Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 143 қаулысы

Қолданыстағы

      «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2015 жылға литріне 1300 теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек сауда бағалары белгіленсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 143 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 маусымдағы № 543 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қарашадағы № 1683 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 159-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 наурыздағы № 201 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 94-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 1130 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 517-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 173 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 21, 261-құжат).
      6. «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 771 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 56, 766-құжат).
      7. «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 44 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 31-құжат).