ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының "5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген бөлімінің "5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту" деген кіші бөлімі 5.2.2-тармағының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері және 5.2.3-тармағының екінші, он төртінші және он бесінші бөліктері қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 875 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2023 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігін айқындайды.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
8. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.".
3. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 63, 361-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген |
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы
2. Кіріспе
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
6. Қажетті ресурстар
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы | Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы; |
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша. |
Мақсаты | Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту |
Міндеттері |
1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. |
Іске асыру мерзімдері | 2017 – 2021 жылдар |
Нысаналы индикаторлар |
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі: |
Қаржыландыру көздері және көлемі |
1) республикалық бюджеттен қаражат: |
2. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, табысы орташадан жоғары деңгейдегі елдер тобына кірді.
Мұндай орнықты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін анағұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздар мен нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылдық жерлердегі санын азайтуға мүмкіндік берді.
Осы проблемаларды шешу үшін "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының (бұдан әрі – ЖЖК 2020 бағдарламасы) шеңберінде 2011 жылдан бері жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және табысы аз тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына тарту жөніндегі шаралар белсенді түрде іске асырылды. ЖЖК 2020 бағдарламасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарының ("2009 және 2010 жылдардағы жол карталарының" кадрларды жұмыспен қамту және қайта даярлау стратегиясы) қисынды жалғасы болды әрі дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін қамтыды.
Еңбек нарығын дамыту және халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет алдына жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту жөнінде міндет қойды.
Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капиталдың сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулы болуын қамтамасыз ету "Қазақстан – 2050" Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму басымдықтары ретінде айқындалды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс деп атап өтілді.
Жолдауда жастардың барлық санатын қолдаудың толық кешенді шараларын қамтитын әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құру тапсырылды.
Осыған байланысты Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "Еңбек" бағдарламасы) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктілікті меңгерудің тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға, сондай-ақ "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыруға бағдарланған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамытуға баса назар аударылды, сондай-ақ іс жүзінде мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалғаны аталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін "Еңбек" бағдарламасы жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ көпбалалы аналарды үйде айналысуды қоса алғанда, микро және шағын бизнеске тарту жөніндегі ережелермен толықтырылды.
2.1. Осы "Еңбек" бағдарламасында мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ӨКП) – жергілікті деңгейде қаржылай емес қолдау операторы;
2) аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы "Еңбек" бағдарламасын және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
3) "АШҚҚҚ" АҚ – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы;
4) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
5) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыссыздарды олардың жалақысын субсидиялай отырып жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны;
6) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
7) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені;
8) әлеуметтік студенттік кредит – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде студенттер жүзеге асыратын әлеуметтік бағытталған және республикалық бюджет қаражаты есебінен материалдық көтермеленетін қоғамға пайдалы қызмет көлемінің бірыңғай өлшем бірлігі;
9) "Еңбек" бағдарламасының операторлары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
10) бастапқы бизнес (стартап жоба) – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте бір жылдан аз уақытты құрайтын "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың бизнес жобалары;
11) білім беру ұйымы – оқу орны және/немесе оқу орталығы, оның ішінде жұмыс берушілер жанындағы немесе дербес;
12) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын және өтемақы төлемін ұсынып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
13) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;
14) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;
15) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмыс беруші жұмсаған шығындардың бір бөлігін өтеу;
16) "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасы – "Жас кәсіпкер" жастар кәсіпкерлігін дамыту арқылы жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және 100/200 қағидаты бойынша "Жас маман" еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын жоба;
17) жас отбасы – ерлі-зайыптылардың екеуі де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не баланы (балаларды) жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы;
18) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
19) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
20) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, еңбек делдалдығын көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
21) жұмысқа орналастыру бойынша жеке онлайн алаң – жұмыс іздеуге және персонал таңдауға арналған жеке сервис;
22) жұмыс істеп жүрген кәсіпкер – ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ/МҚҰ/КС кредит/микрокредит алу үшін өтініш берген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан көп уақытты құрайтын кәсіпкер;
23) зәкірлік кооперация – шаруа (фермер) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бар басқа да үміткерлердің ауыл шаруашылығы өнімін өсіру және оны кепілді өткізу мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің орта және ірі субъектілерімен жасаған азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзіміне қарамастан соның негізіндегі әріптестік;
24) кәсіптік ақпараттандыру – еңбек нарығындағы ахуал, меңгерген мамандығы бойынша жұмысқа орналасу, қайта оқытудан өту, біліктілігін арттыру мүмкіндігі туралы ақпарат ұсыну;
25) кепілгер – кепілдіктерді беруге уәкілетті "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы ("ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ), "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
26) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша кредитор алдында кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;
27) кепілдік шарты – кепілгер, кредитор және қарыз алушы арасында кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органдар бекітетін нысандар бойынша жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
28) кредитор – микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/кредиттік серіктестіктер/ "АШҚҚҚ" АҚ;
29) кредит/микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктер (КС)/ "АШҚҚҚ" АҚ ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шарттарында кредит желісінің жаңартылмайтын кредитін/микрокредитін ұсыну туралы шарт бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға беретін қарыз қаражаты;
30) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
31) қаржылай емес қолдау операторы – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – "Атамекен" ҰҚП);
32) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлықтан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері;
33) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;
34) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;
35) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы – жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге жұмысқа орналастыруға бағытталған жоба;
36) микрокредит беру ұйымы – кепілдіктерді беруге уәкілетті "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы ("ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ), "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
37) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
38) мобильді оқу орталығы – практиканы қамтамасыз етумен және конструкциялық элементтер мен жабдықтарды оқу орнына тасымалдау мүмкіндігімен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын көшпелі оқу орталығы;
39) нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жұмыспен айналысатындар және/немесе біліктілігі төмен еңбекпен айналысатындар;
40) оқу орны – жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
41) оқу орталығы – міндетті түрде өндірістік практиканы ұйымдастырып, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым;
42) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) "Еңбек" бағдарламасын және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы жанындағы ведомствоаралық комиссия;
43) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес жасайтын адам;
44) скрининг – қаржылық емес қолдау операторы "Атамекен" ҰКП аудандық деңгейде әлеуетті тауашалар мен перспективалы бағыттарды анықтау бойынша өткізетін маркетингтік зерттеу;
45) субсидиялау жөніндегі оператор – ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган;
46) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);
47) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрларды және орта буын мамандарын даярлауды көздейтін бөлігі;
48) үміткер – жұмыссыз адам, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары қатарындағы адам, NEET санатындағы жастар, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасы мүшесі, еңбекке қабілетті мүгедек, ісін жаңа бастаған/ісін жаңа бастаған жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары, қызмет мерзіміне қарамастан зәкірлік кооперацияға қатысушылар;
49) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
50) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кредиторға кредит/микрокредит/кепілдік алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын жиырма тоғыз жасқа дейінгі (қоса алғанда) дара кәсіпкер;
51) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – ЕДБ/"АШҚҚҚ" АҚ/МҰ/КС-ке кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын кәсіпкер;
52) NEET санатындағы жастар – әлеуметтік және экономикалық сипаттағы белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастар;
53) нәтижелі жұмыс орны – жалақысы/табысы өңір/сала бойынша орташадан жоғары, тұрақты немесе үш айдан астам істеуге болатын уақытша жұмыс орны.
3. Ағымдағы ахуалды талдау
Қазақстанның еңбек нарығында соңғы 10 жылда (2008 – 2018 жылдары) оң серпін байқалады. 2008 жылмен салыстырғанда жұмыс күші санының 8,6%-ға өсуімен бірге жалдамалы жұмыскерлердің саны 27,2%-ға ұлғайтылды. Жұмыссыздардың саны 114 мың адамға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың саны 575 мың адамға азайды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 0,7 пайыздық тармаққа немесе 6,6%-дан 4,9%-ға дейін төмендеді.
Бұл ретте көрсетілген кезеңде жас жұмыс күшінің (15–28 жастағы) 10,1%-ға азайғаны байқалады, бұл шамамен 233,8 мың адам.
2010 – 2018 жылдар аралығындағы кезеңде жастардың экономикалық белсенділігінің деңгейі біршама жоғары (44 %) болды, алайда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдеріндегі 47 %-дық орташа көрсеткішке қарағанда аз.
2018 жылдың қорытындысы бойынша елде 15–28 аралығындағы жастардың экономикалық белсенді бөлігі (жұмыс күші) 2 087,6 мың адам, оның ішінде 2 007,9 мың адам (96%-ы) жұмыспен қамтылғандар, оның 1 536,6 мыңы немесе 76,5%-ы жалдамалы жұмыскерлер, 471,3 мыңы (23,5%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Республика бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құраса, жастар жұмыссыздығы 3,8%-ды немесе 79,7 мың адамды құрады.
Сонымен қатар, еңбек нарығына, сол сияқты экономиканың одан әрі өсуіне әсер ететін мынадай жүйелі проблемалар сақталуда:
1) еңбек ресурстары сапасының еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі.
2015 – 2017 жылдары жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар жұмыс күшінің үлесі 38 %-ды құраса, онда техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің үлесі 2015 жылғы 38 %-дан 2018 жылы 42%-ға дейін өскен.
Бұл ретте 2015 жылғы 24 %-дан 2016 жылы 22,6 %-ға дейін төмендегеніне қарамастан негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі жоғары болып отыр.
Қазіргі уақытта білім беру жүйесі еңбек нарығы үшін жастарды даярлаудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейді.
Мәселен, 2018 жылы мектептердің 11-сыныбын 143,1 мың адам бітірген, оның 20,3 мыңы (14,2%-ы) колледждерге, 75,4 мыңы (53%-ы) ЖОО-ларға түскен, 7,6 мыңы (2,1%-ы) шетелге кеткен, 11 мыңы (7,6%-ы) жұмысқа орналасқан, 494 адам (0,3%-ы) Қарулы Күштер қатарына шақырылған.
Он бірінші сыныптардың түлектері арасында 28 мың адам (19,6%-ы) оқуларын жалғастырмай, біліктіліксіз қалды.
2018 жылы техникалық және кәсіптік білімі (бұдан әрі – ТжКБ) бар түлектердің саны – 143,1 мың адамды құрады, оның 14,3 мыңы (10%-ы) ЖОО-ларда оқуларын жалғастыруда, 97,4 мыңы (68%-ы) оқу бітірген жылы жұмысқа орналасқан, ал 24,5 мыңы (17%-ы) оқуларын жалғастырмаған және жұмысқа орналаспаған. Бастапқыда оқуға түскен 23,2 мың адам оқуларын аяқтамай, оқудан шығып қалған, яғни біліктіліксіз қалған.
2018 жылы ЖОО-лардың бакалавр бағдарламалары түлектерінің саны 130,8 мың адамды құрады, оның 98,9 мыңы (75,6%-ы) оқу бітірген жылы жұмысқа орналасқан, ал 31 мыңы (23,7%-ы) оқуларын жалғастырмаған және жұмысқа орналаспаған. Сондай-ақ бастапқыда оқуға түскен 12 мың адам оқуларын аяқтамай, оқудан шығып қалған, яғни біліктіліксіз қалған.
2017 – 2018 оқу жылының басында оқудан шығып қалған студенттердің 20%-ы қаржылық қиындықтарға байланысты оқуларын аяқтамаса, ал 19%-ы оқу үлгерімі нашарлығы себебі бойынша немесе оқу тәртібін бұзғаны үшін (7%), ішкі тәртіп қағидаларын және оқу орнының жарғысын бұзғаны үшін (12%) оқуларын аяқтамаған. Студенттердің 39%-ы белгісіз себептермен (өз қалауы бойынша немесе басқа себептермен) оқудан шығарылған.
Осылайша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ғана жалпы алғанда 55,5 мың жастар біліктіліксіз қалған, ал ТжКБ мен ЖОО-лардың 54,2 мың түлегі оқу бітірген жылы жұмысқа орналаспаған.
Бұл ретте еңбек ресурстары біліктілігінің еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес келмеуінен жыл сайын жұмыс берушілер мәлімдеген 20 мыңға жуық бос жұмыс орнына ешкім орналаспайды.
Ел кәсіпорындарына ұлттық сарапшылар жүргізген сауалнамалар кадрларға қажеттіліктің 73%-ға жуығы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға тиесілі екенін көрсетті.
Болжамды бағалауға сәйкес 2025 жылға қарай 15–24 жас аралығындағы еңбекке қабілетті жастардың саны 446 мың адамға, 2017 жылғы 2 399 адамнан 2 845 мың адамға дейін өседі деп күтілуде. Осы жастардың еңбек нарығына сәтті интеграциялануы үшін оларға қазірден бастап өзекті, сапалы білім беру қажет және сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету қажет.
Білім беру жүйесінен жыл сайын еңбек нарығына шығатын 15–24 жас аралығындағы жастардың саны 2025 жылға дейін орта есеппен 3 %-ға өсетін болады. Ал 2025 – 2030 жылдар аралығындағы кезеңде 2000-шы жылдардың соңындағы бала туудағы серпіліс кезеңінде дүниеге келген балалардың өсуі әсерінен жылына 5 %-ға дейін тез өседі деп күтілуде.
Осыған байланысты жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге қолжетімділігін қамтамасыз ету, жұмыс берушілермен әріптестікте, әсіресе, NEET санатындағы жастар үшін жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, мансаптық консультациялар беру және еңбек қызметінің бастапқы кезеңдерінде дамыту, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы біліктіліктер санаттары бойынша ересек тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын арттыру қажет;
2) нәтижесіз жұмыспен қамтылу.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2015 жылғы 2,3 млн. адамнан (жұмыспен қамтылған халықтың 27 %-ы) 2018 жылы 2,1 млн. адамға (23 %) дейін қысқарды. Қызметін тіркемей жүзеге асыратын немесе табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны соңғы үш жылда 66 %-ға – 2015 жылғы 330,9 мың адамнан 2016 жылы 301,2 мың адамға дейін және 2017 жылы 217,7 адамға дейін қысқарды.
2017 жылы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі негізінен ауыл шаруашылығында шоғырланған (58 %), мұнда еңбек өнімділігінің ең төмен деңгейі байқалады (жан басына шаққанда 1402 мың теңге). Халықтың табыс деңгейі экономика салаларындағы еңбек өнімділігінің деңгейімен тікелей байланысты.
Білім мен кәсіптік дағдылардың жеткіліксіздігі едәуір өнімді әрі табысты жұмыс орындарына қолжетімділікті шектейді. Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың 49,1 %-ында тек негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімдері бар.
Нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықты өнімді экономикалық қызметке тарту экономикалық белсенділіктің өсуіне және олардың табыстарының артуына ықпал етеді;
3) өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздік.
2015 жылы солтүстік өңірлер тұрғындарының саны 2 946 мың адамды құраса, ал 2017 жылы – 2 934 мың адамды құраған, яғни 12 мың адамға қысқарған. Ал оңтүстік өңірлерде халықтың саны 186 мың адамға – 2015 жылғы 6 564 мың адамнан 2017 жылғы 6 750 мың адамға дейін өскен. Бұл ретте 2017 жылы солтүстік өңірлердің барлық тұрғындарымен салыстырғанда 15 жастан кіші тұрғындардың үлесі орта есеппен 19 %-ды, ал оңтүстік өңірлерде орта есеппен 34 %-ды құраған.
Ұлттық сарапшылар жүргізген болжамды бағалауға сәйкес еліміздегі тұрғындардың саны 2050 жылға қарай 24,5 млн. адамды құрайды. Бұл ретте ағымдағы үрдістер сақталғанда солтүстік өңірлердің тұрғындары 0,9 млн. адамға азайып, ал оңтүстік өңірлердегі тұрғындардың саны 5,3 млн. адамға өседі деп күтілуде. Оңтүстік өңірлерде халықтың орналасу тығыздығы солтүстіктен төрт есеге артық болады.
Сондықтан жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру бойынша шаралар қабылдаған жөн;
4) экономиканың жеке секторында өнімді жұмыс орындарының жеткіліксіз түрде генерациялануы.
Жұмыспен қамтуда мемлекеттік сектордың (мемлекеттік меншік үлесі 50%-дан артық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың) үлесі 2015 – 2017 жылдары жұмыспен қамтылған халықтың орта есеппен 25,4 %-ын құрады. Аталған көрсеткіш ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады, мұнда халықты жұмыспен қамту құрылымындағы мемлекеттік сектор үлесінің орташа мәні 18 %-ды құрайды.
ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда жұмыспен қамтамасыз етуде шағын және орта бизнестің (бұдан әрі – ШОБ) үлесі жеткіліксіз. ЭЫДҰ-да ШОБ кәсіпорындарында жұмыспен айналысатындардың орташа үлесі 64 %-ды құрайды, бұл Қазақстандағы деңгейден 1,4 есеге артық (45 %).
Осылайша, жеке секторда жұмыс орындарын құру үшін жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру қажет. Әлемнің дамыған елдерінің озық тәжірибесі микрокредит беруді дамыту жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ете отырып, кәсіпкерліктің тиімділігін және ауқымын арттыратынын көрсетеді.
Әлемдік практикада еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары пайдаланылады, олар еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), ақпараттық сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институттарының қызметін жетілдіру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Бұл экономикалық тұрғыдан нәтижелі жұмыспен қамту ықтималдығын арттыруды, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін көздесе, әлеуметтік тұрғыдан жұмыссыздықты қысқартуды, еңбек белсенділігінің өсуін және адами әлеуетті дамытуды көздейді.
Технологиялық жаңғырту бірқатар дәстүрлі салаларда еңбек ресурстарына сұраныстың төмендеуімен және жаңа салаларда сұраныстың өсуімен байланысты еңбек нарығындағы едәуір өзгерістерге алып келеді.
Цифрлық экономиканың талаптарын ескере отырып, жұмыс күшінің дағдылары мен біліктіліктеріне жаңа талаптар қойылады. Экономиканы сұранысқа ие кадрлардың заманауи және сапалы ұсынысымен және барлық азаматтарды қызмет түрін ауыстыру үшін барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін қайта даярлау, біліктілікті арттыру бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, еңбек ресурстарын жаңа экономиканың қажеттіліктеріне бейімдеу қажет.
Жаңа экономиканы өнімділіктің артуына, технологиялық жаңаруға және кәсіпорындар мен салалардың цифрлануына қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету еңбек нарығына білім беру жүйесінен жаңа білікті кадрлардың келуі есебінен, сондай-ақ жұмыс істейтін жұмыскерлерді оқыту арқылы жүзеге асырылады.
4. "Еңбек" бағдарламасының мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
4.1 Бағдарламаның мақсаттары
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
4.2 Міндеттер
"Еңбек" бағдарламасының мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай төрт бағыт бойынша жүргізілетін болады:
1) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;
2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту;
4) "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.
4.2.1. "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету
Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;
2) жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту;
3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау;
4) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту.
1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар (ТжКБ) кадрларды даярлау
1-кесте. Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша нәтижелер көрсеткіштері
Р/с№ | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орын-дауға жауап-тылар | ||||
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған адамдардың саны | мың адам | ЖАО есептері | 21,3 | 37,2 | 53,2 | 53,3 | 50,9 | БҒМ, ЖАО |
2 | Оқуды аяқтағаннан кейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі | % | ЖАО есептері | - | - | - | 60 | 60 | БҒМ, ЖАО |
2-міндет. Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.
2-кесте. Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері.
Р/с№ | Көрсеткіш атауы |
Өлшем | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орын-дауға жауап-тылар | ||||
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылған азаматтардың саны | мың адам | ЖАО есептері | 26 | 36 | 60 | 6 | 7 | Еңбекмині, ҰКП (келісу бойынша), ЖАО |
2 | Оқуды аяқтағаннан кейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасқан немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысатын түлектердің үлесі | % | ЖАО есептері | 55 | 57 | 60 | 75 | 80 | Еңбекмині, ҰКП (келісу бойынша), ЖАО |
3-міндет. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау.
3-кесте. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау нәтижелерінің көрсеткіштері.
Р/с№ | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орын-дауға жауап-тылар | ||||
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Техникалық және кәсіптік оқыту бойынша бөлінген гранттардың саны | бірлік | ЖАО есептері | 720 | 715 | 552 | - | - | БҒМ, ЖАО |
2 | Жоғары оқу бойынша бөлінген гранттардың саны | бірлік | ЖАО есептері | 3769 | 5089 | 5109 | 5116 | - | БҒМ, ЖАО |
4.2.2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Бұл бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:
1) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредиттер мен кепілдіктер беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;
3) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.
1-міндет. "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қамтамасыз ету.
4-кесте. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орын-дауға жауап-тылар | ||||
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдардың саны, оның ішінде: | мың адам | ЖАО есептері | 15 | 15 | 75 | 30 | 30 | ҰКП (келісу бойын-ша), ЖАО |
1.1. | NEET санатындағы жастар, жас отбасылардың, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер | мың адам | ЖАО есептері | - | - | 20 | 20 | 20 | |
2 | Бизнес ашқан және кеңейткен қатысушылардың үлесі, оның ішінде өткен жылдары кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен қатысушылардың есебінен | % | ЖАО есептері | 20 | 20 | 20 | 30 | 30 | АШМ, ҰЭМ, ЖАО |
2-міндет. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредиттер мен кепілдіктер беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.
5-кесте. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері.
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | ||||
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің көлемі, оның ішінде | млн. теңге | ЖАО есептері | 30 114 | 54 070 | 74 070 | 52570 | 52570 | ҰЭМ, АШМ, ЖАО, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ (келісу бойынша), "Даму" КДП" АҚ (келісу бойынша) |
1.1 | әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға | млн. теңге | ЖАО есептері | - | - | 10 000 | 10 000 | 10 000 | ҰЭМ, АШМ, ЖАО, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ кредит бойынша (келісу бойынша), "Даму" КДП" АҚ (келісу бойынша) |
2 | Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің саны, кемінде, оның ішінде: | бірлік | ЖАО есептері | 5 800 | 14 000 | 19 000 | 13 294 | 13 294 | ҰЭМ, АШМ, ЖАО |
2.1 | жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар, жастар қатарындағы кәсіпкерлер, жас табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер, кемінде | бірлік | ЖАО есептері | - | - | 5000 | 5000 | 5000 | |
3 | Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кепілдіктердің саны, кемінде | бірлік | ЖАО есептері | 752 | 690 | 820 | 846 | 873 | ҰЭМ, АШМ, ЖАО, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ кредит бойынша (келісу бойынша), "Даму" КДП" АҚ (келісу бойынша) |
4 | Ауылдық елді мекендердегі және шағын қалалардағы, қалалар мен моноқалалардағы қаржыландырылған бастапқы бизнестің үлесі, кемінде | % | ЖАО есептері | 20 | 20 | 20 | 30 | 30 | ҰЭМ, АШМ, ЖАО |
4.2.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту
Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:
1) жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.
1-міндет. Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
6-кесте. Жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | ||||
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан "Еңбек" бағдарламасына тартылған адамдардың үлесі | % | ЖАО есептері | 75 | 92,3 | 92,8 | 93 | 93,3 | Еңбекмині, ЖАО |
2 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі | % | ЖАО есептері | 65 | 67 | 70 | 72 | 75 | Еңбекмині, ЖАО |
3 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар құрамына қосылған әйелдердің үлесі | % | ЖАО есептері | 45 | 45 | 45 | 46 | 48 | Еңбекмині, ЖАО |
4 |
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген жастардың қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан | % | ЖАО есептері | 60 | 65 | 68 | 70 | 75 | Еңбекмині, ЖАО |
5 | Жастар практикасына қатысушылардың саны | мың адам | ЖАО есептері | 12,7 | 16,0 | 24,6 | 20,8 | 21,7 | Еңбекмині, ЖАО |
6 | "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысушылар саны | мың адам | ЖАО есептері | 0,5 | 0,6 | ||||
7 | "Алғашқы жұмыс орны" жобасына қатысушылар саны | мың адам | ЖАО есептері | 1 | 1,5 | ||||
8 | Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың саны | мың адам | ЖАО есептері | 11,3 | 21,3 | 12,4 | 12,0 | 12,3 | Еңбекмині, ЖАО |
9 | Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру шеңберінде құрылған жұмыс орындарының саны | мың орын | ЖАО есептері | 60,6 | 61,2 | Еңбекмині, АШМ, ҰЭМ, ЖАО | |||
10 | Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алған адамдардың саны, оның ішінде: | мың адам | ЖАО есептері | - | 3,0 | 28,5 | 8,6 | 8,8 | Еңбекмині, ЖАО |
10.1 | Жастардың, көпбалалы және/немесе табысы аз отбасы мүшелерінің, еңбекке қабілетті мүгедектердің саны | мың адам | ЖАО есептері | - | - | 9,5 | 6,0 | 6,5 |
2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
7-кесте. Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша нәтижелер көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | ||||
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған оралмандар мен қоныс аударушылардың саны | мың адам | ЖАО есептері | 2,7 | 6,6 | 8,9 | 6,0 | 6,3 | Еңбекмині, ЖАО |
2 | Әлеуметтік мақсатты қамтамасыз ету үшін демалыстағы жұмыскерлерді қоспағанда, еңбекке қабілетті оралмандар мен қоныс аударушылардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың, оқуға жіберілгендердің кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу шараларымен қамтылғандардың үлесі | % | ЖАО есептері | 90 | 92 | 94 | 95 | 96 | Еңбекмині, ЖАО |
3-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.
8-кесте. Электрондық еңбек биржасын дамыту бойынша нысаналы көрсеткіштер
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | ||||
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасқан тіркелген жұмыс іздеушілердің үлесі | % | ЖАО есептері | 43 | 25 | 35 | 40 | 45 | Еңбекмині, "ЕРДО" АҚ (келісу бойынша) |
2 | Тіркелген жұмыс іздеушілердің саны | мың адам | ЖАО есептері | 0 | 70 | 500 | 520 | 550 | Еңбекмині, "ЕРДО" АҚ (келісу бойынша) |
3 | Тіркелген жұмыс берушілердің саны | мың адам | ЖАО есептері | 11 | 95 | 160 | 165 | 170 | Еңбекмині, "ЕРДО" АҚ (келісу бойынша) |
4.2.4 "Жастар - ел тірегі" ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру
Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:
1) "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау;
2) "Жас кәсіпкер" жастар кәсіпкерлігін дамыту.
1-кесте. "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | ||
2019 | 2020 | 2021 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | "100/200" қағидаты бойынша жаңғыртудан өткен ЖОО мен колледждердің саны | бірлік | ЖАО мен ЖОО есептері | 90 | 110 | БҒМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП, "ҚДБ-Лизинг" АҚ (келісу бойынша) |
2-кесте. "Жас кәсіпкер" жастар кәсіпкерлігін дамыту
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | ||
2019 | 2020 | 2021 | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған ТжКБ және ЖОО студенттерінің саны | мың адам | ЖАО мен ЖОО есептері | 100 | 100 | БҒМ, ЖАО, ҰКП (келісу бойынша) | |
2 | Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" шеңберінде берілген гранттардың саны | бірлік | ЖАО есептері | 200 | 200 | 200 | ҰЭМ, Еңбекмині, ЖАО |
4.3 Нысаналы индикаторлар
"Еңбек" бағдарламасының 2021 жылы қол жеткізілетін нысаналы индикаторлары:
1) жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады;
2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 %-дан аспайды;
3) нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 10,2 %-дан аспайды;
4) белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі 10 %-ды құрайды.
Р/с № | Нысаналы индикаторлар: | Өлшем бірлігі |
Ақпарат | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | Орындауға жауаптылар |
1 | 2 | 4 | 3 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Жұмыссыздық деңгейі | % | Статистикалық деректер | 4,9 | 4,9 | 4,8 | 4,8 | 4,8 | Еңбекмині, ЖАО |
2 | Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі | % | Статистикалық деректер | 25 | 24 | 23 | 22 | 20 | БҒМ, ЖАО |
3 | Жұмыспен қамтылған халықтың басқа санаттары құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі | % | Статистикалық деректер | 15 | 10,3 | 10,3 | 9,5 | 9,0 | Еңбекмині, ЖАО |
4 | Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі | % | Статистикалық деректер | 3 | 5 | 7 | 9 | 10 | ҰЭМ, ЖАО |
5. "Еңбек" бағдарламасының негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
5.1. Бірінші бағыт: "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағытында мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;
2) жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту;
3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау;
4) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік даярлау.
"Еңбек" бағдарламасының бірінші бағытының техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау мәселелері бойынша операторы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі; жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік даярлау мәселелері бойынша операторы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.
5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне сәйкес тегін беріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан, ағымдағы және өткен жылғы 9-11-сыныптардың түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар болып табылады.
ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
Қатысу шарттары, кадрларды даярлау тетігі, стипендиямен және жол жүру ақысымен қамтамасыз ету және жобаға қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
ТжКБ бар кадрларды даярлауды жүзеге асыруға арналған оқу орындарының және мамандықтардың тізбесін, оқу орындары бойынша орындарды бөлуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша өңірлік комиссия бекітеді.
Мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – "ЕРДО" АҚ) және ӨКП-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін талдау мен болжау ескеріле отырып айқындалады.
ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15-2) тармақшасына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес білім беру мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша біліктіліктер мен мамандықтар тізбесінің негізінде айқындалады.
ТжКБ оқу орындары мыналар:
1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы;
2) ТжКБ саласында білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша кемінде үш жылдық тәжірибесі болған кезде тізбеге енгізіледі.
ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру үшін аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әрбір республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалада, астанада, ауданның/қаланың кенттік, ауылдық округтерінде мобильді топтар құрылады.
Мобильді топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер кіреді.
Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мобильді топтардың қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мобильді топтар жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан, жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың, қалалар құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге асырады және олармен түсіндіру және кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді.
Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары қабылданған үміткерлер жөніндегі ақпаратты (Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, тұратын жерінің мекенжайы) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың үшінші күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде халықты жұмыспен қамту орталықтарына (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.
ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
5.1.2. Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыларды тездетіп алуға бағытталған.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша дуальды оқыту элементтері бар білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар болып табылады, олардың арасында NEET санатындағы жастардың, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылар мүшелерінің, еңбекке қабілетті мүгедектердің, қысқартылатын жұмыскерлердің басым құқығы бар.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшелігіне қарай алты айдан аспайтын мерзімді құрайды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту білім беру ұйымы әзірлеген және жұмыс берушілермен және ӨКП-мен келісілген білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жинақталуына қарай кіші топтарда жүзеге асырылатын болады.
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады.
Дуальды оқытуды пайдаланатын білім беру бағдарламалары теориялық оқытуды және кәсіпорынның (ұйымның) базасында кемінде алпыс пайыз өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздеуге тиіс.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін білім беру ұйымдары "Атамекен" ҰКП-ның ресми интернет-ресурсында орналасқан оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімінен айқындалады.
Білім беру ұйымдары мынадай талаптарға сәйкес келген кезде оқу орталықтары мен оқу орындарының тізіліміне қосылады:
1) тәлімгерлікпен дуальды оқыту элементтерін пайдалану;
2) оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік немесе сертификат бере отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу бойынша кемінде алты ай тәжірибесінің болуы не техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензияның болуы (кәсіпорындар немесе салалық қауымдастықтар жанындағы оқу орталықтары үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүргізу тәжірибесі талап етілмейді);
3) оқудан өткен адамдардың (Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді қызметке шақырылғандарды, бала күтіміне байланысты демалыста отырғандарды, қайта білім алып жатқандарды қоспағанда) жұмысқа орналасу деңгейі (тізбеге қосуға өтінім берген сәтте) кемінде 60 %-ды құрауы және міндетті зейнетақы жарналарының бар болуы негізінде айқындалады (жұмысқа орналасу деңгейі алдыңғы бір жылдан аспайтын кезеңде оқуды аяқтағаннан кейін үш ай өткеннен кейін тексеріледі);
4) өндірісте кемінде бір жыл кәсіптік практикалық жұмыс өтілі бар оқытушылардың болуы;
5) заманауи материалдық-техникалық базаның болуы;
6) ӨКП және жұмыс берушілермен келісілген қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламаларының болуы.
ӨКП ұсынысы бойынша оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімі жүйелі негізде өзектендіріледі.
Тізілімге енген оқу орталықтары мен оқу орындары халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өткен "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге құқығы бар.
Білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және ӨКП-ның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі әзірлеген әдістеменің негізінде білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып, өңірлік комиссиялар жыл сайын белгілейді және онда өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеу көзделеді.
Өндірістегі тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу және жұмысқа орналастыру қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін міндетті шарт болып табылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге, тұруға және медициналық тексеріп-қараудан өтуге материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өткен кезде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға тұруға (тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге) материалдық көмек төленбейді.
Оқу орталықтарында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін адамдарға стипендия мен материалдық көмекті халықты жұмыспен қамту орталықтары төлейді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға мынадай мөлшерде:
1) облыс шегінде, бірақ "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында оқыған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде жол жүруге;
2) "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында оқыған уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруға ай сайын – 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарда, "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың тұрақты тұратын жерінен тыс елді мекендерде орналасқан білім беру ұйымдарында 5 АЕК мөлшерінде;
3) оқудың барлық кезеңінде медициналық тексеріп-қараудан өтуге 2 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай, білім беру ұйымы берген сабаққа келуі туралы анықтаманың негізінде төленеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары халықты жұмыспен қамту орталықтарының есептері негізінде ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күніне "ЕРДО" АҚ-ға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту барысы туралы есеп береді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту
Оқыту үшін біліктіліктер мен дағдылардың тізбесі жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылады.
Жұмыс беруші оқуға үміткерлерді халықты жұмыспен қамту орталықтарына, мобильді жұмыспен қамту орталықтарына және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне жүгінгендер, сондай-ақ бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысатындар және Электрондық еңбек биржасында тіркелгендер қатарындағы адамдардың ішінен таңдауға құқылы.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер мәлімдеген біліктіліктер мен дағдылар бойынша кәсіптік оқытуға жіберетін үміткерлер оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімінен білім беру ұйымын өз бетінше таңдайды.
Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша оқуды аяқтаған адамды жұмысқа орналастырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші оның жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы "Еңбек" бағдарламасына қатысушымен әлеуметтік келісімшарт жасасады, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен жұмыс беруші оның тараптары болады.
Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту
Еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы біліктілігін өздігінен алу мақсатында оқу ваучерін ұсыну көзделуде.
Оқу ваучері үміткерлерге білім беру ұйымдарын, оқу мазмұны мен мерзімдерін таңдау мүмкіндігін көздейді және атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделеді.
Өздігінен кәсіптік оқу үшін біліктілік таңдау халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие 100 сервистік және индустриялық кәсіптердің тізбесінен жүзеге асырылады.
Оқу ваучерінің құнына білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу процесінің шығыстары, "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға стипендия және жол жүруге, тұруға және медициналық тексеріп-қараудан өтуге материалдық көмек кіреді.
Үміткер оқу ваучерін алу үшін тұрақты тұратын жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығына немесе мобильді жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
5.1.3. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау
Жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қалаларының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасына қатысушылар болып табылады.
Жоба шеңберінде кадрларды даярлау алты өңірдің: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жоғары білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады. Жоғары білім беру жобасына қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
Жоба шеңберінде кадрлар даярлау алты өңірдің: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік оқу жобасына қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен, тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
Қаржыландыруды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Қатысу шарттары, кадрлар даярлау тетігі, жобаға қатысушыларды стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз ету және жобаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын жұмыс күші жетіспейтін өңірлердің білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары кадрларға қажеттілікті және кейін өңірде жұмысқа орналастыруды ескере отырып қалыптастырады. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурстық негізде жоғары оқу орындары арасында жүзеге асырылады.
Мамандықтардың, жоғары оқу орындарының тізбесі және жоғары оқу орындары бойынша білім беру гранттарын бөлу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Мамандықтар мен біліктіліктердің, ТжКБ оқу орындарының тізбесін және мемлекеттік білім беру гранттарын қалыптастыруды және бөлуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жоба шеңберінде жүзеге асырады.
Мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, ӨКП-мен және "ЕРДО" АҚ-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығындағы қажеттіліктерін талдау мен болжауды ескере отырып айқындалады.
Оқу орындары жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы болса ғана тізбеге қосылады.
Кадрларды даярлау ұзақтығы білім беру бағдарламаларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес таңдалған мамандыққа және біліктілікке байланысты болады.
Жоба шеңберіндегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқуды аяқтағаннан кейін оқыған өңірінде кемінде үш жыл жұмыс істейді, бұл ретте олардың "Еңбек" бағдарламасының шеңберінде оқыған жері бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларына қатысуға құқығы бар.
Жұмыспен өтеу білім беру ұйымы, жұмыс беруші мен білім алушы арасындағы түлекті жұмысқа орналастыру туралы үшжақты шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Жас мамандарды бөлуді, жұмысқа жіберуді және жұмысқа орналастыруды білім беру ұйымдарының жолдамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) жүзеге асырады.
5.1.4. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, сондай-ақ еңбек ресурстарының ағынын басқару жөніндегі жол картасы шеңберінде қысқартылатын жұмыскерлер кәсіптік оқыту бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар болып табылады.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің өтінімі бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушының жұмыс орнын оқу аяқталғанға дейін сақтау шартымен жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілер еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуға халықты жұмыспен қамту орталығына кәсіптік оқытуға жіберілетін жұмыскерлер санын, кәсіптер тізбесі мен оқу нысанын көрсете отырып өтінім береді.
Өтінімге жұмыс берушілердің құрылтай құжаттары және жұмыскерлердің құжаттары қоса беріледі, олардың тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделген.
Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды жұмыс берушілер тікелей "Атамекен" ҰКП-ның тізіліміне қосылған кәсіпорындардың (ұйымдардың), оқу орталықтарының базасында, сондай-ақ заңды тұлғалардың әртүрлі өндірістік құрылымдарында немесе техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізеді.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие 100 сервистік және индустриялық кәсіптердің тізбесінен жүзеге асырылады.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту білім беру ұйымдары әзірлейтін және жұмыс берушілермен келісілетін қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары (курстары) бойынша жүргізіледі.
Қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары (курстары) жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларына негізделуі мүмкін.
Қайта даярлау және біліктілікті арттыру үшін білім беру ұйымдарының тізбесі оқу орталықтары мен оқу орындарының тізіліміне сәйкес айқындалады.
Бағдарламалардың ұзақтығы біліктіліктер мен дағдылардың ерекшелігіне қарай он айға дейінгі мерзімді құрайды.
Кәсіптік оқыту жұмыскерлердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруін ескере отырып:
жұмыс уақыты шегінде жұмыс орнында оқыту;
жұмыстан ішінара қол үзе отырып оқыту;
жұмыстан бос кезде (кешкі уақыт, демалыс күндері) оқыту сияқты әртүрлі нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.
Жұмыс берушілер еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлер қатарынан кәсіптік оқытудан өтуді қалайтындардың тізімін қалыптастырады.
Қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың өзгеруіне, еңбекті ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жұмыскерді еңбек жағдайларының өзгергені туралы хабардар етеді.
Жұмыскерді еңбек жағдайлары өзгергені туралы хабардар еткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскердің келісуі бойынша оны кәсіптік оқытуға арналған өтінімге қосады.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту бір адамға арналған оқу жоспарларының және бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне кететін шығыстарға қарай білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген кәсіптік оқыту курстары құнының кемінде 50%-ын жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы білім беру ұйымына кәсіптік оқыту курсы құнының 50%-дан аспайтын сомасын аударуды жүзеге асырады.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделген.
Еңбек ресурстарын онлайн оқыту
Ақпараттық технологиялардың дамуы аясында азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және адами капитал сапасын жақсарту, мамандарда жетіспейтін және сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру үшін Электрондық еңбек биржасы базасында онлайн оқыту іске қосылады.
Онлайн оқыту анағұрлым сұранысқа ие кәсіптік және "жайлы" дағдыларды игеру бойынша онлайн курстарды қамтитын болады. Онлайн курстарды халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, білім беру ұйымдарын тарта отырып әзірлейді.
5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту
"Еңбек" бағдарламасының екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді, оның ішінде зәкірлік кооперацияны және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы кеңейту;
3) ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;
4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі – қалалар мен моноқалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – "Бастау Бизнес" жобасын іске асыру және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру мәселесі бойынша "Еңбек" бағдарламасының екінші бағыты бойынша операторлар болып табылады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу шараларының қатысушылары болып табылады.
Мыналар:
1) ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;
2) мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;
3) зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;
4) сондай-ақ NEET санатындағы жастар;
5) табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;
6) ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;
7) қоныс аударушылар және оралмандар қатысуға басым құқыққа ие.
Мынадай:
1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына сәйкес мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;
3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар "Еңбек" бағдарламасының екінші бағытының қатысушылары бола алмайды.
5.2.1. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
"Бастау Бизнес" жобасы "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.
"Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттер үшін белгіленген мөлшерде стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Оқу процесінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін ұсынымдар мен кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдалған білім беріледі.
Қатысушылар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары туралы хабардар етіледі.
Әлеуетті қатысушыларды хабардар ету мақсатында қаржылай емес қолдау операторының базасында арнайы Call-орталық қызмет етеді.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:
1) тестілеу;
2) бизнес-менторлық қағидат бойынша топтарда практикалық оқыту және дербес консультация беру немесе веб-портал арқылы қашықтықтан оқыту;
3) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық;
4) сату тізбесін жасауға жәрдемдесу (алдын ала шарттар жасасу);
5) бизнес-жобаны іске асыруды он екі айға дейін, ал табысы аз және/немесе көпбалалы отбасы мүшелерін он сегіз ай ішінде сүйемелдеу.
Оқу процесінің жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімді құрайды.
Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды.
"Атамекен" ҰКП "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқуға үміткерлердің тізімінен "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша және/немесе Atameken Academy ААЖ арқылы онлайн-өтінім беру арқылы ұйымдастырады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерді "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы нысаналы топқа сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады және үміткерге оқуға жолдама береді.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқытуға, оның ішінде статустарды өзектілендіру кезінде анықталған үміткерлердің тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ және Atameken Academy ААЖ арқылы қалыптастырады.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушы "Бастау Бизнес" жобасы бойынша үш жылда бір рет оқуға құқылы.
Оқу қорытындысы бойынша "Бастау Бизнес" жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат және оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) беріледі.
Бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу бизнес-жобаны іске асыру кезеңінде консультациялық қолдау көрсетуге бағытталған.
"Бастау Бизнес" жобасын қаржыландыру "Еңбек" бағдарламасының екінші бағытының операторы мен қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
"Бастау Бизнес" жобасы республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылған кезде, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасалады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған жағдайда, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен ӨКП-нің арасында тиісті шарт жасалады.
ӨКП ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың екінші күніне халықты жұмыспен қамту орталығына "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпарат ұсынады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында айқындалады.
5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау
Республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджеттер қаражатынан кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалалар мен қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға ұсынылады.
"Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті немесе кооперацияны дамыту жөніндегі жобаны іске асыруға қатысатын адамдар кредиттер/микрокредиттер алу үшін басым құқыққа ие болады.
Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған/ісін жаңа бастаған жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға берген жолдамасының болуы "Еңбек" бағдарламасына қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады.
МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ кредиттік келісім жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына ісін жаңа басатағандар/ ісін жаңа бастаған жастар және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер және зәкірлік кооперацияларға қатысушылар қатарындағы қызметін кеңейткен адамдар туралы ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.
Үміткерлер тікелей не ӨКП-ның аудандық филиалдары/қалалардың, аудандардың, ауылдық округтердің және елді мекендердің әкімдері арқылы мынадай құжаттарды:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелерін;
2) бар болса, кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы құжаттың (куәлік, сертификат) көшірмелерін қоса бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарына консультация алу үшін жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы тексерулер нәтижелері бойынша кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін екі жұмыс күні ішінде үміткерлерге жолдама береді.
Кредиттер/микрокредиттер алған "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуға мүмкіндік беріледі. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды және (немесе) құруды және жабдықтар сатып алуды ЖАО жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Кредиттер/микрокредиттер:
1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған/ ісін жаңа бастаған жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкердің қызметін кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу және зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін дамыту үшін;
2) қалалар мен моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің қызметін кеңейту үшін ұсынылады.
Микробизнес ашу үшін кредиттер/микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін не сертификат алған күннен бастап кредит/микрокредит алу үшін жүгінген күнге дейінгі соңғы отыз алты ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттары болса беріледі.
Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жобасы шеңберінде бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын бизнес-жобаларды қоспағанда, кредиттер/микрокредиттер алуға "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар басым құқыққа ие болады.
Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жобасы шеңберінде берілетін кредиттер/микрокредиттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.
Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жобасы шеңберінде
ЖАО-ға берілетін бюджеттік кредит "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға кредит беру/микрокредит беру үшін мынадай шарттарда беріледі:
1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері;
3) ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің үштен бірінен аспайтын мерзімде негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және ЖАО бюджеттік кредитті аударған кезден бастап есептеледі.
Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жобасы шеңберінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға – агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредиттер/микрокредиттер беру шарттары:
1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;
2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес айқындалады;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 %-дан аспайды;
4) кепілдікті қамтамасыз ету.
Кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі, бюджеттік кредиттің негізгі шарттары, қарыз алушыны кредитпен қамтамасыз ету тәсілдері, қарыз алушылардың санаттары, қарыздардың мерзімдері мен сомалары кредитордың шешімімен бекітіледі және бюджеттік кредит шартында көрсетіледі.
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) кредиттік өнімі бағдарламаның талаптары мен шарттарына сәйкес келуге тиіс.
Қарыз алушыларды сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма шартына сәйкес айқындайды.
Сенім білдірілген өкілдерге (агенттерге) "Еңбек" бағдарламасына қатысушының кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың кредитіне/микрокредитіне байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері кредитормен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс.
Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді, егер тапсырма шартында өзгеше көзделмесе, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлемінің мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.
Сенім білдірілген өкіл (агент) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға берілген кредиттер/микрокредиттер және оларды тапсырма шартында белгіленген нысанға сәйкес нысаналы пайдалану бойынша ақпарат (электрондық түрде портал арқылы/қолма-қол) ұсынады.
Кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын қатысушыларды және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысушыларды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде және шағын/моно қалаларда және қалаларда жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылар үшін кредиттер/микрокредиттер кемінде бір жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.
Жұмыскерлер санының жылдық орташа өсу серпінін айқындау үшін кредитор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алынған ақпаратты пайдаланады. Жұмыскерлер санының жылдық орташа өсу серпінін есептеу кезінде есептік кезең келесі қаржы жылының басы болып табылады.
Кредиттер/микрокредиттер басым тәртіппен аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға ұсынылады. Облыстық деңгейдегі ЖАО ӨКП-мен бірлесіп, аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасын әзірлейді және қажет болған кезде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізеді. Бұл ретте аудандар мен шағын қалалардың мамандану картасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісіледі, оларды ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары бекітеді.
Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)/кредиттік серіктестіктерге (КС)/ "АШҚҚҚ"АҚ-ға/ "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ ұсынылады.
Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы бизнесті дамыту үшін әлеуетті тауашалар мен перспективалы бағыттарды айқындау бойынша аудандық деңгейде өткізілетін маркетингтік зерттеу негізінде әзірленеді. Маркетингтік зерттеуді (скрининг әдісі бойынша) "Атамекен" ҰКП, қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді. Маркетингтік зерттеу аяқталғанға дейін аудандардың, шағын қалалардың бұдан бұрын бекітілген мамандану карталары қолданылады.
Микрокредит беру жөніндегі шараларды қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО арқылы республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша кредиттер/микрокредиттер "АШҚҚҚ" АҚ, сондай-ақ МҚҰ және кредиттеуге уәкілетті "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ арқылы кредиттеу бойынша қорландырылатын кредиттік серіктестіктер арқылы беріледі.
Қалалар мен моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер "Даму" КДҚ АҚ арқылы қорландырылатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ "АШҚҚҚ" АҚ арқылы беріледі.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға кредит/микрокредит беру мақсатында бюджеттік кредит ЖАО-ға мынадай шарттармен беріледі:
1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен жеті жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде бизнес-жобаларға микрокредит беру;
3) ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің үштен бірінен аспайтын мерзімде негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі алты айды құрайды және бюджеттік кредит ЖАО-ға аударылған кезден бастап есептеледі.
Кредиторлар ЖАО-мен жасалатын қарыз шарты сомасының кемінде 20% бастапқы бизнесті қаржыландыруға жолдайды.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушы жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің нысаналы бағытын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт жасаған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсатқа өзгертетін жағдайларды қоспағанда, кредиттер/микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, акцизделетін өнімдерді өндіруге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін (нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ) сатып алуға берілмейді.
Микрокредит беру ұйымының және "АШҚҚҚ" АҚ қатысуы, сондай-ақ бөлінетін сомалар туралы шешім облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Бір облыста бір мезгілде екі микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ қатысуына жол беріледі. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-лар микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға кредиттік келісімдер бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.
Микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға бюджеттік кредит беру шарттары:
1) кредит беру мерзімі – жеті жылдан аспайды;
2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 %;
3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚ" АҚ үшін – он екі ай;
4) нысаналы мақсаты – "АШҚҚҚ" АҚ үшін – "Еңбек" бағдарламасы шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымдары үшін – "Еңбек" бағдарламасы шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру.
МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:
1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану шарттарында жүзеге асырылады (қаржылық-орнықты микроқаржы ұйымдарын қоспағанда, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер үшін қарыз қаражаты микрокредит ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес қамтамасыз етумен беріледі);
2) кредит беру мерзімі – жеті жылға дейін;
3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – "Даму" КДҚ" АҚ үшін жылдық 1 %-ға дейін және "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ үшін жылдық 2 %-ға дейін;
4) игеру кезеңі – кредиттік келісім жасасқан күннен бастап шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде он екі ай, қалалар мен моноқалаларда алты ай, бірақ келесі қаржы жылының 1 наурызынан асырмай;
5) нысаналы мақсаты – "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру.
Микрокредит беру ұйымдарына/ЕДБ/МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:
1) кредит/микрокредит мерзімі – бес жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – жеті жылға дейін;
2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы:
ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 мың АЕК-ке дейін;
қалаларда, моноқалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) – 6,5 мың АЕК-ке дейін;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың АЕК-ке дейін;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;
4) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға "Еңбек" бағдарламасына қатысушының кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебімен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;
5) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;
6) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ және "Еңбек" бағдарламасына қатысушы арасындағы ауылдық елді мекендер мен шағын/моно қалаларда және қалаларда кредит/микрокредит беру туралы шарттарда кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын қатысушыларды қоспағанда, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылар үшін жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт міндетті түрде көрсетіледі;
7) қарыздың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Микрокредит беру қағидалары) сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысушы қызметінің бағыттары бойынша айқындалады;
Табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелеріне кредит/микрокредит беру шарттары:
1) кредит/микрокредит мерзімі– жеті жылға дейін;
2) қамтамасыз етудің болуына қарай кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы 8,0 мың АЕК-ке дейін;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4 %-дан аспайды;
4) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға "Еңбек" бағдарламасына қатысушының кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;
5) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі.
МҚҰ/КС/ ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен, аудандар мен шағын қалалардың мамандану карталарында көрсетілген қызметтің басым түрлері бойынша "Еңбек" бағдарламасының шарттарында келесі қаржылық жылының аяқталуына дейін және ЖАО-мен жасасқан қаражаттарды тарту туралы шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге соңғы қарыз алушыларға қайта микрокредит/кредит беруді іске асырады.
МҚҰ/КС/ ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ соңғы қарыз алушыларға кредит беру туралы шешімді өздігінен қабылдайды.
Көрсетілген мерзім өткенге дейін аталған қаражат игерілмеген жағдайда, МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ олардың тиісті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО-ға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ЖАО мен микрокредит беру ұйымы/ "АШҚҚҚ" АҚ арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын айдың үшінші күніне дейін, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/микрокредиттер және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.
Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО-ға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ЖАО мен микрокредит беру ұйымы/ "АШҚҚҚ" АҚ арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың үшінші күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/микрокредиттер және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО микрокредит беру ұйымдарының есептері негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту орталықтарына және "Еңбек" бағдарламасының операторларына:
1) кепілдік беруді және субсидиялауды ескере отырып, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру туралы;
2) кепілдік беруді ескере отырып, қалаларда және моноқалаларда микрокредит беру туралы;
3) құрылатын жұмыс орындары туралы ақпарат ұсынады.
"Еңбек" бағдарламасының операторлары ЖАО-дан алынған ақпарат негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат ұсынады.
Қалалар мен моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалалар мен моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидаларында айқындалады.
5.2.3. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы, қалалар мен моноқалалардағы кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру
Кепілдік "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға:
1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, кооперативтер құруға;
2) қалалар мен моноқалаларда жаңа шағын кәсіпорындар құруға, бар бизнесті кеңейтуге ұсынылады.
Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жобасы шеңберінде бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын бизнес-жобаларды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіруді – "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ, қалалар мен моноқалаларда – "Даму" КДҚ" АҚ жүзеге асырады.
Кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік бергені үшін ЖАО-дан алынатын комиссиялардың мөлшері ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кепілдік мөлшерінің 30%-ын, қалалар мен моноқалаларда – 20 %-ын құрайды.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушылар үшін кепілдік өтеусіз негізде ұсынылады.
Ісін жаңа бастаған/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 85 %-ынан аспайды, ал көп балалы және табысы аз отбасы мүшелері үшін кредит/микрокредит сомасының 95%-нан аспайды.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында мемлекеттік тіркелу мерзімі кредит/микрокредит алу үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ға жүгінген сәтте үш жылдан асқан жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперациялардың мүшелері үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 50 %-ынан аспайды.
Кепілдік берілуге тиіс кредит/микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды.
Кепілдік жүзеге асырылатын МҚҰ/КС/ЕДБ кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 6 %-дан, ал көпбалалы және/немесе табысы аз отбасы мүшелері үшін 4%-дан аспайды.
Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдікті қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен кепілгер арасындағы тиісті шартқа қол қою жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Облыстың бір әкімшілік аумақтық бірлігінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде екі кепілгерді тартуына болады.
"Еңбек" бағдарламасының шеңберінде кепілдік беру көлемі тиісті қаржы жылына жасалатын кепілдік шарттары бойынша комиссияларды төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
Кепілдік шартының жасалу фактісі бюджет қаражатын игерудің растамасы болып табылады.
Кепілдік шығарылған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кредиттің/микрокредиттің қолданылу мерзіміне беріледі.
Кепілгер Кепілдік беру қағидаларында және/немесе кепілдік шартында белгіленген жағдайларда кепілдік беруден бас тартуға құқылы.
Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жобасы шеңберінде бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын бизнес-жобаларды қоспағанда, ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.
Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жобасы шеңберінде бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын бизнес-жобаларды қоспағанда, қалалар мен моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібі мен шарттары кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалалар мен моноқалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.
5.2.4. Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау
МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялауды ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
МҚҰ-ның ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредиттер беруге арналған операциялық шығындары субсидиялауға жатады.
МҚҰ субсидия алушылар болып табылады.
Субсидиялар мынадай шарттар бойынша беріледі:
1) субсидия мөлшері "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ-дан алынған қорландыру қаражаты есебінен ауылдық жерлерде және шағын қалаларда МҚҰ берген микрокредиттің көлемінің 10%-ын құрайды;
2) субсидия ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ ұсынған, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ растаған қаражатты толық игеру көлемін субсидиялау бойынша бір уақытта МҚҰ-ға төленеді;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына сәйкес МҚҰ-ға ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін ЖАО ұсынған қаражаттың игерілуін субсидиялау жөніндегі оператор МҚҰ ұсынған құжаттар негізінде растауға тиіс;
4) субсидиялау мақсаты үшін "Еңбек" бағдарламасында көзделген мақсаттарға МҚҰ берген микрокредиттер ғана ескеріледі.
Бұрын берілген, олар бойынша МҚҰ операциялық шығындарына субсидия алған микрокредиттерден қайтарылған қаражат (негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша төлемдер) есебінен МҚҰ берген микрокредиттерді беруге арналған МҚҰ-ның операциялық шығыстары субсидиялауға жатпайды.
МҚҰ-ның операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған қаражатты бөлу туралы шешімді облыс әкімінің шешімімен құрылатын өңірлік комиссия (бұдан әрі – субсидиялау жөніндегі комиссия) қабылдайды, оның құрамына облыс әкімінің орынбасары – комиссия төрағасы, облыс әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің, субсидиялау жөніндегі операторлардың, ӨКП, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Субсидиялау жөніндегі комиссия консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
МҚҰ операциялық шығыстарын субсидиялау тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларында реттеледі.
5.2.5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру
Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік орта білім, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен, "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.
Табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер және жастар гранттар алуда басым құқыққа ие.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
Мемлекеттік гранттар қажетті инвентарьді, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға пайдаланылады.
Мемлекеттік грант тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй мүлкін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге және жалдау ақысы ретінде берілмейді.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушының мемлекеттік гранттарды бір рет қана алуға құқығы бар.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалады.
5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту
"Еңбек" бағдарламасының үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.
"Еңбек" бағдарламасының үшінші бағытының операторлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, қоныс аударушыларға тұрғын үй салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып табылады.
5.3.1. Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу мәселелері бойынша консультациялар;
2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға, оның ішінде мүгедектерге және азаматтардың жекелеген санаттарына жұмыс орындарын квоталау шеңберінде жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
4) жастар практикасын ұйымдастыру;
5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру;
7) алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыру ("Алғашқы жұмыс орны" жобасы);
8) зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыскерлерді кейін алмастырумен жұмысқа орналастыру ("Ұрпақтар келісімшарты" жобасы).
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау мынадай шараларды:
1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа орналасу, кәсіптік оқытудан өту немесе кәсіпкерлік бастамаларды алуға жәрдемдесу туралы кәсіптік хабардар етуді;
2) адамның жеке-психологиялық мінездемесінің, тұрмыс жағдайлары ерекшеліктерінің, кәсіптік білімінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығындағы қажеттіліктердің негізінде жұмыс орны мен кәсіп таңдауда кәсіптік консультацияны;
3) нақты кәсіп (мамандық) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған жекелеген санаттар, NEET санатындағы жастар, оралмандар, сондай-ақ студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.
Кәсіптік бағдарлауды жүргізу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидаларында айқындалады.
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ӨКП мен жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге де ұйымдарды тарту құқығымен халықты жұмыспен қамту орталықтары, оның ішінде мобильді жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.
Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға:
1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;
2) Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;
3) іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар, инвестициялық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;
4) халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына;
5) жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарына;
6) "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;
7) мүгедектерді және азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруға квоталанатын жұмыс орындарына;
8) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
Қажетті біліктілігі болмауынан жұмысқа орналаса алмай жүрген "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберіледі.
Орталық және ЖАО, ұлттық компаниялар мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жобаларға жұмысқа орналастыру үшін "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға құрылыс және реконструкциялау кезінде – жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеу
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар құрылатын жұмыс орындарына бағалау және талдау жүргізу мақсатында жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізеді.
Жұмыс орындарын құру көзделген мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобалар жұмыс орындарын құруға мониторинг объектісі болады.
Жұмыс орындарын құруға мониторинг Электрондық еңбек биржасында жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы арқылы іске асырылады.
Жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру үшін жауапты орталық және ЖАО жұмыс орындарының құрылуына мониторингті жүзеге асыру және жұмыс орындарының құрылуы туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында айқындалады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
Заңның 20-бабы 2-тармағының 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар басымдыққа ие болады.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос жұмыс орындарынан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы он екі айдан аспайды.
Көпбалалы және/немесе табысы аз отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелеріне, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға да үйде әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылады.
Бос жұмыс орны пайда болған кезде жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша және қатысушының келісімімен тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсалған жұмыс беруші шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидия беру жолымен республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін берілетін өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін ЖАО дербес белгілейді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленетін еңбекақысының қалған бөлігін жұмыс беруші ай сайын еңбек шартында белгілеген мөлшерге байланысты нақты орындалған уақыт үшін жүргізеді.
Жұмыс беруші "Еңбек" бағдарламасына қатысушының еңбекақысының субсидияланатын бөлігін көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына жалақысының жарты бөлігін төлеу туралы мәліметті ұсынады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысының субсидияланатын бөлігін халықты жұмыспен қамту орталығы еңбек шартында белгіленген жалақы мөлшеріне байланысты жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде ай сайын жүргізеді және "Еңбек" бағдарламасына қатысушының екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы шотына (карточкалық) ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылады.
Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.
"Еңбек" бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына азаматтардың қатысу шарттары мен оларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Жастар практикасын ұйымдастыру
Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған және жиырма тоғыз жасқа толмаған жұмыссыздарға арналған.
Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы төлейтін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы алты айдан аспайды.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары түлектердің білім беру ұйымдарында меңгерген кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.
Жастар практикасына қатысу жұмыссыздар үшін халықты жұмыспен қамту орталығына Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
Бос жұмыс орны пайда болған кезде жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша және жастар практикасына қатысушының келісімімен тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда олармен жасалған тиісті шарт бұзылып, жұмыс берушілер жастар практикасына қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды бюджетке өтеуге тиіс.
Жастар практикасын қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай бойы жүзеге асырылады.
Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, республикалық немесе жергілікті бюджеттерден субсидиялаудың бір айдағы мөлшері жиырма бес айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау ЖАО-ның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
"Еңбек" бағдарламасы шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және жастар практикасын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытта болады.
Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмыссыздардың;
2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;
3) бос тұрып қалуға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқықты:
1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;
2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар пайдаланады.
Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.
"Еңбек" бағдарламасы шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру
Арнайы жұмыс орны мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын сақтау үшін оны құрған кезден бастап кемінде күнтізбелік он екі ай мерзімге құрылады.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын құруды жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жүзеге асырады.
Жұмыс беруші қалауы бойынша қолда бар жұмыскерлердің штат саны шеңберінде немесе жаңа (қосымша) штат бірлігін құру арқылы арнайы жұмыс орнын құруға құқылы.
Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды қалайтын мүгедектерге халықты жұмыспен қамту орталығы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс орындарына жолдама береді.
