Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.04.2024 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 225 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 – 2020 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (бұдан әрі – АНК) қаржыландыруының жалпы көлемі – 1 трлн. теңгеге дейін.
2. ЕДБ-ға және АНК-ге қаражат беру шарттары:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі меншікті қаражаты мен өз басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемелері бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 1 трлн. теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.
ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.
Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды сатып алудың ең жоғары лимиті 70 млрд. теңгеден аспауға тиіс. ЕДБ өз лимиттерін ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.
АНК облигацияларын сатып алу лимит ескерілмей жүзеге асырылады.
ЕДБ-ның және АНК-нің тартылған қаражаты мен меншікті қаражаты:
1) 200 млрд. теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу;
2) 500 млрд. теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру;
3) 300 млрд. теңгеге дейін өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға бағытталуға тиіс.
ЕДБ-мен қатар АНК агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеу жөніндегі басым жобаларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. АНК тікелей кредит берумен қатар, кейіннен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кредиттеу үшін кредиттік серіктестіктерді қорландыруға құқылы.
Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды кредиттеуге жұмсалатын қаражат 100 млрд.теңгеден аспайды.
Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге кемінде 200 млрд. теңге жұмсалады. Осы мақсатта әрбір ЕДБ мен АНК ШОБ жобаларын осы Басым жобаларға кредит беру тетігінде (бұдан әрі – Тетік) белгіленген шарттарда берілген кредиттердің жалпы көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
ЖКС жобаларына ЕДБ мен АНК өз қаражаты есебінен қарыз бере алады, сондай-ақ ЖКС қарыздары үшін қорландыруды қамтамасыз ету не қалпына келтіру үшін облигациялар шығара алады.
Аванстық қорландыру алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты игеру кезеңі ол ЕДБ мен АНК шотына түскен күннен бастап 12 айдан аспауға тиіс.
Берілген қаражаттың нысаналы мақсаты – қызметін өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын ЖКС-ке инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредит беру. Жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыруға жол беріледі.
Бұл ретте ЕДБ мен АНК айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының 50 %-ынан аспайтын мөлшерін жіберуге құқылы. Бұл шектеу ЕДБ мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды. Бұл ретте, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.";
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"ЖКС жағдайын нашарлататын мән-жайлар туындаған жағдайда, олар сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе кредит бойынша негізгі борышты өтеу бойынша кредит мерзімі ұзақтығының жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең алуға/ кейінге қалдыруға құқылы. Бұл ретте мұндай мән-жайлардың туындағаны Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен және/немесе уәкілетті органдардың құжаттарымен расталуға тиіс.";
алтыншы бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп проценті тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған ЖКС қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген ЖКС және коммерциялық емес ұйымдар қаржыландырылмайды.";
6-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге: жұмыс орындарын сақтау/ұлғайту және нақты көлем индексі деңгейін сақтау.";
7-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және осы Тетіктің іс-шараларын іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
ЖКС-нің ЕДБ мен АНК беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.";
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттерге кепілдік беріледі. Қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кепілдік көлемі:
қоса алғанда 3 млрд. теңгеге дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан;
3 млрд. теңгеден астам, қоса алғанда 5 млрд. теңгеге дейінгі кредит сомасының 30 %-ынан аспайды.";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ мониторингтеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларымен (бұдан әрі – Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары) регламенттеледі.";
басым жобаларға кредит беру тетігіне қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің жол картасында:
реттік нөмірлері 5 және 9-жолдардың 3-бағанындағы "ИДМ" деген аббревиатура "ИИДМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
"ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі".
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымша Басым жобаларға кредит беру тетігіне қосымша |
Басым жобаларға кредит беру үшін тауарлар тізбесі
Р/с№ | Тауарлар тобының атауы | Р/с № | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші | Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ | |||||
1 | Еттен және құс етінен жасалған өнімдер | 1. | Етті өңдеу және консервілеу | 1011 |
Ұша/шағын ұша түрінде жас немесе тоңазытылған ет өндірісі |
2. | Үй құсының етін өңдеу және консервілеу | 1012 |
Қасапханада үй құстарын сою, етті өңдеу немесе өлшеп орау | ||
3. | Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндірісі | 1013 |
Кептірілген, тұздалған немесе ысталған ет өндірісі, дайын орамалар | ||
2 | Балықтан, шаян тәрізділер мен моллюскілерден жасалған өнім | 4. | Балықты, шаян тәрізділер мен моллюскілерді өңдеу және консервілеу | 1020 |
Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілерді дайындау және сақтау: мұздату, терең мұздату, кептіру, өңдеу, сақтау, тұздау, консервілеу және т.б. |
5. | Теңізде акваөсіру | 0321 |
Аквариум балықтарын өсіруді, моллюскілер (устрица, мидия және т.б.) уылдырығының, ірі теңіз шаяндарының, асшаяндардың, балық шабақтарының өндірісін және оларды қолмен өңдеуді, қызыл балдырлар мен жеуге жарамды басқа да балдырларды, шаян тәрізділерді, қос қабыршақты моллюскілерді, теңіз суындағы басқа да моллюскілер мен басқа да су жануарларының түрлерін өсіруді, теңіз суындағы акваөсіруді, резервуарларда тұздалған судағы акваөсіруді қоса алғанда, теңіз суында балық өсіру | ||
6. | Тұщы судағы акваөсіру | 0322 |
Тұщы су балықтарының аквариумдық түрлерін өсіруді, тұщы суды мекендейтін шаян тәрізділерді, қос қабыршақты моллюскілерді, өзге де моллюскілерді және су жануарларының басқа да түрлерін өсіруді, инкубаторлық станциялардың (тұщы су) жұмысын қоса алғанда, тұщы суда балық өсіру | ||
7. | Тұщы суда балық аулау | 0312 |
Ішкі суларда коммерциялық негізде балық аулау | ||
3 | Сүт және ірімшік өнімдері | 8. | Сүт өңдеу және ірімшік жасау | 1051 |
Жаңа сауылған, пастерленген, зарарсыздандырылған, гомогенделген және/немесе ультра тазартылған табиғи сүт өндірісі |
9. | Балмұздақ өндірісі | 1052 | Балмұздақ өндірісі | ||
4 | Өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі | 10. | Қант өндірісі | 1081 | Қант қызылшасы мен қант қамысынан қант жасау |
11. | Какао, шоколад және қантты кондитерлік тағамдар өндірісі | 1082 |
Шоколад және шоколад кәмпиттерінің өндірісі | ||
5 | Балалар тағамы | 12. | Балалар тағамының және диеталық тамақ өнімдерінің өндірісі | 1086 | Арнайы диеталар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балалар тағамын; қосымша сүт және басқа да тамақ өнімдерін; сәбилерге арналған тамақ өнімдерін; калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді жасау |
6 | Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі | 13. | Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі | 1062 |
Күріштен, картоптан, жүгеріден, бидайдан крахмал жасау |
14. | Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі | 1061 |
Құрғақ бұршақ дәндерінің, тамырлар немесе сабақтар немесе жеуге жарамды жаңғақтар өндірісі | ||
7 | Нан-бөлке және ұннан жасалған өнімдер өндірісі | 15. | Нан өндірісі; ұннан жаңа пісірілген кондитерлік өнімдер, торттар мен бәліштер өндірісі | 1071 | Наубайхана өнімдерінің өндірісі: нан, тоқаш пен орамалар, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, торттар, тәттінандар, бәліштер мен бисквиттер, жеміс тәттінандары, құймақ, вафли және т. б. |
16 | Кептірілген нан және печенье өндірісі; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер және бисквиттер өндірісі | 1072 |
Кептірілген нан, печенье және өзге де құрғақ нан пісіру өнімдерінің өндірісі | ||
17. | Макарон өнімдерінің өндірісі | 1073 |
Макарондар, кеспелер, кеспе және (немесе) олардан жасалған жартылай фабрикаттар (тез дайындалатын) өндірісі | ||
8 | Дайын тамақ өнімдері (өндірістік ауқымда) | 18. | Дайындалған тамақ өнімдерінің өндірісі | 1085 |
Ет тағамдарының өндірісі |
9 | Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу | 19. | Картопты өңдеу және консервілеу | 1031 | Өңделген мұздатылған картоп, құрғақ картоп езбесінің, картоптан жасалған басытқы, картоп қытырлақтары, картоп ұны мен түйіршіктерінің өндірісі |
20. | Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі | 1032 |
Жемістерден және (немесе) көкөністерден жасалған шырындар өндірісі | ||
21. | Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеудің және консервілеудің өзге де түрлері | 1039 |
Мұздатылған немесе консервіленген түрдегі дайын тағамдарды қоспағанда, негізінен жемістерден немесе көкөністерден тұратын тамақ өнімдерінің өндірісі | ||
10 | Мал азығының өндірісі | 22. | Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндірісі | 1091 | ІҚМ, ұсақ малға, жылқыларға, құстар мен шошқаларға арналған азық өндірісі |
11 | Ауыл шаруашылығы | 23. | Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақты дақылдар мен майлы тұқымдарды өсіру | 0111 |
Қытайбұршақ, жержаңғақ, мақта тұқымы, кәдімгі майкене, зығыр тұқымы, қыша тұқымы, майлы нуга тұқымы, рапс тұқымы, бояғыш мақсары тұқымы, күнжіт тұқымы, күнбағыс тұқымы, өзге де майлы тұқымдар сияқты майлы тұқымдарды өсіру |
24. | Күріш өсіру | 0112 | Күріш өсіру | ||
25. | Көкөністер және бақша өнімдерін, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру | 0113 |
Көкөніс, оның ішінде қызанақ, басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа да пияз тұқымдас көкөністер, қауданды қырыққабат, түрлі-түсті қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат, картоп, сәбіз, шалқан, тамыр балдыры, шалғам және басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды тамыр жемістілер, бұрыш, қияр мен корнишон, қант қызылшасы және асханалық қызылша өсіру | ||
26. | Талшықты иіру дақылдарын өсіру | 0116 |
Мақта, зығыр өсіру | ||
27. | Басқа да маусымдық дақылдарды өсіру | 0119 |
Тарна, жемдік қызылша, жем-шөп, беден, жоңышқа, эспарцет, жемдік жүгері және басқа шөптерді, жемдік қырыққабат және қарапайым | ||
28. | Жүзім өсіру | 0121 | Шарап жүзімі және жүзімнің асханалық сорттары | ||
29. | Дәнді және сүйекті жемістер өсіру | 0124 | Дәнді және сүйекті жемістер: алма, өрік, шие және қызыл шие, шабдалы және тақыр шабдалы, алмұрт және беже, қара өрік және шомырт өсіру | ||
30. | Өзге де жеміс ағаштарын, бұталар мен жаңғақ түрлерін өсіру | 0125 |
Жидек өсіру: қарақат/көкжидек, қарақат, қарлыған, киви, таңқурай, құлпынай/бүлдірген, өзге де жеміс түрлері | ||
31. | Малдың және қодастың басқа да тұқымдарын өсіру | 0142 | Ет алу үшін ірі қара мал мен қодасты көбейту | ||
32. | Малдың сүтті тұқымдарын өсірң | 0141 |
Малдың сүтті тұқымдарын өсіру және көбейту | ||
33. | Жылқы өсіру | 0143 | Жылқы өсіру | ||
34. | Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру | 0144 | Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру және молайту | ||
35. | Қой мен ешкі өсіру | 0145 |
Қой мен ешкі өсіру және молайту | ||
36. | Шошқа және торай өсіру | 0146 | Торайлар, шошқалар, шошқа еті | ||
37. | Құс шаруашылығы | 0147 |
Инкубациялық жұмыртқа өндірісі | ||
38. | Жануарлардың өзге де түрлерін өсіру | 0149 | Омарта шаруашылығы және бал мен бал балауызы өндірісі | ||
39. | Уыт өндірісі | 1106 | Уыт өндірісі | ||
40. | Егін жинағаннан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері | 0163 | Түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшығы | ||
12 | Май-тоңмай өнімі | 41. | Май мен тоңмай өндірісі | 1041 |
Тазартылмаған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, сафлор, рапс, қыша, зығыр |
42. | Маргарин және ұқсас тағамдық тоңмай өндірісі | 1042 |
Маргарин өндірісі | ||
13 | Өзге тамақ өнімдерінің өндірісі | 43. | Татымдылықтар мен дәмдеуіштер өндірісі | 1084 |
Дәмқосарлар, тұздықтар мен дәмдеуіштер: майонез, қыша ұны мен дән түйіршіктерінің, қыша және т.б. өндірісі |
44. | Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі | 1089 | Жұмыртқа өнімдерінің, жұмыртқа альбуминінің, жұмыртқа ұнтағы мен меланж өндірісі | ||
45. | Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі | 10899 |
Жасанды бал және карамель өндірісі | ||
14 | Сусындар өндірісі | 46. | Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі | 1107 |
Шөлмектердегі табиғи минералды су және өзге де минералды сулар өндірісі |
15 | А/ш өнімдерін сақтау | 47. | Жүкті қоймалау және сақтау | 5210 |
Азық-түлік өнімдерін сақтау және сату жөніндегі көтерме-тарату орталықтарын құру |
II. АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕН БАСҚА ТАУАРЛАР | |||||
1. КИІМ ЖӘНЕ АКСЕССУАРЛАР | |||||
16 | Сырт киім және аксессуарлар | 48. | Басқа да тоқылған және трикотаж бұйымдарының өндірісі | 1439 | Пуловерлер, свитерлер, кардигандар, тоқылған кофталар, кеудешелер және осындай бұйымдар сияқты тоқылған немесе трикотаж бұйымдар және басқа да дайын бұйымдар өндірісі |
49. | Арнайы киім өндірісі | 1412 | Арнайы киім өндірісі | ||
50. | Сырт киім өндірісі | 1413 |
Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған сырт киім: пальто, костюмдер, жакеттер, шалбарлар, белдемшелер, қалпақтар мен баскиімдер өндірісі | ||
17 | Іш киім | 51. | Іш киім өндірісі | 1414 | Әйелдерге, ерлер мен балаларға арналған тоқыма, тоқылған немесе трикотаж маталардан, шілтерден жасалған іш киімдер және түнгі киімдер: жейделер, футболкалар, кальсондар, келтешалбарлар, пижамалар, түнгі жейделер, көйлектер, блузалар, ішкі белдемшелер, комбинациялар, бюстгальтерлер, корсеттер өндірісі |
52. | Тоқылған және трикотаж шұлық бұйымдарының өндірісі | 1431 | Ұйықтарды, триколарды және колготкаларды қоса алғанда, шұлық бұйымдарының өндірісі | ||
18 | Тоқыма және былғары бұйымдарын өндіруге арналған материалдар | 53. | Тоқыма бұйымдарының өндірісі | 13 |
Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшықтары, |
54. | Текстиль талшықтарын дайындау және иіру | 1310 |
Мақта талшығының, мақта иірімжібінің өндірісі | ||
55. | Жіптер, арқандар, жіңішке арқандар, жіңішке баулар, баулар өндірісі және тор тоқу | 1394 |
Текстиль талшықтарынан, таспалардан және ұқсас материалдардан жасалған, сіңірілген және сіңірілмеген, қапталған, резеңкеден немесе пластмассадан жасалған қабықшамен қорғалған немесе қорғалмаған шпагат, арқан, жіп және трос өндірісі | ||
56. | Теріні илеу және өңдеу | 15111 |
Тері мен былғарыны илеу, бояу және өңдеу | ||
19 | Аяқ киім және оның керек-жарақтары | 57. | Аяқ киім өндірісі | 1520 |
Қалыптауды қоса алғанда, аяқ киімді кез келген материалдардан кез келген тәсілмен жасау |
2. ҮЙГЕ ЖӘНЕ КЕҢСЕГЕ АРНАЛҒАН БҰЙЫМДАР | |||||
20 | Тұрмыстық химия | 58. | Сабын мен жуғыш, тазартқыш және жылтыратқыш заттар өндірісі | 2041 |
Органикалық беткі-белсенді препараттар өндірісі |
21 | Кілемдер | 59. | Кілемдер мен кілем бұйымдарының өндірісі | 1393 |
Кілемдерді, паластарды және төсеніштерді, едендік жабындарды қамтитын тоқыма төсемдер өндірісі |
22 | Үйге арналған тоқыма және басқа да бұйымдар | 60 | Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі | 1392 |
Тоқылған немесе трикотаж маталарды қоса алғанда, кез келген тоқыма материалынан жасалған дайын бұйымдар: пледті қоса алғанда, жүн көрпе, төсек-орын, асхана, туалет немесе ас үй маталары, сырып тігілген көрпе, мамық көрпе, пуфиктер, жастықтар, ұйықтауға арналған қаптар өндірісі |
61. | Трикотаж жаймалар өндірісі | 1391 | Тоқылған немесе трикотаж маталар шығару және өңдеу: түкті маталар, тор көзді және шілтер маталар өндірісі | ||
23 | Шаруашылық қажеттілікке арналған тұрмыстық тауарлар | 62. | Резеңке-техникалық бұйымдар өндірісі | 22191 |
Табиғи немесе синтетикалық резеңкеден, вулканизацияланбаған, вулканизацияланған резеңкеден немесе беріктігі жоғары резеңкеден жасалған өзге де өнімдерді: резеңке пластиналарды, табақтарды, жолақтарды, білікшелерді және т.б.; шиналарға, құбырлар мен шлангілерге арналған камераларды; резеңке конвейерлік немесе трансмиссиялық белбеулерді; эластиктен жасалған киімдерді (тұтас, тігіссіз); аяқ киімге арналған резеңке ұлтанды және өзге де резеңке бөліктерді; резеңке жіптер мен бауларды; |
63. | Тауарларға арналған пластик қаптамалар өндірісі | 2222 | Тауарларды орауға арналған пластик бұйымдар: пластик пакеттер, қаптар, ыдыстар, қораптар, жәшіктер, үлкен бөтелкелер, бөтелкелер өндірісі | ||
64. | Өзге де пластик бұйымдар өндірісі | 2229 | Жиһаз фурнитурасы, кеңсе немесе мектеп керек-жарақтары, киім заттары (түймелер, сыдырмалар), ас үй және дәретхана керек-жарақтары, дастархан, пластик бас киімдер (каскалар) және пластиктен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі | ||
65. | Қуыс шыны бұйымдарының өндірісі | 2313 |
Шыныдан немесе хрустальдан жасалған бөтелкелер, ыдыстар өндірісі | ||
24 | Жиһаз | 66. | Кеңсе және студия жиһазының өндірісі | 3101 |
Орындықтар, отыруға арналған жиһаз өндірісі |
67. | Ас үй жиһазының өндірісі | 3102 | Ас үй жиһазының өндірісі | ||
68. | Басқа да жиһаз өндірісі | 3109 |
Дивандар, диван-кереуеттер өндірісі | ||
25 | Жиһаз өндірісіне арналған материалдар | 69. | Шпон, фанера, жұқа тақтайлар мен панельдер өндірісі | 1621 |
Желімделген фанера және өзге де бұйымдар өндірісі: жылтыратылған, боялған, жабылған, сіңірілген, жақсартылған және нығайтылған (қағаз немесе мата көмегімен) |
26 | Матрастар | 70. | Матрастар өндірісі | 3103 |
Матрастар: серіппесі бар немесе тығыздалған матрастар; құрамында серпімділікті ұстап тұратын материалдар бар матрастар; қапталмаған резеңке немесе пластик матрастар өндірісі |
27 | Тұрмыстық электроника аспаптарының өндірісі | 71. | Механикалық шамаларды өлшеуге арналған аспаптар өндірісі | 2651 |
Жылыту жүйелеріне арналған температураны бақылау аспаптарының өндірісі |
72. | Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапиялық жабдықтар өндірісі | 2660 |
Өнеркәсіптік, медициналық, диагностикалық, зерттеу, ғылыми және осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын альфа-, бета-, гаммасәулеленуге, рентгендік және өзге де радиациялық сәулеленуге негізделген жабдықтар өндірісі | ||
73. | Электр-тұрмыстық аспаптар өндірісі | 2751 | Өзге де тұрмыстық электр аспаптарының: электр сужылытқыштар, тасымалданатын электржылытқыштар, электрпештер, электрқыздырғыштар өндірісі | ||
74. | Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі | 2720 |
Бастапқы элементтер: құрамында марганец, сынап, күміс диоксиді бар батарея элементтерінің өндірісі | ||
28 | Жарықтандыру құралдары | 75. | Электрмен жарықтандыру жабдықтарының өндірісі | 2740 |
Газразрядты, флуоресцентті, ультракүлгін, инфрақызыл және т.б. қыздыру шамдарының өндірісі |
29 | Тұрмыстық қыш және сәндік бұйымдар | 76. | Фарфор мен фаянстан жасалған тұрмыстық- шаруашылық бұйымдар өндірісі | 23411 |
Керамикалық асхана ыдыстары мен өзге де тұрмыстық немесе туалет бұйымдарының өндірісі |
3. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ | |||||
30 | Құрылыс материалдары | 77. | Пластик құрылыс бұйымдарының өндірісі | 2223 |
Пластик құрылыс бұйымдарының: пластик есіктер, терезелер, жақтаулар, терезе қақпақтарының, жалюзилер, бағыттаушы жұқа тақтайшалар, ыдыстар, пластик жабындар, рулондар түріндегі қабырға мен төбеге арналған қаптауыш, тақтайшалар, пластиналар еден жабындарының өзге де түрлерінің, ванна, душ кабиналары, раковиналар, унитаздар, су ағызатын күбіше сияқты пластик гигиена заттарының өндірісі |
78. | Бастапқы қалыптағы пластмасса өндірісі | 2016 | Полипропилен мен полистирол өндірісі | ||
79. | Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, типография бояулары мен мастика өндірісі | 2030 |
Бояулар, лактар мен эмальдар өндірісі | ||
80. | Желім өндірісі | 2052 | Резеңке желімі мен дайын желімдеу құрамдарын қоса алғанда, желім мен дайын желімдеу құрамдарының өндірісі | ||
81. | Табақ шыныны қалыптау және өңдеу | 2312 |
Күшейтілген немесе көп қатпарлы жалпақ шыны өндірісі | ||
82. | Отқа төзімді бұйымдар өндірісі | 2320 |
Отқа төзімді ерітінді, бетон және т.б. өндірісі | ||
83. | Қыш жабындар мен плиталар өндірісі | 2331 |
Отқа төзімді емес қыш бұйымдар немесе қабырға плиткаларының, мозаика және т.б. өндірісі | ||
84. | Кірпіш, черепица және күйдірілген балшықтан жасалған өзге де құрылыс бұйымдарының өндірісі | 2332 |
Отқа төзімді емес құрылыс материалдарының: қыш плиткалар, черепица, мұржаның үстіндегі қалпақтар, құбырлар, оқшаулағыш материалдар және т.б. өндірісі | ||
85. | Бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарының өндірісі | 2361 |
Құрылыс мақсатында пайдалану үшін бетоннан, цементтен немесе жасанды тастан жасалған дайын бұйымдар өндірісі: еден жабындары, төсеуге арналған плиткалар, кірпіштер, плиталар, құбырлар, бағандар және т.б. | ||
86. | Асбестоцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі | 2365 |
Цементпен, гипспен немесе басқа да минералды байланыстырушы материалдармен аралас өсімдік шикізатынан (ағаш жүнінен, сабаннан, қамыстан, құрақтан) құрылыс материалдарының өндірісі | ||
87. | Бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі | 2369 | Бетоннан, құрылыс гипсінен, цементтен немесе жасанды тастан жасалған өзге де бұйымдар өндірісі: мүсіндер, фурнитуралар, барельефтер, вазалар, гүл құмыралары және т.б. | ||
88. | Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге бейметалл минералдық өнім өндірісі | 2399 | Минералды негіздегі оқшаулағыш материалдар: қож-мақта және ұқсас минералды мақта; қатпарлы вермикулит, қопсыған балшық және ұқсас оқшаулағыш жылу материалдары немесе дыбыс оқшаулағыш материалдар өндірісі | ||
89. | Жеңіл металл конструкцияларының өндірісі | 25112 | Жол белгілері, жолға қоятын металл тосқауылдар, металл илегінен жасалған бұйымдар және т. б. сияқты жеңіл металл конструкцияларының өндірісі | ||
90. | Алюминийден және алюминий қоспаларынан жасалған құрылыс конструкциялары мен бұйымдарының өндірісі | 25113 | Өнеркәсіптік металл конструкцияларының өндірісі (домна пештеріне, жабдықтарды көтеру мен орнатуға және т.б арналған конструкциялар) | ||
31 | Есіктер мен терезелер | 91. | Металдан жасалған есіктер мен терезелер өндірісі | 2512 | Металдан жасалған есіктер, терезелер мен жақтаулар, терезе қақпақтары мен қақпалар өндірісі |
32 | Цементті қоспағанда, әрлеу материалдары | 92. | Әк және құрылыс гипсінің өндірісі | 2352 |
Құрылыс гипсін (кальцийлендірілген гипс немесе кальций сульфаты) өндірісі |
33 | Тас кесу | 93. | Тасты кесу, өңдеу және әрлеу | 2370 |
Құрылыс мақсатында, зираттарда, автожолдарда, шатырларды жабу үшін және т.б. пайдалану үшін тасты кесу, қалыптау және өңдеу |
III. ӨЗГЕ | |||||
34 | Химия | 94 | Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар өндірісі | 2015 |
Тыңайтқыштар: азот немесе құрамында азоты бар, фосфор немесе калий тыңайтқыштарының, несепнәр, шикі мұнайдан алынған табиғи фосфаттар және табиғи калий тұздарының өндірісі |
95. | Пестицидтер мен басқа да агрохимиялық өнімдер өндірісі | 2020 |
Инсектицидтер/жәндіктерге қарсы құралдар, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, акарицидтер, молюстицидтер, биоцидтер өндірісі | ||
96. | Өзге де негізгі бейорганикалық химиялық заттар өндірісі | 2013 |
Химиялық элементтер өндірісі (өнеркәсіптік газдар мен негізгі металдарды қоспағанда) | ||
97. | Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі | 2014 |
Илеу заттарының өндірісі | ||
98. | Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі | 1920 |
Мотор отыны, газолин, керосин және т.б. өндірісі | ||
99. | Қауіпсіз қалдықтарды жинау | 38.11.0 |
Жинақтау орындарында, қоқыс контейнерлерінде, жылжымалы қоқыс контейнерлерінде, бактарда және т.б. ыдыстарда қауіпсіз тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды (яғни қоқыс қалдықтарын) және аралас реверстелетін материалдарды жинау | ||
35 | Қағаз және қағаз бұйымдары | 100. | Ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі | 1711 |
Ағартылған, толық ағартылмаған және ағартылмаған целлюлоза, ағаш массасын механикалық, химиялық (еритін немесе ерімейтін) немесе жартылай химиялық тәсілмен жасау |
101. | Гофраланған картон, қағаз және картон ыдысының өндірісі | 1721 |
Гофраланған қағаз және картон өндірісі | ||
102. | Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарының өндірісі | 1722 |
Жеке гигиена және тығыздау мақсатында пайдалану үшін целлюлоза мақтасынан қағаз өнімдерінің өндірісі: қағаз сулықтар, қолорамалдар, сүлгілер, сулықтар, дәретхана қағазы, гигиеналық сүлгілер мен тампондар, балалар жаялықтары мен жөргектері, қағаз стақандар, тәрелкелер және подностар, картон және қағаз ыдыс өндірісі | ||
36 | Металдан жасалған бұйымдар | 103. | Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі | 25210 | Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі |
104. | Бекіту бұйымдарының өндірісі | 2594 |
Тойтарма және бұрандасыз ұқсас өнімдер өндірісі | ||
105. | Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндірісі | 2592 |
Тамақ өнімдері үшін консерв қалбырларын, шақшалар, қораптар, жәшіктер өндірісі | ||
106. | Суық қалыптау немесе бүктеу | 2433 |
Уатқыштарда суықтай қалыптау процесінде немесе баспақта бүктеу әдісімен болаттан жасалған жалпақ илектелген бұйымдардан ашық секциялар жасау | ||
107. | Шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі | 2410 |
Темір құймалар, жылтыр шойыннан қалыптар мен құймалар, блоктар немесе өзге де бастапқы пішіндерді жасау | ||
108. | Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, профильдер, фитингтер өндірісі | 2420 |
Ыстықтай илемдеу тәсілімен, ыстықтай сығымдаумен немесе ыстық сығымдау немесе ыстықтай илектелген шыбық, құймалар сияқты жартылай фабрикаттарды ыстықтай өндеуді немесе үздіксіз құюды қамтитын өзге де тәсілдермен одан әрі өңдеу үшін тұтас тартылған құбырлар мен көлденең және көлденең емес қималы құбырлар және көлденең қималы дайындамалар өндірісі | ||
37 | Электр жабдықтар және электр өткізгіш өндірісі | 109. | Электр өткізгіш және кабельдің басқа түрлерінің өндірісі | 27320 | Алюминийден және мыстан жасалған тоқ жүретін желілері бар өткізгіштер мен кабельдер өндірісі |
110. | Электр моторлар, генераторлар және трансформаторлар өндірісі | 2711 |
Электр моторлар өндірісі (іштен жану қозғалтқыштарын қоспағанда) | ||
111. | Электр таратушы және реттеуші аппаратура өндірісі | 2712 |
Электр қоректендіргішті ажыратқыштар өндірісі | ||
38 | Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі | 112 | Гидравликалық жабдықтар өндірісі | 2812 |
Гидравликалық және пневматикалық компоненттер өндірісі (гидравликалық моторларға арналған гидравликалық помпаларды, гидравликалық және пневматикалық цилиндрлерді, клапандарды, шлангілер мен гарнитураны қоса алғанда) |
113 | Өзге де крандар мен вентильдер өндірісі | 2814 |
Реттеуші клапандар мен су жинау крандарын қоса алғанда, өнеркәсіптік крандар мен вентильдер өндірісі | ||
114. | Ауыл шаруашылығы машиналарын шығару | 28302 |
Көгал шалғыларын қоса алғанда, шалғыларды шығару | ||
115. | Көтергіш крандар өндірісі | 28224 | Лифт өндірісі | ||
116. | Автомобильдердің өзге де бөліктері мен керек-жарақтарының өндірісі | 2932 |
Автомобильдердің әртүрлі бөліктері мен керек-жарақтарының: тежегіштер, беріліс қораптары, көпірлер, жүріс дөңгелектері, аспалы амортизаторлары, радиаторлар, сөндіргіштер, пайдаланылған газды шығаратын түтіктер, каталитикалық түрлендіргіштер, ілініс тораптары, руль дөңгелектері, руль колонкалары, рульдік механизмнің қораптары өндірісі | ||
117. | Автомобильдер мен басқа да моторлы көлік құралдарының өндірісі | 2910 |
Өзге де автокөлік құралдары: өрт сөндіру машиналары, жедел жәрдем машиналары, көшелер мен жолдарды жинауға арналған машиналар өндірісі | ||
39 | Өзге де көлік құралдарының өндірісі | 118. | Теміржол локомотивтерінің және жылжымалы құрам өндірісі | 3020 |
Теміржол немесе трамвай локомотивтеріне немесе жылжымалы құрамдарға арналған мамандандырылған жиынтықтауыштар: біліктер, осьтер, шпиндельдер, дөңгелектер, тежегіштер және оларға арналған жиынтықтауыштар; иінтіректер, муфталар және жалғастырушы құрылғылар, буферлер мен жиынтықтауыштар; амортизаторлар; фургондар мен локомотивтердің негіздерін; шанақтар және т.б. шығару |
40 | Велосипедтер, арбалар | 119. | Велосипедтер және мүгедектерге арналған арбалар/креслолар өндірісі | 3092 |
Моторсыз велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді, тандемдерді, балалар велосипедін және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, өзге де ұқсас көлік құралдарының өндірісі |
41 | Фармацевтика | 120. | Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі | 2110 |
Дәрі-дәрмектер: антибиотиктер, негізгі витаминдер, салицил және O-ацетилсалицил қышқылдары және т.б. өндіру үшін пайдаланылатын медициналық фармакологиялық препараттар өндірісі |
121. | Фармацевтикалық препараттар өндірісі | 2120 |
Дәрі-дәрмектер: иммундық сарысулар және т.б.; вакциналар; гомеопатиялық препараттарды қоса алғанда, әртүрлі дәрі-дәрмектер өндірісі | ||
42 | Басқа тауар позициялары | 122. | Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарының өндірісі | 1396 |
Тоқылғаннан басқа жабысқақ негіздегі матаны қоса алғанда, сығылған маталар өндірісі |
123. | Зергерлік бұйымдар өндірісі | 3212 |
Қолдан өсірген інжу өндірісі | ||
124. | Хирургиялық және ортопедиялық керек-жарақтар өндірісі | 32503 |
Хирургиялық сулықтар, стерильді ақжаймалар мен дәкелер өндірісі | ||
43 | Білім беру | 125. | Тұрғын үйдің басқа түрлерінде көрсетілетін қызметтер | 5590 | Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау |
126. | Білім беру | 85 | Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау | ||
44 | Туризм* | 127. | Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы | 5510 | Орналастыру орындарын (қонақ үйлер, санаторийлер, люкс класты қонақ үйлер, мотельдер) салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау |
128. | Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру | 5520 | Орналастыру орындарын салу (балаларға арналған немесе басқа демалыс үйлері, пәтерлер мен қонақтар үшін бунгалолар, жинау немесе тамақтандыру қызметтерін көрсетпейтін коттедждер мен үйлер, жастар туристік лагерьлері, таудағы турбазалар және т.б.) | ||
129. | Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер | 5530 | Орналастыру орындарын салу (кемпингтер, трейлер парктері, ойын-сауық қалашықтары, аң аулау немесе балық аулау үшін пайдаланылатын жерлер, автомобиль демалысына арналған үй-жайлар мен керек-жарақтар) | ||
130. | Аурухана ұйымдарының қызметі | 8610 | Санаторий-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау | ||
131. | Басқа санаттарға жатқызылмаған жерүсті жолаушылар тасымалдарының басқа түрлері | 4939 | Тау шаңғысы курорттарын салу, егер қалалық және қалааралық көлік тасымалдары жүйесіне кірмейтін болса, конвейерлерді, аспалы жолдарды, тау шаңғысы көтергіштерін және аспалы көтергіштерді басқару | ||
45 | Денсаулық сақтау | 132 | Денсаулық сақтау саласындағы қызмет | 86 | Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жабдықтау |
46 | Көлік және қоймалау** | 133 | Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі | 52 | Көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу |
* Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматының таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай, Нарынқол аудандары) іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.
** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 3-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 5-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 6-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 7-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 8-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 9-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 10-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 11-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.