мөлшеріне пропорционалды төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлемдер графигіне сәйкес жалғастырылады.

      107. Субсидиялауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылған себептерді қаржы агенттігінің уәкілетті органы қарағанға дейін кәсіпкер жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялауды қайта бастау туралы оң шешім қабылдайды.

      108. Қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін ресімдейді және тиісті хатпен ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға хабарлама жібереді.

      109. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі оларға тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлейді. Субсидиялау осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 105-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша тоқтатылған жағдайда кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге жататын субсидиялар төленеді.

      110. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.

      Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 102-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі бар қаржыландыру қайта бастауға жатпайды.

      111. Мына:

      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы қаржыландыру шарты/исламдық лизингтік шарт бойынша қаржыландыруды толық өтеген (кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыруды толық өтеген күн субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);

      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      112. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау ақысының бір бөлігін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттар) қолданыстағы қаржыландыру шарты бойынша белгілей алады.

      113. Кәсіпкер қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау төлемнің сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау төлемінің сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Сонымен бірге кәсіпкер қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау төлемінің сомасын ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыру шартына/исламдық лизингтік шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне субсидиялау шартына жасалған тиісті қосымша келісіммен қоса, қаржыландыру шартына/исламдық лизингтік шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды, төлемдерді өтеу графигін өзгертеді.

      114. Кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін/жалдау төлемнің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкерді қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасы/жалдау төлемінің сомасы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания өзара есеп айырысуды салыстырып қарау актісін қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Бұл ретте ислам банкі/исламдық лизингтік компания салыстырып қарау актісінде субсидиялардың нақты есептен шығарылған сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомалары мен күндерін көрсетеді.

      115. Нысаналы мақсатта пайдаланылмағаны анықталған кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыруды мақсатты пайдаланбау фактісін растайтын құжаттармен қоса, құжаттарды қаржы агенттігіне ұсынады.

9-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу

      116. Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатқа сай пайдалануын мониторингілеу;

      2) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;

      3) жобаның іске асырылуын (исламдық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторингілеу;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингілеу жатады.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде ислам банктері
кәсіпкерлік субъектілерін
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің кірісін құрайтын
тауардың үстеме бағасының
бір бөлігін және жалдау төлемінің
бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Кімнен _______________

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      Мына:

      (бағытты "v" белгісімен белгілеу қажет)


Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты

      шеңберінде "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу және ______________ жылғы ______________ № _________ _________________ шарттың негізінде мынадай шарттарда:

Қаржыландырудың нысаналы мақсаты


Қаржыландыру сомасы


Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша ислам банкерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/ жалдау төлемінің бір бөлігі


Қаржыландыру валютасы


Қаржыландыру мерзімі


      берілген қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алу мақсатында субсидиялау мақұлданған жағдайда қаржыландыру бойынша номиналдық (ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасын/ жалдау төлемінің бір бөлігін) Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      __________ _________ _______________________________________

      (қолы) күні (Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде ислам банктері
  кәсіпкерлік субъектілерін
  қаржыландырған кезде ислам
  банктерінің кірісін құрайтын
  тауардың үстеме бағасының
  бір бөлігін және жалдау
  төлемінің бір бөлігін
  субсидиялау қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

      Кімге: ____________________________________________ қаржы агенттігі

      Кімнен: ________________________(бұдан әрі – кәсіпкер)

№ __________ өтініш-сауалнама

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      Ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар қаржыландырған кезде Ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауарлардың үстеме бағасының бір бөлігін/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) "_______________" бағыты шеңберінде төменде жазылғандарға сәйкес Бағдарлама шеңберінде қаржыландыру бойынша ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауарлардың үстеме бағасының бір бөлігін/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қаржы агенттігінің ________________ жөніндегі уәкілетті органының қарауына шығаруға бастамашылық етді сұраймын:

      1. Бағдарламаның бағыттары (бағытты "v" белгісімен белгілеу керек)


Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты

      2. Кредиттік желі ашу/банктік қарыз беру туралы мәліметтер

Банктің атауы


Қаржыландырудың нысаналы мақсаты


Қаржыландыру сомасы, теңге


Ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасы/ жалдау ақысының бір бөлігі


Қаржыландыру валютасы


Қаржыландыру мерзімі


Өзінің қатысуы*


      * 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-інен төмен болмайтын деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Кредит бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      3. Кредиттік қаражатты болжамды игеру

Сомасы (Банктік қарыз шарты/Транш), теңге

Айы. Жыл















      4. Қатысушы туралы мәліметтер

Кәсіпкердің атауы


Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні және мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


Жұмыс тәжірибесі


      5. Басшылық

      Бірінші басшы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Лауазымы


Жұмыс/үй телефоны (бұдан әрі – жұм./үй тел.)


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты (іс жүзіндегі) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жұм./үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты жері (іс жүзіндегі)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Байланыс жасайтын адам

 Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефоны

      6. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акциялардың 5 % және одан көп процентіне иелік ететін акционерлер)

Атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

%

Деректемелері
















      7. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ-ға сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ-ға сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері


Жылдық айналымы, теңге


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны
оның ішінде әйелдер

________________________________
________________________________

Жобаның атауы (қысқаша сипаты)


Жоба іске асырылатын жер (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


      8. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (қызмет көрсететін банктердің барлығындағы ағымдағы және жинақ шоттарының бәрін көрсету керек):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      9. Кредиттік тарих/қаржыландыру тарихы

      КС жұмысының процесінде пайдаланылған банктік несиелердің/ лизингтік мәмілелердің өтелгендерінің де, қазіргі уақытта өтелмегендерінің де барлығы көрсетіледі.

Кредитор/лизинг беруші Сомасы, теңге Берілген күні Сыйақыны/банктің пайдасын өтеу шарттары Негізгі борышты/
қаржыландыруды өтеу талаптары
Банк қарызы шарты/қаржыландыру шарты бойынша өтеу мерзімі Нақты өтеу мерзімі
1 2 3 4 5 6 7

1.







2.







      10. Қазіргі кредиттер/қаржыландырулар туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы:____/____.

Р/с № Банк/Лизингтік компания Банк қарызы шартының/қаржыландыру шартының деректемелері (№, күні) Сыйақы мөлшерлемесі/банктің пайдасы Кредит қаржыландыру валютасы Кредит/қаржыландыру сомасы. теңге Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешектің қалдығы, теңге Кредит/қаржыландыру мерзімінің аяқталу күні Кредит/ қаржыландыру мақсаты (қысқаша сипаты)
1 2 3 4 5 6 7 8 9

1









2


















      11. Бсқа мемлекеттік бағдарламаларға және кәсіпкерге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шараларына қатысуы туралы ақпарат

Р/с
Мемлекеттік бағдарлама/ мемлекеттік қолдау шарасының атауы Мемлекеттік даму институтының атауы Қосымша ақпарат

1




2




      12. Кепілдіктер мен келісімдер

      Кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агенттігінің сұратуы бойынша қаржы агенттігіне берілетін (берілген) немесе табысталатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс әрі төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қаржы агенттігіне дереу хабарлауға міндеттенеді.

      2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпиясы бар кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға міндеттенеді.

      3. Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкер жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған уақытта осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен келіседі, бұл ретте қаржы агенттігі өтінішті кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      Осы өтініш арқылы Кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегілермен келісетінін растайды:

      1. Қаржы агенттігі тексеру және қарау мақсатында осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер берген құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана беріледі.

      3. Қаржы агенттігі Кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал Кәсіпкер берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде де қаржы агенттігінде сақталады.

      4. Қаржы агенттігі осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.б.) қаржы агенттігінің субсидиялауды беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен қаржы агенттігіне талап-арызы болмайды.

      ______________________________________________________________

      13. Қосымшалар

      (________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) __________________________ (қолы) күні

 
  "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

"___" ____________ 20___жылғы

Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС)
"_______________________________"
Көшірме: акционерлік қоғам (екінші
деңгейдегі банк)/жауапкершілігі шектеулі
серіктестік (лизингтік компания)
"________________________________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________ " КС жобасын "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының _________ бағытының шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысында қарағанын және " ___ "_________ 20__жылғы мақұлдағанын хабарлайды.

      Өңірлік филиал директоры _______________________________________________

  "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

"___" ____________ 20___жылғы

Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС)
"_______________________________"
Көшірме: акционерлік қоғам (екінші
деңгейдегі банк)/жауапкершілігі
шектеулі серіктестік (лизингтік компания)
"_______________________________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының _________ бағытының шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының кезекті отырысында қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1. _____________________ бас тартылсын (бас тарту себебі).

      2. _____________________ ұсынылсын.

      Өңірлік филиал директоры __________________________________________

  "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
  5-қосымша
  Нысан

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға ______________бастап______________ аралығындағы кезеңде субсидиялау туралы есеп

Ислам банкінің/ исламдық лизингтік компанияның атауы

Кәсіпкерлік субъектісі жүгінген орын

Кәсіпкерлік субъектісінің атауы

Қаржыландыру шартының (транш) нөмірі

Қаржыландыру шартының (транш) күні

Қаржыландыру (транш) сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6







Ислам банкінің/ исламдық лизингтік компания кірісін құрайтын жалдау ақысының бөлігін/ кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауарларға қосылған бағаның мөлшерлемесі (транш)

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржылық агенттік аударған субсидиялар сомасы, теңге

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялар сомасы, теңге

7

8

9

10

11







  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне қосылған эмитенттердің облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау эмитенттердің облигациялар бойынша сыйақы ретінде төленетін шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қаржы агенттiгiнiң көрсетілетін қызметтерiне ақыны республикалық бюджет қаражаты есебiнен уәкiлеттi орган төлейдi.

      5. Субсидиялауға көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне өзара жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде аударады (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді).

      уәкілетті орган қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Халық Банкінде ашылған арнайы шотына араларындағы жасалған субсидиялауға қаражат аударуға шарт (бұдан әрі – қаражат аударуға арналған шарт) негізінде аударады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      6. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      7. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган – бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      3) банк-төлем агенті – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      4) жоба – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін және кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-шаралар мен іс-қимылдар жиынтығы;

      5) кәсіпкер – өз қызметін Кодекске, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес облигациялар түрінде қаржы құралдарын шығаруды жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      6) купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау – эмитент купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар ұстаушыға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын эмитенттерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;

      7) купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар – эмитент шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген, олар бойынша қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын облигациялар;

      8) қамтамасыз етілген облигация – эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен толық немесе ішінара, үшінші тұлғалар кепілдігімен қамтамасыз етілген облигация;

      9) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдауды іске асыру мен мониторингілеуді жүзеге асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      10) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің Жарғысымен, Қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      11) қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (бұдан әрі – ҚААТЖ) – жіберілетін құжаттаманы санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғай алатын арнайы байланыс арнасы;

      12) қаржылық консультант – эмитентке жасалған шартқа сәйкес эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу мәселесі бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйым;

      13) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

      14) листинг – бағалы қағаздарды қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тiзiмiнiң санатына және (немесе) секторына енгiзу, оларды қосу және табу үшін оларда қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;

      15) облигация ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар бойынша құқығы бар тұлға;

      16) облигациялар шығарылымының проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатылуы болжанатын облигациялар, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, айналыста болу, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және инвестордың облигацияны сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      17) облигацияларды орналастыру – купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында сату;

      18) облигацияларды өтеу – орналастырылған купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды эмитенттi облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сыйақысы мен номиналды құнын төлеу жолымен (кейiннен сату мақсатынсыз) айналыстан алып қою бойынша іс-қимылы;

      19) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi – осы облигациялар эмитентінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын, бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялардың айналыста болуы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде эмитентпен жасасқан шарт негізінде купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы;

      20) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;

      21) орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығы – орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiмен өзара қарым-қатынасының шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      22) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі мен эмитент арасында жасалатын екіжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;

      23) сыйақы мөлшерлемесі – облигацияны орналастыру нәтижесінде эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигация ұстаушыға мерзімді негізде төленуі тиіс, облигациялар шығарылымының проспектісінде белгілеген пайызбен берілген сыйақы мөлшерлемесі;

      24) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      25) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ISIN) – бағалы қағаздарды және басқа да қаржы құралдарын сәйкестендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға орталық депозитарий беретiн әрiптiк-цифрлық код;

      26) эмитент – купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды шығаратын кәсіпкер.

3-тарау. Эмитенттерге қойылатын шарттар мен талаптар

      8. Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыру үшін облигациялар шығару мен орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер Бағдарлама қатысушысы бола алады.

      9. Мыналар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды:

      1) моторлы көлік құралдарын және жеке өзі өндірген жүзімнен шарап өндіруді және дәрілік зат ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын эмитенттер;

      2) ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын эмитенттер;

      3) қиыршық тасты және құмды карьерлерді игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьерлерді игерудегі жобаларды іске асыруды жоспарлайтын эмитенттер;

      4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылатын эмитенттер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдар.

4-тарау. Субсидиялау шарттары

      10. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын эмитент облигациялары шығарылымының жиынтық номиналды құны бір эмитент үшін 7 млрд. теңгеден аспайды.

      Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне жататын барлық эмитенттердің облигациялар шығарылымының жиынтық номиналды құны 100 (жүз) млрд. теңгеден аспауға тиіс.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      11. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін және облигациялар шығарылымының проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты:

      1) ұйымдардың үлесін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешендер ретінде кәсіпорындарды сатып алу;

      2) айналым қаражатын толықтыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге бірақ облигациялар шығарылымының жиынтық номиналды құнының 30 % аспайтын облигациялар шығару шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыру деп көрсетілген облигацияларды қоспағанда, осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шеңберінде субсидияланатын жобалар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      12. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау облигациялар шығарылымының проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты заманауи форматтағы сауда объектілерін салу болып табылатын облигациялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Сауда объектілері мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда:

      1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сауда ауданы 3 (үш) мың шарты метрден кем болмауы;

      2) облыстарда сауда алаңы 1 (бір) мың шаршы метрден кем болмауы тиіс.

      13. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі 7 (жеті) пайыздық тармақты құрайды.

      14. Орналастырылған облигациялар (эмитент сатып алғандарын шегергенде) бойынша есептелген сыйақы мөлшерлемесі ғана субсидиялауға жатады.

      15. Субсидиялау эмитенттің мүлкімен ішінара немесе толық немесе үшінші тұлғалардың кепілдігімен қамтамасыз етілген облигациялар бойынша ғана жүзеге асырылады.

      16. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды шығару проспектісіне, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, бүкіл субсидиялау мерзімі ішінде қаржы агенттігінің уәкілетті органымен келісу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      17. Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды, бірақ облигациялар айналымы мерзімінен аспайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      Қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі субсидиялау кезінен бастап 5 (бес) жылдан, бірақ облигация айналымы мерзімінен аспайтын жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қою кезінен бастап белгіленеді.

      Төтенше жағдайдың/ахуалдың енгізілуіне байланысты кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде субсидиялау мерзімі ұсынылған кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      18. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды облигацияларды шығару проспектісінде сыйақыны төлеу кезеңділігі жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және бір айда 30 (отыз) күнге есептегенде жылына екі реттен аспайды деп белгіленген облигациялар бойынша ғана жүзеге асыруға болады.

      19. Эмитенттің купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде есепке алынады. Купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялармен жасалған мәмілелерді тіркеу бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде қарастырылған тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесі) жүзеге асырылады.

      20. Эмитент купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды ұстаушылардың өкілін таңдауды бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және/немесе брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушылары қатарынан дербес жүзеге асырады. Бұл ретте, облигацияларды ұстаушылардың өкiлi эмитенттің үлестес тұлғасы болмауға тиіс.

5-тарау. Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылының тәртібі

      21. Кәсіпкер немесе қаржылық консультант субсидиялауды алу үшін қаржы агенттігіне субсидиялау шартының жобасын жібереді, оған мынадай құжаттар топтамасын (басшының мөрі және қолымен расталған көшірмелер) қоса тіркейді:

      1) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша эмитенттің өтініш-сауалнамасы;

      2) облигациялар бойынша қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар;

      3) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінім туралы ақпарат (эмитенттің қолы қойылған);

      4) облигация шығарылымы проспектісінің жобасы;

      5) эмитент уәкілетті органының облигациялар шығару туралы шешімі;

      6) эмитентті мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (анықтама);

      7) егер эмитенттің негізгі қызметі лицензиялануы тиіс болса, лицензиялар;

      8) барлық өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен жарғы/құрылтай шарты (акционерлік қоғам акцияларды шығару проспектісін және бағалы қағаз ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені қосымша ұсынады);

      9) жүгінген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын берілген бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы салық органының анықтамасы;

      10) соңғы 3 (үш) қаржы жылы бойынша салық декларацияларының көшірмелері(егер кәсіпкердің жұмыс істеу мерзімі 3 (үш) жылдан кем болса, соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесі);

      11) қаржылық консультанттың эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы қорытындысы.

      22. Қаржы агенттігі құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде:

      1) құжаттар топтамасының толықтығын тексереді (құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, бес күндік мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін оларды эмитентке қайтарады);

      2) облигациялар шығару проспектісі жобасының нысаналы мақсатын Бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      3) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша эмитенттің жобасын толық құжаттар топтамасымен қоса қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      23. Отырыстар өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны, сондай-ақ эмитенттердің жобаларын қарауға арналған тиісті нысандар қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен айқындалады.

      24. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда қарайды.

      25. Қаржы агенттігі өзінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама рәсімдейді, оған қол қояды және ілеспе хатпен қоса, хаттамадан үзінді көшірмені эмитентке/қаржылық консультантқа, қор биржасына жібереді.

      26. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылдаған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      27. Қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасынан үзінді көшірме алғаннан кейін кәсіпкер эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың листингілік талаптарға сәйкестігі туралы алдын ала қорытынды алу үшін құжаттарды қор биржасына жібереді, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді өтеді, қор биржасында листинг рәсімін өтеді, қор биржасының ішкі қағидаларына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес облигацияларды орналастыруды жүзеге асырады.

      28. Субсидиялау шарты эмитент:

      1) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигация шығарылымының проспектісін;

      2) қор биржасының эмитент облигациясын биржалардың ресми тізіміне (листинг) енгізу туралы хабарламаны;

      3) эмитент пен орталық депозитарий арасында төлем агенті қызметтерін көрсетуге шарт жасалғаны туралы хабарламаны;

      4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті ұсынғаннан кейін жасалады.

      29. Эмитент осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 28-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін қаржы агенттігі мен эмитент арасында субсидиялау шарты жасалады.

      Субсидиялау шарты оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Эмитент субсидиялау шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей орталық депозитарий мен қор биржасына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің мөлшері және орналастырылған облигациялар саны туралы мәліметтерді міндетті түрде қамтитын субсидиялау шартының жасалғаны туралы хабарлама жібереді.

6-тарау. Субсидиялау тетігі

      30. Орталық депозитарий купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды орналастырған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей орталық депозитарийдің интернет-ресурсында орналастырылған купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялардың жалпы саны туралы ақпаратты орналастырады.

      31. Эмитент орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына сәйкес 6 (алты) айда бір рет не 12 (он екі) айда бір рет сыйақыны төлеу тізілімін бекіту күні орталық депозитарий шотына сыйақының толық сомасын аударады.

      32. Орталық депозитарий төлем агенті қызметтерін көрсету шартында белгіленген мерзім ішінде облигация ұстаушылардың банк шотына ақша аударуды жүзеге асырады.

      33. Орталық депозитарий эмитент төлеген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігін және негізгі қарызды (кестеде болған жағдайда) облигация ұстаушылар шоттарына аударғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей облигация ұстаушылардың өкіліне және қаржы агенттігіне (ҚААТЖ жүйесі арқылы):

      1) ISINе облигациялары;

      2) тізілімді тіркеген күнгі жағдай бойынша облигация ұстаушылар шоттарындағы облигациялардың саны;

      3) орталық депозитарий облигация ұстаушылар шоттарына аударған сыйақының жалпы сомасы;

      4) орналастырылмаған облигациялардың саны/сомасы;

      5) орталық депозитарий эмитенттен алған сома туралы мәліметтерді қамтитын субсидиялау туралы есепті жібереді.

      34. Қаржы агенттігі орталық депозитарийдің хабарламасы, ақпараты және анықтамасы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде субсидиялау бойынша бюджет қаражаты болған жағдайда облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін банктегі эмитенттің есеп айырысу шотына қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы субсидия сомасын аударады.

7-тарау. Субсидиялау шартын тоқтата тұру/қалпына келтіру/тоқтату тәртібі

      35. Эмитенттің жобасын субсидиялауды қалпына келтіруді тоқтату туралы шешімді қаржы агенттігі қабылдайды.

      36. Қаржы агенттігі мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау;

      2) жобаның және (немесе) эмитенттің Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеу;

      3) эмитенттің облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу міндеттемесін орындамау;

      4) эмитенттің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда, шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда, талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін) және/немесе эмитенттің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру фактілері белгіленген жағдайда, эмитенттің жобасын субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      37. Субсидияларды тоқтата тұру кезеңінде купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар бойынша сыйақы төлеу жүзеге асырылса, Орталық депозитарий төлем агентінің қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес облигация ұстаушыларға эмитент есебінен осы сыйақыны төлеу толық жүзеге асырылады.

      38. Қаржы агенттігі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 36-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген фактілерді анықтағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды және тиісті хатпен облигация ұстаушылардың өкілін, орталық депозитарийді және эмитентті хабардар етеді.

      Эмитент облигация бойынша купонды төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, эмитентке туындаған берешекті жабу үшін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішіндегі мерзім беріледі.

      39. Қаржы агенттігі тоқтата тұру кезеңі үшін төленбеген купонның субсидияланатын бөлігіне төлем жүргізеді.

      Субсидиялауды тоқтата тұру кезеңінде эмитентке төленбеген купонның субсидияланатын бөлігіне төлем қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін эмитент шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      40. Эмитентті субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде, қаржы агенттігі тиісті хаттармен субсидиялау шартын бұзу күнін және бұзу себептерін көрсете отырып, эмитентке, облигацияларды ұстаушылар өкіліне және орталық депозитарийге субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді.

      Тоқтатылған жобалар қайта бастауға жатпайды.

      41. Субсидиялар төлеу:

      1) эмитент облигацияларды толықтай өтеген жағдайда (егер субсидиялау мерзімі облигацияларды орналастыру мерзіміне тең болса, эмитент облигацияларды толықтай өтеген күн субсидиялауды тоқтату күні болып есептеледі);

      2) облигация шығарылымын мемлекеттік тіркеу сот шешімі бойынша жарамсыз деп танылған;

      3) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша облигация шығарылымы жойылған;

      4) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      5) эмитенттің бастамасы бойынша субсидиялау шарты бұзылған;

      6) субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      42. Эмитент облигацияларды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда қаржы агенттігін осындай өтеу күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.

      43. Эмитенттің мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған облигациялары бойынша облигациялар ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігіне облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмау фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау және/немесе жобаның Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда және қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде, эмитент қаржы агенттігі төлеген сыйақы сомасын қайтаруды жүзеге асырады.

8-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу

      44. Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингілеуді қаржы агенттігі, биржа және облигация ұстаушылар өкілі жүзеге асырады. Қаржы агенттігі мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырады.

      45. Қаржы агенттігі мониторинг шеңберінде:

      1) эмитент, облигация ұстаушылар өкілі ұсынған деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шартын жасасқан эмитенттің облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалануын мониторингілеуді;

      2) орталық депозитарий ұсынатын деректердің негізінде эмитенттің төлем тәртібін мониторингілеуді;

      3) жобаның және/немесе эмитенттің Бағдарламаның шарттарына сәйкестігін мониторингілеуді;

      4) қамтамасыз етудің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.

      46. Облигация ұстаушылар өкілі мониторинг шеңберінде:

      1) эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісімен белгіленген облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауын бақылауды;

      2) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алған ақшаларды мақсатқа сай пайдалануын бақылауды;

      3) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің жай-күйін бақылауды;

      4) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке қатысты эмитентпен кепіл шартын жасасуды;

      5) субсидиялау шартына/субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюды, субсидиялау үшін құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне жіберуді қолдап отыруды;

      6) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісі белгілеген, эмитенттің міндеттемелерді орындамау мәселелері бойынша меншігінде эмитенттің орналастырылған облигацияларының елу және одан көп пайызы бар (сатып алынғандарын есепке алмағанда) облигациялар ұстаушылардың атынан сотқа талап арыз беру арқылы шаралар қабылдауды;

      7) тоқсанына кемінде бір рет облигацияларды ұстаушыларды және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органды осы тармақтың жоғарыда аталған тармақшаларына сәйкес өзінің әрекеттері туралы және осындай әрекеттердің нәтижелері туралы ақпараттандыруды жүзеге асырады.

      47. Мониторингті жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі эмитенттен және/немесе облигация ұстаушылардың өкілінен мониторингілеу нысанасына қатысты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрата алады, жоба іске асырылып жатқан жерге барып оның іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыра алады.

      48. Мониторингті жүзеге асыру үшін эмитент облигация ұстаушылардың өкіліне жоба іске асырылып жатқан жерге бару құқығымен мониторингілеу нысанасына жататын, оның ішінде салықтық және коммерциялық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты қамтамасыз етеді.

      49. Облигация ұстаушылардың өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган актілеріне сәйкес өз әрекеттері туралы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді.

      50. Мониторингілеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі мен облигация ұстаушылардың өкілі әрқайсысы өз функциялары бөлігінде дербес белгілейді.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар бойынша
купондық сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Қайда "Даму" кәсіпкерлікті
дамыту қоры" акционерлік
қоғамының өңірлік филиалы
(бұдан әрі – "Даму" қоры)
  ________________________________
  Кімнен ___________________
  (бұдан әрі – эмитент (кәсіпкер)

№ __________сауалнама-өтініш

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) сәйкес Сізден "Даму" қорының кредиттік комитетінің қарауына төмендегіге сәйкес кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қарауға бастамашылық етуіңізді сұраймын:

      1. Қатысушы туралы мәліметтер

Эмитенттің (кәсіпкердің) атауы


Құрылтайшы (лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


Жұмыс тәжірибесі


      2. Басшылық

      Бірінші басшы

 Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер

 Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      3. Байланыс жасайтын адам

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефоны)


      4. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін - акциялардың 5 % және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)

Атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

%

Деректемелері



















      5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны

__________________________ оның ішінде
әйелдер ______________________


Жобаның атауы (қысқаша сипаттама)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


      6. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (қызмет көрсететін барлық банктердегі барлық ағымдағы және жинақ шоттарды көрсету керек):

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      7. Тарих

      Эмитент (кәсіпкердің) жұмысының процесінде пайдаланылған өтелген, сол сияқты қазіргі уақытта өтелмеген барлық банктік несиелер, лизингтік мәмілелер көрсетіледі.

Кредитор / Лизинг беруші Сомасы Берілген күні Сыйақыны өтеу шарттары Негізгі борышты өтеу шарттары Банктік қарыз шарты(бұдан әрі – БҚШ) /қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – ҚЛШ) бойынша өтеу мерзімі Нақты өтеу мерзімі
1 2 3 4 5 6 7

1.







2.







      8. Қолданыстағы кредиттер/қолданыстағы лизинг туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы:

      ____/____.

Р/с № Банк/лизингтік компания БҚШ/ҚЛШ деректемелері (№, күні) Сыйақы мөлшерлемесі, % Кредит/лизинг валютасы Кредит/лизинг сомасы Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы Кредит/ лизинг мерзімі аяқталатын күн Кредит/ лизинг мақсаты (қысқаша сипаттама)
1 2 3 4 5 6 7 8 9


















      9. Кепілдіктер мен келісімдер

      Эмитент (кәсіпкер) "Даму" қорына келесіні мәлімдейді және кепілдік береді:

      1. "Даму" қорына осы өтінішпен бірге не "Даму" қорының сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда________________________________________ дереу хабардар етуге міндеттенемін. ("Даму" қорының тиісті өңірлік филиалының атауы)

      2. "Даму" қорының алғашқы талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенетінін.

      3. "Даму" қоры көрсетілген куәландырулар мен кепілдіктердің растығын тексеруге міндетті емес.

      4. Эмитентке (кәсіпкерге) жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      5. Эмитенттің (кәсіпкердің) жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға өтініш беруіне мүмкіндік беретінін эмитент (кәсіпкер) растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте "Даму" қоры кері қайтару себептерін хабарламауы мүмкін.

      Эмитент (кәсіпкер) осы құжатпен "Даму" қорына төмендегіге келісім береді:

      1. "Даму" қоры осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен эмитент (кәсіпкер) ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсына алатынына.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ "Даму" қоры талап еткен барлық құжаттар тек Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылғандығына.

      3. "Даму" қоры эмитент (кәсіпкер) хабарлаған өзі туралы кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал эмитент (кәсіпкер) ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, "Даму" қорында сақталатынына.

      4. "Даму" қорының осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ эмитенттің (кәсіпкердің) ықтимал шығыстары (субсидия алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) "Даму" қорының субсидия беру немесе эмитент (кәсіпкер) шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайтынына.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растайтыныма, кейіннен "Даму" қорына наразылық білдірмейтініме.

      10. Қосымшалар

      (________________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      _________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні)

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар бойынша
купондық сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің өтінімдері туралы ақпарат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

Р/с № Талаптар Жоба Бағдарлама шарттарына сәйкестік
1 2 3 4

1.

Эмитент атауы



2.

Эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)



3.

Эмитенттің тіркелген күні



4.

Кәсіпкерлік субъектісі



5.

Жоба іске асырылатын жер



6.

ЭҚЖЖ саласы (5 мәндік)



7.

Жобаның атауы

1-мысал: инвестициялар (такси қызметі үшін саны 10 дана автокөлік алу)
2-мысал: Айналым қаражатын толықтыру (ет өнімдерін өндіру үшін шикізат сатып алу)
3-мысал: Инвестициялар (тігін цехының қызметі үшін тұрғын емес үй-жайды күрделі жөндеу/реконструкциялау) және т.б.
4-мысал аралас жобалар: Жер учаскесі бар өндірістік базаны сатып алу және бетон қоспаларын өндіру қызметі аясында айналым қаражатын толықтыру.


8.

Жобаның мақсаты



9.

Жобаның құны



10.

Эмитенттің облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау сомасы



11.

Эмитенттің бір облигация шығарылымының жалпы номиналды құны 7 млрд. теңгеден аспауға тиіс (асады/аспайды)

Мысалы: асады/аспайды


12.

Субсидиялау мерзімі



13.

Пайыздық мөлшерлеме



14.

Мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігі



15.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызметін жүзеге асырады

Иә/жоқ


16.

Кредиттің нысаналы мақсаты акцизделетін тауарлар/өнім шығаруды көздемеуге тиіс

Иә/жоқ


17.

Жобаны Ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген минералды шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын металлургия өнеркәсібінде іске асырады

Иә/жоқ


18.

Құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) — мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (ӘКК және МЖӘ қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылады

Иә/жоқ


19.

Ескертпе:

Мысалы:


      Жобаның ерекше шарттары: Жоба бекітілгеннен кейін нақты мерзімге дейін орындалуы тиіс ерекше шарттар. Мысалы:

      Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын облигация шығару проспектісіне субсидиялаудың бүкіл мерзімі ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және кәсіпкерлердің кредиттері бойынша міндеттемелердің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды.

      2. Кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)/"Қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларды кредиттеу тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      3. Кепілдік беру кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету құралы болып табылады және кредит ресурстарына қолжетімділікті кеңейту мен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      3-1. Кепілдік беру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты:

      Бағдарлама бойынша – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі қаржы агентіне өзара жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенде өңдеу мен өндіру, өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қаражат аударуға арналған шарттың (бұдан әрі – шарт) негізінде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты Бағдарлама/тетік шеңберінде кепілдік беру құралына жіберуге болады. Қаржы агенттігі алынған қаражатты бөлуді өңірлердің қажеттілігіне қарай дербес жүзеге асырады. Бағдарлама/тетік шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға кепілдік беруге пайдалануға болады.

      Тетік шеңберінде басым жобаларға кепілдік беру кезінде Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенде өңдеу мен өндіру, өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қаражат аударуға арналған шарт шеңберінде басым жобаларды субсидиялауға бөлінген қаражат кепілдік сомасының 20 % мөлшерінде қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударылуға жатады және шығарылған кепілдіктер үшін төлем болып табылады. Жобаны одан әрі қарау және қаржыландыру Бағдарламада көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте нарық жағдайларында ЕДБ кредиттері бойынша ҚДБ кепілдіктерін беруге жол беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      4-1. Бұрын бекітілген "БЖК-2020" мемлекеттік бағдарламасы және "БЖК-2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы 2020 жылғы 26 тамызға дейін мақұлдаған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда әрекет етеді.

      Ескерту. 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      5. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау мен жинау бойынша кәсіпкерлерге консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау мен жинау бойынша кәсіпкерлерге консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      3) банк – екінші деңгейдегі банк, оның ішінде Бағдарламаға қатысатын даму банкі/Тетікке қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      4) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – банктің кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.

      Ислам банкі үшін кредит, ислам банкі қаржыландыру шартына сәйкес кәсіпкерге ұсынатын қаржыландыру – тауар үшін төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ретінде түсініледі;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);

      5-1) жекелеген кәсіпкерлік субъектілері – қызметін Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және тамақ өнімдерінің өндірісі (ЭҚЖЖ 10), сабын және жуғыш, тазалағыш және жылтыратқыш құралдар шығару (ЭҚЖЖ 20.41), шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын шығару (ЭҚЖЖ 17.22.0), автомобиль көлігімен жүк тасымалдау (ЭҚЖЖ 49.41), қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі (ЭҚЖЖ 52), туризм (ЭҚЖЖ 55.1, ЭҚЖЖ 55.2, ЭҚЖЖ 55.3.) және жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20) салаларында жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері;

      6) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредиттер алынуы мүмкін);

      7) кәсіпкер – шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, жекелеген кәсіпкерлік субъектілері, өз қызметін Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;

      8) кепілдік – кәсіпкердің кепілдік беру сомасының шегінде кепілдік беру шартынан туындайтын, банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы үшін қаржы агенттігінің банк алдындағы жауап беру міндеттемесі;

      9) кепілдік шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк пен кәсіпкер арасында жасалатын кепілдіктер беру туралы үшжақты жазбаша келісім;

      10) кепілдіктер беру – кепілдік беру шартынан туындайтын, кәсіпкердің кепілдік беру сомасының шегінде кредит шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін қаржы агенттігінің банк алдындағы жауап беру міндеттемесі;

      11) кредит шарты – кәсіпкер мен банк арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Қайта қаржыландырылатын қарыз болған жағдайда кредиттік желі ашу туралы келісім/қосымша келісім де кредит шартына жатады.

      Ислам банкі үшін кредит шарттары бойынша қаржыландыру шарты –шарттары бойынша ислам банкі тауарды сатып алушы немесе сатушы кәсіпкерге коммерциялық кредит беретін ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім ретінде түсініледі. Бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады. Тауардың бағасы мен тауардың үстеме бағасынан қалыптасатын тауарды сату бағасы бойынша төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы кәсіпкерге тауарды сату жолымен сауда делдалы ретінде кәсіпкердің сауда қызметін ислам банктерінің қаржыландыруы коммерциялық кредит деп түсініледі;

      12) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      13) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      14) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеменшік әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған сипаттарға сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      15) мүліктік кешен – мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметіне арналған ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, мүкәммалдарды, шикізатты, өнімді, жер учаскесіне арналған құқықты, талап ету құқығын, қарыздарын, сондай-ақ оның қызметін дербестендіретін белгілерге (фирмалық атау, тауар белгілері) құқықты және басқа да айрықша құқықтарды қоса алғанда, барлық мүлік түрлері кіреді;

      16) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – кредиттік шартта көзделген жағдайларда не тараптардың келісімі бойынша банк біржақты тәртіппен өзгерте алатын кредит шартын жасасу сәтінде белгіленген кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

      Ислам банкі үшін тауардың үстеме бағасы – тауар бағасынан түсетін пайыз (пайда) не тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін ислам банкінің коммерциялық кредит берумен байланысты кірісі номиналды сыйақы мөлшерлемесі деп түсініледі;

      17) портфельдік кепілдік беру – қаржы агенттігі банк үшін белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беру нысаны;

      18) тауар – коммерциялық кредит шарттарында одан әрі кәсіпкерге беру мақсатында ислам банкі тауар сатушыдан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алатын, оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен ислам банктеріне сатып алу-сату мәмілелерін жасауға рұқсат етілген жылжитын немесе жылжымайтын мүлік;

      19) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225; 30.07.2020 № 491 қаулыларымен.

3-тарау. Бағдарламаның "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" деген бірінші бағыты шеңберінде кепілдік беру шарттары

      Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

4-тарау. Бағдарламаның "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты шеңберінде кепілдіктер беру шарттары

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      24. Мыналарды:

      1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтыруға сомасы 100 млн. теңгеден аспайтын кредиттерден басқа);

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жобаларды салалық шектеулерсіз іске асыратын және/немесе іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатысушы бола алады.

      Жаңа инвестициялық және тиімді жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды немесе кірістерді (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметте өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсіруді немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайтуды немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін ұлғайтуды көздейтін жобалар түсініледі.

      100 % айналым қаражатын толтыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.

      Бұл ретте, Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын кәсіпкерлер кепілдік беруге қатысуға жіберіледі.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225; 30.07.2020 № 491 қаулыларымен.

      25. Бағдарлама шеңберінде:

      1) мүліктік кешен ретінде ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған;

      2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;

      3) сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджеттік қаражат есебінен арзандатылған;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) сомасы (өзінің қатысуын есепке алғанда) инвестициялық жобаны іске асыруға жеткіліксіз кредиттер;

      6) кредит алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері бар кәсіпкерлердің кредиттері кепілдік беруге жатпайды.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      26. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келетін жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау алуы мүмкін.

      27. Бағдарлама шеңберінде банктер:

      1) кәсіпкерлер бастамашылық жасаған кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатындарды қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

      28. Банктер тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды, оның ішінде қайта қаржыландыруды іске асыру үшін беретін кредиттер бойынша кепілдік беріледі.

      29. Кепілдік франчайзингті сатып алу жөніндегі жобаларды және/немесе салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарттың шеңберінде берілетін кредиттер бойынша да беріледі.

      30. Қаржы агенттігінің шешімімен кредит (-тер) бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлік сақтандыруға жатуы мүмкін.

      31. Қаржы агенттігі кәсіпкерден үлестес және байланысқан заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап ете алады.

