Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 72 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.02.2020 № 72 қаулысымен.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi және 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 13 мамырдағы
№ 486 қаулысымен
бекітілген

Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете
қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 13 мамырдағы
№ 486 қаулысымен
бекітілген

Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.11.2017 № 688 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған), сары май және қатты ірімшік өндіруге арналған шикі сүт.