Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 691 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 517  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 182-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген қаулыға қосымшада: 
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген жол алынып тасталсын; 
      "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі