Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы


      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
      Б. Сағынтаев

      Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 689 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 22.06.2018 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 09.11.2018 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 24.01.2019 № 11; 28.03.2019 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.05.2019 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 25.06.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 467 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 16.09.2019 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 04.08.2020 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.12.2020 № 874 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 30.03.2021 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 16.06.2021 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

1.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні

– 10 қаңтар

1-1.

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

– 15 ақпан

2.

Алғыс айту күні

– 1 наурыз

3.

Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

– наурыздың екінші сенбісі

4.

Геолог күні

– сәуірдің бірінші жексенбісі

5.

Ғылым қызметкерлері күні

– 12 сәуір

6.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні

– 21 сәуір

6-1.

Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні

– 17 мамыр

7.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

– 21 мамыр

8.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

– 31 мамыр

9.

Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні

– мамырдың соңғы жексенбісі

10.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

– 4 маусым

11.

Эколог күні

– 5 маусым

11-1.

Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні

– 7 маусым

11-2.

Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні

– 9 маусым

12.

Полиция күні

– 23 маусым

13.

Мемлекеттік қызметші күні

– 23 маусым

14.

Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні

– маусымның екінші жексенбісі

15.

Медицина қызметкері күні

– маусымның үшінші жексенбісі

16.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

– 28 маусым

17.

Дипломатиялық қызмет күні

– 2 шілде

17-1.

Ұлттық домбыра күні

- шілденің бірінші жексенбісі

17-2.

Су шаруашылығы қызметкерлері күні

– 9 шілде

18.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні

– 13 шілде

19.

Балық шаруашылығы қызметкерлері күні

– шілденің екінші жексенбісі

20.

Металлург күні

– шілденің үшінші жексенбісі

21.

Сауда қызметкерлері күні

– шілденің төртінші жексенбісі

22.

Көлік қызметкерлері күні

– тамыздың бірінші жексенбісі

22-1.

Абай күні

– 10 тамыз

23.

Құрылысшы күні

– тамыздың екінші жексенбісі

24.

Шекарашылар күні

– 18 тамыз

25.

Спорт күні

– тамыздың үшінші жексенбісі

26.

Шахтер күні

– тамыздың соңғы жексенбісі

26-1.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні

– 29 тамыз

27.

Білім күні

– 1 қыркүйек

28.

Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні

– қыркүйектің бірінші жексенбісі

29.

Отбасы күні

– қыркүйектің екінші жексенбісі

30.

Қазақстан халқы тілдері күні

– 5 қыркүйек

31.

Атом саласы қызметкерлері күні

– 28 қыркүйек

32.

Әділет органдары қызметкерлері күні

– 30 қыркүйек

33.

Машина жасаушы күні

– қыркүйектің соңғы жексенбісі

34.

Еңбек күні

– қыркүйектің соңғы жексенбісі

34-1.

Қарттар күні

– 1 қазан

35.

Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні

– 6 қазан

36.

Мұғалім күні

– қазанның бірінші жексенбісі

36-1.

Қазақстан кәсіптік одақтарының күні

– 10 қазан

36-2.

Нан күні

– 16 қазан

37.

Құтқарушы күні

– 19 қазан

38.

Орман шаруашылығы қызметкері күні

– қазанның үшінші жексенбісі

39.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні

– қазанның соңғы жексенбісі

40.

Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні

– 29 қазан

41.

Сыртқы барлау күні

– 5 қараша

42.

Статистика күні

– 8 қараша

42-1.

Энергия үнемдеу күні

– 11 қараша

43.

Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

– 15 қараша

44.

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

– қарашаның үшінші жексенбісі

45.

Прокуратура күні

– 6 желтоқсан

46.

Энергетик күні

– желтоқсанның үшінші жексенбісі
 

47.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні

– 20 желтоқсан

48.

Архивші күні

22 желтоқсан