Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.04.2024 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі;

      2) Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 194 қаулысымен.

      2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жарты жылдық негізде есепті айдан кейінгі айдың 30-ы күніне қарай Жол картасының 4-тармағын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 820 қаулысымен
бекітілген

Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі

      Ескерту. Басым жобалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 194 қаулысымен.

      1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның (бұдан әрі – АНК) 2018 – 2023 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Стратегиялық міндеттер

      Стратегиялық міндеттер:

      1) өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде өндірісті кеңейту;

      2) ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және көрсетілетін қызметтерімен толықтыру.

      3. Нысаналы индикаторлар

      Нысаналы индикаторлар:

      1) осы басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – тетік) 1-қосымшаға сәйкес тауар топтары бойынша импорт үлесін 2024 жылға қарай 2021 жылғы деңгейден 15 %-ға төмендету;

      2) қарапайым заттар экономикасы өнімдерін шығаруды 2024 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға өсіру.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің көлеміне байланыстырылған және 1,5 пайыздық тармақтан асырылмай ұлғайтылған қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейін өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.

      ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

      Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды сатып алудың ең жоғары лимиті 182 млрд теңгеден, бірақ бір ЕДБ-ға меншікті капиталдың 1,5 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс, ал АКК-ге облигацияларды сатып алу лимиті 170 млрд, теңгеден аспауға тиіс. ЕДБ лимитті ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.

      АНК облигацияларын ең жоғары сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауға тиіс, оның 140 млрд теңгеден аспайтын сомасы агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске және қайта өңдеуге жұмсалуға тиіс. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске және қайта өңдеуге жұмсалатын 70 млрд теңге сомаға АНК облигацияларын сатып алу үшін мемлекеттік кепілдіктің болуы талап етіледі.

      ЕДБ-ның, лизингтік компаниялардың (бұдан әрі – ЛК) және АНК-нің тартылған қаражаты мен өз қаражаты:

      1) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу;

      2) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс;

      3) 400 млрд теңгеге дейін өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға жұмсалуға тиіс.

      ЕДБ-мен, ЛК-мен қатар АНК агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс пен қайта өңдеу жөніндегі басым жобаларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. АНК тікелей кредит берумен қатар, кейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру үшін кредиттік серіктестіктерді қорландыруға құқылы.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларға кредит беруге 30 млрд теңгеден аспайтын сома жұмсалады.

      Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге және қаржылық лизингке кемінде 200 (екі жүз) млрд теңге жұмсалатын болады. Осы мақсатта әрбір ЕДБ, ЛК мен АНК ШОБ жобаларын осы тетікте белгіленген шарттарда берілген кредиттер мен қаржылық лизингтің жалпы көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде қаржыландыруды және қаржылық лизингті қамтамасыз етеді.

      ЕДБ мен АНК ЖКС жобаларына өз қаражаты есебінен қарыз бере алады, сондай-ақ ЖКС қарыздары үшін қорландыруды қамтамасыз ету не қалпына келтіру үшін облигациялар шығара алады.

      ЛК қарыздарды тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен береді.

      Аванстық қорландыру алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты игеру кезеңі ЕДБ мен АНК шотына түскен күнінен бастап 12 айдан аспауға тиіс.

      Берілген қаражаттың нысаналы мақсаты – қызметін өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын ЖКС-ке инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредит беру. Жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыруға жол беріледі.

      Бұл ретте ЕДБ, ЛК мен АНК айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының және қаржы лизингінің 50 %-ынан аспайтын мөлшерін жібере алады. Бұл шектеу ЕДБ, ЛК мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу саласындағы жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға және қаржылық лизингіне қолданылмайды. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5. Осы тетіктің шарттары бойынша кредиттер беруді және қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-ға, ЛК-ға және АНК-ға қойылатын талаптар:

      ЕДБ және АНК меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 50 млрд теңгеден кем болмауы тиіс.

      Меншікті капитал мөлшері жөніндегі талап өз қаражаты есебінен кредит беруді жүзеге асыратын ЕДБ-ге қолданылмайды.

      ЕДБ, ЛК және АНК:

      1) қарыз алушы бастама жасаған кредит беру немесе қаржылық лизинг шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) ЖКС-қарыз алушының кредиттік келісімдер немесе қаржылық лизинг шарттары бойынша міндеттемелерін бұзуының/бұзуларының салдарынан алынатын;

      3) кепіл нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитпен немесе қаржылық лизингпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      Тетік шеңберінде қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Осы тетік бойынша ЖКС-ні қаржылық қолдау шараларын іске асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы және оның аумақтық бөлімшелері осы тетік бойынша оператор болып табылады. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерінің ақысын "Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 450-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 84, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33681 болып тіркелген) (бұдан әрі – бірлескен бұйрық) бекітілген Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес бөлінетін республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган төлейді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. ЖКС-ны қаржыландыру шарттары:

      бірлескен бұйрықпен бекітілген Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында айқындалған және осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесіне және осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесіне сәйкес жобаларды іске асыратын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ЖКС нысаналы тобы болып табылады.

      Жобаларға 10 (он) млрд теңгеден астам сомаға кредит берілген жағдайда тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет;

      ЖКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды. Сыйақының шекті мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және ЕДБ/ЛК кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме ескеріледі;

      ЖКС үшін кредит беру валютасы – теңге;

      субсидиялау мерзімі – 5 (бес) жылды қоса алғанға дейін, бұл ретте ЕДБ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды ұсына алады.

      ЖКС жағдайын нашарлататын мән-жайлар туындаған жағдайда соңғылар кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша кредит мерзімі ұзақтығының жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру алуы мүмкін. Бұл ретте мұндай мән-жайлардың туындағаны Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен және/немесе уәкілетті органдардың құжаттарымен расталуға тиіс.

      Бұл ретте:

      1) кредиттік бюроның деректеріне сәйкес кредит беру немесе кредиттік өтінім беру кезінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен несиелік берешегі бар;

      2) қаржыландыруды немесе қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-мен, ЛК-мен және АНК-мен ерекше қатынас арқылы байланысы бар тұлғалар болып табылатын;

      3) "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) көрсетілген офшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары және (немесе) акционерлері офшорлық аймақтарда тіркелген;

      4) кәсіпкерлер/акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған ЖКС-ны қоспағанда) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген ЖКС жобалары қаржыландыруға жатпайды.

      Тетік шеңберінде ЕДБ, ЛК және АНК жеке қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру жобалары бойынша айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз алушыны 100 % қаржыландырған жағдайда:

      1) өтінім беру кезінде мерзімі өткен салықтық берешектің болмауы;

      2) кредиттерге/қаржылық лизингке қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатына қаражат жұмсауға жол бермеу сияқты жобаларды іріктеу өлшемшарттары қосымша қолданылады.

      ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар бойынша ЖКС-ны қаржыландырған кезде жобаларды іріктеудің мынадай өлшемшарттары қолданылады:

      1) әрбір күнтізбелік жыл үшін тетікке қатысқанға дейінгі алдыңғы 3 (үш) жылда ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын ЖКС төлеген салық төлемдерінің көлемі ЖКС-ның өндіріс объектісі орналасқан жер бойынша жергілікті бюджеттің жалпы кірісінің сомасына балама немесе оның кемінде 10 %-ын құрайды;

      2) тетікке қатысқанға дейінгі соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын ЖКС төлеген салықтардың жыл сайынғы мөлшері 1 600 000 АЕК-тен төмен емес.

      Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Осы шарт бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатынн "3", "4" және "5" жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзіммен 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Бұл шарт осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7-1. Қаржы агенттігі инвестициялық мақсаттарға бағытталған, қарыз сомасы 10 (он) млрд теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның келісуі бойынша қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға қажеттіліктің жоқтығын көрсететін ЖКС қаржылық көрсеткіштері кезінде (өтелу мерзімін, таза пайданы, кірістіліктің ішкі нормасын, ақша ағындарын ескере отырып) субсидиялаудан бас тартады.

      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Кредит/қаржылық лизинг мақсатына байланысты қарыз алушыларға қойылатын талаптар:

      1) 100 % инвестициялық мақсаттарға: жұмыс органының/қаржы агенттігінің субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарын сақтау/ұлғайту немесе кірісті 10 %-ға өсіру;

      2) қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға 50 %-дан аспайтын мөлшерде: жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарын және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту және/немесе кірісті 10 %-ға өсіру (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды тетіктің талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді);

      3) айналым қаражатын 100 % толықтыруға: жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша жұмыс орындарын және/немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту, өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту және кірісті 10 %-ға өсіру (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды тетіктің талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді);

      4) көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге: жұмыс орындарын сақтау/ұлғайту және нақты көлем индексі деңгейін сақтау.

