Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысы.

Жаңартылған

      "Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2017 № 773 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1620 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 75-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 23-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 16 шілдедегі
№ 543 қаулысына
қосымша

Байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар

Р/с

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы

1

2

3

2-сынып – "объектілерге берілетін рұқсаттар"

1.

Радиоэлектрондық құралды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыны пайдалануға рұқсат беру

Радиоэлектрондық құралды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыны пайдалануға рұқсат

4-сынып – "ресурстары шектелген немесе квоталар пайдаланатын қызметке берілетін рұқсаттар"

2.

Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді бөліп көрсету, сондай-ақ оларды алып қою

Нөмірлер бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы бұйрық

3.

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат