Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 24.04.2024 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2024 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері;

      2) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі C.Ахметов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 209 қаулысымен
бекітілген

Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат алу тәртібін (бұдан әрі – рұқсат), оның қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар мақсаты Қазақстан Республикасының аумағына балық өнімдері мен өзге де өнімдерді (объектілерді) сату немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) шетелдік кемелерге ауыстырып тиемей жеткізу болып табылатын, кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ оларға қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге (бұдан әрі – қазақстандық кемелер) қолданылады.

2. Рұқсаттар беру тәртібі

      3. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (бұдан әрі – бастамашы) рұқсат алу үшін электрондық форматта "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне (бұдан әрі – Шекара қызметі) мынадай құжаттарды:

      1) қазақстандық кеме капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлімен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);

      2) қазақстандық кемеге меншік құқығы туралы куәліктің көшірмесін немесе қазақстандық кемені жалға алу шартының көшірмесін (теңіз кемелері үшін);

      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің көшірмесін (теңіз кемелері үшін);

      4) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың көшірмесін;

      5) шетелдік жұмыс күшін және азаматтығы жоқ адамдарды тартуға рұқсаттардың көшірмелерін;

      6) кеме куәлігінің көшірмесін (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде тіркелген кемелер үшін) ұсынады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2024 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Шекара қызметінің портал арқылы өтінішті қарау мерзімі мен Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттамаларды беруі бастамашы өтініш енгізген сәтінен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.

      5. Мыналар:

      1) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде болмауы не онда дәйексіз немесе толық емес ақпараттың болуы;

      2) егер рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңіз), ішкі суларының шегінде орналасқан болса, қазақстандық кеменің кәсіпшілік қызметті жүргізуі кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өту қажеттілігінің болмауы рұқсат беруден бас тартуға негіздеме болып табылады.

      6. Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген негіздер болған жағдайда, Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша дәлелді бас тартады.

      Бастамашының өтінішті қайта ұсынуы ескертулер жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      7. Рұқсат жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың қолданылу мерзіміне беріледі, бірақ Қағидалардың 3-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

      Рұқсат онда көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) шегінде қолданылады.

      8. Берілген рұқсат қолданылатын бүкіл мерзім бойы ол кәсіпшілікті жүргізу уақытында қазақстандық кеменің капитанында (иесінде) болады.

      9. Қазақстан Республикасының азаматтарынан ғана жасақталған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, бастамашы бұдан бұрын портал арқылы Шекара қызметіне Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру туралы өтініш (бұдан әрі – ауыстыру туралы өтініш) береді.

      10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан жасақталған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда бастамашы портал арқылы Шекара қызметіне Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себебін көрсетіп, ауыстыру туралы өтініш береді.

      Ауыстыру туралы өтінішке мынадай құжаттар:

      1) жаңа кеменің рөлі;

      2) шетелдік жұмыс күшін және азаматтығы жоқ адамдарды тартуға рұқсаттардың көшірмелері;

      3) келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен халықаралық келісімдер жасасқан мемлекеттерден келген азаматтарды қоспағанда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін визаның көшірмесі қоса беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2024 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Шекара қызметінің өтінішті қарау мерзімі мен қабылданған шешім туралы бастамашыны портал арқылы хабардар ету бастамашы ауыстыру туралы өтінішті енгізген сәтінен бастап үш жұмыс күнінен аспайды.

      12. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат мерзімін ұзартқан немесе қайтадан алған жағдайда, бастамашы портал арқылы Шекара қызметіне Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың көшірмесін қоса береді.

      Шекара қызметінің өтінішті қарау мерзімі мен қабылданған шешім туралы бастамашыны портал арқылы хабардар ету бастамашы өтінішті енгізген сәтінен бастап үш жұмыс күнінен аспайды.

      Оң шешім қабылданған жағдайда Шекара қызметі тікелей бұрын берілген рұқсатқа қолданылу мерзімін ұзарту туралы өзгеріс енгізеді.

      Рұқсатты ұзартудан бас тартқан жағдайда Шекара қызметі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша дәлелді бас тартады.

      13. Рұқсатты жоғалтып алған жағдайда, бастамашы портал арқылы Шекара қызметіне рұқсатты жоғалтып алу мән-жайларын көрсете отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа рұқсат беру туралы өтінішпен жүгінеді.

