Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 517 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президенті мен 
Үкіметі актілерінің жинағында және  
республикалық баспасөзде       
жариялануға тиіс           

      Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 423  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 30, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:
      "жыл сайынғы" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздерден кейін "екі жылда бір рет берілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) дипломдарды әзірлеуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды олар берілетін жылғы республикалық бюджетте көздесін;";

      4) тармақшадағы "жыл сайын" деген сөздер "екі жылда бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті