Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 706 қаулысы

Жаңартылған

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 706 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2014 № 793 қаулысымен (12.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 қыркүйектегі № 978 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 503-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасында:
      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қағаз тасығышта басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылған тіркеу сауалнамасын, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы немесе кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесін уәкілетті органға ұсынады. Резидент еместер сауда тізілімінен ресмиленген көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа ресмиленген, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжатты ұсынады.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;».
      3. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасында:
      67-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;».
      4. «Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1474 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 126-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесінде:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлға үшін – салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды бір мезгілде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғының және куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;».
      5. «Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 948-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларында:
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;».
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2014 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. «Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1170 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1013-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидаларында:
      11-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) өтiнiш берушiнiң құқықтық мәртебесiн растайтын құжаттар:
      жеке тұлғалар үшiн – жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi, кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркеу туралы құжаттардың көшiрмесi, жеке сәйкестендiру нөмiрi;
      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
      «Өтініш берушінің сауалнамасы (заңды тұлғаға арналған)» деген бөлімде:
      «Банктік деректемелер, есептiк шоты, валюталық шоты, банктiк жеке код, салық төлеушінің тіркеу нөмірі: _________________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктік деректемелері, есептiк шоты, валюталық шоты, банктiк жеке коды, бизнес-сәйкестендіру нөмірі: __________________».
      9. «Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерiн көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 20 қыркүйектегi № 1226 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1044-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерiн көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларында:
      14-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өтiнiш берушiнiң құқықтық мәртебесiн айқындауға мүмкiндiк беретiн құжаттар:
      жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжат, жеке сәйкестендiру нөмiрi;
      заңды тұлғалар үшiн – жарғы, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік* немесе анықтама, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
      10. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
      40-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «БСН-ді көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде қызметін жүзеге асырған жағдайда, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беріледі;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      216-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «БСН-ді көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың сканерленген көшірмесі. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде қызметін жүзеге асырған жағдайда, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің сканерленген көшірмесі беріледі;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      245-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «егер заңды тұлға қызметін Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, заңды тұлғаның БСН-ді көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың сканерленген көшірмесін не мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің сканерленген көшірмесін ұсынбауы;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
      11. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
      41-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «БСН-ді көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде қызметін жүзеге асырған жағдайда, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беріледі;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      215-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «БСН-ді көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың сканерленген көшірмесі. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде қызметін жүзеге асырған жағдайда, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің сканерленген көшірмесі беріледі;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      245-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «егер заңды тұлға қызметін Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, заңды тұлғаның БИН-ді көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың сканерленген көшірмесін не мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің сканерленген көшірмесін ұсынбауы;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
      12. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 146 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларында:
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жарғының және заңды тұлға ретінде мемлекеттік (қайта тіркеу) тіркеу туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды бермеген жағдайда нотариалды куәландырылған);