Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспар (бұдан әрi – Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келiсiм бойынша):
1) Жоспарды iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
2) жартыжылдық қорытындылары бойынша 5 шiлдеден және 5 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi жыл сайын, 25 шiлдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 10 маусымдағы
№ 635 қаулысымен
бекітілген
Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі
2020 жылға дейінгі кешенді жоспар
Ескерту. Жоспарда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 27.02.2015 № 100 қаулысымен.
Р/с |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауапты |
Орындау мерзімі |
Болжанатын шығыстар (мың теңге) (*) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Техникалық регламенттер базасын қалыптастыру |
||||||
1 |
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасы |
ИЖТМ, ККМ, ІІМ |
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін |
талап етілмейді |
|
2 |
Сынақ зертханаларын дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, ЭБЖМ, ӨДМ, МГМ, ККМ, ТЖМ, АШМ, БҒМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
2014 жылғы III тоқсан |
талап етілмейді |
|
3 |
Техникалық регламенттердің реттеуші әсерін бағалау (РӘБ) бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу |
әдістемелік ұсынымдар |
ИЖТМ, ЭБЖМ, ӨДМ, салалық мемлекеттік органдар, ҰКП (келісім бойынша) |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
4 |
Техникалық регламентердің реттеуші әсерін бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды қолдану бойынша семинарларды өткізу |
семинарлар |
ИЖТМ |
2015 – 2020 жылдар |
2015 – 24 000 |
республикалық бюджет |
5 |
«Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптама жүргізу, қабылдау, өзгерту және жою ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 517 қаулысына РӘБ жүргізу және енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, ЭБЖМ, ӨДМ, АШМ, ДСМ, БҒМ, ТЖМ, ККМ, ІІМ, Еңбекмині, ҚОСРМ |
2015 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
6 |
КО ТР әзірлеу жөніндегі жоспарды іске асыру |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ІІМ, ДСМ, МГМ, ҚОСРМ, АШМ, ККМ, ТЖМ, Еңбекмині |
жыл сайын 25 қаңтар және 25 шілде |
талап етілмейді |
|
7 |
Өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкестігіне талаптар белгілеуді көздейтін инвестициялық жобаларды бағалау жөніндегі мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, ЭБЖМ, АШМ, МГМ, Қаржымині, ӨДМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» АҚ (келісім бойынша) |
2015 жылғы II тоқсан |
талап етілмейді |
|
8 |
Кеден одағындағы Қазақстан Республикасының келіссөздік ұстанымын айқындау үшін техникалық реттеу жөніндегі өңірлік штабтардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету |
ИЖТМ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері |
жыл сайын 25 қаңтар және 25 шілде |
талап етілмейді |
|
9 |
Салалық мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласында құрылған және жұмыс істеп тұрған сараптамалық кеңестерді құру және жұмысын жандандыру |
ИЖТМ-ге ақпарат |
салалық мемлекеттік органдар |
жыл сайын 25 қаңтар және 25 шілде |
талап етілмейді |
|
10 |
Техникалық сарапшылар тізбесін қалыптастыру және олардың КО мәселелері бойынша жұмыс (келіссөз) топтарының отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету |
Мемлекеттік органдардың бұйрықтары |
мемлекеттік органдар |
2014 жылғы III тоқсан |
талап етілмейді |
|
2. Бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін жағдай жасау |
||||||
11 |
«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасы |
ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2015 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
12 |
Қазақстан Республикасының менеджмент жүйесін дамыту бойынша 2020 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
2015 жыл |
талап етілмейді |
|
13 |
Жыл сайын стандарттау саласында кемінде 1000 бірлік нормативтік құжат әзірлеу |
ИЖТМ бұйрығы |
ИЖТМ |
жыл сайын желтоқсан |
2014 – 592 288 |
республикалық бюджет |
14 |
КО ТР өзара байланысты ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды талдау және жүйелеу |
Стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және қайта қарау бойынша салалық мемлекеттік органдарға ұсыныс |
ИЖТМ |
жыл сайын қараша |
2014 – 21 605 |
республикалық бюджет |
15 |
Халықаралық, өңірлік және шет елдердің ұлттық стандарттарын, сондай-ақ деректер базасын толықтыру және бейімдеу (аудару) |
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар |
ИЖТМ |
жыл сайын 25 қаңтар |
2014 – 25 544 |
республикалық бюджет |
16 |
Қабылданып жатқан КО ТР мемлекеттік тілге аудару |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
2015 жылғы 25 қаңтар |
2014 – 9 764 |
КО жаңа ТР қабылданған соң қаржыландыру |
17 |
Республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында техникалық регламенттерді, стандарттарды, оның ішінде менеджмент жүйесіне арналған стандарттарды енгізу жөніндегі өңірлік жоспарларды қабылдау және оларды іске асыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы ққ. әкімдіктері |
жыл сайын шілде, қаңтар, |
талап етілмейді |
|
18 |
Техникалық реттеу және метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында грант және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстарға қатысу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
жыл сайын 25 қаңтар |
талап етілмейді |
|
19 |
Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын дамыту және функционалдығын кеңейту және оны сүйемелдеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ (жинақтау), ІІМ, ДСМ, МГМ, ҚОСРМ, АШМ, ККМ, Еңбекмині, ТЖМ, ӨДМ |
жыл сайын 2020 жылға дейін |
2014 – 70 983 |
республикалық бюджет |
20 |
«ИЖТМ ТРМК «Қазақстан стандарттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының техникалық реттеу саласындағы ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу және Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қызметін қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
жыл сайын 25 қаңтар |
2014 – 166 129 |
республикалық бюджет |
21 |
Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін жетілдіру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ (жинақтау), ҰБ (келісім бойынша), БҒМ, СА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
жыл сайын 25 қаңтар |
2014 – 7 300 |
республикалық бюджет |
22 |
Тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер жіктеуішін (анықтамалығын) ұлттық және үкіметтік емес стандарттармен толықтыру мәселесін пысықтау |
Қаржыминіне ұсыныс |
ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
23 |
Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу жөнінде өңірлік (салалық) семинарлар өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
жыл сайын 25 қаңтар |
2014 – 4 073 |
республикалық бюджет |
24 |
Техникалық реттеу және метрология саласында кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
жыл сайын 25 қаңтар |
2014 – 11 803 |
республикалық бюджет |
25 |
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор дәрежесін беру тетігін қайта қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, ҰКП (келісім бойынша) |
2015 жыл |
талап етілмейді |
|
26 |
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде Персоналды (сарапшы – аудиторларды) сертификаттау органын құру бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, ҰКП (келісім бойынша) |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
27 |
Калибрлеу зертханалары желісін дамыту бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
28 |
Халықаралық талаптарға сәйкес зертханалардың біліктілігін тексеру провайдерлері желісін құру бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
29 |
ISO/IEC 17020 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес инспекция органдары желісін дамыту бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
30 |
Қазақстанда GLP халықаралық орталығын ұйымдастыру және оны тіркеу бойынша мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
2014 жылғы ІV тоқсан |
талап етілмейді |
|
31 |
СЕN, CENELEC әріптес органы мәртебесін алу туралы мәселені пысықтау |
СЕN, CENELEC қарары |
ИЖТМ, ЭБЖМ |
2014 жыл |
талап етілмейді |
|
32 |
СЕN, CENELEC қызметіне қатысу үшін мүшелік жарналардың төленуін қамтамасыз ету |
Мүшелік жарналықтар |
ЭБЖМ |
2015 – 2020 жылдар |
2015 – 11 091 |
республикалық бюджет |
3. Отандық тауарларды халықаралық және өңірлік нарықтарға ілгерілетуге жәрдемдесу |
||||||
33 |
Аккредиттеу саласындағы халықаралық және өңірлік ұйымдардың, оның ішінде КО және ЕЭҚ жұмысы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
жыл сайын 25 қаңтар |
2014 – 43 251 |
республикалық бюджет |
34 |
Өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерін қамтамасыз ету жөніндегі Кеден одағы техникалық регламенттері талаптарының сақталуын ұйымдастыру бойынша мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
жыл сайын 25 қаңтар |
талап етілмейді |
|
35 |
Электрондық негізде аккредиттеу жұмыстарын жүргізу үшін «Аккредиттеу» ААЖ құру, енгізу және сүйемелдеу орындылығы мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
36 |
Аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың талаптарын ескере отырып, ұлттық аккредиттеу жүйесін жетілдіру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
37 |
Өзара сауда айналымы және сәйкестікті бағалау жөніндегі нәтижелерді өзара тану үшін әлеуетті серіктес елдердің тізбесін және өнімдер тізбесін талдау және айқындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, ЭБЖМ, СІМ, ҰКП (келісім бойынша) |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
38 |
Техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық, өңірлік және өзге де ұйымдардың (ИСО, ХЭК, МАК, ILAC, IAF, СООМЕТ) жұмысы шеңберіндегі ынтымақтастық |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, ҰКП (келісім бойынша) |
жыл сайын 25 қаңтар |
талап етілмейді |
|
39 |
Стандарттау жөніндегі халықаралық, мемлекетаралық техникалық комитеттердің қызметіне қазақстандық тараптың қатысуы бойынша жұмыстарды кеңейту |
Қазақстанның халықаралық, мемлекетаралық техникалық комитеттерге, ISO, ХЭК, МАК-нде енуі |
ИЖТМ, мүдделі органдар |
жыл сайын 25 қаңтар |
талап етілмейді |
|
40 |
МАК қызметін ақпараттық қамтамасыз ету орталығын құру және жұмыс істеуі бойынша мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, ЭБЖМ, СІМ |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
41 |
2017 жылы Астана қаласында ILAC/IAF Бас ассамблеясын өткізу мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, СІМ, ЭБЖМ |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
42 |
Астана қаласында ИСО Бас ассамблеясын өткізу туралы ұсыныс енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, СІМ, ЭБЖМ |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
4. Метрологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және өлшем бақылауының жетістігі |
||||||
43 |
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тұжырымдаманы әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасы |
ИЖТМ |
2015 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
44 |
Қазақстан Республикасының ұлттық эталондық базасын жаңғырту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
2015 – 2020 жылдар |
2015 – 349 600 |
республикалық бюджет |
45 |
Мемлекеттік эталондарды және эталондық жабдықты қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
2015 – 2020 |
2014 – 236 291 |
республикалық бюджет |
46 |
Метрология және стандарттау саласында қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу |
Ғылыми-зерттеулер жүргізу туралы қорытынды есеп |
ИЖТМ, БҒМ |
2015 – 2020 жылдар |
2015 – 133 155 |
республикалық бюджет |
5. Мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру |
||||||
47 |
Өнімнің өмірлік циклінің бүкіл кезеңінде оның сапасы мен қауіпсіздігі үшін нарыққа қатысушылардың шамалас жауапкершілігін белгілеуге бағытталған нарықты қадағалаудың халықаралық моделіне көшу бойынша мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, ӨДМ, ЭБЖМ, ТҚҚА ҰКП (келісім бойынша) |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
48 |
Өткізу кезеңінде олардың қауіпсіздігі мен сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өнімдердің үлгісін сатып алу және сынау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
жыл сайын |
2014 – 73 341 |
республикалық бюджет |
49 |
Жабдықтармен және өлшем құралдарымен жиынтықталған жылжымалы зертханаларды күтіп ұстау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
жыл сайын 25 қаңтар |
2014 – 26 600 |
республикалық бюджет |
50 |
Бұқаралық ақпарат құралдарында техникалық реттеу саласындағы ақпаратты орналастыру, сондай-ақ тұтыну білімін арттыру (жарияланымдар, сөз сөйлеулер) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, АШМ, ТҚҚА, БАА |
жыл сайын 25 қаңтар |
талап етілмейді |
|
51 |
Асыл тастарды, зергерлік бұйымдарды және өңделмеген табиғи алмастарды сараптамадан өткізу мен мемлекеттік бақылауды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, ҰБ (келісім бойынша), ЭБЖМ, ІІМ |
2015 жылғы III тоқсан |
талап етілмейді |
|
52 |
ТРМК мен оның аумақтық бөлімшелерінің штат санын көбейту мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, ЭБЖМ |
2014 жылғы ІV тоқсан |
талап етілмейді |
|
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі және техникалық реттеу және метрология саласында сыбайлас құқық бұзушылықтың алдын алу |
||||||
53 |
Е-мемстандарт электрондық порталын жаңғырту бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ, «ҰАҚ» АҚ |
2014 жылғы IV тоқсан |
талап етілмейді |
|
54 |
Өнімді каталогтау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
жыл сайын 25 қаңтар |
2014 – 13 171 |
республикалық бюджет |
55 |
Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізілімінің және Кеден одағының бірыңғай нысаны бойынша ресімделіп берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестігі туралы декларацияның бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерін қалыптастыру, жүргізу және мониторингтеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
2014 – 2020 |
2014 – 38 725 |
республикалық бюджет |
56 |
Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімін қалыптастыру және мониторингтеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат * |
ИЖТМ |
2014 – 2020 жылдар |
2014 – 8 961 |
республикалық бюджет |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
ҚОСРМ – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су
ресурстары министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі
ТҚҚА – Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқығын
қорғау агенттігі
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
БАА – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
агенттігі
ТРМК – Техникалық реттеу және метрология комитеті
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік
қоғамы
«ҰАТ» АҚ - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы
ҰКП – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
КО – Кеден одағы
КО ТР – Кеден одағының техникалық регламенттері
ЕЭК – Еуразиялық экономикалық кеңістік
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достатығы
МАК – Мемлекетаралық комиссия
СЕN,CENELEC – Ресми түрде мойындалған техникалық нормалаудың
және стандарттаудың еуро жүйесін қалыптастыратын
ұйымдар: стандарттау бойынша еуро комитеті
(Орталық - СЕN) және электротехникалық
стандарттау еуро комитеті (CENELEC)
ИСО және МЭК – Халықаралық стандарттау саласында қызметті
жүзеге асыратын негізгі халықаралық ұйымдар
Халықаралық электр техникалық комиссия – электр,
электрондық және сабақтас технологиялар
саласындағы стандарттау жөніндегі халықаралық
коммерциялық емес ұйым
GLP – «Good Laboratory Practice», тиісті зертханалық
тәжірибе – зертханалық зерттеулер нәтижесінің
дұрыстығы мен келісілуін қамтамасыз етуге
бағытталған нормалар, қағидалар және нұсқаулар
жүйесі
ААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйе
ILAC – Халықаралық аккредиттеудің зертханалық ынтымақтастығы
IAF – Халықаралық аккредиттеу форумы
COOMET – Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері
метрологиялық мекемелерінің ынтымақтастық ұйымы
* - қаулы етілетін бөліктің 3-тармағына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат беру,
* - қаржыландыру көлемі тиісті жылға арналған
республикалық бюджетте көзделген соманы негізге
алып нақтыланады.