      5) ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын тұлғалар үшін мынадай талаптар қойылады:

      100 % инвестициялық мақсаттар: жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарын ұлғайту немесе кірісті 20 %-ға өсіру;

      қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын 50 %-дан аспайтын мөлшерде толықтыруға: жұмыс орындарын және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайтуға және/немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін табысты 20 %-ға өсіру (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:

      Субсидиялау ЖКС-ны қаржылық қолдау шараларын іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      ЖКС-ның ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 11,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

      Инвестицияларға бағытталған кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайды.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды.

      Осы тетікке 4-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі осы тармақтың сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды.

      Бұл ретте экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі экономиканың тиісті салаларына жетекшілік ететін уәкілетті органдардың жобалардың қаржылық орнықтылығы, орташа рентабельділігі, капитал сыйымдылығы және экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесіне енгізуге ұсынылатын ЭҚЖЖ бойынша кредиттерді қайтармау тәуекелдері бойынша талдау қорытындылары бар ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

      Осы тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

      ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі, әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын "3", "4" және "5" жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларды қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады. Бұл шарт осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.

      Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу бірлескен бұйрықпен бекітілген Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:

      Номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және ЕДБ/ЛК шешім қабылдаған күнге 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған ЕДБ кредиттері/ЛК қаржылық лизингі кепілдендіруге жатады. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 1 миллиард теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан аспайды. Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері 1 миллиард теңгені қоса алғандағы сомадан аспайтын лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі.

      Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

      Бұл ретте кредит бойынша қамтамасыз етудегі айырманы (кепіл құнын) кәсіпкер жабады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді).

      Инвестицияларға, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (оның ішінде жаңартылатын негізде) ЕДБ кредиттері/ЛК қаржылық лизингі кепілдендіруге жатады.

      Санкциялар қолданылатын ЕДБ/ЛК бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг те кепілдендіруге жатады.

      Бұл ретте қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

      Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларға кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу бірлескен бұйрықпен бекітілген Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларға кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен регламенттеледі. Кепілдік беру шеңберінде кәсіпкердің кредит бойынша қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ мониторингтеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларымен (бұдан әрі – Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау) регламенттеледі.

      Осы тармақ шеңберінде ЕДБ, ЛК және АНК беретін кредиттер және қаржылық лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жергілікті атқарушы органдарға ағымдағы трансферттер беру жолымен жүзеге асырылады.

      12. Қаржы агенттігі:

      1) субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитті және қаржылық лизингті мақсатты пайдалануын мониторингтеуді;

      2) ЕДБ-ға, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ӨДҚ) және АНК-ге берілген қаражаттың мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады;

      ЕДБ-ға, ӨДҚ-ға және АНК-ге берілген қаражаттың мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларына сәйкес ЕДБ, ӨДҚ және АНК есебінің негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Бөлінетін қаражаттың экономикалық нәтижелеріне мониторинг жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қаржы агенттігіне ЖКС келісімі болған жағдайда салықтық құпия болып табылатын және мынадай:

      салық салуға жатпайтын кірістерді ескере отырып, жиынтық жылдық кіріс;

      шетелдік көздерден алынатын, салық салынатын кіріс;

      өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша шығыстар;

      қызметкерлердің есептелген кірісі бойынша шығыстар;

      таза кіріс;

      қызметкерлердің (адамдардың) саны;

      бір қызметкерге шаққандағы орташа айлық жалақы;

      салық төлемдерінің сомалары туралы ақпарат қамтылған мәліметтерді береді.

      ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК бірлескен бұйрықпен бекітілген Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына және Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес тұрақты негізде қаржы агенттігіне есеп жіберіп тұрады.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және ЕДБ, ЛК және АНК ішкі саясатына сәйкес ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК ЖКС кредиттері мен қаржылық лизингін мониторингтеуді жүргізеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.06.2021 № 441 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43; 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

  Басым жобаларға кредит беру
және қаржылық лизинг тетігіне
1-қосымша

Импорт үлесін төмендетуге арналған тауар топтарының тізбесі

      Ескерту. Басым жобалар 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Өнімнің атауы

2021 жылы тұтынудағы импорттың үлесі, %

2024 жылы тұтынудағы импорттың үлесі, %






1

2

3


4

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ

1

Тамақ өнімдері және сусындар

Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер

14,1

12,0

Балық

63,3

53,8

Көкөністер мен жемістер: алма, жүзім, саңырауқұлақтар, пияз, қырыққабат

23,6

20,1

Сусындар мен шырындар

15,1

12,8

Ет және ет өнімдері

21,7

18,4

Сүт және сүт өнімдері

21,7

18,4

Өсімдік майлары

31,0

26,4

Макарон және ұннан жасалған өнімдер

26,5

22,5

Кондитерлік өнімдер

65,8

55,9

АЗЫҚ-ТҮЛІК ЕМЕС ТАУАРЛАР

2

Үйге және кеңсеге арналған бұйымдар

Шыныдан жасалған ыдыс

60,9

51,8

Санитарлық-гигиеналық бұйымдар

97,3

82,7

Тұрмыстық заттар

56,3

47,9

Көрпелер мен жамылғылар

97,2

82,6

Жиһаз

60,9

51,8

Матрастар

66,0

56,1

Тұрмыстық химия

96,0

81,6

Құрылыс материалдары

Құрылыстық конструкциялар

39,0

33,2

Әйнек

62,5

53,1

Құрылысқа арналған металл бұйымдар

63,0

53,6

Қабырғааралық бөлімдер

95,5

81,2

Линолеум

100

85,0

Кірпіштер

98,4

83,6

Құрылыс қоспалары

21,4

18,2

Киім және аксессуарлар

Киім

99,3

84,4

Аяқ-киім

97,6

83,0

Басқа

Тыңайтқыштар

60,0

51,0

Тоқыма бұйымдары

77,1

65,5

Қағаз

36,7

31,2

Бакалея

58,2

49,5

  Басым жобаларға кредит
беру және қаржылық
лизинг тетігіне
2-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Р/с №

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

5


АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

1.

Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну

1.

Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ дақылдарды және майлы тұқымдарды өсіру

0111

2.

Күріш өсіру

0112

3.

Көкөністер мен бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру

0113

4.

Тоқыма дақылдарды өсіру

0116

5.

Өзге де бір немесе екіжылдық дақылдарды өсіру

0119

6.

Жүзімді өсіру

0121

7.

Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру

0124

8.

Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру

0125

9.

Сүтті бағыттағы ірі қара малды өсіру

0141

10.

Өзге де ірі қара малды және енекелерді көбейту

0142

11.

Жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдастарды өсіру

0143

12.

Түйелерді және өзге де түйе тектес жануарларды өсіру

0144

13.

Қойларды және ешкілерді өсіру

0145

14.

Шошқаларды өсіру

0146

15.

Ауыл шаруашылығы құстарын өсіру

0147

16.

Жануарлардың өзге түрлерін өсіру

01491

17.

Астықты өңдеу жөніндегі қызмет

0163

2.

Балық аулау

18.

Тұщы суда балық аулау

0312

19.

Теңізде балық өсіру

0321

20.

Тұщы суда балық өсіру

0322

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ

3.

Тамақ өнімдерін өндіру

21.

Тамақ өнімдерін өндіру

102

4.

Сусындар өндіру

22.

Спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру

11013

23.

Уыт өндіру

1106

24.

Минералды суларды және басқа да алкогольсіз сусындарды өндіру

1107

5.

Тоқыма бұйымдарын өндіру

25.

Тоқыма бұйымдарын өндіру

13

6.

Киім өндіру

26.

Үлбірден тігілген киімді қоспағанда, киім өндіру

14.1

27.

Тоқылған және трикотаж киімдер өндіру

14.3

7.

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

28.

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

15

8.

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

29.

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

16

9.

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

30.

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

17

10.

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

31.

Полиграфиялық қызмет және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну

18.1

11.

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

32.

Мұнай өңдеу өнімдерін, шымтезек пен көмірден брикеттер өндіру

19.2

12.

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

33.

Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштарды және азот қоспаларын, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру

20.14

34.

Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру

20.2

35.

Бояулар, лактар және осыған ұқсас бояғыш заттар, баспаханалық бояулар мен мастикалар өндіру

20.3

36.

Сабын, жуу, тазалау, жылтырату, парфюмерлік және косметикалық құралдар өндіру

20.4

37.

Сіріңке өндіру

20512

38.

Желім өндіру

2052

39.

Эфир майларын өндіру

2053

40.

Фотоматериалдар өндіру

20591

41.

Желатин өндіру

20592

42.

Тоқыма бұйымдарын әрлеуде пайдаланылатын материалдарды өндіру

20593

43.

Техникалық көміртекті (күйе), көміртекті нанотүтікшелерді, наноталшықтарды және басқа көміртекті наноматериалдарды өндіру

20594

44.

Басқа химиялық өнімдер өндіру

20599

45.

Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру

2060

13.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

46.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

21

14.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

47.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

22

15.

Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру

48.

Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру

23

16.

Металлургия өндірісі

49.

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру

2410

50.

Болаттан құбырлар, түтіктер, қуыс профильдер, фитингтер өндіру

2420

51.

Салқындай сымдау

2431

52.

Суықтай қалыптау немесе ию

2433

53.

Суықтай сымдау арқылы сымдар өндіру

2434

17.

Машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдарын өндіру

54.

Металл есіктер мен терезелер өндіру

2512

55.

Орталық жылыту радиаторлары мен бу қазандықтарын өндіру

2521

56.

Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия

25.5

57.

Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар жалату; машина жасаудың негізгі технологиялық процестері

25.6

58.

Пышақ бұйымдарын, аспаптарды және темір бұйымдарын өндіру

25.7

59.

Өзге де дайын металл бұйымдарын өндіру

25.95

18.

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

60.

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

266

19.

Электр жабдықтарын өндіру

61.

Электр жабдықтарын өндіру

27

20.

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

62.

Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру

2812

63.

Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру

2814

64.

Лифт өндіру

28224

65.

Офистік техниканы және жабдықты өндіру (компьютерлер мен перифериялық жабдықты қоспағанда)

2823

66.

Механикаландырылған қол аспаптарын өндіру

2824

67.

Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру

2825

68.

Басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтарды өндіру

2829

69.

Ауылшаруашылық машиналарын өндіру

28302

21.

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

70.

Автомобильдер өндіру

29.1

71.

Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру

29201

72.

Автомобильдердің бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру

2932

22.

Өзге де көлік құралдарын өндіру

73.

Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрамды өндіру

30.2

23.

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

74.

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

30.9

24.

Жиһаз өндіру

75.

Жиһаз өндіру

31

25.

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

76.

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

32

26.

Электр энергиясын өндіру

77.

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35112

78.

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35114

79.

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35115

80.

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35119

      Ескертпелер:

      1 Ара өсіру, бал және ара балауызын өндіру жобалары ғана қаржыландырылады.

      2 Оның ішінде: айран, консервіленбеген қойылтылған сүт, дән түйіршіктерін, глюкоза-фруктоза шәрбатын, қарақұмық өндіру, сондай-ақ картопты өнеркәсіптік тазалауды және шай мен кофе өндіруді қоспағанда, картопты өңдеу және консервілеу.

      3 Спирттік ішімдіктер өндіретін мекемелерді салу және (немесе) реконструкциялау, жаңғырту.

      4 Оның ішінде: дезинфекциялау құралдарын, зарарсыздандырғыштарды өндіру.

      5 Оның ішінде асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған бөшкелер, барабандар және басқа да ыдыстар өндіру.

      6 Оның ішінде: өкпені жасанды желдету аппаратын; медициналық мақсаттарда пайдаланылатын өзге де электр және электрондық жабдықтарды; діріл-акустикалық аппараттарды; медициналық білезіктерді; пациенттің мониторларын; телекардиографтарды; диализаторларды өндіру.

  Басым жобаларға кредит
беру және қаржылық
лизинг тетігіне
3-қосымша

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі

      Ескерту. Лизинг тетігі 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Тауарлар тобының атауы

Р/с

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

5

ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ КАРЬЕРЛЕРДІ ҚАЗУ

1.

Көмір өндіру

1.

Тас көмірді байыту

051031

Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру

2.

Тұз өндіру

0893

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ; ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ, ЛАСТАНУДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ

2.

Суды жинау, өңдеу және тарату

3.

Суды жинау, өңдеу және тарату

36

3.

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

4.

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

3811

КӨЛІК ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАУ

4.

Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі

5.

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

49392

5.

Жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі

6.

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

523

6

Жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі

7.

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

52104

ТҰРУ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

7.

Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету

8.

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55105

9.

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

55205

10.

кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

55305

11.

Тұруға арналған өзге де орындардың көрсетілетін қызметтері

55906

АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

8.

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер

12.

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

6201

9.

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

13.

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

63

БІЛІМ БЕРУ

10.

Білім беру

14.

Білім беру

857

15.

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері

85.59

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

11.

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

16.

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

868

      Ескертпелер:

      1 Үйіндіден бөліп алынған тас көмір.

      2 Тау шаңғысы курорттарын салу, егер конвейерлер, арқанды жолдар, тау шаңғысы және арқанды көтергіштері қалалық және қалааралық көлік тасымалы жүйесіне кірмесе, оларды басқару.

      3 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу.

      4 Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру, көкөніс және жеміс қоймаларын салу.

      5 Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), "Медеу" мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

      6 Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау.

      7 Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.

      8 Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жарақтандыру, сондай-ақ санаториялық-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.

  Басым жобаларға кредит
беру және қаржылық
лизинг тетігіне
4-қосымша

Экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі

      Ескерту. Лизинг тетігі 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Экономикалық қызмет түрлерініңжалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

1.

Сүтті мал тұқымын өсіру

01410

2.

Құс шаруашылығы

01471

3.

Етті өңдеу және консервілеу

10110

4.

Ауылшаруашылығы құсының етін өңдеу және консервілеу

10120

5.

Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндіру

10130

6.

Сүт өңдеу және ірімшік жасау

10511

7.

Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндіру

10910

8.

Тоқыма талшықтарын дайындау және иіру

13102

9.

Ағаштан шпон, фанералар, тақтайлар және панельдер өндіру

16210

10.

Қағаз және картон өндіру

17120

11.

Бедерленген қағаз және картон өндіру

17211

12.

Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын өндіру

17220

13.

Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар өндіру

20151

14.

Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру

20200

15.

Бояулар, лактар, эмальдар және оларға арналған минералды пигменттер өндіру

20301

16.

Сабын және жуу, тазалау және жылтырату құралдарын өндіру

20410

17.

Басқа химиялық өнімдер өндіру

20599

18.

Фармацевтикалық препараттар өндіру

21201

19.

Жұмсақ жабындық және гидрооқшаулау материалдарын өндіру

23993

20.

Отыруға арналған орындықтарды және басқа да жиһазды қоспағанда, офистер мен сауда кәсіпорындары үшін жиһаз өндіру

31012

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2018 жылғы 11 желтоқсандағы
  № 820 қаулысымен
  бекітілген

Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің жол картасы

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 952 қаулысымен.

Р/с №

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ИДМ, АШМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2018 жылғы желтоқсан

2

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ЖАО, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

2018 жылғы желтоқсан

3

Екінші деңгейдегі банктердің Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде берілетін қаражатты мақсатты пайдалануына талдау жүргізу қағидаларын бекіту

ҰЭМ, Әділетмині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша)

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

2018 жылғы желтоқсан

4

Басым жобаларға қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу үшін ЕДБ-нің ұзақ мерзімді теңгелік өтімділігін қамтамасыз ету

ҰБ (келісім бойынша)

Үкіметке ақпарат

2019 жылғы шілдеден бастап әр жартыжылдық негізінде

5

Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде бөлінетін ЕДБ-нің ұзақ мерзімді теңгелік өтімділігінің мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету

Қаржымині, ИИДМ, АШМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша)

ҰЭМ-ге ақпарат

2019 – 2020 жылдардағы шілде, желтоқсан

6

Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің жол картасы шеңберінде бөлінетін ЕДБ-нің ұзақ мерзімді теңгелік өтімділігін мақсатты пайдалану жөнінде есеп ұсыну

"Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша), ЕДБ (келісім бойынша)

ҰЭМ-ге ақпарат

тоқсан сайын

7

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсыну бөлігінде 2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар

ҰЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Даму" АҚ (келісім бойынша)

Қаржыминіне ұсыныс

2018 жылғы желтоқсан

8

Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне субсидиялар беру бөлігінде 2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар

АШМ, ҰЭМ, ЖАО

Қаржыминіне ұсыныс

2018 жылғы желтоқсан

9

Жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсыну

ИИДМ, АШМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша)

ҰЭМ-ге ақпарат

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне қарай

10

Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде бөлінетін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті ЖКС-нің мақсатты пайдалануын мониторингтеу бойынша есеп беру

АШМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша)

ҰЭМ-ге ақпарат

тоқсан сайын

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АӨК

– агроөнеркәсіптік кешен

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

– "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

"Даму" КДҚ" АҚ

– "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

ЕДБ

– екінші деңгейдегі банктер

ИИДМ

– Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі".

ҰЭМ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

АШМ

– Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Әділетмині

– Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Қаржымині

– Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҰБ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ЖАО

– жергілікті атқарушы орган

ЖКС

– жеке кәсіпкерлік субъектісі