Жұмыс берушілердің арнайы жұмыс орындарын құрумен байланысты шығындарын субсидиялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары республикалық бюджет қаражаты есебінен бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) бюджеттерінде көзделген сомалар шегінде жүзеге асырады.
Қатысу шарттары және ұйымдастыру тәртібі және қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарында айқындалады.
Азаматтардың жекелеген санаттары үшін квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру
ЖАО мыналарды:
1) ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді;
2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;
4) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жыл сайын квоталар белгілейді.
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленеді.
Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын мүгедектер құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларында айқындалады.
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдар үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына тәуелсіз, ұйымның тізімдік санының пайыздық мәнінде белгілейді және жыл сайын қайта қарайды.
Жұмыс орындарын квоталау тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларында белгіленеді.
Азаматтардың жекелеген санаттарын квоталау шеңберінде жұмыс орындарына жолдауды халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
Алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыру ("Алғашқы жұмыс орны" жобасы)
Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыру шеңберінде еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларға қажетті еңбек дағдыларын беру және алғашқы жұмыс орнына бейімдеу мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды алғашқы жұмыс орнына орналастыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады ("Алғашқы жұмыс орны" жобасы).
"Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жиырма тоғыз жастан аспаған, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатарындағы жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар үшін жүзеге асырылады.
Алғашқы жұмыс орнына орналасуға оқуды аяқтағанына үш жыл болмаған көпбалалы және табысы аз отбасылардың, еңбекке қабілетті мүгедектердің қатарындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері басым құқыққа ие.
Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерді "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналастыру кәсіптік білім туралы дипломда көрсетілген немесе білім беру профилі жақын мамандыққа (кәсіпке) сәйкес жүзеге асырылады.
"Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналастыру барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
"Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім және бос жұмыс орындарының болуы, қосымша жұмыс орнын құру мүмкіндігі туралы мәлімет ұсынады.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны кемінде жиырма төрт айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың бірінші жылы үшін еңбекақыны субсидиялайды.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
Қаржыландыру жергілікті бюджеттердің есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, жергілікті бюджеттен субсидиялаудың бір айдағы мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Үміткерлер "Алғашқы жұмыс орны" жобасына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш береді.
Жұмыс берушілер белгіленген тәртіпті бұзған жағдайда олармен жасасқан тиісті шарт жұмыс берушілер "Алғашқы жұмыс орны" жобасына қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды бюджетке өтеумен бұзылуға тиіс.
"Еңбек" бағдарламасы шеңберінде азаматтардың қатысу шарты және "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен жұмысқа орналастыру ("Ұрпақтар келісімшарты" жобасы)
Заңға сәйкес халықты жұмыспен қамтудың қосымша шараларын іске асыру шеңберінде жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналастыруды зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен жұмысқа орналастыруды ("Ұрпақтар келісімшарты" жобасы) ұйымдастырады.
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасуға жастар, көпбалалы және/немесе табысы аз отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер басым құқыққа ие.
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналастыру барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім мен бос жұмыс орындарының болуы, қосымша жұмыс орнын құру мүмкіндігі туралы мәліметтерді ұсынады.
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны кемінде он сегіз айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың алты айы үшін еңбекақы төлеуді субсидиялайды.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
Жұмыс беруші алты ай өткеннен кейін халықты жұмыспен қамту орталығын зейнеткерлік жасқа жеткен және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын жұмыскердің лауазымына (бос жұмыс орнына) ауыстыру туралы хабардар етеді.
Қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатының есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, жергілікті бюджеттен субсидиялаудың бір айдағы мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Үміткерлер "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш береді.
Жұмыс берушілер белгіленген тәртіпті бұзған жағдайда олармен жасасқан тиісті шарт жұмыс берушілер "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды бюджетке өтеумен бұзылуға тиіс.
"Еңбек" бағдарламасы шеңберінде азаматтардың қатысу шарты және "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды ерікті түрде қоныс аудару мынадай бағыттар бойынша:
1) өңіраралық қоныс аудару – жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жұмысқа орналастыруға және/немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу бойынша міндеттемелермен жүзеге асырылады.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-дан артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 адамнан асатын шығу өңірлері болып айқындалған.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды қабылдау өңірлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады;
2) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына жүзеге асырылады.
Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:
Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға арналған өңірлік квотасы бекітілгеннен кейін ЖАО ұсыныстары және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы этникалық қазақтар мен оралмандардан келген өтініштердің негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді.
Ақпаратта кәсіптер (мамандықтар) көрсетіліп, өңірдің еңбек ресурстарына қажеттіліктері, қоныс аударушыларды және оралмандарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылымның мүмкіндіктері мен бар болуы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық ресурсқа орналастыру арқылы аталған ақпаратқа басқа өңірлердің ЖАО-ның қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Шығу өңірлерінің ЖАО-лары жыл сайын өңіраралық ерікті қоныс аударуға қатысу үшін әлеуетті қоныс аударушылардың санын айқындайды және оларды қабылдау өңірлері және қабылдау шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Шығу және қабылдау өңірлері шығу өңірлерінде бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру, қоныс аударушылар мен оралмандардың қажетті саны, еңбек нарығындағы ахуал, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шарттары туралы ақпаратты ұсыну және қабылдау өңірлеріне танысу мақсатында баруды ұйымдастыру арқылы өңіраралық ерікті түрде қоныс аудару бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.
Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер болып табылады.
Мыналар:
1) жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алты жас пен жиырма үш жас аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберіндегі түлектер;
2) оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
3) жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
"Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасына қатысушылар қатарындағы түлектер, сондай-ақ оралмандар шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысады және оқуды аяқтағаннан кейін оқу орны бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысу үшін өтінім береді.
Шығу өңірлерінен қабылдау өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:
1) мемлекеттік қызметшілерге;
2) ҚР ҰК 01-2017 қызметтер сыныптауышының тоғызыншы тобына жататын біліктілігі төмен жұмысшыларға;
3) жұмыс күшінің құрамына кірмейтін азаматтарға қолданылмайды.
Жаңа тұрғылықты жерінде ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;
3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер, сондай-ақ тұрғын үй сатып алу (құнын төлеп алу) және/немесе салу арқылы қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалдамалы тұрғын үй беруді;
4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;
5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберуді;
6) жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне сондай-ақ отбасылық жағдайына қарамастан жалғызбастыларға бір рет отыз бес АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек отағасына және әрбір отбасы мүшесіне беріледі.
Көшуге материалдық көмек "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді;
2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
бір адам үшін 15 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді.
Ерікті түрде қоныс аударғанда мемлекеттік қолдау шаралары "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне бір рет көрсетіледі.
Оралмандардың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға ұсынылған мемлекеттік қолдау шараларын тоқтатуға негіз бола алмайды.
Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен оның жеке меншігіне тұрғын үй сатып алуы үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасыға бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.
Отбасыға жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде жүзеге асырылады.
Егер қабылдау өңірлерінде сатып алынатын тұрғын үйдің құны:
1) біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы "Еңбек" бағдарламасына қатысушыда қалады;
2) біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын "Еңбек" бағдарламасына қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.
Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс беруші кемінде бес "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны жұмысқа орналастыратын болса, оған кемінде үш жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК мөлшерінде субсидия беріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталығы, қатысушы және жұмыс беруші арасында үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда жұмыс берушінің жұмыскердің көшуі бойынша шығыстарды өтеуі, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына жәрдемақы беруі, жұмыскерге қызметтік тұрғын үй беру немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеуі, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеуі, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне ақы төлеу шығыстарын толықтай немесе ішінара өтеуі бойынша шарттары көзделеді.
Жұмыс берушілер қоныс аударушылар мен оралмандарға қолдау көрсетудің қосымша шараларын белгілей алады, олар әлеуметтік келісімшартта көрсетіледі.
Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.
Жұмыс берушіге субсидия берілген кезде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға көшуге және тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төленбейді.
Жұмыс берушілердің және ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуға қатысқысы келетін адамдардың "Еңбек" бағдарламасына қатысу, мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру, қаржыландыру және оны алу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында айқындалады.
Шығу өңірінде тұрақты тіркелген және жүгіну кезінде бір жыл ағымында тұрған және өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарындағы үміткерлер шығу өңірлерінің тұрғылықты тұратын жерлеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге "Еңбек" бағдарламасына қатысу тәртібі мен шарттары туралы және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультациялар береді.
Үміткерлер шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығына халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына сәйкес нысан бойынша және құжаттармен қоса өтініш береді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары бес жұмыс күні ішінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты отбасы құрамын, білімі, кәсібі, мамандығы туралы мәліметтерді көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жинақтау үшін жібереді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы қабылдау өңірлерінің жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына үміткерлердің жиынтық тізімін жолдайды.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы өңірлік комиссияның отырысында үміткерлердің тізімін қарайды және қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы шешім шығарылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органына өңірлік комиссия шешімінің көшірмесін жібереді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.
Үміткерде бірнеше қабылдау өңірінен өңірлік квотаға қабылдау туралы оң қорытынды болған жағдайда үміткер қабылдау өңірінің біреуін өз бетінше таңдайды және халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органды хабардар етеді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы үш жұмыс күні ішінде үміткердің таңдауы туралы қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органдарын хабардар етеді.
Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы үш жұмыс күні ішінде үміткерлердің тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе желінің абоненттік құрылғылары арқылы бес жұмыс күні ішінде үміткерді жаңа тұрғылықты жерінде қабылдауға дайындығы туралы хабардар етеді.
Хабарламаны алған соң үміткерлер көшуді өздері жүзеге асырады.
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу жөніндегі комиссияның шешімімен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енген оралмандар, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасының қатысушылары қатарындағы түлектер, сондай-ақ өз бетінше келгендер қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.
Үміткерлер көрсетілген елді мекенге келген соң қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес нысан бойынша және құжаттарды қоса берумен мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін құжаттар тапсырады.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың құрамына қабылдау өңіріне өз бетінше келген адамдар өтініш берген күніне дейін алты ай ішінде қосылады.
Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталығы бес жұмыс күні ішінде үміткерлерді "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың құрамына қосып, ерікті қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт жасасады.
Бір қабылдау өңірінің ішінде қоныстандыру ауданы/қаласы шегінен тыс бір елді мекеннен басқа елді мекенге қоныс аударған жағдайда, "Еңбек" бағдарламасына қатысушы тиісті халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді және жаңа тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік келісімшарт жасайды.
Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:
Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары.
Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе тұрғын үй сатып алу (құнын төлеп алу) және/немесе салу арқылы қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беруді;
3) жұмыс берушілердің қаражаттары есебінен тұрғын үй беруді;
4) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
5) жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналастыруды қамтиды.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет жиырма бес АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жеріне қоныс аударғаннан кейін ұсынылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударуға қатысу тәртібі мен шарттары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегіндегі ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалар тізбесінің жобасын өңірлік комиссияның қарауына шығарады.
Өңірлік комиссия жыл сайын, он бесінші қаңтарға қарай азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегіндегі ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың тізбесін бекітеді және оны халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтердің әкімдеріне жібереді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері ауылдардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың бекітілген тізбесіне сәйкес халық арасында ерікті түрде қоныс аудару мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмыстар жүргізеді.
Бір облыс шегінде қоныс аударуды жоспарлап отырған "Еңбек" бағдарламасына қатысқысы келетін адамдар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтер әкімдеріне жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері үміткерлерге "Еңбек" бағдарламасына қатысу тәртібі мен шарттары және көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультациялар береді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары бір аудан ішінде және облыс шегінде көшуді жоспарлап отырған үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысу тәртібі мен шарттары туралы консультациялар береді, құжаттарды қабылдайды, жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады, үміткерді "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың құрамына қосады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек" бағдарламасына қатысушымен әлеуметтік келісімшарт жасасады.
ЖАО халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражаттары есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздерден "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар үшін жатақханалар салуды және жатақханалар және/немесе тұрғын үй сатып алуды (құнын төлеп алуды) жүзеге асыра алады.
ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде қабылдау өңірлеріне жатпайтын өңірлерде бұрын салынған (сатып алынған) жатақханаларға және қызметтік тұрғын үйге қоныстану үшін "Еңбек" бағдарламасына әлеуетті үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың құжаттарын қатысуға іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды және бес жұмыс күні ішінде құжаттарды "Еңбек" бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді.
"Еңбек" бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия өтініш берушілерді "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде үміткерді хабардар етеді.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың тізіміне қосылған адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады, ол көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес растайтын құжаттардың негізінде халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға көшуге субсидиялар төлейді.
Салынған жатақханалар мен сатып алынған тұрғын үйлерге, оның ішінде ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды қоныстандыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушылар және ерікті түрде қоныс аударуды іске асыруға қатысатын жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылады.
Тұрғын үй сатып алу (құнын төлеп алу) және/немесе салу арқылы қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету
ЖАО қоныс аударушылар мен оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мыналарды:
1) тұрғын үй салуды, тұрғын үйді, оның ішінде өз қаражаты есебінен тұрғын үй салған жұмыс берушілерден сатып алуды (құнын төлеп алуды);
2) "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан объектілер бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді;
3) тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін жер учаскелерін бөлуді;
4) инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асырады.
Тұрғын үй құрылысы жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырылған кезде жүзеге асырылады, бұл ретте жұмыс беруші тұрғын үй құнының кемінде 15%-ын қоса қаржыландырады.
Қоса қаржыландыру туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету ЖАО-ға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылады. ЖАО осы міндетті іске асыру үшін жергілікті бюджет қаражатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерді тартуы мүмкін.
"Еңбек" бағдарламасы қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі ЖАО арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілердің тарапынан қоса қаржыландырған жағдайда ЖАО мен жұмыс беруші мынадай талаптарды:
1) тұрғын үйді бірлесіп салу тәртібін;
2) қоныс аударатын азаматтарды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды;
3) жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мөлшерін көздейтін ниет шартын жасасады.
Тұрғын үйлер салу кезінде жобаны белгілі бір жерге байланыстыру жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен мердігерді және объектінің түпкілікті құнын айқындағаннан кейін ЖАО-ның бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі, мердігер және жұмыс беруші тұрғын үй құрылысы және жұмыс берушінің осы құрылысты қоса қаржыландыру шарттары туралы үшжақты шарт жасасады.
Пайдалануға берілгеннен кейін тұрғын үй құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі ЖАО-ның теңгеріміне беріледі.
Тұрғын үйді салу кезінде халықты жұмыспен қамту орталығы, "Еңбек" бағдарламасына қатысушы және жұмыс беруші арасында үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, оның шарттарының бірі "Еңбек" бағдарламасына қатысушының жұмыс берушіде бес жыл бойы жұмыспен өтеуі болып табылады.
Әлеуметтік келісімшарт шарттарын, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйде 5 жыл тұрудың мерзімін бұзған кезде жалға алу төлемдерінің сомасы қайтарылмайды, ал тұрғын үй келесі "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға беріледі.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі ЖАО, жұмыс беруші және "Еңбек" бағдарламасына қатысушы арасында 20 жыл мерзімге тұрғын үй бере отырып, жалға алу шарты жасалады.
20 жылдық мерзім аяқталған соң "Еңбек" бағдарламасына қатысушы тұрғын үйді жекешелендіру шарттарынан бас тартқан жағдайда жалға алу шарты ұзартылады.
