Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.02.2020 № 72 қаулысымен.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi және 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысымен бекітілген |
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете
қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидалары
Ескерту. Қағида алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысымен бекітілген |
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.11.2017 № 688 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған), сары май және қатты ірімшік өндіруге арналған шикі сүт.