Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысымен бекітілген |
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.11.2019 № 875 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған және бұдан бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған Бағдарламаға қатысушылар, оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның қорытындысы бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы беріледі.
5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-бөлім. Терминдер мен анықтамалар
6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган;
2) бастапқы бизнес (стартап жоба) – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген кезде бір жылдан кем уақытты құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес жобалары;
3) жаңа бизнес-идея – бастапқы бизнесті іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама;
4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы, халықты жұмыспен қамту орталығы және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптарына сәйкес кәсіпкерге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша мемлекеттік грант беріледі.
5) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъекті;
6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3-бөлім. Бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру шарттары
7. Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.11.2019 № 875 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.11.2019 № 875 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға қатысушыларға бір рет беріледі.
12. Мыналар Бағдарламаға қатысушылардың жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуының міндетті шарттары болып табылады:
1) "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы комиссияның оң шешімінің болуы;
2) Бағдарлама шеңберінде оқуды аяқтағаны және бұрын, салалық шектеусіз жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржылық қолдау алмағаны туралы құжаттың болуы.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау үшін атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен құрамы кемінде 5 адамнан тұратын комиссияны құрады.
Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Жергілікті атқарушы органдар мен "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері комиссияның төрағасы бола алмайды.
Комиссияның хатшысы комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісу бойынша отырыстар өткізілетін орынды, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелерін алдағы отырыс туралы хабардар етеді, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді.
Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Комиссия отырысында комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп саналады.
Отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, Комиссияның шешімі қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
14. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер Бағдарламаға қатысушы (немесе оның нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкілі) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу үшін тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);
3) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;
4) кәсіпкердің Бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кәсіпкердің атынан өтініш беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған) көшірмесі;
6) тұратын тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы).
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініштер мен осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алу үшін үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оларды комиссияның қарауына жібереді және бір жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді (еркін нысанда).
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуға үміткер кәсіпкер осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды нақты кемшіліктерін көрсете отырып, бес жұмыс күні ішінде пысықтау үшін кәсіпкерге қайтарады.
Құжаттардың пысықталған топтамасы белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда халықты жұмыспен қамту орталығы үміткерге оның жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуға арналған өтінішінің тізімге енбегені туралы хабарлама жібереді.
Үміткер жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуға үміткерлердің тізіміне енбегені туралы хабарлама алғаннан кейін хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң халықты жұмыспен қамту орталығына қайта жүгіне алады.
16. Комиссия халықты жұмыспен қамту орталықтарынан құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды, мемлекеттік грант беру (бермеу) себептерін көрсете отырып, қорытындылар дайындайды және комиссия қорытындысына қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру туралы тиісті қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.
Комиссияның қорытындысында бизнес-идеялардың енгізуге әзірлігі туралы ақпарат (өндірісті ұйымдастыру мәселесінің пысықталуы) көрсетіледі.
Қорытынды беру үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы комиссия қажет болған жағдайда, мемлекеттік грант алуға үміткер адамдармен жеке әңгімелесу өткізеді не қосымша құжаттарды сұратады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Халықты жұмыспен қамту орталығы комиссия қорытындысын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
18. "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы комиссия қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығымен және кәсіпкермен шартқа қол қояды.
19. Халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік гранттар алған Бағдарламаға қатысушылар туралы мәліметтерді орналастырады.
20. Халықты жұмыспен қамту орталығы шарт жасасқан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алушының ағымдағы банктік шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады және мемлекеттік грант алған Бағдарламаға қатысушы туралы деректерді ауданның (қаланың) салық органына жібереді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20-1. Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның нысаналы пайдаланылуын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды.
Ескерту. Қағида 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.4-бөлім. Мемлекеттік гранттарды іске асыру мониторингі
21. Мемлекеттік гранттардың мақсатты пайдаланылуына мониторингті "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы жүргізеді.
22. "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы шарт жасасқан күннен бастап он екі ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік қызмет көрсетуге (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) жәрдемдеседі.
23. "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесі күніне қарай халықты жұмыспен қамту орталығына және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілген мемлекеттік гранттар жөнінде:
1) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алған адамдардың саны туралы;
2) құрылған жұмыс орындарының саны туралы;
3) сатып алынған инвентарьдың, еңбек жабдықтарының, техникалық жабдықтардың саны, түрлері туралы;
4) мемлекеттік гранттың мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу нәтижелері туралы;
5) мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде кәсіпкерлердің бастапқы бизнесті орындау жөніндегі қызметі туралы;
6) кәсіпкерлердің шарт талаптарын орындауы жөнінде ақпарат қамтылған бастапқы бизнесті іске асыру туралы есепті жолдайды.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.24. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және халықты жұмыспен қамту орталығын көрсетілген факті туралы жазбаша хабардар етеді.
"Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұсынған ақпараттың негізінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі шағын кәсіпкерлік субъектісімен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдайды, одан кейін өз шешімі туралы "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді.
25. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы аудан (қала) әкімімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мақсатсыз пайдаланылған мемлекеттік грант қаражатын қайтару жөнінде іс-шаралар өткізеді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуға өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беруді сұраймын.
Өтінішке Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 14-тармағына сәйкес құжаттар қоса беріледі.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Барлығы _________________ құжат ___________________парақта.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты мынаған беруді сұраймын:
1. Жобаның атауы ______________________________________________.
2. Жобаның болжамды құны _______________ мың теңге.
3. Қажетті мүкәммалдың, еңбек құралдарының, технологиялық жабдықтың, жануардың, малдың, құстың сипаттамасы
____________________________________________________________________.
Мемлекеттік грант беру шарттарымен таныстым.
Күні қолы ----------------------------------------------------------------------------------------------- (кесу сызығы)
Азамат (ша) _____________________________________________ өтініші 20__ жылғы "___" ____________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:_________________________________________________
_________________ _______________Күні қолы
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.12.2018 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия):
1. Комиссия төрағасы _______________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2. Комиссия мүшесі__________________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
3. Комиссия мүшесі _________________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
4. Комиссия мүшесі __________________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
5. Комиссия мүшесі __________________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
6. Комиссия мүшесі __________________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
7. Комиссия мүшесі __________________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
8. ____________________________________________________________
9. ____________________________________________________________
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуға үміткер
___________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
өтінішін және ұсынған құжаттарын қарап,
Комиссия мынадай шешім қабылдады:
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Комиссия негіздемесі (бастапқы бизнестің енгізуге әзірлігі туралы, жаңа жұмыс орындарын құру туралы) _______ парақта.
Комиссия төрағасы |
Комиссия хатшысы |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
____________________________ Күні