Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары";
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігін айқындайды.
2. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
3. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған Бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.
10. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуға өтініш;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Комиссия халықты жұмыспен қамту орталықтарынан құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды, мемлекеттік грант беру (бермеу) себептерін көрсете отырып, қорытындылар дайындайды және комиссия қорытындысына қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру туралы тиісті қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.
Комиссияның қорытындысында бизнес-идеялардың енгізуге әзірлігі туралы ақпарат (өндірісті ұйымдастыру мәселесінің пысықталуы) көрсетіледі.
Қорытынды беру үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы комиссия қажет болған жағдайда, мемлекеттік грант алуға үміткер адамдармен жеке әңгімелесу өткізеді не қосымша құжаттарды сұратады.";
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның мақсатты пайдаланылуын растайды.";
23-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде кәсіпкерлердің бастапқы бизнесті орындау жөніндегі қызметі туралы;";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуға өтініш
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беруді сұраймын.
Өтінішке Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 14-тармағына сәйкес құжаттар қоса беріледі.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Барлығы _________________ құжат ___________________парақта.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты мынаған беруді сұраймын:
1. Жобаның атауы ______________________________________________.
2. Жобаның болжамды құны _______________ мың теңге.
3. Қажетті мүкәммалдың, еңбек құралдарының, технологиялық жабдықтың, жануардың, малдың, құстың сипаттамасы
____________________________________________________________________.
Мемлекеттік грант беру шарттарымен таныстым.
Күні қолы ----------------------------------------------------------------------------------------------- (кесу сызығы)
Азамат (ша) _____________________________________________ өтініші 20__ жылғы "___" ____________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:_________________________________________________
_________________ _______________Күні қолы
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия):
1. Комиссия төрағасы _______________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2. Комиссия мүшесі__________________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
3. Комиссия мүшесі _________________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
4. Комиссия мүшесі __________________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
5. Комиссия мүшесі __________________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
6. Комиссия мүшесі __________________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
7. Комиссия мүшесі __________________________________________; тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
8. ____________________________________________________________
9. ____________________________________________________________
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуға үміткер
___________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
өтінішін және ұсынған құжаттарын қарап,
Комиссия мынадай шешім қабылдады:
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Комиссия негіздемесі (бастапқы бизнестің енгізуге әзірлігі туралы, жаңа жұмыс орындарын құру туралы) _______ парақта.
Комиссия төрағасы |
Комиссия хатшысы |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
____________________________ Күні