"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 467 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз";

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. Қарттар күні – 1 қазан";

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин