Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 100 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 100 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 326, 327, 328, 329, 333, 334, 335, 337, 339, 340, 341, 342, 344, 345, 346, 347, 348, 349, 350, 351, 352, 353, 354, 355, 356, 357, 358 және 359-жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетіне

      359-1. "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне

      359-2. "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы.

      359-3. "Ұлттық аккредиттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      359-4. "ТРМК Координатор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне

      359-5. "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне

      359-6. "Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы" акционерлік қоғамы.

      359-7. "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" акционерлік қоғамы.

      359-8. "NADLoC" жергiлiктi қамтуды дамыту жөнiндегi ұлттық агенттiк" акционерлік қоғамы.

      359-9. "Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы" жабық акционерлік қоғамы.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне

      359-10. "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне

      359-11. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы.

      359-12. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы.

      359-13. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы.

      359-14. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.

      359-15. "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.

      359-16. "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      359-17. "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      359-18. "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      359-19 "Жалын" журналы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      359-20. "Қазақпарат" халықаралық ақпараттық агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне

      359-21. "ҚазАэроЖоба" ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты" акционерлік қоғамы.

      359-22. "Қазақстан көлік лизингтік компаниясы" акционерлік қоғамы.

      359-23. "Авиациялық оқу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне

      359-24. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлік қоғамы.

      359-25 "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы.

      359-26. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

      359-27. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 04.12.2018 № 802 қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасында жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегi № 1003 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:

      "7. Қазақстан Республикасында Жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Жеңіл өнеркәсіп өнімін шетелде сертификаттау

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (келісім бойынша), ЖӨКҚ (келісім бойынша)

2010 - 2013 ж.ж.



















"Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте бекітілген сома шеңберінде


      ";

      көрсетілген Бағдарламаға 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:

      23-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Үйлестіру орталығына жиынтық ақпарат беру;";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. ПДҚТ мен ЖІҚК жарақтандыру табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган көрсетілген мемлекеттік органдардың жеке құрамын жарақтандыруға және күтіп ұстауға бөлген бюджет қаражатының шегінде жүзеге асырылады.";

      Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 5-қосымшада:

      "1. Жарақтандыру табелі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18.

Оплеткасы бар 2 мл 5 % йод спирттік ерітінді ампуласы (пеналда)

дана

2


      ";

      Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 7-қосымшада:

      "Апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарын көзбен шолып іздестіру тәсілдері" деген 4-кіші бөлімде:

      орыс тіліндегі мәтін 4) тармақшамен толықтырылды, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 765-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидалары, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарда:

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) теміржол, авиациялық, теңіз және өзен өткізу пункттерін орнату бойынша – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне келісілген материалдар мен қорытындыларды жібереді.".

      9. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1409 қаулысында:

      кіріспеде орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясында:

      "1. Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      "Сыртқы ортаны талдау" деген кіші бөлімнің "Экономикалық факторларындағы" бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экономика 2014 – 2018 жылдары әлемдік экономиканы және шикізат тауарларына сұранысты баяу қалпына келтіру жағдайында дамиды. Сонымен бірге инфрақұрылымға мемлекеттік инвестициялардың артуы және халық тұтынуының өсуі есебінен орнықты әрі үдемелі экономикалық серпін күтіледі.";

      "Ішкі ортаны талдау" деген 2-кіші бөлімде:

      "SWOT-талдау" деген 2-кестеде:

      "Мүмкіндіктер" деген бағанның "Қызметтер көрсету" деген бөлігінде "Бизнес процестерді басқару тетіктерін енгізу кезінде өнімділікті арттырудың әлеуеті жоғары;" деген жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "3. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің негізгі көрсеткіштері және күтілетін нәтижелер (1-қосымша)" деген бөлімде:

      "4. Корпоративтік басқаруды жетілдіру" деген тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мақсаты: компанияның қызметінің басқарылуын жоғарылату.";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-міндет. Автомобиль жолдарын пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасау.";

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Компанияны корпоративтік басқару корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесіне сай 3 бағытта, құрылым, процесс және ашықтыққа негізделеді.";

      "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 2013 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясына 2-қосымшаның 4 бағанында:

      реттік нөмір 3-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Компанияның даму стратегиясына қайшы келетін аффилиирленген компаниялар мүдделік қолдайтын шешім қабылдау";

      реттік нөмір 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Технологиялық мүлікті жоғалту. Өндірістік үзіліс. Активтерді қалпына келтіруге арналған ресурстар (қаржылық, материалдық, адами). Экологиялық залал, қызметкерлерге, үшінші тұлғаларға кетірілген залалдар үшін төлемдер жүргізу";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 2013 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясына 5-қосымшада:

      "Салыстырмалы талдау" деген бөлімде:

      "Кейбір аспектілерді атап өткен жөн:" деген бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әр елде жолдарды күтіп-ұстау мен салуға жұмсалатын жыл сайынғы шығындар әртүрлі. Оның себебі көп: жол қозғалысының қарқындылығы, география, материалдардың қолжетімділігі (қиыршықтас, инертті материалдар, және т.б.), жол қозғалысын басқару және бақылау, климат, енгізу әдісі, жол жағдайы және т.б.";

      "Күтіп-ұстауға арналған шығыстар" деген бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жақсы жай-күйдегі" автомобиль жолдарының функционалдық класы әдетте жоғары болады, яғни күтіп-ұстау стандарты жоғары болып, қысқы кезеңдегі аса көп шығыстардан көрініс табады. Ағымдағы күтіп-ұстауға арналған орташа шығыстар, оның ішінде осы елдердегі көпірлерді күтіп-ұстау шығыстары мына кестеде келтірілген.";

      "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 2013 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясына 7-қосымшада:

      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісінше, Стратегия болмаған жағдайда жоғарыда аталған пайда болмайды, соңғы 20 жыл ішінде Қазақстан бойынша көлік құралдары санының тұрақты өсуіне және жол төсемесінің нашар сапасына байланысты автокөліктердің апатқа ұшырауы, соның салдарынан авария және жол-көлік оқиғалары нәтижесіндегі қаза тапқан адамдар санының көрсеткіші жоғарылап, өзекті проблеманың біріне айналды. Осылайша, Стратегия шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру өте қажетті қадам болып табылады.

      Жоғарыда аталған деректер мен инвестициядан кейінгі 20 жыл (2033 жыл) мерзімге жасалған болжамдар негізінде мынадай экономикалық тиімділік көрсеткіштері есептелді:

      ЕNPV - дисконтталған 7,0 % мөлшері кезінде келтірілген экономикалық таза құн 1 236 млн. теңгені құрайды;

      EIRR ішкі пайда нормасы – 76 %.".

      10. "Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 635 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспарда:

      ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "ЕЭК – Еуразиялық экономикалық кеңістік" деген жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      11. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 100 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен оның ведомстволары мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалған, қайта аталатын республикалық заңды тұлғалардың тізбесі

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 100 қаулысына
4-қосымша

Мемлекеттік акциялар пакетін (қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесі

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.