Кеме құжаттарының тізбесін, Кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және Кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10649 тіркелді.

      "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттарының тiзбесi;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар бекiтiлсiн;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттарына қойылатын талаптар бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитет (А.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 163 бұйрығына
1-қосымша

Кеме құжаттарының тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Кеме журналы.

      2. Кеме рөлi.

      3. Радио журналы (eгeр кемеде кеме станциясы болса).

      4. Машина журналы (механикалық қозғалтқышы бар кемелер үшiн).

      5. Сарқынды сулармен oпeрация журналы.

      6. Қоқыспен операция журналы.

      7. Мұнай oпeрациясы журналы.

      8. Мұнай танкерлерi үшiн мұнай операцияларын жүргiзу журналы.

      9. Теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығы туралы куәлiк.

      10. Кемеге меншiк құқығы туралы куәлiк.

      11. Сыныптау куәлiгi.

      12. Жолаушы куәлiгi (жолаушы кемесi үшiн).

      13. Өлшеу куәлiгi.

      14. Жүк маркасы туралы куәлiк.

      15. Mұнаймен ластанудың алдын алу туралы куәлiк.

      16. Сарқынды сулармен ластанудың алдын алу туралы куәлік.

      17. Қоқыспен ластанудың алдын алу туралы куәлік.

      18. Жүзуге жарамдылығы туралы куәлік (қолданылатын болса).

      19. Жүк операцияларының журналы (құйылған зиянды сұйық заттарды тасымалдайтын кемелер үшін).

      20. Қалдықтарды жою үшін басқару жоспары (100 тіркелімдік тонна және одан да көп жалпы сыйымдылығы бар әрбір кеме, 15 және одан да көп адам тасымалдауға рұқсат берілетін, әрбір кеме, стационарлық және құбылмалы платформалар).

      21. Зиянды сұйық заттарды құйып тасымалдау кезінде ластанудың алдын алу туралы халықаралық куәлік.

      22. Қауіпті химиялық жүктерді құюмен тасымалдау үшін кеменің жарамдылығы туралы халықаралық куәлік немесе қауіпті химиялық жүктерді құюмен тасымалдау үшін кеменің жарамдылығы туралы куәлік.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 163 бұйрығына
2-қосымша

Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары

Тарау 1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заңы) 4-бабы 3-тармағының 55-13) тармақшасына сәйкес әзiрлендi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында жүзетiн кемелердегi кеме құжаттарын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін кемеде осы бұйрықпен бекітілген кеме құжаттарының тізбесіне сәйкес кеме құжаттары болады.

      3. Кеме құжаттарындағы барлық жазбалар мемлекеттiк және орыс, және (немесе) ағылшын тiлдерінде осы Қағидаларға сәйкес жүргiзiледi.

      Кеме құжаттарындағы жазулар анық жазылады. Жазуды қарындашпен жазуға болмайды.

      4. Өзгертiлуі тиiс мәтiн жеңiл оқылатындай етiп жiңiшке сызықпен сызылады және жақшаға алынады. Егер жазба барысында қателiк байқалса, онда жақшадан кейiн бiрден дұрыс мәтiн жазылады. Қалған жағдайларда жақшадан кейiн не жiберiлген жағдайда мәтiнді қосу қажет сөзден кейiн жазылып, сілтеменiң сандық белгiсi толассыз нөмiрлеу арқылы әр бет үшiн қойылады.

      Мәтінді өзгерту немесе толықтыру журналдағы соңғы жазбадан кейiн жазылады, сiлтеме сандық белгiмен қойылады және мынандай нысанда түзету немесе толықтыру енгізген адамның қолымен бекiтiледi:

      1) "қате жазылған", егер сызылған мәтiндi басқасымен ауыстыру қажет болмаса;

      2) "оқу:" және бұдан әрi дұрыс мәтiн;

      3) "толықтыру:" және бұдан әрi дұрыс мәтiн.

      Егер түзетулер немесе толықтырулар алдыңғы беттерге қатысты болса, онда оның алдына сiлтеме нөмiрiнен кейiн бет және жеке жол нөмiрi көрсетiледi мысалы: 3/б. 15.

Тарау 2. Кеме журналын жүргізу тәртiбi

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Кеме журналын жүргізу түзетулермен 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (бұдан әрі - СОЛАС 74/78) Теңiзде адам өмiрiн қорғау туралы 1974 жылғы халықаралық конвенцияға және Заңға сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Кеме журналы кеме құжаты болып табылады, онда кеменің үздіксіз өміршеңдігі көрсетіледі.

      7. Кеме журналына өзгерістер мен толықтыруларды кеме капитанының вахталық көмекшiсi не кеме капитаны енгізеді.

      8. Навигациялық сипаттағы жазбалар көлемiн кеме капитаны картадағы астарымен және тiркеудің техникалық құралдары ақпаратымен бiрге кеменiң жүзу бағытын қалпына келтiруге болатынын ескере отырып белгілейді. Бұл ретте картадағы астар картаны қайта пайдаланғанға дейiн сақталады, ал өзi жазатын таспалар - курсограмма, peвepcoгpaмма, эхограмма, телетайп бағдарламасы екi жыл бойы кемеде сақталады.

      9. Кеме журналы вахта процесінде оқиға болған сәтте не одан кейiн жазылады.

      10. Кеме капитанының вахталық көмекшiсi жүргiзген жазбаларды лауазымын көрсету арқылы қол қоюмен бекiтедi, мынадай қысқартуларды пайдаланады: капитанның аға көмекшiсi - TКАК, капитанның екiншi (үшiншi, төртiншi) көмекшiсi - 2 ТКК (3ТКК, 4TКК).

      11. Кеме капитаны кеме журналындағы жазбаларды бақылайды және әрбiр беттің соңына қолын қойып куәландырады.

      12. Кеме журналына кеме капитаны мен кеме капитанының вахталық көмекшісi қажеттілігіне қарай кеменiң күнделiктi өмiрiне қатысты жазба енгізеді, бұлар кеме, кеме иесi мен жүктiң мүддесiн қорғауда маңызды болуы мүмкін.

      13. Әрбiр тәулiктiң жазбасы кеме журналында жаңа беттен басталады. Тәулiк iшiнде толтырылмаған жолдар "Z" белгiсiмен сызылады.

      14. Кеме журналының титул парағында кеме журналының нөмірі, кеменің атауы, кеменің түрі, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, кеменің тіркелген порты, кеме журналының басталған күні және аяқталған күні көрсетіледі.

      15. Кеме журналына кесте түрінде мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) оқиғаның уақыты;

      2) гирокомпас бойынша курс;

      3) магнит компасы бойынша курс;

      4) кеменiң тұрған жерi;

      5) түсіндірме жазбалар;

      6) жүзіп өткен қашықтық;

      7) желдiң бағыты мен жылдамдығы;

      8) теңiз бетiнiң жай-күйi;

      9) ауа-райының жай-күйi – көріну;

      10) атмосфералық қысым;

      11) ауаның температурасы;

      12) судың температурасы;

      13) вахтада өткiзiлген уақыт, әрбiр вахтаның вахталық матростарының аты-жөндері. Қажет болған кезде вахтаны күшейту үшiн шақырылған экипаж мүшелерінің аты-жөндері жазылады.

      16. Вахта жұмысының соңында осы Қағидаларың 15-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы барлық бағандар толтырылады.

      17. Тұрақтағы вахтаның соңында кеменiң жай-күйi мен жағдайы жазылады:

      1) кеменiң алдыңғы және артқы жағымен шөгуi;

      2) орындалатын жүк операциялары;

      3) кеме энергетикалық қондырғысының (бұдан әрi - ҚӘК) дайындығы;

      4) бортта жүзу құралдарының болуы;

      5) тиелген/түсiрiлген жүктiң мөлшерi.

      Егер вахта уақытында өзгерiстер болмаса, бас жағы мен артқы жағының шөгуі және қажетті іс-шаралар жүргізілетін кеме иесінің қауіпсіздікті басқару жүйесінің чек-парақтарының нөмірлерін көрсете отырып "Бұрынғы қалыпта тұрмыз" деген сөз орамы жазылады.

      18. Тәулік басталуына арналған беттің тақырыбында күні, айы және жылы, кеменің жүзу ауданы, кеменің қайдан және қайда жүруі (тұру уақытында порттың және рейдтің атауы көрсетіледі), рейстің нөмірі (бар болған кезде), кеме уақыты мен гринвич уақыты арасындағы алшақтық көрсетіледі.

      19. Оқиғаның уақыты туралы бағандағы сағатты ауыстырған кезде бөлшек арқылы ескі және жаңа уақыт, кеменің орналасқан жері туралы бағанда – кеме орнының координаталары, түсіндірме жазбалары бар бағанда – "Кеме сағаттары бір сағатқа алға/артқа ауыстырылды" деген сөз орамы және кеменің жаңа уақыты мен гринвич уақыты арасындағы алшақтық жазылады.

      20. Кеме журналының тиісті бағандарында мыналар көрсетіледі:

      1) лоцманмен бірге жүзу кезінде – лоцманның келген және кеткен уақыты, оның тегi мен аты-жөнi;

      2) тiркеп сүйреуiштiң көмегімен өткізу кезінде – тiркеп сүйреуiштiң келуi және кетуi, олардың атауы, тiркеп сүйрету схемасы;

      3) кемені зәкірге қою кезінде – зәкір берілген жердің координаталары, жолда тұрғызу себептерi, қандай зәкiр берiлген, қанша зәкiр шынжыры пайдаланғаны, өлшенген теңiз тереңдiгi, КӘҚ-ның дайындығы;

      4) айлаққа қою кезінде – айлақ атауы немесе нөмiрi, арқандап байлау борты, қандай, қанша, қалай және қайда арқандап байланды, зәкiрге, кеме алдыңғы немесе артқы жағына шөгуi;

      5) кеме қозғалысын басқару жүйесінің әрекеті аймағында жүзу кезінде – аймағына кiруге рұқсат алғандығы, кіру және шығу уақыты, көрсетілетін қызмет түрi, оның басталуы мен аяқталуы, кеме қозғалысын басқару жүйесінің оператордан алынған мәліметтер;

      6) дауылды жағдайларда жүзу кезінде – қисаю бұрышы мен тербеу кезеңi, жүктi сақтауды қамтамасыз ету бойынша әрекет, мұндайлар орын алған жағдайда палубаны су алып кетуi мен толқынның соғысы;

      7) кемеде бала туған жағдайда – анасының тегi, аты мен әкесiнiң аты, баланың жынысы;

      8) кемедегі өлiм жағдайында – өлген адамның тегi, аты мен әкесiнiң аты, өлу себебi, өлген адамның денесi қашан және кiмге берiлдi;

      9) борттағы қайғылы жағдайда – жазатайым оқиғаның себептері мен жағдайлары;

      10) кеме сыртында апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетілген жағдайда – көмек көрсетудің себептері мен жағдайлары;

      11) кеме сыртында апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетілмеген жағдайда – көмек көрсетпеудің себептері мен жағдайлары;

      12) өсиеттерді куәландырған кезде – өсиет қалдырушының тегi, аты мен әкесiнiң аты, өсиет жасалған күні;

      13) кеме рейске шыққан кезде – экипаж мүшелерi мен жолаушылардың саны, отын мен судың қоры, қалдық тұнба, жүктiң мөлшерi мен түрi, басқару құрылымының дайындығы, рейске шығуға жалпы дайындық;

      14) кемені басқару бұйрығы берілгенде – кемені басқару бұйрығын қабылдайтын капитанның тегi, аты мен әкесiнiң атын көрсете отырып басқаруды беру және оған кірісу фактiсi. Жазба тапсыратын және қабылдайтын капитандардың қолымен бекiтiледi.

      21. Өртпен күрес және кеменi тастап шығу бойынша әрбiр оқу дабылы кеме журналының бағанында түсіндірме жазбалармен толық сипатталып жазылуы керек. Егер оқу жинағы, оқу, оқу сабағы немесе оқу дабылы толық көлемде жүргізілмеген болса, жағдайды түсіндіретін және жүргізілген оқу жинағының, оқудың, оқу сабағының немесе оқу дабылының көлемі жазылады.

      22. СОЛАС 74/78 талаптарының орындалуын тiркеу кесте түрінде жүргiзiледi және капитанның аға көмекшісі қол қояды. Қажетті толықтырулар мен толық мағлұматтар кеме журналының бағанында түсіндірме жазбалармен жазылады.

Тарау 3. Кеме рөлiн жүргiзу тәртiбi

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Кеме рөлi кеменiң келуi және кетуi кезiндегi экипаждың саны мен құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын кеменiң негiзгi құжаты болып табылады.

      24. Кеме рөлiн кеме капитаны кеме портқа келген немесе кеме порттан шыққан кезiнде порттың теңіз әкімшілігіне ұсынады.

      25. Кеме рөлi мынадай деректердi қамтитын мәлiметтерден тұpaды:

      1) кеме туралы (аты, ұлты, тiркелген порты және нөмiрi, түрi және мақсаты, кеме иесi, кеменiң шақыру белгiсi);

      2) экипаж мүшелерi туралы (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi, азаматтығы, кемедегi лауазымы, атағы және диплом нөмiрi, теңiзшi куәлігінің немесе теңiзшiнiң жеке басын куәландыратын өзге құжаттың сериясы және нөмiрi).

      26. Кеме рөлiне кеме экипажының құрамына кiретiн адамдар, сондай-ақ:

      1) осы кемеге жүзу практикасын өту үшiн жiберiлген оқу орындарының курсанттары (оқушылары);

      2) кемеде жұмыс iстеу үшiн жiберiлген кеме иесiнiң өкiлдерi енгiзiледi.

      Кеме рөлiнде көрсетiлген оқу орындарының курсанттары (оқушылары) мен халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелерге iссапарға жiберiлген адамдардың лауазымын кеме иесi белгiлейдi.

      27. Кеме рөлi кемеде:

      1) кеме қазақстандық портқа келуi кезiнде немесе кеме қазақстандық порттан кету кезiнде - мемлекеттiк және орыс тiлiнде;

      2) кеме шетел портына келуі кезiнде немесе кеме шетел портынан кетуi кезiнде - мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде толтырылады.

      28. Кеме рөлi мынадай тәртіппен толтырылады:

      1) 2-бағанда "тегi, аты және әкесiнiң аты";

      2) 3-бағанда "туған күнi мен жерi";

      3) 4-бағанда "азаматтығы" - теңiзшiсi жеке куәлігінде немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатта келтiрiлген деректер бойынша;

      4) 5-бағанда "лауазымы" - халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелерде - теңiзшiнің жеке куәлігінде кемедегi қызметтiк ереже туралы жазбаға сәйкес. Қалған кемелерде - кеме иесiнiң кеме экипажының мүшесi ретiнде адамды тағайындау туралы бұйрыққа (өкiмге) сәйкес;

      5) 6-бағанда "атағы және дипломның нөмiрi" - бiлiктiлiгiн растайтын дипломда көрсетiлген деректер бойынша;

      6) "теңiзшi паспортының немесе жеке басын растайтын өзге құжаттың сериясы мен нөмiрi" деген бағанда теңiзшi жеке куәлігінде немесе тиiсiнше жеке басын растайтын құжатында көрсетiлген деректер бойынша толтырылады.

      29. Кеме қазақстандық немесе шетелдiк портқа келгенде, кеме шетелдiң портынан шығар кезде, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кеме қазақстандық порттан шығар кезiнде кеме рөлiн кеменiң капитаны растайды.

      Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кеме қазақстандық порттан шығар кезiнде кеме рөлiне кеме капитаны қол қояды және кеме иесi немесе кеме шығатын порттың капитаны растайды.

      Кеме капитанының, кеме иесiнiң және порт капитанының қолдары кеме мөрімен бекітіледі.

      Олардың жүру бағыты қазақстандық порттан шыққан кезде Қазақстан Республикасының аумақтық суларының сыртқы шегiн кесiп өтудi көздейтiн кемелердiң кеме рөлi кеме иесiнiң немесе порт капитанының куәландыруына жатады.

      Кеме экипажының құрамында өзгерiстер болмаған жағдайда "Өзгерiс жоқ" деген жазу жазылады, ол кеме капитанының қолымен және күнi көрсетiлiп, кеме мөрiмен расталады.

      Кеме экипажының құрамында өзгерiстер болған жағдайда өзгерiстер кеме рөлiне мынадай тәртiппен енгiзiледi:

      1) кеме экипажының бұрынғы мүшесiнің тегi бар жол сызылады. Кеме экипажының жаңа мүшесiнiң тегi бар жол кеме экипажынан шыққан мүшесінiң нөмiрiмен нөмiрленедi;

      2) кететiн экипаж мүшесiн ауыстыру болмаған жағдайда, кеткен экипаж мүшесiнiң тегi сызылып, экипаж мүшесi (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ауыстырусыз кемеден кеткендiгi туралы жазба жазылады.

      Кеме рөлiне енгiзiлген өзгерiстерге кеме капитаны күнiн көрсетiп қол қояды және ол кеме мөрiмен куәландырылады.

      Шетелге жүзетiн кеме қазақстандық порттан шығар алдында кеме рөлiне өзгерiстер енгiзiлсе, осы өзгерiстердi кеме иесi немесе кеме шығатын порттың капитаны растайды.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тарау 4. Радиожурналды жүргiзу тәртібі (eгeр кемеде кеме станциясы болса)

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Радиожурнал радио байланыстар мен электрорадионавигацияға (бұдан әрі – ЭРН) қатысты мәлiметтердi тiркейтiн кеме құжаты болып табылады.

      31. Радиожурналды тiркеу, жүргiзу, сақтауды Апат кезiнде ғаламдық теңiз жүйесi байланысы (бұдан әрі – АҒТЖБ) радиомаманының дипломы бар экипаж мүшесi жүзеге асырады.

      32. Радиожурнал радиовахта атқарылатын жерде болады және тексеру үшiн порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамдарына ұсынылады.

      Қабылдау/беру үшiн қандай радиоқондырғылар пайдаланылғанына қарамастан ақпаратты қабылдау/беруге қатысты мәлiметтер радиожурналға енгiзiледi.

      33. Цифрлық таңдаулы шақыру (бұдан әрi – ЦТШ) жиілiгiнде радиовахта атқаруға, белгiленген мерзiмде байланыс жүйелерiмен берілетiн, теңiзде жүзу қауiпсiздiгi бойынша хабарламаны қабылдауға жататын жазбаларды радиожурналға радиобайланыс бойынша вахталық мiндеттерiн тiкелей атқаратын АГТЖБ радиомаманы енгiзедi.

      34. Қызметтiк және жеке корреспонденцияны қабылдауға/беруге, радиотелефондық сөйлесулер жүргiзуге жататын жазбаларды радиожурналға хабарламаларды қабылдау/берудi тiкелей жүзеге асыратын немесе радиотелефондар байланысын қамтамасыз ететiн АГТЖБ радиомаманы енгiзедi.

      35. Радиобайланыс құралдарына және ЭРН-ге, апат кезiндегi радиобайланысқа техникалық қызмет көрсетуге жататын жазбаларды осы қызметтiк мiндеттердi орындау жүктелген АГТЖБ радиомамандары жүргiзедi.

      36. Радиожурналда жазбалар анық және ұқыпты түрде көк немесе қара сиямен мемлекеттiк және орыс тiлiнде Дүниежүзiлiк үйлестiрiлген уақыт бойынша (UТС) жүргiзiледi. Радиожурналда күнделiктi жазбалар көшiрмесiмен жүргiзiледі, бұл радиожурналдан көшiрме ретiнде пайдаланылуы мүмкін.

      37. АГТЖБ радиомаманы радиожурналға өзгерістер және толықтырулар енгiзеді.

      38. Кеме капитаны радиожурналдағы жазбаны бақылап отырады (eгep қажет болса жазбаша ескертулер жасайды) және әрбiр тәулiктiң соңында қолымен растайды.

      39. Радиожурналдың титул парағында радиожурналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің түрі, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, жалпы сыйымдылық, кеме тіркелген порты, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), радиожурналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.

      40. 1-бөлiмге кеме туралы қысқаша мәлiметтер, радиоқондырғылар туралы кейбiр деректер енгiзіледi.

      41. 2-бөлiмге АГТЖБ радиомамандары туралы деректер енгiзiледi. Радиобайланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету мен ЭРН-ға жауапты АГТЖБ радиомамандары және апат жағдайына радиобайланысты қамтамасыз ету бойынша функционалдық мiндеттi орындауға жауапты АГТЖБ-ның радиомамандары жеке көрсетiледi.

      42. 3-бөлiмге мынадай мәлiметтер енгiзiледi:

      1) 1-бағанда корреспондентпен байланыс уақыты (уақыт төрт таңбалы санмен бір минутты бәсеңділікпен жазылады, сағат минуттан нүкте арқылы бөлiнедi, мысалы: 12.00.) жазылады;

      2) 2-бағанда шақырылған станция жазылады;

      3) 3-бағанда корреспонденттiң шақыру сигналы (немесе басқа танушы) жазылады;

      4) 4-бағанда жиiлiк (арна, спутник) жазылады;

      5) 5-бағанда радиобайланысқа қатысты оқиғалар жазылады, мысалы:

      жабдықтардың қатардан шығуы немесе олардың пайдаланушылық-техникалық сипаттамасының нашарлауы;

      жағадағы станциялармен, жағалық жер станцияларымен немесе спутниктермен байланыстардың үзiлуi;

      мiндеттi хабарламаларды қабылдай алмау себептерi болып табылған радиотолқындардың таралуының қолайсыз жағдайлары;

      басқа станциялармен радиоалмасу рәсiмiнiң бұзылуы;

      жалған апат сигналдарын беру фактілерi;

      коммерциялық айырбасқа қатысты кез келген қақтығыстар, мәселен: тарифтегi келiспеушiлiктер, хабарламаны алмау;

      кемінде тәулiгiне бір рет кеменің тұрған жері және анықтау уақыты туралы (егер тұрған орны белгiленсе, қандай да бiр географиялық нүктеге бекiту арқылы көрсетiлуi мүмкiн, не ендiгi мен бойлығы көрсетiледi, мысалы: 1200 UТС 700 солтүстігі 03300 шығысы);

      апат жағдайында радиожабдықтар мен радиобайланыс рәсiмдерiн пайдалану бойынша және оның функционалдық мiндетi көрсетiлген жағдайда радиобайланысты қамтамасыз ету болып табылатын адамның қауiпсiздiктi қамтамасыз етуi үшiн экипаж мүшелеріне нұсқау беру туралы;

      бақылау құралдарын ЦТШ сигналдарының халықаралық шақыру жиілiгiмен АГТЖБ апаттарында таңдалған жиiлiктi көрсету арқылы қосу (кеме порттан шыққан кезде) және сөндіру туралы (кеме портқа кiрген кезде);

      радиобайланыс бойынша вахталық мiндеттi қабылдау/тапсыру туралы;

      тәулiгiне кемiнде бір рет уақытты тексеру туралы;

      аккумуляторлық батарейдiң зарядталуын тексеру, принтерлердiң қағаз мөлшерiнiң жеткiлiктi болуы мен жазу құралдарының қанағаттанарлық жай-күйiн, орнатылған бақылау құралдарын пайдалану арқылы радиосигналдарды сәулелендiрусiз ЦТШ құралдарының тиiстi қызмет етуiн күн сайын тексеру туралы;

      құтқару құралдарының қолданыстағы авариялық ультрақысқа толқындары (УҚТ) радиостанцияларының жұмыс қабiлеттiлiгiн, жағалау станциясы мәтiндiк шақыру арқылы ЦТШ құралдарының тиiстi қызмет етуiн апта сайын тексеру туралы. Кеме бiр аптадан аса жағалау станциясының ЦИВ-пен жабдықталған ықпал ету аймағынан тыс болғанда мәтiндiк шақыру жүргiзiледi;

      радиоқұрылғының кез келген бөлiгiне энергия берудi, сондай-ақ оның орналасу орнын, антенналардың және оқшаулағыштардың жай-күйiн (антенналардың оқшаулау қарсылығының өлшемдерiмен) қамтамасыз ететiн барлық аккумулятор батарейлерiнiң жай-күйi мен қосылған жерлерiн және авариялық, спутниктiк авариялық радиобуйларын және радиолокациялық жауап бергiштердiң сыртқы зақымдануының болмауын (орнатылған бақылау құралдарын пайдалану арқылы жұмыс қабiлеттiлiгiн, егер болса радиосигналдарды эфирлiк сәулелендiрусiз тексеру) ай сайын тексеру туралы;

      кеменiң рейске шығар алдында радиобайланыс, электррадионавигацияның және резервтiк қорек көздерiнiң жабдықтарын тексеру туралы;

      кеме капитанына хабарлай отырып, радиобайланыс жабдықтарының және ЭPH-нiң қатардан шығуы және пайдалануға енгiзiлуi туралы;

      апат және мерзiмдiлiк туралы хабарламаларға қатысты ақпарат (оның ішінде авариялық радиоалмасуға қатысатын кемелер, олардың тұрған жері туралы деректер). Ағылшын тiлiн (НАВТЕКС) пайдалану арқылы тар жолақты әрiп басатын телеграфия жүйесi бойынша қағаз тасығышта көшiрме түрiнде, кеңейтілген топтық шақыру (КТШ) немесе спутниктiк телекс арқылы қабылданған апат сигналдары және апатқа қатысты хабарламалар радиожурналда белгіленеді және хронологиялық тәртіппен радиожурналдың соңында тiгiледі.

      Қағаз тасығыштағы ауа-райы болжамы мен навигациялық ескертулер көшiрмесi жеке папкаларға тiгілiп, оны қабылдау фактiсі радиожурналда көрсетiлуi тиiс.

      43. Егер жазбаның сипаты 3-бөлiмнiң 1-4 бағандарын толтыруды қажет етпесе, онда жазба мәтiнi уақыттан кейiнгi 2-бағаннан басталады. Егер жағдайды түсiндiруге бір жол жеткіліксіз болса, онда жазба 2-бағаннан бастап келесi жолда жалғастырылады.

Тарау 5. Машина журналын жүргізу тәртібі (механикалық қозғалтқышы бар кемелер үшiн)

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Машина журналы кеме журналына толықтыру болып табылады, онда күш беретін және қосалқы қондырғылардың жұмысын, жүру жылдамдығын, жанармайдың болуы және шығыны көрсетіледі.

      45. Машина журналы Қазақстан Республикасының бiр немесе екi бас қозғалтқышы бар барлық теңiз кемелерінде жүргізіледі. Машина журналы бiр данада жүргiзіледi.

      46. Машина журналы пайдаланым уақытында да, сонымен қатар кеменi жөндеу уақытында да үздiксiз жүргiзiледi.

      47. Машина журналының барлық бағандары белгiленуiне қарай толтырылады.

      48. Машина журналына өзгерістер мен толықтыруларды аға (бас) механик, вахталық механик немесе кеме капитаны енгізеді.

      49. Аға (бас) механик күн сайын машина журналының дұрыс жүргiзiлуiн тексередi, оны өз қолын қою арқылы растайды және машина журналды кеме капитанына қол қоюға ұсынады.

      50. Кеме жүргенде машина журналы машина үй-жайында болады, ал тұрақта вахта механигiнiң каютасында болуы мүмкiн.

      51. Машина журналда вахта бойынша жазбалардың дұрыстығы мен ұқыптылығын вахта механигi қадағалап отырады.

      52. Машина журналының титул парағында машина журналының нөмірі, кеменің атауы, ҚӘК-тың түрі және қуаты, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кеме тіркелген порты, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), машина журналының басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.

      53. Энергетикалық қондырғының жұмыс параметрiнiң жазбасы әрбiр төрт сағат сайын вахтаны тапсыру кезiнде жүргiзiледi. Жазбалардың аспаптар көрсеткiштерiмен сәйкес келуiн вахтаны тапсырушы және қабылдаушы механик қол қойып куәландырады.

      54. Оларды пайдалану машина үй-жайларында вахта персоналының үнемi болуынсыз жүзеге асырылатын кемелерде параметрлердi тiркеу вахтаны тапсыру кезінде жүргiзіледi.

      55. Әрбiр вахтада механизмдерді iске қосу және тоқтату уақыты жазылады. Машина журналында жұмыс ұзақтылығы ескерiлетiн механизмдердің номенклатурасын кеме иесi белгiлейдi.

      56. Машина журналының бос жолдарында вахта бойынша мыналар тіркеледі: бас қозғалтқыштың жұмыс режимiнiң өзгеруi, жауапты жабдықтың тоқтап қалуы және бұзылу жағдайлары және оларды жою үшiн қабылдаған шаралар; энергетикалық қондырғының жұмыс параметрлерiнiң нормалар шегiнен шығуы (шығуды автоматты тiркеу жоқ болғанда). Осында кеменiң сапарға шығар алдында орындалатын тексеру тiркеледi (қозғалтқыштың аударылуы, қашықтан автоматты басқару жүйесiн, реттелетiн жүрiс бұрандасын, машина телеграфын, басқару жүйесiмен машинаның тұтқашын, авралды сигнализацияны, сигналды-ерекшеленушi оттарды тексеру).

      57. Бiр күн ішінде қабылданған отын және сортына қарай бөлiнген май қалдығы мен жанар-жағармай материалдарының (бұдан әрi – ЖЖМ) саны Машина журналының арнайы кестесiнде тәулiктiк бетте жазылады.

      58. Жабдықтарға техникалық қызмет мен жөндеу бойынша бiр күн ішінде жүргiзiлетiн Техникалық пайдалану қызметiнiң тиесiлiгiнде болатын жұмыстар тәулiктiк бетте арнайы кестеде адамның сағаттық еңбегiн және орындаушыларын көрсетiп тiркеледi.

      59. Машина журналының "Ерекше белгiлер" бағанына тәулiк iшiнде мыналарды көрсететiн жазбалар енгiзiледi:

      1) лауазымды адамдар - капитан, аға (бac) механик және капитанның вахталық көмекшiсiнiң өкiмi, осы өкiм жасалған уақыты нақты көрсетiлуi арқылы;

      2) вахталық механиктiң мiнбеге және аға (бас) механикке баяндауы;

      3) вахтаны күшейту, вахтаны ауыстыру немесе ақауларды жою үшiн экипаж мүшелерiн шақыру;

      4) бас қозғалтқышты басқаруды машина үй-жайынан мiнбеге тапсыру және керiсiнше;

      5) механизмдерді басқаруды автоматтыдан жартылай автоматтыға және қолмен басқаруға ауыстыру;

      6) тексерiс нәтижелерi және электрэнергияның авария көздерi мен сақтандыратын құрылғылардың әрекетi;

      7) авариялық сақтау құрылғыларынан пломбаны алу және автоматты реттегiштiң қорғаушы құрылғыларын жөнге келтiрудегi өзгерiстер;

      8 кеме iшiнде ластанған суды қайта айдауды қоса алғанда, сұйықты қабылдау, айдау және қайта айдау. ЖЖM-ды қабылдау немесе тапсыру туралы жазба қабылдау (тапсыру) орнын және жүкқұжат нөмiрiн көрсету арқылы жүргiзiледi;

      9) кезеңдiк бақылау өлшемдерiн жүргiзу (мысалы: индикаторлық диаграммаларды алу, дiрiлдi өлшеу);

      10) кеменi тоқсыз қалдыру жағдайлары, арнайы электр құрылғыларын, электр жетектердi, рульдеу құрылғыларын, кеме корпусының катодтық қорғау жүйелерiн, маневр реттегiштерi мен авариялық дизель-генераторларын басқару жүйесiн қосу және тоқтату;

      11) авариялық жағдайлар (өрт, корпустың ішіне борттан тыс судың келуi, жазатайым оқиғалар) және олармен күресу үшiн қабылданған шаралар;

      12) мұнаймен ластанған және қалдық суларды борт сыртына төгу клапандарына пломбаны қою және алу;

      "Ерекше белгiлер" бағанындағы барлық жазбалар осы жазбаны жазған адамдардың қолымен расталады.

      60. Машина журналында арнайы бөлiнген жерiнде мынадай ақпарат тіркеледі:

      1) кеменiң маневрi туралы мәлiмет (маневр реттегiштерi болмаған кезде);

      2) тәулiк барысында механизмдердің жұмыс iстеу ұзақтығы;

      3) жабдықтардың iрiленген топтары бойынша және орындаушы топтары бойынша кеменiң техникалық құралдарына тәулiк сайын техникалық қызмет етуге жiберiлетiн еңбек шығыны;

      4) MEX-1 радиохабарламаның жай-күйі үшiн бастапқы деректер;

      5) әртүрлi режимдегi маркалар бойынша тәулiк барысында кететiн отын шығыны;

      6) отын, май және суытатын суды тексеру нәтижелерi, сондай-ақ көмекшi қазандар арқылы өңдеу нәтижелерi.

      61. МЕХ-1 радиохабарламасын және тәулiкке кететiн отын шығыны кестесiн дайындауға арналған беттi толтыру кезiнде бос бағандар мамандандырылған кемелерде (танкерлер, рефрижераторлар) ерекше режимдердi жазуға пайдаланылады.

Тарау 6. Сарқынды сулармен операция журналын жүргізу тәртібі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. Сарқынды сулармен операция журналын жүргiзу (бұдан әрі - Журнал) түзетулермен 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (бұдан әрі - МАРПОЛ 73/78) Кемелерден ластануды болдырмау жөнiндегi 1973 халықаралық конвенцияға және Заңға сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Журнал кеме құжаты болып табылады, онда сарқынды сулармен болған операциялар тіркеледі.

      64. Журнал мынадай кемелерде:

      1) сарқынды сулармен операциялар жүргiзу кезiнде жалпы сыйымдылығы екi жүз тонна және одан да көбiрек;

      2) оннан астам адам тасымалдауға рұқсат етілетiн, жалпы сыйымдылығы екi жүз тоннадан кемiрек;

      3) жалпы сыйымдылығы өлшенбейтiн және оннан астам адам тасымалданатын кемелерде жүргiзiледi.

      Жабық фандық жүйелермен жабдықталған кемелердi қоспағанда, кеме экипажының, жолаушылар мен арнайы персоналының саны он және одан кемiрек кемелерде сарқынды сулармен жүргiзiлетiн операциялар Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу кезiнде тiркелмейдi.

      Флот портындағы кемелерде сарқынды сулармен жүргiзілетiн операциялар Кеме журналында тiркеледi.

      65. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, жалпы сыйымдылық, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), экипаж мүшелерiн орналастыруға арналған орынның саны, кеменiң жасалған жылы, жолаушыларды және толықтырғыш персоналы орналастыру орнының саны, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.

      66. Журналға жазбалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Журналда тіркеуге жататын операциялардың тiзбесiне сәйкес тiркелетiн операция бiткеннен кейiн бiрден турақты енгiзiлуi тиiс.

      67. Журналдағы әрбiр жазбаға операция өткiзуге жауапты адам жазба күнiн көрсетiп қол қояды. Қолымен қатар жақшаның ішінде жауапты адамның лауазымы, тегi мен аты-жөнi көрсетiледi. Журналдың толтырылған әрбiр бетiне кеме капитаны қол қояды.

      68. Журналдың тармақтары бойынша жазбалар енгiзiлгенде мыналар көрсетiледi:

      1) 1; 2 – кеме уақыты мен кеменiң координаттары;

      2) 3 – "иә";

      3) 4 – тораптағы кеменiң жылдамдығы, егер лақтырынды аялдама уақытында жүргiзiлсе, онда порт, жаға сыйымдылығы немесе кеме-жинаушы көрсетiледi;

      4) 6 – кемедегi техникалық құжаттама бойынша цистернаның белгіленуi мен нөмiрi;

      5) 7; 11 – текше метрмен саны.

Тарау 7. Қоқыспен операция журналын жүргізу тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      69. Қоқыспен операция журналын жүргiзу (бұдан әрі – Журнал) МАРПОЛ 73/78 және Заңына сәйкес жүзеге асырады.

      70. Журнал кеме құжаты болып табылады, онда кемелерден қоқысты тастау тіркеледі.

      71. МАРПОЛ 73/78 заңдық иелiгiндегi басқа тараптарының порттарға және теңiз терминалдарына рейстерді орындайтын жалпы сыйымдылығы 400 тонна және одан артық әрбiр кемеде және 15 не одан да көп адам тасуға арналған әрбiр кемеде, соңдай-ақ теңiз түбiндегi минералдық ресурстарды барлаумен және өңдеумен айналысатын әрбiр стационарлық және жүзбелi платформада Журналын жүргізу журналы болуы тиiс.

      72. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.

      73. Теңiзге, жағадағы қабылдау құрылыстарына немесе басқа кемеге тастауды қоса алғанда, тастаудың немесе аяқталған өртеудiң әрбiр операциясын журналға жазып отыру керек және өртеген немесе лақтырған күнiн көрсете отырып, командалық құрамның жауапты адамы қол қоюы тиiс. Журналдың әрбiр толтырылған бетiне кеменiң капитаны қол қоюы тиiс.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.10.2016 № 737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      74. Әрбiр өртеу немесе лақтыру туралы жазбада күнi және уақыты, порт немесе кеме атауы (порттық қабылдау құрылыстарына немесе басқа кемеге тастаған кезде) не кеменiң тұрған жерi, қоқыстың санаты және лақтырылған немесе өртелген қоқыстың болжамды мөлшерi қамтылуы тиiс.

      Журналда жазу үшін қоқыс мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) А–пластмассалар;

      2) В–азық-түлік қалдықтары;

      3) С–тұрмыстық қалдықтар;

      4) D–аспаздық май;

      5) Е–инсинераторлардан алынған күл;

      6) F–пайдаланған қалдықтар;

      7) G–жүктің қалдығы;

      8) Н–жануарлардың өлексесі;

      9) I–ұстау құралдары.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.10.2016 № 737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75. Журналға әрбiр келесi жағдайларда жазба жүргiзiлуi тиiс:

      1) қоқыс теңiзге лақтырылғанда:

      лақтыру күнi мен уақыты;

      кеменің орналасқан жері (ендiгi мен бойлығы, лақтырудың басталуы мен аяқталуы орындары туралы жүк қалдықтарын лақтыруына қатысты мәліметтер қосылады);

      лақтырылған қоқыстың санаты;

      әрбір санат үшін лақтырылған қоқыстың шамамен алғандағы саны, м3;

      командалық құрамның, операцияға жауапты тұлғаның қолы;

      2) қоқыс жағадағы қабылдау құрылыстарына немесе басқа кемеге лақтырылғанда:

      лақтыру күнi мен уақыты;

      порт немесе кеменiң атауы;

      лақтырылған қоқыстың санаты;

      әрбір санат үшін лақтырылған қоқыстың шамамен алғандағы саны, м3;

      командалық құрамның,операцияға жауапты тұлғаның қолы;

      3) қоқыс өртелген кезде:

      жағудың басталуы мен аяқталуының күні және уақыты;

      жағудың басында және аяқталған кезде кеменің орналасқан жері (ендік және бойлық);

      жағылған қоқыстың санаты;

      әрбір санат үшін лақтырылған қоқыстың шамамен алғандағы саны, м3;

      командалық құрамның, операцияға жауапты тұлғаның қолы;

      4) қоқысты лақтыруы немесе теңізде жоғалтудың авариялық немесе басқа ерекше жағдайлары:

      оқиғаның күнi мен уақыты;

      порт немесе оқиға болған кезде кеменiң орналасқан жерi (ендiгi, бойлығы және судың тереңдігі, егер белгілі болса);

      лақтырылған немесе жоғалған қоқыстың санаты;

      қоқыстың әрбір санатының шамамен алғандағы саны, м3;

      себебі немесе жоғалуы мен жалпы ескертулер

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.10.2016 № 737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76. Капитан жағадағы қабылдау құрылыстарының операторынан немесе қоқысты қабылдаған басқа кеменiң капитанынан берiлген қоқыстың бағаланған мөлшерiн нақтылайтын растайтын құжат алуы тиiс. Растайтын құжат Журналмен бiрге кеменiң бортында екi жыл бойы сақталады. Екі жыл өткеннен кейін растайтын құжаттар және Журнал кеме иесіне әрі қарай сақтау және архивтеу үшін тапсырылады.

      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      77. Қоқыстың мөлшерi бортта м3, мүмкiндiгiне қарай әрбiр санат үшiн жеке бағалануы тиiс. Журналда қоқыс мөлшерiнiң бағасына сілтеме жасалуы тиiс.

Тарау 8. Мұнай операциясы журналын жүргiзу тәртібі

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      78. Мұнай операциясы журналын жүргiзу (бұдан әрi – Журнал) МАРПОЛ 73/78 және Заңына сәйкес жүзеге асырады.

      79. Журнал кеме құжаты болып табылады, онда кемелерде болатын мұнай операциялары тіркеледі.

      80. Журналды жүргізу жалпы сыйымдылығы 150 тiркелiмдiк тонна және одан артық әрбiр мұнай танкерiнде және жалпы сыйымдылығы 400 тiркелiмдiк тонна және одан артық мұнай танкерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн әрбiр кемеде машина бөлiмiнде операцияларды жазу үшiн көзделеді.

      81. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, жалпы сыйымдылық, кеме тіркелген порты, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.

      82. Журналда МАРПОЛ 73/78-ге I-қосымшаның 17-қағидасына сәйкес "Машина үй-жайларындағы операциялар" I-бөлімімен көзделген, толтырылуға жататын тармақтар тізбесінде көрсетілген машина үй-жайларындағы операциялар тіркеледi.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.10.2016 № 737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      83. Журналға жазба енгізген кезде мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) 1-бағанда күнi;

      2) 2-бағанда операция коды;

      3) 3-бағанда тармақ нөмiрi жоғарыда көрсетiлген Тізбеге сәйкес;

      4) 4-бағанда операциялар және операцияға жауапты командалық құрам адамының қолы тіркеледі, бұл ретте осы бағанда операцияның егжей-тегжейлігі хронологиялық тәртiппен жазылады.

      84. Әрбiр аяқталған операцияға кеменiң операцияның өткiзiлуiне жауапты командалық құрамының адамы күнiн көрсете отырып, қол қояды. Қолмен қатар жақша iшiнде жауапты адамның лауазымы, тегi мен аты-жөнi көрсетіледi. Журналдың әрбiр толтырылған бетiне кеме капитаны қол қояды.

      85. Мұнайдан ластануды болдырмау туралы халықаралық куәлiгi бар кемелерде журнал жазбалары ағылшын тілінде қайталанады.

      86. Журналға жазбалар үнемi, тiркелетiн операциялар аяқталысымен енгiзiледі.

Тарау 9. Мұнай танкерлерi үшiн мұнай операциялары журналын жүргiзу тәртібі

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      87. Мұнай танкерлерi үшiн мұнай операцияларын журналын жүргiзу (бұдан әрi – Журнал) МАРПОЛ 73/78 және Заңына сәйкес жүзеге асырады.

      88. Журнал кеме құжаты болып табылады, онда мұнай танкерлерінде болатын мұнай операциялары тіркеледі.

      89. Журналды жүргізу жалпы сыйымдылығы 150 тiркелімдік тонна және одан артық, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн әрбiр мұнай танкерiнде тиiстi жүк және балластық операцияларды жазу үшiн көзделеді.

      90. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, жалпы сыйымдылық, кеме тіркелген порты, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.

      91. Журналда МАРПОЛ 73/78-ге I-қосымшаның 36-қағидасына сәйкес "Жүк/балластық операциялар (мұнай танкерлері үшін)" II-бөлімінде көзделген толтырылуға жататын тармақтар тізбесінде көрсетілген жүк және балластық операциялар тіркеледі

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.10.2016 № 737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      92. Журналға жазбалар енгiзiлген кезде мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) 1-бағанда күнi;

      2) 2-бағанда операция коды;

      3) 3-бағанда тармақ нөмiрi жоғарыда көрсетiлген Тізбеге сәйкес;

      4) 4-бағанда операциялар және операцияға жауапты командалық құрам адамының қолы тіркеледі, бұл ретте осы бағанда операцияның егжей-тегжейлігі хронологиялық тәртiппен жазылады.

      93. Әрбiр аяқталған операцияға кеменiң операцияның өткiзiлуiне жауапты командалық құрамының адамы күнiн көрсете отырып, қол қоюы тиiс. Қолмен қатар жақша iшiнде жауапты адамның лауазымы, тегi мен аты-жөнi көрсетiледi. Журналдың әрбiр толтырылған бетiне кеме капитаны қол қояды.

      94. Журналға жазбалар үнемi, тiркелетiн операциялар аяқталысымен енгiзiледі.

Тарау 10. Жүк операциялары журналын жүргізу тәртібі

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида 10-тараумен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.10.2016 № 737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      95. Жүк операциялары журналын жүргізу (бұдан әрі – Журнал) МАРПОЛ 73/78 және Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      96. Журнал құйылған зиянды сұйық заттарды тасымалдаумен айналысатын кемелерде жүк және балластық операцияларын тіркейтін кеме құжаты болып табылады.

      97. Журналдың титул парағында Журналдың нөмірі, кеменің атауы, тіркелген нөмірі немесе кеменің шақыру дабылы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, жалпы сыйымдылығы, кеменің тіркелген порты, Журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.

      98. Журналда МАРПОЛ 73/78-ге II-қосымшадағы "Құйылған зиянды сұйық заттардың тасымалын жүзеге асыратын кемелерге арналған жүк операциялары журналының нысаны" II-толықтырумен көзделген толтыруы тиіс тармақтардың тізбесінде көрсетілген жүк және балластық операциялар тіркеледі.

      99. Журналға жазбаларды енгізген кезде келесі деректер жазылады:

      1) 1-бағанда күні қойылады;

      2) 2-бағанда операциялық код қойылады;

      3) 3-бағанда жоғарыда көрсетілген тізбеге сәйкес тармақтың нөмірі қойылады;

      4) 4-бағанда операциялар және операцияға жауапты тұлғаның қолы тіркеледі, бұл ретте осы бағанда операцияның мән-жайлары хронологиялық тәртіпте жазылады.

      100. Әрбір аяқталған операцияға кеменің операцияның өткізілуіне жауапты командалық құрамның тұлғасы күнін көрсете отырып, қол қояды. Қолының қасында жақшаның ішінде лауазымы, тегі және аты-жөні көрсетіледі. Журналдың әрбір толтырылған бетіне кеме капитаны қол қояды.

      101. Жазбалар Журналға белгіленген операция аяқталғаннан кейін дереу енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 163 бұйрығына
3-қосымша

Кеме құжаттарына қойылатын талаптар

      1. Осы Кеме құжаттарына қойылатын талаптар "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заңы) 4-бабы 3-тармағының 55-13) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында жүзетiн кемелердегi кеме құжаттарына қойылатын талаптардың тәртiбiн айқындайды.

      2. Кемеде көшірмесін осы құжатты берген орган растаған немесе нотариус куәландырған кемеге меншік құқығы туралы куәліктен басқа, кеме құжаттарының түпнұсқалары болуы тиіс.

      3. Кемедегі барлық журналдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге құқық алған сәтiнен бастап, құқығы сақталған бүкiл уақыт кезеңi бойы жүргiзiледi.

      4. Кемедегі барлық журналдар нөмiрленуi, тiгiлуi және кеме журналдың тiркеу теңiз портының капитаны растауы тиiс.

      Теңіз портының капитаны кеме иесімен берілген күннен бастап 3 күн ішінде журналдарды растайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Кемедегі журналдардың соңғы беттерінде мөртабанмен кеме журналдың тiркеу портының тiзiлiмi бойынша журналының нөмiрi, нөмiрленген және тiгiлген беттердiң саны, кеме тіркелген портының атауы көрсетiледi. Кеме журналдың тiркеу портының тiзiлiмi бойынша журналдардың нөмiрлері журналдардың титул парағында да көрсетіледі.

      6. Барлық журналдар кеме бортында соңғы жазба енгiзiлгеннен кейiн үш жыл ішінде сақталады, одан кейiн кеме иесiнiң мұрағатына тапсырылады.

      7. Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу және кемеге меншік құқығы туралы куәліктерді кемені Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тізіліміне және Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізіліміне енгізгеннен кейін кемені тіркеуді жүзеге асыратын орган береді. Көрсетілген куәліктерге нысандар, беру тәртібі және қойылатын талаптар Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-2)-тармақшасында көрсетілген нормативтiк құқықтық актімен регламенттеледі.

      8. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттары тізбесінің 11-18, 21 мен 22-тармақтарында көрсетілген куәліктерді (бұдан әрі – куәлік) Кеме қатынасының тіркелімі және Заңға сәйкес танылған шетелдік сыныптау қоғамдары береді. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттары тізбесінің 6, 7, 8, 19, 20-тармақтарында көрсетілген кеме құжаттарының нысандары, беру тәртібі мен куәлікке қойылатын талаптар, сондай-ақ нысандары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартармен регламенттеледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Кеме құжаттары мемлекеттік және орыс және (немесе) ағылшын тілдерінде жасалады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.10.2016 № 737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Кеме құжаттарын жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

Журналда тіркелуі тиіс операциялардың тiзбесi

Код
(әріп)

Тармақ
(нөмір)

Операция мен тармақтың атауы

А

Сарқынды сулармен oпeрациялар

1

Ағызу басындағы кеменiң уақыты мен орналасқан жері

2

Ағызу аяқталғандағы кеменiң уақыты мен орналасқан жері

3

Сарқынды суларды зарарсыздандыру жөнiндегi қондырғының автоматты жұмысы

4

Ағызу уақытындағы кеме жылдамдығы

Б

Сарқынды суларды қабылдау құрылғыларына тапсыру

5

Ағынды суларды тапсыру порты

6

Қабылдау құрылғыларына тапсырылған цистерналарды белгілеу

7

Тапсырылған ағынды сулардың жалпы саны (қарау Ескертпеге)

В

Сарқынды суларды кездейсоқ немесе өзге де ерекше жағдайларда ағызу

8

Ағызу уақыты

9

Кеменiң орналасқан жері

10

Ағызу жағдайы

11

Ағызылған caрқынды сулардың жалпы саны

12

Ағызу туралы хабарлама қашан және қайда берілді


      Ескертпе: Кемелер капитандары қабылдау құрылыстарының, оның iшiнде баржа мен автоцистернаның операторынан айдалған сарқынды судың мөлшерi, сондай-ақ уақыты мен беру күнi көрсетiлген қолхат немесе куәлiк алады.

  Кеме құжаттарын жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

Журналда тіркелуі тиіс операциялардың тiзбесi

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.10.2016 № 737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Кеме құжаттарын жүргізу
қағидаларына 3-қосымша

Журналда тіркелуі тиіс операциялардың тiзбесi

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.10.2016 № 737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.