      32. Қаржы агенттігі екіжақты негіздемелік келісім жасап және жобаның ең жоғары сомасын белгілей отырып, Бағдарламаның шарттарына сәйкес портфельдік кепілдік беру әдісін қолдана алады. Қаржы агенттігі банк таңдауды өз бетінше жүзеге асырады.

      Портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігі банкке кредит сомасының 50 %-ынан аспайтын мөлшерде бұрын берілген кепілдікті ескере отырып, кәсіпкерлердің жобаларына кредит беру құқығын береді. Кредит мөлшері 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден аспайды.

      Банктер жобаны іріктеуден кейін қаржы агенттігіне кепілдік беру шартын қол қою үшін ұсынады. Егер жобаның мәлімделген нысаналы мақсаты Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі кепілдік беру шартына қол қоюдан бас тартуға құқылы.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      33. Кепілдік беру банк кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күні 5 (бес) проценттік тармаққа ұлғайтылған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын банктің және жылдық сыйақы мөлшерлемесі 15 %-тен аспайтын даму банкінің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      34. Ішінара кепілдік беру:

      1) айналым қаражатының көлемі кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын, негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;

      2) жоба шеңберінде кредит 100 % мөлшерде сомасы 500 (бес жүз) млн. теңгеден аспайтын айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге мақсаттарды қоспағанда) жағдайларда айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін;

      3) жоба шеңберінде 100 % мөлшеріндегі кредит Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы бойынша жылдық 8 %-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға бағытталған. Бұл жағдайда берілетін кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225; 30.07.2020 № 491; 01.10.2020 № 628 қаулыларымен.

      35. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/кәсіпкер үшін:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кредит (-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешектер ескерілмей есептеледі;

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 % мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады (қамтамасыз ету мөлшерін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);

      3) ұсынылатын кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;

      4) кредит валютасы – теңге.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225; 30.07.2020 № 491 қаулыларымен.

      35-1. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден астам мөлшердегі кредиттеріне кепілдік беру осы Кепілдік беру қағидаларының 36-тармағында айтылған шарттарда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тарау 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      36. Кәсіпкерлер үшін кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит(-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 1 (бір) млрд. теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кредит(-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешектер есепке алынбай есептеледі.

      Кепілдік беру жүзеге асырылатын жекелеген кәсіпкерлік субъектілері кредиттерінің/қаржылық лизинг шарттарының жиынтық портфелі 100 (жүз) млрд. теңгеден аспайды.

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, кәсіпкер бұл ретте кепілдік құны кредит сомасының 50 %-ынан кем болмайтын мөлшерде кредит бойынша қамтамасыз етуді ұсынады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);

      3) ұсынылатын кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;

      4) кредит валютасы – теңге.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      37. Кәсіпкер сомасы 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша жобаны іске асыру үшін жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 % мөлшеріндегі өз қаражатының (ақшасының, жылжитын/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етеді.

      38. Кепілдік шарты жасалатын кредит дербес кредиттік шарт түрінде ресімделеді.

      39. Қаржы агенттігіне облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 % құрайды. Кепілдік шартының қолданылуы тоқтатылған кезде сома кейінгі жобаларға кепілдік беру үшін пайдаланылады.

      Босаған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік беру шартының қолданысы тоқтатылуы есебінен қалыптастырылған босаған қаражат көлемінің 5-ке тең (100 %/20 %) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

      Қаржы агенттігі алынған қаражатты өзінің қалауы бойынша түрлі қаржы құралдарына орналастыруы мүмкін.

      40. Қаржы агенттігі төлеген банк талаптарының көлемі қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 % шегінен асқан кезде мұндай банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.

      41. Қаржы агенттігі іске асырылып жатқан Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми интернет-ресурсында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.

      42. Қаржы агенттігі:

      1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;

      2) жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;

      3) Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, кепілдік беруден бас тартуы мүмкін.

5-тарау. Тетік шеңберінде кепілдіктер беру шарттары

      43. Кепілдік Тетікте белгіленген талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлердің жобалары бойынша беріледі.

      44. Мыналар:

      осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу бойынша;

      осы Кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер бойынша;

      осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша жобалар шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесіне сәйкес банктер (даму банкін қоспағанда) инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) беретін кредиттер кепілдік беруге жатады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      45. Өңдеу өнеркәсібі шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі, ол бойынша айналым қаражатының мөлшері жоба сомасының 50 %-інен аспауға тиіс. Егер осы кредиттің мөлшері жобаның жалпы кредиттелетін сомасының 50 %-інен аспаса, 100 % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі.

      Банктердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіру жобаларын қаржыландыру шеңберінде кепілдік беру 100 %-ті қоса алғандағы мөлшердегі айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда) жүзеге асырылуы мүмкін.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіру жобалары бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатында банктердің өз қаражаты есебінен 100 % қаржыландыру кезінде тетік шеңберінде іріктеудің мынадай өлшемшарттары белгіленеді:

      өтінім беру сәтінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

      салық және өзге де міндетті төлемдер, кредиттерге, қарыздар мен лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатында қаржыландыруға жол берілмейді.

      Басқа банктен қайта қаржыландыруға, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      46. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 % аспайтын банктердің кредиттері кепілдік беруге жатады. Кепілдік кредит мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      47. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері:

      қоса алғанда 3 млрд. теңгеге дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан;

      3 млрд. теңгеден астам, қоса алғанда 5 млрд. теңгеге дейінгі кредит сомасының 30 %-ынан аспайды..

      Бұл ретте кредит (кепілдік құны) бойынша қамтамасыз етудегі айырманы кәсіпкер жабады.

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      48. Тетік шеңберінде банктер:

      1) кәсіпкер бастамашылық жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын;

      3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алуға байланысты кредиттерді;

      4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге төлемдер алмайды.

      49. Қаржы агенттігі іске асырылып жатқан Тетікті жарнамалау науқанын өткізіп өзінің ресми веб-ресурсында Тетіктің іске асырылуы туралы ақпарат орналастыра алады. 

6-тарау. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі

      50. Кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің кепілдік алу үшін қаржы агенттігіне және кейін кредит алу үшін банкке жүгінуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) кәсіпкер кепілдік алуға өтінішпен қаржы агенттігіне жүгінеді;

      2) қаржы агенттігі кәсіпкерден құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін жобаны қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады;

      3) қаржы агенттігі кепілдік беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, кәсіпкер берілетін кепілдік шарттары, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде кепілдік беруге мүмкіндік беретін банктің кредит беру шарттары көрсетілген осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда кепілдік беру мүмкіндігі туралы хат алады;

      4) кәсіпкер кепілдікпен кредит алу үшін банкке жүгінеді;

      5) банк 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды және кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;

      6) банк кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген шарттарда кредит бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, банк қол қойылған кредиттік шартты қоса, қажетті құжаттардың көшірмелерін қаржы агенттігіне жолдайды.

      Қаржы агенттігі банкке жіберетін кепілдік беру шартын ресімдейді және қол қояды. Банк кепілдік беру шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      7) банк кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген кепілдік беру мен кредиттеудің талаптарына сәйкес келмейтін өзге шешім қабылданған жағдайда кепілдік беруді қарау рәсімі осы Кепілдік беру қағидаларының 52-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 50-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      51. Банк портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда банк қаржы агенттігіне банктік қарыз шартының көшірмелерін ұсынады, оның негізінде қаржы агенттігі банкке жіберілетін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қояды. Банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.

      52. Кәсіпкер кредит алу үшін банкке өтінішпен жүгінеді.

      Банк 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жобаны қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      53. Оң шешім қабылданған жағдайда банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде банк қаржы агенттігіне мыналарды:

      кепілдік сомасын есептеумен кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты;

      кепілдіктер беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес кәсіпкердің жобасы бойынша банк қаржы агенттігіне берілетін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.

      54. Қаржы агенттігі банктен құжаттарды және кәсіпкерден өтінішті алғаннан кейін 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде және 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Кәсіпкердің және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша алынған кредиттері бойынша жиынтық берешегі, портфельдік кепілдік беру шеңберінде берілген кепілдіктерді қоспағанда, 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын жағдайда, кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      55. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда, қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін банкке ескертулер анықталғаны немесе қосымша құжаттар ұсынылғаны туралы ақпарат жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады.

      56. Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі бар (мүмкіндігі жоқ) екені туралы шешімі көрсетілген осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат жібереді.

      57. Қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетіледі.

      58. Қаржы агенттігінің кепілдендіру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін:

      1) банк пен кәсіпкер кредиттік шарт, кепіл(-дер) шартын (шарттарын) жасасады. Кредиттік шарттың көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

      Кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатта қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістерді (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсіру немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін ұлғайту мәндері көрсетіледі.

      Банктің қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатын алғаннан кейін банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде ішінара кредит беруіне жол беріледі;

      2) қаржы агенттігі банктен кредит шартының көшірмесін алғаннан кейін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке жібереді;

      3) банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      4) банк қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік беру шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.

      Портфельдік кепілдік беру кезінде банк кредит берілгеннен кейін күнтізбелік 30 күн ішінде кепілдік беру шартына қол қоя алады.

      Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      59. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі шығарылған кепілдіктерге ақы төлеу мақсатында кезекті жылдың басында кредиттерді кепілдендіруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 % қаржы агенттігіне аударады.

      60. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай қаржы агенттігіне былайша аударылады:

      1) кепілдік шарты жасалғаннан кейін қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен кепілдік беру шартын жасасу туралы хат алғаннан кейін қаржы агенттігінің ағымдағы есебіне кепілдіктер беру сомасының 20 % мөлшерінде қаражат аударуды жүзеге асырады.

      61. Жобаларға кепілдік беруге арналған бюджет қаражатының жеткіліксіздігі қалыптасқан жағдайда облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұру үшін бұл туралы қаржы агенттігін хабардар етеді. Қаржы агенттігі кепілдік беру шарттары қолданысының тоқтатылуы есебінен босаған қаражат болған кезде жобаларға кепілдік беруді жалғастыра алады.

      Осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және ағымдағы қаржы жылы қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      62. Бұрын бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Бағдарлама бекітілгенге дейін мақұлданған барлық жобалар мен жасалған кепілдік шарттары 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Кез келген ағымдағы қаржыландыру шарттары өзгерген жағдайда жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі тиіс.

      63. Кредиттің мақсатқа сай пайдаланылмауы анықталған жағдайда қаржы агенттігі кепілдік сомасын мақсатқа сай пайдаланылмаған кредит сомасына тепе-тең азайту туралы шешім қабылдайды.

      Егер кәсіпкер:

      Бағдарлама шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауға/ұлғайтуға немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюына немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің ұлғаюына қол жеткізбеген жағдайда кепілдік шартының күші жойылмайды;

      Тетік шеңберінде мынадай шарттарға:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе салық төлемдерінің немесе өндіріс көлемінің (ақшалай мәнде) немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізбеген жағдайда кепілдік шартының күші жойылмайды (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатында берілген кредит қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе салық төлемдерінің немесе өндіріс көлемінің (ақшалай мәнде) немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізбеген жағдайда кепілдік шартының күші жойылмайды (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді).

      64. Қаржы агенттігі кредиттің толық мақсатқа сай пайдаланылмағанын анықтаған жағдайда кепілдіктің күшін жояды.

      65. Банк қызметін жүзеге асыруға салынған шектеулер немесе орын алған тыйым салулар туралы, сондай-ақ банк акцияларының 10 % астамына қатысты меншік құқығының біржола сатылғаны немесе өзгеше біржола ауысқаны және/немесе иелік ету және пайдалану құқығының ауысқаны туралы банк 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

7-тарау. Тетік шеңберінде кепілдіктер беру тәртібі

      66. Кәсіпкер тетік шеңберінде кредит алу үшін банкке өтінішпен жүгінеді.

      Банк 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жобаны қаржы агенттігінің ішінара кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      Банк өзінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес қаржы агенттігіне құжаттарды ұсынады.

      Кәсіпкер өтінім берген сәтте сұралған кезең үшін салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың болуы талап етіледі.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      67. Қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде банктен келіп түскен құжаттарды және кәсіпкерден келіп түскен өтінішті Тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Портфельдік кепілдік беру шеңберінде Тетік шеңберіндегі жобалар қаралмайды.

      68. Қаржы агенттігі құжаттарды қарағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы шешім қабылдайды.

      Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда және/немесе қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған кезде қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін банкке анықталған ескертулерді/қосымша құжаттарға сұрау салуды жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      69. Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешімі бар хат жібереді, онда мынадай шарттар көрсетіледі:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе салық төлемдерінің немесе өндіріс көлемінің (ақшалай мәнде) немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толтыру мақсатында берілген кредит қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе салық төлемдерінің немесе өндіріс көлемінің (ақшалай мәнде) немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді).

      70. Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатын алғаннан кейін:

      1) банк пен кәсіпкер банктік қарыз шартын, кепіл(-дер) шартын (шарттарын) жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

      Қаржы агенттігінің оң шешімі бар хат келіп түскеннен кейін банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 % дейінгі мөлшерде ішінара кредит беруге жол беріледі;

      2) қаржы агенттігі банктен кредиттік шарттың көшірмесін алғаннан кейін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке жібереді;

      3) банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      4) банк қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.

8-тарау. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беру тәртібі

      71. Кәсіпкер Бағдарлама шеңберінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қаржы агенттігіне электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) кәсіпкердің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;

      2) кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі;

      3) оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі;

      4) кепілдік сомасының есебімен кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банк хатының электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).

      Егер кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда – кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған кәсіпкерге қатысты уәкілетті органның шешімі қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу нысанында расталады.

      Қаржы агенттігі "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден кәсіпкер жөніндегі мәліметті, оның ішінде заңды тұлғаны/жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қызмет түрлеріне арналған лицензияларды (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметті алуына болады.

      "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректер алу техникалық тұрғыдан мүмкін болмаған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттарды кәсіпкерден сұратады.

      72. Банк "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы кәсіпкерден электрондық өтінімді алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Кепілдік беру қағидаларының 53-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне ұсынбаған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкерге кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.

      73. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кәсіпкердің "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      74. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы осы Кепілдік беру қағидаларының 5-8-тарауларында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

9-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу

      75. Кепілдік беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде кредиттер бойынша
  кепілдіктер беру қағидаларына
  1-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесі

      Ескерту. 1-қосмыша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

Р/с
Тауарлар тобының атауы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі
1 2 3 4 5

I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ

1

Еттен және құс етінен жасалған өнімдер

Етті өңдеу және консервілеу

1011

Ұша/шағын ұша түрінде немесе мүшеленген жас немесе тоңазытылған ет өндірісі
Тағамдық субөнімдер

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу

1012

Қасапханада үй құстарын сою, етті өңдеу немесе өлшеп орау, мүшеленген жас немесе мұздатылған ет өндірісі

Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндірісі

1013

Кептірілген, тұздалған немесе ысталған ет өндірісі, дайын орамалар
Ет өнімдерін: шұжық, салями, қызыл шұжық, сүрленген құрғақ шұжық, сервелат, ысталған болон шұжығы, бас, орамалар, пісірілген ветчина жасау

2

Сүт және ірімшік өнімдері

Сүт өңдеу және ірімшік жасау

1051

Жаңа сауылған, пастерленген, зарарсыздандырылған, гомогенделген және/немесе ультра тазартылған табиғи сүт өндірісі
Сүт негізіндегі сусындар өндірісі
Жаңа сауылған қаймағы алынбаған, пастерленген, зарарсыздандырылған және гомогенделген сүттен қаймақ жасау
Құрғақ сүт немесе қоюлатылған сүт, қатты түрдегі сүт немесе кілегей өндірісі
Сары май, йогурт, ірімшік және сүзбе, айран, кілегей, сары су, казеин немесе лактоза өндірісі

Балмұздақ өндірісі

1052

Балмұздақ өндірісі

3

Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу

Картопты өңдеу және консервілеу

1031

Өңделген мұздатылған картоп, құрғақ картоп езбесінің, картоптан жасалған басытқы, картоп қытырлақтары, картоп ұны мен түйіршіктерінің өндірісі

Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі

1032

Жемістерден және (немесе) көкөністерден жасалған шырындар өндірісі
Жас жемістерден және көкөністерден жасалған концентраттар өндірісі

Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеудің және консервілеудің өзге де түрлері

1039

Мұздатылған немесе консервіленген түрдегі дайын тағамдарды қоспағанда, негізінен жемістерден немесе көкөністерден тұратын тамақ өнімдерінің өндірісі
Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді сақтау: мұздату, кептіру, май немесе сірке суын сіңіру, консервілеу және т.б.
Жемістерден немесе көкөністерден тамақ өнімдерінің өндірісі
Джемдер, мармеладтар және асханалық желе өндірісі
Жаңғақ қуыру
Жаңғақтардан жасалатын паста және өзге де азық-түлік өнімдерінің өндірісі
Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді консервілеу: тоңазыту, кептіру, май ішінде немесе сірке суында сіңіру, герметикалық ыдыста консервілеу және т.б.

4

Балықтан, шаян тәрізділер мен моллюскілерден жасалған өнім

Балықты, шаян тәрізділер мен моллюскілерді өңдеу және консервілеу

1020

Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілерді дайындау және сақтау: мұздату, терең мұздату, кептіру, өңдеу, сақтау, тұздау, консервілеу және т.б.
Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілер өндірісі: балық сүбесі, уылдырық, жасанды уылдырық және т.б.
Адамдардың тамаққа пайдалануы үшін немесе жануарларды азықтандыру үшін балық өнімдерінің өндірісі, адамдардың тамаққа пайдалануына жарамсыз балықтан және өзге де су жануарларының түрлерінен ұн және еритін заттар өндірісі, кемелердің балықты қайта өңдеуге және сақтауға, теңіз балдырларын қайта өңдеуге бағытталған қызметі

5

Ауыл шаруашылығы

Уыт өндірісі

1106

Уыт өндірісі

6

Май-тоңмай өнімі

Май мен тоңмай өндірісі

1041

Тазартылмаған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, сафлор, рапс, қыша, зығыр
Тазартылған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр
Өсімдік майын өңдеу: айдау, қайнату, дегидрация, гидрогенизация және т.б.

Маргарин және ұқсас тағамдық тоңмай өндірісі

1042

Маргарин өндірісі
Қоспалар және т.б. өндірісі
Тамақ дайындауға арналған құрама тоңмай өндірісі

7

Өзге тамақ өнімдерінің өндірісі

Татымдылықтар мен дәмдеуіштер өндірісі

1084

Дәмқосарлар, тұздықтар мен дәмдеуіштер: майонез, қыша ұны мен дән түйіршіктерінің, қыша және т.б. өндірісі
Сірке суы өндірісі
Өнімдерді тұздау үшін тұзды өңдеу, мысалы йодталған тұз

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі

1089

Жұмыртқа өнімдерінің, жұмыртқа альбуминінің, жұмыртқа ұнтағы мен меланж өндірісі

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі

10899

Жасанды бал және карамель өндірісі
Сэндвич, жаңа пісірілген пицца (жартылай фабрикат) сияқты тез бұзылатын дайын тамақ өнімдерінің өндірісі
Басқа санаттарға енгізілмеген белсенді биологиялық қоспалар мен өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі
Еттен, балықтан, шаян тәрізділерден немесе моллюскілерден жасалған тартылған ет өндірісі
Сүт өнімдері мен ірімшік өндірісі
Жасанды концентраттар өндірісі

Қант өндірісі

1081

Қант қызылшасы мен қант қамыстарынан қант өндіру

Какао, шоколад және қантты кондитерлік тағамдар өндірісі

1082

Шоколад және шоколад кәмпиттерінің өндірісі
Қантты кәмпиттер: карамель, какао, нуга, помадка, ақ шоколад өндірісі
Сағыз өндірісі
Қантталған жемістер өндірісі
Шоколадты жаңғақ, цукат өндірісі
Кәмпиттер, жастықша кәмпиттер, қақ өндірісі

8

Сусындар өндірісі

Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі

1107

Шөлмектердегі табиғи минералды су және өзге де минералды сулар өндірісі
Алкогольсіз сусындар өндірісі: алкогольсіз хош иістендірілген және/немесе тәттілендірілген сусындар: лимонад, оранжад, кола, жеміс сусындары, тониктер және т.б.

9

Балалар тағамы

Балалар тағамының және диеталық тамақ өнімдерінің өндірісі

1086

Арнайы диеталар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балалар тағамын; қосымша сүт және басқа да тамақ өнімдерін; сәбилерге арналған тамақ өнімдерін; калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді жасау

10

Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі

Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі

1062

Күріштен, картоптан, жүгеріден, бидайдан крахмал жасау
Шикі жүгеріні майдалау
Глюкоза және (немесе) глюкоза-фруктоза шәрбатын, қант шәрбатын, мальтоза, инулин жасау
Дән маңызының өндірісі
Жүгері майын жасау

Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

1061

Құрғақ бұршақ дәндерінің, тамырлар немесе сабақтар немесе жеуге жарамды жаңғақтар өндірісі
Құрғақ таңғы ас сияқты дәнді тамақ өнімдерінің өндірісі
Ұн қоспаларының және нанға, тортқа, бәлішке, пирогтар мен бисквиттерге, печеньелерге немесе құймақтарға арналған дайын ұн қоспалары мен қамырлар өндірісі
Бидай қауыздарының, қара бидай, сұлы, жүгері немесе басқа да дән қауыздарының өндірісі
Бидай, қара бидай, сұлы, жүгері, қарақұмық жармасы өндірісі
Қырналған, ұнтақталған, жылтыратылған, тегістелген, глазурьленген, буланған күріш өндірісі
Ұн өндірісі

11

Нан-бөлке және ұннан жасалған өнімдер өндірісі

Нан өндірісі; ұннан жаңа пісірілген кондитерлік өнімдер, торттар мен бәліштер өндірісі

1071

Наубайхана өнімдерінің өндірісі: нан, тоқаш пен орамалар, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, торттар, тәттінандар, бәліштер мен бисквиттер, жеміс тәттінандары, құймақ, вафли және т. б.

Кептірілген нан және печенье өндірісі; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер және бисквиттер өндірісі

1072

Кептірілген нан, печенье және өзге де құрғақ нан пісіру өнімдерінің өндірісі
Ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар мен торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі
Печенье, крекерлер, крендельдер және т.б. сияқты тұздалған және тәтті өнімдер өндірісі

Макарон өнімдерінің өндірісі

1073

Макарондар, кеспелер, кеспе және (немесе) олардан жасалған жартылай фабрикаттар (тез дайындалатын) өндірісі
Қамырдан жасалған консервіленген немесе тоңазытылған өнімдер, оның ішінде макарон өнімдерінің өндірісі

12

Дайын тамақ өнімдері (өндірістік ауқымда)

Дайындалған тамақ өнімдерінің өндірісі

1085

Ет тағамдарының өндірісі
Тартылған балық етін қоса алғанда, балық тағамдарының өндірісі
Көкөністерден жасалған тағамдар өндірісі
Тоңазытылған пицца немесе өзге тәсілмен сақтау үшін дайындалған пицца өндірісі

13

Мал азығының өндірісі

Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндірісі

1091

ІҚМ, ұсақ малға, жылқыларға, құстар мен шошқаларға арналған азық өндірісі

  Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша
кепілдіктер беру
қағидаларына
2-қосымша

Өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесі

      Ескерту. 2-қосмыша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ

1

А/ш өнімдерін сақтау

Жүкті қоймалау және сақтау

5210

Азық-түлік өнімдерін сақтау және сату жөніндегі көтерме-тарату орталықтарын құру
Көкөніс және жеміс сақтау қоймаларын салу

2

Ауыл шаруашылығы

Егін жинағаннан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері

0163

Түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшығы

II. АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕН БАСҚА ТАУАРЛАР

1. КИІМ ЖӘНЕ АКСЕССУАРЛАР

3

Сырт киім және аксессуарлар

Басқа да тоқылған және трикотаж бұйымдарының өндірісі

1439

Пуловерлер, свитерлер, кардигандар, тоқылған кофталар, кеудешелер және осындай бұйымдар сияқты тоқылған немесе трикотаж бұйымдар және басқа да дайын бұйымдар өндірісі

Арнайы киім өндірісі

1412

Арнайы киім өндірісі
Зертханалық немесе жұмыс комбинезондары, униформа өндірісі

Сырт киім өндірісі

1413

Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған сырт киім: пальто, костюмдер, жакеттер, шалбарлар, белдемшелер, қалпақтар мен баскиімдер өндірісі
Былғарыдан жасалған сырт киімнен басқа, тоқыма, тоқылған немесе тоқыма емес трикотаж маталардан жасалған сырт киімдердің өзге де түрлерінің өндірісі

4

Іш киім

Іш киім өндірісі

1414

Әйелдерге, ерлер мен балаларға арналған тоқыма, тоқылған немесе трикотаж маталардан, шілтерден жасалған іш киімдер және түнгі киімдер: жейделер, футболкалар, кальсондар, келтешалбарлар, пижамалар, түнгі жейделер, көйлектер, блузалар, ішкі белдемшелер, комбинациялар, бюстгальтерлер, корсеттер өндірісі

Тоқылған және трикотаж шұлық бұйымдарының өндірісі

1431

Ұйықтарды, триколарды және колготкаларды қоса алғанда, шұлық бұйымдарының өндірісі

5

Тоқыма және былғары бұйымдарын өндіруге арналған материалдар

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

13

Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшықтары,
мақта-мата, мақта талшығы өндірісі
Шашақ жіп, махер мата, дәке тәрізді тоқылған материалдар өндірісі
Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, жүн мата өндірісі
Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, жібек мата өндірісі
Зығыр мата өндірісі
Басқа да маталар өндірісі, мысалы, қытай қалақайынан, кендірден, жөкеден және арнайы иірілген жіптен
Шыны талшығынан жасалған маталар өндірісі
Карбонидті және арамидті жіптер өндірісі
Тоқу әдісімен жасанды тері өндірісі

Текстиль талшықтарын дайындау және иіру

1310

Мақта талшығының, мақта иірімжібінің өндірісі
Тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін сатуға және одан әрі өңдеу үшін жүннен иірімжіп иіру және жасау
Тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін сату және одан әрі өңдеу үшін зығыр иірімжібін жасау
Өзге де текстиль талшықтарын иіру

Жіптер, арқандар, жіңішке арқандар, жіңішке баулар, баулар өндірісі және тор тоқу

1394

Текстиль талшықтарынан, таспалардан және ұқсас материалдардан жасалған, сіңірілген және сіңірілмеген, қапталған, резеңкеден немесе пластмассадан жасалған қабықшамен қорғалған немесе қорғалмаған шпагат, арқан, жіп және трос өндірісі
Шпагаттан, арқандар мен жіптерден тор жасау
Арқандар мен торлы матадан жасалған бұйымдар: балық аулау торлары, кемелердегі сақтандыру торлары, түсіру жұмыстары кезінде пайдаланылатын қорғау құралдары, металл шығыршықтары бар матауыштар, жіптер немесе тростар өндірісі және т.б.

Киімді қоспағанда, тоқылмаған бұйымдар өндірісі

13950

Тоқпайтын маталар (SMS) және одан жасалған бұйымдар

Теріні илеу және өңдеу

15111

Тері мен былғарыны илеу, бояу және өңдеу
Күдері, қашалған былғары, тегіс немесе металдандырылған тері өндірісі

6

Аяқ киім және оның керек-жарақтары

Аяқ киім өндірісі

1520

Қалыптауды қоса алғанда, аяқ киімді кез келген материалдардан кез келген тәсілмен жасау
Аяқ киімдердің былғары және резеңке бөліктерін: сыртқы және ішкі бөліктерін, ұлтанын, өкшесін жасау

2. ҮЙГЕ ЖӘНЕ КЕҢСЕГЕ АРНАЛҒАН БҰЙЫМДАР

7

Тұрмыстық химия

Сабын мен жуғыш, тазартқыш және жылтыратқыш заттар өндірісі

2041

Органикалық беткі-белсенді препараттар өндірісі
Жуғыш құралдар себілген немесе сіңдірілген қағаздар, сулықтар өндірісі
Глицерин өндірісі
Косметикалық сабынды қоспағанда, сабын өндірісі
Беткі-белсенді препараттар: қатты немесе сұйық түрдегі кір жуатын ұнтақтар және басқа да жуғыш құралдар, ыдыс-аяқ жууға арналған препараттар, кір жуған кезде қосуға арналған хош иістендіргіш және жұмсартқыш заттар өндірісі
Тазартқыш және жылтыратқыш құралдар: ауа тазартқыштар, жасанды балауыз, былғары бұйымдарды күтуге арналған құралдар, жиһазға және ағаш беттерге арналған полирольдар, шыны және металл беттерге арналған полирольдар, осыларға ұқсас құралдар себілген немесе сіңірілген сулықтарды қоса алғанда, тазартқыш пасталар мен ұнтақтар өндірісі

8

Кілемдер

Кілемдер мен кілем бұйымдарының өндірісі

1393

Кілемдерді, паластарды және төсеніштерді, едендік жабындарды қамтитын тоқыма төсемдер өндірісі
Киіз төсемдер өндірісі

9

Үйге арналған тоқыма және басқа да бұйымдар

Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі

1392

Тоқылған немесе трикотаж маталарды қоса алғанда, кез келген тоқыма материалынан жасалған дайын бұйымдар: пледті қоса алғанда, жүн көрпе, төсек-орын, асхана, туалет немесе ас үй маталары, сырып тігілген көрпе, мамық көрпе, пуфиктер, жастықтар, ұйықтауға арналған қаптар өндірісі
Дайын жиһаздау заттарының өндірісі: перделер, шымылдықтар, төсек-орын жапқышы, ас үй сүлгілері, ыдыс жууға арналған шүберектер

Трикотаж жаймалар өндірісі

1391

Тоқылған немесе трикотаж маталар шығару және өңдеу: түкті маталар, тор көзді және шілтер маталар өндірісі

10

Шаруашылық қажеттілікке арналған тұрмыстық тауарлар

Резеңке-техникалық бұйымдар өндірісі

22191

Табиғи немесе синтетикалық резеңкеден, вулканизацияланбаған, вулканизацияланған резеңкеден немесе беріктігі жоғары резеңкеден жасалған өзге де өнімдерді: резеңке пластиналарды, табақтарды, жолақтарды, білікшелерді және т.б.; шиналарға, құбырлар мен шлангілерге арналған камераларды; резеңке конвейерлік немесе трансмиссиялық белбеулерді; эластиктен жасалған киімдерді (тұтас, тігіссіз); аяқ киімге арналған резеңке ұлтанды және өзге де резеңке бөліктерді; резеңке жіптер мен бауларды;
резеңке иірімжіптер мен маталарды; резеңке жиектерді, гарнитур мен баспаларды; резеңке үрлемелі резеңке матрастарды, үрлемелі шарларды қамтитын бұйымдарды шығару
Резеңкеден жасалған щеткалар мен қылқаламдар өндірісі
Резеңке құбырлар өндірісі
Қатты резеңкеден жасалған тарақтар, шашқа арналған қыстырғыштар, бигудилер және т.б. өндірісі
Резеңкеден жасалған жөндеу материалдары өндірісі
Резеңке негізгі материал ретінде пайдаланылатын резеңкеленген тоқыма маталар өндірісі
Резеңкеден жасалған жүзуге арналған матрастар өндірісі
Резеңкеден жасалған жүзу телпектерінің өндірісі
Резеңкеден жасалған сүңгу костюмдерінің өндірісі

Тауарларға арналған пластик қаптамалар өндірісі

2222

Тауарларды орауға арналған пластик бұйымдар: пластик пакеттер, қаптар, ыдыстар, қораптар, жәшіктер, үлкен бөтелкелер, бөтелкелер өндірісі

Өзге де пластик бұйымдар өндірісі

2229

Жиһаз фурнитурасы, кеңсе немесе мектеп керек-жарақтары, киім заттары (түймелер, сыдырмалар), ас үй және дәретхана керек-жарақтары, дастархан, пластик бас киімдер (каскалар) және пластиктен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі

Қуыс шыны бұйымдарының өндірісі

2313

Шыныдан немесе хрустальдан жасалған бөтелкелер, ыдыстар өндірісі
Шыныдан немесе хрустальдан жасалған стақан, фужер, рюмка, бокал, шыныаяқ, тұрмыстық заттар өндірісі

11

Жиһаз

Кеңсе және студия жиһазының өндірісі

3101

Орындықтар, отыруға арналған жиһаз өндірісі
Кеңселерге, студияларға, қонақ үйлерге, мейрамханаларға және қоғамдық орындарға арналған орындықтар мен отырғыштар өндірісі
Театрларға, кинотеатрларға арналған орындықтар мен отырғыштар өндірісі
Зертханалық орындықтар, басқа да зертханалық табуреттер мен өзге де отырғыштар өндірісі

Ас үй жиһазының өндірісі

3102

Ас үй жиһазының өндірісі

Басқа да жиһаз өндірісі

3109

Дивандар, диван-кереуеттер өндірісі
Бақшаға арналған орындықтар өндірісі
Жатын бөлмеге, қонақ бөлмеге, бақшаға арналған жиһаз өндірісі
Тігін машиналарына, теледидарларға арналған тумбалар өндірісі

12

Жиһаз өндірісіне арналған материалдар

Шпон, фанера, жұқа тақтайлар мен панельдер өндірісі

1621

Желімделген фанера және өзге де бұйымдар өндірісі: жылтыратылған, боялған, жабылған, сіңірілген, жақсартылған және нығайтылған (қағаз немесе мата көмегімен)
Желімделген фанера, бір қатпарлы фанера және осыған ұқсас ламинатталған ағаш табақ бұйымдарының өндірісі
Құрастырма тақтайлар мен өзге де табақ материалдарының өндірісі
Тығыздығы орташа талшықты табақ материалдарының және өзге де талшықты материалдар өндірісі
Сәндік материалдар өндірісі
Желімделген ламинатталған ағаш бұйымдарының, ламинатталған бір қатпарлы фанера өндірісі

13

Матрастар

Матрастар өндірісі

3103

Матрастар: серіппесі бар немесе тығыздалған матрастар; құрамында серпімділікті ұстап тұратын материалдар бар матрастар; қапталмаған резеңке немесе пластик матрастар өндірісі
Матрастарға арналған тұғырлар өндірісі

14

Тұрмыстық электроника аспаптарының өндірісі

Механикалық шамаларды өлшеуге арналған аспаптар өндірісі

2651

Жылыту жүйелеріне арналған температураны бақылау аспаптарының өндірісі
Сұйықтық температурасын өлшеуге арналған шыны және биметалл термометрлер (медициналықты қоспағанда) өндірісі
Тұрмыстық өлшеуіштер өндірісі (мысалы, су өлшегіш, газөлшегіш, электр энергиясын есептегіштер)
Су өлшеуіштер мен есептеу қондырғыларының өндірісі
Қозғалыс детекторларының өндірісі

Медициналық-хирургиялық құралдар өндірісі

26.51.6

Зертханалық талдау құралдары (мысалы, қанды талдауды жүзеге асыруға арналған жабдықтар) өндірісі
Зертханалық өлшеу аспаптары, инкубаторлар және өлшеуге, тестілеуге және т. б. арналған өзге де түрлі зертханалық аспаптар өндірісі

Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапиялық жабдықтар өндірісі

2660

Өнеркәсіптік, медициналық, диагностикалық, зерттеу, ғылыми және осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын альфа-, бета-, гаммасәулеленуге, рентгендік және өзге де радиациялық сәулеленуге негізделген жабдықтар өндірісі
Томографтар өндірісі
Магниттік-резонанстық бейнені алуға арналған жабдықтар өндірісі
Медициналық ультрадыбыстық жабдықтар өндірісі
Электрокардиографтар өндірісі
Электромедициналық эндоскопиялық жабдықтар өндірісі
Медициналық лазерлік жабдықтар өндірісі
Кардиостимуляторлар өндірісі
Есту аппараттары өндірісі
Тамақ өнімдері мен сүт өнімдерін сәулелендіріп өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі
ӨЖЖ аппараттары өндірісі
Медициналық мақсаттағы өзге де электр және электрондық жабдықтар өндірісі

Электр-тұрмыстық аспаптар өндірісі

2751

Өзге де тұрмыстық электр аспаптарының: электр сужылытқыштар, тасымалданатын электржылытқыштар, электрпештер, электрқыздырғыштар өндірісі

Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі

2720

Бастапқы элементтер: құрамында марганец, сынап, күміс диоксиді бар батарея элементтерінің өндірісі
Бөлгіштер, корпустар, қақпақтар сияқты қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, электр аккумуляторларының өндірісі
Қорғасын-қышқылды батареялар өндірісі
Никель-кадмий батареяларының өндірісі
Никель-металлогидридті қуат көзі батареяларының өндірісі
Литий батареяларының өндірісі
Құрғақ батареялар өндірісі
Сұйық электролиті бар батареялар өндірісі

15

Жарықтандыру құралдары

Электрмен жарықтандыру жабдықтарының өндірісі

2740

Газразрядты, флуоресцентті, ультракүлгін, инфрақызыл және т.б. қыздыру шамдарының өндірісі
Жәндіктермен күресуге арналған электр шамдарының өндірісі
Төбеге ілінетін жарықтандыру аспаптарының өндірісі
Аспашамдар, шамшырақтар өндірісі
Үстел шамдарының (оның ішінде жарықтандыру құралдарының) өндірісі
Жаңа жылдық шыршаларға арналған электр гирляндаларының өндірісі
Электр каминдер өндірісі
Қол электр шамдарының өндірісі
Шамдар өндірісі (мысалы, карбид, электрлік, газ, газолин, керосин)
Прожекторлар өндірісі
Көшені жарықтандыру аспаптарының (бағдаршамдардан басқа) өндірісі
Көлік құралдарына арналған жарықтандыру жабдықтарының (мысалы, автомобильдерге, ұшақтарға, кемелерге, қайықтарға арналған) өндірісі
Электрлік емес жарықтандыру жабдықтарының өндірісі

16

Тұрмыстық қыш және сәндік бұйымдар

Фарфор мен фаянстан жасалған тұрмыстық- шаруашылық бұйымдар өндірісі

23411

Керамикалық асхана ыдыстары мен өзге де тұрмыстық немесе туалет бұйымдарының өндірісі
Мүсіншелер және өзге де сәндік керамикалық бұйымдар өндірісі

3. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ

17

Құрылыс материалдары

Пластик құрылыс бұйымдарының өндірісі

2223

Пластик құрылыс бұйымдарының: пластик есіктер, терезелер, жақтаулар, терезе қақпақтарының, жалюзилер, бағыттаушы жұқа тақтайшалар, ыдыстар, пластик жабындар, рулондар түріндегі қабырға мен төбеге арналған қаптауыш, тақтайшалар, пластиналар еден жабындарының өзге де түрлерінің, ванна, душ кабиналары, раковиналар, унитаздар, су ағызатын күбіше сияқты пластик гигиена заттарының өндірісі
Винил, линолеум сияқты майысқақ төсемдер өндірісі

Бастапқы қалыптағы пластмасса өндірісі

2016

Полипропилен мен полистирол өндірісі

Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, типография бояулары мен мастика өндірісі

2030

Бояулар, лактар мен эмальдар өндірісі
Дайын бояғыш заттар мен колерлер өндірісі
Эмальдар, лактар және жағатын құрамдар мен сол сияқты препараттар өндірісі
Мастика өндірісі
Шпатлевка және сол сияқты үстіңгі беттерді тегістеуге арналған препараттар өндірісі
Дайын бояу өндірісі
Типографиялық бояу өндірісі
Органикалық еріткіштер, бояу мен лактарды дайын еріткіштер өндірісі

Желім өндірісі

2052

Резеңке желімі мен дайын желімдеу құрамдарын қоса алғанда, желім мен дайын желімдеу құрамдарының өндірісі

Табақ шыныны қалыптау және өңдеу

2312

Күшейтілген немесе көп қатпарлы жалпақ шыны өндірісі
Айна өндірісі
Шыныдан жасалған көп қатпарлы оқшаулағыш заттар өндірісі

Отқа төзімді бұйымдар өндірісі

2320

Отқа төзімді ерітінді, бетон және т.б. өндірісі
Отқа төзімді қыш бұйымдар: кремний ұнтағынан жасалған жылу оқшаулағыш қыш бұйымдар; отқа төзімді кірпіш, блоктар мен еден жабындары және т.б.; реторт, тигель, муфель, форсунка, келтеқұбырлар, мүштіктер мен т.б. өндірісі
Құрамында магнезит, доломит немесе хромит бар отқа төзімді бұйымдар өндірісі

Қыш жабындар мен плиталар өндірісі

2331

Отқа төзімді емес қыш бұйымдар немесе қабырға плиткаларының, мозаика және т.б. өндірісі
Отқа төзімді емес қыш тротуар плиталары мен брусчаткалар өндірісі

Кірпіш, черепица және күйдірілген балшықтан жасалған өзге де құрылыс бұйымдарының өндірісі

2332

Отқа төзімді емес құрылыс материалдарының: қыш плиткалар, черепица, мұржаның үстіндегі қалпақтар, құбырлар, оқшаулағыш материалдар және т.б. өндірісі
Терракотадан еден плиткасын жасау

Бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарының өндірісі

2361

Құрылыс мақсатында пайдалану үшін бетоннан, цементтен немесе жасанды тастан жасалған дайын бұйымдар өндірісі: еден жабындары, төсеуге арналған плиткалар, кірпіштер, плиталар, құбырлар, бағандар және т.б.
Құрылысқа немесе азаматтық құрылысқа арналған құрастырма темір-бетон және бетон конструкциялар өндірісі
Бетоннан блоктар, панельдер жасау
Силикат кірпіш өндірісі

Асбестоцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі

2365

Цементпен, гипспен немесе басқа да минералды байланыстырушы материалдармен аралас өсімдік шикізатынан (ағаш жүнінен, сабаннан, қамыстан, құрақтан) құрылыс материалдарының өндірісі
Целлюлоза талшықтары бар асбест-цементтен және талшықты цементтен немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар: гофраланған табақтар (шифер), өзге де табақтар, панельдер, черепицалар, құбырлар, түтіктер, резервуарлар, кеспектер, жуғыштар, раковиналар, сауыттар, жиһаз, терезе қораптары және т.б. өндірісі

Бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі

2369

Бетоннан, құрылыс гипсінен, цементтен немесе жасанды тастан жасалған өзге де бұйымдар өндірісі: мүсіндер, фурнитуралар, барельефтер, вазалар, гүл құмыралары және т.б.

