Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы.

Жаңартылған
      «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі        Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 689 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі
     Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.06.2018 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 09.11.2018 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 24.01.2019 № 11; 28.03.2019 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.05.2019 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 25.06.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 467 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 16.09.2019 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 04.08.2020 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.12.2020 № 874 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 30.03.2021 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні
- 10 қаңтар
1-1.
Aуғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні
- 15 ақпан
2.
Aлғыс айту күні
- 1 наурыз
3.
Жерге орналастыру, геодезия және картография күні
- наурыздың екінші сенбісі
4.
Геолог күні
- сәуірдің бірінші жексенбісі
5.
Ғылым қызметкерлері күні
- 12 сәуір
6.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні
- 21 сәуір
6-1.
Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні
- 17 мамыр
7.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
- 21 мамыр
8.
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
- 31 мамыр
9.
Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні
- мамырдың соңғы жексенбісі
10.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
- 4 маусым
11.
Эколог күні
- 5 маусым
11-1.
Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні
- 7 маусым
12.
Полиция күні
- 23 маусым
13.
Мемлекеттік қызметші күні
- 23 маусым
14.
Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні
- маусымның екінші жексенбісі
15.
Медицина қызметкері күні
- маусымның үшінші жексенбісі
16.
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні
- 28 маусым
17.
Дипломатиялық қызмет күні
- 2 шілде
17-1.
Ұлттық домбыра күні
- шілденің бірінші жексенбісі
17-2.
Су шаруашылығы қызметкерлері күні
- 9 шілде
18.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні
- 13 шілде
19.
Балық шаруашылығы қызметкерлері күні
- шілденің екінші жексенбісі
20.
Металлург күні
- шілденің үшінші жексенбісі
21.
Сауда қызметкерлері күні
- шілденің төртінші жексенбісі
22.
Көлік қызметкерлері күні
- тамыздың бірінші жексенбісі
22-1.
Aбай күні
- 10 тамыз
23.
Құрылысшы күні
- тамыздың екінші жексенбісі
24.
Шекарашылар күні
- 18 тамыз
25.
Спорт күні
- тамыздың үшінші жексенбісі
26.
Шахтер күні
- тамыздың соңғы жексенбісі
26-1.
Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні
- 29 тамыз
27.
Білім күні
- 1 қыркүйек
28.
Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні
- қыркүйектің бірінші жексенбісі
29.
Отбасы күні
- қыркүйектің екінші жексенбісі
30.
Қазақстан халқы тілдері күні
- 5 қыркүйек
31.
Aтом саласы қызметкерлері күні
- 28 қыркүйек
32.
Әділет органдары қызметкерлері күні
- 30 қыркүйек
33.
Машина жасаушы күні
- қыркүйектің соңғы жексенбісі
34.
Еңбек күні
- қыркүйектің соңғы жексенбісі
34-1.
Қарттар күні
- 1 қазан
35.
Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні
- 6 қазан
36.
Мұғалім күні
- қазанның бірінші жексенбісі
36-1.
Қазақстан кәсіптік одақтарының күні
- 10 қазан
36-2.
Нан күні
- 16 қазан
37.
Құтқарушы күні
- 19 қазан
38.
Орман шаруашылығы қызметкері күні
- қазанның үшінші жексенбісі
39.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні
- қазанның соңғы жексенбісі
40.
Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
- 29 қазан
41.
Сыртқы барлау күні
- 5 қараша
42.
Статистика күні
- 8 қараша
42-1.
Энергия үнемдеу күні
- 11 қараша
43.
Ұлттық валюта - теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
- 15 қараша
44.
Aуыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні
- қарашаның үшінші жексенбісі
45.
Прокуратура күні
- 6 желтоқсан
46.
Энергетик күні
- желтоқсанның үшінші жексенбісі

47.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні
- 20 желтоқсан
48.
Aрхивші күні
22 желтоқсан