Әлеуметтік келісімшарт шарттары сақталған жағдайда, бес жыл тұру мерзімі аяқталған соң "Еңбек" бағдарламасына қатысушының мынадай талаптарды:
1) сатып алынған кездегі тұрғын үйдің баланстық құнынан қалған соманы біржолғы төлеммен енгізуді;
2) қалған соманы келесі он бес жыл ішінде тең үлестермен енгізуді (бұл ретте тұрғын үйдің құны бюджетке толық өтелгенге дейін ол қатысушының меншігіне әділет органдарында жылжымайтын мүлік ауыртпалығы салынып беріледі) сақтау шартымен тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың нақты тұрған кезеңінде төленген жалға алу төлемдерінің бұдан бұрын енгізілген сомалары тұрғын үй құнының есебіне қосылады.
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыға ЖАО және жұмыс берушілер есебінен қызметтік жалдамалы тұрғын үй берілген жағдайда тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар төленбейді.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді сатып алу (құнын төлеп алу) және бөлу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру тетігі, тұрғын үй беру, оған қоныстану және оны пайдалану тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында айқындалады.
5.3.3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту
"Еңбек" бағдарламасының аталған бағыты жұмыс іздеуге және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін Электрондық еңбек биржасын жасауды көздейді.
Электрондық еңбек биржасында:
1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы;
2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдардың дерекқорларындағы;
3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет-порталындағы (бұдан әрі – портал) деректер қамтылады.
"Еңбек нарығы" ААЖ жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, мониторинг жүргізу және есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қоса алғанда, ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған.
"Еңбек нарығы" ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады және онда жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыз адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары және NEET санатындағы жастар, жас отбасылардың, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек делдалдығын көрсету туралы мәліметтер қамтылады.
Қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру мақсатында "Еңбек нарығы" ААЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен (ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, СК АЖ, АХАЖ, МОДҚ, ҚР ІІМ) интеграцияланған, қажетті құжаттардың тізімі мен жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын қысқартады.
"Еңбек нарығы" ААЖ-ны қалыптастыруды өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган және халықты жұмыспен қамту орталықтары қамтамасыз етеді.
"Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы қалыптастырылған мәліметтер порталда еркін қолжетімділікте орналастырылады.
Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында жұмыс істейді және халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет көрсетуге арналған.
Портал "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы порталда жұмыс іздеушілер өз бетінше және жұмыс берушілер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері орналастыратын мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің түлектер дерекқорынан шығарылған мәліметтерді қоса алғанда, жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты шоғырландырады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар дерекқорларын жұмысқа орналастырудағы делдалдық бойынша қызметтер көрсету шеңберінде, сондай-ақ порталға еркін қолжетімділікте орналастырылатын мәліметтер есебінен олардың өздері дербес қалыптастырады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар өздерінің қалауы бойынша порталға жұмыс іздеушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты еркін қолжетімділікте орналастыра алады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері халықты жұмыспен қамту орталықтары порталда "жеке кабинет" арқылы өткізетін халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті тәжірибесі, материалдық және еңбек ресурстары болуға тиіс.
Аутсорсинг туралы шарт халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арасында жасалады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, шарттың үлгілік нысанын және халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Жұмыс іздеушілер туралы ақпаратты жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаң порталдан интеграциялау не жұмыс іздеуші туралы ақпаратты қолмен енгізу арқылы экспорттауы мүмкін.
Жұмыс берушілердің, жұмыс іздеушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің, жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
"Еңбек" бағдарламасының тетіктеріне сәйкес "Еңбек биржасы" ААЖ-ны қоса алғанда, Электрондық еңбек биржасын республикалық деңгейде сүйемелдеуді "ЕРДО" АҚ қамтамасыз етеді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының түлектері туралы деректерді (ағымдағы жылғы) Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына енгізуді білім беру саласындағы уәкілетті орган ЖАО-мен бірлесіп қамтамасыз етеді.
Электрондық еңбек биржасын қалыптастыруды және сүйемелдеуді қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.
5.3.4. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету
ЖАО осы "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті бюджет қаражатын мынадай жұмыстар мен объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға пайдалана алады:
1) әлеуметтік-мәдениет объектілерін (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу (сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі);
2) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңқайларын жайластыру);
3) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектелген басқа да топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, ағымдағы жөндеу;
4) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері).
ЖАО инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:
1) жаңа жұмыс орындарын құруды;
2) инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша тіркелген "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 50%-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, осы ауданда (қалада) тұратын "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге жібереді.
Іске асыру тәртібі мен шарттары
ЖАО жобаларды іріктеуді және іске асыруды:
1) пайдаланылмаған жергілікті бюджет қаражатының қалдығы және үнемдеу, бұл ретте бір жұмыс орнының құны жобалардың барлық түрі бойынша 3 млн. теңге лимитінен аспайды;
2) құрылыс саласында сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
3) жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған ақау ведомосінің, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемінің шығыстар сметасының болуы;
4) мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері және отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі;
5) елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттігі;
6) бірінші кезектілігі және өзектілігі;
7) жобаларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімдері;
8) құрылатын жұмыс орындарының саны және ұсынылған жобалар бойынша есептелген орташа айлық жалақының мөлшері;
9) жобаларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи-климаттық жағдайлары және басқа да ерекшеліктері негізінде дербес жүзеге асырады.
Бұл ретте "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар үшін көбірек жұмыс орындарын құратын және ұзақ мерзімді жұмыспен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық беріледі.
Құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштері жоқ және құны 3 млн. теңгеден асатын жұмыс орындарын құруды көздейтін жобалар іске асырылуға жатпайды;
10) ЖАО инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштерімен қоса, іріктелген инфрақұрылымдық жобалар бойынша жобалардың тізбесін ұсынады;
11) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға инфрақұрылымдық жобаларды және абаттандыруды іске асыру бойынша:
басталған (аяқталған) жобалардың саны, жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі;
құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық жалақысының мөлшері;
қаржыландыру көлемдері, бөлінген қаражаттың игерілуі және уақтылы игерілмеуінің себептері;
жол берілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер қамтылған есептерді ұсынады;
12) іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналасуға ниет білдірген және мүмкіндігі бар "Еңбек" бағдарламасына әлеуетті қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына "Еңбек" бағдарламасына қатысуға өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды:
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелерін;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін, уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімдердің анықтамасы) көшірмесін;
бар болса, білімі туралы құжаттың көшірмесін (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттарды (куәлік, сертификат) қоса береді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін ескере отырып, өтініш берушілерді "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылдайды және оларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді;
13) "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
5.4. Төртінші бағыт: "Жастар – ел тірегі" жалпыұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру
"Еңбек" бағдарламасының төртінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау";
2) "Жас кәсіпкер" жобасы шеңберінде жастар кәсіпкерлігін дамыту.
Кадрлар даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы NEET санатындағы жастардың экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында аудандарда аудандық комиссияның шешімімен мобильді топтар құрылатын болады.
Мобильді топтардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау үшін үміткерлердің тізімін қалыптастыру;
2) түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
3) коучинг жүргізу;
4) психологиялық қолдау көрсету;
5) кәсіптік бағдарлау тестін өткізу.
Мобильді топтардың құрамына білім беру, халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кәсіпкерлік палатасының, жастарды қолдау орталықтарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистенттер қатысады.
"Еңбек" бағдарламасына қатысуға ниет білдірген NEET санатындағы жастардың тізбесі аудандық комиссияның шешімімен бекітіледі және халықты жұмыспен қамту орталықтарына жіберіледі.
5.4.1. "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша
Елдің экономикасы мен өнеркәсібін дамыту алдыңғы қатарлы технологиялар бойынша және заманауи жабдықта жұмыс істеу дағдысы мен білімі бар жоғары білікті мамандарды талап етеді.
Білім беру ұйымдарында осындай технологиялар мен жабдықтардың болуы бәсекеге қабілетті мамандарды оқытуға және шығаруға мүмкіндік береді. Білім беру ұйымдарының өзекті проблемаларының бірі ағымдағы өндірістің талабына сәйкес келмейтін ескірген оқу жабдықтары, сондай-ақ түлектер біліктілігінің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі болып табылады.
"Жас маман" жобасы оқу жабдықтарын жаңғыртуға және халықаралық салалық стандарттар бойынша жоғары білікті мамандарды дайындауға жәрдемдеседі.
Жобаны іске асыру 2019 – 2021 жылдары өтеді.
"Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Жас маман" жобасы операторының функцияларын жүзеге асырады.
Неғұрлым сұранысқа ие және перспективалы 100 кәсіптің тізбесін өңірлер бөлісінде олардың дамуын ескере отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган колледждерді, ЖОО-ларды, жабдықтарды, оның ішінде кадрларды даярлау бейініне сәйкес шетелдік әріптестерді іріктеу үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жұмыс берушілер, салалық қауымдастықтар және басқа да тараптар мамандарының қатарынан "Жас маман" жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құрады.
Колледждер үшін жабдықтарды сатып алу республикалық бюджеттің есебінен, ЖОО-лар үшін лизинг тетігі арқылы немесе ЖОО-лардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Колледждер мен жоғары оқу орындарын, шетелдік әріптестерді, ұсынылатын жабдықтардың тізбесін іріктеу шарттары мен тетіктері, "Жас маман" жобасын іске асыруды қаржыландыру мен мониторингілеу мерзімдері "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Ерікті әлеуметтік бағдарланған, қоғамдық пайдалы қызметке тартылған жоғары оқу орындары студенттерінің үлесін арттыру
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде әлеуметтік студенттік кредит беру түрінде материалдық көтермелеу арқылы студенттерді қоғамдық пайдалы қызметке тарту.
Қоғамдық пайдалы қызмет балалар үйлерінде, арнайы мектептерде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, жастарға қызмет көрсету орталықтарында, жастар сарайларында, қарттар үйлерінде, емханаларда, ЖОО-ларда, мектептерде, колледждер мен басқа ұйымдарда жүзеге асырылатын болады.
Әлеуметтік студенттік кредит білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын студенттерге мынадай түрлері бойынша беріледі:
1) инклюзивті білім беру;
2) репетиторлық (қазақ тілі, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық);
3) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс;
4) аула және спорт клубтарын ұйымдастыру;
5) балалармен, қарт адамдармен және мүгедектермен әлеуметтік жұмыс;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін басқа да түрлер.
Студенттерге әлеуметтік студенттік кредиттің мынадай түрлері беріледі:
1) қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асырудың 20 сағатына ваучер – 20 000 теңге, сондай-ақ тиісті 2 академиялық кредит есепке алынады;
2) қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асырудың 50 сағатына ваучер – 50 000 теңге, сондай-ақ тиісті 5 академиялық кредит есепке алынады.
"Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы әлеуметтік студенттік кредитті ұйымдастыру бойынша оператор болып табылады.
Қоғамдық пайдалы қызметті ұйымдастыру үшін мыналарды:
1) студенттер үшін: жүйеде тіркелуді, олардың қоғамдық пайдалы қызмет түрін таңдауын және т.б.;
2) ЖОО-лар үшін студенттің статусын растайтын құжаттарды енгізуді және ЖББП циклының академиялық кредиттерін есепке алуды/алмауды және т.б. көздейтін "Әлеуметтік студенттік кредиттер" ақпараттық жүйесі жасалады.
Қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын студенттерге әлеуметтік студенттік кредит беру тәртібі, шарттары және оны сүйемелдеу білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде бекітетін салалық көтермелеу жүйесінде айқындалады.
Жастар практикасын ұйымдастыру
"Еңбек" бағдарламасы шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және жастар практикасын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
5.4.2 "Жас кәсіпкер" жастар кәсіпкерлігін дамыту
Жастар кәсіпкерлігін мақсатты мемлекеттік қолдау шағын орта бизнестің дамуына септігін тигізетін болады.
"Жас кәсіпкер" жобасы жыл сайын 100 мыңға дейін жас адамды қамти отырып, жастарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған.
"Жас кәсіпкер" жобасына қатысушылар жас кәсіпкерлер, жас отбасылардың мүшелері болып табылады.
Жастарды кәсіпкерлікке кеңінен тарту үшін "Жас кәсіпкер" жобасының шеңберінде мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2) ЖОО мен ТжКБ студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
3) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлер үшін мемлекеттік гранттар беру;
4) жастарға кредиттер/микрокредиттер беру;
5) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
ЖОО мен ТжКБ студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
Студенттерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ЖОО мен ТжКБ-да жүзеге асырылады, себебі дәл осы білім беру жүйесі қажетті білім, дағдылар және құзыреттіліктер береді.
ТжКБ мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының тізбесін жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
ЖОО мен ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларына кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары қосылады.
Колледждерде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту процесінің ұзақтығы факультативті сабақтардың есебінен 36 сағатты құрайды.
Колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қаржыландыру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тәртібі "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларында көзделеді.
"Еңбек" бағдарламасын институционалдық ұйымдастыру
"Еңбек" бағдарламасының іске асырылуы жоғарыдан төмен құрылыммен басқарылады, оның құрамына Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі – Ұлттық кеңес), "Еңбек" бағдарламасының операторлары, "Еңбек" бағдарламасын жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар ЖАО-лар кіреді.
"Еңбек" бағдарламасының іске асырылуын басқаруды:
республикалық деңгейде:
1) Ұлттық кеңес;
2) "Еңбек" бағдарламасының операторлары;
облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде:
1) "Еңбек" бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия;
2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті орган;
аудандық (қалалық) деңгейде:
1) Еңбек" бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия;
2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті орган;
3) кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.
Ұлттық кеңес мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) "Еңбек" бағдарламасының орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды және орталық органдар мен ЖАО-лардың "Еңбек" бағдарламасын, сондай-ақ тиісінше салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына "Еңбек" бағдарламасын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
"Еңбек" бағдарламасының операторлары өз құзыреті шегінде бір-бірімен және басқа да орталық және ЖАО-лармен өзара іс-қимыл жасай отырып:
1) "Еңбек" бағдарламасын нормативтік-құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
2) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар дайындайды;
3) "Еңбек" бағдарламасының бағыттары бойынша тетіктердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;
4) "Еңбек" бағдарламасының іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді және "Еңбек" бағдарламасының бағыттары бойынша қатысушылар және мемлекеттік қолдау шаралары туралы дәйекті мәліметтер беру үшін жауапты болады;
5) "Еңбек" бағдарламасының бағыттарын іске асыру тетіктерін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
6) ЖАО-лардан алынған ақпарат негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.
Өңірлік комиссия:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекітеді;
2) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың тізбесін бекітеді;
2) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және біліктіліктер бойынша орындарды бекітуді қамтамасыз етеді;
3) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және біліктіліктер бойынша орындарды бөлуді бекітеді;
4) білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын белгілейді;
5) МҚҰ операциялық шығындарын субсидиялауға қаражатты бөлу туралы шешім қабылдайды;
6) үміткерлер тізімін қарайды және қоныстандыру үшін елді мекенді көрсетумен өңірлік квотаға қабылдау не одан бас тартудың негiзделген дәлелдi себептерімен бас тарту туралы шешім шығарады;
7) ерікті түрде қоныс аударуды ұйымдастыру үшін облыс шегінде ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың тізбесін бекітеді.
Аудандық (қалалық) комиссия:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін бекітеді;
2) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды оқудан шығару және үміткерді бос орынға ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру жөніндегі мобильді топтарды құру туралы шешім қабылдайды.