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

2370

Құрылыс мақсатында, зираттарда, автожолдарда, шатырларды жабу үшін және т.б. пайдалану үшін тасты кесу, қалыптау және өңдеу
Тастан фурнитура жасау

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге бейметалл минералдық өнім өндірісі

2399

Минералды негіздегі оқшаулағыш материалдар: қож-мақта және ұқсас минералды мақта; қатпарлы вермикулит, қопсыған балшық және ұқсас оқшаулағыш жылу материалдары немесе дыбыс оқшаулағыш материалдар өндірісі
Жеке қорғаныш құралдары, респираторлар және т.б. өндірісі

Жеңіл металл конструкцияларының өндірісі

25112

Жол белгілері, жолға қоятын металл тосқауылдар, металл илегінен жасалған бұйымдар және т. б. сияқты жеңіл металл конструкцияларының өндірісі

Алюминийден және алюминий қоспаларынан жасалған құрылыс конструкциялары мен бұйымдарының өндірісі

25113

Өнеркәсіптік металл конструкцияларының өндірісі (домна пештеріне, жабдықтарды көтеру мен орнатуға және т.б арналған конструкциялар)

18

Есіктер мен терезелер

Металдан жасалған есіктер мен терезелер өндірісі

2512

Металдан жасалған есіктер, терезелер мен жақтаулар, терезе қақпақтары мен қақпалар өндірісі

19

Цементті қоспағанда, әрлеу материалдары

Әк және құрылыс гипсінің өндірісі

2352

Құрылыс гипсін (кальцийлендірілген гипс немесе кальций сульфаты) өндірісі
Сылақ өндірісі

Әктас және доломит ұнын өндіру

23522

Әк ұны, гипс

III. ӨЗГЕ

20

Химия

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

1920

Мотор отыны, газолин, керосин және т.б. өндірісі
Отын өндірісі: этан, пропан, бутан және т.б. сияқты жеңіл, орташа және ауыр жанғыш, тазартылған газ
Мұнай қалдықтарынан өнім шығаруды қоса алғанда, жақпамайлар немесе жақпалар өндірісі
Мұнай-химия өнеркәсібіне және жол салуға арналған өнімдер өндірісі
Әртүрлі өнім түрлерінің өндірісі: уайт-спирит, вазелин, қатты парафин, петролатум және т.б.
Мұнай брикеттерінің өндірісі
Шымтезекті агломерациялау және шымтезек брикеттерінің өндірісі
Көмір брикеттерін агломерациялау және өндіру
Лигнит брикеттерін агломерациялау және өндіру

Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі

2014

Илеу заттарының өндірісі
Биоэтанол өндірісі
Ациклдық, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер өндірісі
Циклдық, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер өндірісі
Бутил эфирлерінің өндірісі
Амил эфирлерінің өндірісі
Негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі: сірке қышқылын қоса алғанда, моно- және поликарбон қышқылдары; альдегидтерді, кетондарды, хинондарды және екі және одан да көп оттегі бар топтармен қосылыстарды қоса алғанда, құрамында оттегі бар функционалдық топтары бар өзге де қосылыстар; аминдерді қоса алғанда, синтетикалық глицерин, азот-функционалдық органикалық қосылыстар; сүректі айдау жолымен алынған өнімдерді қоса алғанда, өзге де органикалық қосылыстар (мысалы, ағаш көмірі)
Синтетикалық хош иісті өнімдер өндірісі
Таскөмір шайырын айдау
Дезинфекциялау құралдары, антисептиктер және т.б. өндірісі

Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар өндірісі

2015

Тыңайтқыштар: азот немесе құрамында азоты бар, фосфор немесе калий тыңайтқыштарының, несепнәр, шикі мұнайдан алынған табиғи фосфаттар және табиғи калий тұздарының өндірісі
Өсімдіктерді өсіруге арналған топырақ өндірісі

Пестицидтер мен басқа да агрохимиялық өнімдер өндірісі

2020

Инсектицидтер/жәндіктерге қарсы құралдар, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, акарицидтер, молюстицидтер, биоцидтер өндірісі
Өсімдіктердің өсуін реттейтін өнімдер өндірісі
Дезинфекциялау құралдарының өндірісі (ауыл шаруашылығы мақсаттарына және басқа да мақсаттарға пайдалану үшін)
Басқа санаттарға енгізілмеген өзге агрохимиялық өнімдер өндірісі

Өзге де негізгі бейорганикалық химиялық заттар өндірісі

2013

Химиялық элементтер өндірісі (өнеркәсіптік газдар мен негізгі металдарды қоспағанда)
Азот қышқылын қоспағанда, бейорганикалық қышқылдар өндірісі
Аммонийден басқа, сілті, сақар және өзге де бейорганикалық заттар өндірісі
Өзге де бейорганикалық қоспалар өндірісі
Темір колчеданды күйдіру
Тазартылған су өндірісі

Өнеркәсіптік газдар өндірісі

20.11

Медициналық мақсаттағы сұйытылған немесе сығылған бейорганикалық газдар: элементтік газдар, сұйық немесе сығылған ауа, хладагент булары, өнеркәсіптік газдар қоспалары, көмірқышқыл газы сияқты инертті газдар, қорғаныш газдары өндірісі

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

38.11.0

Жинақтау орындарында, қоқыс контейнерлерінде, жылжымалы қоқыс контейнерлерінде, бактарда және т.б. ыдыстарда қауіпсіз тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды (яғни қоқыс қалдықтарын) және аралас реверстелетін материалдарды жинау
Реверстелетін материалдарды жинау
Қоғамдық орындардағы қоқыс жәшіктерінен қоқыс жинау
Құрылыс қалдықтары мен шіріген қалдықтарды жинау
Қылқалам және өзге де құрылыс қоқыстары сияқты құрылыс қоқыстарын жинау және шығару
Тоқыма бұйымдарын шығарудан болатын қалдықтарды жинау
Қауіпсіз қалдықтарға арналған қайта өңдеу орындарына қалдықтарды шығару жөніндегі қызмет

21

Қағаз және қағаз бұйымдары

Ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі

1711

Ағартылған, толық ағартылмаған және ағартылмаған целлюлоза, ағаш массасын механикалық, химиялық (еритін немесе ерімейтін) немесе жартылай химиялық тәсілмен жасау
Мақта целлюлоза өндірісі
Сия мен баспаханалық бояуды алып тастау және макулатурадан ағаш массасы мен целлюлоза жасау

Гофраланған картон, қағаз және картон ыдысының өндірісі

1721

Гофраланған қағаз және картон өндірісі
Гофраланған қағаздан немесе картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі
Гофраланған картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі
Қатты картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі
Қағаз бен картоннан жасалған өзге де сыйымдылықтар өндірісі
Қағаздан жасалған қаптар, сөмкелер және пакеттер өндірісі
Файлдары бар офистік тіркелімдер және сол сияқты бұйымдар өндірісі

Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарының өндірісі

1722

Жеке гигиена және тығыздау мақсатында пайдалану үшін целлюлоза мақтасынан қағаз өнімдерінің өндірісі: қағаз сулықтар, қолорамалдар, сүлгілер, сулықтар, дәретхана қағазы, гигиеналық сүлгілер мен тампондар, балалар жаялықтары мен жөргектері, қағаз стақандар, тәрелкелер және подностар, картон және қағаз ыдыс өндірісі
Тығыздау үшін тоқыма материалдарының және тығыздалатын гигиеналық сүлгілер, тампондар өндірісі

22

Металдан жасалған бұйымдар

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі

25210

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі

Металл бөшкелер мен ұқсас сыйымдылықтар өндірісі

2591

Металл, оның ішінде алюминий шелектер, банкалар, бөшкелер, жәшіктер, қораптар және ұқсас сыйымдылықтар өндірісі

Бекіту бұйымдарының өндірісі

2594

Тойтарма және бұрандасыз ұқсас өнімдер өндірісі
Бұранда кескіш станокта жасалатын бұйымдар өндірісі
Бұрандамалар, бұрамалар, сомындар, муфталар және бұрандасы бар басқа өнімдер өндірісі

Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндірісі

2592

Асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған тамақ өнімдеріне арналған консерві банкаларын, тубтарды, қораптарды, жәшіктерді, оның ішінде бөшкелерді, барабандарды, банкаларды, жәшіктерді және басқа да сыйымдылықтарды өндіру);
Металл қақпақтарды және тығындауға арналған басқа да бұйымдарды өндіру

Суық қалыптау немесе бүктеу

2433

Уатқыштарда суықтай қалыптау процесінде немесе баспақта бүктеу әдісімен болаттан жасалған жалпақ илектелген бұйымдардан ашық секциялар жасау
Суық әдіспен болаттан қалыпталған немесе бүктелген бұдырланған табақтар мен сэндвич-панельдер жасау

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі

2410

Темір құймалар, жылтыр шойыннан қалыптар мен құймалар, блоктар немесе өзге де бастапқы пішіндерді жасау
Ферроқорытпа өндірісі
Темір және құрамында темір бар өзге де кеуекті бұйымдарды тікелей қалпына келтіріп, құрамында темір бар бұйымдар жасау
Электролиз жолымен немесе өзге де химиялық процестер нәтижесінде таза темір өндіру
Түйіршіктелген темір және темір ұнтағын өндіру
Болат құймаларды немесе өзге де бастапқы пішіндерді өндіру
Болаттан жасалған жартылай дайын бұйымдар өндірісі
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген және суықтай илектелген жалпақ илектелген бұйымдар өндірісі
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген шыбықтар өндірісі
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген қуыс бұйымдар өндірісі
Пакеттелген болат табақтар мен дәнекерленген жіктері ашық бұйымдар өндірісі
Болаттан жасалған теміржол материалдарының (құрастырмалы рельс) өндірісі

Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, профильдер, фитингтер өндірісі

2420

Ыстықтай илемдеу тәсілімен, ыстықтай сығымдаумен немесе ыстық сығымдау немесе ыстықтай илектелген шыбық, құймалар сияқты жартылай фабрикаттарды ыстықтай өндеуді немесе үздіксіз құюды қамтитын өзге де тәсілдермен одан әрі өңдеу үшін тұтас тартылған құбырлар мен көлденең және көлденең емес қималы құбырлар және көлденең қималы дайындамалар өндірісі
Кейіннен көлденең қималы құбырларды суықтай илектеу немесе суықтай созу тәсілімен және тек көлденең емес қималы құбырларды және қуыс профильдерді суықтай созу тәсілімен өңдеу жолымен ыстықтай илектелген немесе ыстықтай сығымдалған дайындамалардан жасалған мөлшері белгіленген және белгіленбеген тұтас тартылған құбырлар өндірісі
Тегіс ыстықтай илектелген жалпақ бұйымдардан суық тәсілмен өндірілген, ұзына бойы немесе спираль бойымен дәнекерленген сыртқы диаметрі 406,4 мм астам немесе одан кем дәнекерлеу құбырларының өндірісі
Үздіксіз құю немесе ыстықтай қалыптау тәсілімен және ұзына бойы немесе спираль бойымен дәнекерленген және ыстықтай илектелген немесе суықтай илектелген, ұзына бойы дәнекерленген жолақтардан ыстықтай немесе суықтай қалыптаумен жасалған көлденең емес қималы сыртқы диаметрі 406,4 мм немесе одан кем көлденең қималы дәнекерлеу құбырларының немесе суықтай илектелген жалпақ бұйымдар өндірісі
Сыртқы диаметрі 406,4 мм немесе одан кем, илектелген, ыстықтай немесе суықтай қалыптау жолақтарынан жасалған және одан әрі суықтай илектеу тәсілімен немесе суықтай қалыптау тәсілімен көлденең емес қималы құбырлар түрінде өңдеу үшін ұзына бойы дәнекерленген дәнекерлеу құбырларының өндірісі
Болаттан жасалған ыстықтай илектелген жалпақ бұйымдарды өңдеу жолымен жалпақ болат фланецтер мен қамыттары бар фланецтер өндірісі
Жікті дәнекерлеу үшін иінді келтеқұбыр сияқты гарнитура және қалыптау жолымен болаттан жасалған ыстықтай илектелген жіксіз құбырлар өндірісі
Бұрандалы құбырлар және болаттан жасалған өзге де құбырлар немесе гарнитура

23

Электр жабдықтар және электр өткізгіш өндірісі

Электр моторлар, генераторлар және трансформаторлар өндірісі

2711

Электр моторлар өндірісі (іштен жану қозғалтқыштарын қоспағанда)
Таратушы электр трансформаторлар өндірісі
Аргонмен дәнекерлеу трансформаторларының өндірісі
Флюоресцирлеуші бареттерлер (яғни трансформаторлар) өндірісі
Электр энергиясын таратуға арналған трансформаторлық қосалқы станциялар өндірісі
Электр кернеуін беру және тарату реттегіштерінің өндірісі
Күштік генераторлар өндірісі (іштен жану қозғалтқыштарына арналған аккумуляторлық батареяны зарядтауды қоспағанда)
Генераторлық агрегаттар өндірісі (генераторлық қондырғының беретін блогын қоспағанда)
Жүзбелі балық зауыттарындағы зәкірге арналған орау құрылғысы

Электр өткізгіш және кабельдің басқа түрлерінің өндірісі

27320

Алюминийден және мыстан жасалған тоқ жүретін желілері бар өткізгіштер мен кабельдер өндірісі

Электр таратушы және реттеуші аппаратура өндірісі

2712

Электр қоректендіргішті ажыратқыштар өндірісі
Электр желісіне арналған желілік сүзгілер өндірісі (өндірістік-тарату тізбегі үшін)
Электр кернеуін таратуға арналған бақылау панельдерінің өндірісі
Электр релесі өндірісі
Электрлік тарату қалқандарына арналған кабель өндірісі
Электр детонаторлар өндірісі
Қуатты ауыстырып қосуға арналған жабдықтар өндірісі
Электр энергетикалық жүйеде ауыстырып қосуға арналған жабдықтар өндірісі (іске қосу кнопкаларын, ажыратқыштарды, соленоидтарды, тумблерлерді қоспағанда)
Бастапқы энергия көздерінің өндірісі

Электродты өнім өндірісі

27901

Электродты масса

24

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

Өзге де крандар мен вентильдер өндірісі

2814

Реттеуші клапандар мен су жинау крандарын қоса алғанда, өнеркәсіптік крандар мен вентильдер өндірісі
Қолжуғыштардың крандары мен вентильдерінің өндірісі
Ыстық суға арналған крандар мен вентильдер өндірісі

Гидравликалық жабдықтар өндірісі

2812

Гидравликалық және пневматикалық компоненттер өндірісі (гидравликалық моторларға арналған гидравликалық помпаларды, гидравликалық және пневматикалық цилиндрлерді, клапандарды, шлангілер мен гарнитураны қоса алғанда)
Пневматикалық жүйелерде пайдалану үшін сығылған ауаны тазалауға арналған пневматикалық жабдықтар өндірісі
Гидравликалық жүйелер өндірісі
Гидравликалық трансмиссиялық жабдықтар өндірісі
Көлемді гидроберіліс аспаптарының өндірісі

Ауыл шаруашылығы машиналарын шығару

28302

Көгал шалғыларын қоса алғанда, шалғыларды шығару
Өздігінен зарядталатын немесе автоматты түрде түсіретін ауыл шаруашылығы трейлерін немесе жартылай тіркемелерін шығару
Топырақты дайындауға, тыңайтқыш себуге немесе енгізуге арналған ауыл шаруашылығы техникасын: соқаларды, тыңайтқыштар бөлгіштерді, себу агрегаттарын/сепкіштерді, тырмаларды және т.б. шығару
Жинауға және жармалауға арналған техника: жинау машиналарын, астық бастырғыштарды, сұрыптағыштарды және т.б. шығару
Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған бүрку техникасын шығару
Жұмыртқаларды, жемістерді және т.б. тазалауға, сұрыптауға немесе өңдеуге арналған машиналар шығару

Көтергіш крандар өндірісі

28224

Лифт өндірісі

Сүзгіш және тазалау жабдықтарын өндіру

28292

ЛОС-Ем ыдыстары
ЛОС-К жалпы мақсаттағы камералары
ЛОС-П құм тұзағы
ЛОС-Н мұнай ұстағышы
КНС кәріздік сорғы станциясы
ЛОС-Био биологиялық тазарту қондырғысы

Автомобильдердің өзге де бөліктері мен керек-жарақтарының өндірісі

2932

Автомобильдердің әртүрлі бөліктері мен керек-жарақтарының: тежегіштер, беріліс қораптары, көпірлер, жүріс дөңгелектері, аспалы амортизаторлары, радиаторлар, сөндіргіштер, пайдаланылған газды шығаратын түтіктер, каталитикалық түрлендіргіштер, ілініс тораптары, руль дөңгелектері, руль колонкалары, рульдік механизмнің қораптары өндірісі
Автомобиль шанақтарына арналған бөлшектер мен керек-жарақтар: қауіпсіздік белдіктері мен жастықтар, есіктер, бамперлер өндірісі
Автомобильдерге арналған орындықтар өндірісі

Автомобильдер мен басқа да моторлы көлік құралдарының өндірісі

2910

Өзге де автокөлік құралдары: өрт сөндіру машиналары, жедел жәрдем машиналары, көшелер мен жолдарды жинауға арналған машиналар өндірісі
Автокөлік құралдарына арналған қозғалтқыштар өндірісі
Автокөлік құралдарына арналған шасси өндірісі

25

Өзге де көлік құралдарының өндірісі

Теміржол локомотивтерінің және жылжымалы құрам өндірісі

3020

Теміржол немесе трамвай локомотивтеріне немесе жылжымалы құрамдарға арналған мамандандырылған жиынтықтауыштар: біліктер, осьтер, шпиндельдер, дөңгелектер, тежегіштер және оларға арналған жиынтықтауыштар; иінтіректер, муфталар және жалғастырушы құрылғылар, буферлер мен жиынтықтауыштар; амортизаторлар; фургондар мен локомотивтердің негіздерін; шанақтар және т.б. шығару
Тау-кен өнеркәсібі үшін рельстік арбалар мен локомотивтер шығару
Механикалық және электромеханикалық сигнал беру жабдықтарын, теміржол, трамвай, ішкі су жолдарында, автотрассаларда, тұрақтарда, ұшу алаңдарында және т.б. қауіпсіздікті бақылауға және қозғалысты басқаруға арналған жабдықтарды шығару
Теміржол вагондарына арналған орындықтар шығару

26

Велосипедтер, арбалар

Велосипедтер және мүгедектерге арналған арбалар/креслолар өндірісі

3092

Моторсыз велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді, тандемдерді, балалар велосипедін және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, өзге де ұқсас көлік құралдарының өндірісі
Велосипедтерге арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі
Қосалқы моторы бар велосипедтер өндірісі
Пластик велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, жүргізу үшін дөңгелегі бар ойыншықтар өндірісі
Моторлы немесе моторсыз мүгедектер арбасының өндірісі
Мүгедектер арбасына арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі
Балалар арбасының өндірісі

27

Фармацевтика

Фармацевтикалық препараттар өндірісі

2120

Дәрі-дәрмектер: иммундық сарысулар және т.б.; вакциналар; гомеопатиялық препараттарды қоса алғанда, әртүрлі дәрі-дәрмектер өндірісі
Сыртқа қолдануға арналған химиялық контрацептивті өнімдер мен гормоналды контрацептивтер өндірісі
Жүктілік тестілерін қоса алғанда, медициналық диагностикалық препараттар өндірісі
Радиоактивті заттарды анықтауға арналған диагностикалық препараттар өндірісі
Биологиялық фармацевтикалық препараттар өндірісі
Мақта, дәке, дәке таңғыштар, бандаж және т.б. сияқты медициналық таңу материалдары өндірісі

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі

2110

Дәрі-дәрмектер: антибиотиктер, негізгі витаминдер, салицил және O-ацетилсалицил қышқылдары және т.б. өндіру үшін пайдаланылатын медициналық фармакологиялық препараттар өндірісі
Қанды қайта өңдеу
Химиялық таза қант жасау
Жануарлар шикізатынан эндокринді препараттар жасау (бездерді қайта өңдеу және бездер мен т.б. экстрактілер жасау)

28

Басқа тауар позициялары

Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарының өндірісі

1396

Тоқылғаннан басқа жабысқақ негіздегі матаны қоса алғанда, сығылған маталар өндірісі
Сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған маталар өндірісі
Металл қосып иірілген жіп, резеңке жіптерді және тоқыма жіптер, тоқыма иірімжіп немесе сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған баулар өндірісі
Беріктігі жоғары материалдан резеңке маталар жасау
Жадағайлық мата, өрт сөндіруге арналған түтіктерге/шлангілерге арналған, тор көзді мата, икемді киім өндірісі

Зергерлік бұйымдар өндірісі

3212

Қолдан өсірген інжу өндірісі
Тастар мен синтетикалық және өңделген асыл және жартылай бағалы тастарды өнеркәсіптік өңдеуді қоса алғанда, өңдеу сатысында асыл және жартылай бағалы тастар өндірісі
Гауһар өңдеу
Қымбат бағалы металдардан және қымбат бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан немесе асыл және жартылай қымбат бағалы тастардан немесе қымбат бағалы металдар мен асыл немесе жартылай қымбат бағалы тастардың немесе өзге де материалдардың комбинациясынан жасалған құнды заттар жасау
Қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан зергерлік бұйымдар: асхана ыдыстарын, ұсақ және жалпақ ыдыстар, шұңғыл ыдыс, туалет керек-жарақтарын, кеңсе немесе үстел бұйымдарын, діни қызметтерде салт-жоралғы үшін пайдалануға арналған бұйымдар және т.б. жасау
Қымбат бағалы металдардан техникалық және зертханалық керек-жарақтар (құралдар мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда): тигель, шпательдер, гальван бүркілген анодтар және т.б. жасау
Қолсағаттарға, бауларға, білезіктерге және табакеркаларға арналған қымбат бағалы металл білезіктер жасау
Металдан жасалған қымбат бағалы дербес және қымбат бағалы емес бұйымдарды нақыштау

Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар өндіру

3250

Хирургиялық салфеткалар, стерильді жаймалар мен бинттер өндіру
Сүйектерді бекітуге арналған пластиналар мен бұрандалар өндірісі
Тіс техникалық зертханаларда жасалған тіс протездерін, көпірлерді және т. б. өндіру
Ортопедиялық құрылғылар мен протездер өндірісі
Көз протездерін жасау
Офтальмологиялық бұйымдар, көруді түзетуге арналған көзілдіріктер, күннен қорғайтын көзілдіріктер, көзілдіріктерге арналған линзалар, жанаспалы линзалар, қорғаныш көзілдіріктер өндірісі
Шприцтер, инелер, катетерлер, канюль және т. б. өндірісі
Стоматологиялық зертханалық пештер өндірісі
Ультрадыбыстық тазалауға арналған зертханалық жабдықтар өндірісі
Зертханалық стерилизаторлар өндірісі
Стоматологиялық құралдар өндірісі
Медициналық термометрлер өндірісі
Зертханалық дистилляторлар, зертханалық центрифугалар өндірісі
Медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге де аспаптар, аппараттар мен жабдықтар өндіру
Операциялық үстелдер, қарау үстелдері, механикалық құрылғылары бар аурухана төсектері, ішіне салынған стоматологиялық жабдықты қоса алғанда, стоматологиялық креслолар сияқты медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз өндірісі



Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өнімдерді өндіру

3299

Жеке қорғаныш құралдары, респираторлар және т. б. өндірісі

29

Білім беру

Тұрғын үйдің басқа түрлерінде көрсетілетін қызметтер

5590

Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау

Білім беру

85

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау

30

Туризм*

Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы

5510

Орналастыру орындарын (қонақ үйлер, санаторийлер, люкс класты қонақ үйлер, мотельдер) салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

5520

Орналастыру орындарын салу (балаларға арналған немесе басқа демалыс үйлері, пәтерлер мен қонақтар үшін бунгалолар, жинау немесе тамақтандыру қызметтерін көрсетпейтін коттедждер мен үйлер, жастар туристік лагерьлері, таудағы турбазалар және т.б.)

Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер

5530

Орналастыру орындарын салу (кемпингтер, трейлер парктері, ойын-сауық қалашықтары, аң аулау немесе балық аулау үшін пайдаланылатын жерлер, автомобиль демалысына арналған үй-жайлар мен керек-жарақтар)

Аурухана ұйымдарының қызметі

8610

Санаторий-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау

Басқа санаттарға жатқызылмаған жерүсті жолаушылар тасымалдарының басқа түрлері

4939

Тау шаңғысы курорттарын салу, егер қалалық және қалааралық көлік тасымалдары жүйесіне кірмейтін болса, конвейерлерді, аспалы жолдарды, тау шаңғысы көтергіштерін және аспалы көтергіштерді басқару

31

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

86

Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жабдықтау

32

Көлік және қоймаға жинау**

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

52

Көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу

33

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

Тас көмірді байыту ***

05.10.3

Сапасын жақсарту, оны тасымалдау немесе сақтауды жеңілдету үшін тас көмірді жуу, ірілігі бойынша бөлу, ұсақтау, сығымдау және т. б.

      * Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматының таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай, Нарынқол аудандары) іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

      ** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.

      *** Үйінділерден алынған тас көмір.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде кредиттер бойынша
  кепілдіктер беру қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

"_____________________________" акционерлік қоғамына

 Алдын ала кепілдендіру хаты

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші бағытын/Басым жобаларға кредит беру тетігін (бұдан әрі – Тетік) іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі) _________________________ жеке кәсіпкерінің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ДК/ЖШС/АҚ) "______________________" _________________________жобасы бойынша қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы өтінімін қарап, мақұлдағанын хабарлаймыз.

      Қаржы агенттігі

      "_________________________" ДК/ЖШС/АҚ "_________________________" жобасы бойынша мынадай талаптармен кепілдік беруге дайын:

      1) кепілдік сомасы: _______________________ (___________________________) теңге, бұл кредит сомасының _______ % құрайды;

      2) кепілдік мерзімі __________________;

      3) кепілдік берудің басқа да талаптары Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйкес жасауға тиіс кепілдік шартымен реттеледі.

      *талаптарды кесте түрінде қосуға болады

      Осы алдын ала кепілдендіру хатының қолданылу мерзімі _______ дейін.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдау талаптарын реттейтін өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, қаржы агенттігі жоғарыда аталған кепілдікті беру талаптарын қайта қарап, оларды толығымен немесе ішінара өзгертуге немесе жоюға құқылы, бұл жөнінде банкке кепілдік шартына қол қойғанға дейін хабардар етіледі.

      Құрметпен, ___________ _____________ _____________________________________ (лауазымы) (қолтаңбасы) мөр орны (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидаларына
  4-қосымша

Кәсіпкердің жобасы бойынша банк қаржы агенттігіне беретін құжаттар тізбесі

1. Жалпы құжаттар

      Ескерту. 4-қосмыша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

Р/с №

Құжаттар атауы

Нысан

1

2

3

1

Банктен құжаттар тізбесіне ілеспе хат

электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолданылатын электрондық формат/түпнұсқа

2

Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттар тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдап алу-беру актісі

банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және банктің мөрімен/мөртабанымен куәландырылған түпнұсқа, ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

3

Банктен кредит алуға арналған өтінім

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

4

Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, банктің кредиттік, кепілдік, заң және тәуекелдерді басқару басқармаларының сараптамалық қорытындылары

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Соңғы есептік күндегі жағдай бойынша кәсіпкердің қаржылық құжаттары (берешектің туындау күні, берешекті өтеу жоспарланатын күн және берешектің нысаны көрсетілген, кредиторлық және дебиторлық берешектің ашылып жазылуы, негізгі құралдардың, тауар-материалдық босалқы қорлардың, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін)*

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

6

Соңғы есептік күндегі жағдай бойынша кәсіпкердің қаржылық құжаттары(берешектің туындау күні, берешекті өтеу жоспарланатын күн және берешектің нысаны көрсетілген, кредиторлық және дебиторлық берешектің ашылып жазылуы, негізгі құралдардың, тауар-материалдық босалқы қорлардың, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін)*

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

7

Кірістер мен шығыстар туралы есептердің баптарын түсіндіру – өткізу кірісі, өзіндік құны, кезең шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қарастырылатын кезеңдердегі өткізілген өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме немесе түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

8

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсете отырып, қызмет көрсететін банктен несие берешегінің бар-жоғы, соңғы 12 айдағы айналымдары, сондай-ақ құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есеп айырысу құжаттары туралы анықтамасы

банк нысаны бойынша түпнұсқа (30 күнтізбелік күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірмеге рұқсат етіледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

9

Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржылық ұйымдардағы мерзімі өткен берешегінің (банктерден басқа, кредиттері болған кезде) бар-жоғы туралы анықтамалар

түпнұсқа (30 күнтізбелік күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірмеге рұқсат етіледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

10

Банктердегі барлық шоттары туралы мәліметтер

хаттың түпнұсқасы/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

11

Лицензиялар**, патенттер, квоталар және т.б. (өтініш беруші қызметінің түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын жағдайда)

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

12

Жобаны іске асыру бойынша құжаттар (бар болса)
1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстар жүргізу, (мердігердің құрылыс-монтаждау жұмыстарын және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруына берілген лицензияларды қоса) қызметтер көрсету шарттары, орындаған жұмыстар актісі, төлем шоттары және т.б.;
2) жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (кредит құрылыс, реконструкциялау және т.б. салада пайдалану үшін берілген жағдайда) және т.б.;
3) жобаға өзі қатысатындығын растайтын құжаттар;
4) банк жобаны қарастыру аясында қолданатын кез келген басқа да құжаттар.

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

13

Бизнес-жоспар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме немесе түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

14

Соңғы және ағымдағы жылы қолданыстағы және аяқталған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

15

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

16

Банк атынан банк қарызы, кепілі және кепілдік шартын жасайтын тұлғаның уәкілеттігін растайтын құжаттар

банктің мөрімен расталған көшірмелер (банк кепілдік шартын жасаған кезде ұсынуы мүмкін)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

      * 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша

      Ескертпе: қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі банк құжаттар топтамасын ұсынған күні 6 айдан аспауы тиіс.

      2. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін анықтайтын құжаттар

      1. Кәсіпкер жеке кәсіпкер болып табылған жағдайда:

Р/с № Құжаттың атауы Нысан
1 2 3

1

Жеке басты куәландыратын құжат

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

2

Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама

Дара кәсіпкерді тіркеу туралы талон (egov.kz сайтынан алынған талонның көшірмесіне рұқсат беріледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат және "Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы" (elicense.kz) порталынан кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама

3

Қол қою үлгілері, мөрдің бедері (бар болса) көрсетілген құжат

Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме не түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

4

Кәсіпкердің/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Кәсіпкердің/кепілгердің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

      2. Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болған жағдайда.

Р/с № Құжаттың атауы Нысан
1 2 3

1

Жарғы, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

нотариат куәландырған көшірме/банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама**

Нотариат куәландырған көшірме (egov.kz сайтынан алынған анықтамаға рұқсат етіледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат және "Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы" (elicense.kz) порталынан кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама

3

Кәсіпкердің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

түпнұсқа немесе банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме

4

Банкте және қаржы агенттігінде кәсіпкердің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның уәкілеттілігін растайтын құжаттар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Кепілдіктер тарту туралы шешім қабылдаған кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі

қаржы агенттігінің нысаны бойынша бекітілген түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

6

Кәсіпкердің кредит алу туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі

банк нысаны бойынша бекіткен түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолтаңбаларының және кәсіпкердің мөр бедерінің (бар болса) үлгілері көрсетілген құжат

Банк уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып, тексерген нотариат куәландырған түпнұсқа/көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

8

Кәсіпкердің/құрылтайшының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға берген келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

      Ескертпе:

      ** "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберілген жағдайда бұл құжаттар сұратылмайды.

      Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда мұндай құжат тігілген және нөмірленген не құжаттың әр парағы уәкілетті тұлғалардың қолымен, мөрімен/мөртаңбасымен куәландырылған болуы тиіс.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша
кепілдіктер беру қағидаларына
  5-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс жобалары шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беруге арналған тауарлардың тізбесі

      Ескерту. Қағидалар 5-қосмышамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

1

Ауыл шаруашылығы

Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақты дақылдар мен майлы тұқымдарды өсіру

0111

Қытайбұршақ, жержаңғақ, мақта тұқымы, кәдімгі майкене, зығыр тұқымы, қыша тұқымы, майлы нуга тұқымы, рапс тұқымы, бояғыш мақсары тұқымы, күнжіт тұқымы, күнбағыс тұқымы, өзге де майлы тұқымдар сияқты майлы тұқымдарды өсіру

Күріш өсіру

0112

Күріш өсіру

Көкөністер және бақша өнімдерін, тамыржемістілер мен түйнекжемістілерді өсіру

0113

Көкөніс, оның ішінде қызанақ, басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа да пиязды көкөністер, қауданды қырыққабат, гүлді қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер, картоп, сәбіз, шалқан, тамыр балдыры, шалғам басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды тамыржемістілер, бұрыш, қияр мен корнишон, қант қызылшасы және асханалық қызылша өсіру
Көкөніс, картоп, қант қызылшасының тұқымдарын өсіру
Бақша дақылдарын өсіру, оның ішінде қарбыз, қауын және асқабақ өсіру
Саңырауқұлақтар мен трюфельдерді өсіру

Талшықты иіру дақылдарын өсіру

0116

Мақта, зығыр өсіру
Мақта тұқымын өсіру

Басқа да маусымдық дақылдарды өсіру

0119

Тарна, жемдік қызылша, жем-шөп, беден, жоңышқа, эспарцет, жемдік жүгері және басқа шөптерді, жемдік қырыққабат және қарапайым жемдік өнімдерді өсіру
Қарақұмық өсіру
Қант қызылшасы (қант қызылшасы тұқымдарын қоспағанда) және азықтық өсімдіктер тұқымын өсіру

Жүзім өсіру

0121

Шарап жүзімі және жүзімнің асханалық сорттары

Дәнді жемістер және сүйекті жемістер өсіру

0124

Дәнді және сүйекті жемістер: алма, өрік, шие және қызыл шие, шабдалы және тақыр шабдалы, алмұрт және беже, қара өрік және шомырт өсіру

Өзге де жеміс ағаштарын, бұталар мен жаңғақ түрлерін өсіру

0125

Жидек өсіру: қарақат/көкжидек, қарақат, қарлыған, киви, таңқурай, құлпынай/бүлдірген, өзге де жеміс түрлері
Жемістердің тұқымдарын өсіру
Жеуге жарамды жаңғақтарды өсіру: бадам, кешью, талшын, фундук/орман жаңғағы, пісте, грек жаңғағы, басқа да жаңғақ түрлері
Жеміс ағаштарының, бұталардың басқа түрлерін өсіру: айлауық жемістері

Малдың және қодастың басқа да тұқымдарын өсіру

0142

Ет алу үшін ірі қара мал мен қодасты көбейту

Малдың сүтті тұқымдарын өсіру

0141

Малдың сүтті тұқымдарын өсіру және көбейту
Шикі сүт алу

Жылқы өсіру

0143

Жылқы өсіру және
молайту

Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру

0144

Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру және молайту

Қой мен ешкі өсіру

0145

Қой мен ешкі өсіру және молайту
Қой мен ешкінің шикі сүтін өндіру
Жүн дайындау
Қозылардың терілерін дайындау

Шошқа және торай өсіру

0146

Торайлар, шошқалар, шошқа еті

Құс шаруашылығы

0147

Инкубациялық жұмыртқа өндірісі
Үй құстарын өсіру және көбейту: тауық, күркетауық, үйрек, қаз және т.б.
Жұмыртқа өндірісі

Жануарлардың өзге де түрлерін өсіру

0149

Омарта шаруашылығы және бал мен бал балауызы өндірісі

Егін жинағаннан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері

0163

Түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшығы

2

Балықтан, шаян тәрізділер мен моллюскілерден жасалған өнімдер

Теңізде акваөсіру

0321

Аквариум балықтарын өсіруді, моллюскілер (устрица, мидия және т.б.) уылдырығының, ірі теңіз шаяндарының, асшаяндардың, балық шабақтарының өндірісін және оларды қолмен өңдеуді, қызыл балдырлар мен жеуге жарамды басқа да балдырларды, шаян тәрізділерді, қос қабыршақты моллюскілерді, теңіз суындағы басқа да моллюскілер мен басқа да су жануарларының түрлерін өсіруді, теңіз суындағы акваөсіруді, резервуарларда тұздалған судағы акваөсіруді қоса алғанда, теңіз суында балық өсіру
Теңіз балықтарының түрлерін өсіру жөніндегі инкубаторлық станциялар, жылы теңіз фермалары

Тұщы судағы акваөсіру

0322

Тұщы су балықтарының аквариумдық түрлерін өсіруді, тұщы суды мекендейтін шаян тәрізділерді, қос қабыршақты моллюскілерді, өзге де моллюскілерді және су жануарларының басқа да түрлерін өсіруді, инкубаторлық станциялардың (тұщы су) жұмысын қоса алғанда, тұщы суда балық өсіру
Бақа өсіру

Тұщы суда балық аулау

0312

Ішкі суларда коммерциялық негізде балық аулау
Тұщы суларда шаян тәрізділер мен моллюскілерді аулау
Тұщы суларда теңіз жануарларының түрлерін аулау
Тұщы су материалдарын жинау

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Мемлекеттік гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) "Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға 2-қосымша сәйкес экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.

      4. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Бұл ретте мемлекеттік грантты алуға арналған конкурсқа қатысу үшін Бағдарлама шеңберінде оқыту құрамдауыштары сертификатының болуы міндетті талап болып табылады.

      5. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік гранттарды беру мақсатында уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне аударады.

      6. Бағдарламаны іске асыру мақсатында бөлінетін қаражаттың кемінде 20 %-ы халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге бағытталады.

      6-1. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуші арасында тиісті шарт жасалғаннан кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ескерту. 1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      6-2. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары күшіне енген күні қолданыста болған және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген грант беру туралы шарттар қаржыландыруға жатады. Грант беру туралы қағаз шарттарды электрондық форматқа аударуды және оларды субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуші осы Қағидалар күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 1-тарау 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      7. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      8. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      2) халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары – "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында айқындалған азаматтардың санаттары;

      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      4) бизнес-жоба – кәсіпкердің жоспары, ол өз бизнесіңді құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашады, сипаттамалар, есептемелер, болжамдар нысанында орындалады, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатынан (ақшалай қаражатынан, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлкінен) қоса қаржыландыруды және жаңа жұмыс орындарын құруды, жобаны іске асырудың мерзімдерін қамтиды;

      5) жаңа бизнес-идея – осындай жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдана отырып тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (конкурс өткізу кезінде нақты елді мекенде немесе ауылдық округте іске асырылмайтын тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады);

      6) кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;

      7) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      8) конкурстық комиссия – жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен құрылатын, құрамында кемінде 10 (он) адам бар алқалық-кеңесші орган (жергілікті атқарушы органдардың өкілі Конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды);

      9) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      10) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген қағаз немесе электрондық нысандағы өтініш;

      11) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      12) грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, қаржы агенттігі және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) электрондық түрде жасалатын үшжақты келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға нысаналы грант беріледі;

      13) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне 3 (үш) жыл толмаған кәсіпкер (жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      14) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған, жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі кәсіпкер (ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің жасы оның Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өтініш жасаған күнге айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      15) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен;
      16) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен;

      17) транш беруге арналған өтінім – мемлекеттік грантты немесе оның бір бөлігін кәсіпкердің банктік шотына аударуға арналған өтінім;

      18) веб-портал – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;

      19) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, ұлттық институттың, қаржы агенттігінің, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, конкурстық комиссияның) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;

      20) жеке шот – тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (аутентификациялау) және оның жеке деректері мен баптауларына қолжетімділік беру үшін қажетті субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын шот;

      21) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      22) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер туралы, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      23) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға арналған техникалық талаптарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      24) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

3-тарау. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің тәртібі мен шарттары

      9. Өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын, осы конкурстық іріктеуге құжаттарын Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағына сәйкес толық көлемде ұсынған кәсіпкерлер гранттар беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      10. Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мақсатындағы конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      Мыналар:

      1) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшін міндетті емес) бірлесе қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);

      2) жаңа жұмыс орындарын құру;

      3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.

      11.Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдаланады:

      1) тауарларды шығаруға немесе қызметтерді көрсетуге қажетті негізгі құралдарды, шикізатты және материалды сатып алу;

      2) материалдық емес активтерді сатып алу;

      3) технологияларды сатып алу;

      4) кешендi кәсiпкерлiк лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алу;

      5) зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстар.

      Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      12. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын:

      1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;

      2) жалдау ақысы ретінде;

      3) үлестес/байланысқан компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (көрсетілетін қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға);

      4) бұрын қолданыста болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға пайдалануға болмайды.

      Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі жеке тұлғадан автокөлікті сатып алу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы жүзеге асырылады.

      13. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн. теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.

      14. Мынадай:

      1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;

      2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

      3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;

      4) мемлекеттік грантты алуға өтінім берген кезде берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда) кәсіпкерлерге гранттар берілмейді.

      15. Конкурс өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі басшысының шешімімен гранттың берілуіне үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөнінде конкурстық комиссия құрылады және оның құрамы бекітіледі. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірізділігі, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.

      16. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссияның құрамы атқарушы билік, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті қатысуы арқылы қалыптастырылады.

      Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері конкурстық комиссияға төраға бола алмайды.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда, төрағамен келісу бойынша отырыстардың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, конкурстық комиссия мүшелерін алдағы отырыс туралы хабардар етеді, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді.

      Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.

      Конкурстық комиссияның отырысына конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.

      Конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының даусы шешуші дауыс болып табылады.

      17. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылды, ол:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес облыстық өңірлік апталық баспасөз басылымында, сондай-ақ веб-порталда бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады;

      2) Бағдарлама іске асырылатын бүкіл мерзімде кәсіпкерлерге грант түрінде мемлекеттік қолдау көрсету барысын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуді мерзімдік негізде қамтамасыз етеді;

      3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысты бар мәселелер бойынша, гранттар берудің шарттары мен тәртібі туралы консультация береді;

      4) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;

      5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;

      6) кәсіпкерлерді грант беру немесе оны беруде бас тарту туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      17-1. Өңірлік үйлестіруші гранттар беру жөніндегі жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.

      Ескерту. 3-тарау 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      17-2. Транш беруге өтінімдерді қабылдау Қаржыландыру жоспарына сәйкес жылдық бюджет шегінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тарау 17-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      17-3. Транштың көлемі Қаржыландыру жоспарында тиісті айға көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын траншты беруге арналған өтінімдер бойынша траншты беру траншты беруге өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тарау 17-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      17-4. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тарау 17-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      18. Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінімді береді, оған басшы не оны алмастыратын адам қол қояды және кәсіпкердің мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі. Бұл ретте конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана береді.

      19. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      20. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталына орналастырылады;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

      4) жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

      5) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;

      6) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;

      7) ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қараша № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған);

      9) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда);

      10) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат.

      Кәсіпкер Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгіне алады.

      21. Өтінімдерді қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде аяқталады. Белгіленген мерзім шеңберінде келіп түскен әрбір өтінім нөмір беріліп, өтінімдерді қабылдау журналына тіркеледі, құжаттардың берілген күні мен уақыты көрсетіледі. Кәсіпкердің әрбір өтінімінде күні мен уақыты көрсетіліп, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің қабылданғаны туралы белгі жасалады.

4-тарау. Конкурстық өтінімдерді қарау тәртібі

      22. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі (конкурстық комиссияның жұмыс органы) кәсіпкердің құжаттарын алғаннан кейін:

      1) құжаттардың толықтығын тексереді;

      2) конкурс комиссиясының отырысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізеді.

      23. Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды, сондай-ақ анық емес және дұрыс емес мәліметтерді, оның ішінде бизнес-жобаның қаржы-экономикалық негіздемесінде анық емес және дұрыс емес мәліметтерді ұсынған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге 5 (бес) жұмыс күні ішінде пысықтау үшін қайтарады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      24. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін барлық құжаттар мен ақпаратты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің материалдарын конкурстық комиссияның қарауына шығарады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      25. Бюджет қаражаты болған жағдайда конкурс жылына кемінде 2 (екі) рет өткізіледі.

      26. Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын конкурстық комиссияның отырысында таныстырады.

      27. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес конкурс өткізген кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) конкурстық іріктеуге қатысушылардың бизнес-жобаларын қарайды;

      2) мемлекеттік гранттар беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етуге жатпайды.

      Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұрата алады.

      28. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттар негізінде (оның ішінде осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшада көрсетілген кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:

      1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшін міндетті емес);

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі).

      Бұл ретте, бизнес-идея жаңашылдығының өлшемшартына:

      нақты елді мекенде немесе ауылдық округте бұрын өткізілмеген тауарларды шығару, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау;

      нақты елді мекенде немесе ауылдық округте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.

      29. Кәсіпкерге мемлекеттік грант беру/бермеу туралы шешім конкурстық комиссияның соңғы отырысы өткізілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік грант беру мүмкіндігінің/мүмкін еместігінің себептері көрсетіле отырып, конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді.

      Конкурстық комиссияның хаттамасында әрбір қаралған жоба бойынша қысқаша түйіндеме қамтылуға тиіс.

      30. Хаттамаға конкурстық комиссияның мүшелері, хатшысы қол қояды және оны конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.

      31. Конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі – конкурстық комиссияның шешімі шыққан күннен бастап 9 (тоғыз) ай.

      32. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өткізілген конкурс нәтижелері бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) кәсіпкерге осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарламаны;

      2) қаржы агенттікке мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша конкурстық комиссияның хаттамасын жібереді.

5-тарау. Мемлекеттік гранттарды беру тетігі

      33. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде веб-порталда электрондық түрде грант беру туралы шартты дайындайды және оған қаржы агенттігінің және кәсіпкердің қолын қойғызады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      34. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар беруге кәсіпкерлер берген өтінімдерді іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді.

      35. Грант беру туралы шарт жасалғаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге оның ағымдағы банктік шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      36. Грант қаражаты мемлекеттік грантты немесе оның бір бөлігін кәсіпкердің банктік шотына аударуға арналған өтінімге сәйкес кәсіпкердің ағымдағы шотына аударылады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      37. Бірінші траншты алу үшін кәсіпкер грант қаражатының сұралатын көлемі мен жоспарланған мақсатқа сай пайдаланылуы туралы ақпарат беруі қажет.

      38. Гранттың нысаналы мақсаты осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттары мен өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі транштың сұралып отырған сомасын кәсіпкердің ағымдағы шотына аударады.

      39. Кәсіпкер грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және грант беру туралы шарттың талаптарын орындауға міндетті.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

6-тарау. Кәсіпкердің электрондық өтінімді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру тәртібі

      40. Мемлекеттік гранттар мына шарттар сақталған жағдайда беріледі:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті грантты алуға өтінім беру.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі;

      4) есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы мәліметтерді растау;

      5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығы туралы мәліметтерді растау (қажет болған жағдайда);

      6) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, кәсіпкерде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесі(лері)нің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);

      7) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және/немесе "Автомобиль" деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталған, кәсіпкерде жылжымалы мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда).

      Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер тек бір өтінім беруге құқылы.

      Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      41. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы мынадай сканерленген құжаттардың көшірмелерін қоса береді:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;

      2) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

      3) Бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат;

      4) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);

      5) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылу мәртебесінің бар екенін растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      42. Кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және (немесе) жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің қызмет түрлері туралы мәліметтер, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық сатылары туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша қарыздың бар/жоқ болуы туралы мәліметтер, жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде айқындалады.

      43. Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:

      1) кәсіпкерлердің, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, қаржы агенттігінің, уәкілетті органның (бұдан әрі – пайдаланушылар) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ болуға тиіс;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.

      Жеке кабинетте тіркелу үшін пайдаланушылар мына мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі ( бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      Уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты тұлғалардың тізімін жібереді.

      Өтінімді қалыптастыру және тіркеу жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 40-тармағы 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қоюы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Егер өңірлік үйлестіруші өтінімді қабылдаған кезге дейін тіркелген өтінімде қателер анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      44. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі кәсіпкер өтінімді тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      45. Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе Бағдарламаның талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін кәсіпкерге қайтарады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      46. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін қалыптастырады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      47. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін қалыптастырады;

      2) ақпараттық жүйе арқылы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесін қалыптастырады.

      Кесте қалыптастырылғаннан кейін өтінімдері мақұлданған өтінімдер тізбесіне енгізілген барлық кәсіпкерлерге олардың жобалары бойынша таныстырылым және дауыс беру күні, уақыты және орны туралы автоматты түрде хабарлама жіберіледі;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде конкурстық комиссия мүшелерінің авторландырылуын қамтамасыз етеді;

      4) мәлімделген жобаларды мақұлдау/мақұлдамау бойынша шешім қабылдау үшін конкурстық комиссияның мүшелеріне мақұлданған өтінімдерді және кәсіпкердің электрондық құжаттамасын қарау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      48. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:

      1) мәлімделген жобаны ұсынылған құжаттардың толықтығы мен анықтығы тұрғысынан қарау;

      2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес әрбір мәселе бойынша балдарды қою әдісімен дауыс беру.

      Егер кәсіпкердің жобасына конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан азы дауыс берген жағдайда, бұл жоба дауыс беру күні қайта дауыс беруге шығарылады;

      3) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының конкурстық комиссияның әрбір мүшесінің дауыс беру нәтижелері және оның қорытынды шешімі көрсетілген хаттамасына қол қою.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      49. Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы веб-портал арқылы қалыптастырылады, ЭЦҚ арқылы конкурстық комиссияның мүшелері, хатшысы қол қояды және конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.

      Конкурстық комиссияның хаттамасын бекіту кезінде өтінімдерді беру кезектілігіне сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемін автоматты түрде резервтеу жүргізіледі.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      50. Жобаны бағалау үшін оған балл беру осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшада көрсетілген кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарын негізге ала отырып жүзеге асырылады.

      51. Кәсіпкердің бір жобасы бойынша конкурстық комиссияның мүшесі беретін ең жоғары балл 40 (қырық) баллды құрайды. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жатқызылатын кәсіпкерлердің бизнес-жобалары бойынша ең жоғары балл сомасы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес міндетті емес талаптар/өлшемшарттар бойынша балдарды шегере отырып белгіленеді.

      52. Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия мүшелері қойған балдар саны қосылып, конкурстық комиссияның қорытынды шешімі айқындалады.

      53. Егер жоба конкурстық комиссияның дауыс берген мүшелерінің мүмкін болатын ең көп балдары сомасының 70 %-ынан астамын жинаса, жобаны конкурстық комиссия мақұлдаған болып есептеледі.

      54. Конкурстық комиссия мүшелері мәлімделген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа ала алмайды. Жобаны қарау мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Конкурстық комиссия мүшесі дауыс бермеген жағдайда, оның балы кәсіпкердің пайдасына ең жоғары сома бойынша есепке алынады.

      55. Хаттама бекітілгеннен кейін кәсіпкерлерге веб-порталда тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл ретте, уәкілетті орган хаттаманы веб-портал арқылы тұрақты негізде, ал Қаржы агенттігі хаттамаға қол қойылғаннан кейін ғана қарайды.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      56. Бюджет қаражаты болған жағдайда веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижелері бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:

      1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді;

      2) қаржы агенттігі мемлекеттік грантты беру туралы шарттың жобасын келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің, қаржы агенттігінің грант беру туралы шартқа қол қоюын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      57. Комиссияның оң шешімін алған жобалар бойынша бюджет қаражатының жетіспеушілігі туындаған жағдайда кәсіпкерлерге гранттар төлеуді тоқтата тұру туралы тиісті автоматты түрдегі хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      58. Қосымша қаражат алған кезде өтінімдерді беру кезектілігіне сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемдерін автоматты түрде резервтеу жүргізіледі.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      59. Конкурстық комиссия отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі өткеннен кейін веб-портал өтінімдері грант беру туралы шарттарға қол қоюға арналған тізілімде кезекте тұрған кәсіпкерлерге автоматты түрде хабарлама жібереді.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      60. Қосымша қаражат алғаннан кейін және конкурстық комиссия отырысының хаттамасы қолданыста болған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің және қаржы агенттігінің грант беру туралы шартқа қол қоюын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

7-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу

      61. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингілеу функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияны құрайтын ақпаратты сұрата алады, жобаны іске асыру орнына бару арқылы мониторингті жүзеге асыра алады.

      62. Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары аланда іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына:

      1) гранттың мақсатқа сай пайдаланылуын мониторингілеу;

      2) грантты алған күннен бастап 1 (бір) жыл өткеннен кейін кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды орындауы бойынша қызметін мониторингілеу;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингілеу;

      4) кәсіпкердің грант беру туралы шарт талаптарын орындауын мониторингтеу жатады.

      Ескерту. 62-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      63. Мониторинг шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) грант алушылардың тізілімін жүргізеді;

      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп береді.

      64. Қаржы агенттігі кәсіпкердің грант қаражатын мақсатқа сай пайдаланбағанын не жобаның және/немесе кәсіпкердің мемлекеттік гранттар беру талаптарына және/немесе конкурстық комиссия шешіміне және/немесе грант беру туралы шарт талаптарына сәйкес келмейтінін не кәсіпкердің жұмыс орындарының санына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамағанын анықтаған жағдайда, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және конкурстық комиссияны жазбаша хабардар етеді.

      Қаржы агенттігі ұсынған ақпарат негізінде конкурстық комиссия ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді жою үшін қосымша уақыт беру не кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдайды, осыдан кейін өзінің шешімі туралы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және қаржы агенттігін хабардар етеді.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      65. Конкурстық комиссия кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мақсатқа сай пайдаланылмаған мемлекеттік грант қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қайтару бойынша іс-шаралар жүргізеді. Грант қаражаты бір бөлігінің мақсатқа сай пайдаланылмауы анықталған жағдайда, конкурстық комиссияның тиісті шешімі бойынша грант қаражатының мақсатқа сай пайдаланылмаған сомасына ғана қайтаруға жол беріледі.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар
беру қағидаларына
  1-қосымша

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      Конкурсты ұйымдастырушы:___________________________________

      Орналасқан жері: _____________________;

      пошталық мекенжайы: ______________________;

      электрондық поштасы: _____________________;

      байланыс телефоны ___________________________

      Конкурстың нысанасы: "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

      Байқау түрі: ашық конкурс.

      Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: ___________________

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта арқылы, электрондық нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 20_ ж. "____" ____________ бастап 20__ж. "__" ______ дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

      Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 20___ж. "___" ________ сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақыт).

      Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 20__ ж. "___" ___________ сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды
  іске асыруға мемлекеттік гранттар
  беру қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан
 

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      _____________________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ____________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және жас кәсіпкерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатынымды мәлімдеймін.

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________

      БСН __________________________________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________

      Басшының ЖСН _____________________________________________

      мекенжайы ___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі__________________________________________

      жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:

      атауы __________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________________

      ЖСН __________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді ____________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      мекенжайы ____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі__________________________________________

      Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ________________________________________________

      хабарлама күні ________________________________________________

      2. Шағын кәсіпкерлік субъектісінде Екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері:_____________________________________________

      Банктің атауы:__________________________________________

      БИК __________________________________________________________

      ИИК _________________________________________________________

      БСН _________________________________________________________

      Кбе __________________________________________________________

      3. Сұратылған ақша қаражаты, барлығы, мың теңге ______________;

      оның ішінде жылдар бойынша: 20 __ж. - _____мың теңге, 20 __ж. - _____мың теңге, 20 __ж. - ___ _ _ мың теңге.

      Мынаны растаймын:

      1) бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешек жоқ;

      2) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ өңірлік үйлестіруші талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар беру үшін ғана ұсынылған.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестірушінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін.

      Мынаған келісемін:

      1) өңірлік үйлестіруші және конкурстық комиссия ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізуі мүмкін;

      2) өңірлік үйлестіруші көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес;

      3) көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбауы мүмкін;

      4) өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы;

      5) өңірлік үйлестіруші кәсіпкер өзі туралы хабарлаған кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтінімнің түпнұсқасы мемлекеттік грант ұсынылмаса да, өңірлік үйлестірушіде сақталатын болады;

      6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қарауына қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.б.) өңірлік үйлестірушінің нысаналы грант беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін конкурс шарттарымен және мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім қағаз түрінде берілген кезде:

      Осы өтінімге ұсынылатын құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың көшірмелерін қоса беремін.

      Өтініш берушінің ТАӘ (толық): _____________________________________

      Қолы: _________________ Күні: ____________

      * өтінімнің әрбір бетіне қол қою қажет

      М.О. (бар болса)

      Электрондық нысанда өтінім беру кезінде:

      Өтінім беруші сағат 00:00-де қол қойды және жіберді "__" ______ 20__ жыл:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Өңірлік үйлестіруші 20 __ жылғы "__" сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ деректері

  ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
  Жаңа бизнес-идеяларды
  іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге арналған
конкурстық іріктеуге
қатысуға өтінімге қосымша
  Нысан

      Жоба туралы мәліметтер

      1. Жалпы ақпарат:

      Жобаның атауы__________________________________;

      Жобаның қысқаша сипаттамасы__________________________________;

      Жобаны іске асыру орны__________________________________;

      Жобаны іске қосу күні__________________________________;

      Қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады) __________;

      Өнімді / қызметті пайдаланушылардың мақсатты аудиториясы__________________;

      Жер учаскесінің және/немесе үй-жайдың болуы (жалға алу немесе жеке меншік) __;

      учаскенің және/немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі (бар болса)___________;

      Қажетті жабдықтың/қосалқы материалдардың болуы (бар болса, тізбелеу): ______.

      2. Жобаны/өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы:

      өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдау_________________________________;

      ұсынылатын өнім алуға қабілетті нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу ___________;

      зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер ________________;

      өнімді әлеуетті тұтынушылармен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алуға дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары) ______________________________________________________________;

      осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі ықпал ететін факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалары бойынша артықшылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы, өнімнің ядролық емес сапасы, географиялық және өзге де ерекшеліктері) __________________________________.

      3. Жоба командасы:

      жалдамалы қызметкерлер саны______________________________;

      кәсіпкерлік қызмет саласындағы және іске асыру жоспарланып отырған саладағы жұмыс тәжірибесі (тиісті құзыреттің, шеберліктің, дағдылардың немесе білімнің болуы)

      _____________________________.

      4. Жобаны іске асыру:

      жобаның өтелімділік мерзімі, ай __________________________________;

Шығыстардың түрлері

Шығыстар баптарының атауы

Шығыстар сомасы, мың теңге

Меншікті қаражат



Грант қаражаты



Барлығы:



      5. Жоба бойынша күтілетін экономикалық тиімділік:

Жылдар

Факт

Болжам

ағымдағы жылы

1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл

Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам



-

-

Салық түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге





Таза пайда, мың теңге





      6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің басталу ықтималдығы

Тәуекелді реттеу тәсілдері

Мүліктік (өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалтуы, оның бүлінуі және табыс алмауы ықтималдығы)



Маркетингтік (тауардың сату көлемінің немесе бағасының төмендеуіне байланысты пайда алу ықтималдығы)



Салалық (саланың экономикалық жай-күйінің өзгеруі нәтижесінде борышкердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындардың ықтималдығы)



      7. Ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер (өтінімді электрондық нысанда берген кезде көрсету):

Р/с №

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (pdf форматы)

1

2

3

1

Бизнес-жоба


2

Кәсіпкердің Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы және/немесе бағдарламасы курстарында қысқа мерзімді оқудан өткенін растайтын құжат


3

Кәсіпкердің шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және / немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар


      5. Қосымша мәліметтер (бағалау шкаласы бойынша бағаланады):

      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігін сипаттаңыз (нарықтық қажеттілікті пысықтау-маркетингтік талдау) (жобаны бағалау өтінімде көрсетілген деректерге негізделуі тиіс);

      2) сіздің пікіріңіз бойынша бизнес-жобаның енгізуге дайындығын сипаттаңыз (өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі);

      3) жобаны іске асырудан қандай экономикалық пайда бар екенін сипаттаңыз;

      4) сіздің ойыңызша, осы жоба бойынша өзін-өзі ақтау мерзімі жобаны тиімді басқару үшін қаншалықты жеткілікті екенін сипаттаңыз;

      5) осы жоба бойынша жаңа жұмыс орындарын есептеу кезінде нені басшылыққа алғаныңызды, бұл сан қажетті нәтижелерге қол жеткізуге сәйкес келетіндігін сипаттаңыз;

      6) осы жобаны іске асыру үшін кәсіпкердің жұмыс тәжірибесін оның мақсатқа жету үшін сәйкестігі бөлігінде сипаттаңыз;

      7) сіздің ойыңызша, жобаны іске асырудан таза пайда алу қаншалықты тұрақты болатынын сипаттаңыз (жобаны іске асыруға маусымдылықтың, мереке күндерінің әсеріне байланысты бағаланады);

      8) тәуекелдер туындаған жағдайда (экономикалық, маркетингтік) жобаны басқа салаға қайта бағдарлау бойынша жоспарланған іс-әрекеттеріңізді сипаттаңыз (бағалау кезінде өтінімде көрсетілген деректерді басшылыққа алу, сондай-ақ жобаның бағыттылығына сүйену қажет);

      9) жобаны іске асыру үшін өткізу нарықтарын, әлеуетті сатып алушыларды іздеу бойынша бар әзірлемелерді немесе әлеуетті тапсырыс берушілермен алдын ала уағдаластықтарды сипаттаңыз;

      10) бизнес-идеяның жаңалығын сипаттаңыз (түпнұсқалығы, қолданылуы, пайдалылығы, іске асыру мүмкіндігі, аналогтарының болуы) (мүгедектер үшін қолданылмайды).

  "Бизнестің жол картасы-202
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға мемлекеттік гранттар
беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

      1.1. Жобаның атауы.

      1.2. Өтініш берушінің атауы (толық және қысқартылған).

      1.3. Жарғылық капиталды бөлу.

      1.4. Орналасқан орны, заңды мекенжайы туралы мәліметтер.

      1.5. Сайт (болған жағдайда).

      1.6. Жобаны іске асыру үшін негізгі құралдардың және қажетті алаңдардың болуы.

      1.7. Шығарылуы болжанатын өнім (тауар, көрсетілетін қызмет) немесе бизнес-процесс.

      1.8. Грантты алған кезден бастап жобаны іске қосудың болжамды мерзімі.

2. ЖОБАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ:

      2.1. Жобаны іске асыру шеңберінде құрылатын өнімнің негізгі сипаттамалары (өнімнің функционалдық мақсаты, негізгі тұтыну сапалары мен параметрлері).

      2.2. Шешімдер жобаларында ұсынылған жаңашылдық (оның ішінде жобаның өзектілігі мен бірегейлігі туралы ақпарат; бизнес-жобаны іске асыруға ұсынылатын шешімнің жаңашылдығы, яғни сату арналары, маркетингтік стратегия құру, өнім материалы/өндіру әдісі және т.б.; жобаның технологиялық деңгейі).

      2.3. Жоба тақырыбы бойынша патенттердің және өзге де құқық қорғау құжаттарының болуы.

      2.4. Жобаның бизнес-процесінің не өнім жасаудың сипаттамасы (оның ішінде

      бизнес-жобаның өтелу мерзімі туралы ақпарат; бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі;өнім берушілер мен тұтынушылар туралы ақпарат; тауарды/негізгі құралдарды/шикізатты және материалды жеткізуге/қызметтер көрсетуге/жұмысты орындауға /технологияларды/ франшизаларды/патентті және т.б сатып алуға шарттардың/келісімшарттардың болуы).

      2.5. Ресурстармен қамтамасыз ету (оның ішінде бизнес-жобаны іске асыру үшін үй-жайдың және инфрақұрылымның болуы; өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі).

3. КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ:

      3.1. Өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талдау, бизнесті кеңейту перспективасы.

      3.2. Жасалатын өнімнің бәсекелестік артықшылығы, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру (1- кесте).

      Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы жүргізіледі (өндіруге ұсынылып отырған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің аналогтарымен салыстырғандағы техникалық деңгейі мен құны, ақпарат дереккөздеріне сілтемелер):

  1-кесте

Көрсеткіштер атауы Көрсеткіштердің мәні
Ұсынылатын үлгі № 1 аналог № 2 аналог




      3.4. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы.

      - Өткізу нарықтарының (экспорттық және ішкі) сипаттамасы, оның ішінде: нарықтың осы сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы; бәсекелес компаниялар ұсынатын өнімнің сипаттамасы.

      - Нарықтың сандық сипаттамалары (заттай және ақшалай мәндегі жылдық көлемдер, сұраныстың өсу немесе төмендеу үрдісі).

      - Компанияның өнімі иелене алатын нарықтың әлеуетті үлесінің негіздемесі.

      - Зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер.

      - Өнімнің әлеуетті тұтынушыларымен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алу дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары).

      - Осы нарықта өнімді табысты түрде іске асыруға елеулі әсер етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалар бойынша өнімнің артықшылығы, нарықтағы бедел, контрагенттермен қарым-қатынас, еңбек ұжымы, өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге де ерекшеліктер).

4. ЖОБАНЫҢ КОМАНДАСЫ:

      4.1. Қызметкерлер саны, олардың қызметінің бағыты және түйіндеме мен біліктілікті растайтын құжаттарды (диплом, сертификаттар) қоса бере отырып олардың біліктілігі.

      4.2. Бағдарламаларға қатысу тәжірибесі, жобалардағы рөлі, алынған нәтижелері мен кәсіпорынның даму көрсеткіштері.

      4.3. Басқарудың ұйымдық құрылымы. Жаңа мамандарды тарту схемасы.

5. ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ:

      5.1. Тәуекелдердің ықтимал типтері мен көздері, оларды азайту бойынша шаралар.

      5.2. Кезеңдері, нақты алынатын нәтижелері, уақыт аралықтары және қажетті қаражаты көрсетіле отырып, жобаны іске асыру жоспары (жобаны қаржыландыру кезеңінде, сол сияқты аталған кезең аяқталғаннан кейін де жоспар жасалады) (2-кесте).

  2-кесте

Жобаны іске асыру кезеңінің атауы Кезең мерзімі Кезең құны Сапалық және сандық нәтижелер












6. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАР:

      6.1. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі, оның ішінде инвестициялардың немесе меншікті қаражатының көлемі, қаражат көздері мен оларды алу нысандары (3-кесте).

      6.2. Жобаны іске асыруға бұрын тартылған қаржыландыру (осы көздерді көрсете отырып).

  3-кесте

Жұмыстарды орындауға жұмсалған шығындар Шығындар сомасы (теңге) Жұмыстар кезеңдері Баға белгілеу бойынша түсіндірме Қаржыландыру көзі Есептемелерде қолданылатын дереккөздер

Шығындар – Барлығы:






оның ішінде баптар бойынша:












Басқа қаржыландыру көздерінің есебінен шығындар - Барлығы:






Оның ішінде:






Меншікті қаражаты






Өзге (қандай екенін көрсету)






      6.3. Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске жұмсалатын шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), Excel форматындағы көрсеткіштер есептемесі қоса беріледі.

      6.4. Excel форматындағы кесте түріндегі есептемелерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістер, шығыстар, ақша қозғалысы болжамы жоспарының есептемесі. Қызмет түрлері, шығындар баптары бойынша таратып жазылған шығындар бойынша таратып жазумен кірістер бойынша есептер.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде жаңа
  бизнес-идеяларды
  іске асыруға мемлекеттік
  гранттар беру қағидаларына
  4-қосымша

Кәсіпкер жобасын бизнес-идеялар шеңберінде бағалау өлшемшарттары

Р/с № Өлшемшарт атауы Сипаттамасы мен салмағы

1.

Бизнес-жобаның жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшін міндетті емес).

Балдар сомасы

2.

Бизнес-жобаның тиімділігі

Балдар сомасы

3.

Дайындық дәрежесі

Балдар сомасы

4.

Меншікті инфрақұрылымының болуы

2 балл – жобаны іске асыру үшін талап етілетін меншікті инфрақұрылымның болуы;
1 балл – бизнес-жобада оны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген.

5.

Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесе қаржыландыру (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) (талап халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтар үшін міндетті емес).

2 балл – 20 % жоғары
1 балл – 10 %-дан 20 %-ға дейін

6.

Жобаның аналогтармен салыстырғандағы артықшылықтары

1 – 2 балл – бар / 0 балл – жоқ

7.

Жобаның экономикалық орындылығы

балдар сомасы

      1) Бизнес-жоба жаңашылдығын бағалау.

Бизнес-жоба жаңашылдығының өлшемшарттары Балдар

Жобаның өзектілігі мен бірегейлігі (бизнес-жобаны іске асыру өңірінде аналогтардың болмауы)

2 балл – аналогтардың болмауы;
1 балл – аналогтар бар, дегенмен бизнес-жобаны іске асыру бағыты жаңа және өңір үшін перспективті.

Жобада ұсынылған шешімдердің жаңашылдығы (өткізу арналары, маркетингтік стратегия құру, өнімнің материалы/өндіру тәсілі және т.б.)

2 балл – сәйкес келеді;
1 балл – ішінара сәйкес келеді;
0 балл – сәйкес келмейді.

Жобаның технологиялық деңгейі (технологиялық жарақтандырудың болуы)

2 балл – жобада заманауи технологиялар қолданылады;
1 балл – бар
0 балл – жоқ.

Өндірілетін тауарға/көрсетілетін қызметке патенттің болуы (зияткерлік меншік объектісінің болуы)

2 балл – бар;
0 балл – жоқ.

Бизнесті кеңейту мүмкіндігі (оның ішінде нарыққа өнімді немесе бизнес-процесті ілгерілету стратегиясының болуы, нарық қажеттілігінің болуы, қаржыландыруға жеке капиталды тарту перспективасы).

2 балл – сәйкес келеді;
1 балл – ішінара сәйкес келеді;
0 балл – сәйкес келмейді.

ЖИЫНЫ

балдар сомасы

      2) Бизнес-жоба тиімділігін бағалау.

Тиімділік өлшемшарттары Балдар

Бизнес-жобаның өтелу мерзімі

2 балл – 3 жылдан артық емес;
1 балл – 3 жылдан астам;
0 балл – 7 жылдан астам.

Бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (бәсекеге қабілетті артықшылықтардың болуы)

1 – 2 балл – бар / 0 балл – жоқ

Бір өнім берушіге не сатып алушылардың шағын тобына тәуекелділік

1 – 2 балл – жоқ / 0 балл – иә

Тауарды/негізгі құралдарды/шикізат пен материалдарды жеткізуге және қызметтер көрсету/жұмысты орындау/технологияларды/франшизаларды/патентті және т.б сатып алу шарттарының/келісімшарттарының болуы.

2 балл – бар;
1 балл – жоқ.

Бизнес-жобаны іске асыру үшін жеке үй-жайдың болуы

2 балл – бар;
1 балл – жолға алынатын үй-жай.

ЖИЫНЫ

балдар сомасы

      3) Бизнес-жобаның даярлық деңгейін бағалау

Бағалау өлшемшарттары Балдар

Өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі

2 балл – қажеттілік пен өнімді нарыққа ілгерілету арналары бар;
1 балл – нарықтағы бәсекелестік тұрғысынан қажеттілік деңгейі төмен, ілгерілету
арналары тиімсіз;
0 балл – жоқ.

Білікті мамандар командасының болуы

2 балл – бар;
0 балл – жоқ.

Жобаларды жүзеге асыруда тәжірибенің болуы

2 балл – 3 жылдан артық тәжірибе;
1 балл – 3 жылға дейін;

Бизнесті әртараптандыру (тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) пайда болған жағдайда жобаны басқа салаға қайта бағдарлау мүмкін бе).

2 балл – мүмкін;
1 балл – минималды инвестициялармен мүмкін;
0 балл – мүмкін емес.

Жобаның құны (бизнес-жобаны толықтай аяқтауға меншікті және тартылған капиталдың жеткіліктілігі, салыстырмалы талдау жүргізу)

2 балл – жеткілікті, көрнекі салыстырмалы талдау бар;
1 балл – жоба қосымша қаражат тартуды талап етеді, бұл ретте бизнес-жобада тартудың әдістері мен көздері ашып көрсетіледі.

ЖИЫНЫ

балдар сомасы

      4) Жобаның экономикалық орындылығын бағалау

Бағалау өлшемшарттары Балдар

Жұмыс орындарын құру

2 балл – жоба жұмыс орындарының жеткілікті санын құруды білдіреді;
1 балл – белгіленген жұмыс орындарының мәлімделген жеткілікті санын құра алмау тәуекелі бар.

Бизнес-жобаның өңір үшін маңыздылығы (іске асыру саласы, әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы және т.б.)

1 – 2 балл – бар / 0 балл – жоқ

ЖИЫНЫ

балдар сомасы

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен
  дамытудың мемлекеттік
  бағдарламасы шеңберінде жаңа
  бизнес-идеяларды іске
  асыруға мемлекеттік гранттар
  беру қағидаларына
  5-қосымша
  Нысан

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме

Өткізу орны


Өткізу күні


Комиссия төрағасы


Қатысқан
Комиссия мүшелері


Қатыспаған
Комиссия мүшелері


Шақырылғандар


Комиссия хатшысы


      Комиссия қарады:

Р/с № 1-мәселенің (жобаның) атауы

1


      Комиссия шешті:

      Мына Кәсіпкерге бизнес-жобаны іске асыру үшін мемлекеттік грант беру ұсынылады/ұсынылмайды:

Р/с
Кәсіпкердің атауы Бизнес-жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) Бизнес-жобаны іске асыру орны (облыс, қала, аудан) Кәсіпкерді тіркеу орны
1 2 3 4 5

1





Кәсіпкердің жобасын іске асыру жоспарланып отырған өңір экономикасы саласының атауы

Грант сомасы (теңге)

Жұмыс орындарын құру (жоспар, грант ұсынылған жағдайда)

6

7

8




Гранттың нысаналы мақсаты

Кәсіпкердің бизнес-жобасы жинаған қорытынды балл

Жоба бойынша қорытынды

9

10

11




      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының ___________ облысындағы 20___ жылғы "___"__________ №____ хаттамасы.

      Комиссия хатшысы __________________________

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар
беру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
 

Болжамды сұрақтар және жобаны бағалау әдістемесі

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

Жобаны бағалау өлшемшарттары

Бағалау

1

2

3

 

Бизнес-идеялар аясында

Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобалар шеңберінде

 

1

Бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі қандай (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау)?* * Жобаны бағалау өтінімде көрсетілген деректерге негізделуге тиіс

Технологиялық құрауыштың болуы, бизнес-процестің немесе өнімнің жаңалығы


2

Сіздің ойыңызша, бизнес-жобаның енгізуге дайындығы қандай (өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі)

Индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын команданың жұмыс тәжірибесі мен кәсібилігі


3

Жобаны іске асырудың экономикалық пайдасы қандай?

Коммерцияландыру перспективалары, оның ішінде өнімді немесе бизнес-процесті нарыққа жылжыту стратегиясының болуы, нарықтың қажеттілігі мен үлесі


4

Осы жоба бойынша өтелу мерзімі жеткілікті ме?

Индустриялық-инновациялық жобаның іске асыруға дайындық деңгейі


5

Сіздің ойыңызша, осы жоба бойынша жаңа жұмыс орындары жеткілікті түрде құрылатын болады ма?

Индустриялық-инновациялық жобаның экономикалық орындылығы


6

Осы жобаны іске асыру үшін кәсіпкердің жұмыс тәжірибесі жеткілікті ме?



7

Жобаны іске асырудан таза пайда алу тұрақты ма?*
* Жобаны іске асыруға маусымдықтың, мереке күндерінің әсеріне байланысты бағаланады.



8

Тәуекелдер туындаған жағдайда (экономикалық, маркетингтік) жобаны басқа салаға қайта бағдарлау мүмкін бе?*
* Бағалау кезінде өтінімде көрсетілген деректерді басшылыққа алу, сондай-ақ жобаның бағыттылығына сүйену қажет.



9

Жобаны іске асыру үшін өткізу нарығы бар ма?



10

Бизнес-идеяның жаңалығын бағалаңыз *
* - мүгедектер үшін қолданылмайды



      Бағалау шкаласы

Бағалау

Сапасы

5

Өте жақсы

4

Жақсы

3

Қанағаттанарлық

2

Нашар (қолайлылығы елеусіз жоба)

1

Өте нашар (жоба экономикалық жағынан тиімсіз)

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға мемлекеттік
гранттар беру қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттардың берілуіне үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесі

      Күн тәртібі:

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттардың берілуіне үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау

Р/с № Кәсіпкердің тегі аты, әкесінің аты (бар болса) Бизнес-жобаның атауы (қысқаша сипаттама) Бизнес-жобаны іске асыру орны Гранттың сұралған сомасы, теңге Конкурс комиссиясының өткізілу күні мен уақыты


















  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға мемлекеттік
гранттар беру қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттардың берілуіне үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № __ ХАТТАМАСЫ

Өткізу күні

20___ жылғы "___"______________

Комиссия төрағасы




Комиссия төрағасының орынбасары




Қатысқан Комиссия мүшелері










Қатыспаған Комиссия мүшелері








Шақырылғандар








Комиссия хатшысы




      Комиссия қарады:

Р/с №

Кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бизнес-жобаның атауы

Бизнес-жобаны іске асыру орны

Сұралған грант сомасы,теңге

1





2.





3.








      ______________________жобасын комиссияның қарау нәтижелері

Р/с № Конкурстық комиссия мүшесінің тегі аты, әкесінің аты (бар болса) Берілген
балдар
1-сұрақ 2-сұрақ 3-сұрақ 4-сұрақ 5-сұрақ 6-сұрақ 7-сұрақ 8-сұрақ 9-сұрақ 10-сұрақ ЖИЫНЫ

1













2













3

























10













      Мемлекеттік грант алу үшін өту балы _________ құрайды

      Комиссияның шешімі: _____________ мың теңге сомасына мақұлданды/мақұлданбады

      Комиссия мүшелерінің қолдары

Р/с № Комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және мәртебесі
Цифрлық қолтаңба

Комиссия төрағасы


1




Комиссия төрағасының орынбасары


2




Комиссия мүшелері


3



4



5



6



7



8



9



      ________________________________________________________________________

      Комиссия хатшысы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
  № 1060 қаулысымен
  бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Инфрақұрылымды жүргізу қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді әрі шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтардың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды шағын және орта кәсіпкерлік пен индустриялық аймақтардың жобаларына жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жаңа өндіріс құруға, жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жекелеген жобалар үшін дербес (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), сол сияқты индустриялық аймақтар құру шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жетіспейтін инфрақұрылымын жүргізу болып табылады.

      4. Шағын және орта кәсiпкерлік және индустриялық аймақтар жобаларының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге көзделген қаражат белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаның жеке қаржыландыру жоспарының негізінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттермен беріледі.

      6. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға жол беріледі.

      6-1. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар өңірлік үйлестіруші мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуші арасында тиісті шарт жасалғаннан кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ескерту. 1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      7. Осы Инфрақұрылымды жүргізу қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      2) аяқталмаған құрылыс – тапсырыс беруші пайдалануға беру үшін белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына сай (тұру, қызметтер көрсету, өнім шығару, пайда табу және өзге де пайдалану түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объектісі;

      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын облыстық деңгейде (астана, республикалық маңызы бар қалалар) Бағдарламаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      4) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – объектілерді жаңадан құруға не қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей бюджет қаражаты есебінен іске асыратын ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;

      5) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу – бюджет қаражаты бөлінген сәттен бастап пайдалануға беру сәтіне дейін жаңа объектілер (салу) құру, қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттың жүйелерді құру, енгізу және дамыту барысы туралы ақпаратты тұрақты және жүйелі жинау және талдау бойынша іс-шаралар кешені;

      6) бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелетін, бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік мониторингілеу және нәтижелерді бағалау бойынша мемлекеттік органдардың қызметі;

      7) жеке қаржыландыру жоспары – шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары нысанында қалыптастырылатын мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты;

      8) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкiмi айқындайтын бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жүргізуге жауапты жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi;

      9) заманауи форматтағы сауда объектілері – тауарлардың бір мың немесе одан да көп атауы (бірліктері) бар мамандандырылған немесе аралас ассортименті бар, дәстүрлі қызмет көрсету әдісімен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету әдісімен, сондай-ақ қосымша сауда қызметтерін көрсете отырып, жұмыс істейтін, төлем карталарын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдығы (құрылғысы) бар, еңбек және сауда алаңының шаршы метріне сату өнімділігі жоғары, аумақ шекарасы шегіндегі автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңның болуын көздейтін кемінде 500 шаршы метр сауда алаңы бар стационарлық сауда объектісі;

      10) инженерлік инфрақұрылым – халықтың тыныс-тіршілік әрекетіне, сондай-ақ өндірістің орнықты жұмыс істеуіне немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына қалыпты жағдай жасайтын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың), коммуникациялар мен инженерлік және қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы;

      11) кәсіпкер – өз қызметін Кодекске сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      12) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салу орындылығы, негізділігі және нәтижелерін бағалау жөніндегі мәліметтер қамтылатын құжат;

      13) құрылыс жобасы – көлемді жоспарлау, конструктивті, технологиялық, инженерлік, табиғатты қорғау, экономикалық және басқа да шешімдер қамтылатын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру үшін сметалық есептеулер (құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау және өз ресурстары таусылған объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады);

      14) құрылыстың сметалық құны (бұдан әрі – сметалық құн) – сомасы жобалық материалдар мен сметалық-нормативтік база негізінде анықталатын объект салуды жүзеге асыру үшін қажетті ақша;

      15) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      16) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджеттiк саясатты әзiрлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңiрлiк даму саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      17) нəтижелер көрсеткіштері – стратегиялық жоспарды, аумақтарды дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің жиынтығы;

      18) объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi – бекiтiлген жобаға және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталуын және объектiнiң пайдалануға толық дайындығын растайтын құжат;

      19) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;

      20) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге де шешімдер, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындаумен пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер қамтылатын құжат;

      21) түпкiлiктi нәтиже – мемлекеттiк орган қызметiнiң тікелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негізделген стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттiк бағдарламаның мақсатын санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;

      22) тікелей нәтиже – көзделген бюджет қаражаты шегінде ұсынылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу толығымен осы функцияларды жүзеге асыратын ұйымның қызметіне, өкілеттіктеріне немесе қызметтер көрсетуіне байланысты;

      23) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен;

      24) өтінім – осы Инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген қағаз немесе электрондық нысандағы өтініш;

      25) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін, Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;

      26) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, ӨҮК, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;

      27) жеке шот – өтінімдерді тіркеу және олармен операцияларды есепке алу мақсатында кәсіпкерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалардың жиынтығы;

      28) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі айқындайтын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      29) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер туралы, сондай-ақ кәсіпкерлер туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      30) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.

      31) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

3-тарау. Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу шарттары

      8. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібінің салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ жобаларын моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алусыз жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.

      9. Бөлінген қаражат: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыш, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу және газ құрылғылары инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға) бағытталады.

      10. Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу шағын және орта кәсіпкерлік объектілері аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкерлік объектісінің ішкі аумағына инфрақұрылымды жүргізуге қаражат бөлу көзделмейді.

      11. Инфрақұрылымды аумақтың шекарасына дейін және индустриялық аймақ ішіне жүргізу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен қоса қаржыландыру кезінде республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      12. Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) млн теңгеден кем болмауға тиіс;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 (елу) млн теңгеден кем болмайды, бұл ретте Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жобалар үшін инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) барынша көп сомасы 1 (бір) млрд теңгеден аспауға тиіс.

      Ескертпе. 12-тармақтың 2) тармақшасы "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген жобаларға қолданылмайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 628 қаулысымен.

      13. Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестиция көлемі 10 (он) млрд. теңгеден кем болмауы тиіс;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 2 (екі) млрд. теңгеден кем болмауы тиіс.

      14. Мынадай өлшемшарттарға сай келетін заманауи форматтағы сауда объектілерін салу жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге жол беріледі:

      1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында – кемінде 3 (үш) мың шаршы метр сауда алаңы бар;

      2) облыстарда – сауда алаңы кемінде 1 (бір) мың шаршы метр.

      15. Бағдарламаның өлшемшарттарына сай келмейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен индустриялық аймақтың жобаларына инфрақұрылым жүргізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу өлшемшарттарына сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.

      16. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу жергілікті бюджеттен құрылыс құнының кем дегенде 10 % мөлшерінде қоса қаржыландыру кезінде жүзеге асырылады.

      Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерліктің және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу кезінде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс (реконструкциялау) кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын береді.

      17. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жобалары құнының/индустриялық аймақтарды құру және дамыту жобасы құнының 50 %-ынан аспауы тиіс.

      18. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Өткен қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген БИЖ-ді іске асыру үшін жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге республикалық бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қайтадан қаржыландыру жүзеге асырылмайды.

      20. Республикалық және жергілікті бюджеттерден құрылысқа (реконструкциялауға) жоба алдындағы (ТЭН) немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге байланысты шығындарды қаржыландыруға жол берілмейді.

      20-1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК жұмыс органы болып табылады, ол:

      1) кезеңді негізде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары және веб-портал арқылы Бағдарламаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыру түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету барысын жария етуді қамтамасыз етеді;

      2) кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыруды ұсыну шарттары мен тәртібі бойынша кәсіпкерлерге консультациялар береді.

      Ескерту. 3-тарау 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      20-2. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жеке қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны веб-порталға орналастырады.

      Ескерту. 3-тарау 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

4-тарау. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды алу үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі

      21. Кәсіпкер жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі қамтылған осы Инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді, оған мына құжаттар қоса беріледі:

      1) бизнес-жоспар;

      2) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;

      3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

      22. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      3) ӨҮК қарауына құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін енгізеді;

      4) ӨҮК отырысы күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.

      23. Кәсіпкер құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес екенін, сондай-ақ кәсіпкердің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкессіздігін анықталған жағдайда Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсi кәсiпкерге мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы бар хабарлама жiбередi.

      24. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылуына қарай өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны кемінде 10 (он) адамды құрайды, оның кемінде 50 % кәсіпкерлер қоғамдастығы өкілдері болады.

      ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.

      25. ӨҮК өткізетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру еді;

      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасы мен қоса беріліп отырған құжаттарды, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары туралы болжамды ақпаратты, бюджетке түсетін салық түсімдерін, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша өнім өндіру көлемін қарайды және талқылайды;

      3) талқылаудың нәтижелері бойынша ӨҮК Бағдарламаға сәйкестігі тұрғысынан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

      26. ӨҮК шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді. ӨҮК шешiмiнiң қолданылу мерзiмi қабылданған күнінен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      27. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін кәсіпкерге ӨҮК шешімі туралы хабарлама жібереді. ӨҮК теріс шешім қабылдаған жағдайда Бағдарламанын өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге уәжді жауап жолдайды.

      28. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін, ӨҮК хаттамасын БИЖ-ді одан әрі іске асыру жөніндегі шараларды қабылдау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жолдайды.

      29. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаражат бөлу қажеттілігі туралы бюджеттік өтінімді қалыптастырады және:

      1) осы Инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының 12, 13 және 14-тармақтарының өлшемшарттарына сәйкес келетін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары және индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобалары бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;

      2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылымды жүргізуді жоспарлап отырған және құрылыс құнынан 10 % мөлшерінде жобаларды бірлесіп қаржыландыруды көздейтін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      30. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік өтінімде қамтылған ақпарат пен есептеулердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.

      31. Бюджеттік өтінім келіп түскеннен кейін уәкілетті орган мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) бюджеттік процесс шеңберінде бюджеттік өтінімнің Бағдарламаның шарттарына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігін қарайды;

      2) қажет болған жағдайда жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілерінен БИЖ іріктеу бойынша неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды талап етеді;

      3) құжаттардың толық топтамасымен БИЖ тізімін қалыптастырады;

      4) шығыстар көлемін негіздеу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жиынтық бюджеттік өтінім жібереді;

      5) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік комиссияның қарау қорытындысы және шешімі бойынша өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы хабарлайды.

      32. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық/жергілікті уәкілетті орган мыналарды жүзеге асырады:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерiн есептеу кезінде басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың деректер базасы да пайдаланылады.

      Бюджеттік өтінім жасалуы және ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық/жергілікті уәкілетті орган оны бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қараусыз қайтаруға міндетті;

      2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырып, оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына жібереді;

      3) уәкілетті органды/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бюджет комиссиясының шешімі туралы хабардар етеді;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің/жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру/жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы жобасын әзірлейді.

      33. Республикалық бюджет туралы заңның орындалуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қабылданады.

      34. Жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қабылданады.

      35. Республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімдеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы шешімдеріне, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттік сыныптамасына, Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары әзірленеді.

      36. Кәсіпкерлік субъектілерінің объектілеріне және индустриялық аймақтарға өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру белгіленген тәртіппен бекітілген, төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспары негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер аударуы арқылы жүзеге асырылады.

5-тарау. Индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жөніндегі жобаларға жетіспейтін инфрақұрылымды алу үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі

      37. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын әзірлейді және оны ӨҮК қарауына жібереді.

      ӨҮК жоба Бағдарламаның өлшемшарттарына, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда оң шешім шығарады.

      38. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК оң шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын уәкілетті органның және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қарауына жібереді.

      39. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 1 (бір) ай ішінде уәкілетті органға индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасының "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының шарттарына сәйкестігі тұрғысына қорытынды жібереді. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) ай ішінде қорытынды бермеген жағдайда, ол оң шешіммен берілді деп саналады.

      40. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге арналған бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық түсімдер, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындысы бойынша өнім өндірісінің көлемі туралы болжамды ақпарат береді.

      41. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып, өтінім келіп түскен кезден бастап осы Инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының 4-тарауында регламенттелген тәртіппен индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жөніндегі жобаларды қарайды.

6-тарау. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінімді беру тәртібі

      42. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім беру субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      43. Кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыру мынадай шарттар сақталған жағдайда беріледі:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Инфрақұрылым жүргізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылының нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерлерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      43-1. Кәсіпкерлердің жобалары мен индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыруды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы мынадай сканерленген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

      1) Бизнес-жоспар;

      2) уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;

      3) сараптаманың оң қорытындысы бар жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

      Ескерту. 6-тарау 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      44. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және жеке кәсіпкерді тіркеу, субъектінің санаты туралы хабарлама бойынша мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы айқындалады.

      45. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      46. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.

      Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелу үшін кәсіпкерлердің ЭЦҚ болуға тиіс;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін, сондай-ақ ӨҮК мүшелерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      46-1. Жеке кабинетте тіркелу үшін кәсіпкер мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде кәсіпкер бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      Ескерту. 6-тарау 46-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      46-2. Кәсіпкердің өтінімді қалыптастыруы және тіркеуі жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Инфрақұрылым жүргізу қағидаларының 43-тармағы 3) тармақшасының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Егер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімді ӨҮК қарауына жіберген кезге дейін тіркелген өтінімде қателіктер анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.

      Ескерту. 6-тарау 46-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      47. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкер өтінімді тіркеген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде:

      1) тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады;

      2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      3) ӨҮК барлық мүшелерін өтінім бойынша дауыс беру қажеттігі туралы хабардар етеді. Бұл хабарлама ӨҮК әрбір мүшесінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      48. Кәсіпкер және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімді тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге уәжді бас тарту жібереді.

      49. Дауыс берудің аяқталу күні Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімнің қабылданғанын растаған күннен бастап 5-ші жұмыс күніне белгіленеді.

      Дауыс беруді ӨҮК әрбір мүшесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде отырыс өткізбей жеке жүзеге асырады.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      50. ӨҮК конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Инфрақұрылым жүргізу қағидаларына сәйкес веб-порталда мыналарды жүзеге асырады:

      1) Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан кәсіпкердің жобалары мен қоса берілетін құжаттарды, сондай-ақ кәсіпкерлер жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық түсімдер, өнім өндіру көлемдері туралы болжамды ақпаратты қарау;

      2) "келісемін" немесе "қарсымын" тармақтарын белгілеу әдісімен дауыс беру және жобаларды конкурсқа жіберу.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша дауыстар саны қосылады және субсидиялаудың ақпараттық жүйесі автоматты түрде қорытынды шешімді айқындайды.

      Егер кәсіпкердің жобасына субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген ӨҮК мүшелері санының үштен екісінен кем дауыс берілген жағдайда, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі хаттаманы қалыптастырудан бас тартады және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өткізілмеген конкурс туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      51. ӨҮК шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      52. Хаттамаға ЭЦҚ пайдалана отырып ӨҮК құрамы қол қояды. ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін жоба бойынша кәсіпкердің құжаттамасы БИЖ-ді одан әрі іске асыру жөнінде шаралар қабылдау үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, кәсіпкердің және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      53. Бағдарламаға қатысушылардың жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу үшін одан әрі өзара іс-қимылы осы Инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының 4 және 5-тарауларында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      54. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты адамдардың тізімін жібереді.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

7-тарау. Бағдарлама шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуді мониторингілеу

      55. Бағдарлама шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуді мониторингілеу кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларының негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың уәкілетті органы/әкімшісі жүзеге асырады.

      56. БИЖ іске асыру мониторингі:

      1) БИЖ іске асыру барысы туралы ақпарат жинауды;

      2) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп дайындауды;

      3) БИЖ бойынша қаржы қаражатының игерілген сомасы жөнінде ақпарат жинауды көздейді.

      57. Мониторинг қорытындысы есепті қаржы жылы ішінде БИЖ бойынша орындалған жұмыстардың нақты және жоспарлы көлемдері мен қаржы қаражатының игерілген сомасы туралы ақпаратты қамтитын, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі есеп болып табылады.

      PDF форматындағы есептің сканерленген көшірмесін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осындай есепті уәкілетті орган/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне жүктейді.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      58. Нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын республикалық және жергілікті БИЖ бойынша жылдық мониторингті республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға, оның iшiнде электрондық порталға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) сәуірінен кешiктiрмей, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынады.

      Жиынтық ақпаратта:

      1) республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпарат;

      2) республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ туралы ақпаратты қамтылады.

      59. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын БИЖ іске асырылу барысы туралы жылдық мониторингті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) сәуірінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктеріне ұсынады.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ іске асырудың жылдық мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) сәуіріне дейін ұсынады.

      Жиынтық ақпаратта:

      1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпарат;

      2) аяқталған және өтпелі жобалар, әзірленетін ЖСҚ саны бойынша ақпарат;

      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті қаражатының және облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ тізбесі, қаржыландыру жоспарының сомасы, нақты орындалу, аяқталған жобалар саны, игерілмеген сомалар мен оның себептері туралы ақпарат қамтылады.

      60. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттерді олардың тиісті бюджеттік бағдарламаларда белгіленген мақсаттарына сәйкес қана пайдаланады.

      61. Мемлекеттiк аудиттiң нәтижелерi бойынша қабылданған аудиторлық қорытындыға сәйкес нысаналы трансферттердiң нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған сомалары бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік аудит нәтижелерi бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейін үш айдан кешiктiрмей, осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке мiндеттi түрде қайтарылуы тиiс.

      62. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң/облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң/облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендердi қоспағанда, республикалық/облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерiнiң тиiстi қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкін.

      63. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң/облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат берілген, өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ағымдағы қаржы жылының соңына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуы тиіс.

      64. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдаған республикалық, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдығы есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 (бірінші) наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуы тиіс.

      65. Мониторинг нәтижелері бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қамтамасыз етілмеген жағдайда БИЖ-ді іске асыруға жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу қайта жүзеге асырылмайды.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтінім

      __________________________________________________________________

      (бұдан әрі – кәсіпкер) (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы;

      жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), паспорт деректері)

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы;

      жеке кәсіпкердің тұрғылықты жері)

      __________________________________________________________________

      (жоба іске асырылатын жер)

      __________________________________________________________________

      (қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта

      мекенжайы) _______________________________________________________

      (банк деректемелері)

      ___________________________________________________________________

      (қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)

      __________________________________________________________________

      (экономика саласын көрсету, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ)

      ___________________________________________________________________

      (ұйым басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны)

      ___________________________________________________________________

      жобаның жауапты орындаушысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны) ___________________________________________________________________

      қажетті ақша қаражаты (өз қаражаты, қарыз қаражаты)

      __________________________________________________________________

      инфрақұрылымды түзету немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі.

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді. Кәсіпкер конкурстың шарттарымен танысты және Бағдарламаға сәйкес қажетті құжаттарды қоса береді.

      Қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      № өтінім 20___жылғы "___" ________ сағ."____""____" мин.

      Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және ӨҮК мәліметтерді іріктеп тексеруіне қарсы емеспін. Осы өтінімге қол қою арқылы кәсіпкер мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Барлық деректер, ақпарат және құжаттама төменде көрсетілген күнге анық және толық болып табылады.

      2. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      3. Кәсіпкер өзінің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.

      4. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық емес екені анықталған жағдайда осы өтінім көрсетілген деректердің анық емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін.

      Кәсіпкер мынамен келіседі:

      1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты, кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.

      2. Осы өтiнiмде қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілетін құжаттар Бағдарламаның шеңберiнде жетiспейтiн өндірістiк (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшiн ғана берiлдi.

      3. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу бойынша мемлекеттік қолдау беру туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын.

      ________________________ ____________________________ Басшы (жеке кәсіпкер) (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде өндірістік (индустриялық)
  инфрақұрылымды жүргізу
  қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін электрондық өтінім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      1. ___________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

      ____________________________________________________________________.

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке кәсіпкердің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      2. Ұсынылып отырған "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу туралы материалдарды қарауды сұраймын.

      3. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы _________________________________________________________

      БСН___________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі____________________________

      басшының ЖСН ________________________________________________

      мекенжайы ____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ___________________________________________

      жеке кәсіпкер үшін:

      атауы _________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі____________________________

      ЖСН__________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі_________________________________________________________

      кім берді ______________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      мекенжайы _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ____________________________________________

      Жеке кәсіпкер ретінде қызметі басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _________________________________________________

      хабарлама күні __________________________________________________

      4. Кәсіпкердің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері: _____________________________________________

      Банктің атауы: __________________________________________________

      БСК ___________________________________________________________

      ЖСК___________________________________________________________

      БСН ___________________________________________________________

      Кбе ____________________________________________________________

      5. Жоба туралы мәліметтер:

      жобаның атауы __________________________________________________

      жобаның қысқаша сипаттамасы ____________________________________

      жобаны іске асыру орны __________________________________________

      қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады):

      _______________________________________________________

      қажетті инфрақұрылым түрі _______________________________________

      инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі _____

      құрылыстың құны, мың теңге ______________________________________

      жобаның құны (инвестициялар), мың теңге __________________________

      салық салу жүйесі: _______________________________________________

      экономика саласын көрсету: _______________________________________

      ЭҚЖЖ:________________________________________________________

      жалдамалы жұмыскерлер саны _____________________________________

      6. Жоба бойынша күтілетін экономикалық тиімділік:

Р/с № Жылдар Факт Болжам
ағымдағы жыл 1-ші жыл 2-ші жыл 3-ші жыл
1 2 3 4 5 6

1

Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам



-

-

2

Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге





3

Шығарылатын өнімнің көлемі, мың теңге





      7. Берілген құжаттар туралы мәліметтер:

Р/с № Құжаттың атауы Электрондық файлдың атауы (pdf. форматында)
1 2 3

1

Бизнес-жоспар


2

Жобаның ТЭН


3

Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама


      Мыналарға:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін дереу хабардар етуге міндеттенемін.

      Мыналарға:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі және ӨҮК ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізуі мүмкін екендігіне;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес екендігіне;

      3) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылғанына;

      4) көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбауы мүмкін екендігіне;

      5) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы екендігіне;

      6) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінімді, сондай-ақ Кәсіпкердің ықтимал шығыстарын (қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) қабылдауы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің қаржыландыру беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайтынына келісемін.

      Конкурс шарттарымен және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруші 20__ жылғы "___" __________ 00:00 сағатта қол қойды және жіберді:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 20__ жылғы "___" __________

      00:00 сағатта қабылдады:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты


  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
  бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қаулы қағидамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ)/микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.

      2. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді қаржыландыру "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге көзделген жергілікті және республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) негізінде жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен аударады.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын, Бағдарламаны облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) деңгейде іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      2) ислам банкі – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      3) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкі кәсіпкерге беретін тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу;

      4) кәсіпкер – Бағдарлама шеңберінде қызметін жүзеге асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі;

      5) кредит шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Қайта қаржыландырылатын қарыз болған жағдайда кредиттік желі ашу туралы келісім/қосымша келісім де кредит шартына жатады;

      6) кредитті/микрокредитті мақсатты пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті Бағдарламаның шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы. Мақсатты пайдалану жиынтығында кәсіпкердің активті/жұмыстарды /көрсетілетін қызметтерді толық көлемде төлегенін және алғанын және (немесе) Бағдарламаның шарттарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады;

      7) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      8) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді не кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлік (лизинг нысанын) береді (қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады);

      9) микрокәсіпкерлік субъектілері – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын шағын кәсіпкерлік субъектілері;

      10) микрокредит – шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісіне микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынатын, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша;

      11) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;

      12) портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім – ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында жасалатын, портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді іске асыру шеңберінде тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жазбаша келісім;

      13) портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге субсидиялар беру нысаны;

      14) портфельдік ішінара кепілдік беру – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдік беру нысаны;

      15) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      16) шағын кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

3-тарау. Бағдарламаның "Шағын және микрокәсіпкерлікті қолдау" бірінші бағыты шеңберінде субсидиялар және кепілдіктер беру шарттары

      4. Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

      5. Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын субсидиялау және ішінара кепілдік беру инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер /қаржыландыру бойынша салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) млн теңгеден аспайды және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) млн теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер/микрокредиттер жаңартылатын негізде беріледі. Бір қарыз алушыға лимит 20 (жиырма) млн теңгені құрайды.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерге кепілдік беру кезінде оларды субсидиялауға жол беріледі.

      6. Қарыз алушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген лимитті асырған жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.

      7. Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Бұл ретте, шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын құрайды, кредит сомасының 15 %-ын кәсіпкер ЕДБ қалауы бойынша өтейді.

      8. Инвестициялық мақсаттарға кредиттер/микрокредиттер/ қаржыландыру бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылды, айналым қаражатын толықтыру 2 жылды құрайды.

      9. Ұсынылатын портфельдік ішінара кепілдік мерзімі кредит/микрокредит/ қаржыландыру мерзімінен аспайды.

      10. Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру қаржы агенттігінің уәкілетті органының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес іріктелетін ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/ қаржыландыруы бойынша жүзеге асырылады.

      11. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы әрбір ЕДБ/МҚҰ үшін оның өңірлік филиалдары бөлінісінде портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын субсидиялау және ішінара кепілдік беру лимитін айқындайды.

      12. Егер қаржы агенттігі айқындаған лимит бойынша негізгі борышы және/немесе есептелген сыйақы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар ЕДБ/МҚҰ кредиттерінің деңгейі 10 %-дан асатын болса, онда қаржы агенттігі портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді тоқтатады. Мұндай жағдай туындаған кезде жаңа жобалар қарауға жіберілмейді.

      Бұл ретте, қаржы агенттігі бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      ЕДБ/МҚҰ лимитін айқындау тәртібі

      13. Қаржы агенттігі ЕДБ/МҚҰ үшін лимиттерді айқындаудың басталғаны туралы хабарландыруды қаржы агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялайды және кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға және ішінара кепілдік беруге қатысу үшін ЕДБ/МҚҰ-ға жөнелтілімдер жібереді.

      14. Қаржы агенттігінің хабарландыруында ЕДБ/МҚҰ ұсынатын қажетті құжаттардың тізімі көрсетіледі.

      15. ЕДБ/МҚҰ хабарландыруда көрсетілген мерзімдерге сәйкес қаржы агенттігіне қажетті құжаттарды қарауға ұсынады.

      16. ЕДБ/МҚҰ үшін лимиттерді айқындау жөніндегі қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысы ЕДБ/МҚҰ-ның қаржы агенттігі хабарландыруда көрсеткен қажетті құжаттарды ұсыну мерзімі өткен күннен бастап 10 күн ішінде жүргізіледі.

      17. Лимиттің бөлінуіне қатысу үшін ЕДБ мынадай:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциалдық және өзге де нормативтерін орындау;

      2) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      18. Лимиттің бөлінуіне қатысу үшін МҚҰ мынадай:

      1) МҚҰ меншікті капиталы құжаттар тапсырылған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі деңгейден төмен болмауы;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеудің болуы;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциалдық және өзге де нормативтерін орындауы;

      4) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      19. Лимиттің барлық сомасының 50 %-ынан астамын бір ЕДБ/МҚҰ беруге жол берілмейді.

      20. Егер ЕДБ/МҚҰ лимитінің игерілу көлемі қаржы агенттігі лимитті айқындаған кезден бастап 6 ай өткеннен кейін 30 %-дан кем болған жағдайда, лимиттерді басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөлуге рұқсат етіледі.

      21. ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында лимит айқындалғаннан кейін портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім жасалады, онда:

      1) ЕДБ/МҚҰ лимиттерін игеру мерзімдері;

      2) портфельдік ішінара кепілдікті төлеу тәртібі;

      3) портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды төлеу тәртібі;

      4) жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

      5) субсидиялау тоқтатылған (қаражатты мақсатсыз пайдалану) жобалар арасында босаған лимиттерді қайта бөлу шарттары көрсетіледі.

      22. ЕДБ/МҚҰ:

      1) қаржы агенттігіне қаржыландырылған қарыз алушылар туралы ақпарат ұсынбаған;

      2) кәсіпкердің сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеуі туралы, кәсіпкердің негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеуі туралы және төлем кестесінің өзгергендігі туралы қаржы агенттігін хабардар етпеген/уақтылы хабардар етпеген жағдайларда қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Портфельдік ішінара кепілдік беру тәртібі

      23. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыруды ұсыну өтінімімен жүгінеді.

      24. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігін кешенді бағалауды/ сараптауды жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда хабарлама хатын ұсынады.

      25. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың негізінде қаржы агенттігі хабарлама хатын алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде ЕДБ/МҚҰ-ға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда кепілдік міндеттемені жібереді.

      26. Қарыз алушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген лимитті асырған жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.

      27. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіштері нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі портфельдік ішінара кепілдік беру бойынша лимитті әрбір 6 ай сайын басқа ЕДБ/МҚҰ қайта бөлуге құқылы.

      28. Қарыз алушының кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша кепілдікті қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 % мөлшерінде кепілдік беруді қамтамасыз етеді.

      29. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ кепілдік төлеуі ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      30. Егер кәсіпкер кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап 120 (бір жүз жиырма) күнтізбелік күн ішінде кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаса/тиісінше орындамаса, ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне талап қоюға құқылы.

      31. Қаржы агенттігі 10 жұмыс күні ішінде ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/қаржыландыру бойынша кепілдіктерді төлейді.

      32. Кредит/микрокредит/қаржыландыру мақсатсыз/ішінара мақсатсыз пайдаланылған жағдайда қаржы агенттігінің кепілдігі жойылады/кепілдік сомасы мақсатсыз пайдаланылған кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасына барабар төмендейді.

      Бұл ретте, қаржы агенттігі басқа жобаларға кепілдіктерді қайта бөлу қажеттігі туралы ЕДБ/МҚҰ-ға талап қояды.

      33. Кепілдіктің күшін жою/кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша кепілдік сомасын төмендету есебінен қаражат босаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ бөлінген лимит шеңберінде жаңа жобалар бойынша өтінімдерді қарайды.

      34. Бағдарлама шеңберінде банктер:

      1) кәсіпкер бастамашылық жасаған кредиттеу/қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау тәртібі

      35. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыру беруге өтініммен жүгінеді.

      36. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігін кешенді бағалауды/сараптауды жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/микрокредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда қаржы агенттігіне хабарлама хатын береді.

      37. Кредит шартына/қаржыландыру шартына қол қойған кезде кәсіпкер кредит қаражатын мақсатты пайдалану бойынша өзіне міндеттеме алады. Кәсіпкер осы міндеттемені орындамаған жағдайда:

      1) қаржы агенттігінің кепілдігі жойылады және кәсіпкер кепілдік сомасын қаржы агенттігіне өтейді;

      2) субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер қаржы агенттігіне төленген субсидиялар сомасын өтейді;

      3) кәсіпкерді қаржыландыру шарттары қайта қаралады, оған сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайды.

      38. ЕДБ/МҚҰ есепті айдан кейінгі айдың 5-ші (қоса алғанда) күніне қарай қаржы агенттігіне қаржыландырылған жобалардың тізімін береді.

      39. Қаржы агенттігі қаржыландырылған жобалардың тізімін алғаннан кейін есепті айдан кейінгі айдың 10-шы (қоса алғанда) күніне қарай ЕДБ/МҚҰ портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға арналған қаражатты аударады.

      40. Есепті айдан кейінгі айдың 11-нен 27-не дейін (қоса алғанда) қарыз алушылар кредит/микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағаның/жалдау төлемінің субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      41. ЕДБ/МҚҰ есепті айдан кейінгі айдың 28-інен бастап 30-ын қоса алғанда қаржы агенттігін сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағаның/жалдау төлемінің субсидияланбайтын бөлігін төлемеген қарыз алушылар туралы хабардар етеді және қаржы агенттігіне қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.

      42. ЕДБ/МҚҰ ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін ұсынады.

      43. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігінің ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген лимит бойынша талаптарды сақтау үшін қарыз алушы туралы ақпаратты келісуге жіберуге міндетті.

      44. Қарыз алушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген лимитті асырған жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.

      45. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ субсидиялар төлеуі ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасындағы портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      46. Бұл ретте, қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ субсидияларды төлеуі Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде жүзеге асырылады.

      47. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі лимит шеңберінде жаңа жобаларды субсидиялауды тоқтатады.

      48. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатсыз/ішінара мақсатсыз пайдаланған жағдайда қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды тоқтатады.

      49. Қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатуды ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады.

      50. ЕДБ/МҚҰ 5 жұмыс күні ішінде мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/ микрокредитті/қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану (бұл ретте субсидиялау кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына барабар тоқтатыла тұрады);

      2) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салынуы (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтату туралы мәселені қарау үшін қаржы агенттігіне хабарлама жібереді.

      51. Кредиттер/микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған кезде ЕДБ/МҚҰ қаржыландыру шарттарын қайта қарайды, оларға сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған мөлшерлемеден аспайды.

      52. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қайта бастау ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Жобаларды іске асыру мониторингі

      53. ЕДБ/МҚҰ қаржыландырылатын жобалардың мониторингін жүзеге асырады және мынадай ақпаратты:

      1) облысты, ауданды;

      2) қарыз алушының атауын;

      3) ЖСН, БСН;

      4) заңды мәртебесін;

      5) басшының жынысын, жасын;

      6) ЭҚЖЖ;

      7) жұмыс істейтін жұмыскерлер санын;

      8) қаржыландыру мақсаттарын, кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасын, сыйақы мөлшерлемесін/үстеме баға/жалдау төлемінің бір бөлігін, кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімін, төлемдер кестесін көрсете отырып, қаржы агенттігіне жиынтық ақпарат береді.

      54. Қаржы агенттігі мынадай:

      1) кәсіпкер кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған;

      2) қаржы агенттігіне хабарлама жіберу шартымен осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ЕДБ/МҚҰ кредиттік қаражатты өз бетінше мақсатсыз пайдаланғаны анықталған;

      3) қаржы агенттігі инвестициялық мақсаттарға бағытталған жобалар бойынша іріктеп мониторинг жүргізген;

      4) кепілдік оқиға басталған жағдайларда мониторинг жүргізеді.

      Қаржыландыру тетігі

      55. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаражат түскен кезден бастап Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт негізінде (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) 10 жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында бөлінген соманың 50 % мөлшерінде портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін қаржы агенттігі көрсеткен шотқа қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру шеңберіндегі және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражат жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға кезекті қаржы жылында портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға және ішінара кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

      Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кезекті жылдың басында қаржы агенттігіне кредиттерге/микрокредиттерге/қаржыландыруға кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.

      Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін қаржы агенттігіне аударылады.

      Жобаларға портфельдік ішінара кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жетіспеуі пайда болған жағдайда облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға портфельдік ішінара кепілдік беруді тоқтата тұру үшін бұл туралы қаржы агенттігін хабардар етеді.

      56. Облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны портфельдік ішінара кепілдік сомасының 30 %-ын құрайды және шығарылған кепілдіктер үшін төлем болып табылады. Портфельдік ішінара кепілдік шартының қолданылуы тоқтатылған кезде сома кейіннен жобаларға портфельдік ішінара кепілдік беру үшін пайдаланылады. Қаржы агенттігі алынған қаражатты түрлі қаржы құралдарына өз қалауы бойынша орналастыра алады.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде шағын, оның ішінде
  микрокәсіпкерлік субъектілерінің
  кредиттері/микрокредиттері бойынша
  портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің
  бір бөлігін субсидиялауды және
  ішінара кепілдік беруді
  ұсыну қағидаларына
  1-қосымша
  "Даму" КДҚ" АҚ-ға

Хабарлама-хат

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру бойынша "Даму "КДҚ" АҚ мен _______________ АҚ (Банктің атауын көрсету) (бұдан әрі – Банк) арасында портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы қол қойылған _______________ № _____ келісім шеңберінде, Банк "_______________" ЖК/ЖШС/АҚ/ШҚ (оның ішінде кредит бойынша қоса қарыз алушылар көрсетіледі) өтінімін қарап, төмендегі шарттарда* мақұлдағанын хабарлаймыз:

Банктік қарыз шарты/Қаржыландыру шарты**


Қарыз алушының БСН/ЖСН


Банктің атауы


Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты


Осы Шарт жасалған күнгі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы


Кредит/микрокредит/қаржыландыру валютасы


Кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі


Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың сыйақы мөлшерлемесі


Қаржыландыру саласы


Кепілдік мөлшері (кредит сомасының %-ын көрсете отырып)


Кепілдік мерзімі


Кредит бойынша кепілдікті қамтамасыз ету (Қордың кепілдігінен басқа)


Жоба іске асырылатын жер (облыс)


      * шарттарды кесте түрінде қосуға рұқсат етіледі

      ** көшірмесі қоса беріледі

      Құрметпен,

___________(лауазымы)

_________________ (қолы)

__________________________ (аты-жөні (бар болса)

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде шағын, оның ішінде
  микрокәсіпкерлік субъектілерінің
  кредиттері/микрокредиттері
  бойынша портфельдік сыйақы
  мөлшерлемесінің бір бөлігін
  субсидиялауды және ішінара
  кепілдік беруді
  ұсыну қағидаларына
  2-қосымша

      Кепілгердің атауы: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Мекенжайы:

      ________________________________________

      Кімге: _________________________________________

      (Банктің/МҚҰ толық атауы және деректемелері)

КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕСІ № _______

____________ қаласы

20__ жылғы "___" __________

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама), "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарын, сондай-ақ _______ "_______________" (бұдан әрі – Қарыз алушы) _______________ АҚ-мен (бұдан әрі – Банк/МҚҰ) мынадай:

      1) кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы ____________________;

      2) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауарға үстеме баға_____________________________________;

      3) кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі___________________;

      4) кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты________________________ шарттарында 20__ жылғы "___" __________ № _____ (шарттың толық атауы және оның деректемелері көрсетіледі) Кредит шартын/Қаржыландыру шартын (бұдан әрі – Кредит шарты/Қаржыландыру шарты) жасасқанын назарға ала отырып,

      осы арқылы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жоғарыда көрсетілген Кредиттік шарт/Қаржыландыру шарты бойынша Кепілгер болып табылатынын растайды және Қарыз алушының Кредит шарты/Қаржыландыру шарты бойынша міндеттемелерін орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған Банктің/МҚҰ-ның есептелген сыйақы/үстеме баға сомасын, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын, өсімпұлдарды, айыппұл санкцияларын, қарызды өндіріп алу бойынша сот шығасыларын, басқа да шығындарын ескерместен, негізгі борыш қалдығына тең соманы Банкке/МҚҰ-ға оның талабы бойынша төлеу міндеттемесін өзіне алады.

      Кепілдік қарыз алушы Кредит шарты/Қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ғана орындалуға жатады.

      Кепілгердің Банк/МҚҰ алдындағы жауапкершілігі _______________ (___________________________) теңге _______ тиын мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектеледі, бұл кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының _____ %-ын құрайды.

      Кредит шарты/Қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде Кепілгердің жауапкершілігі негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады.

      Кепілдік бойынша Кепілгер міндеттемелерінің мөлшері Кепілгер орындаған талап сомасына азайтылады.

      Кепілдік қарыз алушының Кредит шарты/Қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу міндеттемесін және 20__ жылғы "___" __________ № _____ Кепілдік беруші мен Банк/МҚҰ арасында жасалған портфельдік кепілдік беру туралы келісімде көзделген өзге де құжаттарды орындамағанын/тиісінше орындамағанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын қоса бере отырып, Банктің/МҚҰ-ның төлеуге жазбаша талабының түпнұсқасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

      Кепілдік Кепілдік беруші мен Банк/МҚҰ арасында жасалған 20__ жылғы "___" __________ № _____ портфельдік кепілдік беру туралы келісімде көзделген барлық талаптар мен шарттар сақталған кезде ғана орындалуға тиіс.

      Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "___" __________ қоса алғанда, бұл құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмағанына қарамастан, толық және автоматты түрде аяқталады. Бұл ретте, Сіздің жазбаша талабыңыз жоғарыда көрсетілген күні Алматы қаласының уақытымен 16:00 сағаттан кешіктірмей бізге тапсырылуға тиіс.

      Кепілгер, Банк/МҚҰ және Қарыз алушы (бұдан әрі – Тараптар) арасында туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, кепілдікті ұсыну және орындау тәртібі, Кредит шарты/Қаржыландыру шарты бойынша талап ету құқықтарының Банктен/МҚҰ-дан Кепілгерге өту тәртібі, кепілдікті тоқтату негіздері және осы кепілдік міндеттемеге байланысты Тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Мемлекеттік бағдарламамен, Қағидалармен, Кепілгер мен Банк/МҚҰ арасында жасалған 20__ жылғы "__"___________ № ___ портфельдік кепілдік беру туралы келісіммен реттеледі.

      _______________________________(бірінші басшының қолы)

      _______________________________(бас бухгалтердің қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қаулы қағидамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) 98-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аға сеньорлар – тікелей кәсіпорындарда басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша "Аға сеньорлар" құралының қатысушыларына консультация беру үшін тартылған шетелдік және/немесе отандық консультанттар;

      2) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      3) "Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталы – "бір терезе" қағидаты бойынша кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша онлайн-платформа;

      4) бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрі – БАҚ) – мерзімді баспасөз басылымы, теле, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың өзге де нысаны;

      5) білім беру мекемесі – "Іскерлік байланыстар" құралына қатысушыларға бизнес-тренингтер өткізу және шетелде тағылымдамадан өтуін консультациялық сүйемелдеу жолымен басшы жұмыскерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру жөнінде қызметтер көрсететін ұйым;

      6) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, өтініш берушінің, уәкілетті органның, қаржылай емес қолдау операторының, "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының, қаржы агенттігінің) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;

      7) жеке шот – тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (аутентификациялау) және оның жеке деректері мен баптауларына қолжетімділік беру үшін қажетті субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын шот;

      8) кәсіпкер (бұдан әрі – ШОК субъектісі) – өз қызметін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      9) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) – кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, оның ішінде онлайн режимде ұсынуға арналған, облыс орталықтарындағы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларындағы кәсіпкерлер палаталары жанынан және облыстардың кәсіпкерлер палаталарының моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы филиалдарының жанынан құрылған инфрақұрылымдық кешен;

      10) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бөлімшесі (бұдан әрі – КҚКО бөлімшесі) – кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған, облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында кәсіпкерлер неғұрлым көп шоғырланған жерлерде құрылған жұмыс орны;

      11) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне/"Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталына қол жеткізуді және иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      12) консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компания – белгілі бір мамандықта консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын, табысты іске асырылған жобаларды растаған және "Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" және "Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралдарын іске асыруға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес біліктілік іріктеуінен өткен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер;

      13) "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі дербес ұйымы (бұдан әрі – "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" ЗТБ) – "Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралы шеңберінде кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсететін ұйым;

      14) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде қаржылай қолдауды іске асыруды және мониторингтеуді, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдауды ұсынуды, сондай-ақ "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын мониторингтеуді жүзеге асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      15) қаржылай емес қолдау операторы – "Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" құрауышын, "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" және "Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралдарын қоспағанда, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай емес қолдауды жүзеге асыратын "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      16) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы – пайдаланушыларға электрондық форматта мемлекеттік қаржылай емес қолдау шаралары ұсынылатын қаржылай емес қолдау операторының ақпараттық жүйесі;

      17) қашықтан оқыту – "Бизнес-Мектеп" құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында қашықтан танысу арқылы оқыту материалдарын зерделеу;

      18) құрал – Бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін қаржылай емес қолдау шарасы;

      19) менеджер-консультант – кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғалар мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық, ақпараттық және түсіндіру қызметтерін көрсету шеңберінде өтеулі қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қойған жеке тұлға;

      20) микрокәсіпкерлік субъектілері – жұмыскерлерінің орташа жылдық саны он бес адамнан аспайтын немесе орташа жылдық кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылындағы 1 қаңтарда қолданыста болған отыз мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері;

      21) "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – "Назарбаев Университеті" ДБҰ) – "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы шеңберінде кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдауды жүзеге асыратын ұйым;

      22) оқуды аяқтағаны туралы сертификат – оқудан өткенін растайтын құжат;

      23) оқыту модулі – кәсіптік құзыреттерді алу мақсатында зерделенетін оқытудың жалпы бағдарламасының тәуелсіз, логикалық аяқталған буыны болып табылатын ақпараттың белгілі бір көлемі;

      24) онлайн-оқыту – интернетке қосылған, білім беру ортасына толығымен енуге және жұмыс процесінен қол үзбей біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін компьютердің немесе басқа құрылғының көмегімен білім мен дағдыларды игеру;

      25) өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары – техникалық жүйелерге біріктірілген, сервистік көрсетілетін қызметтер алуға, сондай-ақ тестілеуге арналған, техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жарақтандырылған арнайы жабдықталған орындар. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары КҚКО базасында құрылады;

      26) өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын басқару орталығы – техникалық жүйелерге біріктірілген, Бағдарламаға қатысушыларды оқытуды жүзеге асыруға және консультациялық қызметтер көрсетуге арналған, техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жарақтандырылған, мамандардың дербес жұмысы үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыс орындарының кешені;

      27) өңірлік кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ӨКП) – қаржылай емес қолдау операторының өңірлік кәсіпкерлер палатасы;

      28) өтінім – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;

      29) өтініш беруші – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алуға жүгінген тұлға;

      30) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер туралы, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      31) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімнің мемлекеттік қолдау көрсету шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      32) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      33) халықаралық шетелдік ұйымдар (бұдан әрі – ХШҰ) – шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруға және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесетін және/немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына жәрдемдесуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, шетелдік коммерциялық ұйымдар, шетелдік жергілікті атқарушы органдар;

      34) шағын кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің орташа жылдық саны жүз адамнан аспайтын және орташа жылдық кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылындағы 1 қаңтарда қолданыста болған үш жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      35) шетелдік салалық сарапшы – басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша кәсіпкерлерге консультация беру үшін тартылған, экономиканың белгілі бір саласында 20 (жиырма) және одан да көп жыл кәсіби тәжірибесі бар ірі компанияның басшысы немесе меншік иесі;

      36) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – банкке/лизингтік компанияға кредитке/лизинг шартына өтініш берген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған/жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      37) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға арналған өтініш;

      38) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, шоғырландырылған барлық үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға арналған техникалық талаптар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысанда көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бір терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      39) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.

      3. Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары кәсіпкерлер субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:

      1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;

      3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;

      4) іскерлік байланыстарды кеңейту.

2-тарау. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету

      4. "Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" функционалдық бағыты мынадай құралдарды қамтиды:

      1) кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      2) "Бизнес-Насихат" мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру.

2.1-параграф. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету

      5. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы экономиканың барлық секторларында жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылатын ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер кешенін қамтиды.

      6. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралын қаржыландыру "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      7. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну КҚКО-да және/немесе КҚКО бөлімшесінде өтініш берушінің жеке қатысуымен не қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы электрондық түрде және КҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында жүзеге асырылады.

      8. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер:

      мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультациялар беру бағыты бойынша:

      1) ШОК субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етуді;

      2) бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары ("Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек", Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары, "Басым жобаларға кредит беру тетігі", "Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегиясы" бағдарламасы) бойынша консультация беруді;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша консультация беруді;

      4) бизнес ашу және жүргізу мәселелері бойынша консультация беруді;

      өтініштерді сүйемелдеу бағыты бойынша:

      1) лицензиялар мен рұқсаттар алу мәселелері бойынша сүйемелдеуді;

      2) мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша даму институттарында сүйемелдеуді;

      3) екінші деңгейдегі банктерде, басқа да қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыру үшін құжаттарды дайындау мәселелері бойынша сүйемелдеуді;

      4) өнімді өткізуге жәрдемдесуді қамтиды.

      9. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша өздері болған кезде көрсетілетін қызметтерді ұсыну тетігі мыналарды қамтиды:

      1) өтініш беруші көрсетілетін қызметтерді алу үшін КҚКО-ға жүгінеді және оған кезек күту тәртібімен менеджер-консультант қызмет көрсетеді;

      2) көрсетілетін қызметтерді алуға үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);

      болған жағдайда ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтама;

      қажет болған жағдайда нотариат куәландырған сенімхат (түпнұсқасы);

      3) менеджер-консультант өтініш берушіге міндетті түрде толтыру үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралын көрсетуге арналған сауалнама-өтінімді ұсынады;

      4) өтініш беруші қалауы бойынша ауызша, сол сияқты жазбаша түрде де ақпарат алады;

      5) өтініш берушінің қалауы бойынша менеджер-консультант шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады;

      6) менеджер-консультант көрсетілетін қызметті ұсынғаннан кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы шеңберінде Көрсетілген қызметтер тізіліміне өтініш берушінің деректерін енгізеді;

      7) өтініш беруші көрсетілетін қызметтерді күнтізбелік жыл ішінде шектеусіз тұрақты негізде алуға құқылы.

      10. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсыну тетігі:

      1) өтініш беруші көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі;

      2) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркелгеннен кейін өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес қажетті көрсетілетін қызметті/қызметтерді таңдайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті түрде толтырылатын "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралын көрсетуге арналған электрондық сауалнама-өтінімді толтырады;

      3) өтініш беруші электрондық өтінімге мынадай құжаттардың электрондық көшірмесін қоса тіркейді:

      жеке куәлік;

      ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтама (болған жағдайда);

      нотариат куәландырған сенімхат (қажет болған жағдайда);

      4) өтініш беруші екі факторлы аутентификациялау әдісімен жеке басын сәйкестендіруді жүргізу жолымен және/немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында ЭЦҚ пайдалану арқылы көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған электрондық өтінімге қол қояды;

      5) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталына келіп түскен электрондық өтінім менеджер-консультанттар арасында кезектілік және жүктелу тәртібімен бөлінеді;

      6) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында электрондық өтінім бөлінгеннен кейін өтініш берушіге оның өтінімінің жұмысқа алынғаны туралы хабарлама электрондық поштаға немесе ұялы телефонға жіберіледі;

      7) өтінімнің мәртебесі жөніндегі ақпарат қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі;

      8) қаржылай емес қолдау операторының менеджер-консультанты 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы ұсынылған деректерді тексеруді жүргізеді. Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынылған құжаттар толық болмаған және/немесе сәйкес келмеген жағдайда менеджер-консультант бас тарту себебін көрсете отырып, өтінімді пысықтауға жібереді;

      9) электрондық өтінімді қарау нәтижесі өтініш берушіге қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы оның жеке кабинетіне хабарламамен және өтінімнің мәртебесін көрсете отырып, мәтіндік қысқа хабарламалар сервисі арқылы хабармен (бұдан әрі – sms-хабар) жіберіледі;

      10) өтініш беруші жеке кабинетте қаржылай емес қолдау операторының менеджер-консультанты көрсеткен қызметтің сапасын бағалауды жүргізеді;

      11) ұсынылған қызметтің көрсетілуіне қанағаттанбаған жағдайда өтініш беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы өтініш беру жолымен немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында көрсетілген байланыстар бойынша қолдау қызметіне жүгіну арқылы менеджер-консультанттың іс-әрекетіне шағымданады.

      11. Қызметтердің толық көрсетілмегені және сапасыз көрсетілгені үшін қаржылай емес қолдау операторы мен менеджер-консультант арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарына сәйкес менеджер-консультант жауапты болады.

      12. Көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау мақсатында қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті алған өтініш берушілер арасында sms-хабарлар арқылы телефон және/немесе пікіртерім жүргізу арқылы сапа аудитін жүргізеді.

      13. Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушілерге осы Қағидалардың шеңберінде қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етеді.

2.2-параграф. "Бизнес-Насихат" құралы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру

      14. "Бизнес-Насихат" құралы шеңберінде халықтың бұқара тобына мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру:

      1) Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      2) Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің табысты үлгілерін және табысты жобаларды танымал ету;

      3) кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы түсіндіру;

      4) кәсіпкерлік идеяларын насихаттау;

      5) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      6) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің табысты үлгілерін танымал ету;

      7) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау болып табылады.

      15. "Бизнес-Насихат" құралын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      16. Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:

      1) өңірлік және салалық бөліністерде ШОК-тың ағымдағы жай-күйін және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің серпінін кешенді жалпы республикалық талдауды, Қазақстан Республикасының әрбір өңірінің ШОК жай-күйіне жеке шолуды, ШОК субъектілерін қаржылай және қаржылай емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпаратты көрсететін Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі ШОК дамуының жай-күйі туралы есептің жыл сайынғы шығарылымын қоса алғанда, ШОК бойынша тұрақты есептерді дайындауды;

      2) мемлекеттік қолдау шараларының талаптары мен тетіктері бойынша баспа өнімдерін әзірлеуді және тираждауды;

      3) жарнаманы қолдана отырып, ақпараттық-білім беретін анимациялық және бейнероликтерді шығаруды және БАҚ-та орналастыруды көздейді.

      17. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің табысты үлгілері мен табысты жобаларын танымалы ету:

      1) Бағдарлама шеңберінде іске асырылған жобалардың табысты үлгілері бойынша баспасөз турларын ұйымдастыруды;

      2) Бағдарламаға қатысушылар туралы деректі фильмдер ("Табыс тарихы") әзірлеуді және өңірлік және республикалық телеарналарда орналастыруды;

      3) БАҚ өкілдері арасында Бағдарлама немесе жалпы кәсіпкерлік туралы үздік материалға конкурс өткізуді көздейді.

      18. Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы түсіндіру:

      1) кәсіпкерлік саласындағы заңнама мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып дайындалған кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуді және қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында орналастыруды;

      2) түсіндіру сипатындағы баспа өнімдерін әзірлеуді көздейді.

      19. Кәсіпкерлік идеяларын насихаттау сарапшылардың, кәсіпкерлердің, шетелдік мамандардың қатысуымен телебағдарламалар сериясын ұйымдастыруды көздейді.

      20. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізудің мықты және әлсіз тұстарын көрсететін салыстырмалы сипаттағы тоқсан сайынғы ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды көздейді.

      21. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің табысты үлгілерін танымал ету:

      1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарықтарында іске асырылған жобалардың табысты үлгілері бойынша баспасөз турларын ұйымдастыруды;

      2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарықтарында жұмыс істейтін қазақстандық табысты кәсіпкерлер туралы деректі фильмдер ("Табыс тарихы") әзірлеуді және өңірлік және республикалық телеарналарда орналастыруды;

      3) БАҚ өкілдері арасында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарықтарындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға конкурс өткізуді көздейді.

      22. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау сарапшылардың, кәсіпкерлердің, шетелдік мамандардың қатысуымен телебағдарламалар сериясын ұйымдастыруды көздейді.

3-тарау. Кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту

      23. "Кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту" функционалдық бағыты мынадай құралдарды:

      1) "Бизнес-Мектеп" кәсіпкерлік қызметін жүргізудің функционалдық бағыттарын оқытуды;

      2) шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқытуды;

      3) кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсынуды;

      4) шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқытуды қамтиды.

3.1-параграф. "Бизнес-Мектеп" кәсіпкерлік қызметін жүргізудің функционалдық бағыттарын оқыту

      24. "Бизнес-Мектеп" кәсіпкерлік қызметін жүргізудің функционалдық бағыттарын оқыту" құралын (бұдан әрі – "Бизнес-Мектеп") моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында қаржылай емес қолдау операторы көрсетеді.

      25. "Бизнес-Мектеп" құралы ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде тартылмаған жұмыспен қамтылған тұлғалардың жекелеген санаттары үшін өтеусіз негізде ұсынылады.

      26. "Бизнес-Мектеп" құралын іске асыруды қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      27. Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін оқытудың күні мен өткізілетін орнын, оның кезеңін және өтінімдерді тапсыру мерзімдерін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының графигін жасайды, ол жасалғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде БАҚ-қа орналастырылады.

      28. "Бизнес-Мектеп" құралы қағаз және электрондық нысандарда көрсетіледі. Қағаз нысанда "Бизнес-Мектеп" құралын КҚКО-ға, кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына жүгіну арқылы қаржылай емес қолдау операторы көрсетеді. Электрондық нысанда "Бизнес-Мектеп" құралы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен/ "Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау жолымен көрсетіледі.

      29. "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталының ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      30. "Бизнес-Мектеп" құралын электрондық нысанда көрсету мақсатында қаржылай емес қолдау операторы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде/"Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталында ЭЦҚ арқылы тіркеледі және жеке кабинет ашады. Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.

      31. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметтерді жеткізушімен субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне/"Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталына қол жеткізуді сүйемелдеу және қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.

      32. "Бизнес-Мектеп" құралын көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) құралды көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) құралды көрсету үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Бағдарламада және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

      33. Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің функционалдық бағыттарын, оның ішінде "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша цифрлық дағдыларды оқыту 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржылай емес қолдау веб-порталында күндізгі және/немесе қашықтан оқыту арқылы жүргізіледі.

      34. Оқыту процесінде білім алушыларға қажетті оқыту материалдары (таңдап алынған функционалдық бағыт бойынша) және қаржыландыру алуға арналған құжаттардың үлгілік нысандарын, салалар бойынша маркетингтік зерттеулер есептерін, инновацияларды енгізу саласындағы тәжірибені, бизнес-жоспарларды және электрондық нысандағы оқыту бейнероликтерін қамтитын стандартты құжаттар топтамасы беріледі, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторының оқыту веб-порталына еркін қол жеткізу ұйымдастырылады.

      35. Қаржылай емес қолдау операторы:

      1) қашықтан оқытудан өткен тыңдаушыларға қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тестілеу қорытындылары бойынша шекті мәні кемінде 70 (жетпіс) пайызға жеткен кезде;

      2) күндізгі оқудан өткен тыңдаушыларға курстың жалпы ұзақтығының кемінде 80 (сексен) пайызына қатысқан кезде қағаз және/немесе электрондық нысанда "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша курстардан өткені туралы сертификат береді.

      36. "Бизнес-Мектеп" құралын одан әрі көрсету уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      37. "Бизнес-Мектеп" құралы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады.

3.2-параграф. Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту

      38. "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын "Назарбаев Университеті" ДБҰ базасында "Назарбаев Университеті" ДБҰ көрсетеді.

      39. "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын, жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларына өтеусіз негізде ұсынылады.

      40. "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен "Назарбаев Университеті" ДБҰ арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралының қатысушылары оқу орнына дейінгі және кері қайту жолының, сондай-ақ тұру ақысын өздері төлейді.

      41."Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы қағаз және электрондық нысандарда көрсетіледі. Қағаз нысандағы "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын қаржы агенттігіне жүгіну арқылы "Назарбаев Университеті" ДБҰ көрсетеді. Электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен/"Бизнеске арналған үкімет" сервис веб-порталымен өзара іс-қимыл жасасу жолымен көрсетіледі.

      42. "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесі/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталының ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      43. Құралды электрондық нысанда көрсету мақсатында уәкілетті орган, "Назарбаев Университеті" ДБҰ және қаржы агенттігі ЭЦҚ арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде/"Бизнеске арналған үкімет" сервис веб-порталында тіркеледі және жеке кабинет ашады. Уәкілетті орган, "Назарбаев Университеті" ДБҰ және қаржы агенттігі көрсетілетін қызметтерді берушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жыл сайын ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің жаңартылған тізімдерін жібереді.

      44. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметтерді берушімен субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне/"Бизнеске арналған үкімет" сервис веб-порталына қол жеткізуді сүйемелдеу және қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетн қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.

      45. "Назарбаев Университеті" ДБҰ қаржы агенттігі арқылы тікелей және/немесе БАҚ арқылы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабардар етеді және/немесе "Назарбаев Университеті" ДБҰ конкурстық іріктеудің басталғаны туралы ақпаратты "Назарбаев Университеті" ДБҰ ресми интернет-ресурсында және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде/"Бизнеске арналған үкімет" сервис веб-порталында жариялайды.

      46. "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

      1) құралды көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) құралды көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Бағдарламада және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) құралды көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабын, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысын алуы негіз болып табылады.

      47."Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын одан әрі көрсету уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      48. Қаржы агенттігі мен "Назарбаев Университеті" ДБҰ Кәсіпорындарды дамыту жөніндегі бағдарламаға қатысушылардың қызметіне кейіннен мониторинг жүргізеді.

3.3-параграф. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету

      49. "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы тиімділікті арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.

      50. "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      51. Сервистік қолдауды ұсыну ШОК субъектісінің жеке қатысуымен, облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жергілікті жерлерде және облыстардың кәсіпкерлер палаталарының моноқалалардағы, шағын қалалардағы және аудан орталықтарындағы филиалдарының жанындағы КҚКО-да, КҚКО бөлімшесінде, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.

      52. Экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне сервистік қолдау көрсету шеңберінде мынадай мамандандырылған көрсетілетін қызмет түрлері (бұдан әрі – сервистік көрсетілетін қызметтер) ұсынылады:

      1) мыналарды:

      салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама мәселелері бойынша консультацияларды;

      бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды және бюджетке басқа да аударымдарды есептеу мәселелері бойынша консультацияларды;

      бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша консультацияларды;

      "1С-Бухгалтерия" бағдарламасымен жұмыс істеу бойынша консультацияларды;

      салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультацияларды;

      бөгде ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау бойынша консультацияларды;

      салықтық және статистикалық есептер дайындауды қамтитын бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілік жасауға байланысты көрсетілетін қызметтер;

      2) сыртқы экономикалық қызмет бойынша:

      кеден заңнамасы және кедендік рәсімдер саласында;

      сыртқы экономикалық қызмет үшін лицензиялар, рұқсаттар алу бойынша;

      ЕАЭО шеңберінде тауарларды декларациялау бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер;

      3) мыналарды:

      электрондық сауда жүргізу мәселелері бойынша консультацияларды;

      электрондық сауда алаңдарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;

      әлеуметтік желілерде бизнесті ілгерілету бойынша консультацияларды;

      іздеу жүйелерінде сайтты ілгерілету бойынша консультацияларды;

      интернет-маркетинг құралдарын пайдалану бойынша консультацияларды қамтитын интернет-маркетинг бойынша көрсетілетін қызметтер;

      4) мыналарды:

      кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттар дайындау бойынша консультациялық қызметтерді;

      кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттар дайындауды;

      шарттар жобаларын әзірлеу бойынша консультацияларды;

      шарттардың жобаларын электрондық форматта әзірлеуді;

      азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық саласындағы консультацияларды;

      құжат айналымын жүргізу бойынша консультацияларды;

      кадрлық құжаттаманы жүргізу және құжат айналымы бойынша консультацияларды;

      құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруге байланысты консультациялық қызметтерді қамтитын заң қызметтерін көрсету;

      5) мыналарды:

      баға саясатын әзірлеу бойынша консультацияларды;

      банктерде кредит беру және мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін бизнес-жоспар әзірлеу бойынша консультацияларды;

      банктерде кредит беру және мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін бизнес-жоспар әзірлеуді;

      тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс түрлерін зерделеу бойынша консультацияларды;

      бәсекелес ортаны талдау бойынша консультацияларды қамтитын маркетинг мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметтер;

      6) мыналарды:

      интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау бойынша консультацияларды;

      кәсіпорынның/дара кәсіпкерлік субъектісінің сайт визиткасын жасауды;

      есептерді электрондық тапсыру бағдарламасын орнату бойынша консультация беруді;

      "1С-Бухгалтерия" бағдарламасын орнату және қолдау бойынша консультацияларды қамтитын ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы көрсетілетін қызметтер;

      7) мыналарды:

      конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындауды;

      Қазақстан Рспубликасының сатып алу жөніндегі бірыңғай құрылымдалған ақпараттық базасын қамтитын интернет-ресурсқа қашықтан қосылуды;

      сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне шағымдану бойынша консультацияларды;

      сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне шағымдануды;

      біліктілікті алдын ала іріктеу тізіліміне қосу бойынша консультацияларды;

      мүгедектер ұйымдары тізіліміне қосу бойынша консультацияларды;

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ) адал өнім берушілер тізіліміне қосу бойынша консультацияларды;

      электрондық сатып алу порталында тіркелу бойынша консультацияларды;

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ электрондық сатып алулар (тауар өндірушілер) тізіліміне қосу бойынша консультацияларды қамтитын мемлекеттік сатып алумен, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты көрсетілетін қызметтер;

      8) отандық тауар өндірушілерге (бұдан әрі – ОТӨ) мыналарды:

      сауда алаңдарында отандық тауар өндірушілердің (бұдан әрі – ОТӨ) тауарларын ілгерілету және/немесе өткізу бойынша консультацияларды;

      ОТӨ өнімдерінің таныстырылымын өткізу үшін өндірушілердің сауда компанияларымен кездесулерін ұйымдастыруға жәрдемдесуді;

      ОТӨ-мен сауда алаңдарын жалға алу шарттарын жасасу бойынша консультацияларды;

      ОТӨ өнімдерін сауда алаңдарына жеткізу шарттарын жасасу бойынша консультацияларды қамтитын өндірілетін өнімді өткізуге жәрдемдесу жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтер.

      53. Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын ұсынылатын сервистік көрсетілетін қызметтер туралы, БАҚ арқылы және/немесе ақпаратты қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында орналастыру арқылы сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың басталғаны және орны туралы ШОК субъектілерін хабардар етеді.

      54. ШОК субъектілері күнтізбелік 1 (бір) жылда 1 (бір) рет алатын бизнес-жоспар әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтен басқа, ШОК субъектілері тұрақты негізде бекітілген сервистік көрсетілетін қызметтер шеңберінде кешенді сервистік қолдау алады.

      55. Кәсіпкердің жеке қатысуымен сервистік қызметтер көрсету мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) сервистік қызметтерді алуға мүдделі ШОК субъектілері КҚКО-ға және/немесе КҚКО бөлімшесіне жүгінеді және оған кезек тәртібімен менеджер- консультант қызмет көрсетеді;

      2) сервистік қызметтерді алуға үміткер ШОК субъектілері мынадай құжат түрлерін:

      жеке куәлігін (сәйкестендіру үшін);

      ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтаманы;

      қажет болған жағдайда нотариат куәландырған сенімхатты (түпнұсқаны) ұсынады;

      3) менеджер-консультант ШОК субъектілеріне осы Қағидаларға 3-қосымшадағы нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік қызметтер ұсынуға арналған сауалнама-өтінімге сәйкес сервистік көрсетілетін қызметті ұсынады;

      4) ШОК субъектісі өз қалауы бойынша ауызша, сондай-ақ жазбаша түрде ақпарат алады;

      5) менеджер-консультант ШОК субъектісінің қалауы бойынша шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады;

      6) тиісті сапада және толық көлемде қызмет көрсетілгеннен кейін менеджер-консультант пен ШОК субъектілері арасында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылады;

      7) ШОК субъектісіне көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау үшін қаржылай емес қолдау операторы телефонмен пікіртерім және/немесе sms-хабарлар арқылы пікіртерім жүргізу жолымен сапа аудитін жүргізеді;

      8) менеджер-консультант көрсетілетін қызметті ұсынғаннан кейін ШОК субъектілерінің деректерін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберінде Көрсетілген қызметтер тізіліміне енгізеді.

      56. Қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде сервистік қызметтер көрсету мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ШОК субъектілері сервистік қызметті алу үшін қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі. ШОК субъектілері қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркелген кезде қажетті деректерді толтырады және қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында жеке кабинет құрады. Толтырылған деректер форматтық-логикалық бақылауға сәйкес келген жағдайда, ШОК субъектілерінің тіркеу кезінде көрсеткен мобильді нөміріне жіберілген төрт таңбалы санды енгізу және/немесе ЭЦҚ пайдалану арқылы өтінімге қол қою сұралады;

      2) ШОК субъектілері қажетті сервистік көрсетілетін қызметтерді таңдайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған электрондық сауалнама-өтінім толтырады және осы Қағидалардың 55-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін тіркейді;

      3) осы Қағидалар шеңберінде сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған электрондық өтінімге екі факторлы аутентификациялау әдісімен жеке басты сәйкестендіру жүргізу жолымен және/немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында ЭЦҚ пайдалану арқылы қол қойылады;

      4) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталына келіп түскен электрондық өтінім менеджер-консультанттар арасында кезектілік және жүктеме тәртібімен бөлінеді;

      5) ШОК субъектілері электрондық өтінімді менеджер-консультантқа бөлгеннен кейін оның электрондық өтінімінің жұмыс үшін қабылданғаны туралы электрондық поштаға немесе ұялы телефонға хабарлама алады;

      6) электрондық өтінімнің мәртебесі бойынша ақпарат қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында ШОК субъектісінің жеке кабинетінде көрсетіледі;

      7) қаржылай емес қолдау операторының менеджер-консультанты жұмысқа электрондық өтінімді алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 55-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және/немесе сәйкес келмеген жағдайда менеджер-консультант бас тарту себебін көрсете отырып, электрондық өтінімді пысықтауға жібереді;

      8) қаржылай емес қолдау операторының менеджер-консультанты сервистік қызмет көрсетеді және қызмет көрсету нәтижесін ШОК субъектісіне оның қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді. ШОК субъектісі сондай-ақ электрондық өтінімнің мәртебесі көрсетілген sms-хабар алады;

      9) көрсетілген қызметтің нәтижелерін алғаннан кейін ШОК субъектілері қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілген қызметтер актісіне екі факторлы теңтүпнұсқаландыру әдісімен жеке басын сәйкестендіруді жүргізу жолымен және/немесе ЭЦҚ пайдалану арқылы қол қою жолымен жұмыстардың орындалу фактісін растайды;

      10) ШОК субъектілері қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетте менеджер-консультант көрсеткен сервистік қызметтің сапасына бағалау жүргізеді;

      11) ШОК субъектілері ұсынылған қызметті көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда, қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы өтініш беру жолымен немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында көрсетілген байланыстар бойынша қолдау қызметіне жүгіну арқылы менеджер-консультанттың іс-әрекетіне шағымданады.

      57. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету бойынша көрсетілтін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде:

      1) қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген нысан бойынша құралды іске асыру туралы есепті жібереді;

      2) қаржылай емес қолдау операторы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірмей құралды іске асыру мониторингін жүргізу мақсаттары үшін қаржы агенттігіне құралды іске асыру туралы мәліметтер жібереді;

      3) қаржы агенттігі "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын іске асыру барысы туралы мониторингті жүзеге асырады. Қаржы агенттігінің мониторингтік тексеруді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсынуға мониторинг жүргізу әдістемесінде келтірілген.

      58. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде ШОК субъектілеріне сервистік қолдауды үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етеді.

      59. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қаржылай емес қолдау операторы осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша ұзақтығы 2 (екі) минуттан аспайтын оқыту бейнероликтерін әзірлеп, қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында орналастырады.

      60. Сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша оқыту бейнероликтерін әзірлеуді және орналастыруды қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      61. Қаржылай емес қолдау операторы сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша әзірленіп, орналастырылған оқыту бейнероликтері бойынша есеп береді.

3.4-параграф. Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту

      62. "Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту" (бұдан әрі – "Атаулы оқыту") құралын "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – атаулы оқыту операторы) моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да көрсетеді.

      63. "Атаулы оқыту" құралы Бағдарлама шеңберінде жеңілдікті кредит алған не алуды жоспарлап отырған жұмыс істеп тұрған шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін өтеусіз негізде беріледі.

      64. "Атаулы оқыту" құралын іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен атаулы оқыту операторы арасында көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      65. "Атаулы оқыту" құралын атаулы оқыту операторы консультациялық қызметтерді беруші компанияларды тарту жолымен іске асырады.

      66. Атаулы оқыту операторы консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялардың Бағдарламада және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес әзірленген техникалық ерекшелікке сәйкестігіне конкурстық іріктеу жүргізеді.

      67. Конкурстық іріктеуден өту үшін консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялар атаулы оқыту операторы әзірлеген техникалық ерекшелікке сәйкес "Атаулы оқыту" құралы шеңберінде оқыту бағдарламаларын әзірлейді және ұсынады.

      68. Атаулы оқыту операторы тікелей және (немесе) қаржылай емес қолдау операторы, қаржы агенттігі, екінші деңгейдегі банктер, БАҚ арқылы өтінімдерді қабылдау күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын мекенжайы мен өтінімдерді қабылдау кезеңін көрсете отырып, консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияларға конкурстық іріктеудің басталғаны туралы ақпаратты хабарлайды.

      Өтінімдерді қабылдау кезеңін атаулы оқыту операторы белгілейді және ол күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.

      69. Атаулы оқыту операторының консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялардың өтінімдерін қарауы құжат қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, оның ішінде:

      1) 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру жүргізіледі;

      2) 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Бағдарламаның, осы Қағидалардың шарттарына және атаулы оқыту операторы әзірлеген техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру жүргізіледі.

      Бұл ретте өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталғаннан кейін ұсынылған өтінімдер тіркеуге және қарауға жатпайды.

      70. Өтінімді консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания атаулы оқыту операторына парақтар санын көрсете отырып, қол қойылып, нөмірленген түрде қағаз жеткізгіште қолма-қол және (немесе) бірыңғай файлда сканерленген электрондық нысанда береді.

      71. Консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания ұсынылған құжаттардың және бастапқы деректердің толықтығын, дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      Конкурстық іріктеуге қатысу үшін консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Атаулы оқыту" құралы бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияларды конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді;

      2) өтініш берушімен еңбек қатынастарында тұрған, жоғары білімі бар, кемінде 5 (бес) білікті кадрдың болуын растайтын құжаттарды (жұмыскерлер түйіндемелерінің көшірмелерін, дипломдарының көшірмелерін, еңбек шарттарының және (немесе) өтініш берушінің жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының көшірмелерін);

      3) жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттарды, консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания қызметінің сипаттамасын, оның мамандануының сипаттамасын;

      4) мемлекеттік тізілімде тіркелуі туралы куәліктің көшірмесін;

      5) кем дегенде алдыңғы 2 (екі) жыл ішіндегі жылдық қаржылық есептілікті (пайдалар мен шығасылар туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті, балансты);

      6) пікірлер мен ұсынымдарды қоса алғанда, консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияның мамандануы шеңберінде соңғы 2 (екі) жыл ішінде іске асырылған жобалардың сипаттамасын;

      7) атаулы оқыту операторы әзірлеген техникалық ерекшелікке сәйкес әзірленген оқыту бағдарламаларын;

      8) оқытуға және консультациялық қызметтер көрсетуге өтінім бірнеше өңір мен елді мекенде бір мезгілде берілген жағдайда, бірнеше елді мекенде және өңірде оқытуды жүргізу мен консультациялық қызметтер көрсету мүмкіндігін растайтын ақпаратты;

      9) коммерциялық ұсынысты ұсынады.

      72. Осы Қағидалардың 71-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, атаулы оқыту операторы консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияның өтінімін өтінімдерді қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарамай қайтарады.

      Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 71-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкессіздігі анықталған кезде консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияға анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберіледі.

      73. Консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания атаулы оқыту операторының хабарламасына сәйкес анықталған сәйкессіздіктерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес хабарламаны алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жояды.

      74. Атаулы оқыту операторы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді ескере отырып, консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания ұсынған құжаттарды қайта қарайды. Сәйкессіздіктер қайта анықталған жағдайда, атаулы оқыту операторы консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияға одан әрі конкурстық іріктеуге қатысуға консультациялық қызмет көрсетеді.

      75. Конкурстық іріктеуді құрамына қаржылай емес қолдау операторының, атаулы оқыту операторының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының өкілдері кіретін консультациялық қызметтерді беруші-компанияларды іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.

      76. Консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияның өтінімі:

      1) консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания осы Қағидаларның 71-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

      2) консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания осы Қағидалардың 72-тармағында көзделген оған жіберілген хабарламаға сәйкес сәйкессіздіктерді жоймаған;

      3) өтінімде қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайларда Комиссияның қарауына жіберілмейді.

      77. Атаулы оқыту операторы конкурстық іріктеу жарияланған күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні қалғанда Комиссия мүшелерін және консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияларды Комиссия отырысының өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді және Комиссия отырысының материалдары мен күн тәртібін ұсынады.

      78. Комиссия құрамы атаулы оқыту операторының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      79. Комиссия отырысы офлайн және/немесе онлайн режимде өткізіледі.

      80. Комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.

      Түскен өтінімдерді қарау кезінде Комиссия отырысына қатысатын Комиссия мүшелерінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, олар Комиссияның тиісті отырысына қатысудан шеттетіледі. Комиссия отырысының жұмысына қатысу мүмкін болмаған жағдайда, Комиссия мүшелері кезекті отырысты өткізу туралы хабарламаны алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссияның хатшысына жазбаша хабардар етеді.

      Комиссияның хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      Комиссия отырысын өткізу кезінде отырыстың аудиожазбасы (бейнежазба) жүзеге асырылады.

      Комиссия отырыстарының аудиожазбасы (бейнежазбасы), Комиссия отырыстары хаттамаларының түпнұсқалары, Комиссия мүшелерінің өтініш білдірушілерін бағалау парақтарының түпнұсқалары атаулы оқыту операторында сақталады.

      Комиссия қызметін материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді атаулы оқыту операторы қамтамасыз етеді.

      81. Комиссия отырысында консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания онлайн және/немесе офлайн форматта өз компаниясын таныстырады және Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.

      82. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылады, онда Комиссияның шешімі көрсетіледі.

      83. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде атаулы оқыту операторы консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияларға қабылданған шешім туралы хабарлама жібереді.

      Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жеңімпаз деп танылған консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялармен оң шешім қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Комиссия шарт жасасады.

      84. "Атаулы оқыту" құралы мынадай функционалдық бағыттарды:

      1) қаржылық сауаттылықты, цифрландыруды және есепке алу саясатына көшуді оқытуды;

      2) салалық ерекшелігіне сәйкес кәсіпкерлік дағдыларды дамытуды көздейді.

      85. Әрбір функционалдық бағыт бойынша оқытудың жалпы ұзақтығы 2 (екі) айды құрайды.

      86. "Қаржылық сауаттылықты, цифрландыруды және есепке алу саясатына көшуді оқыту" функционалдық бағыты мынадай:

      қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық есептілікті дайындау;

      банк өнімдерінің қолжетімділігін зерделеу және арттыру;

      бизнес-процестерді автоматтандыру және POS-терминалдарды пайдалану;

      шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін ERP жүйесін енгізу;

      интернет-эквайрингті енгізу;

      басқару есебін цифрландыру;

      персоналды басқаруды жетілдіру модульдерін қамтиды.

      87. "Салалық ерекшелікке сәйкес кәсіпкерлік дағдыларды дамыту" функционалдық бағыты мынадай:

      салалық ерекшелігіне сәйкес бизнесті пен персоналды басқару модельдері;

      кәсіпкерлік қызметтің өндірістік және салықтық шығасыларын төмендету;

      кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнаманы зерделеу;

      қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

      сатуды басқару;

      өткізу нарығын кеңейту модульдерін қамтиды.

      88. Әрбір функционалдық бағыт бойынша оқыту мынадай:

      1) бизнестің салалық ерекшелігіне сәйкес оқу-консультациялық жоспар құра отырып, ұзақтығы 1 (бір) айдан кем емес модульдік оқыту;

      2) алған білімді игеру және кәсіпорын қызметіне өзгерістерді іс жүзінде енгізу процесін ұзақтығы 1 (бір) айдан кем емес онлайн-сүйемелдеу (алдыңғы кезеңмен қатар жүргізілуі мүмкін);

      3) бизнес-процестерді басқару және оларды цифрландыру жүйесін жетілдіру бойынша ұзақтығы 1 (бір) айдан кем емес консультациялық көрсетілетін қызметтер (алдыңғы кезеңдер аяқталғаннан кейін) кезеңдерін көздейді.

      89. Бизнестің салалық ерекшелігіне сәйкес оқу-консультациялық жоспар құра отырып, модульдік оқытуды көздейтін кезең онлайн және/немесе офлайн форматтарда өткізіледі.

      Онлайн форматта оқыту қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы және/немесе атаулы оқыту операторының және/немесе консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялардың ақпараттық ресурстары арқылы жүргізіледі.

      Офлайн форматта оқыту КҚКО-да немесе қаржылай емес қолдау операторының және/немесе атаулы оқыту операторының және/немесе консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялардың өзге де үй-жайларында жүргізіледі.

      90. Алған білімді игеру және кәсіпорын қызметіне өзгерістерді іс жүзінде енгізу процесін онлайн-сүйемелдеуді көздейтін кезең консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияның өтініш берушіге тікелей консультация беруі арқылы жүргізіледі.

      91. Бизнес-процестерді басқару және оларды цифрландыру жүйесін жетілдіру жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерді көздейтін кезең өтініш берушіге онлайн-консультация беру және өтініш берушілердің объектілеріне консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялардың шығуы арқылы жүргізіледі.

      92. Консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші әр компания офлайн және/немесе онлайн режимде оқытуды жүргізу және консультациялық қызметтерді көрсету және кемінде 20 (жиырма) оқыту бейнеролигін әзірлеу бойынша міндеттемелерді қабылдайды.

      Бейнероликтерде оқыту модульдерінің қысқаша сипаттамасы болуға тиіс.

      93."Атаулы оқыту" құралын көрсетуге өтінім электрондық нысанда беріледі.

      94. Қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы электрондық нысанда "Атаулы оқыту" құралын көрсетуге өтінім беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) өтініш беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі және өзінің жеке кабинетін құрады;

      2) өтініш беруші осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысанда "Атаулы оқыту" құралын көрсетуге арналған электрондық сауалнама-өтінімді мынадай құжаттардың:

      жеке куәліктің;

      шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататындығы туралы анықтаманың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып толтырады.

      3) атаулы оқыту операторы қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы келіп түскен электрондық өтінімді 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Электрондық өтінім толық болмаған және/немесе осы Қағидаларға 8-қосымшада баяндалған шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, атаулы оқыту операторы өтініш берушіге қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетіне дәлелді бас тарту жібереді және/немесе анықталған ескертулерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күнін құрайтын мерзім береді.

      Электрондық өтінім толық және осы Қағидаларға 8-қосымшада баяндалған шарттарға сәйкес келген жағдайда, атаулы оқыту операторы өтініш берушіге "Атаулы оқыту" құралын көрсетуге арналған электрондық өтінімді келісу туралы хабарлама жібереді;

      4) электрондық өтінімді қарау нәтижесі өтініш берушіге қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы оның жеке кабинетіне өтінім мәртебесі көрсетілген хабарламамен немесе sms-хабар арқылы хабарлама жіберіледі;

      5) атаулы оқыту операторы оқу топтарын қалыптастыру үшін кезектілік тәртібімен мақұлданған өтінімдерді бөледі;

      6) атаулы оқыту операторы "Атаулы оқыту" құралына қатысушылардың тізімін қалыптастырады және оларды тиісті оқыту графигін әзірлеу және бекіту үшін "Атаулы оқыту" құралының функционалдық бағыттарын оқыту модульдеріне сәйкес консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияларға жібереді.

      95. Өтініш беруші "Атаулы оқыту" құралын іске асыруға байланысты мониторинг жүргізу немесе өзге де іс-әрекеттер үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді ұсыну туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды. Өтініш беруші "Атаулы оқыту" құралы шеңберінде атаулы қолдау операторының сұратуы бойынша 2 (екі) жыл ішінде жартыжылдық негізде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда "Атаулы оқыту" құралы шеңберінде мониторингтік есепті ұсынады.

      96. Өтініш беруші атаулы оқыту операторының веб-порталында көрсетілген қаржылай емес қолдау шараларының сапасына бағалау жүргізеді.

      97. Оқыту және консультациялық қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда, өтініш беруші атаулы оқыту операторының веб-порталы арқылы өтініш беру жолымен немесе атаулы оқыту операторының веб-порталында көрсетілген қатынас түрі бойынша қолдау қызметіне жүгіну арқылы консультациялық қызмет беруші компанияның іс-әрекетіне шағымданады.

      98. "Атаулы оқыту" құралын іске асыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде атаулы оқыту операторы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген нысан бойынша есеп жібереді.

4-тарау. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру

      99. "Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру" функционалдық бағыты мынадай:

      1) басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (Аға сеньорлар);

      2) еуропалық Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасы құралдарын қамтиды.

4.1-параграф. Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (Аға сеньорлар)

      100. "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту" құралын (бұдан әрі – "Аға сеньорлар") Қазақстан Республикасының аумағында қаржылай емес қолдау операторы шетелдік және/немесе отандық консультанттарды, оның ішінде ХШҰ жәрдемімен тарту арқылы іске асырады.

      Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу қажеттігіне байланысты 2020 жылы "Аға сеньорлар" құралын қаржылай емес қолдау операторы отандық консультанттарды тарту арқылы іске асырады.

      101. "Аға сеньорлар" құралының қатысушылары өз қызметін Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын ШОК субъектілері болып табылады.

      102. "Аға сеньорлар" құралын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      103. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызмет көрсету туралы шарт жасалғанға дейін "Аға сеньорлар" құралы бойынша қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен қаржылай емес қолдау шараларын уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтеулі қызмет көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.

      104. "Аға сеньорлар" құралы жылдық айналымы 5000 (бес мың) айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын ШОК субъектісінің кәсіпорнына сыртқы консультантты тарту арқылы іске асырылады.

      105. "Аға сеньорлар" құралы бойынша сыртқы консультанттарды тарту:

      1) кәсіпорынды дамытудың нақты проблемаларын диагностикалауды және анықтауды;

      2) нақты проблемаларды жою бойынша шешімдер әзірлеуді және практикалық жұмысты;

      3) сыртқы консультанттың мамандануына сәйкес практикалық оқыту (бұдан әрі – семинарлар) жүргізуді көздейді.

      106. Көлік шығыстары мен сыртқы консультанттардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      107. Сыртқы консультанттардың тәуліктік шығыстары, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұруы және аудармашылық көрсетілетін қызметтер ШОК субъектісінің меншік қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      108. "Аға сеньорлар" құралын іске асыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) қаржылай емес қолдау операторы аға сеньорлардың қызметін үйлестіретін ХШҰ-мен Ынтымақтастық туралы меморандум жасасады;

      2) қаржылай емес қолдау операторы тікелей және/немесе БАҚ арқылы құралды іске асыру шарттары туралы ШОК субъектілерін хабардар етеді;

      3) ШОК субъектісі қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысанда "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды (Аға сеньорлар) тарту" құралын беруге өтінім береді. ШОК субъектісі ШОК субъектісінің жеке кабинеті құрылатын қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеуден өтеді;

      4) қаржылай емес қолдау операторы қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы түскен ШОК субъектісінің өтінімін электронды түрде қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтінімнің мәртебесі туралы ақпарат жібереді. Өтінім осы Қағидаларға 10-қосымшада баяндалған шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, қаржылай емес қолдау операторы 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетке дәлелді бас тартуды жібереді не анықталған ескертулерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күнін құрайтын мерзім береді;

      5) қаржылай емес қолдау операторы мақұлданған өтінімдер бойынша сыртқы консультанттарды, оның ішінде ХШҰ жәрдемімен тартуды қамтамасыз етеді;

      6) "Аға сеньорлар" құралы бойынша қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну мерзімі ШОК субъектісінің өтінімі мақұлданған кезден бастап ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейінгі кезеңді қамтиды;

      7) сыртқы консультанттар өз миссиясы шеңберінде тікелей кәсіпорындарда консультациялар жүргізеді;

      8) сыртқы консультанттың ШОК субъектісінің кәсіпорнында болу мерзімі кемінде 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      109. "Аға сеньорлар" құралы бойынша қаржылай емес қолдау шарасын алған ШОК субъектісі қаржылай емес қолдау операторының сұрау салуы бойынша 2 (екі) жыл ішінде жартыжылдық негізде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ныснада ШОК субъектісінің қызметі туралы мониторингтік есепті ұсынады.

      110. Қаржылай емес қолдау операторы ШОК субъектілеріне қаржы жылының он екі айы ішінде "Аға сеньорлар" құралын үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етеді.

      111. "Аға сеньорлар" құралы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады.

4.2-параграф. Еуропалық қайта Құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы

      112. Еуропалық Қайта құру және Даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) сыртқы бизнес-консультанттарды тарту жолымен "Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" (бұдан әрі – ЕҚДБ бағдарламасы) құралын іске асырады.

      113. ЕҚДБ бағдарламасы төрт бағытта іске асырылады:

      1) кәсіпорынның өсуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізу үшін кәсіпорынға консультациялық қызметтерді жеткізуші компанияларды тарту;

      2) кәсіпорындардың өсуі мен дамуына көмек көрсету үшін шетелдік салалық сарапшыларды тарту;

      3) кәсіпкерлер үшін тақырыптық тренингтер, семинарлар, конференциялар және басқа да оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жолымен ШОК субъектілері үшін консультациялық көрсетілетін қызметтерге нарықтарды дамыту және сұранысты ынталандыру;

      4) жаттықтырушыларға арналған тренингтер сериясын өткізу арқылы жергілікті бизнес-консультанттардың құзыретін дамыту.

      114. ЕҚДБ бағдарламасын қаржыландыру уәкілетті орган мен ЕҚДБ арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      115. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша сыртқы консультанттарды тарту жөніндегі шығыстарды төлеу бірлесіп қаржыландыру қағидаты бойынша республикалық бюджет қаражаты және ШОК субъектілерінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      116. ЕҚДБ консультациялық қызметтерді жеткізуші компаниялар мен жоғары білікті шетелдік сарапшыларды консультациялық жобаларды іске асыруға тарту арқылы ШОК субъектілеріне үздіксіз қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

      117. ЕҚДБ бағдарламасының қатысушылары базалық және қосымша өлшемшарттарға сәйкес келетін кәсіпорындар болып табылады.

      Іріктеудің базалық өлшемшарттары:

      1) кәсіпорынның мөлшері – жергілікті консультанттармен жобалар үшін 250 қызметкерге дейін және халықаралық сарапшылармен жобалар үшін 500 қызметкерге дейін;

      2) меншік нысаны – 49 %-дан аспайтын шетелдік капитал қатысатын жеке кәсіпорын;

      3) қызмет саласы – экономиканың басым секторларындағы не моноқалалардағы, шағын қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі салалық шектеусіз қызмет;

      4) бизнесті жүргізудің табысты тәжірибесі – өтінім беру кезінде 2 (екі) жыл (арнайы бастамаларды қоспағанда);

      5) ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға арналған өтінім беру құжаттамасының толық топтамасы:

      осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысанда "ЕҚДБ бағдарламасы" құралын ұсынуға арналған өтінімнің толтырылған түпнұсқасын;

      кәсіпорынның құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

      өткен толық екі жыл үшін және өтінім беру кезіндегі соңғы есепті кезең үшін қаржылық есептердің көшірмелерін қамтиды.

      118. Қатысушыларды іріктеудің қосымша өлшемшарттары (осы өлшемшарттарға сәйкестігін ЕҚДБ-ның кәсіпорынды қарап-тексеру және диагностикалау жөніндегі стандартты рәсімдері орындалғаннан кейін ЕҚДБ-ның жергілікті мамандар тобы бағалайды):

      1) өміршеңдік – көрнекі бәсекелестік артықшылықтардың болуы тұрғысынан одан әрі өсу үшін әлеуеті, табыстылық (жалпы оң пайда), консультациялық жобаларды енгізу және олардың нәтижелерін қолдану үшін жеткілікті қаржылық және операциялық ресурстардың болуы. ЕҚДБ банкроттыққа жуық жағдайда тұрған немесе толық қайта құрылымдауды талап ететін кәсіпорындарға қолдау көрсетпейді;

      2) басшылық тарапынан қарым-қатынас – ЕҚДБ мамандарымен және консалтингтік компаниямен ынтымақтастыққа әзірлік;

      3) жоғары бедел/парасаттылық – кәсіпорын мен оның басшылығы сенімге және жоғары беделге ие болуға тиіс;

      4) штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі – іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер алуға нақты қажеттілік, сондай-ақ штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі аз болған немесе осындай тәжірибесі болмаған кезде және (немесе) жобаны толық көлемде қаржыландыру үшін қаражат болмағанда алған қолдауды қолдану қабілеті;

      5) қаржылық міндеттемелер – кәсіпорын дайын болуы және жобаны іске асырудың жалпы құнының 25-75 %-ын төлеуге мүмкіндігі болуы мүмкін.

      119. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша сыртқы консультанттарды тарта отырып, алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын ұйымдастыру және бірлесіп қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ЕҚДБ біліктілік алдындағы іріктеуді жүргізеді және ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қойылатын талаптарға жауап беретін консультациялық көрсетілетін қызметтерді берушілер дерекқорын жүргізеді;

      2) консультанттар өздерінің нақты бейіндегі консультациялық қызметтер көрсету және нақты білім салаларында жұмыс істеуі үшін біліктілігінің бар-жоғы тұрғысынан мынадай бағалаудан өтеді:

      а) жұмыс тәжірибесі – компания қызметінің сипаттамасы, оның мемлекеттік тізілімде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі, меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан және (немесе) құрылтай шарттарынан үзінділер), егер бұл қолданылса, ең кемі алдыңғы екі жыл үшін жылдық қаржылық есептілік (пайда мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, баланс), консультациялық көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша бөліністе, ақы төлеу мөлшерлемелерін көрсете отырып, компанияның/жеке консультанттың мамандануының сипаттамасы (адам-күндермен);

      б) клиентпен жұмыс істеу және ұсынымдар – клиент компаниядан алынған консультациялық жобалар басшыларының пікірлері мен ұсынымдарын және байланыс деректерін қоса алғанда, соңғы 2 жылда іске асырылған жобалардың сипаттамасы (консалтингтік компанияның мамандануы шеңберінде);

      в) кадрлармен жасақталуы – барлық консультанттармен әңгімелесу және олардың түйіндемелерін зерделеу;

      3) кәсіпорынның қажеттілігі айқындалғаннан және жобаны орындау үшін белгіленген нысан бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге техникалық тапсырма дайындалғаннан кейін ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде белгіленген талаптарға жауап беретін консалтингтік компаниялардың коммерциялық ұсыныстарына сұрау салу жүргізілуі мүмкін. Консультантты таңдауды кәсіпорынның өзі жүзеге асырады. Консультанттарға бірінші жоба сәтті іске асырылғанға дейін басқа жобаларды қатар орындауға тыйым салынады;

      4) қолдау көрсетілетін жобалар КҚКО және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да бастамалары шеңберінде көрсетілетін қызметтерді толықтыратын болады.

      120. ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру тетігі:

      1) ЕҚДБ құралға қатысу өлшемшарттары мен өтінім беру топтамасына қойылатын талаптар туралы ақпаратты қоса алғанда, ЕҚДБ бағдарламасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуетті клиенттерге жобалық өтінімді дайындауда жәрдем көрсетеді;

      2) өтініш беруші ЕҚДБ-ға ЕҚДБ бағдарламасының жәрдемдесуімен қолдауға арналған өтінімді және қажетті құжаттар топтамасын:

      осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысандна "ЕҚДБ бағдарламасы" құралын ұсынуға арналған өтінімнің толтырылған түпнұсқасын;

      құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

      өткен толық екі жыл және өтінім беру кезіндегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелерін ұсынады;

      3) ЕҚДБ маманы кәсіпорынның өміршеңдігін, қажеттіліктері мен басымдықтарын айқындау және өтінім бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін кәсіпорынды тексеру және диагностикалау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін оның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігін бағалау үшін кәсіпорынға шығады;

      4) әлеуетті консультациялық жоба кәсіпорын басшылығымен талқыланады;

      5) ЕҚДБ кәсіпорын үшін жергілікті және халықаралық сарапшылар дерекқорынан жобаны іске асыру үшін қолайлы консалтингтік компаниялардың және/немесе сарапшылардың тізімін дайындайды және жоба бойынша әлеуетті консультанттармен, атап айтқанда, халықаралық сарапшылармен келіссөздер жүргізуге жәрдемдеседі;

      6) өтініш беруші консалтингтік компанияны және/немесе сарапшыны таңдау туралы түпкілікті шешім қабылдайды;

      7) кәсіпорын және консалтингтік компания ЕҚДБ келісетін және бекітетін техникалық тапсырманы бірлесіп әзірлейді;

      8) ЕҚДБ гранттар бойынша қолданыстағы матрица-нұсқауды негізге ала отырып, консультациялық жобаны бірлесіп қаржыландыру мөлшері жөнінде шешім қабылдайды;

      9) кәсіпорын және консалтингтік компания және/немесе сарапшы ЕҚДБ мақұлдаған жобаға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;

      10) ЕҚДБ және кәсіпорын ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде консультациялық жобаға грант беру туралы келісім жасасады;

      11) ЕҚДБ жобаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады;

      12) жоба аяқталғаннан кейін консультант қорытынды презентация өткізеді және бенефициар-кәсіпорынға және ЕҚДБ-ға жобаның нәтижелері туралы есеп береді;

      13) кәсіпорын консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес консультанттың және/немесе консалтингтік компанияның қызметтеріне ақы төлейді;

      14) орындалған жұмыстардың мәлімделген техникалық тапсырмаға сәйкестігін, жобаның табысты аяқталғанын және кәсіпорынның консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес консультантқа және/немесе консалтингтік компанияға жоба құнын төлеу фактісін тексергеннен кейін ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде грант беру туралы қол қойылған келісімге сәйкес бенефициар кәсіпорынға грант төлейді;

      15) жоба аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң ЕҚДБ маманы бенефициар кәсіпорын жұмысының тиімділігіне оның әсерін бағалау үшін жобаға келіп, қорытынды баға береді.

      121. ЕҚДБ жыл сайын есепті жылдан кейінгі 2 (екі) ай ішінде уәкілетті органға ЕҚДБ бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есеп береді.

5-тарау. Іскерлік байланыстарды кеңейту

      122. "Іскерлік байланыстарды кеңейту" функционалдық бағыты шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуді, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға баруды және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуды көздейді және "Іскерлік байланыстар" құралын қамтиды.

5.1-параграф. Іскерлік байланыстар

      123. "Іскерлік байланыстар" құралы өз қызметін ХШҰ қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған.

      124. Құралдың қатысушылары өз қызметін Бағдарлама шеңберіндегі экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын, орташа жылдық айналымы 5000 (бес мың) айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын ШОК субъектілерінің жоғары буынының басшылары болып табылады.

      125. "Іскерлік байланыстар" құралының қатысушылары мына құралдардың бірі бойынша оқудан өткен кәсіпкерлер болып табылады:

      1) 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылатын "Бизнес-Мектеп" құралы;

      2) "ШОК топ-менеджментін оқыту" құралы;

      3) оқудан өткені туралы сертификат болған жағдайда, 2020 жылға дейін оқудан өткен "Іскерлік байланыстар" құралының бірінші кезеңінің түлектері.

      126. "Іскерлік байланыстар" құралы:

      1) технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;

      2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өзара жеткізу;

      3) франшиза сатып алу;

      4) бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуді, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға баруды және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуды көздейді.

      127. Кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдамалардан өтуді ұйымдастыруға "Іскерлік байланыстар" құралына қатысушылардың қажеттіліктерін және қабылдаушы елдер салаларының даму деңгейін ескере отырып, ХШҰ жәрдем көрсетеді.

      128. ХШҰ-мен өзара іс-қимыл жасасу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қабылдаушы елдің Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберінде, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторы мен ХШҰ арасындағы келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады.

      129. "Іскерлік байланыстар" құралының іс-шараларын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасы негізінде уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ХШҰ байланысты және байланысты емес гранттарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      130. "Іскерлік байланыстар" құралына қатысушылар көліктік шығыстарды және шетелдік тағылымдамадан өтуге ұшу пунктіне дейін Қазақстан Республикасының аумағында тұру шығыстарын өздері төлейді.

      131. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызмет көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау шараларын көрсетуге қаржылай емес қолдау операторы шеккен шығыстарды уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған ақылы қызмет көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.

      132. Қаржылай емес қолдау операторы "Іскерлік байланыстар" құралына әлеуетті қатысушыларды тоқсан сайын БАҚ арқылы және/немесе қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында ақпарат орналастыру арқылы олардың құралдарға қатысу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.

      133. "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау шараларын алуға өтінім қағаз және электрондық форматта беріледі.

      134. "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау шараларын алуға өтінімді қағаз форматта беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) өтініш беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі және осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысанда "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буыны басшыларының біліктілігін арттыру үшін тағылымдамаға қатысуға электрондық өтінімді, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысанда Бағдарлама шеңберінде "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберінде қатысушының жазбаша міндеттемесін толтырады;

      2) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы "Іскерлік байланыстар" құралы бойынша қатысушының электрондық өтінімі тіркелгеннен кейін құжаттардың толықтығын тексеру жүзеге асырылады;

      3) тіркелген электрондық өтінім қаржылай емес қолдау операторының қарауына жіберіледі;

      4) қаржылай емес қолдау операторы келіп түскен электрондық өтінімді 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      135. Мақұлданған өтінімдер бойынша қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, бизнес-жоспарларды қорғауды ұйымдастырады және қатысушылар әзірлеген үздік бизнес-жоспарларды іріктеуді жүргізеді. Өтініш берушіні іріктеу кезіндегі өлшемшарттар:

      шетелдік компаниялармен кооперациялау ниеті;

      ШОК субъектісінің әлеуеті;

      басқарушы әлеуеті;

      шет тілін білу (шет тілінде тағылымдамадан өту кезінде) болып табылады.

      136. Үздік бизнес-жоспарлар анықталғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы шетелде бизнес-тағылымдамаға қатысу үшін іріктелген ШОК субъектілерінің тізімін уәкілетті органға жібереді.

      137. ХШҰ топтық бағдарламалар күнтізбесін жасайды және қаржы жылының бірінші тоқсанында тақырыптық бизнес-тағылымдамаларды өткізу үшін әріптес кәсіпорындарды іздестіруді жүзеге асырады.

      138. Қаржылай емес қолдау операторы қатысушыларды шетелдік тағылымдамадан өтуге жібереді.

      139. Тағылымдамадан өтудің нәтижелері бойынша "Іскерлік байланыстар" құралының қатысушылары алған білімдерін, тәжірибесін және технологияларын ескере отырып, кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындайды.

      140. Шетелде бизнес-тағылымдамадан өтуің нәтижелері бойынша қатысушы Қазақстан Республикасына келген кезден бастап 2 (екі) ай ішінде қаржылай емес қолдау операторына келісілген нысан бойынша бизнес-тағылымдаманың нәтижелері және өз бизнесін дамыту жөніндегі одан арғы жоспарлары туралы есепті ақпарат (тағылымдамаға қатысушыларды қабылдаушы елдің шарттарына сәйкес нысан) ұсынады.

      141. Қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, бизнес-тағылымдамадан өткеннен кейін бір жылдан соң ынтымақтастық орнатылған шетелдік әріптес компанияның атауын көрсете отырып, Бағдарламаға қатысушы ШОК субъектілерінің даму жоспарларының іске асырылуын мониторингтеуді жүргізеді.

      142. Бизнес-тағылымдамадан өткен кезден бастап 2 (екі) жыл ішінде ШОК субъектісі қаржылай емес қолдау операторының сұрау салуы бойынша осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысанда кәсіпорынның қызметі туралы мониторингтік есепті ұсынады.

      143. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде ШОК субъектілеріне үздіксіз қызмет көрсетілуді қамтамасыз етеді.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау
шараларын ұсыну қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан

"Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралын көрсетуге арналған сауалнама-өтінім

Өтініш берілген күні (күні, айы, жылы)


Облыс/қала


Моноқаланың, шағын қаланың және аудан орталығының атауы


Мәртебесі (моноқала, шағын қала, аудан орталығы)


Клиент (заңды тұлға өкілінің, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі


Тұрғылықты мекенжайы


Клиенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі


Қызметтер кешенін ұсыну шеңберінде консультацияның атауы (2 түрлі атау)


Көрсетілген консультацияның кіші түрі


Жынысы (әйел/ер)


Туған күні (күні, айы, жылы)


Мүгедектігі


Жасы


Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны/жеке тұлға


Саланың, кіші саланың атауы; негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып)


Кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын/орта/ірі)


Жұмыс/үй телефоны (елді мекеннің кодын көрсете отырып)


Ұялы телефон


E-mail


Менеджер-консультанттың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі


Клиенттің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және қолы


  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау
  шараларын ұсыну қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

"Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізілімі

      Толтырылған күні (күні, айы, жылы):

Облыс/қала

Елді мекен

Мәртебесі (қала/ аудан орталығы/ шағын қала/ моноқала)

Клиенттің аты, әкесінің аты, (болған жағдайда), тегі

Клиенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш берген күні (күні, айы, жылы)

Қызмет түрінің атауы

Жынысы (әйел/ер)

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























      кестенің жалғасы

Туған күні (күні, айы, жылы)

Мүгедектігі

Жасы

Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны/жеке тұлға

Саланың атауы (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші кодын көрсете отырып)

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын/орта/ірі)

Телефон (жұмыс/ ұялы)

E-mail

Консультанттың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

10

11

12

13

14

15

16

17

18




























  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау
  шараларын ұсыну қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

Кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған сауалнама-өтінім №

Толтырылған күні


Клиент (консультация алуға жүгінген респонденттің немесе компания өкілінің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі


Лауазымы


Сервистік көрсетілетін қызметтің атауы


Сервистік кіші көрсетілетін қызметтің атауы


Сервистік көрсетілетін қызметтерді алушы туралы жалпы мәліметтер

Ұйымдық-құқықтық нысаны


Кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын / орта)


Ұйымның атауы


Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі


Заңды тұлғаның тіркелген жері


Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды бойынша саланың коды мен атауы


Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды бойынша кіші саланың коды мен атауы


Туған күні


Жынысы


Мүгедектігі


Телефон нөмірі (жұмыс)


Ұялы телефон нөмірі


Электрондық мекенжайы


      Жүгіну мақсаты (қажеттісінің астын сызыңыз):

      Бизнесте жаңа бағыт ашу

      Өндіріс көлемін ұлғайту

      Жаңа нарықтарды игеру

      Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру

      Қандай қаржылық қолдау алғыңыз келеді (қажеттісін белгілеңіз)

Кредиттер бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау

Кредит алу үшін кепілдіктер беру

Гранттық қаржыландыру алу

Өзге де

      Қандай қаржылық емес қолдау алғыңыз келеді (қажеттісін белгілеңіз)

Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына қатысу бойынша консультация алу

2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылатын "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары жөнінде оқыту

Шағын және орта кәсіпорындардың топ-менеджментін оқыту

Шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату

Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (Аға сеньорлар)

Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің іскери консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы

      * Өтінішке дара кәсіпкердің/шаруа немесе фермер қожалығы куәлігінің көшірмесін, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманы, уәкілетті адамға сенімхатты (қажет болған жағдайда) қоса беремін.

      * Мен "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының № 94 Заңына сәйкес Шартта айқындалған талаптарда және мақсаттар үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына өзімнің дербес деректерімді өңдеуге келісімімді беремін.

      Аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тегі ________________________________

      Күні: 20 жылғы " " ________________ (қолы)

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау
  шараларын ұсыну қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

№ КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР АКТІСІ

_____________________ (қызмет көрсетілген жер)

20 жылғы " "

      ____________,____________________№ _________ шарт негізінде әрекет ететін ____________________ (бұдан әрі – консультант-менеджер) бір тараптан және ______________ негізінде әрекет ететін__________ шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің (бұдан әрі "Клиент" деп аталатын) атынан _____________ екінші тараптан төмендегілер туралы осы актіні жасасты:

      кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету бойынша мынадай көрсетілетін қызметтерді консультант-менеджер көрсетті, ал Клиент алды:

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызмет түрі)

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін кіші қызмет түрі)

Көрсетілетін қызметтер тегін ұсынылды. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

Орындаушы:

Тапсырыс беруші:

______________________________________(консультант-менеджердің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегіЖеке сәйкестендіру нөмірі: _____________________________ Мекенжайы:___________________________ Тел.: _______________________________ ___________ _______________________(қолы) (Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

___________________________________(ұйымның атауы)Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес- сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________ Заңды мекенжайы: _____________________ Тел.: _______________________________ ___________ _______________________ (қолы) (Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау
  шараларын ұсыну қағидаларына
  5-қосымша
  Нысан

"Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізілімі

      Толтырылған күні: 20 жылғы "___"________

Облыс/қала Елді мекен Көрсету орны Кәсіпорынның атауы Клиенттің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі Жынысы (ер / әйел) Туған күні (күні, айы, жылы) Мүгедектігі Жасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      кестенің жалғасы

Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша сала Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша кіші сала Мамандандырылған көрсетілетін қызметтің атауы Мамандандырылған көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы Қызмет көрсеткен компанияның атауы және/немесе консультанттың А.Ә.Т. Жүгіну/ /көрсетілетін қызметтің басталу күні Көрсетілетін қызметтің аяқталу/аяқталатын күні Клиенттің жұм./ үй телефоны Клиенттің ұялы телефоны
12 13 14 15 16 17 18 19 20 21










  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  бойынша кәсіпкерлікті
  қаржылай емес қолдау
  шараларын ұсыну қағидаларына
  6-қосымша

Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдауды ұсынуға мониторинг жүргізу әдістемесі

      1. Қаржылай емес қолдау операторы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 52-тармағында көрсетілген сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын іске асырады.

      2. Сервистік қолдауды ұсыну кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) және/немесе КҚКО бөлімшесі арқылы офлайн режимде, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.

      3. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қаржы агенттігі) дереккөзі осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдаудың іске асырылу барысы туралы ақпарат болып табылатын сервистік қолдауды ұсыну мониторингін жүзеге асырады. Ақпарат, шарттар мен көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмелері осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген параметрлер бойынша тексеріледі.

      4. Сервистік қолдау мониторингі мыналарды көздейді:

      1) статистикалық көрсеткіштерді талдау, онда мынадай көрсеткіштерді тексеру мен өңдеу қамтылған:

      өңірлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;

      өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;

      өңірлер бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде клиенттер кәсіпорындар саны;

      өңірлер бойынша гендерлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік көрсетілетін қызметтер алу үшін жүгінген жағдайда, осы клиенттің гендерлік тиесілігі бір рет есепке алынады);

      жас санаты бойынша клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік көрсетілетін қызметтерді алуға жүгінген жағдайда, осы клиенттің жас санаты бір рет есепке алынады);

      өңірлер бөлінісінде кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;

      өңірлік бөліністе көрсетілген қызметтердің тізбесі бойынша сандық көрсеткіштер;

      қаржылай емес қолдау операторы офлайн және онлайн режимдерде көрсеткен қызметтер саны;

      онлайн режимде көрсетілген қызметтер саны;

      2) қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының желісі және/немесе қаржы агенттігінің Call-орталығы арқылы клиенттерге телефон арқылы сауал салу жолымен, клиенттердің қанағаттануын бағалау және мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарының қажеттілігін талдау арқылы жүргізілетін сервистік қолдаудың іске асырылу сапасына мынадай өлшемшарттар бойынша аудит жүргізу:

      алынған көрсетілетін қызметтер және (немесе) консультациялар сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер;

      алынған сервистік көрсетілетін қызмет және (немесе) консультацияларға қанағаттану бойынша көрсеткіштер;

      клиенттердің мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарын алудағы мүдделілігі.

      Осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдауды іске асыру мониторингі шеңберінде жүргізілетін телефон арқылы жүргізілетін пікіртерімге арналған сұрақтар тізбесіне сәйкес есепті кезеңде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттердің жалпы санынан кемінде 5 % көлемінде телефон арқылы сауал салу.

      5. Мониторинг жүргізудің дереккөздері:

      қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) Өңірлік кәсіпкерлік палаталары (бұдан әрі – ӨКП) қаржы агенттігіне ұсынатын, электрондық excel форматында офлайн және онлайн режимдерде көрсетілген қызметтер бойынша осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдаудың іске асырылу барысы туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат);

      көрсетілген қызметтерді растайтын және қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП Қаржы агенттігіне ұсынатын жасалған шарттар мен көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмелері (офлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша) көрсетілген қызметтер (онлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша) актілерінің көшірмелері.

      6. Қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ақпаратты осы Әдістеменің 7-тармағына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 (үшінші) күніне дейінгі мерзімде, ал қорытынды ақпаратты есепті жылдың 3 (үшінші) желтоқсанынан кешіктірмей қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарына ілеспе хатпен ұсынады. Бұл ретте қаржылай емес қолдау операторының және (немесе) ӨКП қолы қойылған қағаз жеткізгіштегі ілеспе хатта барлық ұсынылған құжаттар санамаланып, парақтар саны көрсетілуге тиіс.

      7. Қаржы агенттігі деректердің дұрыс енгізілмегенін және (немесе) ақпараттың сапасыз толтырылғанын анықтаған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржылай емес қолдау операторына хабарлама-хат жібереді.

      Қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ұсынған ақпаратта осы Әдістеменің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген статистикалық көрсеткіштерді талдауға арналған деректердің бірінің болмауы сапасыз толтыру болып есептеледі.

      8. Қаржылай емес қолдау операторы ескертулердің күрделілігіне қарай хабарлама-хат түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде ескертулерді жойып, қаржы агенттігіне жібереді.

      9. Қаржы агенттігі қаржылай емес қолдау операторының осы Әдістеменің 7-тармағында көрсетілген мерзімді бұза отырып ұсынған деректерін енгізбестен, есепті кезеңдегі сервистік қолдаудың іске асырылуы мониторингі бойынша есепті (бұдан әрі – есеп) қалыптастырады. Есеп нысаны осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.

      10. Қаржы агенттігі қызметтер бойынша деректерді енгізу үшін сервистік қызметтер көрсететін ӨКП жұмыскерлеріне CRM-жүйеге рұқсат береді.

      11. Қаржылай емес қолдау операторы сервистік қолдау көрсету жұмыскерлерінің сервистік қызметтерді көрсету бойынша деректерді қаржы агенттігінің CRM-жүйесіне ай сайын енгізуін қамтамасыз етеді.

      12. Қаржы агенттігі есепті қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынады. CD дискілері, DVD форматындағы дискілер және (немесе) USB-флеш-жинақтағыш электрондық тасымалдағыш болады. Есеп уәкілетті органға ресми хатпен ұсынылады және уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі.

      13. Қаржы агенттігі есепте қаржылай емес қолдау операторының осы Әдістеменің 7-тармағында көзделген ақпаратты ұсыну мерзімдерін сақтамаған жағдайларын көрсетеді.

      14. Қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП электрондық түрде ұсынатын ақпаратты қаржы агенттігінің өңірлік филиалы мынадай параметрлер бойынша тексереді:

      1) қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ұсынған ақпараттың осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкестігі;

      2) ақпаратта толтырылған деректердің толықтығы, оның ішінде: облыс/қала, елді мекен,қызмет көрсету орны, атауы, клиенттің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, дара кәсіпкердің (бұдан әрі – ДК) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жынысы, туған күні, жасы, мүгедектігі, ұйымдық-құқықтық нысаны, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша сала (бұдан әрі – ЭҚЖЖ). ЭҚЖЖ бойынша кіші сала, мамандандырылған көрсетілетін қызметтің атауы, мамандандырылған көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы, жүгіну/көрсетілетін қызметтің басталу күні, көрсетілетін қызметтің аяқталу/аяқталатын күні, жұмыс және (немесе) үй және (немесе) ұялы телефоны, электрондық пошта (мүмкіндігінше).

      Облыс/қала – сервистік қолдау көрсетілген облыстың немесе қаланың атауы көрсетіледі. Мысалы: Ақмола облысы немесе Нұр-Сұлтан қаласы.

      Елді мекен – КҚКО базасында сервистік қолдау көрсетілген жағдайда, қызмет көрсетілген қала көрсетіледі. Мысалы: Павлодар қаласы.

      Қызмет көрсету орны, офлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша КҚКО, базасында қызмет көрсетілген КҚКО бөлімшелері көрсетіледі, онлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын басқару орталығы (бұдан әрі – ӨҚАБО ) көрсетіледі.

      Клиент кәсіпорнының атауы – Клиент жүгінген компанияның толық атауы. Мысалы: ДК Бақытбек Омарғалиұлы Есенғазин немесе London-EC жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС).

      Клиенттің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі – сервистік қолдау алуға жүгінген компания өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі толық көрсетіледі. Мысалы: Ботагөз Алмасқызы Тұрсынбекова немесе Айса Әденов.

      ДК ЖСН/заңды тұлғаның БСН – дара кәсіпкердің 12 таңбалы жеке сәйкестендіру нөмірі немесе компанияның бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Мысалы: 830514301719 немесе 100164017356.

      Жынысы – сервистік қолдау алуға жүгінген клиенттің жынысы көрсетіледі. Мысалы: ер немесе әйел.

      Туған күні – клиенттің туған күні күн.ай.жыл. нысанында көрсетіледі. Мысалы: 25.09.1954.

      Жасы – бұл тармақ клиенттің туған күніне сәйкес есептеледі. Мысалы: егер клиенттің туған күні 01.01.1985 болса, өтініш берген кездегі жасы (01.01.2020 ж. жағдай бойынша) – 35.

      Мүгедектігі – сервистік қолдауға жүгінген Клиенттің мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектік тобы көрсетіледі; мүгедектігі болмаған жағдайда, оның жоқ екені көрсетіледі. Мысалы: 1-топ немесе жоқ.

      Ұйымдық-құқықтық нысаны – клиенттің кәсіпкер ретінде тіркелу нысаны. Мысалы: ДК (дара кәсіпкер) немесе ШҚ (шаруа қожалығы).

      Кәсіпкерлік субъектісінің санаты – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсетілуіне байланысты Клиент осы санаттардың қайсысына жататынын көрсетуге тиіс. Мысалы: шағын немесе орта.

      ЭҚЖЖ бойынша сала – кәсіпорындар қызметінің түрі ЭҚЖЖ-ге қатаң сәйкестікте көрсетіледі. Мысалы: көлік және қоймалау немесе Өңдеу өнеркәсібі.

      ЭҚЖЖ бойынша кіші сала – кәсіпорын қызметінің кіші түрі экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне қатаң сәйкестікте көрсетіледі. Мысалы: құрлықтағы көлік және құбыр арқылы тасымалдау немесе қабырға блоктары өндірісі.

      Мамандандырылған көрсетілетін қызметтің атауы – Қағидаларда көрсетілген сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі.

      Мамандандырылған көрсетілетін қызметтің кіші түрі – Қағидаларда көрсетілген сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес кіші қызметтің атауы көрсетіледі.

      Жүгіну/көрсетілетін қызметтің басталу күні – клиенттің сервистік қолдау алу үшін жүгінген күні немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету кезінде (мысалы, бизнес-жоспар әзірлеу) сервистік қолдау көрсетудің басталған күні көрсетіледі.

      Көрсетілететін қызметтің аяқталу/аяқталатын күні – көрсетілетін қызметтің аяқталу күні немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету кезінде (мысалы, бизнес-жоспар әзірлеу) сервистік қолдау көрсетудің аяқталатын күні көрсетіледі. Бұл ретте қызмет қызметтің аяқталу/аяқталатын күнінен бастап көрсетілген болып есептеледі.

      Жұмыс және (немесе) үй және (немесе) ұялы телефоны – клиенттің бір және (немесе) бірнеше телефон нөмірі көрсетіледі.

      Электрондық пошта болған жағдайда клиенттің электрондық поштасы көрсетіледі.

      3) қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ұсынатын көрсетілген қызметтердің шарттары мен актілерін (офлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша) қаржы агенттігі электрондық түрде мынадай параметрлер бойынша тексереді:

      а) жасалған шарттар мен көрсетілген қызметтер актілері көшірмелерінің дұрыс ресімделуі;

      б) шарттарда және көрсетілген қызметтер актілерінде көрсетілген деректердің ақпаратта көрсетілген деректермен сәйкестігі, атап айтқанда, қызметтердің көрсетілу күні, көрсетілген қызметтер тізбесі;

      в) ақпаратта көрсетілген клиенттер санының шарттардың/актілердің санына сәйкестігі, сондай-ақ Ақпараттағы көрсетілетін қызметтер санының көрсетілген қызметтер актілерінде көрсетілген қызметтер санына сәйкестігі;

      г) сервистік қолдау жұмыскері қолының, сондай-ақ офлайн режимінде көрсетілген қызметтер бойынша Клиенттің қолы мен мөрінің (болған жағдайда) болуы;

      д) электронды түрде ұсынылған шарттардың және көрсетілген қызметтер актілері көшірмелерінің сапасы;

      4) қаржылай емес қолдау және (немесе) ӨКП операторы электрондық түрде ұсынатын көрсетілген қызметтердің актілерін (онлайн-режимде көрсетілген қызметтер бойынша) қаржы агенттігі мынадай параметрлер бойынша тексереді:

      а) көрсетілген қызметтер актілері көшірмелерінің дұрыс ресімделуі;

      б) көрсетілген қызметтер актілерінде көрсетілген деректердің ақпаратта көрсетілген деректермен сәйкестігі, атап айтқанда қызметтердің көрсетілу күні, көрсетілген қызметтердің тізбесі;

      в) ақпаратта көрсетілген клиенттер санының актілер санына сәйкес келуі, сондай-ақ ақпараттағы қызметтер санының көрсетілген қызметтер актілерінде көрсетілген қызметтер санына сәйкес келуі;

      г) сервистік қолдау көрсеткен қаржылай емес қолдау операторы жұмыскерінің қолын растайтын "қол қойылды" деген жазудың болуы, сондай-ақ клиенттің қолын растайтын клиенттен "қол қойылды" деген жазудың болуы;

      д) ұсынылған электрондық түрде көрсетілген қызметтер актілері көшірмелерінің сапасы.

  Кәсіпкерлік қызметті
  жүргізуге сервистік
  қолдауды жүзеге асыру
  мониторингін жүргізу
  әдістемесіне
  1-қосымша
  Нысан

Сервистік қолдауды іске асырудың барысы туралы ақпарат

Облыс /республикалық маңызы бар қала және астана Қызмет көрсетілген елді мекен (аумақтық бөлініс) Қызмет көрсету орны Клиент кәсіпорнының атауы Клиенттің аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тегі ДК ЖСН/ ШОБ субъектілерінің БСН Клиенттің жынысы Клиенттің туған күні Клиенттің жасы Клиенттің мүгедектігі Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны Кәсіпкерлік субъектісінің санаты

      кестенің жалғасы

Клиент кәсіпорнынының ЭҚЖЖ бойынша саласы Клиент кәсіпорнының ЭҚЖЖ бойынша кіші саласы Мамандандырылған көрсетілетін қызметтің атауы Мамандандырылған көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы Қызмет көрсеткен қаржылай емес қолдау операторы менеджерінің аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тегі Жүгіну/ көрсетілетін қызметтің басталу күні Көрсетілетін қызметті аяқталу/ аяқталатын күні Клиенттің жұмыс телефоны Клиенттің ұялы телефоны Клиенттің электронды мекенжайы

      Ескертпелер:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ДК – дара кәсіпкер;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ШОБ – шағын және орта бизнес;

      ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

  Кәсіпкерлік қызметті
  жүргізуге сервистік
  қолдауды жүзеге асыру
  мониторингін жүргізу
  әдістемесіне
  2-қосымша
  Нысан

Сервистік қолдаудың іске асырылуын мониторингтеу шеңберінде телефонмен жүргізілетін сауал сауалнамаға арналған сұрақтар тізбесі

      1. Сізге _______ (Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы/ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бөлімшесінің атауы) ____ күні консультация берілді ме немесе қызмет көрсетілді ме?

      2. Сіз алынған консультация және (немесе) көрсетілген қызмет сапасын 5 балдық шәкіл бойынша қалай бағалайсыз? (мұнда 1– өте жаман, 5 – өте жақсы)

      3. Алынған консультация және/немесе көрсетілген қызмет сіздің бизнесіңізге көмектесті ме?

      ☐ Жоқ, көмектескен жоқ;

      ☐ Иә, ішінара көмектесті;

      ☐ Иә, көмектесті.

      4. Сіз мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарын алуға мүдделісіз бе?

      ☐ Иә

      ☐ Жоқ

      _________________

  Кәсіпкерлік қызметті
  жүргізуге сервистік
  қолдауды жүзеге асыру
  мониторингін жүргізу
  әдістемесіне
  3-қосымша
  Нысан

Сервистік қолдаудың іске асырылуын мониторингтеу туралы есеп

      1. Кіріспе: "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралының іске асырылуы туралы жалпы ақпарат.

      2. Мынадай көрсеткіштерді тексеру мен өңдеуді қамтитын статистикалық көрсеткіштердің талдауы:

      өңірлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;

      өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;

      өңірлер бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде клиенттер кәсіпорындарының саны;

      өңірлер бойынша гендерлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік қызмет алу үшін жүгінген кезде, осы клиенттің гендерлік тиесілігі бір рет есепке алынады);

      жас санаты бойынша клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік қызмет алу үшін жүгінген кезде, осы клиенттің жас санаты бір рет есепке алынады);

      өңірлік бөліністе кәсіпкерлік субъектісі санаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;

      өңірлік бөліністе көрсетілген қызметтер тізбесі бойынша сандық көрсеткіштер;

      қаржылай емес қолдау операторы офлайн режимде көрсеткен қызметтер саны;

      онлайн режимде көрсетілген қызметтер саны.

      3. Қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының желісі және/немесе қаржы агенттігінің Call-орталығы арқылы клиенттерге телефон арқылы сауал салу жолымен, клиенттердің қанағаттануын бағалау және мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарының қажеттілігін талдау арқылы жүргізілетін сервистік қолдаудың іске асырылу сапасына мынадай өлшемшарттар бойынша аудит жүргізу:

      алынған көрсетілетін қызметтер және (немесе) консультациялар сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер;

      алынған сервистік көрсетілетін қызмет және (немесе) консультацияларға қанағаттану бойынша көрсеткіштер;

      клиенттердің мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарын алудағы мүдделілігі.

      4. Қорытынды: түйінді қорытындылар мен ұсыныстар.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша
  кәсіпкерлікті қаржылай емес
  қолдау шараларын ұсыну
  қағидаларына
  7-қосымша
  Нысан

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру аясында кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралы шеңберінде консультациялық қызметтерді жеткізуші компаниялардың конкурстық іріктеуге қатысуына арналған өтінім

      1. Консультациялық қызметтерді жеткізуші компанияның толық атауы

      2. Заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала (аудан), елді мекен, көшесі, телефон, е-mail)

      3. Басшы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), электрондық мекенжайы, ұялы (жұмыс телефоны)

      4. Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні

      5. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

      6. Құрылтайшылар туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      егер консультациялық қызметтерді жеткізуші компанияның құрылтайшылары жеке тұлғалар не заңды тұлғалар болып табылса, заңды тұлға болып табылатын өтініш берушінің консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компания атауы, БСН)

      Өтінімге келесі құжаттар тізбесін қоса беремін:

      1) өтініш берушімен еңбек қатынастарында тұрған, кемінде 5 (бес) жоғары білімі бар білікті кадрлардың болуын растайтын құжаттар (қызметкерлердің түйіндемелерінің көшірмелері, дипломдардың көшірмелері, еңбек шарттарының көшірмелері және (немесе) өтініш берушінің жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы);

      2) жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар, консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компания қызметінің сипаттамасы, оның мамандану сипаттамасы;

      4) мемлекеттік тізілімде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

      5) кем дегенде алдыңғы екі жыл ішіндегі жылдық қаржылық есептілік (пайда мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, баланс);

      6) пікірлер мен ұсынымдарды қоса алғанда, консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компанияның мамандануы шеңберінде соңғы 2 жылда іске асырылған жобалар сипаттамасы;

      7) атаулы оқыту операторы әзірлеген техникалық ерекшелікке сәйкес әзірленген оқыту бағдарламалары;

      8) бірнеше өңірлер мен елді мекендерде бір мезгілде оқытуды жүргізуге және консультациялық қызметтер көрсетуге өтінім берілген жағдайда, бірнеше елді мекендер мен өңірлерде оқытуды жүргізу және консультациялық қызметтер көрсету мүмкіндігін растайтын ақпарат;

      9) коммерциялық ұсыныс.

      _______________________________________________________________

      Осымен осы өтінім бойынша құжаттарды, материалдар мен ақпаратты, оның ішінде құпия мәліметті қамтитын ақпаратты пайдалануға өз келісімімді беремін.

      Осымен ұсынылған материалдар мен ақпараттың, оның ішінде бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің дұрыстығын растаймын және дұрыс емес деректерді беру фактілері анықталған жағдайда, өтінім комиссияның қарауына жіберілмейтіндігім туралы маған ескертілді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 ___ жылғы "__" _________ № _______________ қаулысымен бектіліген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) таныстым.

      Осымен өзімінің "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті дамытуды қолдау мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру аясында кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралы шеңберінде консультациялық қызметтерді жеткізуші компанияларға конкурстық іріктеу жүргізу шарттарымен келісетінімді растаймын.

      Қағидалардың талаптарына сәйкес талап етілетін құжаттар ____________ парақта қоса беріледі.

      Осы өтінімнің мәселелері бойынша хабарламаларды алу үшін электрондық пошта мекенжайы: __________________.

      Ескертпе: Өтінішке басшы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қояды. Басшысы ауысқан кезде және байланыс деректері (пошта мекенжайы, электрондық мекенжайы және телефоны) өзгерген кезде атаулы оқыту операторын хабардар ету қажет.

      _______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ______________________________________________________________

      Өтініш берушінің атынан құжаттарға қол қоюға өкілеттігі бар адамның лауазымы

      _______________________________________________ (қолы)

      Құжаттарды алғаны туралы белгі (атаулы оқыту операторы толтырады)

      Алған күні: 20 __ жылғы "_____" ___________ Өтінімнің тіркеу нөмірі №_____ Тіркеуші ____________________(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  бойынша кәсіпкерлікті
  қаржылай емес қолдау
  шараларын ұсыну
  қағидаларына
  8-қосымша
  Нысан

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралын көрсетуге арналған сауалнама-өтінім

      Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралына қатысатыным туралы мәлімдеймін.

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі_________________________________________________________

      кім берді____________________________________________________

      берілген күні_________________________________________________

      мекенжайы___________________________________________________

      телефон нөмірі (факс) __________________________________________

      ұялы телефон нөмірі_______________________________________

      қосымша ұялы телефон нөмірлері ____________

      жынысы (ер/әйел)________________

      туған күні________________

      лауазымы___________________

      E-mail ______________________

      2. Ұйым туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы__________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________

      басшының тегі аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________

      басшының жеке сәйкестендіру нөмірі _____________

      мекенжайы__________________________________________________

      телефон нөмірі (факс)__________________________________________

      веб-сайт _____________________________________________________

      жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:

      атауы__________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)__________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі________________________________________________________

      кім берді____________________________________________________

      берілген күні_________________________________________________

      мекенжайы___________________________________________________

      телефон нөмірі (факс)__________________________________________

      Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері______________________________________________

      хабарлама күні________________________________________________

      Экономика секторы (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды бойынша саланың коды және атауы) _______________________________________

      Кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын/микро) ______________________

      Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелген күні ___________________

      Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің негізгі номенклатурасы ___________

      Өткен жылғы орташа жылдық табыс (мың теңге) _______________

      Өткен жыл үшін жұмыскерлердің орташа жылдық саны (адам)____

      Заңды тұлға қызметінің қысқаша сипаттамасы ___________________________

      Мыналарға міндеттенемін:

      1) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, дереу хабардар етуге;

      2) оқыту бағдарламасына немесе құралды іске асыруға байланысты өзге де іс-әрекеттерге мониторинг жүргізу үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды беруге

      Мыналармен келісемін:

      1) атаулы оқу операторы ұсынылған мәліметтерді тексеруді жүргізуі мүмкін;

      2) көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім қараудың кез келген кезеңінде қабылданбауы мүмкін.

      Құралды ұсынудың шарттарымен және қағидаларымен таныстым.

      Көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) мақсатында жүргізілетін телефон арқылы және/немесе SMS-сауал салуды жүргізуге келісім беремін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, теріс мәліметтер ұсынылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінімді электрондық нысанда берген кезде:

      20 __жылғы "__ " сағат 00:00-де өтініш беруші қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбаның деректері

      Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      20 __жылғы "__ " сағат 00:00-де менеджер-консультант қабылдады:

      Электрондық цифрлық қолтаңбаның деректері

      Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні мен уақыты

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну
  қағидаларына
  9-қосымша

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті дамытуды қолдау мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру аясында кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралы шеңберінде мониторингтік есеп

Компания атауы Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болғн жағдайда) Қызметі Қызметінің қысқаша сипаттамасы Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша сала/кіші сала атауы Компанияның орташа жылдық табысы, мың тг Жұмыс орындар саны, адам Өткен жылға төленген салық көлемі, мың теңге Жобаға қатысу нәтижесі Ескертпе Өңір
Жобаға қатысу дейін Кейін Жобаға қатысқанға дейін Кейін




























      Ескертпе: басқа да оң нәтижелер болған жағдайда, ақпаратты "Ескертпе" бағанында көрсету қажет.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну қағидаларына
  10-қосымша
  Нысан

"Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (Аға сеньорлар)" құралын беруге ӨТІНІМ

      Барлық жолдарды толтыру міндетті

1. Сыртқы консультанттарды тарту:
□ Отандық □ Шетелдік
1.1. Егер "Шетелдік" болса:
□ Халықаралық шетелдік ұйымдардың жәрдемдесуімен сыртқы шетелдік консультантты тарту
□ Өтініш берушінің ұсынымы бойынша сыртқы шетелдік консультантты тарту

2. Компанияның атауы:
2.1. Кәсіпкерлік субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

3.1. Құрылған күні:

3.2. Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны:

күні

айы

жылы

□ дара кәсіпкер

□ жауапкершілігі шектеулі серіктестік

□ акционерлік қоғам

□ басқа

4.1. Кәсіпкерлік субъектісінің заңды мекенжайы:

4.2. Облыс:

4.3. Қала (елді мекен, ауданын көрсете отырып):

4.4. Кәсіпкерлік субъектісінің нақты мекенжайы (заңды мекенжайынан айырма болған жағдайда):

4.5. Пошта индексі:

5. Басшының аты, әкесінің аты (болса), тегі:
5.1. Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі:

6. Компаниядан жауапты адам:
6.1. Жауапты адамның аты, әкесінің аты (болса), тегі:

6.2. Басшының жынысы:
□ ер □ әйел

6.3. Басшының туған күні:

6.4. Лауазымы:

6.5. Ұялы телефоны:

6.6. Телефоны (факс):

6.7. Электрондық поштасы:

7.1. Компания қызметінің негізгі саласы (экономика саласы):
________________________________________________

7.2. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасының әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша коды:

7.3. Шығарылатын өнімнің (ұсынылатын
қызметтердің) атауы:_______________________________________________


8. Штаттық жұмыскерлер саны:

9. Алдыңғы жылғы орташа жылдық кіріс (мың теңге):

10.1. Сараптамалық көмек талап етілетін сала:

□ менеджментті ұйымдастыру
□ өндірістік процесті ұйымдастыру
□ жұмыс техникасын пайдалану
□ персоналдың біліктілігін арттыру

□ қаржы саласындағы көрсетілетін қызметтер
□ өнім сапасын бақылау
□ өнімді өткізу және маркетинг
□ басқа: ______________________________

10.2. Сұрау салынған сараптамалық көмектің толық сипаттамасы:
____________________________________________________________________

11. Сараптамалық миссияның мақсаты:

12. Күтілетін нәтижелер:

13. Сарапшының құпталатын кәсіби біліктілігі (білімі, қызмет аясы, жұмыс тәжірибесі, ерекше дағдылары):

14. Сараптамалық миссияға қатысты ақпарат:

15.1. Миссияны бастаудың құпталатын күні (айы, жылы):

15.4. Миссияны жүзеге асыру орны:

15.5. Сарапшы қамтамасыз етілетін тұрғын үй түрі:
___________________________________________

15.2. Күтілетін ұзақтығы:

15.6. Сарапшыға берілетін көлік түрі:

15.3. Аудармашы ұсыну дайындығы:

16. Сіздің компанияңызда шет тілдерін білетін жауапты жұмыскер бар ма?
Иә жоқ (сызу керек)
Егер сіз "Иә" деп жауап берсеңіз, онда тиісті тілді(дерді) және меңгеру деңгейін нақтылаңыз:

17. Қоса берілген компанияның бизнес (стратегиялық) даму/жаңғырту жоспары болған жағдайда, белгілеңіз
□ Иә □ Жоқ
Егер сіз "Иә" деп жауап берсеңіз, тиісті құжатты қоса беріңіз

18. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларын ұсыну қағидаларымен танысқан және келіскен жағдайда, белгілеңіз □

19. Осымен:
Мәліметтер мен қоса берілетін құжаттардың дұрыстығын растаймын □

      Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (болса), тегі ______________________________

      Өтініш берушінің лауазымы ________________________________________________

      Өтініш берушінің қолы __________________

      Өтінішті алған күн: 20___ жылғы "____"_______

      Жұмыскердің (Өтінішті қабылдаған адамның) аты, әкесінің аты (болса), тегі _____

      Жұмыскердің (Өтінішті қабылдаған адамның) лауазымы ______________________

      Жұмыскердің (Өтінішті қабылдаған адамның) қолы __________________________

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);

      2) кәсіпкерлік субъектісін тіркеу туралы анықтама (кәсіпорынды қайта тіркеу және тарату үшін) және нотариалды куәландырылған сенімхат (қажет болса) (түпнұсқасы және көшірмесі);

      3) мемлекеттік кірістер департаментінен салық төлеушінің соңғы 12 (он екі) айдағы кірістерін растау туралы анықтама;

      4) жұмыс орнынан мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын анықтаманың көшірмесі;

      5) бизнесті кеңейту және жаңғырту жөніндегі көрсеткіштерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, іске асыруға байланысты мониторинг немесе өзге де іс-қимылдар жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді беру туралы жазбаша міндеттеме, одан әрі Бағдарламаның басқа бағыттарына қатысу жөніндегі мәліметтер, оқудан өткеннен кейін құрылған жаңа жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер, салық аударымдарының серпіні туралы мәліметтер, мониторингілеу барысында сұратылуы мүмкін өзге де мәліметтер;

      6) компанияның электрондық-цифрлық қолтаңбасын пайдалану үшін жауапты орындаушы Өтінімге қол қойған жағдайда, Өтініш берушіге сенімхат;

      7) компанияны дамыту/жаңғырту бизнес (стратегиялық) жоспары (болса).

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну
  қағидаларына
  11-қосымша
  Нысан

"Аға сеньорлар" құралын іске асырылуын мониторинтеу бойынша есеп

Компанияның атауы Қатысушының аты, әкесінің аты (болса),тегі Лауазымы Қызметтің қысқаша сипаттамасы Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша саланың/кіші саланың атауы Компанияның орташа жылдық кірісі, мың тг Жұмыс орындарының саны, адам
Жобаға қатысқанға дейін Кейін Жобаға қатысқанға дейін Кейін




















      кестенің жалғасы

Өткен жылға төленген салық көлемі, мың теңге Сараптамалық миссияның мақсаты Шетелдік әріптес ұйымның атауы Ынтымақтастық орнату бойынша ақпарат Жобаға қатысу нәтижесі Ескертпе Өңір














(қатысушы кәсіпорындардың даму жоспарларын іске асыру)

      Ескертпе: басқа оң нәтижелер болған жағдайда, "Ескертпе" бағанында ақпаратты көрсету қажет.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну
  қағидаларына
  12-қосымша
  Нысан

"Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер бағдарламасы" құралын ұсынуға ӨТІНІМ

Кәсіпорын туралы ақпарат

Кәсіпорынның толық атауы:


Тіркеу нөмірі:


Мекен жайы: Факс:


Телефон: Веб-сайт:


Электрондық пошта:


Басшының ресми лауазымы:


Басшының аты, әкесінің аты (болса) тегі:


Басшының жасы:


Басшының жынысы:


Жылдық айналым (еуро):


Құрылған жылы:


Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер бар болса):


Қызметкерлер:
Қызметкерлердің жалпы саны:


Әйел жынысты қызметкерлер саны:


Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша саланың атауы:


Кәсіпорынның сипаттамасы (тарихы, өнім, көрсетілетін қызметтер, клиенттер, өндіріс көлемі және негізгі даму кезеңдері)


Кәсіпорынның даму тарихы (соңғы 5-10 жылда):


Дамудың маңызды кезеңдері (жекешелендіру, құрылымдық өзгерістер, салалық стандарттарды енгізу, тағы басқалар):


Меншік иелерінің құрылымы (қатысу үлестерін немесе акцияларды бөлу, %):


Жергілікті %


Шетелдік %


Жеке %


Әйелдер %


Қызмет түрлері және олардың кірістердегі үлесі:


Кредит беру (кәсіпорын алған/алуды жоспарлайтын кредиттер туралы ақпарат беруді өтінеміз):


Кредиттік ұйымның атауы


Жобаның жалпы сомасы


Алынған кредиттің жалпы сомасы


Кредиттік шартқа қол қойылған күн (күні, айы, жылы)


Жылдық пайыздық мөлшерлеме


Кредит алу мақсаты (инвестициялар, айналым капиталы, аралас)


Кредит қанша айға алынды


Сіз осы кредиттік ұйымнан бірінші рет кредит алып отырсыз ба? (Иә, Жоқ)


Жобаның сипаттамасы:


Жобаның көмегімен шешілуі болжанып отырған, кәсіпорынның негізгі проблемаларын сипаттау:


Қажетті консультациялық көрсетілетін қызметтер:


Жоба нәтижесінде кәсіпорын қызметіндегі күтілетін өзгерістер


Тартылатын консультант (компанияның атауы, байланыс деректері, жауапты тұлғаның аты):


Жоба басталуының күтілетін күні:


Сіздің кәсіпорынның жобаны іске асыруға жауапты жұмыскері:


Аты, әкесінің аты (болса), тегі


Лауазымы:


Мекенжайы:


Телефоны:


Эл. поштасы:


Сіздің кәсіпорынныңсыртқы консультанттарды тарту бойынша тәжірибесі бар ма? Егер "иә" болса, қысқаша ақпарат беруді өтінеміз:


Өтінім құжаттамасы топтамасына кіретін құжаттар тізбесі:


Өтінімнің толтырылған түпнұсқасы


Тіркеу сертификатының көшірмесі


Акциялардың бақылау пакетіне меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан немесе құрылтай шарттарынан үзінді)


Компанияның мөрімен расталған алдыңғы 2 (екі) жылға жылдық қаржылық есептіліктің көшірмелері (пайда мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы, бухгалтерлік баланс)


  Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну
  қағидаларына
  13-қосымша
  Нысан

"Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыруға арналған тағылымдамаға қатысуға ӨТІНІМ

      1. Өтініш беруші туралы ақпарат

Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (болса), тегі:


Туған күні:


Жынысы:

ер / әйел

Компанияның атауы:


Лауазымы:


Компанияның ағымдағы қызметі:


Компанияның жоспарланатын қызметі:


Құрылған күні:


Компанияның мекенжайы:
Компанияның заңды мекенжайы:
Компанияның нақты мекенжайы (заңды мекенжайынан айырмашылығы болған жағдайда):

Облыс:

Қала (елді мекен, ауданды көрсете отырып):

Пошта индексі:

Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны:

дара кәсіпкер ___
жауапкершілігі шектеулі серіктестік _ _ _ _ акционерлік қоғам ____
басқа______

Компанияның ресми сайты (бар болса):


Байланыстар:

Ұялы телефон:

Электрондық пошта:
Телефон (факс):

      2. Тағылымдамаға қатысу мақсаты

Сіздің кәсіпорынның Германиямен, сондай-ақ басқа да елдермен жоспарланатын ынтымақтастығының нысаны

Импорт ______________________ Экспорт _________________ Дистрибуция______
Бірлескен кәсіпорын құру_______ Франчайзинг______ Лицензиялау_____ Көрме_________ Басқа:________________________________________

Тағылымдамаға неге қатысқыңыз келеді (Сіздің кәсіпорынның Германиямен, оның ішінде басқа елдермен экономикалық ынтымақтастығына қатысты жоспарларын сипаттаңыз)


Сіздің бизнес жоспарыңыздың қысқаша сипаттамасы:


      Өтінімге мынадай құжаттарды қоса беру қажет:

      1. Сауалнама;

      2. Кооперациялық жоба;

      3. Дербес деректерді қорғау туралы өтініш;

      4. "Іскерлік байланыстар" құралының іске асырылуы шеңберінде қатысушының міндеттемесі;

      5. Сіздің компания туралы ақпараты бар буклет немесе Power Point-тағы таныстырылым;

      6. Сіз сатып алғыңыз/сатқыңыз келетін өнімнің, жабдықтың және т. б. техникалық ерекшелігі;

      7. Сіздің ұсыныстарыңызға/өтінімдеріңізге неміс фирмаларының қызығушылығын куәландыратын хаттар;

      8. Салық төлеушінің соңғы 12 (он екі) айдағы кірісін растау туралы мемлекеттік кірістер департаментінен анықтама – "Іскерлік байланыстар" шетелдік тағылымдамасына қатысуға үміткерлер үшін.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну
  қағидаларына
  14-қосымша
  Нысан
  "Атамекен" Қазақстан Республикасының
  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
  басқарма төрағасының орынбасарына
  кімнен_____________________
  аты, әкесінің аты (болса), тегі,
  пошта мекенжайы, байланыс телефоны
  ___________________________
  ___________________________
  ___________________________

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберіндегі МІНДЕТТЕМЕ

      Осымен

      мен,__________________________________________________________________

      тағылымдамаға қатысушының аты, әкесінің аты (болса) және тегі, паспорт деректері

      ______________________________________________________________________,

      (лауазымы, кәсіпорынның атауы)

      Мыналарды:

      1. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шарттарына сәйкес келетінімді;

      2. 2020 жылға дейін "Іскерлік байланыстар" құралы/ "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы/ 2020 жылы "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша оқудан өткенім туралы сертификатым бар екенін растаймын

      және

      1) тағылымдамаға ұшу пунктіне дейін Қазақстан Республикасының аумағында көлік шығыстарын өзім төлеуге;

      2) тағылымдама шеңберіндегі сабақтарды/іс-шараларды өткізіп алған жағдайда, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын (бұдан әрі – "Атамекен" ҚР ҰКП) (телефон, телеграф арқылы, электрондық пошта арқылы немесе өзге де тәсілмен) болмау және/немесе қатыспау себептері туралы жазбаша түсініктеме мен өткізіп алуымның дәлелді себептері бар екенін растайтын құжаттарды ұсына отырып, хабардар етуге1;

      3) дәлелді себептер бойынша бас тарту жағдайларын қоспағанда, тағылымдамаға қатысудың мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты тағылымдаманы ұйымдастыруға жұмсалған соманы өтеуге1;

      4) қайтып келгеннен кейін "Атамекен" ҚР ҰКП-ға тағылымдамаға қатысқанымды растайтын құжаттарды (отырғызу талондарын, шекаралық бақылаудан өткені туралы белгісі бар төлқұжат беттерінің көшірмелерін, шақырушы тараптың (халықаралық және шетелдік ұйымның) мөрі бар іссапар куәліктерін) ұсынуға;

      5) тағылымдама нәтижелері бойынша алған білімдерін, тәжірибесін және технологияларды ескере отырып, Кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуге және оны Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде "Атамекен" ҚР ҰКП-ға жолдауға;

      6) "Атамекен" ҚР ҰКП бірінші талабы бойынша кәсіпорынды дамыту 2 немесе "Іскерлік байланыстар" құралын іске асырумен байланысты өзге де іс-қимылдар жоспарының іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыру үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;

      7) кәсіпорында болып жатқан өзгерістерді мониторингілеу, жеке жоспарында және кәсіпорын үшін тағылымдаманы бағалау мақсатында тағылымдамадан кейін өткізілетін семинарларға қатысуға 2;

      8) шетелдік тағылымдамадан кейін оны кешенді бағалау және жақсарту мүмкіндігі үшін кәсіпорынның дамуын, кәсіпорында болып жатқан өзгерістерді және жеке өзгерістерді қадағалау жөніндегі сауалнамаға қатысуға;

      9) тағылымдамадан өту кезінде өзіммен бірге туыстарымды, кәмелетке толмаған балаларды алмауға;

      10) "Атамекен" ҚР ҰКП ұсынатын логистиканы ұйымдастыру бойынша шарттарды қабылдауға;

      11) халықаралық шетелдік ұйым тарапынан тағылымдаманы ұйымдастыруға байланысты мәселелерге белсенді қатысуға міндеттенемін.

      Ескертпелер:

      1) тағылымдамаға одан әрі қатысудан бас тартудың дәлелді себептеріне мыналар жатады:

      a) емдеу мекемесінің тиісті құжаттарымен расталған, тағылымдамаға қатысуға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы;

      b) тағылымдамаға қатысуға кедергі келтіретін және құжатпен расталған отбасылық жағдайлар (мысалы, жақын туысының ауыруы немесе қайтыс болуы);

      c) алдын ала, тағылымдамаға жіберу күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын тағылымдамаға қатысуының мүмкін еместігі туралы "Атамекен" ҚР ҰКП жазбаша хабардар ету;

      d) уәкілетті орган құжатпен растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алу мүмкін емес мән-жайлар (дүлей апаттар, әскери іс-қимылдар және т. б.) әсерінің салдары;

      2) кәсіпорын деп шетелге шығу кезінде тағылымдамаға қатысушы жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектісі түсініледі.

      Міндеттеме талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен ГФР Экономика және энергетика министрлігі арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес көзделген.

      Тағылымдама елі өзгерген жағдайда міндеттеменің талаптары өзгертілетін болады.

      20__ ж. "____" _____________ Қолы: _______________

  Бизнестің жол картасы-2025"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну
  қағидаларына
  15-қосымша
  Нысан

"Іскерлік байланыстар" құралына қатысушылар қызметін кейіннен мониторингтеу нысаны

Р/с№ Компанияның атауы Қатысушының аты, әкесінің аты (болса), тегі Лауазымы Қызметтің қысқаша сипаттамасы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша саланың/кіші саланың атауы Активтердің орташа жылдық құны, мың тг. Компанияның орташа жылдық айналымы, мың тг. Жұмыс орындарының саны, адам
Құралға қатысқанға дейін Кейін Құралғақатысқанға дейін Кейін Құралға қатысқанға дейін Кейін












      кестенің жалғасы

Өткен жылға төленген салық көлемі, мың тг. Құралға қатысу мақсаты Тағылымдама елі Шетелдік әріптес компанияның атауы Белгіленген ынтымақтастықтың түрі Құралға қатысу нәтижесі Ескертпе Өңір








      Ескертпе: басқа да оң нәтижелер болған жағдайда, ақпаратты "Ескертпе" бағанында көрсету қажет.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 373 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 23, 186-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 459 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы-2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 940 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 435-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 523 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      6. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 943 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 13, 121-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 459 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 23-24, 225-құжат).

      9. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 628 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 34-35, 321-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 660 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 38-39, 339-құжат).