      Жаңа рұқсат беру Қағидалардың 3-5-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      14. Рұқсаттың қолданылуы мынадай:

      1) қазақстандық кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты бақылаудың техникалық құралында ақау болған;

      2) қазақстандық кеме капитаны (иесі) есепте көрсеткен деректердің қазақстандық кеменің порттан шығар алдында тексеру нәтижесінде алынған деректерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда тоқтатыла тұрады.

      15. Рұқсаттың қолданылуы оны тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғаннан кейін қайта жаңартылады.

      16. Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларды анықтаған Шекара қызметінің лауазымды адамы рұқсатты тоқтата тұру себептерін көрсетіп, рұқсаттың тоқтатыла тұруы (қайта жаңартылуы) туралы белгі қояды.

      Бұл ретте Шекара қызметі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттың тоқтатыла тұруы (қайта жаңартылуы) туралы бастамашыға хабарлама жолдайды.

  Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі
және уақыттық шектеріне
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру (рұқсатты ұзарту) туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2024 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Кімге _____________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)

      Кімнен ___________________________________________________________

      (заңды тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы немесе

      __________________________________________________________________

      дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) оның мекенжайы)

      __________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдері мен өзге де өнімді сату немесе өндіру үшін теңіз кәсіпшілігі өнімдерін жеткізу мақсатын көздейтін кәсіпшілік қызмет жүргізілген жағдайда кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) шетелдік кемелерге, сондай-ақ шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып тиемей, (балық кәсіпшілігі жүргізілетін аудан көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға (рұқсатты ұзартуға) өтінішті қарауды сұраймын.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген кемелер туралы мәліметтер ______ парақта келтірілген.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "__" _________

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген қазақстандық кеме туралы өтінішке мәліметтер

      1. Кеменің атауы ___________________________________________________

      2. Кеменің типі ____________________________________________________

      3. Кеменің борт нөмірі ______________________________________________

      4. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасқан пункті) ______________________

      5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер: ________________________________________________________

      6. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың нөмірі, алынған орны, күні және оның қолданылу мерзімдері ______________________________________

      7. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы ______________________

      _________________________________________________________________

      8. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы ______________________

      9. Квоталар иесінің атауы және мекенжайы ____________________________

      10. Кеме капитанының (иесінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      ________________________________________________________________________

      11. Техникалық бақылау құралдарының типі ___________________________

      12. Кәсіпшілік қызмет жүргізілетін аудан (аудандар) _____________________

      _____________________________________________________________________

      13. Кеме кәсіпшілік ауданына баратын кезде Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаталары мен мерзімдері

      ____________________________

      Кеме кәсіпшілік ауданына шығатын және кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) жеткізу мен түсіру үшін кіретін Қазақстан Республикасының теңіз порты (орналасу пункті)

      ________________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі
және уақыттық шектеріне
2-қосымша
  Нысан

      Сериясы _______ № ___________________

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2024 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы ____________

      ___________________________________________________________________

      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _________________________________

      ___________________________________________________________________

      3. Кеменің атауы ____________________________________________________

      4. Кеменің типі _____________________________________________________

      5. Кеменің борт нөмірі _______________________________________________

      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) __________________________

      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      8. Техникалық бақылау құралдарының типі ______________________________

      ____________________________________________________________________

      9. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер ________________________________________________________________

      10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі ______________________________________

      11. Теңіз кәсіпшілігі ауданы (аудандары) ________________________________

      ____________________________________________________________________

      12. Кіретін және теңіз кәсіпшілігі өнімдерін түсіретін Қазақстан Республикасы теңіз порттарының (орналасу пункттерінің) тізбесі___________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесі бастығының қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

      Парақтың сырт жағы

      Ерекше белгілер

      1. Рұқсат тоқтатып қойылған күн ______________________________________

      2. Рұқсатты тоқтатты қою себептері ____________________________________

      ___________________________________________________________________

      3. Рұқсат қайта жаңартылған күн ______________________________________

      Рұқсаттың күші жойылғаны туралы белгі

      1. Рұқсаттың күші жойылған күні ______________________________________

      2. Рұқсаттың күшін жою себептері _____________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің белгілері _______________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

  Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі
және уақыттық шектеріне
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беруден (рұқсатты ұзартудан) бас тарту туралы хабарлама

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2024 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы ____________

      ____________________________________________________________________

      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _______________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Кеменің атауы __________________________________________________

      4. Кеменің типі ____________________________________________________

      5. Кеменің борт нөмірі ______________________________________________

      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ________________________

      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беруден (рұқсатты ұзартудан) бас тарту себептері ________

      _____________________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесі бастығының қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі
және уақыттық шектеріне
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру туралы өтініш

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2024 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Кімге ___________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)

      Кімнен ___________________________________________________________

      (заңды тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы немесе

      __________________________________________________________________

      дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы)

      ________________________________________________________________

      Кәсіпшілік қызмет жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге _________________ аумақтық бөлімшесі берген 20 __ жылғы "___" __________ сериясы _____ № _____ рұқсатты алған қазақстандық кеме экипажының мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.

      _________________________________________________________________

      экипаж мүшелігінен шығаруды сұраймын.

      ________________________________ экипаж мүшелігіне қосуды сұраймын.

      __________________________________________________________________
(заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі
және уақыттық шектеріне
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар бар қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру туралы өтініш

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2024 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Кімге _____________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)

      Кімнен ____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы немесе

      ___________________________________________________________________

      дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) оның мекенжайы)

      Кәсіпшілік қызмет жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге _______ аумақтық бөлімшесі берген 20 __ жылғы "___" __________ сериясы _____ № _____ рұқсатты алған қазақстандық кеменің шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар бар экипажының мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.

      Мына шетелдік азаматтарды (азаматтығы жоқ адамдарды) экипаж мүшелігінен шығаруды сұраймын: ___________________________________________________

      _________________________________________________________________

      мыналарды экипаж мүшелігіне қосуды сұраймын: ______________________

      ____________________________________________________________________

      Ауыстыру себебі: ____________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған, қазақстандық кеменің шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар бар экипажының мүшелерін ауыстыру туралы өтінішке қосымша, ____ парақта.

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі
және уақыттық шектеріне
6-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (қайта жаңарту) туралы хабарлама

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2024 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы______

      ___________________________________________________________________

      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _________________________________

      3. Кеменің атауы ____________________________________________________

      4. Кеменің типі _____________________________________________________

      5. Кеменің борт нөмірі _______________________________________________

      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) _________________________

      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      ___________________________________________________________________

      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (қайта жаңарту) себептері__

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесі бастығының қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 209 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алған қазақстандық кемелерді бақылау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдері мен өзге де өнімдерді сату немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) шетелдік кемелерге, сондай-ақ өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып тиемей кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) жеткізу болып табылатын, кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кемелерге (бұдан әрі – қазақстандық кеме) қолданылады.

      3. Қазақстандық кемелерге қатысты бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту мен пайдалану саласындағы уәкілетті табиғатты қорғау органымен (бұдан әрі – уәкілетті органы) бірлесіп жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңнамасы мен осы Қағидаларды сақтауға бағытталған кәсіпшілік кемелердің қызметін бақылау іс-шараларының кешенін білдіреді.

      4. Кәсіпшілік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаты бар қазақстандық кемелер бақылау объектілері болып табылады.

      5. Шекара қызметі бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай бақылау-тексеру іс-шараларын жүргізеді:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізуі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларының, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерінің (бұдан әрі – Рұқсат беру қағидалары) 3 және 10-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тексеру;

      2) ауызша сұрау салу және түсініктеме алу.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының теңіз порттарынан (орналасу пункті) теңіз кәсіпшілігі ауданына шығуы Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары кемеде бақылау-тексеру іс-шараларын жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

      Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы куәландырған кеме рөліне енгізілген адамдар ғана қазақстандық кемемен теңізге шығуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Қазақстандық кеменің теңіз портынан кәсіпшілік ауданына шығуының алдында, бірақ кемінде төрт сағат қалғанда Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңіздерде), ішкі суларында және континенттік қайраңында балық кәсіпшілігін жүзеге асыруды жоспарлаған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (бұдан әрі – бастамашы) немесе қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жауапкершілік учаскесінде теңіз порты (орналасу пункті) орналасқан Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесін қазақстандық кеменің әзірлігі туралы хабардар етеді.

      Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кемеге келгенге дейін қазақстандық кеменің капитаны (иесі) қазақстандық кемеден бөтен адамдарды шығаруды қамтамасыз етеді, мәліметтерді жинауды ұйымдастырады және оның қорытындысы бойынша Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақстандық кемедегі кәсіпшілік өнімдер (объектілер), жүктер мен тауарлар және оларды басқа кемелерге ауыстырып тиеу туралы есеп жасайды.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      8. Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кемеге келгеннен кейін қазақстандық кемені байқауды және тексеруді ұйымдастырады. Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің лауазымды адамдарына рұқсатты, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есепті (бұдан әрі – есеп), қазақстандық кеме экипажы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарын және Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы растаған кеменің рөлін көрсетеді.

      Шекара қызметінің лауазымды адамдары құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және олардың дұрыс ресімделуін тексергеннен кейін қазақстандық кеменің капитанына (иесіне) қайтарады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      9. Қажет болған жағдайда Шекара қызметінің лауазымды адамдары мынадай құжаттардың:

      1) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың;

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің;

      3) бастамашының кемеге мүліктік жеке меншік (жалдау) құқығын растайтын құжаттардың;

      4) кемелік және кәсіпшілік журналдардың;

      5) бастамашының қазақстандық кемесінде қазақстандық кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін автоматты сәйкестендіру жүйесінің (бұдан әрі – техникалық бақылау құралы) болуын растайтын жабдықталуы мен жарақталуы жағынан кеменің қауіпсіздігі туралы куәліктің болуын да тексереді.

      10. Қажет болған жағдайда, Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кеменің капитанына (иесіне) және экипаж мүшелеріне оның бортындағы кәсіпшілік өнімдері, жүктер мен тауарлар туралы ауызша сұрау жүргізеді, сондай-ақ (жеке немесе капитанмен (иесімен) бірге) қазақстандық кемені тексеріп қарауды жүргізеді.

      11. Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) есепте көрсеткен деректер қазақстандық кемені тексеру деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, Шекара қызметінің лауазымды адамдары капитаннан (иесінен) бұл фактілер бойынша түсініктеме алады, Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығын хабардар етеді, ол рұқсатты тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды, бұл туралы рұқсат пен есепте жазба жасалады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Бақылау-тексеру іс-шаралары аяқталғаннан кейін Шекара қызметінің лауазымды адамдары есепке қол қойып, кеме журналына жазба жасайды және рұқсатқа белгі қояды. Шекара қызметінің лауазымды адамы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі туралы ақпаратты Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне байланыс құралдары арқылы береді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Шекара қызметі қазақстандық кемелердің рұқсатта көрсетілмеген өзге суларға, теңіз порттарына (орналасу пункттеріне) шығуына жол берілмеуін және адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен немесе өзге де төтенше мән-жайлардан туындаған, бұл туралы қазақстандық кеменің капитаны (иесі) дереу Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесін хабардар ететін жағдайларды қоспағанда, кәсіпшілікті кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) ауыстырып тиемей, адамдарды түсірмей (отырғызбай), жүктер мен тауарларды шетелдік кемелерге, сондай-ақ өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге қайта тиемей жүзеге асыру жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Кәсіпшілікті жүзеге асыру кезінде рұқсатқа сәйкес мынадай талаптар сақталуы тиіс:

      1) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесімен үнемі радиобайланыста болады, қазақстандық кеме орналасқан географиялық координаталарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын әрбір кесіп өту фактісі бойынша хабардар етеді және бұл туралы кеме журналына жазба жүргізеді;

      2) техникалық ақау себептерінен техникалық бақылау құралдары істен шыққан кезде қазақстандық кеменің капитаны (иесі) кәсіпшілікті тоқтатады, ақау себептері туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

      Техникалық бақылау құралдарының істен шығуына әкелген себептерді төрт сағаттың ішінде жою мүмкін болмаған жағдайда, қазақстандық кеменің капитаны (иесі) ол туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесін хабардар етеді және ақауды жою үшін теңіз портына (орналасу пунктіне) оралады;

      3) бастамашы және қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің лауазымды адамдарының талабы бойынша қазақстандық кеменің орналасқан жері және қазақстандық кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне байланысты басқа да қажетті ақпаратты ұсынады;

      4) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін), жүктер мен тауарларды басқа қазақстандық кемелерге ауыстырып тиеп болғаннан кейін оларды ауыстырып тиеуге байланысты өзгерістерді есепке енгізуге міндетті.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Теңіз кәсіпшілігін жүзеге асыратын қазақстандық кемені бақылау барысында Рұқсат беру қағидаларының 14-тармағында, сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген ақпараттардың бұрмалану фактілері анықталған жағдайда, Шекара қызметі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу немесе әкімшілік заңнамасына сәйкес қазақстандық кемені ұстауды және жақын арадағы теңіз портына (орналасу пунктіне) жөнелтуді жүргізеді, рұқсат күшін жояды, бұл туралы рұқсатқа және кеме журналына жазба жазылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) жеткізу мақсатында қазақстандық кеме теңіз портына (орналасу пунктіне) келер алдында бастамашы немесе қазақстандық кеме капитаны (иесі) бұл туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне төрт сағат бұрын хабарлайды. Шекара қызметінің лауазымды адамдары өздері немесе уәкілетті органның өкілдерімен бірге теңіз портына (орналасу пунктіне) келеді, қазақстандық кемені қадағалауды ұйымдастырады, осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тексеруді, қазақстандық кемені тексеріп қарауды, кәсіпшілік өнімдерінің (объектілерінің) түсірілуін қадағалауды жүзеге асырады, қазақстандық кеменің капитанынан (иесінен) және экипаж мүшелерінен оның бортындағы кәсіпшілік өнімдері, жүктер және тауарлар туралы ауызша жауап алады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін), жүктерді және тауарларды, сондай-ақ адамдарды түсіру Шекара қызметі бақылау-тексеру іс-шараларын аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады. Бақылау-тексеру іс-шаралары аяқталғаннан кейін Шекара қызметінің лауазымды адамы қазақстандық кеменің теңіз портына (орналасу пунктіне) келгені туралы рұқсатқа және есепке белгі қояды, сондай-ақ осы туралы кемелік журналға жазба жазады. Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің лауазымды адамына есепке алу үшін есептің екінші данасын ұсынады.

      Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) есебінде көрсетілген деректердің оны тексеріп қарау, кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін), жүктер мен тауарларды түсіру барысын қадағалау нәтижесінде алынған деректерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, Шекара қызметінің және уәкілетті органның лауазымды адамдары қазақстандық кеме капитанынан (иесінен) осы фактілер бойынша түсініктеме алады. Шекара қызметі рұқсаттың күшін жояды, ол туралы рұқсатқа және есепке жазба жазылады.

      18. Бақылау-тексеру іс-шараларының барысында құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, Шекара қызметінің және уәкілетті органның лауазымды адамдары құқық бұзушыларды Қазақстан Республикасының қылмыстық немесе әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды.

  Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан

Кемеде тасымалданатын кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін), жүктерді, тауарларды басқа кемеге ауыстырып тиеу туралы мәліметтер

      Ескерту. Қағида 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2024 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Күні

Кәсіпшілік өнімдерінің (объектілерінің), жүктердің, тауарлардың атауы және түрі

Жүк ауыстырып тиелетін кеме

Өлшем бірлігі

Саны

Кеме капитанының (иесінің) қолы



















      ________________________________________________________________________

      (кеме капитанының (иесінің) қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 __ жылғы "___" _________

      М.О.

      _____________________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамының лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 __ жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өткен кезде кемеде кәсіпшілік өнімдерінің (объектілерінің), жүктердің, тауарлардың болуы және оларды кәсіпшілік барысында басқа кемелерге түсіру (тиеу) туралы есеп

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2024 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Кеменің анықтама деректері

      1. Кеменің атауы ___________________________________________________

      2. Кеменің типі _____________________________________________________

      3. Кеменің борт нөмірі ______________________________________________

      4. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) _________________________

      5. Кеме капитанының (иесінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттың нөмірі, орны, алынған күні және оның қолданылу мерзімі

      _____________________________________________________________

      7. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың нөмірі, орны, алынған күні

      _____________________________________________________________________

      Кемеде тасымалданатын кәсіпшілік өнімдерінің (объектілерінің), жүктердің, тауарлардың, валютаның Қазақстан Республикасының теңіз портынан (орналасу пунктінен) шыққан кездегі сипаттамасы және олардың саны

Р/с

Атауы және түрлік құрамы

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Кәсіпшілік (түрлері бойынша) өнімдері (объектілері):



2.

Жүктер:



3.

Тауарлар:



4.

Валюта:



      ______________________________________________________________________

      (кеме капитанының (иесінің) қолы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 __ жылғы "___" __________

      М.О.

      _____________________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамының лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 __ жылғы "___" __________

      Қазақстан Республикасының теңіз портына (орналасу пунктіне) қайта оралғаннан кейін

Р/с

Атауы және түрлік құрамы

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Кәсіпшілік (түрлері бойынша) өнімдері (объектілері): 



2.

Жүктер:



3.

Тауарлар:



4.

Валюта:



      ___________________________________________________________________

      (кеме капитанының (иесінің) қолы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 __ жылғы "___" __________

      ______________________________________________________________________

      (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамының лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 __ жылғы "___" __________