"Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 249 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 180-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Шетелдік валютада кредиттік міндеттемелері бар жобалар үшін аукциондық бағалар инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға шаққандағы айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:



      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген, индекстелген аукциондық баға;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, сол индекстеу ескерілген аукциондық баға;

      ТБИt– мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі;

      USDt+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін жылғы 1 қазанға теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ағымдағы бағамы;

      USDt – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңіне есептелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев