Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi және 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 13 мамырдағы
№ 486 қаулысымен  
бекітілген     

Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете
қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 13 мамырдағы
№ 486 қаулысымен  
бекітілген      

Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 15.04.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Қант өндіруге арналған қант қызылшасы.
      2. Құрғақ сүт (майы алынған), сары май және қатты ірімшік өндіруге арналған сүт шикізаты.
      3. Крахмалдық сірне өндіруге арналған жүгері.