"Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 225 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 72 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.02.2020 № 72 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Крахмалдық сірне өндіруге арналған жүгері.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов