Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері;

      2) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі C.Ахметов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 209 қаулысымен
бекітілген

Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат алу тәртібін (бұдан әрі – рұқсат), оның қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар мақсаты Қазақстан Республикасының аумағына балық өнімдері мен өзге де өнімдерді (объектілерді) сату немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) шетелдік кемелерге ауыстырып тиемей жеткізу болып табылатын, кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ оларға қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге (бұдан әрі – қазақстандық кемелер) қолданылады.

2. Рұқсаттар беру тәртібі

      3. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (бұдан әрі – бастамашы) рұқсат алу үшін электрондық форматта "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне (бұдан әрі – Шекара қызметі) мынадай құжаттарды:

      1) қазақстандық кеме капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлімен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);

      2) қазақстандық кемеге меншік құқығы туралы куәліктің көшірмесін немесе қазақстандық кемені жалға алу шартының көшірмесін (теңіз кемелері үшін);

      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің көшірмесін (теңіз кемелері үшін);

      4) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың көшірмесін;

      5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жұмыс істеуге рұқсаттардың көшірмесін;

      6) кеме куәлігінің көшірмесін (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде тіркелген кемелер үшін) ұсынады.

      4. Шекара қызметінің портал арқылы өтінішті қарау мерзімі мен Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттамаларды беруі бастамашы өтініш енгізген сәтінен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.

      5. Мыналар:

      1) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде болмауы не онда дәйексіз немесе толық емес ақпараттың болуы;

      2) егер рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңіз), ішкі суларының шегінде орналасқан болса, қазақстандық кеменің кәсіпшілік қызметті жүргізуі кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өту қажеттілігінің болмауы рұқсат беруден бас тартуға негіздеме болып табылады.

      6. Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген негіздер болған жағдайда, Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша дәлелді бас тартады.

      Бастамашының өтінішті қайта ұсынуы ескертулер жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      7. Рұқсат жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың қолданылу мерзіміне беріледі, бірақ Қағидалардың 3-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

      Рұқсат онда көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) шегінде қолданылады.

      8. Берілген рұқсат қолданылатын бүкіл мерзім бойы ол кәсіпшілікті жүргізу уақытында қазақстандық кеменің капитанында (иесінде) болады.

      9. Қазақстан Республикасының азаматтарынан ғана жасақталған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, бастамашы бұдан бұрын портал арқылы Шекара қызметіне Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру туралы өтініш (бұдан әрі – ауыстыру туралы өтініш) береді.

      10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан жасақталған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, бастамашы портал арқылы Шекара қызметіне Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себебін көрсете отырып, ауыстыру туралы өтініш береді.

      Ауыстыру туралы өтінішке мынадай құжаттар:

      1) жаңа кеменің рөлі;

      2) шетелдік және азаматтығы жоқ адам үшін жұмыс істеуге рұқсаттың көшірмесі;

      3) қажет болған жағдайда, шетелдік азаматқа және азаматтығы жоқ адамға берілген визаның көшірмесі қоса беріледі.

      11. Шекара қызметінің өтінішті қарау мерзімі мен қабылданған шешім туралы бастамашыны портал арқылы хабардар ету бастамашы ауыстыру туралы өтінішті енгізген сәтінен бастап үш жұмыс күнінен аспайды.

      12. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат мерзімін ұзартқан немесе қайтадан алған жағдайда, бастамашы портал арқылы Шекара қызметіне Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың көшірмесін қоса береді.

      Шекара қызметінің өтінішті қарау мерзімі мен қабылданған шешім туралы бастамашыны портал арқылы хабардар ету бастамашы өтінішті енгізген сәтінен бастап үш жұмыс күнінен аспайды.

      Оң шешім қабылданған жағдайда Шекара қызметі тікелей бұрын берілген рұқсатқа қолданылу мерзімін ұзарту туралы өзгеріс енгізеді.

      Рұқсатты ұзартудан бас тартқан жағдайда Шекара қызметі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша дәлелді бас тартады.

      13. Рұқсатты жоғалтып алған жағдайда, бастамашы портал арқылы Шекара қызметіне рұқсатты жоғалтып алу мән-жайларын көрсете отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа рұқсат беру туралы өтінішпен жүгінеді.

      Жаңа рұқсат беру Қағидалардың 3-5-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      14. Рұқсаттың қолданылуы мынадай:

      1) қазақстандық кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты бақылаудың техникалық құралында ақау болған;

      2) қазақстандық кеме капитаны (иесі) есепте көрсеткен деректердің қазақстандық кеменің порттан шығар алдында тексеру нәтижесінде алынған деректерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда тоқтатыла тұрады.

      15. Рұқсаттың қолданылуы оны тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғаннан кейін қайта жаңартылады.

      16. Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларды анықтаған Шекара қызметінің лауазымды адамы рұқсатты тоқтата тұру себептерін көрсетіп, рұқсаттың тоқтатыла тұруы (қайта жаңартылуы) туралы белгі қояды.

      Бұл ретте Шекара қызметі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттың тоқтатыла тұруы (қайта жаңартылуы) туралы бастамашыға хабарлама жолдайды.

  Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі
және уақыттық шектеріне
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру (ұзарту) туралы өтініш

      Кімге ____________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы) Кімнен

      _________________________________________________________

      (заңды тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы немесе

      ________________________________________________________________

      дара кәсіпкердің Т.А.Ә., оның мекенжайы)

      ________________________________________________________________

      Мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдері мен өзге де өнімді сату немесе өндіру үшін теңіз кәсіпшілігі өнімдерін жеткізу болып табылатын кәсіпшілік қызмет жүргізілген жағдайда кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) шетелдік кемелерге, сондай-ақ шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып тиемей _____________________________________________________________________

      (балық кәсіпшілігі ауданы көрсетіледі) ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға (ұзартуға) өтінішті қарауды сұраймын.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға мәлімделген кемелер туралы мәліметтер ______ парақта келтірілген.

      ________________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "__" _________

Өтінішке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға мәлімделген қазақстандық кеме туралы мәліметтер

      1. Кеменің атауы ___________________________________________________

      2. Кеменің типі _____________________________________________________

      3. Кеменің борттық нөмірі ___________________________________________

      4. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасқан пункті) _______________________

      5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер: ________________________________________________

      6. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың нөмірі, алынған орны, күні және оның қолданылу мерзімдері ________________________________________

      7. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы _________________________________________________

      8. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы _____________________

      ________________________________________________________________

      9. Квоталар иесінің атауы және мекенжайы ___________________________

      ________________________________________________________________

      10. Кеме капитанының (иесінің) тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы

      ______________________________________________________________

      11. Техникалық бақылау құралдарының типі _____________________________

      12. Кәсіпшілік қызмет жүргізу ауданы (аудандары) _____________________

      ________________________________________________________________

      13. Кеме кәсіпшілік ауданына баратын кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаталары мен мерзімдері

      ________________________________________________________________

      Кеме кәсіпшілік ауданына шығатын және кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) жеткізуі мен түсіруі үшін кіретін Қазақстан Республикасының теңіз порты (орналасу пункті)

      ________________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі
және уақыттық шектеріне
2-қосымша
  Нысан

Сериясы _______ № _____________ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы

      ___________________________________________________________________

      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _________________________________

      ___________________________________________________________________

      3. Кеменің атауы ____________________________________________________

      4. Кеменің типі ______________________________________________________

      5. Кеменің борттық нөмірі ____________________________________________

      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) __________________________

      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы _____________

      ___________________________________________________________________

      8. Техникалық бақылау құралдарының типі _____________________________

      __________________________________________________________________

      9. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер

      10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі _____________________________________

      11. Теңіз кәсіпшілігінің ауданы (аудандары) _____________________________

      __________________________________________________________________

      12. Кіретін және теңіз кәсіпшілігі өнімдерін түсіретін Қазақстан Республикасы теңіз порттарының (орналасу пункттерінің) тізбесі

      _________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы

      20 __ жылғы "___" _________

      парақтың сырт жағы

      Ерекше белгілер

      1. Рұқсат тоқтатып қойылған күн ___________________________________

      2. Рұқсатты тоқтата тұрудың себептері ______________________________

      _______________________________________________________________

      3. Рұқсат қайта жаңартылған күн __________________________________

      Рұқсаттың күші жойылғаны туралы белгі

      1. Рұқсаттың күші жойылған күні _________________________________

      2. Рұқсаттың күшін жою себептері ________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Шекара қызметі әскери бөлімінің белгілері _________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

  Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі
және уақыттық шектеріне
3-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беруден (ұзартудан) бас тарту туралы хабарлама

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы _________________________________________

      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы ____________________________

      ______________________________________________________________

      3. Кеменің атауы _______________________________________________

      4. Кеменің типі _________________________________________________

      5. Кеменің борттық нөмірі _______________________________________

      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) _____________________

      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ________

      ___________________________________________________________

      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп

      өтуге рұқсат беруден (ұзартудан) бас тарту себептері ________

      ______________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі
және уақыттық шектеріне
4-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру туралы өтініш

      Кімге ___________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)

      Кімнен _______________________________________________________

      (заңды тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы немесе

      _______________________________________________________________

      дара кәсіпкердің Т.А.Ә., оның мекенжайы)

      _______________________________________________________________

      Кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін 20 __ жылғы "___" _____ сериясы _____ № ______ 0000 әскери бөлім берген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық кеме экипажының мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.

      ____________________________________________________________________

      экипаж мүшелерінен алып тастауды сұраймын____________________________

      экипаж мүшелеріне қосуды сұраймын____________________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі
және уақыттық шектеріне
5-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар бар қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру туралы өтініш

      Кімге ___________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)

      Кімнен _________________________________________________________

      (заңды тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы немесе

      ________________________________________________________________

      дара кәсіпкердің Т.А.Ә. оның мекенжайы)

      Кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін 20 __ жылғы "___" ________ сериясы _______ № ______ 0000 әскери бөлім берген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.

      Экипаж мүшелігінен мына шетелдік азаматтарды (азаматтығы жоқ адамдарды) алып тастауды сұраймын:______________________________

      ______________________________________________________________

      экипаж мүшелеріне қосуды сұраймын ____________________________

      _____________________________________________________________

      Ауыстыру себебі: _____________________________________________

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық кеменің шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар бар экипаж мүшелерін ауыстыру туралы өтінішке ____ парақта қосымша қоса беріледі.

      ______________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына, рұқсаттар
қолданылуының кеңістіктегі
және уақыттық шектеріне
6-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (қайта жаңарту) туралы хабарлама

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ___________________

      ______________________________________________________________

      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы ____________________________

      3. Кеменің атауы ________________________________________________

      4. Кеменің типі _________________________________________________

      5. Кеменің борттық нөмірі _______________________________________

      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) _____________________

      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ________

      ______________________________________________________________

      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (қайта жаңарту) себептері

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 209 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алған қазақстандық кемелерді бақылау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдері мен өзге де өнімдерді сату немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) шетелдік кемелерге, сондай-ақ өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып тиемей кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) жеткізу болып табылатын, кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кемелерге (бұдан әрі – қазақстандық кеме) қолданылады.

      3. Қазақстандық кемелерге қатысты бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту мен пайдалану саласындағы уәкілетті табиғатты қорғау органымен (бұдан әрі – уәкілетті органы) бірлесіп жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңнамасы мен осы Қағидаларды сақтауға бағытталған кәсіпшілік кемелердің қызметін бақылау іс-шараларының кешенін білдіреді.

      4. Кәсіпшілік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаты бар қазақстандық кемелер бақылау объектілері болып табылады.

      5. Шекара қызметі бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай бақылау-тексеру іс-шараларын жүргізеді:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізуі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларының, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерінің (бұдан әрі – Рұқсат беру қағидалары) 3 және 10-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тексеру;

      2) ауызша сұрау салу және түсініктеме алу.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының теңіз порттарынан (орналасу пункті) теңіз кәсіпшілігі ауданына шығуы Шекара қызметі әскери бөлімдерінің лауазымды адамдары кемеде бақылау-тексеру іс-шараларын жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

      Шекара қызметі әскери бөлімінің командирі куәландырған кемелік рөлге енгізілген адамдар ғана қазақстандық кемемен теңізге шығуды жүзеге асырады.

      7. Қазақстандық кеменің теңіз портынан кәсіпшілік ауданына шығуының алдында, бірақ кемінде төрт сағат қалғанда Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңіздерде), ішкі суларында және континенттік қайраңында балық кәсіпшілігін жүзеге асыруды жоспарлаған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (бұдан әрі – бастамашы) немесе қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жауапкершілік учаскесінде теңіз порты (орналасу пункті) орналасқан Шекара қызметінің әскери бөліміне қазақстандық кеменің әзірлігі туралы хабардар етеді.

      Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кемеге келгенге дейін қазақстандық кеменің капитаны (иесі) қазақстандық кемеден бөтен адамдарды шығаруды қамтамасыз етеді, мәліметтерді жинауды ұйымдастырады және оның қорытындысы бойынша Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақстандық кемедегі кәсіпшілік өнімдер (объектілер), жүктер мен тауарлар және оларды басқа кемелерге ауыстырып тиеу туралы есеп жасайды.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кемеге келгеннен кейін қазақстандық кемені байқауды және тексеруді ұйымдастырады. Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің лауазымды адамдарына рұқсатты, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есепті (бұдан әрі – есеп), қазақстандық кеме экипажы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарын және Шекара қызметі әскери бөлімінің командирі растаған кеменің рөлін көрсетеді.

      Шекара қызметінің лауазымды адамдары құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және олардың дұрыс ресімделуін тексергеннен кейін қазақстандық кеменің капитанына (иесіне) қайтарады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қажет болған жағдайда Шекара қызметінің лауазымды адамдары мынадай құжаттардың:

      1) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың;

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің;

      3) бастамашының кемеге мүліктік жеке меншік (жалдау) құқығын растайтын құжаттардың;

      4) кемелік және кәсіпшілік журналдардың;

      5) бастамашының қазақстандық кемесінде қазақстандық кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін автоматты сәйкестендіру жүйесінің (бұдан әрі – техникалық бақылау құралы) болуын растайтын жабдықталуы мен жарақталуы жағынан кеменің қауіпсіздігі туралы куәліктің болуын да тексереді.

      10. Қажет болған жағдайда, Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кеменің капитанына (иесіне) және экипаж мүшелеріне оның бортындағы кәсіпшілік өнімдері, жүктер мен тауарлар туралы ауызша сұрау жүргізеді, сондай-ақ (жеке немесе капитанмен (иесімен) бірге) қазақстандық кемені тексеріп қарауды жүргізеді.

      11. Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) есепте көрсеткен деректер қазақстандық кеменің тексеру деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, Шекара қызметінің лауазымды адамдары капитаннан (иесінен) бұл фактілер бойынша түсініктеме алады, Шекара қызметі әскери бөлімінің командирін ақпараттандырады, ол рұқсатты тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды, бұл туралы рұқсат пен есепте жазба жасалады.

      12. Бақылау-тексеру іс-шаралары аяқталғаннан кейін Шекара қызметінің лауазымды адамдары есепке қол қойып, кеме журналына жазба жасайды және рұқсатқа белгі қояды. Лауазымды адам жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі туралы ақпаратты Шекара қызметінің әскери бөліміне байланыс құралдары арқылы береді.

      13. Шекара қызметі қазақстандық кемелердің рұқсатта көрсетілмеген өзге суларға, теңіз порттарына (орналасу пункттеріне) шығуларына жол бермеуге және адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен немесе өзге де төтенше мән-жайлардан туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) ауыстырып тиемей, адамдарды түсірмей (отырғызбай), жүктер мен тауарларды шетелдік кемелерге, сондай-ақ өздеріне қатысты кедендік бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге қайта тиемей кәсіпшілікті жүзеге асыру бойынша талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады, бұл туралы қазақстандық кеменің капитаны (иесі) дереу Шекара қызметінің әскери бөлімін хабардар етеді.

      14. Кәсіпшілікті жүзеге асыру кезінде рұқсатқа сәйкес мынадай талаптар сақталуы тиіс:

      1) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің әскери бөлімімен үнемі радиобайланыста болады, қазақстандық кеменің орналасуының географиялық координаталарын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын әрбір кесіп өту фактісі бойынша хабардар етеді және бұл туралы кеме журналына жазба жүргізеді;

      2) техникалық ақау себептерінен техникалық бақылау құралдары істен шыққан кезде қазақстандық кеменің капитаны (иесі) кәсіпшілікті тоқтатады, ақау себептері туралы Шекара қызметінің әскери бөліміне хабарлайды.

      Техникалық бақылау құралдарының істен шығуына әкелген себептерді төрт сағаттың ішінде жою мүмкін болмаған жағдайда, қазақстандық кеменің капитаны (иесі) ол туралы Шекара қызметінің әскери бөлімін хабардар етеді және ақауды жою үшін теңіз портына (орналасу пунктіне) оралады;

      3) бастамашы және қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің лауазымды адамдарының талабы бойынша қазақстандық кеменің орналасқан жері және қазақстандық кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне байланысты басқа да қажетті ақпаратты ұсынады;

      4) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін), жүктер мен тауарларды басқа қазақстандық кемелерге ауыстырып тиеп болғаннан кейін оларды ауыстырып тиеуге байланысты өзгерістерді есепке енгізуге міндетті.

      15. Теңіз кәсіпшілігін жүзеге асыратын қазақстандық кемені бақылау барысында Рұқсат беру қағидаларының 14-тармағында, сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген ақпараттардың бұрмалану фактілері анықталған жағдайда, Шекара қызметі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу немесе әкімшілік заңнамасына сәйкес қазақстандық кемені ұстауды және жақын арадағы теңіз портына (орналасу пунктіне) жөнелтуді жүргізеді, рұқсат күшін жояды, бұл туралы рұқсатқа және кеме журналына жазба жазылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) жеткізу мақсатында қазақстандық кеменің теңіз портына (орналасу пунктіне) келуі алдында бастамашы немесе қазақстандық кеме капитаны (иесі) төрт сағаттан кешіктірмей бұл туралы Шекара қызметінің әскери бөліміне хабарлайды. Шекара қызметінің лауазымды адамдары өздері немесе уәкілетті органның өкілдерімен бірлесіп, теңіз портына (орналасу пунктіне) келеді, қазақстандық кемеге байқау ұйымдастырады, осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тексеруді, қазақстандық кемені тексеріп қарауды, кәсіпшілік өнімдерінің (объектілерінің) түсірілуін бақылауды жүзеге асырады, қазақстандық кеменің капитанына (иесін) және экипаж мүшелеріне оның бортындағы кәсіпшілік өнімдері, жүктер және тауарлар жөнінде ауызша сұрау жүргізеді.

      17. Кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін), жүктерді және тауарларды, сондай-ақ адамдарды түсіру Шекара қызметі бақылау-тексеру іс-шараларын аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады. Бақылау-тексеру іс-шаралары аяқталғаннан кейін Шекара қызметінің лауазымды адамы қазақстандық кеменің теңіз портына (орналасу пунктіне) келгені туралы рұқсатқа және есепке белгі қояды, сондай-ақ осы туралы кемелік журналға жазба жазады. Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің лауазымды адамына есепке алу үшін есептің екінші данасын ұсынады.

      Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) есебінде көрсетілген деректердің оны тексеріп қарау, кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін), жүктер мен тауарларды түсіру барысын қадағалау нәтижесінде алынған деректерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, Шекара қызметінің және уәкілетті органның лауазымды адамдары қазақстандық кеме капитанынан (иесінен) осы фактілер бойынша түсініктеме алады. Шекара қызметі рұқсаттың күшін жояды, ол туралы рұқсатқа және есепке жазба жазылады.

      18. Бақылау-тексеру іс-шараларының барысында құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, Шекара қызметінің және уәкілетті органның лауазымды адамдары құқық бұзушыларды Қазақстан Республикасының қылмыстық немесе әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды.

  Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан

      Ескерту. Қағида 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Кемеде тасымалданатын кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін), жүктерді, тауарларды басқа кемеге ауыстырып тиеу туралы мәліметтер

Күні

Кәсіпшілік өнімдерінің (объектілерінің), жүктердің, тауарлардың атауы және түрі

Жүк ауыстырып тиелетін кеме

Өлшем бірлігі

Саны

Кеме капитанының (иесінің) қолы



















      _________________________________________________________________

      (кеме капитанының (иесінің) қолы, Т.А.Ә.)

      20 __ жылғы "__" _________

      М.О.

      _________________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімінің лауазымды адамының лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)

      20 __ жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өткен кезде кемеде кәсіпшілік өнімдерінің (объектілерінің), жүктердің, тауарлардың болуы туралы және оларды кәсіпшілік барысында басқа кемелерге түсіру (тиеу) туралы есеп

      Кеменің анықтау деректері

      1. Кеменің атауы __________________________________________________________

      2. Кеменің типі ___________________________________________________________

      3. Кеменің борттық нөмірі __________________________________________________

      4. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ________________________________

      5. Кеме капитанының (иесінің) тегі, аты, әкесінің аты ___________________________

      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттың нөмірі, орны, алынған күні және оның қолданылу мерзімі

      __________________________________________________________________________

      7. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың нөмірі, орны, алынған күні _________

      Қазақстан Республикасының теңіз портынан (орналасу пунктінен) шығу кезінде кемеде тасымалданатын кәсіпшілік өнімдерінің (объектілерінің), жүктердің, тауарлардың, валютаның сипаттамасы және олардың саны

Р/с №

Атауы және түрлік құрамы

Өлшем бірлігі

Саны

1. 

Кәсіпшілік (түрлері бойынша) өнімдері (объектілері):



2. 

Жүктер:



3. 

Тауарлар:



4. 

Валюта:



      _________________________________________________________________

      (кеме капитанының (иесінің) қолы және Т.А.Ә.)

      20 __ жылғы "___" __________

      М.О.

      _________________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімі лауазымды адамның лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)

      20 __ жылғы "___" __________

Қазақстан Республикасының теңіз портына (орналасу пунктіне) қайта оралғаннан кейін

Р/с №

Атауы және түрлік құрамы

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Кәсіпшілік (түрлері бойынша) өнімдері (объектілері): 



2. 

Жүктер:



3. 

Тауарлар:



4. 

Валюта:



      _________________________________________________________________

      (кеме капитанының (иесінің) қолы және Т.А.Ә.)

      20 __ жылғы "___" __________

      _________________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімінің лауазымды адамының лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)

      20 __ жылғы "___" __________