"Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 44 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.03.2015 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 44 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
1999 жылғы 23 қазандағы
№ 1592 қаулысына  
қосымша       

Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар

Алкоголь өнімінің түрлері

Қолданылу кезеңі

Алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы
(теңге/литр)

Арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер-арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктері

2014 жыл

1120

2015 жылдан бастап

1300

2016 жылдан бастап

1600