Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1474 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 271 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2016 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1474 қаулысымен  
бекітілген  

Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.07.2013 № 706 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

      Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мынадай құжаттарды қоса береді:
      заңды тұлға үшін – салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды бір мезгілде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғының және куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, мердiгерлiк жұмыстың жекелеген түрлерін және/немесе қызметтерді орындауға арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жасалған шарттың көшірмесі;
      заңды тұлға үшін – салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, бірінші басшының жеке куәлігінің көшірмесі;
      дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, жеке куәлігінің көшірмесі.