Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері;
      2) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 

C.Ахметов
 

   


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 209 қаулысымен
бекітілген

Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу
үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше
рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат алу тәртібін, мұндай рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар мақсаты Қазақстан Республикасының аумағына балық өнімдері мен өзге де өнімдерді (объектілерді) сату немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) шетелдік кемелерге ауыстырып тиемей жеткізу болып табылатын, кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ оларға қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге (бұдан әрі – қазақстандық кемелер) қолданылады.
 

2. Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу
үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше
рет кесіп өтуіне рұқсат беру тәртібі, рұқсаттар қолданылуының
кеңістіктегі және уақыттық шектері

      3. Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызмет жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақстандық кеменің тіркелген орны (теңіз порты, орналасқан пункті) бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) береді.
      4. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (бұдан әрі – бастамашы) рұқсат алу үшін қазақстандық кемелердің шығуы жоспарланған жауапкершілік учаскесіндегі Шекара қызметінің әскери бөліміне (бұдан әрі – Шекара қызметінің әскери бөлімі) мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы жазбаша өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
      2) қазақстандық кемеге меншік құқығы туралы куәліктің көшірмесін немесе қазақстандық кемені жалға алу шартының көшірмесін (теңіз кемелері үшін);
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің көшірмесін (теңіз кемелері үшін);
      4) бастамашының қазақстандық кемесінде қазақстандық кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін автоматты сәйкестендіру жүйесінің (бұдан әрі – техникалық бақылау құралы) болуын растайтын жабдықталуы мен жарақталуы жағынан кеменің қауіпсіздігі туралы куәліктің көшірмесін;
      5) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың көшірмесін;
      6) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлін (бұдан әрі – тізім);
      7) экипаж мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;
      8) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жұмыс істеуге рұқсаттардың көшірмесін;
      9) қажет болған жағдайда, шетелдік азаматтарға және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелерін;
      10) кеме куәлігінің көшірмесін (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде тіркелген кемелер үшін) ұсынады.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, Шекара қызметі бастамашы құжаттарды енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемелі түрде бас тартады.
      Шекара қызметінің әскери бөліміне өтінішті қайтадан ұсыну ескертулер жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен бірге не олардың нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары бастамашыға қайтарылады.
      6. Шекара қызметі тізімді келісу үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына бастамашы құжаттарды енгізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жолдайды.
      Келісу мерзімі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары тізімді алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      7. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат немесе рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама (бұдан әрі – рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама):
      1) экипаж мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтарынан ғана жасақталған қазақстандық кемелер үшін – Шекара қызметінің әскери бөлімі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;
      2) экипаж мүшелері шетел азаматтарынан жасақталған басқа да қазақстандық кемелер үшін – Шекара қызметінің әскери бөлімі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде беріледі.
      8. Мыналар:
      1) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарда дәйексіз немесе толық емес ақпараттың болуы;
      2) егер рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңіз), ішкі суларының шегінде орналасқан болса, қазақстандық кеменің кәсіпшілік қызметті жүргізуі кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өту қажеттілігінің болмауы;
      3) Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органдарының теріс қорытындысы рұқсат беруден бас тартуға негіздеме болып табылады.
      9. Рұқсат пен кеменің рөлін беру бастамашының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкіліне есепке алу журналына қол қойғызу арқылы жүргізіледі.
      Берілген рұқсат қолданылатын бүкіл мерзім бойы ол кәсіпшілікті жүргізу уақытында қазақстандық кеменің капитанында (иесінде) болады.
      10. Қазақстан Республикасының азаматтарынан ғана жасақталған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, бастамашы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру туралы өтінішті рұқсат берген Шекара қызметінің әскери бөліміне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
      11. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардан жасақталған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, бастамашы экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтінішті ауыстыру себебін көрсете отырып, Шекара қызметінің әскери бөліміне осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
      Көрсетілген өтінішке мынадай құжаттар:
      1) жаңа кеменің рөлі;
      2) жаңа экипаж мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) шетелдік азамат және (немесе) азаматтығы жоқ адам үшін жұмыс істеуге рұқсаттың көшірмесі;
      4) қажет болған жағдайда, шетелдік азаматқа және (немесе) азаматтығы жоқ адамға берілген визаның көшірмесі қоса беріледі.
      12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен не олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерімен бірге ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      13. Шекара қызметінің әскери бөлімі осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарайды және олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бастамашыға өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлайды. Шекара қызметі әскери бөлімінің командирі куәландырған жаңа кеменің рөлі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарымен келіскеннен кейін бастамашының жеке өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне есепке алу журналына қол қойғызу арқылы беріледі.
      14. Рұқсат жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат қолданылатын мерзіміне беріледі, бірақ осы Қағидалардың 4-тармағының 2)7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.
      Рұқсат онда көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) шегінде қолданылады.
      15. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты қайтадан алу мерзімін ұзартқан жағдайда, бастамашы рұқсатты берген Шекара қызметінің әскери бөліміне өтініш береді және жануарлар дүниесін пайдалануға алынған рұқсаттың түпнұсқасын ұсынады.
      Шекара қызметінің әскери бөлімі тікелей берілген рұқсатқа оның қолданылу мерзімін ұзарту туралы өзгеріс енгізеді.
      Шекара қызметінің әскери бөлімі рұқсатты ұзартудан бас тарту туралы шешімді хабарлама ұсынылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды және бастамашыға ол туралы жазбаша хабарлайды.
      16. Рұқсатты жоғалтып алған жағдайда, бастамашы Шекара қызметінің әскери бөліміне рұқсатты жоғалтып алу мән-жайларын көрсете отырып, жаңа рұқсат беру туралы өтінішпен жүгінеді.
      Жаңа рұқсат беру осы Қағидалардың 45 және 9-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      17. Рұқсаттың қолданылуы мынадай:
      1) қазақстандық кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты бақылаудың техникалық құралының ақаулығы;
      2) қазақстандық кеме капитаны (иесі) есепте көрсеткен деректердің қазақстандық кеменің порттан шығуы алдында оны тексеру нәтижесінде алынған деректерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда тоқтатыла тұрады.
      18. Рұқсаттың қолданылуы оны тоқтата тұруға негіз болған себептерді жойғаннан кейін қайта жаңартылады.
      19. Осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген жағдайларды анықтаған Шекара қызметінің лауазымды адамы рұқсатты тоқтата тұру себептерін көрсетіп, рұқсаттың тоқтатыла тұруы (қайта жаңартылуы) туралы белгі қояды.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (қайта жаңарту) туралы хабарлама осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастамашыға жолданады.
 


Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде),
ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік
қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне
рұқсаттар беру қағидаларына, рұқсаттар қолданылуының
кеңістіктегі және уақыттық шектеріне
1-қосымша

      Нысан
 

Сериясы _______ № _____________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
бірнеше рет кесіп өтуге
рұқсат

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің
      тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ____________________________
      ____________________________________________________________________
      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _______________________________
      ____________________________________________________________________
      3. Кеменің атауы ___________________________________________________
      4. Кеменің түрі ____________________________________________________
      5. Кеменің борттық нөмірі __________________________________________
      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ____________________
      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ________
      ____________________________________________________________________
      8. Техникалық бақылау құралдарының түрі ____________________________
      ____________________________________________________________________
      9. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі
      туралы мәлімет _____________________________________________________
      10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі ____________________________________
      11. Теңіз кәсіпшілігінің ауданы (аудандары) ________________________
      ____________________________________________________________________
      12. Теңіз кәсіпшілігі өнімдерін кіргізу және түсіру үшін Қазақстан
      Республикасы теңіз порттарының (орналасу пункттерінің) тізбесі
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
       (Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)
      20 __ жылғы "___" _________
      М.О.
      1-қосымшаға парақтың сырт жағы
 

Ерекше белгілер

      1. Рұқсаттың тоқтатыла тұрған күні _________________________________
      2. Рұқсатты тоқтата тұрудың себептері ______________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      3. Рұқсатты қайта жаңарту күні _____________________________________
      Рұқсаттың күші жойылғаны туралы белгі
      1. Рұқсаттың күші жойылған күні ____________________________________
      2. Рұқсаттың күшін жою себептері ___________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      Шекара қызметі әскери бөлімінің белгілері __________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
 


Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде),
ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік
қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне
рұқсаттар беру қағидаларына, рұқсаттар қолданылуының
кеңістіктегі және уақыттық шектеріне
2-қосымша

      Нысан
 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру туралы
өтініш

      Кімге ______________________________________________________________
       (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)
      Кімнен _____________________________________________________________
       (заңды тұлғаның толық атауы, оның заңды мекенжайын немесе дара
      ____________________________________________________________________
       кәсіпкердің Т.А.Ә., оның мекенжайын көрсету)
      ____________________________________________________________________
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы "__"________ қаулысына
      сәйкес мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық және өзге де
      өнімді сату немесе өндіру үшін теңіз кәсіпшілігі өнімдерін жеткізу
      болып табылатын кәсіпшілік қызметті жүргізу жағдайында кәсіпшілік
      өнімдерін (объектілерін) шетелдік кемелерге, сондай-ақ шекаралық
      бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып тиемей
      ____________________________________________________________________
       (балық кәсіпшілігі ауданы көрсетіледі)
      ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет
      кесіп өтуге рұқсат алуға өтінішті қарауды сұраймын.
       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет
      кесіп өтуге рұқсат алуға өтінім білдірген кемелер туралы мәліметтер
      ____ парақта келтірілген. _________________________________________________
      (заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)
      20 __ жылғы "___" _________
      М.О.
 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға өтінім білдірген қазақстандық кеме туралы өтінішке мәліметтер

      1. Кеменің атауы ___________________________________________________
      2. Кеменің түрі ____________________________________________________
      3. Кеменің борттық нөмірі __________________________________________
      4. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ____________________
      5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі
      туралы мәліметтер: _________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      6. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу нөмірі, орны, күні және
      оның қолданылу мерзімдері __________________________________________
      7. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің
      тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ____________________________
      ____________________________________________________________________
      8. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы _____________________
      ____________________________________________________________________
      9. Квота иесінің атауы және мекенжайы ______________________________
      ____________________________________________________________________
      10. Кеме капитанының (иесінің) тегі, аты, әкесінің аты, оның
      мекенжайы __________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      11. Техникалық бақылау құралдарының түрі ___________________________
      12. Кәсіпшілік қызмет жүргізу ауданы (аудандары) ___________________
      ____________________________________________________________________
      13. Кеменің кәсіпшілік ауданына баруы кезіндегі болжамды координаттар
      мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту
      мерзімдері _________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      Кеменің кәсіпшілік ауданына шығуы және кәсіпшілік өнімдерін
      (объектілерін) жеткізуі мен түсіруі үшін кіруіне арналған Қазақстан
      Республикасының теңіз порты (орналасу пункті) ______________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
       (заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)
      20 __ жыл "___" _________
      М.О.
 


Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде),
ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік
қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне
рұқсаттар беру қағидаларына, рұқсаттар қолданылуының
кеңістіктегі және уақыттық шектеріне
3-қосымша

      Нысан
 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет
кесіп өтуге рұқсат беруден (уақытын ұзартудан) бас тарту туралы
хабарлама

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің
      тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ____________________________
      ____________________________________________________________________
      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _______________________________
      ____________________________________________________________________
      3. Кеменің атауы ___________________________________________________
      4. Кеменің түрі ____________________________________________________
      5. Кеменің борттық нөмірі __________________________________________
      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ____________________
      ____________________________________________________________________
      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ________
      ____________________________________________________________________
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп
      өтуге рұқсат беруден (уақытын ұзартудан) бас тарту себептері _______
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      (Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)
      20 __ жылғы "___" _________
      М.О.
 


Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде),
ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік
қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне
рұқсаттар беру қағидаларына, рұқсаттар қолданылуының
кеңістіктегі және уақыттық шектеріне
4-қосымша

      Нысан
 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше
рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық кеменің экипаж
мүшелерін ауыстыру туралы
өтініш

      Кімге _____________________________________________________________
       (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)
      Кімнен ____________________________________________________________
       (заңды тұлғаның толық атауы, оның заңды мекенжайын немесе дара
      ___________________________________________________________________
       кәсіпкердің Т.А.Ә. оның мекенжайын көрсету)
      ___________________________________________________________________
       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы "__" __________
      қаулысына сәйкес кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін 20 __ жылғы " "
      ________ сериясы _______ № ______ 0000 әскери бөлім берген Қазақстан
      Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге
      рұқсатты алған қазақстандық кеме экипажының мүшелерін ауыстыруға
      өтінішті қарауды сұраймын.
      Экипаж мүшелерінен мынаны (ларды) алып тастауды сұраймын: __________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      Экипаж мүшелеріне мынаны (ларды) қосуды сұраймын: __________________
      ____________________________________________________________________
       (заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)
      20 __ жылғы "___" _________
      М.О.
 


Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде),
ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік
қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне
рұқсаттар беру қағидаларына, рұқсаттар қолданылуының
кеңістіктегі және уақыттық шектеріне
5-қосымша

      Нысан
 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет
кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық кеменің шетелдік
азаматтардан және азаматтығы жоқ адамдардан жасақталған экипаж
мүшелерін ауыстыру туралы өтініш

      Кімге ______________________________________________________________
       (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)
      Кімнен _____________________________________________________________
       (заңды тұлғаның толық атауы, оның заңды мекенжайын немесе дара
      ____________________________________________________________________
       кәсіпкердің Т.А.Ә. оның мекенжайын көрсету)
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің _____ жылғы "__" ___________
      қаулысына сәйкес кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін, 20 __ жылғы " "
      ________ Сериясы _______ № ______ 0000 әскери бөлім берген Қазақстан
      Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаты
      бар қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды
      сұраймын.
      Экипаж мүшелігінен мына шетелдік азаматтарды (азаматтығы жоқ
      адамдарды) алып тастауды сұраймын __________________________________
      ____________________________________________________________________
      Экипаж мүшелеріне мынаны(ларды) қосуды сұраймын: ___________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      Ауыстыру себебі: ___________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп
      өтуге рұқсат алған қазақстандық кеменің шетелдік азаматтардан және
      азаматтығы жоқ адамдардан жасақталған экипаж мүшелерін ауыстыру
      туралы өтінішке ____ парақта қосымша қоса беріледі.
      ____________________________________________________________________
      (заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)
      20 __ жылғы "___" _________
      М.О. _______________________
 


Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде),
ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік
қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне
рұқсаттар беру қағидаларына, рұқсаттар қолданылуының
кеңістіктегі және уақыттық шектеріне
6-қосымша

      Нысан
 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет
кесіп өтуге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (қайта жаңарту)
туралы хабарлама

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің
      тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ____________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _______________________________
      ____________________________________________________________________
      3. Кеменің атауы ___________________________________________________
      4. Кеменің түрі ____________________________________________________
      5. Кеменің борттық нөмірі __________________________________________
      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ____________________
      ____________________________________________________________________
      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ________
      ____________________________________________________________________
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп
      өтуге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (қайта жаңарту) себептері
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      (Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)
      20 __ жылғы "___" _________
      М.О.
 


Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде),
ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік
қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне
рұқсаттар беру қағидаларына, рұқсаттар қолданылуының
кеңістіктегі және уақыттық шектеріне
7-қосымша

      Нысан
 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет
кесіп өту кезінде кемедегі кәсіпшілік өнімдерінің
(объектілерінің), жүктердің, тауарлардың болуы және оларды
кәсіпшілік барысында басқа кемелерге түсіру (тиеу) туралы есеп
Кеменің анықтау деректері

      1. Кеменің атауы ___________________________________________________
      2. Кеменің түрі ____________________________________________________
      3. Кеменің борттық нөмірі __________________________________________
      4. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ____________________
      5. Кеме капитанының (иесінің) тегі, аты, әкесінің аты ______________
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп
      өтуге рұқсаттың нөмірі, орны, алынған күні және оның қолданылу
      мерзімі ____________________________________________________________
      7. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың нөмірі, орны, алынған
      күні _______________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      7-қосымшаның 2-беті
 

Кемеде тасымалданатын кәсіпшілік өнімдерінің (объектілерінің),
жүктердің, тауарлардың, валютаның және олардың санының
сипаттамасы Қазақстан Республикасының теңіз портынан (орналасу
пунктінен) шығу кезінде

Р/с №
 

Атауы және түрлер құрамы
 

Өлшем бірлігі
 

Саны
 

1.
 

Кәсіпшілік (түрлері бойынша) өнімдері (объектілері):
 



2.
 

Жүктер:
 



3.
 

Тауарлар:
 



4.
 

Валюта:
 



5.
 




6.
 




   

             ____________________________________________________________________
       (кеме капитанының (иесінің) қолы және Т.А.Ә.)
      20 __ жылғы "___" __________
      М.О.
      ____________________________________________________________________
      (Шекара қызметі әскери бөлімі лауазымды адамның лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)
      20 __ жылғы "___" __________
      7-қосымшаның 3-беті
 

Қазақстан Республикасының теңіз портына (орналасу пунктіне)
қайта оралғаннан кейін

Р/с

 

Атауы және түрлер құрамы
 

Өлшем бірлігі
 

Саны
 

1.
 

Кәсіпшілік (түрлері бойынша) өнімдері (объектілері):
 



2.
 

Жүктер:
 



3.
 

Тауарлар:
 



4.
 

Валюта:
 



5.
 




6.
 




   

             ____________________________________________________________________
       (кеме капитанының (иесінің) қолы және Т.А.Ә.)
      20 __ жылғы "___" __________
      М.О.
      ____________________________________________________________________
      (Шекара қызметі әскери бөлімінің лауазымды адамының лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)
      20 __ жылғы "___" __________
 


Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде),
ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік
қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне
рұқсаттар беру қағидаларына, рұқсаттар қолданылуының
кеңістіктегі және уақыттық шектеріне
8-қосымша

      Нысан
 

Кемеде тасымалданатын кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін),
жүктерін, тауарларын басқа кемеге ауыстырып тиеу туралы мәліметтер

Күні
 

Кәсіпшілік өнімдерінің (объектілерін), жүктердің, тауарлардың атауы және түрі
 

Жүк тиелген кеме
 

Өлшем бірлігі
 

Саны
 

Кеме капитанының (иесінің) қолы
 



















   

             ____________________________________________________________________
       (кеме капитанының (иесінің) қолы және Т.А.Ә.)
      20 __ жылғы "__" _________
      М.О.
      ____________________________________________________________________
      (Шекара қызметі әскери бөлімінің лауазымды адамының лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)
      20 __ жылғы "___" __________
 


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 209 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі
суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті
жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру
қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алған қазақстандық кемелерді бақылау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдері мен өзге де өнімдерді сату немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) шетелдік кемелерге, сондай-ақ өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып тиемей кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) жеткізу болып табылатын, кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кемелерге (бұдан әрі – қазақстандық кеме) қолданылады.
      3. Қазақстандық кемелерге қатысты бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту мен пайдалану саласындағы уәкілетті табиғатты қорғау органымен (бұдан әрі – уәкілетті органы) бірлесіп жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңнамасы мен осы Қағидаларды сақтауға бағытталған кәсіпшілік кемелердің қызметін бақылау іс-шараларының кешенін білдіреді.
      4. Кәсіпшілік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаты бар қазақстандық кемелер бақылау объектілері болып табылады.
      5. Шекара қызметі бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай бақылау-тексеру іс-шараларын жүргізеді:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізуі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларының, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерінің (бұдан әрі – Рұқсат беру қағидалары) 4, 11-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тексеру;
      2) ауызша сұрау салу және түсініктеме алу.
      6. Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының теңіз порттарынан (орналасу пункті) теңіз кәсіпшілігі ауданына шығуы Шекара қызметі әскери бөлімдерінің лауазымды адамдары кемеде бақылау-тексеру іс-шараларын жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
      Шекара қызметі әскери бөлімінің командирі куәландырған кемелік рөлге енгізілген адамдар ғана қазақстандық кемемен теңізге шығуды жүзеге асырады.
      7. Қазақстандық кеменің теңіз портынан кәсіпшілік ауданына шығуының алдында, бірақ кемінде төрт сағат қалғанда Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңіздерде), ішкі суларында және континенттік қайраңында балық кәсіпшілігін жүзеге асыруды жоспарлаған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (бұдан әрі – бастамашы) немесе қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жауапкершілік учаскесінде теңіз порты (орналасу пункті) орналасқан Шекара қызметінің әскери бөліміне қазақстандық кеменің әзірлігі туралы хабардар етеді.
      Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кемеге келгенге дейін қазақстандық кеменің капитаны (иесі) қазақстандық кемеден бөтен адамдарды шығаруды қамтамасыз етеді, мәліметтерді жинауды ұйымдастырады және оның қорытындысы бойынша Рұқсат беру қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақстандық кемедегі кәсіпшілік өнімдер (объектілер), жүктер мен тауарлар және оларды басқа кемелерге ауыстырып тиеу туралы есеп жасайды.
      8. Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кемеге келгеннен кейін қазақстандық кемені байқауды және тексеруді ұйымдастырады. Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің лауазымды адамдарына рұқсатты, Рұқсат беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес есепті (бұдан әрі – есеп), қазақстандық кеме экипажы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарын және Шекара қызметі әскери бөлімінің командирі растаған кеменің рөлін ұсынады.
      Шекара қызметінің лауазымды адамдары құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және олардың дұрыс ресімделуін тексергеннен кейін қазақстандық кеменің капитанына (иесіне) қайтарады.
      9. Қажет болған жағдайда Шекара қызметінің лауазымды адамдары мынадай құжаттардың:
      1) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің;
      3) бастамашының кемеге мүліктік жеке меншік (жалдау) құқығын растайтын құжаттардың;
      4) кемелік және кәсіпшілік журналдардың;
      5) бастамашының қазақстандық кемесінде қазақстандық кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін автоматты сәйкестендіру жүйесінің (бұдан әрі – техникалық бақылау құралы) болуын растайтын жабдықталуы мен жарақталуы жағынан кеменің қауіпсіздігі туралы куәліктің болуын да тексереді.
      10. Қажет болған жағдайда, Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кеменің капитанына (иесіне) және экипаж мүшелеріне оның бортындағы кәсіпшілік өнімдері, жүктер мен тауарлар туралы ауызша сұрау жүргізеді, сондай-ақ (жеке немесе капитанмен (иесімен) бірге) қазақстандық кемені тексеріп қарауды жүргізеді.
      11. Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) есепте көрсеткен деректер қазақстандық кеменің тексеру деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, Шекара қызметінің лауазымды адамдары капитаннан (иесінен) бұл фактілер бойынша түсініктеме алады, Шекара қызметі әскери бөлімінің командирін ақпараттандырады, ол рұқсатты тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды, бұл туралы рұқсат пен есепте жазба жасалады.
      12. Бақылау-тексеру іс-шаралары аяқталғаннан кейін Шекара қызметінің лауазымды адамдары есепке қол қойып, кеме журналына жазба жасайды және рұқсатқа белгі қояды. Лауазымды адам жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі туралы ақпаратты Шекара қызметінің әскери бөліміне байланыс құралдары арқылы береді.
      13. Шекара қызметі қазақстандық кемелердің рұқсатта көрсетілмеген өзге суларға, теңіз порттарына (орналасу пункттеріне) шығуларына жол бермеуге және адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен немесе өзге де төтенше мән-жайлардан туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) ауыстырып тиемей, адамдарды түсірмей (отырғызбай), жүктер мен тауарларды шетелдік кемелерге, сондай-ақ өздеріне қатысты кедендік бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге қайта тиемей кәсіпшілікті жүзеге асыру бойынша талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады, бұл туралы қазақстандық кеменің капитаны (иесі) дереу Шекара қызметінің әскери бөлімін хабардар етеді.
      14. Кәсіпшілікті жүзеге асыру кезінде рұқсатқа сәйкес мынадай талаптар сақталуы тиіс:
      1) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің әскери бөлімімен үнемі радиобайланыста болады, қазақстандық кеменің орналасуының географиялық координаталарын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын әрбір кесіп өту фактісі бойынша хабардар етеді және бұл туралы кеме журналына жазба жүргізеді;
      2) техникалық ақау себептерінен техникалық бақылау құралдары істен шыққан кезде қазақстандық кеменің капитаны (иесі) кәсіпшілікті тоқтатады, ақау себептері туралы Шекара қызметінің әскери бөліміне хабарлайды.
      Техникалық бақылау құралдарының істен шығуына әкелген себептерді төрт сағаттың ішінде жою мүмкін болмаған жағдайда, қазақстандық кеменің капитаны (иесі) ол туралы Шекара қызметінің әскери бөлімін хабардар етеді және ақауды жою үшін теңіз портына (орналасу пунктіне) оралады;
      3) бастамашы және қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің лауазымды адамдарының талабы бойынша қазақстандық кеменің орналасқан жері және қазақстандық кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне байланысты басқа да қажетті ақпаратты ұсынады;
      4) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін), жүктер мен тауарларды басқа қазақстандық кемелерге ауыстырып тиеп болғаннан кейін оларды ауыстырып тиеуге байланысты өзгерістерді есепке енгізуге міндетті.
      15. Теңіз кәсіпшілігін жүзеге асыратын қазақстандық кемені бақылау барысында Рұқсат беру қағидаларының 17-тармағында, сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген ақпараттардың бұрмалану фактілері анықталған жағдайда, Шекара қызметі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу немесе әкімшілік заңнамасына сәйкес қазақстандық кемені ұстауды және жақын арадағы теңіз портына (орналасу пунктіне) жөнелтуді жүргізеді, рұқсат күшін жояды, бұл туралы рұқсатқа және кеме журналына жазба жазылады.
      16. Кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) жеткізу мақсатында қазақстандық кеменің теңіз портына (орналасу пунктіне) келуі алдында бастамашы немесе қазақстандық кеме капитаны (иесі) төрт сағаттан кешіктірмей бұл туралы Шекара қызметінің әскери бөліміне хабарлайды. Шекара қызметінің лауазымды адамдары өздері немесе уәкілетті органның өкілдерімен бірлесіп, теңіз портына (орналасу пунктіне) келеді, қазақстандық кемеге байқау ұйымдастырады, осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тексеруді, қазақстандық кемені тексеріп қарауды, кәсіпшілік өнімдерінің (объектілерінің) түсірілуін бақылауды жүзеге асырады, қазақстандық кеменің капитанына (иесін) және экипаж мүшелеріне оның бортындағы кәсіпшілік өнімдері, жүктер және тауарлар жөнінде ауызша сұрау жүргізеді.
      17. Кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін), жүктерді және тауарларды, сондай-ақ адамдарды түсіру Шекара қызметі бақылау-тексеру іс-шараларын аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады. Бақылау-тексеру іс-шаралары аяқталғаннан кейін Шекара қызметінің лауазымды адамы қазақстандық кеменің теңіз портына (орналасу пунктіне) келгені туралы рұқсатқа және есепке белгі қояды, сондай-ақ осы туралы кемелік журналға жазба жазады. Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің лауазымды адамына есепке алу үшін есептің екінші данасын ұсынады.
      Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) есебінде көрсетілген деректердің оны тексеріп қарау, кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін), жүктер мен тауарларды түсіру барысын қадағалау нәтижесінде алынған деректерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, Шекара қызметінің және уәкілетті органның лауазымды адамдары қазақстандық кеме капитанынан (иесінен) осы фактілер бойынша түсініктеме алады. Шекара қызметі рұқсаттың күшін жояды, ол туралы рұқсатқа және есепке жазба жазылады.
      18. Бақылау-тексеру іс-шараларының барысында құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, Шекара қызметінің және уәкілетті органның лауазымды адамдары құқық бұзушыларды Қазақстан Республикасының қылмыстық немесе әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды.