Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 689 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 22.06.2018 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 09.11.2018 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 24.01.2019 № 11; 28.03.2019 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.05.2019 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 25.06.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 467 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 16.09.2019 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 04.08.2020 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.12.2020 № 874 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 30.03.2021 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 16.06.2021 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 13.06.2021 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. | Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні | – 10 қаңтар |
1-1. | Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні | – 15 ақпан |
2. | Алғыс айту күні | – 1 наурыз |
3. | Жерге орналастыру, геодезия және картография күні | – наурыздың екінші сенбісі |
4. | Геолог күні | – сәуірдің бірінші жексенбісі |
5. | Ғылым қызметкерлері күні | – 12 сәуір |
6. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні | – 21 сәуір |
6-1. | Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні | – 17 мамыр |
7. | Мәдениет және өнер қызметкерлері күні | – 21 мамыр |
8. | Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні | – 31 мамыр |
9. | Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні | – мамырдың соңғы жексенбісі |
10. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні | – 4 маусым |
11. | Эколог күні | – 5 маусым |
11-1. | Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні | – 7 маусым |
11-2. | Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні | – 9 маусым |
12. | Полиция күні | – 23 маусым |
13. | Мемлекеттік қызметші күні | – 23 маусым |
14. | Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні | – маусымның екінші жексенбісі |
14-1. | Малшылар күні | – маусымның екінші жексенбісі |
15. | Медицина қызметкері күні | – маусымның үшінші жексенбісі |
16. | Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні | – 28 маусым |
17. | Дипломатиялық қызмет күні | – 2 шілде |
17-1. | Ұлттық домбыра күні | - шілденің бірінші жексенбісі |
17-2. | Су шаруашылығы қызметкерлері күні | – 9 шілде |
18. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні | – 13 шілде |
19. | Балық шаруашылығы қызметкерлері күні | – шілденің екінші жексенбісі |
20. | Металлург күні | – шілденің үшінші жексенбісі |
21. | Сауда қызметкерлері күні | – шілденің төртінші жексенбісі |
22. | Көлік қызметкерлері күні | – тамыздың бірінші жексенбісі |
22-1. | Абай күні | – 10 тамыз |
23. | Құрылысшы күні | – тамыздың екінші жексенбісі |
24. | Шекарашылар күні | – 18 тамыз |
25. | Спорт күні | – тамыздың үшінші жексенбісі |
26. | Шахтер күні | – тамыздың соңғы жексенбісі |
26-1. | Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні | – 29 тамыз |
27. | Білім күні | – 1 қыркүйек |
28. | Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні | – қыркүйектің бірінші жексенбісі |
29. | Отбасы күні | – қыркүйектің екінші жексенбісі |
30. | Қазақстан халқы тілдері күні | – 5 қыркүйек |
31. | Атом саласы қызметкерлері күні | – 28 қыркүйек |
32. | Әділет органдары қызметкерлері күні | – 30 қыркүйек |
33. | Машина жасаушы күні | – қыркүйектің соңғы жексенбісі |
34. | Еңбек күні | – қыркүйектің соңғы жексенбісі |
34-1. | Қарттар күні | – 1 қазан |
34-2. | Радио күні | – 1 қазан |
35. | Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні | – 6 қазан |
36. | Мұғалім күні | – қазанның бірінші жексенбісі |
36-1. | Қазақстан кәсіптік одақтарының күні | – 10 қазан |
36-2. | Нан күні | – 16 қазан |
37. | Құтқарушы күні | – 19 қазан |
38. | Орман шаруашылығы қызметкері күні | – қазанның үшінші жексенбісі |
39. | Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні | – қазанның соңғы жексенбісі |
40. | Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні | – 29 қазан |
41. | Сыртқы барлау күні | – 5 қараша |
42. | Статистика күні | – 8 қараша |
42-1. | Энергия үнемдеу күні | – 11 қараша |
43. | Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі | – 15 қараша |
44. | Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні | – қарашаның үшінші жексенбісі |
45. | Прокуратура күні | – 6 желтоқсан |
46. | Энергетик күні |
– желтоқсанның үшінші жексенбісі |
47. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні | – 20 желтоқсан |
48. | Архивші күні | 22 желтоқсан |