Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысы

Жаңартылған

      «Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:
      1) байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.06.2016 № 353 қаулысымен.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1620 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 75-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 23-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 16 шілдедегі
№ 543 қаулысына   
қосымша        

Байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар

Р/с

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы

1

2

3

2-сынып – «объектілерге берілетін рұқсаттар»

1.

Радиоэлектрондық құралды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыны пайдалануға рұқсат беру

Радиоэлектрондық құралды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыны пайдалануға рұқсат

4-сынып – «ресурстары шектелген немесе квоталар пайдаланатын қызметке берілетін рұқсаттар»

2.

Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді бөліп көрсету, сондай-ақ оларды алып қою

Нөмірлер бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы бұйрық

3.

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат