Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1115 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуды, сондай-ақ азаматтарға төленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің шығыстарынан әлеуметтік салықты төлеуді және әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыссыз азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуды, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарға төленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің шығыстарынан әлеуметтік салық төлеуді және әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге міндеттенеді.».
      2. «Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1448 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 50, 495-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану ережесінде:
      4-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мамандандырылған күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін мiндеттi зейнетақы жарналарына;».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.07.2014 № 777 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 720 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 337-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесінде:
      4-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы деректер банкі - бастапқы құжаттамадан алынатын, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның функцияларын іске асыруға байланысты туындайтын мәліметтер жиынтығы.»;
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттаманың негізінде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға ұсынады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар жүйелейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.
      6. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар өңірлер бойынша ұсынған ақпарат негізінде жиынтық деректерді қалыптастыруды және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның статистика жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында деректер банкі құрылады.».
      6. «Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 338-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;».
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1344 қаулысымен.
      8. «Мемлекеттік органдардың өз құзіретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1080 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      реттік нөмірлері 334, 338, 342, 346-жолдар алынып тасталсын;
      2-бағанда:
      реттік нөмірлері 354 және 355 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру»;
      «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру».
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 217 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      10. «Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 836-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімінде:
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Басшы қызметкерлерге арналған еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары экономика саласындағы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық және өндiрiстiк оқытуды көздеуге және оны еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті орган бекiтуге тиiс.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау мәселелерi бойынша басшы қызметкерлердiң бiлiмiн тексерудi оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейiн бiлiктiлiктi арттыру курстарында (сабақ болған жерде) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның бұйрығымен құрылатын, құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы жүргiзедi.
      Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.»;
      2) көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң атауы» деген сөздер «Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның атауы» деген сөздермен ауыстырылсын».
      11. «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 113-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар немесе өзінің ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар жұмыс беруші бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.»;
      5-бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін аттестаттау нәтижелерін еңбек жөніндегі тиісті жергілікті органға бір ай мерзімде осы Қағидаларға 1234-қосымшаларға сәйкес қағаз және электронды тасымалдағышта беруге міндетті.».
      12. «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 170-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларында:
      139-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «139. Жеке тұлғалардың тізімдері және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылғанын растайтын құжаттар бір істе қалыптастырылады.».
      13. «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1605 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 200-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:
      реттік нөмірі 911-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі есеп карточкалары, ведомостары (дерекқорлар)».
      14. «Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 384 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 525-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Патронаттық тәрбие туралы ережеде:
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне мұрагерлік тәртібінде өтетін алименттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарына, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Баланың (балалардың) тұрғын үй-жайы болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес өзіне тұрғын үй-жай беру құқығына ие.».
      15. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1012 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 65, 910-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерінде:
      16-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қарыз алушы (бірлесіп қарыз алушы) жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі. Білім беру кредитін беру жүйесі шеңберінде берілген кредиттер бойынша сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлғалардың кредиттері бойынша аталған құжаттың болуы талап етілмейді;».
      16. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 N 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      17. «Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1597 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 66-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларында:
      8-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшалай қаражаттың мөлшерінен жиырма пайыз мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары бюджет қаражаты есебінен есептеледі және салымшының жеке зейнетақы шотына аударылады.».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысына  
1-қосымша      

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 217 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысына  
2-қосымша      

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 N 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысына  
3-қосымша      

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 N 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).