"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысы

Қолданыстағы

      2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қосу және қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы деп айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, қоғам жарғысын әзірлеу мен бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Yкіметінің      
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 39 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-173-жолмен толықтырылсын:
      «21-173. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ.
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 336-1-жолмен толықтырылсын:
      «336-1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».».
      3. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:
      «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі» деген 1-бөлім:
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.»;
      «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» деген 7-бөлімде:
      «Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар» деген кіші бөлімнің 2) тармақшасы алып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 551-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      «Қазыналық кәсіпорындар» деген 2-бөлімнің 14-тармағы алып тасталсын.
      5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):
      көрсетілген қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі 1-тармақ алып тасталсын.
      6. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі 4-тармақ алып тасталсын.

Қазақстан Республикасы
Yкіметінің      
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 39 қаулысына    
      қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу жөніндегі мекемелер мен кәсіпорындарды «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары» мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы
15 тамыздағы № 1261 қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 37, 358-құжат).
      2. «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 44, 387-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 816 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 382-құжат).