Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.11.2022 № 866 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 689 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 22.06.2018 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 09.11.2018 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 24.01.2019 № 11; 28.03.2019 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.05.2019 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 25.06.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 467 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 16.09.2019 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 04.08.2020 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.12.2020 № 874 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 30.03.2021 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 16.06.2021 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 13.06.2021 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 31.03.2022 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 18.10.2022 № 833 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 03.11.2022 № 866 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 28.11.2022 № 956 қаулыларымен.
1. | Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні | – 10 қаңтар |
1-1. | Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні | – 15 ақпан |
2. | Алғыс айту күні | – 1 наурыз |
3. | Жерге орналастыру, геодезия және картография күні | – наурыздың екінші сенбісі |
4. | Геолог күні | – сәуірдің бірінші жексенбісі |
5. | Ғылым қызметкерлері күні | – 12 сәуір |
6. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні | – 21 сәуір |
6-1. | Байланыс қызметкерлері күні | – 17 мамыр |
7. | Мәдениет және өнер қызметкерлері күні | – 21 мамыр |
8. | Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні | – 31 мамыр |
9. | Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні | – мамырдың соңғы жексенбісі |
10. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні | – 4 маусым |
11. | Эколог күні | – 5 маусым |
11-1. | Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні | – 7 маусым |
11-2. | Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні | – 9 маусым |
12. | Полиция күні | – 23 маусым |
13. | Мемлекеттік қызметші күні | – 23 маусым |
13-1. | Судья және сот қызметкері күні | – 24 маусым |
14. | Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні | – маусымның екінші жексенбісі |
14-1. | Малшылар күні | – маусымның екінші жексенбісі |
15. | Медицина қызметкері күні | – маусымның үшінші жексенбісі |
16. | Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні | – 28 маусым |
17. | Дипломатиялық қызмет күні | – 2 шілде |
17-1. | Ұлттық домбыра күні | - шілденің бірінші жексенбісі |
17-2. | Су шаруашылығы қызметкерлері күні | – 9 шілде |
18. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні | – 13 шілде |
19. | Балық шаруашылығы қызметкерлері күні | – шілденің екінші жексенбісі |
20. | Металлург күні | – шілденің үшінші жексенбісі |
21. | Сауда қызметкерлері күні | – шілденің төртінші жексенбісі |
22. | Көлік қызметкерлері күні | – тамыздың бірінші жексенбісі |
22-1. | Абай күні | – 10 тамыз |
23. | Құрылысшы күні | – тамыздың екінші жексенбісі |
24. | Шекарашылар күні | – 18 тамыз |
25. | Спорт күні | – тамыздың үшінші жексенбісі |
26. | Шахтер күні | – тамыздың соңғы жексенбісі |
26-1. | Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні | – 29 тамыз |
27. | Білім күні | – 1 қыркүйек |
28. | Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні | – қыркүйектің бірінші жексенбісі |
29. | Отбасы күні | – қыркүйектің екінші жексенбісі |
30. | Қазақстан халқы тілдері күні | – 5 қыркүйек |
31. | Атом саласы қызметкерлері күні | – 28 қыркүйек |
32. | Әділет органдары қызметкерлері күні | – 30 қыркүйек |
33. | Машина жасаушы күні | – қыркүйектің соңғы жексенбісі |
34. | Еңбек күні | – қыркүйектің соңғы жексенбісі |
34-1. | Қарттар күні | – 1 қазан |
34-2. | Радио күні | – 1 қазан |
35. | Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні | – 6 қазан |
36. | Мұғалім күні | – қазанның бірінші жексенбісі |
36-1. | Қазақстан кәсіптік одақтарының күні | – 10 қазан |
36-2. | Нан күні | – 16 қазан |
37. | Құтқарушы күні | – 19 қазан |
38. | Орман шаруашылығы қызметкері күні | – қазанның үшінші жексенбісі |
38-1. | Кітапханашы күні | – 24 қазан |
39. | Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні | – қазанның соңғы жексенбісі |
40. | Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні | – 29 қазан |
41. | Сыртқы барлау күні | – 5 қараша |
42. | Статистика күні | – 8 қараша |
42-1. | Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні | – 10 қараша |
42-2. | Энергия үнемдеу күні | – 11 қараша |
43. | Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі | – 15 қараша |
44. | Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні | – қарашаның үшінші жексенбісі |
44-1. | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні | – 1 желтоқсан |
45. | Прокуратура күні | – 6 желтоқсан |
46. | Энергетик күні |
– желтоқсанның үшінші жексенбісі |
47. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні | – 20 желтоқсан |
48. | Архивші күні | 22 желтоқсан |