4) "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасына қатысу үшін NEET санатындағы жастардың тізімін қалыптастыру жөніндегі мобильді топтарды құру туралы шешім қабылдайды;
5) отбасына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге бір жылға есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үй сатып алу үшін материалдық көмек сомасын біржолғы төлеу туралы ұсыным әзірлейді;
6) бір облыс шегінде қоныс аударуға қатысушыларды "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) "Еңбек" бағдарламасының бағыттарын іске асыруды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;
2) "Еңбек" бағдарламасының іске асырылуын мониторингілеуді қамтамасыз етеді;
3) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
4) "Еңбек" бағдарламасының басқа да операторларымен бірлесіп, "Еңбек" бағдарламасын нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеп, бекітеді;
6) "Еңбек" бағдарламасының басқа да операторларымен бірлесіп, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражат бөлу бойынша ұсыныстар дайындайды;
7) экономиканың кадрларға қажеттілігінің болжамын әзірлейді және оны мүдделі орталық атқарушы органдармен келіседі;
8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағытының іске асырылуын жалпы үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;
9) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
10) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жемісті аяқтаған "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналастырудың мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастырады;
11) білім беру саласындағы уәкілетті органмен және "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, нарықта сұранысқа ие 100 мамандықтың тізбесін бекітеді;
12) білім беру ұйымдарын тарта отырып, білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, барынша сұранысқа ие кәсіптік және "жайлы" дағдыларды игеру жөнінде онлайн курстар әзірлейді;
13) ақпараттық ресурста ақпаратты жариялау арқылы басқа өңірлердің ЖАО-ларына қолжетімдікті қамтамасыз етеді, ол кәсіптерді (мамандықтарды) көрсетумен өңірдің еңбек ресурстарына қажеттілігі, мүмкіндіктері және қоныс аударушылар мен оралмандарды, сондай-ақ олардың отбасыларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылымның болуы туралы мәліметті құрауға тиіс;
14) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жергілікті бюджет қаражатын бөлуді келіседі.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар:
1) өңірдің еңбек нарығындағы еңбек ресурстарына қажеттілікті талдауды және болжауды жүргізеді;
2) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;
3) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;
4) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқитын "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың мониторингін жүргізеді;
5) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
6) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды жергілікті бюджет немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асырады;
7) өңірлік деңгейде "Еңбек нарығы" ААЖ қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау бөлігінде "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағытын үйлестіруді және іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
2) "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағытының іс-шараларын іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
3) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және ТжКБ бойынша және "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлау жөніндегі шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
4) "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын бекітеді;
5) мамандықтардың, жоғары оқу орындарының тізбесін және жоғары оқу орындары бойынша білім беру гранттарын бөлу тәртібін бекітеді;
6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының түлектері туралы деректерді Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына жүктеуді қамтамасыз етеді;
7) "Жас маман" жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс комиссиясын құрады.
Білім беру саласындағы ЖАО:
1) мобильді топтар ұсынған деректердің негізінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
2) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарының, біліктіліктердің, мамандықтардың тізбесін қалыптастырады және тізімдерді аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлауды үйлестіреді және мониторингтеуді жүзеге асырады;
4) бірінші бағыт шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруға қаражатты орналастырады және қаржыландыруды жүзеге асырады;
5) ай сайынғы негізде білім беру саласындағы уәкілетті органға "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпарат береді.
Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы ЖАО:
1) жергілікті жерлерде тартылған барлық тараптардың "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
2) жергілікті бюджет қаражатын ТжКБ бар кадрларды даярлауға орналастырады;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;
4) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарының тізбесін, біліктіліктер мен мамандықтардың тізбесін қалыптастырады және оларды өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
5) аудандар және ауылдық округтер бойынша мобильді оқу орталықтарының шығу графигін қалыптастырады;
6) ай сайынғы негізде білім беру саласындағы уәкілетті органға ТжКБ бар кадрларды даярлау бөлігінде "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағытының іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.
Аудандық (қалалық) деңгейдегі ЖАО:
1) аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімі бойынша құрылған мобильді топтар ұсынған деректердің негізінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
2) аудандық (қалалық) деңгейде "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді және мониторингтеуді жүзеге асырады;
3) мобильді топтардың қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары:
1) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін ӨКП-мен бірлесіп, дуальды оқыту моделінің элементтерімен оқу бағдарламаларын әзірлейді;
2) цифрлық сауаттылық дағдыларына және ағылшын тілін оқыту бағдарламаларын әзірлейді;
3) дуальды оқыту моделінің элементтері бар ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламалары бойынша оқытуды жүргізеді;
4) халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқитын "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар туралы ақпарат ұсынады;
5) белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы құжаттарды (диплом, сертификат, куәлік) береді;
6) порталдағы жеке кабинет арқылы тұрақты негізде оқып жатқан, оқуды аяқтаған, оқудан шығарылған адамдар бойынша ақпаратты енгізуді жүзеге асырады. Аталған ақпарат порталдық шешім арқылы облыстық деңгейдегі білім және жұмыспен қамту саласындағы ЖАО-ларға, сондай-ақ мониторинг және есептілік құруды жүзеге асыру үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына қолжетімді болады.
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ЖАО:
1) микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;
2) кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдендіру шараларын іске асыру үшін қаржы қаражатын бөледі;
3) қалалар мен моноқалаларда кредит/микрокредит берудің іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
4) ай сайынғы негізде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті органға "Еңбек" бағдарламасының екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпарат береді.
Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО:
1) "АШҚҚҚ" АҚ және микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;
2) микрокредиттерді кепілдендіру және субсидиялау шараларын іске асыру үшін қаржы қаражатын бөледі;
3) ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит берудің іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
4) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;
5) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялау шеңберінде субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады;
6) ай сайынғы негізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға "Еңбек" бағдарламасының екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпарат береді.
"Атамекен" ҰКП және ӨКП:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша білім беру ұйымдарының, біліктіліктер мен мамандықтардың тізбесін, сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылардың тізбесін айқындауға қатысады;
2) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімін "Атамекен" ҰКП-ның интернет-ресурсында орналастырады;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын келіседі;
4) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша қаржылай емес қолдау операторы болып табылады;
5) мобильді оқу орталықтарын құруға, іске қосуға және іске асыруға қатысады;
6) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аудандардың және елді мекендердің мамандану карталарын әзірлейді;
7) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
8) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру/бермеу туралы қорытынды береді;
9) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алған "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды бір жыл бойы сүйемелдеуді жүргізеді;
10) "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасына қатысу үшін NEET санатындағы жастардың тізімдерін қалыптастыру жөніндегі мобильді топтарды үйлестіруді жүзеге асырады;
11) үйдегі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді;
12) нарықта сұранысқа ие 100 мамандықтың тізбесін келіседі.
Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері:
1) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті орган аудандық (қалалық) деңгейде "Еңбек" бағдарламасының бағыттары шараларының тиімді іске асырылуына жәрдем көрсетеді;
2) аудандық (қалалық) деңгейде "Еңбек" бағдарламасы шараларының іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
3) ӨКП-мен бірлесіп, аудандардың және елді мекендердің мамандану картасын айқындайды;
4) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды кәсіпорындарға, ұйымдарға және іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
5) жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты үйлестіреді;
6) кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдері:
1) елді мекендерде "Еңбек" бағдарламасы шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, халық арасында "Еңбек" бағдарламасына қатысу мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;
3) "Еңбек" бағдарламасына қатысуға ниет білдірген адамдарға консультациялар береді және қажеттілігіне қарай оларды халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ӨКП-ға/ЕДБ-ға/МҚҰ-ға жібереді;
4) мобильді топтардың құрамында ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыруға қатысады;
5) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді;
6) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
7) ауданның және елді мекендердің мамандану картасын дайындауға қатысады;
8) "Еңбек" бағдарламасының әртүрлі бағыттары бойынша қатысатын адамдарға мониторинг жүргізеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары:
1) "Еңбек" бағдарламасына қатысу мәселелері жөнінде азаматтарды хабардар етеді және консультациялық қызметтер ұсынады, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің қажеттілігін зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалайды, "Еңбек" бағдарламасына қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдайды;
2) тізім қалыптастырады және "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды білім беру ұйымдарына қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жібереді;
3) ӨКП-мен бірлесіп, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге көзделген қаржы қаражатын бөледі және ұсынады;
4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді;
5) оқу орталықтарында қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру бойынша ӨКП-мен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
6) ай сайынғы негізде порталдан деректерді жүктеу арқылы мониторинг жүргізеді және есепті айдан кейінгі айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ға оқып жүргендер жөнінде ақпарат береді;
7) "Еңбек" бағдарламасына қатысушылармен қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуын және шарттары орындалмаған кезде заңнамаға сәйкес санкциялардың қолданылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
8) "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналасу және міндетті зейнетақы жарналарының болуы тұрғысынан мониторингтеуді жүзеге асырады;
9) жергілікті еңбек нарығындағы кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізеді және айқындайды;
10) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
11) ӨКП-мен бірлесіп "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастырады;
12) жұмыс берушілермен жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді ұйымдастыру жөнінде өзара әрекеттеседі.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде "Еңбек" бағдарламасын іске асыру мәселесімен, жұмыс берушілермен, білім беру ұйымдарымен және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасауды үйлестірумен айналысатын өкілдіктері, бөлімшелері (немесе мамандары) болуы мүмкін.
Білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, кәсіпкерлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың осы "Еңбек" бағдарламасында көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыреттері білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, кәсіпкерлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың тиісті ережелеріне енгізілетін болады.
"Еңбек" бағдарламасын іске асыруға қажет ресурстар:
1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 347 965 мың теңге,
2018 жылы – 66 364 450 мың теңге, 2019 жылы – 86 631 960 мың теңге,
2020 жылы – 82764 282 мың теңге, 2021 жылы – 80 042 511 мың теңге көзделеді;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер қаражаты есебінен:
2019 жылы – 49 200 315 мың теңге.
3) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге, 2018 жылы – 45 311 093 мың теңге, 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге көзделеді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қосымша |
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Орындауға жауаптылар | Оның ішінде жылдар бойынша | Барлығы | Қаржыландыру көзі |
Бюджет | |||||||||
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | ||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | |||||
Мақсат. Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту | ||||||||||||||||||
1 | Жұмыссыздық деңгейі | % | * | * | Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, АШМ | 4,9 | 4,9 | 4,8 | 4,8 | 4,8 | * | |||||||
2 | Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, АШМ | 25 | 24 | 23 | 22 | 20 | * | |||||||
3 | Жұмыспен қамтылған халықтың жекелеген санатының құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, АШМ | 15 | 10,3 | 10,3 | 9,5 | 9,0 | * | |||||||
4 | Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі | % | * | * | ҰЭМ, АШМ, Еңбекмині, БҒМ | 3 | 5 | 7 | 9 | 10 | * | |||||||
Бірінші бағыт. "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету | ||||||||||||||||||
1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау | ||||||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіштері: | ||||||||||||||||||
1 | Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған адамдардың саны | мың адам | * | * |
БҒМ, | 21,3 | 37,2 | 53,2 | 53,3 | 50,9 | * | * | ||||||
2 | Оқуды аяқтағаннан кейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі | % | * | * |
БҒМ, | - | - | - | 60 | 60 | * | * | ||||||
Іс-шаралар | ||||||||||||||||||
1 |
Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру | Білім және ғылым министрінің бұйрығы | 2018 жылғы қараша | БҒМ, Еңбекмині, ҰКП (келісу бойынша), ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
1-1 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру | Білім және ғылым министрінің бұйрығы | 2020 жылғы қаңтар | БҒМ, Еңбекмині, ҰКП (келісу бойынша), ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
2 | Білім беру ұйымдарының, мамандықтардың, біліктіліктердің тізбесін және оқу орындары бойынша орындарды бөлуді бекіту | өңірлік комиссиялардың шешімі | жыл сайын 1 қыркүйекке дейін |
ЖАО, | талап етілмейді | |||||||||||||
3 | Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімдерін қалыптастыру жөніндегі мобильді топтар құру | аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімі | жыл сайын 1 наурызға дейін |
ЖАО, | талап етілмейді | 3 | ||||||||||||
4 | Мобильді топтардың оқу орындары мен мамандықтарды көрсете отырып, үміткерлердің тізімін жасауы | үміткерлердің тізімі | жыл сайын 23 тамызға дейін | ЖАО | талап етілмейді | 4 | ||||||||||||
5 | Қалыптастырылған тізімдерді аудандық (қалалық) комиссияның қарауына және бекітуіне ұсыну | аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімдері | жыл сайын 25 тамызға дейін | ЖАО | талап етілмейді | 5 | ||||||||||||
6 | Оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын бекіту | оқу жоспарлары мен бағдарламалары | жыл сайын 25 тамызға дейін | білім беру ұйымдары | талап етілмейді | 6 | ||||||||||||
7 | Оқу орындарымен техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау туралы шарттар жасасу | жасалған шарттар | жыл сайын тамыз айы | ЖАО | жергілікті бюджет | 7 | ||||||||||||
8 | ТжКБ кадрларды даярлау бөлігінде "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру туралы ақпарат ұсыну | Еңбекминіне есеп |
әр айдың | БҒМ, ЖАО | талап етілмейді | 8 | ||||||||||||
2-міндет. Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту | ||||||||||||||||||
Нәтижелер | ||||||||||||||||||
1 | Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылған азаматтардың саны | мың адам | Еңбекмині, ЖАО | 26 | 36 | 60 | 6 | 7 | ||||||||||
2 | Оқуды аяқтағаннан кейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасқан немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысатын түлектердің үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ҰКП (келісу бойынша), ЖАО | 55 | 57 | 60 | 75 | 80 | * | * | ||||||
Іс-шаралар | ||||||||||||||||||
1 | Білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын айқындау әдістемесін бекіту | Білім және ғылым министрінің бұйрығы | 2020 жылғы сәуір | БҒМ, Еңбекмині, ҰКП (келісу бойынша), ЖАО | талап етілмейді | Білім және ғылым министрінің бұйрығы | ||||||||||||
2 | Кадрларды даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға арналған оқу бағдарламасын әзірлеу | оқу бағдарламалары | жыл сайын | білім беру ұйымдары, ЖАО, ӨКП (келісу бойынша), жұмыс берушілер (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
3 | Цифрлық сауаттылық, ағылшын тілі дағдыларына оқыту бойынша оқу бағдарламасын әзірлеу | оқу бағдарламалары | жыл сайын | білім беру ұйымдары | талап етілмейді | |||||||||||||
4 | Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімін "Атамекен" ҰКП интернет-ресурсында орналастыру | тізілім | 2019 жылғы наурыз, жыл сайын өзектілендіру |
ҰКП (келісу бойынша), Еңбекмині, БҒМ, | ||||||||||||||
5 | Үміткерлердің тізімдерін қалыптастыру және аудандық (қалалық) комиссияға жіберу | тізімдер | түсу шамасына қарай | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
6 | Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға үміткерлердің тізімдерін бекіту | аудандық комиссиялардың шешімдері | қалыптастырылу шамасына қарай | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
7 | Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша оқытылатын "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға мониторинг жүргізу | БҒМ-ге есеп | ай сайын | ЖАО | жергілікті бюджет | |||||||||||||
8 | Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқытылатын "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға мониторинг жүргізу | Еңбекминіне есеп | ай сайын | ЖАО | жергілікті бюджет | |||||||||||||
3-міндет. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау | ||||||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіштері: | ||||||||||||||||||
1 | Техникалық және кәсіптік білімі бар түлектерге бөлінген гранттар саны | адам | * | * | БҒМ, ЖАО | 720 | 715 | 552 | - | - | * | * | ||||||
2 | Жоғары білімі бар түлектерге бөлінген гранттар саны | адам | * | * | БҒМ, ЖАО | 3 769 | 5 089 | 5 109 | 5 116 | - | * | * | ||||||
Іс-шаралар | ||||||||||||||||||
1 | Білім беру ұйымдарының және мамандықтардың тізбесін қалыптастыру және орындарды оқу орындары бойынша бөлу | білім беру ұйымдарының тізбесі | жыл сайын | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
2 | Білім беру ұйымдарының және мамандықтардың тізбесін және орындарды оқу орындары бойынша бөлуді бекіту |
аудандық комиссиялардың шешім | жыл сайын | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
3 | Оқу орындары мен мамандықтарды көрсете отырып, үміткерлердің тізімдерін жасау |
үміткер | жыл сайын тамыз айы | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
4 | "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасының орындалу барысы туралы ақпарат ұсыну | Еңбекминіне есеп |
әр айдың | БҒМ, ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
Екінші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту | ||||||||||||||||||
1-міндет. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту | ||||||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіштері: | ||||||||||||||||||
1 | Кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткен адамдардың саны, оның ішінде | мың адам | * | * | ҰКП (келісу бойынша), ЖАО | 15 | 15 | 75 | 30 | 30 | * | * | ||||||
1-1 | NEET санатындағы жастар, жас, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасы мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер | мың адам | * | * | ҰКП (келісу бойынша), ЖАО | 20 | 20 | 20 | ||||||||||
2 | Бизнес ашқан және кеңейткен қатысушылардың үлесі, оның ішінде өткен жылдары кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткен қатысушылардың есебінен | % | * | * | АШМ, ҰЭМ, ЖАО, ҰКП (келісу бойынша) | 20 | 20 | 20 | 30 | 30 | * | * | ||||||
Іс-шаралар | ||||||||||||||||||
1 | "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын қабылдау |
Ауыл шаруашылығы министрі | 2018 жылғы қараша | АШМ, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
1-1 | "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Ауыл шаруашылығы министрі | 2019 жылғы желтоқсан | АШМ, 2020 жылдан бастап Еңбекмині, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
2 | Оқуға үміткерлердің тізімін қалыптастыру (жұмыссыздардың және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарының, NEET санатындағы жастардың, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың, оның ішінде статустарды өзектілендіру кезінде анықталғандардың тізімдері) | үміткерлердің тізімдері | ай сайын | ЖАО, ӨКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
3 | Өту уақытымен орнын көрсете отырып, оқу графигін құру | "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыту графигі | жыл сайын ақпан | ҰКП (келісу бойынша), АШМ, Еңбекмині, ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
4 | Үміткерлерге тестілеу өткізу, оқытылатындардың тобын қалыптастыру | ЖАО-ға ақпарат | жыл сайын, наурыз | ҰКП (келісу бойынша), ӨКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
5 | "Бастау Бизнес" жобасын қаржыландыруға шарт жасасу | қызмет көрсетуге арналған шарт | 2020 жыл | Еңбекмині, ҰКП (келісу бойынша) | республикалық бюджет | |||||||||||||
6 | Оқуға жіберілген, оқуды аяқтаған, жеке ісін ашқан, кредиттер/микрокредиттер алған адамдардың саны туралы ақпарат ұсыну | ЖАО-ға есеп | ай сайын 2-күнге қарай | ӨКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
7 | "Бастау Бизнес" жобасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсыну | Еңбекминіне есеп | ай сайын 5-күнге қарай | ҰКП (келісу бойынша), ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
2-міндет. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредиттер беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау | ||||||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіштері: | ||||||||||||||||||
1 | Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің саны, оның ішінде: | бірлік | * | * | ҰЭМ, АШМ, ЖАО | 5 800 | 14 000 | 19 000 | 13 294 | 13 294 | * | * | ||||||
1-1 | NEET санатындағы жастар, жас кәсіпкерлер, жас, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер, кемінде | бірлік | * | * | ҰЭМ, АШМ, ЖАО | 5 000 | 5 000 | 5 000 | * | * | ||||||||
2 | Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алған адамдардың саны, оның ішінде: | мың адам | * | * | Еңбекмині, ЖАО | - | 3,0 | 28,5 | 8,6 | 8,8 | * | * | ||||||
2-1 | Жастар, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер | мың адам | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 9,5 | 6,0 | 6,5 | * | * | ||||||||
3 | Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кепілдіктердің саны, кемінде | бірлік | ЖАО есептері |
ай сайын | ҰЭМ, АШМ, ЖАО, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ (келісу бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | 752 | 690 | 820 | 846 | 873 | * | * | ||||||
4 | Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда қаржыландырылған бастапқы бизнестің үлесі, кемінде | % | ЖАО есептері | ай сайын 5-күнге қарай | ҰЭМ, АШМ, ЖАО | 20 | 20 | 20 | 30 | 30 | * | * | ||||||
Іс-шаралар | ||||||||||||||||||
1 | Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын бекіту | Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | 2018 жылғы қараша | ҰЭМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
1-1 | Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | 2020 жылғы қаңтар | ҰЭМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
2 | Ауылдарда және шағын қалаларда кредит беру/ микрокредит беру қағидаларын бекіту | Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | 2018 жылғы қараша | АШМ, "Қазагро" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
2-1 | Ауылдарда және шағын қалаларда кредит беру/ микрокредит беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Ауыл шаруа шылығы министрінің бұйрығы | 2020 жылғы қаңтар | АШМ, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ (келісу бойынша) | ||||||||||||||
3 | Қалаларда және моноқалаларда МҚҰ/ЕДБ беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту | Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | 2018 жылғы қараша | ҰЭМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
4 | Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту | Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | 2018 жылғы қараша | АШМ, "Қазагро" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
5 | Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларын бекіту | Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | 2018 жылғы қараша | АШМ, "Қазагро" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
6 | Кепілдік шартының нысанын бекіту |
Ұлттық экономика министрі | 2018 жылғы қараша | ҰЭМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
7 | Аудандарды және елді мекендерді мамандандырудың өңірлік картасын әзірлеу және түзету | өңірлік карталар |
жыл сайын қажеттілігіне қарай | ЖАО, АШМ, ӨКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
8 | "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға кредиттер/микрокредиттер беру | кредит беру/микрокредит беру шарттары | үнемі | МҚҰ (келісу бойынша), КС (келісу бойынша), ЕДБ (келісу бойынша), "АШҚҚҚ" АҚ (келісу бойынша) | республикалық және жергілікті бюджеттер | |||||||||||||
9 | Берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша есептер ұсыну | ЖАО-ға есеп |
ай сайын | МҚҰ (келісу бойынша), КС (келісу бойынша), ЕДБ (келісу бойынша), "АШҚҚҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
10 | Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредит беруді іске асыру барысы туралы ақпарат ұсыну | Еңбекминіне есеп |
ай сайын | АШМ, ҰЭМ, ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
11 | Мемлекеттік грантты алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөнінде комиссия құру | комиссия құрамын бекіту | жыл сайын | ӨКП (келісу бойынша), ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
12 | "Атамекен" ҰКП, халықты жұмыспен қамту орталығы және кәсіпкер арасында шарт жасасу |
мемлекет | ай сайын | ӨКП (келісу бойынша), ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
13 | Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алған адамдардың саны туралы ақпарат ұсыну | Еңбекминіне есеп |
ай сайын | ҰКП (келісу бойынша), ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту | ||||||||||||||||||
1-міндет. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу | ||||||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіштері: | ||||||||||||||||||
1 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан "Еңбек" бағдарламасына тартылған адамдардың үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 75 | 92,3 | 92,8 | 93 | 93,3 | * | * | ||||||
2 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 65 | 67 | 70 | 72 | 75 | * | * | ||||||
3 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар құрамына қосылған әйелдердің үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 45 | 45 | 45 | 46 | 48 | * | * | ||||||
4 | Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген жастардың қатарындағы тұрақты жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 60 | 65 | 68 | 70 | 75 | * | * | ||||||
5 | Жастар практикасына қатысушылардың саны | мың адам | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 12,7 | 15,6 | 24,6 | 20,8 | 21,7 | * | * | ||||||
6 | "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысушылардың саны | мың адам | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 0,5 | 0,6 | * | * | |||||||||
7 | "Алғашқы жұмыс орны" жобасына қатысушылардың саны | мың адам | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 1 | 1,5 | * | * | |||||||||
8 | Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша адамдардың саны | мың адам | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 11,3 | 12,3 | 12,4 | 12,0 | 12,3 | * | * | ||||||
9 | Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру шеңберінде құрылған жұмыс орындарының саны | мың орын | Еңбекмині, АШМ, ҰЭМ, ЖАО | 60,6 | 61,2 | * | * | |||||||||||
Іс-шаралар | ||||||||||||||||||
1 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 және 515 бұйрықтарымен бекітілген: | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі нің бұйрығы | 2020 жылғы қаңтар | Еңбекмині, ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
2 | Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша іс-шаралар өткізу | "ЕРДО" АҚ-ға есеп | ай сайын 5-күнге қарай | ЖАО, ӨКП (келісу бойынша), ЖЖА (келісу бойынша) | жергілікті бюджет | |||||||||||||
3 | Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру | "ЕРДО" АҚ-ға есеп | жыл сайын қаңтар | ЖАО | Талап етілмейді | |||||||||||||
4 | Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын ұйымдардың тізбесін бекіту | ЖАО шешімі | жыл сайын ақпан | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
5 | Жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға шарттар жасасу | шарттар | жыл сайын ақпан | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
6 | Әлеуметтік жұмыс орындарын құру | Еңбекминіне есеп |
ай сайын | ЖАО | республикалық бюджет | |||||||||||||
7 | Жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру | "ЕРДО" АҚ-ға есеп | жыл сайын қаңтар | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
8 | Жастар практикасын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту | ЖАО шешімі | жыл сайын қаңтар | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
9 | Жұмыс берушілермен жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға шарттар жасасу | шарттар | жыл сайын ақпан | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
10 | Жастар практикасын ұйымдастыру | Еңбекминіне есеп |
ай сайын | ЖАО | республикалық бюджет | |||||||||||||
11 | Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру | Еңбекминіне есеп |
ай сайын | ЖАО | жергілікті бюджет | |||||||||||||
2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру | ||||||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіштері: | ||||||||||||||||||
1 | Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған оралмандар мен қоныс аударушылар отбасының саны | мың адам | * | * | ЖАО | 2,7 | 6,6 | 8,9 | 6,0 | 6,3 | * | * | ||||||
2 | Әлеуметтік демалыстағыларды қоспағанда, еңбекке қабілетті қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі | % | * | * | Еңбекмині, ЖАО | 90 | 92 | 94 | 95 | 96 | * | * | ||||||
Іс-шаралар | ||||||||||||||||||
1 | Жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігі, кәсіптер бөлінісінде қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігі туралы ақпарат ұсыну | Еңбекминіне ақпарат | қажеттілігіне қарай | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
2 | Шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын кәсіптердің тізбесін бекіту | өңірлік комиссиялардың шешімдері | қажеттілігіне қарай | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
3 | Қоныс аударушылармен және/немесе оралмандармен жеке әлеуметтік келісімшарттар жасасу | Еңбекминіне есеп |
ай сайын | ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
4 | Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша шараларды ұйымдастыру және іске асыру | Еңбекминіне есеп |
ай сайын | ЖАО | республикалық бюджет | |||||||||||||
3-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту | ||||||||||||||||||
Нәтижелер көрсеткіштері: | ||||||||||||||||||
1 | Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасқан тіркелген жұмыс іздеушілердің үлесі | % | * | * | Еңбекмині, "ЕРДО" АҚ (келісу бойынша) | 43 | 25 | 35 | 40 | 45 | * | * | ||||||
2 | Тіркелген жұмыс іздеушілердің саны | мың адам | * | * | Еңбекмині, "ЕРДО" АҚ (келісу бойынша) | 50 | 270 | 500 | 520 | 550 | * | * | ||||||
3 | Тіркелген жұмыс берушілердің саны | мың адам | * | * | Еңбекмині, "ЕРДО" АҚ (келісу бойынша) | 11 | 95 | 160 | 165 | 170 | * | * | ||||||
Іс-шаралар | ||||||||||||||||||
1 | Электрондық еңбек биржасын дамыту | Еңбекминіне ақпарат | ай сайын | "ЕРДО" АҚ (келісу бойынша) | республикалық бюджет | |||||||||||||
2 | "Еңбек нарығы" ААЖ қалыптастыру | Еңбекминіне ақпарат | пысықталу шамасына қарай | "ЕРДО" АҚ (келісу бойынша), ЖАО | республикалық бюджет | |||||||||||||
3 | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары білім беру ұйымдарының түлектері туралы деректерді алуды қамтамасыз ету | Еңбекминіне ақпарат | ай сайын | БҒМ, "ЕРДО" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
Төртінші бағыт: "Жастар – ел тірегі" жалпыұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру | ||||||||||||||||||
1-міндет: "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау | ||||||||||||||||||
1 | "100/200" қағидаты бойынша жаңғыртудан өткен ЖОО-лар мен колледждердің саны | бірлік | * | * | БҒМ, Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП, ЖАО, "ҚДБ-Лизинг" АҚ (келісу бойынша) | 90 | 110 | * | * | |||||||||
Іс-шаралар | ||||||||||||||||||
1 | "Жас маман" жобасын іске асыру жөнінде комиссия құру | Білім және ғылым министрінің бұйрығы | 2019 жылғы сәуір | БҒМ, Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП, мүдделі мемлекеттік органдар | талап етілмейді | |||||||||||||
2 | Негізгі басым стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және өңірдің салалық дамуын ескере отырып, анағұрлым сұранысқа ие 100 кәсіптің (мамандықтың) тізбесін айқындау | тізбе | 2019 жылғы сәуір | Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО және "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |||||||||||||
3 | "Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | 2019 жылғы шілде | Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО | талап етілмейді | |||||||||||||
4 | "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу | Үкімет қаулысы | 2019 жылғы шілде | ҰЭМ | талап етілмейді | |||||||||||||
5 | "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Білім және ғылым министрінің бұйрығы | 2019 жылғы шілде | БҒМ | талап етілмейді | |||||||||||||
6 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында "Әлеуметтік студенттік ваучер" жобасын іске асыру шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандум жасасу | меморандум жасасу | 2019 жылғы маусым | БҒМ, АҚДМ | талап етілмейді | |||||||||||||
7 | "Әлеуметтік студенттік ваучер" жобасын іске асыру үшін "Qazvolonteer.kz" волонтерлердің бірыңғай ақпараттық платформасында қосымша модуль әзірлеу | БҒМ-ға ақпарат | 2019 жылғы маусым-шілде | БҒМ, АҚДМ | талап етілмейді | |||||||||||||
8 | "Әлеуметтік студенттік ваучер" жобасы шеңберінде студенттерді қоғамдық пайдалы қызметке тарту бойынша кең ауқымды ақпараттық акция жүргізу | БҒМ-ға ақпарат | 2019 жылғы маусым-қыркүйек | БҒМ, АҚДМ | талап етілмейді | |||||||||||||
2-міндет: "Жас кәсіпкер" жобасы шеңберінде жастар кәсіпкерлігін дамыту | ||||||||||||||||||
1 | Кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған ЖОО және ТжКБ студенттерінің саны | мың адам | * | * | БҒМ, Еңбекмині, ҰКП (келісу бойынша), ЖАО | 100 | 100 | |||||||||||
2 | "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" шеңберінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге берілген гранттардың саны | бірлік | * | * | ҰЭМ, Еңбекмині, ЖАО | 200 | 200 | 200 | республикалық бюджет | |||||||||
Іс-шара: | ||||||||||||||||||
1 | "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысына өзгерістер енгізу | Үкімет қаулысы | 2019 жылғы мамыр-маусым | Еңбекмині, ЖАО, ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
білім беру ұйымдары – білім беру мекемелері және/немесе оқу орталығы, әскери-техникалық мектеп және оның филиалдары
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ЖЖА – жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері
КС – кредиттік серіктестіктер
МҚҰ – микроқаржылық ұйымдар
ӨКП – өңірлік кәсіпкерлер палаталары
ҰКП – "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
"АШҚҚҚ" АҚ – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы
"Даму" КДҚ" АҚ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту орталығы" акционерлік қоғамы
"ЕРДО" АҚ – "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы
"Қазагро" ҰБХ" АҚ ЕҰ – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы