Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С.Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген |
Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясына тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық баға – аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіретін электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған баға;
2) биогаз – ашуы немесе газдануы нәтижесінде биомассадан алынатын метан, көміртегі монооксиді және (немесе) сутегі;
3) биомасса – биологиялық органикалық қазбалы емес материалдар;
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі – сатып алу шарты) – сатып алушы ретіндегі есеп айырысу-қаржы орталығы мен сатушы ретіндегі энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарты;
5) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен есеп айырысу-қаржы орталығының сатып алуына арналған тариф;
8) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9) шекті аукциондық баға – электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен3. Тіркелген тарифтерді уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңартылатын энергия көздерінің мынадай түрлерінің әрқайсысы үшін бекітеді:
1) күн сәулесінің энергиясы;
2) жел энергиясы;
3) судың гидродинамикалық энергиясы;
4) биогазды пайдалану арқылы алынған энергия.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi бұрын бекiтiлген тіркелген тарифтердiң деңгейлерiн жыл сайын түзетуге құқылы.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.04.2017 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтiлген тіркелген тарифтердi түзету туралы актiсi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн екi жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қуаты аз жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөніндегі объектiлерді енгiзудi ынталандыру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерiн дамыту үшін табиғи, климаттық, техникалық немесе өзге де жағдайлары қолайсыздау жерлердi электрмен қамтамасыз ету үшiн тіркелген тарифтер жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөніндегі объектiлердің белгiленген қуатына байланысты сараланады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.04.2017 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген тіркелген тарифтерді түзету туралы актісі қолданысқа енгізілген сәтке дейін есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған қолданыстағы сатып алу шарттарына қолданылмайды.
6-1. Уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерінің мынадай түрлерінің әрқайсысы үшін шекті аукциондық бағаларды бекітеді:
1) күн сәулесінің энергиясы;
2) жел энергиясы;
3) судың гидродинамикалық энергиясы;
4) биогазды пайдалану кезінде алынған энергия.
Шекті аукциондық бағалар теңгемен бекітіледі.
Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен2. Тіркелген тарифті айқындау тәртібі
7. Уәкілетті орган әлемнің басқа мемлекеттерінде қолданылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен өндірілетін электр энергиясына тарифтерді салыстырып талдау жолымен тіркелген тарифтерді бекіту бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.
Мемлекеттер тізбесін уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен және Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша айқындайды.
8. Уәкілетті орган тіркелген тарифтерді бекіту бойынша ұсыныстарды қалыптастыру кезінде мынадай факторларды да есепке алады:
1) Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру және оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден сатып алу көрсеткіштері;
2) Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтыну және оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сату көрсеткіштері;
3) Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр энергиясын ендіру көрсеткіштері;
4) парниктік газдардың шығарындыларын төмендету бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштер;
6) тіркелген тарифтерді жыл сайын кезекті индексациялаудың болуы.
9. Тіркелген тарифтер теңгемен бекітіледі.
10. Уәкілетті органның тіркелген тарифті бекіту бойынша ұсынысын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін уәкілетті орган, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ дәстүрлі және жаңартылатын энергетика саласында қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдауларда талқылау қажет.
11. Тіркелген тарифтер, күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жиынтық қуаты 37 МВт күн электр станцияларының жобасы үшін тіркелген тарифтерді қоспағанда, инфляцияны ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:
Тt+1 = Тt * ТБИ, мұндағы:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген төмендеу жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген индекстелген тіркелген тариф;
Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, соларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;
ТБИ — мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).11-1. Күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жиынтық қуаты 37 МВт электр станцияларының жобасы үшін тіркелген тарифтер инфляцияны ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, төмендеу жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген тіркелген тариф;
Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, соларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;
ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі.
Ескерту. Қағидалар 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).11-2. Шетелдік валютада кредиттік міндеттемесі бар жобалар үшін егер ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбастау бағамының өзгеруі алдыңғы жылмен салыстырғанда 25 % және одан жоғары болған жағдайда, күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жалпы қуаты 37 МВт күн электр станцияларының жобаларына арналған тіркелген тарифтерді қоспағанда, тіркелген тарифтер инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:
, мұндағы:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген азаю жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген, индекстелген тіркелген тариф;
Тt – егер бұрын мұндай индекстеу жүргізілген болса, бұрын жүргізілген индексацияны есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;
ТБИt – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі;
USDt-1 – индекстеу жүргізілетін жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған теңгенің АҚШ долларына қатысты ағымдағы бағамы;
USDt – индексациялау жүргізілген күннің алдындағы он екі ай кезеңге есептелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа бағамы.
Ескерту. Қағидалар 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.04.2017 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12. Тіркелген тарифтерді индекстеу есебін есеп айырысу-қаржы орталығы жыл сайын 10 қазанға дейін жүзеге асырады.
13. Тіркелген тарифтерді индекстеу есебін және индекстелген тіркелген тарифтерді есеп айырысу-қаржы орталығы өзінің ресми интернет-сайтында тиісті жылғы 15 қазаннан кешіктірмей жариялайды.
13-1. Тіркелген тарифке индекстеуді алғаш рет қолдану осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығына жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын беру басталғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан кешіктірмей жүргізіледі.
Ескерту. Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).14. Қаржы-есеп айырысу орталығы индекстелген тіркелген тарифтерді жылына екі рет: электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына қаңтар-маусым аралығындағы кезеңде бере бастаған жаңартылатын энергия көздері объектілері үшін – 1 шілдеден бастап және электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына шілде-желтоқсан аралығындағы кезеңде бере бастаған жаңартылатын энергия көздері объектілері үшін – 1 қаңтардан бастап қолданылуға тиіс.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Шекті аукциондық бағаларды айқындау тәртібі
Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
16. Бірінші аукциондық сауда-саттықтар үшін шекті аукциондық бағалар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген тіркелген тарифтер деңгейінде айқындалады.
Келесі аукциондық сауда-саттықтар үшін шекті аукциондық бағалар алдыңғы аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаздың ең жоғары бағасы бойынша айқындалады.
17. Аукциондық бағалар инфляцияны ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:
Тt+1 = Тt * ТБИ, мұндағы:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген азаю жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;
Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, солар ескерілген аукциондық баға;
ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі.
18. Шетелдік валютада кредиттік міндеттемелері бар жобалар үшін аукциондық бағалар инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға шаққандағы айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген, индекстелген аукциондық баға;
Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, сол индекстеу ескерілген аукциондық баға;
ТБИt– мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі;
USDt+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін жылғы 1 қазанға теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ағымдағы бағамы;
USDt – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңіне есептелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.05.2018 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Аукциондық бағаларға индексацияны есептеу және қолдану осы Қағидалардың 12, 13, 13-1 және 14-тармақтарына сәйкес тіркелген тарифтерге жүргізілгенге ұқсас жүргізіледі.