Ескерту. Күші жойылды – ҚР Yкiметiнiң 29.09.2016 № 546 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары |
Бекенов | – | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, хатшы |
мына:
"Рау | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, хатшы" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Рау | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі". |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |